Құрт - қазақтың ұлттық тағамы және оның жасалу жолдары



МАЗМҰНЫ

Анотация
I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.4
II.Негізгі бөлім
2.1 Құрт . қазақтың ұлттық тағамы және оның жасалу жолдары ... ... ... ... .. 5.6
2.2 Құрт . адам денсаулығына қажетті құндылық.. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6.9
2.3 Құрттың жасалу технологиясы және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ..9.12
2.4 Қазақстанның ұлттық бренді . құрт ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12.14
2.5 Түйе сүтінен жасалынған құрт ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14.16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
Қосымшалар
Кіріспе
Ас, тамақ дайындауды қазақ әйелдерге жүктеген. Қазақ әйелдері тағамның алуан түрлерін дайындауымен бірге қыста да, жазда да оның таза әрі бұзылмай сақталуының әдіс - тәсілдері мен жолдарын да таба білген. Себебі, бұрынғы кезде тоңазытқыш болмаған. Бұл қағидаларды әйелдер ұрпақтан - ұрпаққа жеткізіп, кейінгілерге үйретіп отырған. Мысалы, олар етті ыстап сақтауды, қымызды жазда салқын ұстауды, майды көгертпей күтуді, басқа тамақтарды да бұзылмай сақталуының ғасырлар бойы ұмытылмай келе жатқан байырғы халықтық әдістері мен амалдарын әсіресе ауылдық жерлерде күні бүгінге дейін жеткізді және оны әлі де қолданып келеді. Әсіресе, қымыз бен шұбатты баптаудың, құрт, ірімшік, ежігей, сары май сияқты жеңсік тағамдарды дайындауда қазақ әйелдерінің шеберлігі мен өнері үлгі етіп, қалай айтса да мадақтауға тұрарлық.
Қазақ халқы асты үш түрге бөледі. Олар ақ (сүт тағамдары), қызыл (ет тағамдары) және көк (жеміс тағамдары).
Мал және онан алынатын өнімдер - қазақтың басты байлық қоры. Соның ішінде ұлт тағамдарының негізгі көзі болып табылатын сүттің орны бір бөлек. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен ақ деп атайды. Осы ақтан бірнеше жүздеген, мыңдаған жылдар бойы халық аса бай тәжірибе жинақтай жүре одан жүзден астам тамақ түрлері мен дайындау әдістерін жасаған. Және олардың көптеген қызықты атаулары мен орны және алуан түрлі ерекше жасау, пісіру жолдары тағы бар. Сөйтіп бір сүттен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ тағамдар жасап шығарған. Олардың көпшілігі қазіргі кезде қазақ дастарқанынан сирек көрінетін жеңсік ас қатарына жатады[1; 81].
Сүт - химиялық құрамы жағынан тамаша тағам. Оның құрамында адам ағзасының қалыпты жетілуі үшін барлық зат бар. Соған орай оған физиологиялық құндылығы жағынан бірде бір азық тең келе алмайды. Сүт басқа өнімдердің биологиялық құндылығын көтереді. Ас қорыту бездерінің жұмыс істеу қабілетін үнемі жақсартып отырады. Сүтті пайдаланып әр түрлі тағамдар дайындауға болады. Айран ұйытып, ірімшік, құрт кептіруден бастап, ботқа пісіруге дейін осы бір керемет өнім пайдаланылады. Ал сүт қосып дайындалған тағам өте дәмді болады. Оның үстіне сүт өнімдерінің дәрулік қасиеті бар. Олар емдеу, алдын алу, диеталық тағам ретінде де қолданылып жүр.
Жобаның негізгі мақсаты:
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Кенжеахметұлы С, Қазақтың дарқан дастарқаны, Алматы кітап 2007 ж
2. Анфимова Н. А., Татарская Л. Л. Аспазшылық, Просвещение 2002 ж
3. Ермакова В. И. Аспазшылық, Просвещение 1993 ж.
4. Матюхин З. П. Тамақтану, гигиена және физиология негіздері, Просвещение 1999 ж.
5. Барақбаев Б. Сүт және сүт тағамдары. –Алматы: «Қайнар», 1989. –189 с.
6. Диханбаева Ф.Т. Сүт және сүт өнімдері. –Алматы: 2006. –100 с.
7. Молоко и молочные продукты. -Алма-Ата : Кайнар
8. Қазақ тілі терминдер сөздігі І том
9. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы:
10. Қазақ ұлттық энциклопедиясы
11. Ә.Байжұманұлы, К.Бекболатұлы. Мал шаруашылығы сөздігі. Алматы-2011.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Құрт пайдалы тағам

Секция: Дүниетану

Ғылыми жетекшісі: Жаңабаева Меруерт

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Т. Рысқұлов ауданы, Бірлес орта мектебі
4 сынып оқушысы - Үсенқызы Аяулым

ьлрьощр

МАЗМҰНЫ

Анотация
I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4
II.Негізгі бөлім
2.1 Құрт - қазақтың ұлттық тағамы және оның жасалу жолдары ... ... ... ... .. 5-6
2.2 Құрт - адам денсаулығына қажетті құндылық.. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6-9
2.3 Құрттың жасалу технологиясы және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ..9-12
2.4 Қазақстанның ұлттық бренді - құрт ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 12-14
2.5 Түйе сүтінен жасалынған құрт ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14-16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
Қосымшалар

Кіріспе
Ас, тамақ дайындауды қазақ әйелдерге жүктеген. Қазақ әйелдері тағамның алуан түрлерін дайындауымен бірге қыста да, жазда да оның таза әрі бұзылмай сақталуының әдіс - тәсілдері мен жолдарын да таба білген. Себебі, бұрынғы кезде тоңазытқыш болмаған. Бұл қағидаларды әйелдер ұрпақтан - ұрпаққа жеткізіп, кейінгілерге үйретіп отырған. Мысалы, олар етті ыстап сақтауды, қымызды жазда салқын ұстауды, майды көгертпей күтуді, басқа тамақтарды да бұзылмай сақталуының ғасырлар бойы ұмытылмай келе жатқан байырғы халықтық әдістері мен амалдарын әсіресе ауылдық жерлерде күні бүгінге дейін жеткізді және оны әлі де қолданып келеді. Әсіресе, қымыз бен шұбатты баптаудың, құрт, ірімшік, ежігей, сары май сияқты жеңсік тағамдарды дайындауда қазақ әйелдерінің шеберлігі мен өнері үлгі етіп, қалай айтса да мадақтауға тұрарлық.
Қазақ халқы асты үш түрге бөледі. Олар ақ (сүт тағамдары), қызыл (ет тағамдары) және көк (жеміс тағамдары).
Мал және онан алынатын өнімдер - қазақтың басты байлық қоры. Соның ішінде ұлт тағамдарының негізгі көзі болып табылатын сүттің орны бір бөлек. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен ақ деп атайды. Осы ақтан бірнеше жүздеген, мыңдаған жылдар бойы халық аса бай тәжірибе жинақтай жүре одан жүзден астам тамақ түрлері мен дайындау әдістерін жасаған. Және олардың көптеген қызықты атаулары мен орны және алуан түрлі ерекше жасау, пісіру жолдары тағы бар. Сөйтіп бір сүттен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ тағамдар жасап шығарған. Олардың көпшілігі қазіргі кезде қазақ дастарқанынан сирек көрінетін жеңсік ас қатарына жатады[1; 81].
Сүт - химиялық құрамы жағынан тамаша тағам. Оның құрамында адам ағзасының қалыпты жетілуі үшін барлық зат бар. Соған орай оған физиологиялық құндылығы жағынан бірде бір азық тең келе алмайды. Сүт басқа өнімдердің биологиялық құндылығын көтереді. Ас қорыту бездерінің жұмыс істеу қабілетін үнемі жақсартып отырады. Сүтті пайдаланып әр түрлі тағамдар дайындауға болады. Айран ұйытып, ірімшік, құрт кептіруден бастап, ботқа пісіруге дейін осы бір керемет өнім пайдаланылады. Ал сүт қосып дайындалған тағам өте дәмді болады. Оның үстіне сүт өнімдерінің дәрулік қасиеті бар. Олар емдеу, алдын алу, диеталық тағам ретінде де қолданылып жүр.
Жобаның негізгі мақсаты:
Қазақ халқының байырғы тағамы - құрттың пайдасын анықтау арқылы маңызын көрсету, ұлттық бренд ретінде әлемдік нарыққа шығару қажеттілігін түсіндіру.
Жобаның міндеттері:
- Қазақтың ұлттық тағамы - құртпен танысу;
- Құрттың қазақ өмірінде алатын орнын көрсету;
- Құрттың адам денсаулығына пайдасын көрсету.
Мәселе: Құрттың адам денсаулығына пайдасы бар екенін зерттеу.
Зерттелетін зат: Құрттың тіршілікке қажетті құндылығын зерттеу

Зертеудің әдіс-тәсілдері.
Жұмыс барысында сипаттамалы, салыстырмалы, жүйелеу сияқты түрлері қолданылды.
Зерттеудегі ұстанымым:
Тақырыпты зерттеп салт-дәстүрдің мән- мазмұнына терең үңілу.Зерттеудегі жетістіктеріммен көпшілікпен бөлісу.
Ұйымдастыру кезеңі
Қазақ халқының ұлттық тағамдарын алып қарасақ барлығы құнарлы. Сондықтан мен ата-бабаларымызға соғыс кезінде ас болған құртты зерттей отырып, келешекке баяндауды құп көрдім.

2.1. Құрт қазақтың ұлттық тағамы және оның жасалу жолдары
Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған әрі қастерлей білген. Ел - жұрт жадында мәңгі жатталып қалған ас - адамның арқауы деген қағида осындай терең ұғымның қалтқысыз түсінігі болып қалыптасқан. Халқымыз адам өмірінде тамақтың орнын тіршілікке қажетті құндылықтардың бәрінен де жоғары қойған. Бұған астан үлкен емессің немесе арпа, бидай ас екен, алтын, күміс тас екен, асты қорлама құстырар деген сес, ескертпелер мен мақал - мәтелдер де куә бола алады. Қалай айтылса да, қай заманда айтса да, халық асты құрметтеу мен бағалаудың жолын да, жөн - жосығын да, оны дәмді етіп әзірлеудің көзін, кезін, ретін таба білген. Ел мен елді татуластыру да, жақсылар мен жайсаңдарды құрметтеу де, өздерінің мырзалық, мәрттік үлгілі, өнегелі қасиеттері мен артықшылықтарын білдіру де, ел дәулеті мен қарым - қабілетін, түсінігін танытуды да, қазақ кең дастарқан арқылы яғни ас, қонақасы арқылы көрсеткен. Осы жолда тұшымды сөз айтып, дәмді тағам берумен бірге оның таза, бүтін ыдыстарына дейін ерекше назарда болған. Сырттан келген кісілер де елді осы қонақасы берудің жолы мен жөні арқылы сынап, бағасын берген. Демек ұлт мәдениетінде тамақ, дәм таттыру - экономикалық, дипломатиялық және тәлім - тәрбиелік қызмет атқарған. Бұл істе әрине, қазақ халқының қонақжайлық дәстүрі шетелдерде ерте заманнан - ақ аңыз болып тараған. Қазақ қонақасы беруде қонақ таңдауды, басқа ұлт, дін өкілдері деп бөлуді де білмеген, төрге шығарып ашық қабақ танытқан, достық көңілін көрсеткен. Шаршағандарына, мұқтаждарына ат, ас, көлік сыйлай да білген[1; 45].
Сүзбе құрт сары суынан арылған қатықтан дайындалады. Сары май - сиырдың, қойдың, ешкінің сүтінен алынады. Сары май ірі қараның не серкенің терісінен тігілген саба,торсықта не болмаса ағаш күбіде дайындалады. Шикі сүттен ұйытатың айранды, қатықты, кейде іріген сүт пен шикі сүттің өзін сабаға не күбіге құйып, әбден толған кезде піседі. Іркітің пісуі жеткен кезде май ыдырап бөлек шығады. Бірден екі үш қабат мәрліге салып, бүктейді де қолмен сығымдап майды сүзеді. Бұрындары майды қыл-қыбырынан тазарту үшін пышақпен қылшықтайтын. Сүзгіден тазарып шыққан майды суық суға салып, іркітінен арылтып, тоңазытады. Сонан кейін жайпақ ыдысқа салып, қолмен мытып, алақанмен шапалақтап суын шығарады. Содан кейін тұздап, ыдысқа салады. Сары майды қойдың, ешкінің қарнына, бүйенге сақтайды. Қарынға салынған майлардың да әр түрлі атауы бар. Атан қарын май - ата қой май мен атан серкенің қарынына салынған май. Қозы қарын май - қозының не лақтың қарнына салынған май. Қазір майды көбіне сепараторға тартылып алынған кілегейден шайқап та алады. Бірақ бұл тәсілмен май өндірілген мен сепаратордан өткен сүттің іркіт болмайтындығынан құрт алу мүмкін емес. Тұзы бар майды жақтырмайтын адамдар сары майды тортасынан айырып алады. Ол үшін сары майды қазанға салып қайнатады. Қайнаған кезде оның ішіндегі тұзы майдың бетіне қалқып шығады. Бетіндегі тұзын қалқып алып, майдың өзін суытса тұзы жоқ, сап-сары май шығады. Мұны тортасынан айырған май деп атайды[2; 123].
2.2 Құрт - адам денсаулығына қажетті құндылық.
Іші - бауырымыз құрысып - тырысып, көзіміз қарауытқанда, ойбай дәруменіміз азайып кетті деп шығамыз. Ондайда банан, киви, апельсин жеу керек деп ақыл айтатындар да табылады.
Осы біздің атам қазақ апельсин көрмей өсті ғой, олар неге құлап, талып қалмаған деп таңғаламыз. Сөйтсек, олардың ішкен - жегені нағыз дәрумендердің көзі екен. Көгорай шалғынды жалпағынан басып жайылған сиырдың сүті, түйенің шұбаты мен жылқының қымызы - дәруменнің, күш - қуаттың көзі осылар екен. Дүкендерде сатылатын сырды қазақшалап сыртына "ірімшік" деп жазып қояды. Бірақ сырдың дәмі қазақтың қозы қарын қосып қайнатқан ірімшігінің садағасына да татымайтынын, әсіресе, ауыл қазағы жақсы біледі. Әңгіме оның дәмінде ғана емес. Ғылыми зеттеулер көрсеткендей, сиырдың құрамында, 100 грамға шаққандағы ақуыздың мөлшері 22, 85 - 34, 52% болса, қазақ ірімшігіндегі ақуыздың мөлшері 40 - 42% екен. Сыр құрамында көміртегі ары кетсе 4, 52%- тен аспайды, ал ірімшікте ол 10, 93% болады. Адам ағзасындағы сүйек ұлпаларының мықты болуы үшін ең қажет элемент фосфор болса, дәстүрлі әдіспен жасалған ірімшік құрамында фосфор 0, 51%, ал кальций 2, 3% мөлшерінде кездеседі екен. Ал қуаттылығына келсек, 100 грамм сыр 268, 8 - 401, 38 қуат берсе, 100 грамм ірімшік 408, 4 қуат береді. Құртымыз да химиялық құрамы мен калориясы жағынан қала дүкендеріндегі сүзбені (творог) он орап алады. Сүзбеде ақуыз мөлшері 14, 5 - 18, 6% болса, қазақ құрты ақуызға өте бай - 52, 6%. Ал 100 грам сүзбе 87 - 227 - ге дейін қуат берсе, құрттан 370, 1 қуат алуға болады[3; 45].
Бабаларымыз кие тұтқан жылқы малының сүті - қымыздың емдік қасиеті ежелден мәлім. Дені сау адамның ағзасы 1 тәулікте орта есеппен 50 мг. С дәруменін қажет етсе, 1 литр қымыз құрамында 200 - 260 мг. С дәрумені бар. Қымызда сонымен қатар сөл бөлу және жүрек жұмысын жақсартатын В тобы дәрумендері: В(1), В(2), В(3), оның ішінде қанның жасалуына қатысатын В12 дәрумені, ағзадағы тотығу - тотықсыздану реакцияларына әсер ететін С тобы дәрумендері, А дәрумендер тобы, липоид, бар. Қымыз нағыз антибиотик. Ол ағзаға тарағасын, ішектегі шіру процесін тежейді. Шіріткіш микробтарға, ішек таяқшаларына және сарғыш стафилококтарға қарсы жойғыш күші бар қымыз құрт ауруы, сүзек, дизентерия, күл (дифтерия) бактерияларына тосқауыл қояды. Кеңес заманы тұсында 1958 жылы қымызбен емдейтін сауықтыру орталығы ашылған.
Қос өркешті шөл кемесі түйе жануары беретін шұбаттың жөні бөлек. Құрамының элементтерге байлығынан шұбат қымыздан да асып түседі. Мәселен, қымыз құрамындағы ақуыз мөлшері 2, 3 - 2, 9% болса, шұбаттағы ақуыз 2, 91 - 4, 93% мөлшерінде. Қымыздың майлылығы 1, 3 - 2, 5% болса, шұбат одан да майлырақ ─ 8 - 9%. Шұбаттың құрамында С дәрумені де молырақ. Түйе сүтінің құрамында кальций (0, 13 - 0, 21%) мен фосфор (0, 05 - 0, 072%) секілді микроэлементтер де кездеседі. Бірақ құрамындағы көміртегі жағынан шұбаттан (1, 07 - 1, 78%) гөрі қымыз (3, 6 - 7, 3%) бай. Осылармен қатар шұбатта А, В, С дәрумендері, мыс, мырыш, күміс, темір, кремний, магний, кальций, алюминий микроэлементтері жетерлік.
Химия, медицина ғылымдары пайда болмай тұрып - ақ алдындағы асын тани білген қазақ нағыз данышпан. Асылы, аузынан ақ ажырамаған халқымыз қымызын ішіп, құртын жеп отырып - ақ осы күнгі көп кеселдің алдын алған. Атам қазақтың ғұмыры аттың жалында, атанның қомында өтсе де, дүниеге небір алып тұлғалы, батыр да дана перзенттер әкелген тылсым сырының де бірі осы болса керек.
Құрттың адам денсаулығына өте пайдалы екенін бұрыннан ата-бабаларымыз біліп, құртты үнемі пайдаланған екен. Мал бағуға кеткенде құртты қалталарына салып алған және күнделікті тағамға қосып, езіп ішкен. Сондықтан ол кісілер көп ауырмаған. Дәрі-дәрмек пайдаланбаған. Ертеректе тіс дәрігері де болмаған. Ата-бабаларымыздың тістері ауырмаған. Атап айтқанда адам тісінің қалыптасуына құрттың пайдасы зор екенін білдім. Егер бала жастайынан құрт жеп өссе, оның тісі өткір, қатты, ауырмайтынына көз жеткіздім. Құрт, ірімшік жеп, қымыз, айран, сүт ішкен баланың денсаулығы мықты болатынын түсіндім. Құртты адам алыс сапарға шыққанда пайдаланса, қарны ашпайды, шөлдемейді екен. Ал қыста құртты жеп жүрсең, ол тамаша қорек болады, әрі адам суыққа тоңбайтыны туралы білдім. Құрт қыстың қымызы дейтіні сондықтан екен.
Құрт - сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт - сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Пісіліп майы алынған айранды қайнатып кенеп дорбада сүзіп алып тұздап өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі. Жасалу тәсілдеріне қарай құрт сықпа құрт, ақ құрт, қара құрт, майлы құрт деген түрлерге бөлінеді. Қазақ ырымы бойынша кеппеген құртты жеуге, алуға болмайды. Егер өреден құрт алып жесе, жауын жауады деген ырым бар. Сабада жиналып пісілген іркітті майы алынғаннан кейін түбіне май жаққан үлкен қазанға құйып қайната береді. Құрт қайнап жатқан кезде оның түбі күйіп кетпес үшін арнаулы құрт былғауышпен (басында кырғыш темірі болады) әлсін - әлсін қазанның түбін, ернеуін қырып араластырып отырады. Әбден қойылған құртты қапқа құйып керегеге асып қояды, сонда оның қалған суы тағы да ағып, құрғайды. Бұдан кейін қолмен бөлшектеп, тақтайшаға, шиге, қолмен сықпалап өреге жайып кептіреді. Көгермей, қызбай біртегіс кебу үшін өреде жатқан кезде оны бірнеше рет аударыстырады. Осындай әдіспен қайнатып, кептіріп алған құрт жыл бойына, кейде 2 -- 3 жылға дейін сақтала береді. Кұрт күшті ас, ол әр түрлі тамаққа қосылады. Құрттан істелетін немесе кұрт қосылатын тағамдардың кейбір түрлерін айта кету қажет[4; 256].
2.3 Құрттың жасалу технологиясы және оның түрлері
Құрт - сүттен дайындалып, ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам. Сабаға сүтті біртіндеп жинап, сүт ашығаннан кейін піседі, сүт іркітке айналып, майы бетіне қалқып шығады. Майын бөлек алып тұздап қарынға салады да, іркітті қазанға құйып, суы сарқылғанша қайнатады. Құрт қайнап жатқан кезде қазанның түбін, ернеуін қырып, әлсін-әлсін араластырып отырады. Құрт қайнап, әбден қоюланған соң қапқа құйып, керегенің басына немесе ашаға іліп, сары суын ағызады. Құрт қапта бір тәулік тұрған соң, суы әбден сарқылып, құрғайды. Бұдан кейін құртты қаптан алып, ұсақтап бөліп, шиге, тақтайға қолмен әр түрлі формаға келтіре сықпалап өреге жайып кептіреді. Оның негізгі түрлері:
* күлше
* жарма
* сықпа
* шүйірмек
Күлшені жасағанда құртты кесектеу етіп (уысқа сиярлықтай) домалақтайды. Одан кейін оң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрттың адам денсаулығына пайдасы
Оқушылардың атқарған қызметі
Құрттың адам ағзасына пайдасы
Құрттың жасалу технологиясы
Құртты ветсансараптау
Сықпа құрт
Әсіпті дайындау тәсілі
Дәстүрлі еттен ұлттық тағамдар
Қазақ ұлттық тағам атауларының этимологиясы
Қазақ халқының ұлттық тағамдарының зерттелуі
Пәндер