Трансшекаралық өзендер



МАЗМҰНЫ

Анотация
I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.4
II.Негізгі бөлім
2.1. Трансшекаралық өзендер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5.8
2.2. Шекаралас мемлекеттер арасында орналасқан өзендер жайы ... ... ... ...8.10
2.3. Трансшекаралық өзендер проблемасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10.12
2.4. Орталық.Азия аймағындағы су қорларының мәселелері ... ... ... ... ... ..12.14
2.5 Қазақстандағы трансшекаралық өзендер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14.18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19.20
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
Қосымшалар
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Су ресурстарын қорғау, сонымен бiрге су қатынастарының заңға сүйеніп реттелуі едәуiр дәрежеде олардың тиiмдi пайдалануына әсер етеді. Тап осы негізде су қорларының қолайлы, ұқыпты және тиiмдi қолдануына қамтамасыз етуге жағдай жасау керек. Мемлекеттер арасында трансшекаралық өзендердің суын пайдаланудың шарттарын қамтамасыз етуде, басты мiндет, су қорларын басқарудағы үйлесiмдi саясатты талап ететiн жолдарды іздестіру. Сондықтан қойылған мақсаттың табысты болуы, су қорларын басқарудың төңiрегiдегi халықаралық заңдарға сүйене отырып, ұлттық заңдардың бір-бірімен жақындасуына тәуелдi болады. Бұл салада мұндай заңды базаның жасалуы, халықаралық тәжiрибеге сүйене отырып, сөз жоқ аймақтық жағдайлар есепке алынуы тиiстi. Шекарааралық өзендердi басқаруда, халықаралық тәжiрибенiң негiзiнде, аймақтық ынтысақтастықты нығайту керек.
Зертту жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының трансшекаралық өзен су ресурстарын басқарудың теориялық және тәжірибелік негізін тұжырымдау.
Аталған мақсатқа сай мына төмендегі міндеттерді шешуді қажет етеді:
- трансшекаралық өзен су ресурстарын басқаруды теориялық негіздеу және оның ел экономикасындағы ролі мен маңызын анықтау;
- трансшекаралық өзен су ресурстарын пайдаланудағы шет мемлекеттердің тәжірибесін және оның Қазақстан Республикасының жағдайына бейімделу мүмкіндігін зерттеу;
- трансшекаралық өзен су ресурстарын пайдалану тұрғысынан елдегі су шаруашылығының даму қарқынын және қазіргі жағдайын талдау;
- Орталық Азияның су қорларының пайдалануда Сырдария трансшекаралық өзенінің су ресурсын басқару, оның ерекшелігі және аймақ экономикасына әсерін талдау;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жүргізілген зерттеулер қорытындысында жұмыстың ғылыми жаңалығын айқындайтын мына төмендегі негізгі нәтижелерге қол жеткізілді:
- трансшекаралық өзен су ресурстарын басқарудың теориялық аспектілері, қағидалары және әдістері айқындалды;
- трансшекаралық объектілердің жіктелуі және мемлекеттер арасында трансшекаралық су интеграциясының ұзақ
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Биология: Жалпы білім беретін мектептің, 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген/ М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. - Алматы: Атамұра, 2009.
2. Н.Ә. Назарбаев «Бейбітшілік кіндігі». – Астана «Елорда», 2001
3. О. Жанайдаров «Менің елім - Қазақстан». – Алматы: «Балауса баспасы», 2003
4. Журнал «Арай» 1988 жыл № 10, 2010
5. Қазақстанньң физикалық географиясы, Алматы: Атамұра, 2008.
6. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998
7. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.
8. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002
9. Қазақстанньң физикалық географиясы, Алматы: Атамұра, 2008.
10. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005
11. Тараз энциклопедиясы, - Тараз, «Тараз» 2005

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Трансшекаралық өзендердің жай күйі

Секция: География

Ғылыми жетекшісі: Уалиева Қымбат

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Тараз қаласы № 47 орта мектебі
6сынып оқушысы - Сағымбекова Дильназ

ьлрьощр

МАЗМҰНЫ

Анотация
I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4
II.Негізгі бөлім
2.1. Трансшекаралық өзендер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-8
2.2. Шекаралас мемлекеттер арасында орналасқан өзендер жайы ... ... ... ...8-10
2.3. Трансшекаралық өзендер проблемасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .. 10-12
2.4. Орталық-Азия аймағындағы су қорларының мәселелері ... ... ... ... ... ..12- 14
2.5 Қазақстандағы трансшекаралық өзендер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14-18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 19-20
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
Қосымшалар

Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Су ресурстарын қорғау, сонымен бiрге су қатынастарының заңға сүйеніп реттелуі едәуiр дәрежеде олардың тиiмдi пайдалануына әсер етеді. Тап осы негізде су қорларының қолайлы, ұқыпты және тиiмдi қолдануына қамтамасыз етуге жағдай жасау керек. Мемлекеттер арасында трансшекаралық өзендердің суын пайдаланудың шарттарын қамтамасыз етуде, басты мiндет, су қорларын басқарудағы үйлесiмдi саясатты талап ететiн жолдарды іздестіру. Сондықтан қойылған мақсаттың табысты болуы, су қорларын басқарудың төңiрегiдегi халықаралық заңдарға сүйене отырып, ұлттық заңдардың бір-бірімен жақындасуына тәуелдi болады. Бұл салада мұндай заңды базаның жасалуы, халықаралық тәжiрибеге сүйене отырып, сөз жоқ аймақтық жағдайлар есепке алынуы тиiстi. Шекарааралық өзендердi басқаруда, халықаралық тәжiрибенiң негiзiнде, аймақтық ынтысақтастықты нығайту керек.
Зертту жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының трансшекаралық өзен су ресурстарын басқарудың теориялық және тәжірибелік негізін тұжырымдау.
Аталған мақсатқа сай мына төмендегі міндеттерді шешуді қажет етеді:
- трансшекаралық өзен су ресурстарын басқаруды теориялық негіздеу және оның ел экономикасындағы ролі мен маңызын анықтау;
- трансшекаралық өзен су ресурстарын пайдаланудағы шет мемлекеттердің тәжірибесін және оның Қазақстан Республикасының жағдайына бейімделу мүмкіндігін зерттеу;
- трансшекаралық өзен су ресурстарын пайдалану тұрғысынан елдегі су шаруашылығының даму қарқынын және қазіргі жағдайын талдау;
- Орталық Азияның су қорларының пайдалануда Сырдария трансшекаралық өзенінің су ресурсын басқару, оның ерекшелігі және аймақ экономикасына әсерін талдау;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жүргізілген зерттеулер қорытындысында жұмыстың ғылыми жаңалығын айқындайтын мына төмендегі негізгі нәтижелерге қол жеткізілді:
- трансшекаралық өзен су ресурстарын басқарудың теориялық аспектілері, қағидалары және әдістері айқындалды;
- трансшекаралық объектілердің жіктелуі және мемлекеттер арасында трансшекаралық су интеграциясының ұзақ мерзімді ынтымақтастығының алғышарттары қарастырылды;
- өзара тиімді мемлекетаралық қатынасқа, әлеуметтік - экономикалық дамуға, трансшекаралық өзен су ресурстарының экологиялық және әлеуметтік ролі мен мәніне баға беру негізінде трансшекаралық су үдерісінің қазіргі даму қарқыны кешенді талданды;
- экономикалық есептеулер жүргізу арқылы трансшекаралық өзен су ресурстарын басқару механизмдерін жетілдіру, оларды іске асыру шараларын жасау ұсынылды.
Зертеудің әдіс-тәсілдері.
Жұмыс барысында сипаттамалы, салыстырмалы, жүйелеу сияқты түрлері қолданылды.
Зерттеудегі ұстанымым:
Тақырыпты зерттеп салт-дәстүрдің мән- мазмұнына терең үңілу.Зерттеудегі жетістіктеріммен көпшілікпен бөлісу.
Ұйымдастыру кезеңі
Трансшекаралық өзендердің жай күйі тақырыбын зерттей отырып, келешекке баяндауды құп көрдім.

2.1. Трансшекаралық өзендер
Жалпы, әлем халқының 40 пайызы трансшекаралық өзендерді пайдаланады. БҰҰ комиссиясының мәліметі бойынша, әлемдегі 214 өзен бассейнінің 148-і - екі ел арқылы, 31 өзен - үш ел арқылы, ал қалған 62 өзен төрт немесе одан да көп елдің территориясымен өтеді екен. Халықаралық өзендерді айналадағы елдер өзара келісім бойынша бірлесіп пайдаланады. Мәселен, 14 мемлекет Дунай өзе - нін пайдалану туралы келісім жа - сасқан. Сол сияқты Нигер өзенін - 10 ел, Конго өзенін - 9 ел, Рейн өзенін - 8 ел, Замбези өзенін - 8 ел, Амазонка өзенін - 7 ел, Мекон өзенін - 6 ел, Брахмапутра өзенін - 4 ел, Ганг өзенін 4 ел бірлесіп пай - далану жөнінде келісімге кел - ген. Сол сияқты Қырғызстан гид - ро - ресурстарының 80 пайызын Қа - зақ - стан, Өзбекстан және Тәжікстан пай - даланады. Қазақстандағы өзендер: Ертіс, Есіл, Тобыл, Шу, Талас, т.б[1; 81].
Қара Ертіс өзені сағасының кемуі негізінде өткен ғасырдың 90-шы жылдары басталды. 2005 ж. дейін ол жылына 1,1 - 1,8 км3құрайтын. Соңғы жылдары (2006 - 2011 жж.) ҚХР аумағындағы су тұтыну есебінен Қара Ертіс өзені сағасының кемуі орташа 2,5 - 3,5 км3 артып, 2009 ж. 5,0 - 5,7 км3 құрады, осы жылы Қара Ертіс өзені 1 жыл ішіндегі 11,0 - 11,4 км3 тең болып, табиғи сағасы 50 % дейін қысқарды. Жақын болашақтағы ҚХР Қара Ертіс-Қарамай каналының салыну нәтижесінде осы өзенненалынатын су көлемі Қазақстан Республикасының шекарасында жылына 3,5...4,0 км3 дейін құрауы мүмкін, яғни Қазақстан аумағына Ертіс ө. жылдық сағасынан 40 % су келмейтін болады. Алынған нәтижелер, жақын арадағы жылдарда ҚХР су алу жылына 4 км (40 %) жетіп қана қоймайды, ол осы шаманың 2009 ж. болғандай, онда су алу 5 км асып, ҚР аумағындағы Ертіс өзені алабында болған келеңсіз жағдайға ұшыратуы мүмкін екендігін көрсетеді.
Ресей Федерациясының бұқаралық ақпараттық құралдарында (2010 ж. қаңтарында - Момент истины теледидарлық бағдарламада) алдағы болашақта ҚХР су алу мөлшері жылына 8 км3 жетуі мүмкін, бұл Қазақстан Республикасы шегіндегі Ертіс өзені алабының апаттық салдарға апарып, Ресей Федерациясының шегіндегі осы өзеннің су қорына түсетін судың қысқартылуы мүмкін екендігі айтылды.
Осының нәтижесінде Бұқтарма, Өскемен және Шүлбі СЭС су қоймаларын сумен толтыру, сондай-ақ Семей және Павлодар облыстары шегіндегі Ертіс өзені жайылма шалғындарына қажетті су жіберуді ұйымдастыру проблемасы туындайды. Есептеу әдісімен әртүрлі сулылықпен алынған жылдар үшін ҚХР болжамды су алуды ескере отырып, Ертіс өзені жылдық сағасының үлгісі жасалды[2; 48].
Келтірілген деректер, жылына 2 км3 тең су алынған кезде, орташа сулылық бойынша су сағасы табиғи жағдаймен салыстырғанда 21,6% дейін қысқарады екенін көрсетеді. Жылына 3 км3 тең су алынған кезде, су аз сулылық бойынша су сағасы табиғи жағдаймен салыстырғанда 68,3 % дейін қысқарады.1974 - 1983 жж. бақыланған ұзақ болған суы аз кезеңдер қарастырылды. Бұл кезеңде бір жылдың сағасы нормадан аспады, ал оның орташа мәні он жылдықтарда жылына 6,75 км3 құрады, яғни 28,7 % нормадан төмен болды. Бұл су аздылық - ҚХР Қара Ертіс өзені мәнді су алынбаған кезде-ақ Бұқтарма су қоймасының едәуір азайтып, оның деңгейін 386, 0 м абс дейін төмендетіп, осы су айдының Зайсан көлімен мен сағалық иірімге бөліп тастады. Су қоймасының көпжылғы реттеуінің осындай жағдайы электр энергиясын беру үшін ғана емес, сол сияқты, Семей және Павлодар облыстары шегіндегі Ертіс ө. орташа ағынындағы жайылма шалғындарын тиімді сумен қамтамасыз ету мақсатында төменгі бьефке су жіберуді қамтамасыз ету үшін де өте қиын жағдай болып табылады. Талдау үшін бізбен Бұқтарма су қойма сағасының нақты циклді толқулары, ҚХР шегіндегі Қара Ертіс ө. алабындағы су тұтыну нәтижесіндегі сағаның кему мүмкіндігін ескерумен 1971 ж. бастап 2000 ж. дейінгі кезеңдегі одан шығатын су деңгейі пайдаланылды. 1-суретте Бұқтарма су қоймасының 1972 - 2005 жж. кезеңдегі табиғи режімде және осы кезеңдегі ҚХР шегіндегі Қара Ертіс ө. алабының жоғарғы бөлігіндегіСх, км3 әртүрлі су тұтыну кезінде есептелгендеңгей динамикасы көрсетілді.
Үлгілеу нәтижелері, жылына 1, 2, 3, 4, 5 и 8 км3 су алуды көбейткен кезде су қоймасында осы жылдардағы бақыланған су жіберу режімі кезінде оның төменгі бьефі де төмендегенін көрсетеді. Бұл су қоймасының көл мен өзенге бөлініп кетуіне апарып соқтырады. ҚХР аумағына су тұтыну болмаған кезде бөліну - бір рет 1983 жылы, су қоймасының 386 м. абс. белгіге дейін төмендегенінде болды[1; 98].
Осы жылдары бақыланған, су қоймасындағы су деңгейін, ҚХР шегіндегі Қара Ертіс ө. су алу шамасын шамамен оның төменгі бьефіне су құю жолымен ғана сақтап қалу мүмкін.
Осыдан, жылына ҚХР шегінде 1, 2, 3 пен 4 км3 көлемінде Ертіс ө. сағасының азаюы басқа да төмен орналасқан сағаларда: Өскемен су қоймасының төменгі бьефінде, Шүлбі су қоймасының төменгі бьефінде жәнеодан әрі Ресей Федерациеясы шекарасы мен одан төмен азаяды деп есептеу керек. Осындай жағдайда Шүлбі су қоймасынан төмен Ертіс ө. жайылма шалғындарын суару, жазғы-күзгі және қысқы кезеңдегі экологиялық су жіберу мен кеме жүзу үшін қажетті навигациялық деңгейді қолдап тұру мүмкіндігі едәуір қысқарады.
Павлодар облысы Ақсу қ. маңындағы, Ертіс-Қарағанды каналы (қазіргі Сатпаев атындағы канал) басталатын,Ертіс ө. сағасының кемуі - Павлодар, Қарағанды және Ақмола облыстарының, сондай-ақ Екібастұз, Теміртау және Қарағанды сияқты ірі қалалардың және өндірістік орталықтардың сумен қамтамасыз етілуін едәуір қиындатады.
Астана қаласы - Қазақстан Республикасы астанасының жақын арадағы дамуы - оның сумен қамтамасыз етілуі мен көршілес орналасқан өндірістік инфрақұрылымдарды сумен қамтамасыз етілуі үшін су ресурсы біразының тартылуын қажет ететінін, атап өту қажет. Ақмола облысының жергілікті су ресурстары салыстырмалы ірі емес, болашақта осы аймақтың суға деген қажеттілігін жеткілікті қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан да, оның қалпына келтірілгенінен кейін, Сатпаев атындағы канал бойынша суды жіберу жолымен республика астанасының қосымша жалғыз сумен қамтамасыз көзі ретінде, Ертіс ө. сағасын пайдалану қажеттілігінің туындауы сөзсіз. Бұл міндетті орындау, әсіресе су аз кезеңдерде ҚХР шегіндегі Қара Ертіс - Қарамай каналы үшін жылына 2 - 3 км3дейін су алынса, қиынға соғады.
Жүргізілген зерттеулер нәтижелері, жылына 2 - 3 км3 және одан да көп көлемде Қара Ертіс - Қарамай каналы бойынша тасымалдау үшін Ертіс ө. сағасынан су алынса, шамамен осы мәнде оның барлық ұзындығы бойыншаөзен сағасының жетіспеушілігіне апарып соқтыратынын көрсетті.
Бұл Семей және Павлодар облыстарының шегіндегі жайылма шалғындардың сулануын, сондай-ақ Қазақстанның орталық және солтүстік аймақтарына судың жіберілуін маңызды қиындатады.
Қарастырылып отырған жағдайда, Қара Ертіс ө. сағасын бірлесіп пайдалану туралы мәселені шешу бойынша ҚХР негіз салушы келісімнің қабылдануын жеделдету қажет[3; 58].
2.2 Шекаралас мемлекеттер арасында орналасқан өзендер жайы
Шекаралас мемлекеттер территориясынан келетін су ресурстары көлеміне Қазақстанның тәуелділігі артқан сайын, трансшекаралық үдеріс жағдайында өзен су ресурстарын пайдалануды зерттеудің өзектілігі арта түсуде. Су тапшылығы жағдайын ірі өзендердің Республиканың шет аумағынан ағуы және ішкі өзен бассейіндерінің су аздығы қиындатады, нәтижесінде өз территориямыздың аумағында су қоры жеткіліксіз қалыптасып, тең мөлшерде бөлінбеуіне әкеп соғуда. Қазіргі кезде Қазақстанның кең көлемде су ресурстарын қолдану және қоршаған ортаға жаңа проблемалар туындатпай шаруашылық айналымға қосу мүмкіндігі азайған. Сондықтан, су ресурстарын рационалды пайдалану және қорғау Қазақстан Республикасының және трансшекаралық бассейіндері ортақ мемлекеттерінің басты міндеті болып табылады. Қазақстанның шекаралас мемлекеттермен проблемаларды бейбіт жолмен шешуді ұстанатын ел екенін атап өту керек[2; 123].
Шекаралас мемлекеттердің экономикалық және экологиялық даму балансын сақтау, шаруашылықты қауіпсіздікті және экологиялық жағдайды ескере отырып жүргізу, яғни қоғам мен табиғаттың гармониялық даму талаптарына сәйкес болу - трансшекаралық өзен су ресурстарын басқару механизміне жаңаша қараудың қажеттілігінен туындады.
Сонымен, Қазақстан Республикасының трансшекаралық өзен су ресурстарын басқаруды жетілдіруді қажет ететін қалыптасқан проблеманы шешімі халықаралық деңгейде, үкіметтік және азаматтық қоғамның бірігуі арқылы, трансшекаралық бассейіндердегі мемлекет аралық байланысты күшейтудің жаңа механизмдерін талап етеді.
Табиғи ресурстық потенциалға кері әсерін азайту және ортақ қолданыстағы су ресурстарын, оның ішінде интеграциялық үдеріс және су жөніндегі серіктестік, өндірісті кооперациялау, тәжірибе алмасу, келіссөздер мен ұзақ мерзімді келісім-шартқа отыруда компромисске келу, т.б шаралар барысында трансшекаралық үдерістердің басымды және перспективалы бағыттарын одан әрі ғылыми зерттеулердің қажеттілігі туындайды және өзектілігінің артады. Соңғы жылдары әлемдегі су проблемаларының өршуіне байланысты мемлекеттерді тұрақты сумен қамтамасыз ету мәселелері ұлттық қауіпсіздік проблемалары шегінде қарастырылады. Қазақстанды сумен қамтамасыз ету проблемасының өзектілігі бар су ресурстарының шектеулілігімен, оларды аумақ бойынша әркелкі бөлумен, уақыт шегіндегі елеулі өзгеріспен, трансшекаралық өзендер сулары ластануының жоғары деңгейімен сипатталады. Келешекте шекаралас мемлекеттер аумақтарынан өзен ағысының қысқаруына, сондай-ақ климаттық тұрғыға орай жергілікті ағыс ресурстарының азаюына байланысты республиканы сумен қамтамасыз ету жағдайының шиеленісуі мүмкін. Өзен ағысының ресурстары өзгеруінің мүмкін салдары Қазақстанның орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына және экологиялық қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіреді. Елімізде экономиканы, оның ішінде су шаруашылығы саласын түбегейлі реформалау тұрақты сумен қамтамасыз ету проблемаларын шешуге ерекше талаптар қояды[3; 456].
Қазақстан Республикасының Үкiметiмен мақұлданған Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгі су экономика секторының дамуы және су шарушылық саясатының тұжырымдамасы бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуда.
2.3 Трансшекаралық өзендер проблемасы
Трансшекаралық өзендер проблемасы біздің қоғамда жиі айтылады. Қазақтың Судың да сұрауы бар деген мақалын екі күннің бірінде Нұр Отан партиясының үлкен басшысынан кіші басшысына дейін қайталайды. Шын мәнінде судың сұрауы бар ма? Негізі еліміздегі ағатын өзеннің саны үлкен бақыттың басы деуге болады. Біз - судың тұтынушысымыз. Өзіміздегі судың қоры аз екені анық. Әлемнің ғалымдары, тарихшылары, саясаттанушы мен геосаясаттанушыларының айтуынша, ХХІ ғасырдың соғыстары жер, темір, мұнай үшін емес, су үшін болуы ықтимал. Көптеген басталып келе жатқан немесе осыдан 50-100 жыл бұрын басталған геосаяси қақтығыстардың көбісі айналып келгенде судың әңгімесінен тарайды. Үндістан мен Пәкістан, Иран мен Израильды алайық. Мұнайдың да қадірі кетіп барады. Ғалымдар айтады, егер дәл бүгінгі жағдай жалғаса беретін болса, бір дерек бо - йынша Балқаш көлінің үштен бірі, ал екінші дерек бойынша бестен бірі ғана қалады. Сондай-ақ Орал өзені мүлдем суалып, ал Жайықтың үстінде тұрған Ресей қалаларының белсенді жұмыс істеп, оған күл-қоқысын төгуі өзеннің шайылып, бізге жетпеуі түбі Каспий проблемасына және басқа да мәселелерге алып келуі ықтимал деген жорамалдар айтылады[4; 56].
Жанымызда Ресейден басқа Қытай бар. Бір ғана Қытайдың өзінде 1991 жылдан бүгінге дейін 1200 көл мен өзен жойылып кеткен екен. Экономикасы мықты дамуда. Үш шатқал бөгетін салды. Оны салғанда 38 кішкене қала мен 3 ірі қала, мыңдаған ауылдарды судың астына батырып жіберді, оның астында талай өзен, көл кетіп қалды. Ал енді Шыңжаңда 20 миллион халық бар. Оларға су керек, оған тіршілік, жұмыс істеу керек, күрішін суаруы керек. Сондықтан бұл мәселені көп тақырыптың айналасында жүргізуді ұсынып отырмын. Елімізде төрт бассейн бар, біріншісі - Іле-Ертіс бассейні. Олар Қазақстанның экономикасына, экологиясына, табиғатына әсері мол. Екінші даулы мәселе - Сырдария аңғары, осындағы аймақтар - Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан сияқты елдердің тіршілігі. Олардың өзара таласы өте даулы. Қырғыздар Біз ешкіммен келіспей-ақ, Қамбар ата ГЭС-ін саламыз дейді. Бұл түбінде Қырғызстан мен Өзбекстан арасында, Тәжікстан мен Қазақстан арасында қақтығыс тудыруы мүмкін. Үшінші мәселе Ресеймен арадағы Орал мен Жайық, Каспий жайы. Бәлкім бұл трансшекаралық дегенге келмейтін шығар. Жалпы түсінік ретінде, Қазақстандағы су мәселесіне көзқарас, өзіміздің жерасты және жерүсті су қоймаларына деген қатынас. Кеше ғана жақсы шешім қабылданды. Экология министрлігі Су ресурстары министрлігі боп аталды, яғни биліктің өзі судың бірінші мәселеге айналып отырғанын түсініп, айқын бағыт ретінде басымдыққа алып отыр. Бұл қоғамдағы сана-сезімнің көрсеткіші деп есептеймін.
Проблеманы ашық аңғарудан басталатын сияқты. Бүгінгі күні Қазақстан қоғамының, Қазақстанның арнайы институттары, елдің элитасы су мәселесін, трансшекаралық өзендер мәселесін қаншалықты дұрыс, қаншалықты айқын аңғарып отыр?
Мен қысқаша шолу жасап кетейін. Қытаймен өзендер мәселесі бойынша дүйсенбіде Бейжіңге жүргелі отырмыз.
Қазақстанның географиялық орны - геосаяси ортада. Еліміз барлық ірі өзендердің төменгі сағасында орналасқан. Ертеде Ресей және Қытай империяларын бөлу барысында осы өзендердің төменгі жағы қалды. Сырдария, Шу, Талас, Еділ, Жайық, Тобыл өзендерінің бастауы шетелде. Әртүрлі деректер бойынша, 100 текше метр судың 50 пайызы басын шетелден алады. Өздеріңізге белгілі, көрші мемлекеттердің экономикасы қарқынды дамуда. Өндіріске су молынан қажет. Сусыз тіршілік жоқ. Шамамен, 2030-2050 жылдары 1 тамшы судың бағасы 1 грамм алтыннан қымбат болуы мүмкін. Еділ мен Жайық, Шу мен Талас өзендерінің бас - тауында шетелдегі халықтың санының өсу қарқыны байқалуда, жылдан жылға өсіп келеді. Сантк-Петербургтегі Мемлекеттік гидрология институтының есебінше, 1979 жылы Іленің, Ертістің жоғары жағында 400-500 мың гектар жерден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның шекаралас мемлекеттері арасындағы трансшекаралық өзендер мәселесі
Қазақстандағы трансшекаралық өзендердің жалпы сипаттамалары
Қазақстанның трансшекаралық өзендері
Қазақстан Республикасының транс шекаралық өзендер мәселелері
Жайық өзенінің мәселесі
ҚАЗАҚСТАН ӨЗЕНДЕРІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ ӨЗЕНДЕРДІҢ СИПАТТАМАСЫ
Солтүстік Қазақстанның трансшекаралық өзендері
Ертіс пен Іле өзендері
Мемлекеттік экологиялық сараптама нысаналары
Пәндер