Тарихи өлкетану курсының жұмыс бағдарламасы.


Бағдарламаға жалпы сипаттама. ХХІ ғасыр жаңарған, дамыған реформалар ғасыры болып тарих сахнасына енуде. Сондықтан оқу-ағарту, ғылым саласында жаңа реформалар жасалуда. Әр елдің ұлттық салт-дәстүрі терең зерттеліп, соны игеруге мол мүмкіндік туды. Қазақстан Республикасы соңғы 20 жыл ішінде әлем таныған ел болды. Қазіргі жастарға зор міндеттер жүктелді, білімді ұрпақ қажеттілігі туындадаы. Қазақ халқының көне тарихын, мол мұрасын оқып үйрену жаңа буын оқулықтарында көрсетілген. Соған қарамастан, қазіргі тарих оқулықтарында жергілікті өлкеміздің тарихы аз жазылған, толық зерттелмеген мәліметтер көп. Сондықтан оқушыларға болашақта мектепте сабақтан тыс уақытта өлке тарихын оқуға мән берулері қажет.
Бағдарламаның өзектілігі. Тарихи өлкетану оқушылардың туған жер туралы білімін байыту, оған деген сүйіспеншілігін арттырудың бірдер-бір көзі болып табылады. Тарихи және мәдени ескерткіштер сол өлкенің немесе республика өміріндегі маңызды оқиғалар жөнінде сыр шертеді. Өлкенің тарихы мен мәдениеті өлкенің тарихын білудің маңызды қайнаркөзі, оқушыларға эстетикалық және адамгершілік тәрбие беру, оқыту барысында көрнекілік қағидаттарын іске асыру құралы. Тарих пен мәдениетті зерделеуде оқу экскурсиялары басты әдіс болып табылады. Ақпараттар жинақтау кезінде оқушылар өздерінің Кіші Отандарының пайда болу себептері мен уақыты, авторы және оны құрған тұлғалар туралы, белгілі адамдары туралы мәліметтер алуы тиіс.
Бағдарламаның ерекшеліктері:
- Табиғатты зерттеу барысында жергілікті жердің табиғат ерекшеліктерін зерттей отырып танымдық қабілеттерін арттыру;
- Жергілікті жердің табиғи ерекшеліктерін, оның байлықтарын таныта отырып география ғылымына тың жаңалықтар енгізуге талпындыру;
- Өлкемізді зерттей отырып оқушы бойында туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, ғылымға қызығушылығын ояту;
- Жүйелілігі мен бірізділігінің сақталуы;
Тарихи өлкетану - мазмұны мен жекелеген зерттеу әдістері бойынша бір-бірінен ерекшеленетін, бірақ, бір тақырыптық жиынтықты құрай отырып, өлкені ғылыми тұрғыдан жан-жақты тануға мүмкіндік беретін бірнеше ғылыми пәндер кешені . Өлкетану-мазмұны мен жекелеген зерттеу әдістері бойынша бір-бірінен ерекшеленетін, бірақ, бір тақырыптық жиынтықты құрай отырып, өлкені ғылыми тұрғыдан жан-жақты тануға мүмкіндік беретін (жол ашатын) бірнеше ғылыми пәндер кешені. Өлкетану курсы базалық курсқа қатысты қосымша, көмекші курс болып табылады, оқушылардың білімін толықтырып кеңейтеді, практикалық-бағдарлық сипатта болып, тарихи жеке тұлғалардың тарихи еңбектері негізінде туған өлкенің тарихы жөнінде баяндайды. Өлке тарихын зерделеу оқушылардың Қазақстан тарихы бойынша алған білімдерін тереңдетіп және бір жүйеге түсіріп қана қоймайды, сонымен бірге олардың назарларын жаңа мазмұндарға бағыттап отыруға да септігін тигізеді.
Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
Мақсаты: 1. Өздерінің Отандары туралы, туған өлкесі жайлы атақты адамдары, Қарағандының тарихи маңызды жерлері туралы, оқушылардың білімдерін қорыту, жеке тұлғалардың тыныс-тіршілігімен танысуы барысында рефлекциясы үшін жағдайлар тудыру;
2. Дәлелді құрастыру үшін салыстырмалы түрде талдай білуін, жүйелі ұстанымдарын дамыту;
3. Оқушылардың ұлттық сана-сезімі мен азаматтық тұлғасын, рухани-адамгершілік мәдениеті негіздерін қалыптастыру.
Міндеттері: Оқушылар туған өлке тарихы бойынша белгілі бір ғылыми принциптерге негізделген нақты білім беру-басты міндет. Оқу-тәрбиелік міндеттермен қатар тарихи өлкетану қоғам мүддесіндегі міндеттерді де шешеді. Ол, өз кезегінде, оқушылардың бойында қоғамдық пайдалы істерге деген дағдыларды қалыптастырып, сонымен бірге, оларды тарихи жәдігерлерді қорғауға ынталандырады.
Оқушы белгілі бір ғылыми принциптерге негізделген тарихи өлкетану бойынша негізгі тақырыптық мәселелерді білуі, сондай-ақ, жоғары оқу орнында оқытылатын тарих курсы мен туған өлкені зерттеп-тану барысында алған білімдері мен дағдылары арасындағы байланыстарды бақылап, айқындай алуы қажет. Сол сияқты, өлкенің тарих және мәдени ескерткіштерін өз бетімен ғылыми зерттеу тұрғысынан тану жұмыстары дағдыларын меңгеру. Географиялық ортадағы орындарын белгілей білу, ауданның белгілі бір бөлігінің қоныстану тарихы туралы, сол ауданның топонимикасы туралы түсініктерді меңгеру, жекелеген аудан немесе облысқа сипат дарытатын ерекшеліктерді ажыратып, айқындай білу әдістемесін меңгеріп практикалық жұмыс барысында қолдана білу осылардың барлығы оқушының өлкетану бойынша білімін құрайды.
Бағдарламаның маңыздылығы. Оқу қызметін ұтымды ұйымдастыру: өзіндік білімін көтеруге және өзін-өзі дамытуға, оқушылар бойында тұрақты жағымды оқыту мотивациясын қалыпастыруға мүмкіндік береді.
Күтілетін нәтижелер:
1. Тарихи процесте жеке бастың мотивациялық-құндылық қатынастары дамиды.
2. Ақпараттық мәдениеті дамиды.
3. Оқушылардың қосымша әдебиетпен, зерттеу мәдениетімен жеке жұмыс істеу дағдылары дамиды.
4. Танымдық қызығушылығы мен шығармашылық белсенділігі дамиды.
5. Өлкенің тарихын біледі.
6. Өз Отанын сүйетін, оның тарихын, тілін, әдет-ғұрпын құрметтейтін тұлға тәрбиеленеді.
7. Оқушылардың туған өлкеге деген қадір-құрметін оята отырып, сол арқылы туып-өскен өлкеге, Отанға деген сүйіспеншілік қалыптастырады.
- Оқушылар мүмкін болғанша зерттеу жұмыстарына қатысады.
- Оқушыларда қоршаған ортаны бақылай алу білігі қалыптасады, олардың күнделікті қажетті істерге қатысу қабілеті дамиды.
- Отанымыздың тарихына жаңа беттер қосылады.
«Тарихи өлкетану» бағдарламасының негізгі тұжырымдамасы:
- Мектепте тарихи-өлкетану жұмысын жүргізу
- Өлке тарихын, Отан тарихын меңгерген тарихи сананы қалыптастыру
- Оқушыны өзіндік іс-әрекет жасауға үйрету, оның интеллектісін дамыту
Бағдарлама бағыттары:
- Оқушының пәнге деген сүйіспеншілігін артырып, келешек мамандық таңдауына көмектесу;
- Оқушыларды туған жердің табиғатын зерттей отырып экологиялық білім беру;
- Оқушыларды адамгершілікке баулу, ойын нақты, тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға баулу;
- Қазақстанның келешек өркендеп өсуіне өз үлесін қосатын жеке тұлға тәрбиелеу;
- Оқушылардың ғылыми -техникалық прогресс жетістіктерін меңгеріп, жергілікті жердің экономикасын арттыруға үлес қосу;
- Оқушылардың жеке зерттеушілік жобаларын қорғай отырып оқушы шығармашылығын, дарындылығын дамыту;
Тақырып №1. Курсқа кіріспе. «Өлкетану» курсының мақсат-міндеттерімен танысу
Мақсаты: Жалпы оқушыларға тарихи өлкетану сабағының мақсаты мен міндетімен таныстыру
Жоспары:
1. «Өлкетану» түсінігі, зерттеу обьектісі, міндеттері.
2. Тарихи өлкетанудың ерекшеліктері, деректері және әдістемелік негіздері
3. Тарихи және мәдени ескерткіштердің жүйелері.
Тарихи өлкетану жалпы өлкетанудың бір саласы ретінде өзіндік тарихи пән болып табылады. Ол сондықтан екі ерекшелікке ие: 1) тарихи оқиғаларды жекешелей қарайды және 2) өзіндік жеке сала болып табылады. Бұл тарихи -өлкетану саласындағы әр түрлі бағыттар бойынша бөлінеді: танушылық, қайта қараушылық, бағалы-бағыттылығы, коммуникативтік.
Туған өлкені зерттеу ерекше қанағаттандырлық алатын, қоғамдық ой-пікірді қалыптастыратын сала болып табылады. Жергілікті материалдар негізінде тарихи өлкетанудың тәрбиелік маңызы бар. Басты тәрбиелік дерек ретінде және оның механизмі ретінде жергілікті дәстүр болып табылады. Яғни ол әр түрлі себептермен зерттеушінің қызығушылығын туғызады. Өлкенің тарихы - бұл өте күрделі өлкетанушылық жұмысты талап етеді, жұмыстың көптігімен, уақыт кезеңінде де өте күрделі болып келеді. Өлкетануды зерттеудің негізі жергілікті жердің тарихы болып табылады.
Тақырып №2. Тарихи өлкетанудың қалыптасу кезеңдері. Өлкетану негіздері.
Мақсаты: тарихи өлкетанудың қалыптасу және даму тарихына тоқталып, оны тарихи дерек ретінде қарастыру
Жоспары:
1. Өлкетану ғылымдар жиынтығының кешені. Тарихи өлкетанудың ұйымдастыру формасы.
2. Өлкетану бойынша деректер (Геродот, Страбон, Ибн-Хордадбек, Максиди, Ибн Хаукаль, Ибн-Фадлан, Ал-Бируни, Джувайни, Елюй Чу-Цай, Чань-Чунь және т. б. )
3. Қазақстанды зерттеудегі Европа саяхатшылары мен елшілері. Иоанн де Плано Карпини, Вильгельм де Рубрук.
Өлкетанудың негізгі анықтамасы - әр елдің өзіндік жеке тарихы болып табылады. А. С. Барковтың берген ғылыми анықтамасы бойынша «Өлкетану бұл бірнеше ғылымның кешенді жиынтығы, әртүрлі әдістері мен мазмұнына қарамастан, барлық жиынтығы өлкенің тарихын жан-жақты қарастыруға бағытталады».
Ғылыми пән ретінде өлкетану өзінің зерттеу объектісі бар - табиғат, халық, экономика, тарих, өлкенің өнері. Негізгі дерек ретінде «өлкенің библиографиясы», «баспа деректері», «статистикалық мәліметтер», «тарихи ескерткіштер» және т. б.
Деректер әр түрліі материалдық, жазба, ауызша болып бөлінеді. Өлкетанушы-мұғалімнің міндеті: 1. не іздеу керек. 2. қалай іздеу керек. 3. қалай қағазға түсіру керек.
Өлкетану жұмыс ұйымдастыру мәселесі бойынша мемлекеттік, қоғамдық және мектептік болып бөлінеді. Өлкетанудың негізінде қажеттілік және білуге құштарлық болып табылады. Өлкетану негізі тарихи зерттеумен байланысты. Өлкетанудың бастаулары халықтық өлкетануға қатысты қалыптасқа. Олар өлкенің білгірлері болып табылады. Мысалы, өлкенің алғашқы деректері ауызша тарихи деректермен тікелей байланысты.
ХҮІІІ ғ. өлкеге Ресей тарапынан бірнеше академиялық экспедициялар ұйымдастыруға байланысты бірнеше мәрте әр түрлі деңгейлерде зерттеулер жүргізіле бастады. Орыс дерекетрімен қатар өлкенің тарихына қатысты шығыс деректері; Ғ парсы, араб тіліндегі тарихи жазбалардың мазмұны өте құнды. Өлкетану мәселесінде Ш. Уәлихановтың еңбегі зор.
Тақырып №3. Көне түрік жазбаларының ескерткіштері және олардың өлке тарихындағы рөлі.
Мақсаты: Қазақ халқының мәдениетіне байланысты көне және ортағасырлық деректермен таныстыру
Жоспары:
1. Қазақстан халықтарының мәдени өміріндегі көне және ортағасырлық жазбалардың маңызы. (Әл-Фараби, Ұлықбек, Қадірғали, Баласағұни, Яссауи трактаттарының ерекшеліктері және оларды зерттеудегі қиыншылықтар) .
2. Қазақ халықына қатысты көне жазбалар («Оғыз-Наме», Қорқыт туралы аңыз, Алпамыс поэмасы және т. б. )
Орта Азия және Қазақстан халықтарының арасында жазба ертеден пайда болды. Бірнеше ғасырлық тарихында жазбаның бірнеше түрін басынан кешірді: көнетүріктік, хорезмдік, соғдылық, ұйғыр, араб, латын тілдері болды. Көне жазбалардың бірі бұл көнетүріктік жазба болды, оның негізіне Орта Азия, Поволжья, Кавказ және Қазақстан халықтарынң тілдері енді. Ол б. д. ҮІ-ҮІІ ғғ. Орта Азияда қалыптасты. Көнетүрік жазба ескерткіштері руникалық жазба ретінде Монғолияда (33, ескерткіш), Орхон мен Енисей (85 жазба), Шығыс Түркістанда, Таласта (12 жазба), Ферғанада, Шығыс Европада қалыптасқан. Есік қорғанындағы жазба толық ашылмаған (б. д. ҮІ-ІҮғғ. )
Руникалық жазбалар өзінің мазмұны жағынан алты топқа бөлуге болады: тарихи-биографиялық (Мөңке-хан, Куль-тегин . . . ), эпитафиялық, с. с. қабірлердегі жазбалар, жартастағы жазбалар, құрылыстардағы, магиялық және ритуалды жазулар, заңды құжаттар, тұрмыстық заттағы белгілер. Бұл 38 әріптен тұратын ХІ-ІХ ғғ. дейін пайдаланып келген.
Араб жазбасы Орта Азия мен қазақстанда медресе, діни мектептерде қолданылады. Ол Х ғ-дан 1929 ж. дейін қолданып келді. Араб одан кейін парсы тілдері орта ғасырларда халықаралық тілдер қатарына жатқызылды. Осы тілде шығыстың ұлы ғұламалары: Әл-Фараби, Бируни, Фирдоуси, Хайям жазды. Өздерінің шығармашылығын түрік тілінде: МахмудҚашғари, Алишер Навои, Әбілғазы-хан және Әл-Фараби, Ұлықбек, Қыдырали, Баласағұни, Яссауи трактаттары кеңінен таралды.
Көптеген қолжазбалар арасында қазақ халқының тарихына тікелей қатысты жазбалар да болады: «Оғыз-наме» (Огуз-хан жайындағы эпос), Қорқыт ата жайындағы әңгімелер мен аңыздар, «Алпамыс» поэмасы, «Манас» жыры және т. б.
Көне және ортағасырлық жазбалар Орта Азия және Қазақстан халықтарынң мәдениетіндегі ықпалы өте зор болды.
Тақырып № 4 . Қазақстанның археологиялық деректері және оларды өлкетану жұмысында пайдалану.
Мақсаты: Археологияны өлкетану сабағында пайдалануды үйрену
Жоспары:
1. «Археология» түсінігі.
2. Археологиялық деректердің жүйелері мен зерттеулердің түрлері.
3. Археологиялық ескерткіш - өлкетанудың дерек көзі
Археология (ол гректің archaіos - ескі, logos - ғылым деген сөздерінің қосылуынан шыққан) термині біздің заманымыздан бұрынғы 4 ғасырда көне заманды зерттейтін ғылым ретінде (Платон) қолданыла бастағанымен, ғылыми археологиялық зерттеулер Еуропада қайта өркендеу дәуірінде ғана жүргізілді. 15 - 16 ғасырларда Италияда ежелгі сәулет өнерінің мұраларын іздеуге, 18 - 19 ғасырларда Қосөзен бойында көне мәдени мұраларды зерттеуге бағытталған қазба жұмыстары жүзеге асырылды. 19 ғасырдың 1-жартысында Ресейде Қара теңіз жағалауындағы көне грек қалаларының қалдықтары мен скиф обаларын жүйелі түрде зерттеу басталды. Қазақстан мен Орта Азияда археологиялық зерттеулер 19 ғасырдың 70-жылдарында бастау алды және олар Василий Радлов, Николай Веселовский, Петр Лерх, Василий Бартольд есімдерімен байланысты. 1920 - 30 ж. Әлкей Марғұлан, Сергей Руденко, Александр Бернштам, т. б. басқарған экспедициялар Қазақстан жерінде күрделі археологиялық барлау, қазба жұмыстарын жүргізді. Археологиялық ескерткіштер әр кезеңге қатысты әр түрлі Қазақстан территориясында олардың негізгі түрлері ретінде: қоныстар, тұрақтар және бекініс қорғандар, жерлеу рәсімдері, қорғандар, мавзолейлер, қоймалар, петроглифтер, тастағы таңбалар, тау жыныстары, су каналдары және т. б.
Көне, ерте ортағасыр, жартылай ортағасыр кезеңдері үшін археологиялық материалдар негізгі дерек ретінде тарихта қайта қарауға негізгі дерек болып табылады. Археологиялық деректерді пайдалана отырып өлкетанушы өлкенің көне кезеңінен бастап, кейінгі кезеңіне дейін бір бағытта зерттеп шығуына болады.
Тақырып №5. Қазақстан тарихы бойынша этнографиялық деректер.
Мақсаты: Қазақстан тарихындағы этнографиялық деректердің орнын анықтау
Жоспары:
1. «Этнография» түсінігі. Этнологиялық материалдарды жинақтаудық әдістері.
2. Этнологиялық терминология, жергілікті жердің этнологиялық деректері.
3. Халық тұрмысы мен шығармашылығын зерттеу
Этнография - тарихи ғылымның жеке бөлімі, халықтардың мәдениетін, тұрмысын және мәдениетін зерттейді. Этнография термині гр. «этнос» - халық, «графос» - жазамын, яғни халықты сипаттау, халықтану болып табылады. Этнографиялық зерттеудің негізгі әдістемесі - әлем халықтарының тұрмысы мен өмірін тікелей бақылау, олардың қоныстануы, тарихи-мәдени қарым-қатынасын зерттеу. Соңғы онжылдықта этнография термині, ғылым саласы ретінде этнология терминімен алмасты. Көптеген шетелдерде этнография (этнология) жалпы адамзатты танып-білетін - антропология саласының бірі ретінде қарастырылады.
Этнография ғылым саласы ретінде ХІХ ғ., ортасында бөлініп шықты, осыған дейін тарихи зерттеулердің бір саласы ретінде қолданыста болды.
ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. «белгісіз халықтардың» өмірін зерттеу мақсатында бірнеше экспедициялар жарақталды. Олар өз зерттеулерінде Ресейдің көршілес елдерін зерттеумен айналысты. Ғылым Академиясының экспедициясы Сібір, Орал, Орта Азия және басқа да аудандарды зерттеумен айналысты. Кейде этнографиялық алғашқы ғылыми еңбектерде жарыққа шығып жатты. Солардың бір бөлігі Қазақстанға айналды. Міне, нақты осы кезеңде қазақ халқының дәстүрлері, салттары жайында алғашқы жазбалар пайда болды. Олар өлкенің тарихи, табиғи ерекшелігін сипаттады.
Этнографиялық өлкетанудың объектісі ретінде мәдени өміріне тұрмыстық ерекшеліктер, олардың шығу тектері, өзгерістер ескерілді. Қоныстардың орындары, олардың сыртқы құрылымдары тұрғын үйдің ішкі ерекшеліктері, әртүрлі қоныстар зерттелінді.
Этнографиялық бақылаулардың негізгі міндеті өткен кезеңнің оқиғаларын өзгертпей баяндау, сонымен қатар қандай жаңа өзгерістер келді. Халықтың тұрмыс-тіршілігі этнографиялық зерттеудің басты объектісі болып табылды.
Тақырып №6. Этнология, оның туған өлке тарихын оқып-білудегі рөлі.
Мақсаты: жалпы этнология сөзінің шығу кезеңін, тарихын қарастыру.
Жоспары:
- Этнология және оның әдістері.
- Этнологияның Қазақстанда дамуы.
Этнология (грек. ethos - тайпа, халық және logos - ғылым, ілім, сөз) - қоғамдық ғылымдардың тайпалар мен халықтарды зерттейтін саласы. Этнология қазіргі халықтарды және ертеде өмір сүрген көне этностық топтардың шығу тегін, ру-тайпалық құрамын, қонысын, олардың өзіндік ерекшеліктері мен бәріне бірдей ортақ жайларды, тарихи және мәдени қарым-қатынастарын, күнделікті тұрмысын, кәсібін, қоғамдық және отбасылық қарым-қатынастарын, рухани мәдениетін жан-жақты ғыл. негізде зерттейді (қ. Тарихи этнография) . Өткен өмір мағлұматтарын соңғы деректермен салыстыра зерттеп, этнолог халық тұрмысы мен мәдениетінің тарихи даму үрдісін анықтайды. Халық өмірінің өткен кезеңдерінің ең көне дәуірі палеоэтнология деп аталады. Мыс., халықтардың шығу тегін зерттеуде Этнология үнемі археол. деректерге сүйенсе, археология өзінің зерттеу жұмыстарында археол. ескерткіштердің қандай этн. топтарға жататындығын анықтау барысында әр дайым этнол. деректерді кеңінен пайдаланады.
Қазақстанда Этнологиялық ізденістердің дамуы ілкі замандардан бастау алған. Ерте темір дәуірінен басталған мол Этнологиялық материалдар ғасырлар бойы жинақтала берді. [[ҚазақҚазақтар] ] туралы нақтылы этнол. деректерді патшалық Ресей тұсында Қазақстанға келген орыс шенеуніктері жинастырды. Әсіресе, бұл салада П. С. Паллас, И. Г. Георги, И. П. Фальк, И. Г. Андреев, А. Левшин сынды зерттеушілердің еңбектері зор. 19 ғ-дың 2-жартысында қазақ Э-сына елеулі үлес қосқандар Ш. Уәлиханов пен Ы. Алтынсарин, М. Бабажанов болды. 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың бас кезінде қазақ Этнологиясына Н. Гродеков, Н. Аристов, Ә. Диваев, Г. Н. Потанин, Шәкерім, І. Қостанаев, т. б. елеулі үлес қосты. 20 ғ-дың 20-жылдарының соңында С. И. Руденко бастаған ғыл. экспед. құрылып, оның құрамында Ә. Х. Марғұлан жұмыс істеді. Бұл экспед. “Қазақтар“ деген атпен бірнеше жинақтар шығарды. 1946 ж. Қазақстан ҒА құрамында Тарих және этнология институты ашылғаннан кейін ел арасынан дерек көздерін жинастыру, ғыл. талдау жүргізу жұмыстары жолға қойылды. Жинақталған мағлұматтар негізінде қазақ халқын этнол. тұрғыда зерттеу тарихы (Е. Масанов), ру-тайпалық құрамы (В. Востров, М. Мұқанов, Х. Арғынбаев), ұлттық киімдері (И. Захарова, Р. Ходжаева), басқа өңірлердегі қазақтардың тұрмысы (У. Шалекенов), неке және отбасы, ұлттық қолөнер (С. Қасиманов), ұлттық тағамдар, т. б. көптеген тақырыптар төңірегінде көлемді зерттеулер жүргізілді. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін республикада этнол. ізденістер тарихи шындық тұрғысынан түзіле бастады. Республиканың түкпір-түкпірлерінде ғыл. ошақтар өркендеп, бірқатар зерттеушілер (Ә. Төлеубаев, С. Әжіғали, Ж. Артықбаев, Ш. Тоқтабаева, т. б. ) этнол. мәселелерді жаңа қырынан қарастыруда. Ғалымдар мемл. “Мәдени мұра” бағдарламасы бойынша да тың зерттеулер жүргізіп келеді. Д. Сүлейменұлы
Тақырып №7. Сәулеткерлік және өнер ескерткіштері туған өлкенің дерек көздері.
Мақсаты: жалпы архитектура сөзінің шығу кезеңін, тарихын қарастыру.
Жоспары:
1. «Архитектура» түсінігі. Архитектураның шығу кезеңі.
2. Қазақстандағы сәулет өнерінің қалыптасу тарихы
Архитектура, сәулет өнері - құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы деген мағынаны білдіреді. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Сәулет өнері - техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Адамдар неолит кезінде үйді ағаштан, қамыстан, талдан және балшықтан салды. Су айдынында, қағылған қазықтың үстіне тұрғызылған үйлер де болған. Біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың ортасында ірі тастардан қаланған монументті құрылыстар: кромлехтер, менгирлер мен дольмендер пайда болды.
Қазақстан аумағында сәулет өнері жоғары палеолит кезеңінде пайда болды. Ол кздегі алғашқы тұрғын үй құрылыстарының іздері сақталып қалған (олар Орталық Қазақстан облысы аумағында табылды) . Қола заманындағы темірден жасалған қаруларды пайдалану кең-байтақ дала байлықтарын игеруге жағдай жасады. Қола дәуіріндегі ғимараттар тік бұрышты формада жасалып, олар тұрғын және шаруашылық бөлімдерінен тұрды.
Кейінірек дөңгелек формадағы үйлер мен киіз үйлер пайда болды. Сондай-ақ, қабірдің де формалары өзгеріп отырды. Қабір басына 30 метрге жететін күмбездердің салынуы жиі кездеседі. Кейінірек олар тік бұрышты тақталармен қоршалды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz