Ақша қаржаттары



Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 2

I.бөлім. Ақша қаржаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6
1.1. Ақша қаражаттарың сипаттамасы,
есеп айырысу нысандары ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6
1.2. Жолдағы ақша және құнды қағаздар ... ... ... ... ... ... ... 13
1.3. Валюталық шоттағы және банктердегі
арнаулы шоттардағы ақша қаражаттары ... ... ... ... ... ... .. 16
1.4. Шетелдік валютадағы операцияларды
есепке алудың әдістемелік ұсынымдары ... ... ... ... ... ... ... 18

II.бөлім. Ақша қаражаттарының есебі ... ... ... ... ... 19
2.1. Жолдағы аударымның және
құнды қағаздардың есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.2. Валюталық шоттағы және
банктердегі арнаулы шоттардағы ақша есебі ... ... ... ... ... . 24

III.бөлім. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 29
Кіріспе.
Халық шауашылығы есептерің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Бұл ғылымды жан-жақты зерттейтін, экономикалық жағынан талдайтын, өз алдына ғылыми даму жолдарын анықтайтын әдістермен бірге бұл ғылымды оқытатын пән бар.Осы орайда қоғамдық өндіріс процестерін бухгалтерлік есеп ғылымының пәні деп айтуға болады немесе қоғамдық өндіріс процестерін бухгалтерлік есепке алынатын біртұтас тұлға деп қарауға болады. Өйткені бухгалтерлік есеп қоғамдық өндірістің дамуы жолында қажет. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті - халық шауашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізу. Қоғамымыздың даму кезеңдерінің қай сатыларында болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін есеп жұмыстарын, әсіресе бухгалтерлік есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Қоғамдық даму нәтижесінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына қойылатын талаптардың өсіп,міндеттердің артып отырғандағы бухгалтерлік есептің тарихынан белгілі. Бухгалтерлік есеп көптеген жүз жылдықтар бұрын пайда болып, бүгінгі күнге дейін дамып, пайдаланып келеді. Тайпалардың арасындағы шаруашылық оперцияларына байланысты табылған жазулардан бухгалтерлік есеп біздің заманымызға дейінгі V ғасырда жүргізілді деген деректер бар. Ал біздің заманымызға дейінгі II ғасырда Грецияда салынған құрылысқа кеткен шығындар есептеліп, салынған үйдің қабырғасына жазылатын болған.
Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіден болмасын күрделі, ауқымды болып отыр.Өйткені қазіргі қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде өндіріс құрал-жабдықтарының мемлекеттік меншіктен ұжымдық және жеке меншіктерге ауысуы кең етек алуда. Осыған орай қазіргі кезде мемлекет, субъектіге және жеке тұлғалар арасындағы экономикалық және қоғамдық қарым-қатынастар саясаты жаңа сипат алып отыр.
Еліміздің жағдайын жақсарту, экономиклық дағдарыстан шығу мемлекеттік тұрғыдан бақылауға алынған мәселелер бойынша күн тәртібінде бірінші кезекке қойылып отыр.Бұған Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030»атты стратегиялық бағдарламасында «Еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір басымды бағыты – шағын және орта бизнесті дамыту» - деп атап көрсетуі дәлел бола алады. Сондықтан да кәсіперлікті еліміздің шаруашылық қызметін жандандырған күш деп білуі қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мелников В.Д., Ильясов К.К. «Финансы».- Алматы 2001.
2. Мелников В.Д., Ильясов К.К. «Финансы».- Алматы 2001: Қаржы-қаражат,1997.
3. Құлпыбаев С.К., Баязитова Ш. «Қаржы теориясы»Оқу құралы-Алматы: Мерей,2001
4. Есенғалиев В.А.,Хайруллина.Орал 2002
5.Салық және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)Қазақстан
6. Егемен Қазақстан 1999-18 мамыр
7. Қ.Р. Парламентінің жаршысы 1999 # 20
8. Қ.Р. Парламентінің жаршысы 1999 # 23
9. Қ.Р. Парламентінің жаршысы 1999 # 24
10. Қ.Р. Парламентінің жаршысы 1999 # 14
11. Бухгалтерлік бюллетені – 2000 # 3-4
12. Бухгалтерлік бюллетені – 2000 # 17
13. Бухгалтерлік бюллетені – 2000 # 9
14. Бухгалтерлік бюллетені – 2000 # 11
15. Бухгалтерлік бюллетені – 2000 # 49
16. Салық кодексі. Юрист,2009-2010

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 2

I-бөлім. Ақша қаржаттары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...
6
1.1. Ақша қаражаттарың сипаттамасы,
есеп айырысу нысандары ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6
1.2. Жолдағы ақша және құнды қағаздар ... ... ... ... ... ... ... 13
1.3. Валюталық шоттағы және банктердегі
арнаулы шоттардағы ақша қаражаттары ... ... ... ... ... ... .. 16
1.4. Шетелдік валютадағы операцияларды
есепке алудың әдістемелік ұсынымдары ... ... ... ... ... ... ... 18

II-бөлім. Ақша қаражаттарының есебі ... ... ... ... ... 19
2.1. Жолдағы аударымның және
құнды қағаздардың есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.2. Валюталық шоттағы және
банктердегі арнаулы шоттардағы ақша есебі ... ... ... ... ... . 24

III-бөлім. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 29

Кіріспе.
Халық шауашылығы есептерің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны
ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына
дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Бұл ғылымды жан-жақты зерттейтін,
экономикалық жағынан талдайтын, өз алдына ғылыми даму жолдарын анықтайтын
әдістермен бірге бұл ғылымды оқытатын пән бар.Осы орайда қоғамдық өндіріс
процестерін бухгалтерлік есеп ғылымының пәні деп айтуға болады немесе
қоғамдық өндіріс процестерін бухгалтерлік есепке алынатын біртұтас тұлға
деп қарауға болады. Өйткені бухгалтерлік есеп қоғамдық өндірістің дамуы
жолында қажет. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық
өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып
табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті - халық
шауашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай
есептеу жұмысын жүргізу. Қоғамымыздың даму кезеңдерінің қай сатыларында
болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол
заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін есеп жұмыстарын,
әсіресе бухгалтерлік есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.
Қоғамдық даму нәтижесінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына қойылатын
талаптардың өсіп,міндеттердің артып отырғандағы бухгалтерлік есептің
тарихынан белгілі. Бухгалтерлік есеп көптеген жүз жылдықтар бұрын пайда
болып, бүгінгі күнге дейін дамып, пайдаланып келеді. Тайпалардың арасындағы
шаруашылық оперцияларына байланысты табылған жазулардан бухгалтерлік есеп
біздің заманымызға дейінгі V ғасырда жүргізілді деген деректер бар. Ал
біздің заманымызға дейінгі II ғасырда Грецияда салынған құрылысқа кеткен
шығындар есептеліп, салынған үйдің қабырғасына жазылатын болған.
Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде бухгалтерлік
есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіден болмасын күрделі, ауқымды болып
отыр.Өйткені қазіргі қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде өндіріс құрал-
жабдықтарының мемлекеттік меншіктен ұжымдық және жеке меншіктерге ауысуы
кең етек алуда. Осыған орай қазіргі кезде мемлекет, субъектіге және жеке
тұлғалар арасындағы экономикалық және қоғамдық қарым-қатынастар саясаты
жаңа сипат алып отыр.
Еліміздің жағдайын жақсарту, экономиклық дағдарыстан шығу мемлекеттік
тұрғыдан бақылауға алынған мәселелер бойынша күн тәртібінде бірінші кезекке
қойылып отыр.Бұған Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан – 2030атты стратегиялық бағдарламасында Еліміздің экономикалық
саясатының бірден-бір басымды бағыты – шағын және орта бизнесті дамыту -
деп атап көрсетуі дәлел бола алады. Сондықтан да кәсіперлікті еліміздің
шаруашылық қызметін жандандырған күш деп білуі қажет.
Шағын және орташа кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік тұрғыдан көп
көңіл бөлінуіне байланысты елімізде күннен-күнге бухгалтер және аудитор
мамандарына деген сұраныс артуда. Әрине, олардың кәсіпкерлік шаруашылығын
дамытуға қатысатын үлесі мен жасайтын қызметі елеулі де әрі тиімді. Сонымен
қатар қазіргі кезде халықаралық стандартқа көшу барысында бухгалтерлік есеп
және аудит жұмысына қойылатын талап өт күрделі. Ол шетел тәжірибесін тиімді
қолдану, бухгалтерлік есепті жаңа талаптарға сай жеделдетіп бір жүйеге
келтіру болып табылады.
Нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъктілерде
бухгалтерлік есептің маңызы өте зор. Шаруашылық субъектілерінде
бухгалтерлік есеп жұмысы Бухгалтерлік есеп турылы, Салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес жасалған бухгалтрлік есеп стандарты мен қаржы шаруашылық
қызметі бухгалтерлік есебінің бас шоттар жоспарына сай бекітілген ортақ
принциптер мен ережелері және Қазақстан Республикасының Қаржы және Кіріс
министрліктерінің бухгалтерлік есеп жөнінде шығарған нұсқаулары мен
режелері, сондай-ақұсыныстары негізінде ұйымдастырылады, қазіргі кезде
елімізде қолданылып жүрген бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық
бухгалтерлік есеп стандартына барынша жақындатылған.
Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші
субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел
басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін
қолданылады.
Экономиканың қай саласындағы болмасын шаруашылық субъектілермен еңбек
ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын
азайтуға, ысырапты жоюға, өзінің өндіріп шығаратын өнімін халықаралық
рыноктағы бәсекелестікке жарамды етіп шығаруға, өндірісін ұлғайтуға,
өндіретін өнімінің өзіндік құнын төмендетуге және де қоршаған ортаны
сақтауда оған зиян келтірмеуге мүдделі. Бұл орайда шаруашылық субъектінің
материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын, сондай-ақ басқа да
ресурстарын тиімсіз жұмсауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен
мәні айрықша.
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын
банктердің тиісті мекемелеріндегі шоттарда сақтайды. Міндеттемелер
жөніндегі басқа субъектілерге төлемдер, әдетте ақша аудару арқылы есеп
айырысу тәртібімен банктердің осы мекемелері арқылы жүргізіледі. Нақты
ақшасыз есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген
нормативтік құжаттар шегінен шығып кетпейтіндей етіп жүргізіледі.
Ұлттық Банк ақша-несие жүйесіне орталықтандырылған жоспарлы
басқаруды, бюджеттің кассалық жүйесінің орындалушы жүзеге асырады және
жиынтық валюта жоспарын қалыптастыруға қатысады. Ол ақша эмиссиясын,
ұйымдар мен мекемелердің несиемен қаржыландырылуын және есеп айырысу
қызметін атқарады.
Прогрессивті есеп саясатын жүзеге асыру, негізгі қызметті
несиелендірудің бүкіл жүйесінің тиімділігін арттыру, күрделі қаржымен
қаржыландыру мен несилендіру, сондай-ақ қажетті есеп айырысуларды жүргізу
төмендгі акционерлік банктерге жүктелген:
Тұран Әлем Банкі - өндірісті, құрылысты, көлікпен байланысты, материалдық-
техникалық қамтамасыз ету саласында,сыртқы экономикалық қызметті;
Наурызбанкі - агроөнеркәсәіп кешенін; Орталықнесиебанкі - тұрғын-үй
коммуналдық шаруашылығын, тұрмыстық қызмет көрсетуді және экономиканың
басқа да салаларын; Халықтық банк – елдегі жинақ ісін ұйымдастыруды
қамьтамасыз етеді; Дамубанкі - елдің экономикалық дамытудың басымды
бағдарламаларына және ұза мерзімге арналған тиімді инвестициялық жобаларын
несиелендіруді жүзеге асыруына қызмет көрсетеді.
Банкаралық есеп айырысуларды жүргізетін коммерциялық банктермен есеп
айырысу жүйесіндегі құжаттар айналымы Ұлттық Банктің нормативтік
құжаттарына сәйкес жүргізіледі. Банктердің қызметін Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкісіүйлестіреді және ол оларға бағыт береді.
Елдің экономикасында банк мекемелері арқылы жүзеге асырылатын нақты
ақшасыз есеп айырысудың айрықша басымдылығы байқалады. Нақты ақшамен
субъектілердің персоналдар еңбекақы төлеу бойынша, есеп беруге тиісті
адамдармен, депоненттермен, дебиторлармен және кредиторлармен қолданылып
жүрген заңға сәйкес ережелері бойынша банк мекемелері арқылы жүзеге асады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Бухгалтерлік еспке алу туралы
1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 Заң күші бар Жарлығына (Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995ж.,№24,171-құжат;Қазақстан
Республикасының Парламентінің Жаршысы,1997ж.,№13-14,205-
құжат;1999ж.,№20,727-құжат;2001ж.,№ 24,338-құжат) енгізілген өзгерістер мен
толықтыруларға сәйкес жүргізіледі.
Бухгалтерлік есепке алу мен қоржылық есеп беру туралы Қазақстан
Республикасының Заңы .
Осы Заң Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық
есеп беру жүйесін айқындайды, бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен
қаржылық есеп беруді жасаудың принциптерін, негізгі сапалық сипаттамадары
мен жалпы ережелерін белгілейді.

Ақша қозғалысы осы заңның 3-тарауы Қаржылық есеп берудің элементтерін
бағалау мен есепке алу 16-бабында жазылған.
16-бап. Қаржылық есеп беру.
1. Қаржылық есеп беру ұйымның қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері мен
қаржылық жағдайындағы өзгеістер туралы ақпарат болып табылады.
2. Мемлекеттік мекемелердің есеп беруін қоспағанда, аржылық есеп беру:
1) бухгалтерлік балансты;
2) кірістер мен шығыстар туралы есепті;
3) ақша қозғалысы туралы есепті;
4) өз капиталындағы өзгерістер туралы есепті;
5) есепке алу саясаты туралы ақпаратты және түсіндірме жазбаны қамтиды.
Қаржылық есеп беру Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу
мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасының талаптарына және бухгалтерлік
есепке алу стандарттарына сәйкес басқа да материалдармен толықтырылуы
мүмкін.
Қаржылық есеп беруді жасаудың тәртібі Қазақстан Республикасының
бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасының
талаптарына және бухгалтерлік есепке алу стандарттарына сәйкес белгілнеді.
3. Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есеп беруінің көлемін, нысандары мен
тәртібін, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше
көзделмесе, уәкілетті орган айқындайды.
4. Акцизделетін өнімдерді өндірумен, сондай-ақ қызметтің акцизделетін
түрлерімен айналысатын ұйымдардан басқа, Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын
кәсіпкерлер мен ұйымдар Қазақстан Республикасының мемлекет алдындағы
салықтық міндеттемелерді орындауын салықтық бақылауды қамтамасыз ететін
орталық атқарушы органның келісімімен уәкілетті орган бекіткен бухгалтерлік
есепке алу стандарттары бойынша қаржылық есеп беруді жасаудың оңайлатылған
нысанын қолдануға құқылы.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағын кәсіпкерлік
субъектілері болып табылатын ұйымдар қаржылық есеп беруді жүргізген кезде
осы заңның 2-1 бабында ережелерін басшылыққа алуға құқылы.
5. Қаржылық есеп беруге ұйымның басшылығы және бас бухгалтері қол қояды.
Бухгалтерлік есепке алуды мамандандырылған бухгалтерлік ұйым немесе
маман бухгалтер жүргізетін ұйымдардың қаржылық есеп беруіне ұйымның
басшылығы, сондай-ақ мамандандырылған бухгалтерлік ұйымның басшылығы немесе
маман бухгалтер қол қояды.

I-бөлім. Ақша қаражаттары.
1.1.Ақша қаражаттарының сипаттамасы, есеп айырысу нысандары.

1. Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп пайдаланушыларды
операциялық, инвестициялық және қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша
қаражатының түсуі мен жұмсалуы туралы ақпаратпен қамтамасыз етіп, олардың
заңды тұлғаның қаржы жағдайындағы өзгерістерді бағалауына мүмкіндік береді.
2. Заңды тұлғалар ақша қаражатының қозғалысы туралы есепті осы
стандарттың талаптарына сәйкес жасайды және есепті кезеңдегі қаржы
есептемесінің құрамында тапсырады.
3. Ақша қаражаты – кассада және банктердегі шоттарда қолма-қол бар
ақша.
4. Ақша қаражатының қозғалысы – ақша қаражатының түсуі мен жұмсалуы.
5. Операциялық қызмет – ұйымның табыс табу жөніндегі негізгі қызметі
мен инвестициялық және қаржы қызметіне қатысы жоқ өзге де қызмет.
6. Инвестициялық қызмет – ұзақ мерзімді активтер мен қаржы
инвестицияларын сатып алу және сату.
7. Қаржы қызметі – меншікті капитал мен займ қаражатының мөлшері мен
құрамындағы өзгеріс нәтижесі болып табылатын ұйымның қызметі.
8.Ақша қаражатының қозғалысы туралы есепте операциялық, инвестициялық
және қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі мәліметтер болуы тиіс. Ұйым
қызметін түр-түрі бойынша жіктеу пайдаланушыларды ұйым қызметі түрлерінің
оның қаржы жағдайына ықпалын бағалауға мумкіндік беретін ақпаратпен
қамтамасыз етеді.
9. Заңды тұлғаның операциялық қызметінен түсетін ақша қаражатының
қозғалысы мыналарды пайдалана отырып ашылады:
а) тікелей әдіс, ол бойынша ақша түсімдері мен төлемдерінің негізгі
түрлері ашып көрсетіледі;
б) жанама әдіс, ол бойынша таза табыс немесе залал ағымдағы активтер
мен міндеттемелердің, ақшадан тыс операциялардың өзгерістеріне, сондай-ақ
инвестициялық және қаржы қызметінің нәтижесі болып табылатын табыстар мен
залалдарға орай түзетіледі.
10. Ақша қаражатының қозғалысы, келесі екі парада көрсетілгеніндей,
нетто-негізде ашып көрсетіле алатын белгілі бір жағдайлардан басқа кезде,
ұйым инвестициялық және қаржы қызметінен алынатын жалпы ақша түсімдер мен
төлемдерінің негізгі түрлерін жеке-жеке ашып көрсетеді.
11. Ақща қаражатының қозғалысы ұйымның қызметінен гөрі клиенттердің
қызметін көрсеткен жағдайда клиенттердің атынан ақша түсімдері мен
төлемдері нетто-негізде ашып көрсетілуі мүмкін.
12. Нетто-негізде, сондай-ақ тез қайтып оралатын, ірі слмаларды
қамтитын және өтеу мерзімдері қысқа көздер бойынша ақша түсімдері мен
төлемдері ашып көрсетілуі мүмкін, мысалы:
а) инвестицияларды сатып алу жән сату;
б) қайтару мерзімі үш айдан аспайтын өзге де қысқа мерзімді займдар.
13. Еншілес және басқа да ұйымдарды сатып алу мен сатудан түскен ақша
қаражатының қозғалысы бөлек көрсетіліп, мыналар ашып көрсетілетін
инвестициялық қызмет ретінде сыныпталады:
а) сатып алу мен сатудың жалпы құны;
б) ақша қаражатымен төленген сатып алудың немесе сатып алудың жалпы құнының
бір бөлігі;
в) сатып алынған немесе сатылған ұйымға тиесілі ақша қаражатының сомасы;
г) әрбір негізгі санат бойынша ақша қаражатының өзгеше, сатып алынған
немесе сатылған активтер мен міндеттемелерлің сомасы.
14. Шетелдік валютамен жасалатын операциялардан алынған ақша
қаражатының қозғалысы операция жасалған күнге Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі белгілейтін айырбас бағаны қолданылып, Қазақстан
Республикасының валютасыменкөрсетіледі.
15. Төтенше жағдайлардан алынатын ақша қаражатының қозғалысы
операциялық, инвестициялық және қаржы қызметінен алынғандай болып осы
жағдайлардың сипатына қарай сыныпталады және жеке ашып көрсетіледі.
16. Алынған және төленген проценттер мен девидендтерден түсетін ақша
қаражатының қозғалысын жеке ашып көрсетіп, операциялық, инвестициялық және
қаржы қызметінен алынатын ақша қаражатының қозғалысы ретінде, бір есепті
кезеңнен екіншісіне дейін дәйекті түрде сыныптау керек.
17. Егер табыс салығын төлеу нәтижесінде пайда болатын ақша
қаражатының айналымы қаржы және инвестициялық қызметтің нәтижесі ретінде
айқындалмайтын болса, ол жеке ашып көрсетіліп, операциялық қызметтен
алынатын ақша қаражатының қозғалысы ретінде жіктелуге тиіс.
18. Ақша қаражатын пайдалануды қажет етпейтін инвестициялық және
қаржы қызметі түсіндірме жазбахатта жеке ашып көрсетіледі және ақша
қаражатының қозғалысы туралы есепке қосылмайды.
19. Ұйым ақша қаражатының қалдықтарын пайдалану жөніндегі кез келген
шектеулердә ашып көрсетуі тиіс.
20. Осы Бухгалтерлік есепке алу стандарты 1997 жылдың 1-қаңтарынан
бастап күшіне енді.
Қаржылық есеп беруді жасау жөніндегі әдістемелік

ұсынымдар.
1.Субъектінің қаржылық есебі:
1) бухгалтерлік баланстан;
2) қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептен;
3) вқша аражаттарының қозғалысы туралы есептен тұрады.
1. Осы әдістемелік ұсынымдар субъектінің, сондай-ақ санақтық бақылау
мақсаттары үшін әзірленген, олардың мақсаттары мен жазбаларына сәйкес
банктің ұсынымына, егер мұндай есеп беруде әдістемелік ұсынымдардың
қолданылуы қажет болмайтын жағдайда қолданылмайды.
2. Бухгалтерлік баланстың мазмұны мен түрлері, қаржылық және шаруашылық
қызмет нәтижелері туралы есептер, сондай-ақ ақшалай қаржылардың
қозғалысы туралы есептер бір есептік мезгілден екінші мезгілдің
жағдайына қарай қолданылады.
3. Бірінші есептік кезеңді құрайтын есептемеден басқа, қаржылық
есепкерлік жөніндегі әрбір көрсеткіш оның алдындағы кезеңге байланысты
ақпараттар бойынша келтіруге тиіс.
4. Қаржылық есеп Қазақстан Республикасының валютасы бойынша құрылуға тиіс
және оның өлшемі мың теңгемен саналады.
5. Қаржылық есепке оның дер кезінде орындалуына жауап беретін субъектінің
басшысы және бас бухгалтері қол қояды.
6. Қаржылық есепті бір жылдық субъектінің есепті мерзімі болып 1
қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл алынады,
жаңадан құрылған субъект үшін сол жылғы 31 желтоқсанға дейін заңды
тұлғалардың құзыретін алған күннен басталады. Субъект есепке алынғанға
немесе ол заңды тұлғаның мәртебесін алғанға дейін жасалған операциялар
бірінші есептік жылдың қаржы есебіне енеді. Жеке меншік иелері басқа
мерзімді тағайындай алады, бірақ жылына кем дегенде бір рет есеп
беріледі және оның мерзімі жылдық қаржылық есептен кейінгі 30 сәуірге
белгіленеді.
7. Қаржылық есеп беру уақытын құру үшін есеп беретін кезеңнің соңғы
қүнтізхбелік күні алынады.
8. Заңды тұлғаның қаржылық есебі пайдаланушылардың мүддесіне сәйкес
жариялануға ашық болып табылады. Жылдық қаржылық есептің дұрыстығы
заңды тұлға немесе жеке аудитор ұсынған тәуелсіз аудиторлық шешіммен
расталады.
9. Қаржылық есептің үлгісінтолтыру кезінде: қалыптасқан тәртіпке
байланысты тіркелген тиісті құрылтайшы құжаттарымен қоса қаржылық есеп
беретін субъектінің атауы; тұрған жері, субъектінің мекен-жайы;
саласы; субъектісінің айналысытын қызмет түрі көрсетіледі; қаржа есеп
беруг тиісті мемлекеттік заңды тұлғаның қарамағындағы мемлекеттік
мүлікті басқару органы; меншікті құқықтық ұйымдастыру түрі.

Ақшалай қаржаттардың қозғалысы туралы есептің мазмұны.

18. Ақшалай қражаттардың қозғалысы туралы есеп берудің негізгі мақсаты
ақпараттар беру болып табылады:
1) ағымдағы есеп беру кезеңіндегі заңды тұлғалардан түсетін және талап
етіп алынатын ақшалай қаржылар туралы;
2) есеп беру кезеңі бойынша заңды тұлғалардың операциялық, инвестициялық
және қаржылық қызметтері туралы.
19. Ақшалай қаражаттар – кассада және банк шоттарында тұрған қолма-қол
ақша.
20. Ақшалай қаражаттар қозғалысы – түсетіе және талап етіп алынатын ақшалай
қаражаттар.
21. Ақшалай қаражатының қозғалысы туралы есеп берудің заңды тұлғалардан
түсетін және талап етіп алынатын ақша қаражатының негізгі көздерін
көрсетеді.

Ақша қаржыларының операциялық қызметке байланысты қозғалысын анықтау.
22. Операциялық қызмет – заңды тұлғаның табысты алуы бойынша және басқа да
қызметтері бойынша инвестициялық және қаржылық қызметке жатпайтын негізгі
қызметі.
23. Операциялық қызметке байланысты ақша қаржыларының қозғалысын тікелей
немесе жанама әдістер арқылы заңды тұлға анықтайды:
1) тікелей әдіс – ақша қаражаттарының негізгі түрлерінің түсуі мен
төленуін анықтайтын әдіс. Бұл әдіс әрбір ақша операциялары мен
анықтамаларын қай қызметке жататынын үйренуге негізделген.
2) жанама әдіс – таза табыс немесе шығын ағымдағы активтер мен
міндеттерге, ақшалай емес операцияларды өзгертуге, сондай-ақ өткен
кезеңмен салыстырғанда инвестициялық және қаржылық қызметтердің
нәтижесі болып табылатын табыстар мен шығындарға түзетулер енгізетін
әдіс.

Инвестициялық және қаржылық қызметтерге байланысты ақша қаражатының
қозғалысын анықтау.
24. Инвестициялық қызмет – ұзақ мерзімді активтерді тарту мен сату, өтеген
несиелерді беру мен алу болып табылады.
Инвестициялық қызметтердің нәтижесінде пайда болған ақшақаражаттары
қозғалысы:
1) Ақша қаражаттарының түсуі:
- материалдық емес активтерді, негізгі қаржылар мен басқа да ұзақ
мерзімді активтерді өткізуден;
- қаржылық инвестицияларды өткізуден;
- басқа заңды тұлғаларға берілген несиелерді алу;
- басқа да түсімдер.
2) Ақша қаражаттарын алу:
- материалды емес активтерді, негізгі қаржылар мен басқа да ұзақ
мерзімді активтерді тарту;
- қаржылық инвестицияларды тарту;
- басқа да заңды тұлғаларға несие беру;
- басқа да төлемдер болып табылады.

25. Қаржылық қызмет – жеке ақша қаражаттарының қозғалысының мысалы:
1) ақша қаражаттарының түсуі:
- акцияларды және басқа да құнды қағаздарды шығарудан;
- банктік несиелерді алу;
- басқа да түсімдер.
2)ақша қаражаттарын алу:
- банктік несиелерді өтеу;
- жеке акцияларды тарту;
- дивидендтерді төлеу;
- басқа да төлемдер болып табылады.
26. Заңды тұлғалар инвестициялық және қаржылық сипаттағы түрлі ақшалай емес
операцияларды жүзеге асыра алады – ұзақ мерзімді несиелер есебінен негізгі
қаражатты алу, шығару әсерінен несиелік борыштарды өтеу және несие
алушыларға қосымша акцияларды жіберу және т.б.
27. Заңды тұлғалар ақша қаражатының қозғалысы нетто-негізде ашылуы мүмкін
жағдайда, арнайы жағдайларды есептмегенде, инвестициялық және қаржылық
қызметтерден ақша қаражатының түсуі мен төлемінің негізгі түрлерін бөлек
ашады.
28. Нетто-негізде ашылған операциялық, инвестициялық және қаржылық
қызметтің нәтижесінде туындайтын ақша қаражатының қозғалысына мыналар
қатысуы мүмкін:
1) ақша қаражатын қабылдау және банктік днпозиттерді төлеу;
2) өзінің клиенттері үшін инвестициялық компанияларды ұстайтын қорлар;
3) жеке меншік иелері атынан алынатын және олар төлейтін жалдық төлемдер;
4) инвестицияларды тарату және сату;
5) өтеу мерзімі үш айдан аспайтын басқа да қысқа мерзімді займдар.

Ақшасыз есеп айырысудың мынадай негізгі нысандары ұсынылады: төлем
тапсырмалары, чектер, аккредитивтер, төлем талап тапсырмалары, көлік пен
темір жол саласымен есеп айырысу жөніндегі талаптар.
Ақша қаражаты мен есеп айырысу нысандары төлеуші мен алушының
арасындағы шартпен айқындалады.
Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу. Төлем тапсырмалары онда
көрсетілген соманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет
көрсететін банкалушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып
табылады.
Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланкілердегі төлем
тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы
Банктің талап етуі бойынша салынатын салықтың шот-фактуралары және
төлемдердің мақсатын растайтын басқа да құжаттары бірге тапсырылады.
Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде
болады. Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана
орындауға қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық түрінде де, қағаз
ретінде де ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын әрбір банк өздері
дербес анықтайды.
Төлем тапсырмасын толтыру кезінде келесі деректемелері көрсетіледі:
- төлем тапсырмасының нөмірі;
- төлем тапсырмасының жазылған күні;
- жеке теңестірілген немесе теңдестірілген коды;
- жіберуші мен бенефициардың коды және жіберушілердің коды – бұл
кодтар екі символдан тұрады; біріншісі – резиденттік белгісін,
ал екіншісі – экономиканың секторын көрсетеді;
- бенефициар – аудару жасалған ақша кезде қаражатын алушы;
- банк алушы – банк атауы, аударылған ақшада, оның мекн-жайы
көрсетіледі;
- бенефициар банкісі – бенефициардың пайдасына келіп түскен ақша
қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім-шарттың
негізінде;
- жіберушілердің теңестірілген немесе теңдестірілген банктік коды
– филиаларалық айналымдарының коды;
- төлем арналымының коды – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк
нормативтік-құқықтық актісімен белгіленген және соның негізінде
төлемдерді жүзеге асыратын кодтық белгілер, ал ол үш симвлодан
тұрады;
- бюджеттік классификациясының коды – салықтарды кері қайтаруда
қойылатын код;
- валюттелген күні – ақша қаражатын бенефициардың банктік шотына
ақша қаражатын аударған күні төлем жасаушының ынтасымен
анықталады.

Чектермен есеп айырысу. Чек беру төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі болып
табылады, онда төлем чек беруші аттас төлем құжатын ұстаушыға беру жолымен
жасайды. Чек беру өз мәні бойынша чекті ұстаушының ақшалай міндеттемесін
орындау болып табылмайды, бірақ ол соны орындау үшін жазылған болса да.
Чекті чек ұстаушы төлеуге чек жазылған күні қабылдайды және төлеуге
қабылдаған күннің ертеңіне чек ұстаушы арқылы қызмет көрсететін банкке
ұсынылуы тиіс.Чек кітапшасыныан алынған чектің күшінде болу мерзімі,
жазылған күнін есептемегенде, әдетте, 10 күннен аспайды.
Мерзімі өткен чек кітапшалары пайдаланбауына байланысты екті беруші
банкке қайтарылады.

Вексельдер арқылы есеп айырысу. Вексель – біржақты сөзсіз орындалатын
ақша міндеттемесін қамтитын қатаң нысанында белгіленген төлем құжаты.
Вексель: құжат мәтініне енгізілген, құжат қай тілде толтырылса, онда
сол тілде вексель деп жазылған атауды, белгілі бір аша сомасын төлеуге еш
нәрсемен негізделмеген бұйрықты; кімге не кімнің бұйрығы бойынша төлем
жасалатындығын, сол тұлғаның атауын, вексель жасалған күн мен орнын
көрсетеді және онда вексельді бенрген тұлғаның қолы қойылады.

1.2. Жолдағы ақша және құнды қағаздар.

Теңгедей және шетелдік валютамен жүзеге асырылатын жолдағы ақша
аударымдарын есепке алу 411 Жол үстіндегі ақша аударымдары шотында
жүргізіледі.
Бұл шотта куәсіпорынның есеп айырысу немесе басқа шоттарына қосып қою
үшін, банк кассасына байланыс бөлімшелеріне енгізілген, бірақ есеп беру
айының соңына дейін белгіленген мақсатта есепке қосылмаған ақша қаражаттары
көрсетіледі.
Түскен қаржыны 411 шот бойынша есепке алу үшін банк, байланыс
бөлімшесі квитанциялары, банк инкассаторына түскен қаржыны өткізуге
арналған жолдама тізімдемелерінің көшірмесі және т.б. негіз болып табылады.
411 шотын пайдаланудың нәтижесінде кәсіпорынның есеп айырысу
шоттарының жазбаларында тепе-теңдікке қол жеткізіледі.
411 шоты бойынша жасалған операцияларды есепке алу әрбір есеп айырысу
төлем құжаттары бойынша тізімдемелерді немесе
машинограммадажүргізіледі.Бухгалтер ия жол үстіндегі аударылған ақшалардың
бланкілердің есеп айырысу және басқа да шоттарында дер кезінде есепке
алынуына қатаң бақылау жургізуге міндетті.
Құнды қағаздарға – акциялар, облигациялар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік бюджеттің мәні мен мазмұны
Корпорацияның қаржы жағдайы
Қаржылық қүқықтық нормалар және қаржылық қүқықтық қатынастар
Депозиттік операциялар
Кәсіпорын айналым қаражаттарының айналымы
Баланс өтімділігін талдау
Коммерцияық банктер, олардың жіктелуі
Ұлттық Банктің құрылымы және басқару органдары
Бизнестің жол картасы-2020 бағдарламасының кәсіпкерліктің дамуына ықпалын Қазақстан аймақтарының нақты деректері негізінде талдау
Шығарылған капитал
Пәндер