Адыраспан-дәрілік өсімдік



Кіріспе
1 Адыраспан
АДЫРАСПАН.ДӘРІЛІК ӨСІМДІК
Адыраспанның емдік қасиеті
Адыраспан
Адыраспан (Harmal немесе Peganum harmala) — түйетабандар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы, терең тамырлы өсімдік.
Сабы мен гүлінде уы болады. Ерекше күшті сасық иісті, дәрілік өсімдік. Биіктігі 30-80 см аралығында, бірақ көбінде 30 см төңірегінде өседі. Тау беткейлерінде, жол бойында, жазық далаларда көктейді. Жаз-күз мезгілдерінде жемістейді. Қазақстанда оның үш түрі бар. Оңтүстік Еуропа, Батыс және Орталық Азия, Солтүстік Африка мен Мексикада 6 түрі кездеседі. Қазақстанның шөл-шөлейтті, сортаңды жерлерінде, әсіресе Шу, Іле, Сырдария, Сарысу өзендері бойындағы тақырланған жайылымдарда бір түрі – кәдімгі А. (P. harmala) өседі. Сабағы бұтақты, салалы тамыры 10 м тереңдікке дейін кетеді. Гүлі ақ, сары түсті және ол 1 – 3-тен топталып сабақ басында орналасады. Мамыр – шілдеде гүлдейді.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
1 Адыраспан
АДЫРАСПАН-ДӘРІЛІК ӨСІМДІК
Адыраспанның емдік қасиеті

Адыраспан
Адыраспан (Harmal немесе Peganum harmala) -- түйетабандар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы, терең тамырлы өсімдік.
Сабы мен гүлінде уы болады. Ерекше күшті сасық иісті, дәрілік өсімдік. Биіктігі 30-80 см аралығында, бірақ көбінде 30 см төңірегінде өседі. Тау беткейлерінде, жол бойында, жазық далаларда көктейді. Жаз-күз мезгілдерінде жемістейді. Қазақстанда оның үш түрі бар. Оңтүстік Еуропа, Батыс және Орталық Азия, Солтүстік Африка мен Мексикада 6 түрі кездеседі. Қазақстанның шөл-шөлейтті, сортаңды жерлерінде, әсіресе Шу, Іле, Сырдария, Сарысу өзендері бойындағы тақырланған жайылымдарда бір түрі - кәдімгі А. (P. harmala) өседі. Сабағы бұтақты, салалы тамыры 10 м тереңдікке дейін кетеді. Гүлі ақ, сары түсті және ол 1 - 3-тен топталып сабақ басында орналасады. Мамыр - шілдеде гүлдейді. Жемісі - көп тұқымды қауашақ. Тұқымы ұсақ бозғылт не қара түсті болады.
Емдік қасиеті. Дәрілік шикізат ретінде шілде айында бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін жинап алады. Ол - улы өсімдік. Халық емшілері адыраспанды адамның құяңын, сегізкөздің жүйке ауруын емдеуге пайдаланған. Мал-дәрігерлік тәжірибеде оның тұнбасымен малдың қышыма қотырын, түрлі тері ауруларын емдейді. Оның құрамында алкалоидтар бар. Халық медицинасында А-ды буын ауруын емдеуге пайдаланады, қайнатылған суын безгекпен ауырған адамға ішкізеді. Сондай-ақ малдың қотырын да жазады. Адыраспаннан жүн мен жіптерді бояу үшін күрең қызыл бояу алынады. Тұқымы мен көк шөбінен алынған тұнбаны адыраспан шаруашылық зиянкестеріне қарсы күреске пайдаланады. Адыраспан - улы өсімдік (құрамында бірнеше алкалоидтар бар), дәмі ащы, мал жемейді. Жаз, күз мезгілінде тұтас денесін, күз мезгілінде жемісін жинап, кептіріп сақтайды.
Тұмау тиіп ауырғанда, отбасы мүшелерін адыраспанға тұз қоса отырып аластаудың магиялық функциясымен қатар ем дарытатын қасиеті де бар. Сондай-ақ емшілікте адамның буынын сырқыраудан, аяқ-қолын қақсаудан емдеу үшін адыраспанды қайнатып, сол сумен ауырған мүшені үш мәрте булайды. Жел-құздан қозған буын ауруын емдеу үшін адыраспанның жас сабағын қиып алып, жаншып буынға тарту керек. Суықтан болған ауруға, терісі бөрткен кезде адамды адыраспан суына шомылдырған. Құяқмен ауырған адам адыраспанның сабақ, жапырақтарын қайнатып, күніне ұдайы екі жеті қатарынан ішуі керек. Tic қақсап ауырғанда, адыраспанның шөбімен ыстағаннан кейін басылады. Ұмытшақтық меңдетсе адыраспанды сабағы мен жапырағын бірге қайнатып ішеді.
Көшпелілер кесіртке тәрізді жәндіктер жараланғанда адыраспанға аунап жазылатынын байқаған. Малдың қотырын адыраспанды қайнатып жуған. Жүн мен қолөнерде қолдананылатын түрлі жіптерді бояу үшін адыраспанды көп мәрте қайнатып, қызылкүрең түсті бояу алады.
Адыраспан қазақ үшін қасиетті шөп болғандықтан бәле-жаладан сақтайды деп үйдің ішіндегі көрнекілеу жерге - кереге басына іліп қояды. Жаңа үйге кірерде босағаға жын-шайтан мүлдем жоламасын деп, адыраспанмен аластаған. Сонымен қатар, бұл өсімдікті иесіз үйді иесі жоқ кезде жайлап алған беймәлім жын-шайтандардан тазарту үшін адыраспанның бір бұтағын отқа салып тұтатып, аластайтын болған.
Сондай- ақ, ауыл әйелдері бірігіп текемет басқанда, әзірленіп жатқан текемет, киіздің қасына көз тимесін деп адыраспан және қызыл түсті мата төсейді. Өйткені, ондайда текеметке немесе киізге көз тисе, салынған өрнектер қиғаш немесе қисық түседі-мыс.
Адыраспан, адыраспан шыққан жерді, сірә, баспан деп келетін магиялық формула-тіркес адыраспанның дәстүрлі түсінікке сәйкес айырықша қасиетіне байланысты қалыптасса керек. Адыраспанның магиялық киелі қасиетімен бірге, емдік шипалығы да бар. Алайда, адыраспан - улы өсімдік. Қаратау сілемдерінде өсетін адыраспанды ашыққан кезде сиыр мен жылқы жеп, тыныстары тарылып, уланады

АДЫРАСПАН-ДӘРІЛІК ӨСІМДІК
Дәрілік өсімдектермен емдеу тәсілін ерте заманнан бері ата-бабамыз қолданып келе жатыр. Ертеде өмір сүрген Әбу-Насыр әл Фараби, Әбу Әли Ибн Сина, Беруни, Әл- Джуржани орта ғасырларда өмір сүрген шығыс ғалымдары халық медицинасының дамуына, әсіресе дәрілік өсімдіктерді танып, пайдалануына ықпалы зор болды.
Халық медицинасында пацдаланып жүрген шипалы өсімдіктердің бірі- адыраспан. Қазақ халқы адыраспан тіл көзден сақтайды, лас, былғанышты қуады деп, түтінімен үй ішін, ошақ басын аластаған. Емдік қасиеті жағынан адыраспан Орта Азияда ертеден белгілі болған. Адыраспанды кавказ халқы ұйықтататын дәрі ретінде қолданған.
Адыраспанның сипатына келетін болсақ, түйетабандар тұқымдас, тарамдалған бұтағы мол, көпжылдық өсімдік. Шипалы өсімдіктің құрамында гармалин және гармин алколойдтері, ал гүлі мен бұтағында пеганип алколойдтері бар.
Емдік қасиеттері. Емдік мақстта адыраспанның шөбін, Яғни бұтақтарын, жапырақтарын пайдаланады. Халық медицинасында шөбін ревматизм, қышыма, безгек, қотыр және басқа тері ауруларына қолданады. Адыраспанды ирак халқы Уарау Аспанд деп атайды, бұл барлық ауруға ем деген сөз екен.
Ғылымда адыраспан өсімдігін 1928 жылдан бері дәрі- дәрмекке пайдаланып келеді. Қазақ халқы бұл шөптің қайнатпасымен тері ауруларын емдейді.
Емдеу тәсілдері. Қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан емшілік қасиеттері өте көп. Сол емшіліктің бір саласы әр түрлі шипалы шөптермен емдеу болып табылады. Оның шөбін жағып, түтінімен бас ауруын емдейді және жұқпалы ауруы бар науқастың бөлмесін залалсыздандырады.
Адыраспанның ем болатын аурулары:
:: Ревматизм ауруы
:: Ұмытшақ ауруы
:: Тіс ауруы
:: Бастың созылмалы ауруы
:: Тарамыс ауруы
:: Буынның қабынуы
:: Бел, сал ауруы
:: Асқазан ауруы
Сонымен, өсімдік- медициналық препараттардың сарқылмас көзі. Улы деген өсімдіктің өзі пайдалы. Қазіргі заманда адам денсаулығын сақтау жайындағы күрес, бүкіл елдің қасиетті парызы. Өсімдік- тіршілік көзі, өзегі. Дәрілік өсімдіктермен айналысу денсаулықты сақтауға, отбасының қаражатын үнемдеуге, табиғат байлығын қорғауға көмектеседі. Қазіргі уақытта өз өлкемізде өсетін өсімдіктерді дер кезінде жинап, кептіріп, шөп қайнатпаларын дайындасақ жанға шипа, дертке дауа болары сөзс
Қазақстан табиғи жағдайлары әр түрлі болып келетін орманды, далалы, таулы аймақтардан тұрады. Республика аймағында 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады.Соның 500 түрінен дәрілік заттар алынады. Осынша байлықты игерумен бірге дәрілік өсімдіктерді зерттеудің , оны танып білудің маңызы зор.Ерте заманнан бері мал бағумен айналысқан көшпелі қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген. Әбу Насыр-Әл Фараби,Әбу-Әли Ибн-Сина, Беруни,Әл-Джуржани қазақ халық медицинасының дамуына әсіресе дәрілік өсімдіктерді тауып пайдалануына зор ықпал етті. Жер жүзіндегі дәрілердің 40%-ы өсімдіктен дайындалады екен Қазіргі кезде шөппен емдеу фитотерапия, үй жағдайында кеңінен қолдануға мүмкіндік жеткілікті. Ол үшін "дәрісіз ем-домды" дәрілік өсімдіктен іздеуіміз керек. Бұған дәлел халық нақылы " Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады," "Сенің денеңнің қуаты-өсімдіктің шырынында" деп медицинасы ілгері дамыған Қытай елінің дәрігері Шин Нон Шындығында өзіміз табиғат берген байлыққа көңіл аудара бермейміз.
Емдік шөптер-үйіміздің жанында, бау-бақшамызда, жол бойларында кездесетін арам шөптер.Өсімдіктер сарқылмайтын қазына емес, сондықтан оларды орынды пайдаланып, қорғай білудің өмірдік маңызы зор. "Мың теңге тұратын дәрі дәл шарбағыңнын түбінде өсіп, тұр". "Дәріміз ем-домды дәрілік өсімдіктерден іздейік" "Жергілікті жердің өсімдіктеріне мән берсек..."Біздің тұрып жатқан жерімізде дәрілік өсімдіктердің түрлерінің 60% өседі. Оларға мынадай өсімдіктер жатады. Жабайы өсімдіктерден-жолжелкен, қалақай, жусан, жалбызтікен, сексеуіл, дәрілік түймедак, итбүлдірген, бақ-бақ, мия, адыраспан. Мәдени өсімдіктерден-капуста, сұлу сарымсақ, пияз, қарбыз, жүгері т.б. Соның ішіне адыраспан өсімдігіне жеке тоқталсам.Халық емінде адыраспанды әр түрлі ауруларға ем ретінде қолданған. Қазақтар бұл шөптің қайнатпасымен тері ауруларын да емдеген. Мал дәрігерлік саласында адыраспан тұнбасымен ботаның қотырын емдейді. Бір ескеретін жайт мал артық мөлшерде емделсе немесе адыраспанды жеп қойса улануы ықтимал.Адыраспан ертіндісі ауылшаруашылық зиякестерімен күресу үшін қолданылады. Ежелгі бояғыш өсімдік. Тұқымынан қызыл түске бояйтын әсіресе жүннен тоқылған бұйымдарды бояйтын бояу алынады.Туркияда ерте заманнан - ақ адыраспаннан қызыл бояу алып онымен ұлттық бас киімі - фесканы бояған. Ши тоқымасында әлі күнге дейін адыраспаннан жасалған бояуды пайдаланады. Тұқымда 14 - 16 % май бар, оны сабын қайнатуда және лак бояуын дайындауға пайдаланады.Түйе табандар тұқымдасы ежелгі аты - грек тілінде редапоп- рута, араб тілінде өсімдік деген мағынаны береді. Қазақстанда адыраспанның бір - ақ түрі өседі. Ол - кәдімгі адыраспа.
Өсімдікке сипаттама. Көп жылдық, шөптектес түйе табандар тұқымдасына жататын жабайы өсімдік. Сабағы бұтақшалы. Тамыры діңгекті 2-3 м - ге дейін жетеді, жердің су қабатына тік орналасқан.
Сабағының ұзындығы 30-80 см, жалаңаш жасыл түсті. Жапырақтары тілімделген, кезектесіп орналасқан, қысқа сырғалы терең 3-5 бөлікке бөлінген, етті өсімдік.
Гүлі ақ және сары түсті, ірі жалғыз не үш гүлі сабаққа гүл табаны арқылы бекітілген.Тостағаншасы - бес, күлтесі бес бөлімді сары түсті, ұзындығы 1,5 - 2 см аталығы 15. Жемісі қоңыр түсті, құрғақ, диаметрі 6-10 мм шар тәріздес, үш жеміс қалтасынан тұрады. Тұқымының түсі қоңыр немесе сарғыш қоңыр , ұзындығы 3 - 4 мм, .үш ұшты төбешік тәрізді. Мамыр , шілде айында гүлдейді, шілде - тамыз да піседі. Қатты хош исі бар. Топтанып өседі . Жеке ірі бұтақтарында 150 - ге дейін сабақтары болады. Өсімдіктің жер бетіне өсіп өнуі наурыз айының аяғы мен сәуір айында болады.
Бүршіктенуі сәуір айында басталады, мүшелердің шығуы тамыз айында басталып, күзге үсік болғанда аяқталады.
Өсімдікті дайындау. Дәрілік шикізат ретінде өсімдіктің өзі, тұқымы және тамыры пайдаланылады. Өсімдіктің шөбін гүлдеген кезде дайындайды, тамырдан жоғары жерінен кесіп алынады. Кептірер кезде темір шатыр астына көлеңкеге және ауа өтіп тұратын жерге кептіріледі. Сақтау мерзімі 2 жыл.
Қауашағы ашыла бастағанда тұқымын тереді. Төбесі жабық жақсы ауа өтіп тұратындай жерде немесе күн астында кептіреді. Астына мата төсеп , сосын тұқымын шөбі мен қауызынан ажыратады.
Өсімдіктің химиялық құрамы. Адыраспанның тұқымында 3,5 - 6 % алкалойд, 60% гармалин , 30% гармин және аз мөлшерде гармалол , пеганин (вазицин) мен дезоксивазицинон . Шөбінің құрамында 1,5-3% алкалоид, 60%пеганин және вазицинон бар.Және де аз мөлшерде :пеганидин, пегамин, дезоксипеганидин, пеганол табылды.
Көп мөлшерде алкалоидты заттар бар, хиназалин мен индол. Тамырында 1,7 - 3,3 %, сабағында - 0,23- 3,57%, жапырағында- 1,07- 4,96%, гүлінде - 2,82%, жемісінде 1,08%, тұқымында2,38- 4,59%.
Жас өсімдіктің тамырында алкалоидт зат 2 есе көп болады. Өсімдік өскен сайын жер асты бөліміндегі апкалоидты заттың мөлшері азаяды. Алкалоидты затты таза күйінде алу үшін бұл жағдайды ескеру керек.
Тұқымында болғыш зат және 14, 25 % майлы май болады.
Сақталу жолы: шикізатты салмағы 20 кг- нан аспайтын қапқа салады. Сақтау мерзімі 2 жыл.
Өсімдіктің фармакологиялық құрамы. Адыраспан дәрісі ( препарат) қабыну ауруын басатын, зәр айдайтын, тер шығаратын, ішек құрттарын өлтіру үшін, орталық жүйке жүйесін қоздыру үшін қолданылады. Гармин және пеганин алкалоидын паркинсонизм, сал, қояншық ауруларын емдеу үшін қолданады. Гармин мен пеганиннің әсері қан қысымын көтереді, тыныс алуды жиілетеді, асқазанның, жүректің жұмысын баяулатады. Гармин препаратын көп мөлшерде қабылдаса безгек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адыраспан – дәрілік өсімдік туралы ақпарат
Улы өсімдіктер
Дәрілік өсімдіктер туралы ақпарат
Адыраспан
Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Емдік өсімдік түрлері
Псаммофитті өсімдіктер және олардың биологиялық екрешеліктері
Павлодар өңірінде кездесетін дәрілік өсімдіктер
Қазақстанның дәрілік өсімдіктердің таралуы
Дәрілік өсімдіктердің биологиясы
Пәндер