Ақмола облысының су ресурстары


Ақмола облысының су ресурстары
1 Өзендер.
Ақмола облысы әкімшілігінің 2004 жылғы қыркүйектің 9 жұлды-зында «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 тамыздағы кеңейтілген мәжілісі хаттамасының жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспары туралы» қаулысы Ақмола облысы жөнінде де актуалды болып саналады.
Басты мақсаттары мен міндеттері: аймақтың ауа бассейнін, су және жер ресурстарын, флора мен фаунасын барынша қорғауды қамтамасыз ету; экологиялық ағарту, насихат, білім мен тәрбие беру, кадрлар даярлау; экологиялық ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Облыста 7 ірі өзен, 140 көл бар. Ең ірі өзендері Есіл, Жабай, Сілеті, Нұра, Шағалалы, Қылшақты, Терісаққан. Режимдері бойынша өзендер қармен көректенетін жазықтықты типке жатады. Өзендер сәуірдің орта кезінде таси бастайды. Тасқындағы су лай иіссіз болады. Қыстың аязды күндерінде өзендер түбіне дейін қатып, су ағыны уақытша тоқтатылады. Соңғы жылдары өзен суларының оның ішінде Есіл суының ластануы азайғандай алайда кейбір тұстарында ластану деңгейі нормадағыдан жоғары.
Басты су көзі Есіл өзені болып табылады. Жергілікті халық суды шаруашылық мақсаттарды қолданады. Өзеннің жоғарғы ағысында Вячеслав суқоймасы орналасқан. Вячеслав суқоймасына дейін өзен суының құрамында сульфаттар (1, 15-3, 5 ПДК), хлоридтер (1, 2 ПДК), жалпы темір (6, 7 ПДК), мыс ( 3 ПДК), фенолдар мен мұнай өнімдері (1-2 ПДК) болған. Соңғы жылдары бұл өзеннің ластануы біршама азаяды. Ал көлдердің тайыздалып, ластануы тоқталмай отыр. Өзендер мен көлдердің ластануына кір ағанды сулардың үздіксіз құйылуының, жағалауларына орналасқан нысандардың қоқыс тастауының да әсері мол.
Жалпы Есіл өзені облыстың басты су торабы болып келеді. Халық оның суын ауыз су ретінде, ауыл шаруашылықта да қолданылады. Өзеннің жоғары ағысындағы Вечеслав су қоймасы орналасқан. Су жиналу облыстық аумақта 84300 км 2 . Есілдің жылдық көлемі 90% облыстан тыс жерлерге қамтамасыз етеді. 129967 мың м 3 /жыл нәтижесінде судың сапасы нашарлап, балдырлардың өсуі артты.
Өзен суларын негізгі ластаушылар жергілікті елді мекендер мен өндірістік кәсіпорындар болып табылады. Адамның шаруашылық іс-әрекетінің, суды тиімсіз пайдалануының, органикалық заттар, тұрмыстық қоқыстармен ластаудың да әсерінен өзен суларының жағдайы нашарлайды.
Облысты өндірістік - шаруашылықтық және ауыз сумен қамтамасыз ететін бүгінгі таңдағы негізгі ашық су көздері Есіл, Сілеті және Шағалалы сияқты арналы өзендер болып табылады. Есіл өзенінің ағынды суын пайдалануға кепілдік беруді Астанадағы су қоймасы реттеп отырады. Сілеті өзенінің суын Сілеті суқоймасы, Шағалалы өзенінің суын Шағалалы суқоймасы реттейді. Бұл су қоймаларының жалпы сыйымдылығы 669 миллион текше метр. Қойма суларының сапасы да өзен суларына жақын.
Ақмола облысымыздағы су көздерінің соңғы жылдардағы жағдайының жайсыз халде екендігі баршаға мәлім. Ақмола облысының оңтүстігінде орналасқан екінші ірі өзен - Нұра өзені. Суының нитратпен, сульфатпен, темірмен, мыспен, фенолмен, мұнай өнімдерімен және сынаппен ластануы жоғарырақ.
Есіл, Нұра, Шағалалы, өзендерінің жалпы ластаушылары -ол осы жердегі тұратын халықтардың, лас, кір сулары және ағынды сулары минералды-органикалық тыңайтқыштар жаңбыр сумен немесе қар еріген суларымен өзен, көлдерге түседі. Химиялық зерттеулердің нәтижесінде өзендерде құрамында азот бар заттар кездеседі. Аммиак, нитрат - таза суда кездеспейді.
Облыстың солтүстік бөлігінде Шағалалы өзені орналасқан. Өзен Көкшетау қаласының негізгі су көзі болып табылады. Облыс территориясы бойынша ұзындығы 144 километр, ағынның жылдық орташа мөлшері 40770 мың куб метр. Судың жалпы қорын қала тұрғындары пайдалануда. Қалған өзендердің ұзындықтары кішігірім, кейбіреулері жаздың ыстық айларында кеуіп те қалады.
- Көлдер
Ірі көлдер саны 140, өзгесі шағын көлшіктер. Ең ірі көл - Теңіз. Оның су айдынының көлемі 1590 шаршы км. Одан кейінгі аумақтысы Қорғалжын көлі. Су айдынының көлемі - 330 шаршы километр. Көптеген көлдері-міздің тереңдігі орташа есеппен 1-1, 5 метрге ғана жетеді. Көл шұңғыма-лары түбінің рельефі тегіс болғандықтан, жаз уақытында көлдің ауданы кенет кішірейеді.
Көлемі жағынан шағын су алу облысымыздың 7 көлдерінде Астрахань, Атбасар, Есіл, Жақсы және Қорғалжын аудандарының 9 шағын елді мекендерінің шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктердің минималды сұранысын қанағаттандыру үшін жүргізіледі. Бурабайдағы Үлкен Шабақты, Шортан және Зеренді көлдерінің ластану деңгейлері бір-бірімен шамалас, ластану индексі 3 санатты.
Ал Кіші Шабақты мен Көкшетау түбіндегі Қопа көлдерінің табанда-рында қорыс та көп, негізінен бұлар лас көлдер қатарына жатады. Екеуінің ластану индексі 5 санатты. Тұзды Майбалық көлінің ластану да нормадан көп жоғары, 6 санатты ластану индексіне жатады.
Қотыркөл көлдерінің тағдыры да алаңдатпай қоймайды. Қорыс -батпақтың қалыңдығы 1, 5-2 метрге дейін жетіп қалған. Аулиекөл, Айнакөл, Шабақкөл сияқты өзендердің жағдайы жыл сайын нашарлап барады. Сопропель түзілуінің нәтижесінде сулардың температуралық режимі өзгеріп, судың жалпы минерализациясына әкеліп соқты. Су деңгейінің төмендеуі байқалады: Аулиекөл-0, 025 м\жылда, Шабақкөл-0, 13 м\жылда, Айнакөл-0, 22 м/жылда, Шортанкөл-0, 16 м/жылда. XIX ғасырдың басында Сарыбұлақ көлі Аулиекөл көлінен 12 километр қашықтықта орналасқан Қотыркөл көлінен ағатын, қазіргі уақытта өзен Қотыркөлмен байланысын жоғалтып, атмосфералық шықтар мен жер асты суларымен тіршілігін сақтайды.
Көлдердің су балансының бұзылуы суларды шексіз коммуналдық шаруашылыққа пайдалануынан болды. Аталған әрекеттердің нәтижесінде теріс су балансы қалыптасты.
Табиғи комплексті табиғи түрінде сақтау мақсатымен шаралар жүйесі құрылды. Шаралардың арасына сопропель түзілістерімен тазарту және деңгейлік режимін сақтау шаралар кірді. Есептеу бойынша аталған шаралар Шортанкөлмен Айнакөлдің деңгейлерін қалпына келтіреді, бірақ Шортанкөл көлінің жағдайы қайталанбайтын процесске ұшыраған.
Қопа көлі Көкшетау қаласының солтүстік батысында орналасқан. Су жинау алабының жалпы ауданы - 3860 шаршы километр. Оңтүстік- батыстан Шағалы өзені, оңтүстік шығыстан Қылшақты өзені ағады. Шағалалы өзені оңтүстік батыстан құйып, солтүстігінен ағып шығады. 1955 жылы көлдегі су көлемі 39, 2 миллион куб метрді құрады, су айдынының ауданы - 13, 6 шаршы километр болды. 1955 жылдан 1990 жылға дейін көлдің көлемі 13 миллион куб метрге дейін азайды. Ал қазіргі уақытта көл суының көлемі 26 миллион куб метрді құрайды. Көлдің экологиялық жағдайы қала тұрғындарын алаңдатқалы қай заман. Қопа көлін ең алғаш зерттеп жазған монография 1959 жылы «Тың аймағындағы жер үсті су қоймалары» деген атпен жариялаған. Қопаның сол кездегі ахуалы мен бүгінгі таңдағы жағдайын салыстырсақ, көп айырмашылық бар екен. Ең бастысы, көл суының аумағы тарылған, тығызданған, судың сапасы кеміген.
Қопа көлінің айдынын толтыратын көздер - атмосфералық жаңбыр, қар сулары. Әр көлдің осындай ағын су жиналатын аумағы болады. Қопа көліне ағын су құятын аумақтың көлемі 1959 жылғы деректер бойынша 3869 км 2 . Ол аумақтың 80 пайызы Қопа көліне келіп құйылатын Шағалалы өзені мен Қылшақты өзеннің су жинайтын бассейіне жатады. Ал міне, осы ағынды су жиналатын аумақтың тарылуына байланысты көлдің деңгейі төмендеген. 1959 жылғы деректер бойынша Қопа көлінің айдыны - 300-470 млн км 3 , орташа тереңдігі 2, 3-3, 4 км. Ал бүгінгі таңдағы көрініс басқаша: 1994 жылы көлдің көлемі 30 млн текше метрден - 19, 4 млн текше метрге түсті. Орташа тереңдігі - 3, 2 метрден 1, 9-2, 0 метрге ауысқан. Бірақ көлдің тайыздануына қарамай оның көлемі 13, 6 м 2 , ұзындығы мен ені сол күйінде қалған.
Қопа көліне жақын орналасқан Қызыл Жар ауылының шаруашы-лықтары да көл экожүйесіне залалын тигізуде. Егіс алқаптарына себілген улы тыңайтқыштар еріген қар және жаңбыр суларымен шайылып көлге құйылуда. Көлдің шығыс жағына құятын Қылшақты өзенінің экологиялық жағдайы өте нашар. Бұл өзеннің бойындағы су террассаларының көлемі күрт азайғаны байқалады. Тұжырымымызға өзен жиектеріндегі террасса қабаттарының шайылу іздері дәлел бола алады. Өзен аңғарында қоқыс тасталмаған бірде-бір сау жер жоқ. Тасталған қоқыстардың көптігі сонша, олар өзен гидросфера қабатының жасанды түрде қатпарлануына тікелей әсер еткен. Қатпарлану үрдісі қамыс - құрақ пен балдырлардың шектен тыс өсіп, көбейіп кетуіне жол берген.
Көл суының әр түрлі органикалық заттармен, азот қалдықтарымен ластануын шектеуде биологиялық биосүзгіш қызметін орындайтын қосжақтаулы моллюскалардың өкілдерін жерсіндірсек, осы мәселелерді шешуге көп септігін тигізеді. Қылшақты өзеніндегі қамыстың көбеюіне қарсы техникалық әдіс қолдануға, яғни ору арқылы жүзеге асыруға болады. Өсімдікпен көректенетін балықтардың ересек дараларын ғана жіберу керек. Осындай іс шараларды ихтиолог, гидробиолог мамандардың қатысуымен жүргізу керек.
Қопа көлінің ауыр жағдайы әрбір көкшетаулық азаматтың намысын оятып, оның бойында экологиялық сана мен мәдениет негіздерінің қалыптасуына түрткі болуы керек деп санаймын. Сондықтан аталмыш мәселелерді әрбір адам өзінің жан-дүниесінен саналы тұрғыда өткізуі үшін экологиялық біліммен қарулануы керек.
Қотыркөл көлінің тағдыры да алаңдатпай қоймайды. Екеуінде де қорыс - батпақтың қалыңдығы 1, 5-2 метрге жетіп қалған. Қопаның жағдайы жыл сайын нашарлап барады. Көлді тазарту жобасына облыстық бюджеттен қаржы бөлінуі қажетті-ақ.
Шучье көлі жалпы су жиналу ауданы 64, 4 км 2 судың құрамы гидрокарбонатты-кальцийлі минерализациясы - 250 мл, судың қаттылығы 2, 0-2, 5 мг/экв, ластану индексі - қалыпты ластанған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz