Жас ерекшеліктері туралы ұғым



1 педагогика және психология ғылымдары балалар мен жеткіншектердің дамуындағы факторлық рөлі
2 жас кезеңдерінің ерекшелігі
3 Төменгі сынып оқушысын дамыту және тәрбиелеудің ерекшелігі
4 Жеткіншек балаларды дамыту және тәрбиелеу ерекшелігі
5 Қорытынды
Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі шираңтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Балалардың өсіп-жетілуінің бір сатысынан екіншісіне көшуі кездейсоқ емес. Әр жастағы кезеңге тән психологиялық ерекшеліктердің үштасуын жиі байқауға болады.
Сана-сезімнің, дене күш-қуаттарының дамуы адамдардық жас ерекшеліктеріне байланысты. Баланың жасы өскен сайын бойлары өсіп, денелері тұлғаланып, ақыл-саналары дамып, білімдері тереңдей бастайды. Балалардың жас ерекшелігін есепке алу, Оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі. Қоғамда атқаратын рөлі, белгілі құқығы бар адамды жеке адам деп түсінеміз. Ал, қалыптасу дегеніміз — адамның жеке басының дамуы мен тәрбиесінің нәтижесінде жетілуі, саналы өмір сүруге дайын болуы.
Жас ұрпақты қоғамдық өмірге және еңбекке араласуға дайындау міндетін іске асыруда, баланың жеке басын қалыптастыруға әсер ететін тәрбие, қоғамдық, әлеуметтік орта және тұқым қуалаушылық. перзент сүю — ата-ананың бақыты, олардың қоғам алдындағы табиғи борышы. Ұрпақ жалғастыру — бүкіл тіршілік дүниесінің эволюциялық жемісі. Адам табиғат-тан тыс өмір сүрмейді, олай болса, оның табиғи зақына орай дүниеге ұрпақ әкеледі. Адам өзінің баға жетпес ұрпағы үшін бар жағдайды жасайды.
Тәрбие ісінде балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп отыру қажеттігін педагогика ғылымы ерте кезде-ақ көрсеткен еді. Ал белгілі педагогтер Я.Коменский, Ж.Руссо тәрбие беру кезінде бала табиғатын, оның қабылдау, ойлау ерекшеліктерін еске алып отыруға үндеген болатын.
Қазіргі педагогика және психология ғылымдары балалар мен жеткіншектердің дамуындағы биологиялың фактордық рөлін айрықша көрсетеді. Педагогика ғылымы жас ерекшеліктерін анықтауға баланың дамуын үнемі қозғалыс үрдісі ретінде қарастыра отырып, бұл қозғалыстан сан жағынан жинақталу, сапа жағынан елеулі өзгерістер болатынын алға тартады. Мәселеге бұлайша қарау балалардың дене және психикалық дамуының бірқатар кезеңдерін белгілеуге мүмкіндік береді. Осының негізінде мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдердің өсіп-жетілуін мынадай кезеңдерге бөлу қабылданды:
1) төменгі сынып шағындағы кезең (7 жастан 11 жасқа дейін);
2) негізгі мектеп шағындағы жеткіншектік кезең (12 жастан 15 жасқа дейін);
3) орта мектеп шағындағы жасөспірімдік кезең (15 жастан 18 жасқа дейін).
Соңғы жылдары симпозиумда қабылданған жас кезеңдерінің сызбасына жаңа туған баладан бастап жасөспірімдік шаққа дейінгі өзгерістер кіреді. Олардың сатылары:
1. Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін)
2. Нерестелік шақ (бір-екі айдан бір жылға дейін);
3. Ерте сәбилік шақ (бір жастан үш жасқа дейін);
4. Мектепке дейінгі балалық шақ (төрт жастан 7 жасқа дейін);
5. Бастауыш мектеп жасы (7 жастан 11,12 жасқа дейін);
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. А.С.Макаренко. Тәрбие туралы лекциялары. — Алматы, 1968.
2. В.А. Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы. — Алматы, 1976.
3. Обухова Л.Ф Возрастная психология. — М., 1999.
4. Райс Ф. Психология подросткового и юнешеского возраста. — СПб., 2000.
5. Караковский В.А. О подростках. — М.: Педагогика, 1970.
6. Божович Е.И. Личность и ее формирование в детском воз-расте.-М.,1968.
7. А.Г.Хрипкова, Д.В.Колесов. «Жаманнан жирен», «Зиянды әдебиеттер және одан алдын ала сақтандыру туралы». — Алматы: Мектеп, 1988.
8. Ильин Е.Н. Пугь к ученику. — Москва: Просвещение, 1988.
9. Дубровский А.А. Открытое письмо врача учителю. — М.: Просвещение, 1988.
10. Фридман Е.М. Изучение личности учащегося и ученических коллективов. -М.: Просвещение, 1985.
11. Т.Сабыров. Балаларға ақыл-ой тәрбиесін берудің кейбір мәселелері. — Алматы, 1977.
12. Ө.А.Уманов, В.А.Парфенов. Бала бақыты. — Алматы, 1979.
13. Никитин Б.А., Никитина А.П.. Мы и наши дети. — М.: Московский рабочий, 1988.
14. А.Г. Хрипкова. Үл есейсе, қыз өссе. — Алматы, 1988.
15. Хрипкова А.Г. Биологическое и социальное в развитии, формировании и воспитании человека. Библиотека «Актуальные проблемы педагогики и психологии». — М.: Знание, 1970. Вып.2.
16. ХарламовИ.П. Педагогика. — М.,1990.
Р. Қоянбаев. Тәрбиетеориясы. — Алматы, 1991

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі шираңтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Балалардың өсіп-жетілуінің бір сатысынан екіншісіне көшуі кездейсоқ емес. Әр жастағы кезеңге тән психологиялық ерекшеліктердің үштасуын жиі байқауға болады.
Сана-сезімнің, дене күш-қуаттарының дамуы адамдардық жас ерекшеліктеріне байланысты. Баланың жасы өскен сайын бойлары өсіп, денелері тұлғаланып, ақыл-саналары дамып, білімдері тереңдей бастайды. Балалардың жас ерекшелігін есепке алу, Оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі. Қоғамда атқаратын рөлі, белгілі құқығы бар адамды жеке адам деп түсінеміз. Ал, қалыптасу дегеніміз -- адамның жеке басының дамуы мен тәрбиесінің нәтижесінде жетілуі, саналы өмір сүруге дайын болуы.
Жас ұрпақты қоғамдық өмірге және еңбекке араласуға дайындау міндетін іске асыруда, баланың жеке басын қалыптастыруға әсер ететін тәрбие, қоғамдық, әлеуметтік орта және тұқым қуалаушылық. перзент сүю -- ата-ананың бақыты, олардың қоғам алдындағы табиғи борышы. Ұрпақ жалғастыру -- бүкіл тіршілік дүниесінің эволюциялық жемісі. Адам табиғат-тан тыс өмір сүрмейді, олай болса, оның табиғи зақына орай дүниеге ұрпақ әкеледі. Адам өзінің баға жетпес ұрпағы үшін бар жағдайды жасайды.
Тәрбие ісінде балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп отыру қажеттігін педагогика ғылымы ерте кезде-ақ көрсеткен еді. Ал белгілі педагогтер Я.Коменский, Ж.Руссо тәрбие беру кезінде бала табиғатын, оның қабылдау, ойлау ерекшеліктерін еске алып отыруға үндеген болатын.
Қазіргі педагогика және психология ғылымдары балалар мен жеткіншектердің дамуындағы биологиялың фактордық рөлін айрықша көрсетеді. Педагогика ғылымы жас ерекшеліктерін анықтауға баланың дамуын үнемі қозғалыс үрдісі ретінде қарастыра отырып, бұл қозғалыстан сан жағынан жинақталу, сапа жағынан елеулі өзгерістер болатынын алға тартады. Мәселеге бұлайша қарау балалардың дене және психикалық дамуының бірқатар кезеңдерін белгілеуге мүмкіндік береді. Осының негізінде мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдердің өсіп-жетілуін мынадай кезеңдерге бөлу қабылданды:
1) төменгі сынып шағындағы кезең (7 жастан 11 жасқа дейін);
2) негізгі мектеп шағындағы жеткіншектік кезең (12 жастан 15 жасқа дейін);
3) орта мектеп шағындағы жасөспірімдік кезең (15 жастан 18 жасқа дейін).
Соңғы жылдары симпозиумда қабылданған жас кезеңдерінің сызбасына жаңа туған баладан бастап жасөспірімдік шаққа дейінгі өзгерістер кіреді. Олардың сатылары:
1. Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін)
2. Нерестелік шақ (бір-екі айдан бір жылға дейін);
3. Ерте сәбилік шақ (бір жастан үш жасқа дейін);
4. Мектепке дейінгі балалық шақ (төрт жастан 7 жасқа дейін);
5. Бастауыш мектеп жасы (7 жастан 11,12 жасқа дейін);
6. Жеткіншек шақ (11, 12 жастан, 14, 15 жасқа дейін);
7. Жасөспірім шақ (14,5 жарым жастан, 17 жасқа дейін)
Тәрбие мен оқыту осы жас сатыларына сәйкес жүргізілуі керек. Өйткені, адам жасының табиғи негізі -- жас сатылары немесе биологиялық жетілу сатылары.
Әрбір жас шағы психикалық дамудық ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығын құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Осыған байланысты әрбір педагог-маман орта мектеп оқушыларының жас кезеңдеріндегі ерекшеліктерге сергек те сезімтал көзқараспен қарап, олардың жан дүниесін түсіне білуі шарт.
Мектепке дейінгі балалық шақта, жас баланың 4 пен 7 жасының аралығындағы өзіне тән ерекшеліктері, оның айналасындағы болып жатқан құбылыстарды жіті аңғарып, көргені мен сезінгендерін зердесіне хаттай жазып ала қоятын зеректігін ала бөтен ескерген жөн. Әрдайым қозғалыс үстінде жетіле дамыған балалардың денесі мен салмағы да бір қалыпты мөлшерді сақтап өсіп отырады.
4-5 жасар балалардың салыстырмалы ойлай алатын қабілеттері ерекшелене түседі. Санамақтарды әжептәуір игеріп, аз және көп сандарды, айдық, күн, жыл мезгілдерін айыра алатын халге жетеді. Бұл жастағылардың ойыны, әрбір әрекеттері мазмұнға айналып, белгілі бір мақсаттарды орындауға ұмтылыс жасайды. Бұл жастағы балалар топ-топ болып, өзара бірігіп ойнағанды жақсы көреді. Балабақшаларының өмірге қанат қақтырар жеткіншектері -- 6 жастан өтіп 7-ге толған балалар екені әркімге де аян. Баланың мектепке 7 жасында баруы -- негізінен биологиялық және физиологиялық заңдылықтарды басшылыққа алудан деп түсінген жөн. Дендері сау боп дүниеге келген балалар, қашан да алғыр да зерек үғымталдығышпен ерекшеленеді. Олар айналасындағы құбылыстарды тез байқап қабылдауға да бейімді. Жете түсінген құбылыстарын өмір бойы ұмытпайтындықтары да белгілі
Төменгі сынып оқушысын дамыту және тәрбиелеудің ерекшелігі Бастауыш мектеп жасындағы баланың психологиялық ерекшіліктері баланың бұрынғы дамуында жинақталып, оны өз кезегімен дамудық келесі сатысына көшуге дайындап отырады. Бастауыш мектеп мұғалімі сынып оқушыларының ерекшеліктерін зерттей отырып, сол ерекшеліктерді мектепке дейінгі шағында қалыптасқан ерекшеліктерден бөлек алып қарай алмайды.
Мектептегі оқыту оның бүкіл өміріне түбегейлі, сапалы өзгерістер енгізеді. Алаңсыз балалық шақ аяқталып, баланың өмірінің іс-әрекеттің жаңа түрі -- оқу енеді. Оқу міндетті іс болып табылғандықтан, ол баладан белгілі бір жауапкершілікпен еңбек етуді талап етеді. Мектепке бару баланың қоғамдағы және отбасындағы жағдайын өзгертіп, оған бірқатар жаңа міндеттер жүктейді. Осының бәрі баланың қоғамдағы жағдайын өзгертіп, бұл өзгерісті ол біртіндеп сезінеді. Төменгі сынып оқушылары біртіндеп оқу ісіне, мектептің сан-салалы өміріне бауыр басып, өздерінің түсініктерін кеңейтіп, сөздік қорын молайып, оқуға, жазуға , санауға үйренеді. Оқытудық алғашқы сатысында олардың өмірлік тәжірибелері молая түседі. Бірлесіп оқу, жалпы оқу тапсырмаларын шешу, мінез-құлықтың жаңа ережелері мен нормаларын игеру балалар арасында қарым-қатынастардың қалыптасуына жағдай туғызады. Төменгі сынып оқушыларының ойлауын дамытуда екі негізгі саты байқалады. Бірінші сатыда ойлау әрекеті мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын еске түсіреді. Екінші сатыда оқушылар заттар мен жағдайларды сыртқы белгісі бойынша бағалайды. Есейе келе ойлау сипаттары өзгереді. Оқушылар білуге әуесқой болғандықтан, олардың табиғат құбылыстары, адамдардық өмірі туралы сұрақтары көбейеді. Шығармашылық ойындар баланың ақыл-ойын дамытады.
Сезімдік көңіл-күйінің көтеріңкілігі -- олардың маңызды бір ерекшелігі. Оқушылар ересек адамдармен, өзінің құрдастарымен қарым-қатынаста болғанды жақсы көреді.
Бұл жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті -- оқу. Бастауыш сынып оқушылары ұзақ уақыт бір қалыпты отыра алмайтындықтан, сабақта жазу мен оқуды алмастырып, сергіту сәттерін өткізіп, сыныптың ауасын тазартып, үзіліс кезінде мектеп ауласында ойындар ұйымдастыру керек.
Мұғалім оқыту процесін жеке бөліктерге бөліп, оқушыларға жеңіл тапсырмалар беріп, оларды бірте-бірте күрделендіріп отырады. Оқыту процесі зейін мәдениетін тәрбиелеуге бағытталуы керек. Оқуға және қоғамдық жұмыстарға байланысты талаптарды жүйелі қойып, оның орындалуын бақылау, өздік жұмыстарды орындату, іс-әрекетті түрлендіру, ойындарды қолдану, балалардың еңбегін жеңілдетіп, балаға тапсырма орындаудық қажет екендігін түсіндіру арқылы, мұғалім оқушының оқуға деген жауапкершілігін тәрбиелейді.
Бала форма, бояу, дыбыс арқылы ойлайды, сондықтан көрнекілік әдістері мен ойындарды жиі қолдану пайдалы. Мектептегі, үйдегі еңбек, дене жаттығулары, ойындар баланың есте сақтау қабілетін дамытады.
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу мүмкіндіктерін зерттеп, оларды күрделі бағдарлама, оқулықтармен оқыту өте маңызды іскерлік, атап айтсақ, өз ойын ауызша, жазбаша түрде беруге үйретеді.
Бұл жастағы балалармен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін мына ерекшелікті ескеру керек: сөз бен істің сәйкесті болуын талап ету, жөнсіз кінәлаудан жеркену сезімінің болуы, үлкен адамдардың жіберген қателігін тез байқау, арманшыл-қиялшыл, ұйымшыл, сенімді серік іздеу, өз мүмкіндіктерін асыра бағалау, түрлі спорт ойындарына ықыласты болу. Осы ерекшеліктерді оқу тәрбие жұмысында сынып жетекшілері, мұғалімдер, ата-аналар ескеруі қажет.
Адамгершілік тәрбиесінде баланың көнгіштігін, сенгіштігін, еліктеуге бейімділігін пайдаланып, қателігін мойындауға үйретуге болады. Мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасы, жайдары ізгі қатынасқа көшуі, баланың өзін тануына көмектесуі адамгершілік сезімін тәрбиелейді. Ерекше көңіл аударатын мәселе -- баланың мінез-құлқының көпшіл де кең пейілді болуы.
Бұл жастағы балалар үшін еңбектің тәрбиелік мәні зор. Балаларды бірте-бірте еңбекке баулу отбасында, ұжымда жүргізіледі. Ұзақ уақыттың дене еңбегіне, күш түсетін жұмыстарға әлі қабілетсіз болатындығын ескеру керек. Еңбек іс-әрекетімен жүйелі айналысу, оны бірте-бірте күрделендіру, өндіріс орындарына экскурсияға апару, мамандықтармен таныстыру тұлғаның әлеуметтік құнды сапаларын қалыптастыруға көмектеседі. Төменгі сыныпта өзіне-өзі қызмет етудің әдеттері мен дағдылары қалыптасады. Үлкендердің еңбегін құрметтейді, адам өміріндегі еңбектің рөлін түсініп, дене еңбегіне даяр болады, дүние туралы ұғымдар қоры, қажетті іс-әрекет икемділігі дамиды.
Мектептің ең негізгі міндеті -- балаға білім атаулының әліппесін үйретумен қоса, оның өмірдегі өз орынын табуына көмектесу. Жеке тұлғаны қалыптастыруда ең бастысы -- ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене тәрбиесін өзара байланыста кешенді жүргізу.

Жеткіншек балаларды дамыту және тәрбиелеу ерекшелігі.
Жыныстық толысу тез жүреді:
- қыздарда -- 11-13 жас;
- ер балаларда -- 13-15 жас.
Қанқа сүйегі мен бұлшық етінің жедел жетілуіне байланысты моторлық аппараттың қайта құрылуы мінез-құлқының өзгеруіне әкеліп соғады, сондыктан дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру керек
Жеткіншек шақ. Жеткіншектік кезеңнің шектері шамамен орта мектептің V-VIII сыныбына сәйкес келеді де, 11-12 жастан 14-15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны оның өтпелі, бетбұрыс, қиын, сыналатын кезең деген атауларында бейнеленген. Бұл -- ең тынымсыз, ең қиын, ең қызба жас. Жеткіншектің жеке басы дамуының аса маңызды факторы -оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі, ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен, жолдастарымен қарым-қатынас орнатуға бағытталады. Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы адамның жеке басының моральдық, әлеуметтік негіздерін қолданып, қалыптасуының жалпы бағытының белгіленуі. Бұл кезеңдегі дамудағы биологиялық және әлеуметтік жағдайлардың рөлі туралы теориялық талас жарты ғасырдан астам уақыттан бері болып келеді.
Жеткіншектер дамуындағы ерекшеліктер әр түрлі теорияларға негіз болды. Жеткіншектік шақтың басында балалардың сырт пішіні, мінез-құлқы ересектерге ұқсамайды. Олар көп ойнап, көп жүгіреді, алысып-жұлысып тентектіктер жасайды, әлі де бала бола жүріп, елеусіз есейеді. Жеткіншектің жеке басындағы басты жаңа құрылым өзі туралы енді бала емеспін, ересекпін -- деген түсініктің пайда болып, өзіне жұрттың осы-лай деп қарауын тілейді.
Мектеп пен оқу жеткіншектердің өмірінде үлкен орын алады. Оқу қызметіндегі ол қылықтардың сырттай көріну дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін. Жеткіншектер білімді, әділ, мейірімді, сабақтағы жұмысты ұйымдастыра білетін мұғалімдерді бағалайды. Мұғалім міндеті -- оқу материалдарын қайталау арқылы мағынаны есте сақтауға үйрету болып табылады.
Жеткіншектік шақ -- болашақ туралы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы
“Мектеп педагогикасы” пәні бойынша типтік бағдарлама
Баланың ақыл ойының дамуы
Педагогика пәні бойынша бағдарлама
Кіші топтағы балалардың математикалық түсініктерін қалыптастыру
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда кездесетін қиындықтарды шешу жолдары
Балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің тарихы
Бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын қалыптастыру
Математикалық ұғымдар туралы
Психикалық жас ерекшеліктеріне сәйкес жас кезеңдері
Пәндер