Өнеге от басынан басталады



Жоспары:
І.Кіріспе
Тәрбие отбасынан басталады
ІІ. Негізгі бөлім
Тәрбие басы тал бесік
Жас ұрпаққа дұрыс бағыт беру . тәрбие арқылы
Ұлылар сөзі
Денсаулық . зор байлық
Ұрпақ тағдыры
ІІІ. Қорытынды
Адамгершілік бастауы
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп,қалыптасады.Отанға деген ыстық сезім – жақындарына,туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.
Н. Назарбаев
Тәрбие – отбасынан басталады. Отбасы – адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын – тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі. Ата-аналардың балалары алдында олардың денсаулығының дұрыс жетіліп өсуін қамтамасыз ету, тәрбие беру, білім беру, үй болып, аяққа тұрып ел қатарына қосылып кетуін қамтамасыз ету сияқты міндеттерін орындауы., ал балалары алдында ата-анасын қамқорлыққа алып, сүйеніш болуы секілді міндеттері ұштасып жатады.
Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналар алдына үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр. Бүгінгі тәрбие берудің негізгі міндеттерінің өзі «ең алдымен дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» деп көрсетілген Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында. Отбасы тәрбиесінің негізгі мәні отбасындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады. Балалар ата-анасының еңбектегі ісіне көңіл бөліп, оны түсінуге тырысады. Ата-аналар да балаларының күн сайынғы әрекеттерін қадағалап жағдайларын біліп отырады. Отбасының берік негізі міне, осы рухани мүдденің бірлігінде. Оның біртұтас ынтымақта болуы, береке бірлігі ең алдымен ата-ана мүддесінің мәні мен мағынасында, әке мен шешенің бір-біріне, балаларына, олардың достары мен жолдастарына деген қарым-қатынасына байланысты болады. Босағасы берік отбасында әрбір адам өзара қамқорлық пен татулыққа, үй іші жұмыстарын жұмыла кірісіп орындауға, жақсы мен жаман туралы пікірлерін ортаға салып ұштастыруға, қаражатты дұрыс бөліп тұтынуға, еңбекпен табылған ақша құнын бағалап, қадірлеуге үйренеді. Отбасындағы тіршіліктің дұрыс ұйымдастырылуы балалардың еңбекқор болуы, әр нәрсеге жоғары жауапкершілік сезіммен қарау, адамды құрметтеу сияқты адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Баланың адамдармен қарым-қатынас жасауы, қоғамға енуі отбасынан басталады. Сондай-ақ, отбасының баланың дамуы мен қалыптасуы процесіндегі ролі де ерекше. Отбасында тұрмыстың белгілі жағдайлары жасалады, мәдени орта қалыптасады, сезімдік күйлер орнығады.
«Тәрбие басы – тал бесік» деп қазақ халқымыз бекер айтпаған. Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Әл-Фараби атамыз айтқандай «тәрбиесіз білім – адамзаттың қас жауы, апаты», халқымыз қашанда бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Сәби дүниеге келгенен бастап, оның ойлы, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына, ақыл-ойының жетілуіне назар аударған. Шыр етіп туған күннен бастап, тәрбиенің негізін қалаған халық, ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән
1. "Қазақ Энциклопедиясы"
2. "Ана тілі" ұлттық газеті
3. "Өнеге - мысал"

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Өнеге отбасынан басталады

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп,қалыптасады.Отанға деген ыстық сезім - жақындарына,туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.
Н. Назарбаев
Тәрбие - отбасынан басталады. Отбасы - адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын - тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі. Ата-аналардың балалары алдында олардың денсаулығының дұрыс жетіліп өсуін қамтамасыз ету, тәрбие беру, білім беру, үй болып, аяққа тұрып ел қатарына қосылып кетуін қамтамасыз ету сияқты міндеттерін орындауы., ал балалары алдында ата-анасын қамқорлыққа алып, сүйеніш болуы секілді міндеттері ұштасып жатады.
Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналар алдына үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр. Бүгінгі тәрбие берудің негізгі міндеттерінің өзі ең алдымен дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу деп көрсетілген Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында. Отбасы тәрбиесінің негізгі мәні отбасындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады. Балалар ата-анасының еңбектегі ісіне көңіл бөліп, оны түсінуге тырысады. Ата-аналар да балаларының күн сайынғы әрекеттерін қадағалап жағдайларын біліп отырады. Отбасының берік негізі міне, осы рухани мүдденің бірлігінде. Оның біртұтас ынтымақта болуы, береке бірлігі ең алдымен ата-ана мүддесінің мәні мен мағынасында, әке мен шешенің бір-біріне, балаларына, олардың достары мен жолдастарына деген қарым-қатынасына байланысты болады. Босағасы берік отбасында әрбір адам өзара қамқорлық пен татулыққа, үй іші жұмыстарын жұмыла кірісіп орындауға, жақсы мен жаман туралы пікірлерін ортаға салып ұштастыруға, қаражатты дұрыс бөліп тұтынуға, еңбекпен табылған ақша құнын бағалап, қадірлеуге үйренеді. Отбасындағы тіршіліктің дұрыс ұйымдастырылуы балалардың еңбекқор болуы, әр нәрсеге жоғары жауапкершілік сезіммен қарау, адамды құрметтеу сияқты адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Баланың адамдармен қарым-қатынас жасауы, қоғамға енуі отбасынан басталады. Сондай-ақ, отбасының баланың дамуы мен қалыптасуы процесіндегі ролі де ерекше. Отбасында тұрмыстың белгілі жағдайлары жасалады, мәдени орта қалыптасады, сезімдік күйлер орнығады.
Тәрбие басы - тал бесік деп қазақ халқымыз бекер айтпаған. Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Әл-Фараби атамыз айтқандай тәрбиесіз білім - адамзаттың қас жауы, апаты, халқымыз қашанда бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Сәби дүниеге келгенен бастап, оның ойлы, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына, ақыл-ойының жетілуіне назар аударған. Шыр етіп туған күннен бастап, тәрбиенің негізін қалаған халық, ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген. Сәбидің жүріп, сөйлей бастағаннан әдепке, мәдениетке баулу, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге тәрбиелеу отбасынан басталар мақсатты, халықтық педагогиканың даналығы.
Балаға үнемі әдептілік тәрбиесін беру арқылы оларды дұрыс жолға бағыттау - өмір заңы. Бала өсе келе көп нәрсеге үйренеді, халқының, ұлтының кім екендігін айқын түсіне бастайды, отаншылдық сезімі арта түседі. Кіндік қаны тамып, туып өскен мекенін, табаны тиіп тұрған топырағын аялай бастайды. Қазақ жері - қазақ даласы! Қандай керемет, қандай ыстық...
Халықта Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиеле, өз ұлтының тәрбиесімен тәрбиеле деген мақал бар. Жан-жақты мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу отбасынан басталады. Қазақ халқы балаға тәрбие берудің өзіндік әдет-ғұрып дәстүрлерін жинақтады. Әділдік, адалдық, имандылық, адамшылдық, бауырмалдық, шыдамдылық, парасаттылық, қамқорлық, кеңпейілділік. т.б. адамның рухани-моральдық нормаларын бала жанына сіңіре білді. Біздің халқымыздың отбасылық тәрбие дәстүрлерінде ежелден бері қалыптасқан тәлімді үлгілері, оңды салттары аз емес. Әр отбасы ұл-қызына атадан түйгенін үйретеді. Ұядан не көрсен ұшқанада соны ілерсің, Ата көрген оқ жанар, Ұлың өссе - ұлы жақсымен көрші бол, қызың өссе - қызы жақсымен көрші бол, Қызға қырық үйден тиым деген мақалдар соның дәлелі. Біздің тәрбиеміздің ерекшелігі - қыз балаға қамқорлықпен қарау. Себебі халқымыз қыз тәрбиеіне баса назар аударған. Ел боламын десең бесігінді түзе дегендей, тәрбие бесіктен басталатыны бәрімізге белгілі. Ал бесік иесі - ана. Ал қазірге заманда қыз баланы, яғни болашақ бесік иесін тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлуіміз керек. Өйткені қыз бала - ертеңгі бойжеткен, ана, халқымыздың болашағы. Сондықтан да отбасының берекесі болмай, отанның мықты болуы мүмкін емес. Ұл бала тәрбиесіне де халқымыз зор көңіл бөлген. Мысалы: Жігітке жеті өнер де аз, Нағыз жігіт берік болар антына, Нағыз жігіт қорған болар халқына сынды ұлағатты сөздер осының айғағы. Халқымыздың ұлттық тәрбиесі негізінен жүйелі болған. Өйткені тәрбиеге әке-шеше, отбасынан бастап, ағайын-туыс, көрші-қоланың бәрі қамқорлық жасаған.
Сол себепті ұлтымыз: Балаң өзіңе тартса - жұбан, қоғамға тартса - қуан деп бекер айтпаған. Кәріге құрмет - үлкенге міндет демекші, үлкендерді, қарттарды, ақсақалдарды сыйлау, тәрбиеміздің ең басты ерекшелігі деп санауға болады. Себебі, халқымыздың тарихына үңілсек, ұлттық танымды қалыптастырушы ата-анаға деген көзқарас пен құрмет ерекше болған. Яғни, халқымыздың ұрпақ тәрбиелеу үрдісі, отбасындағы қарым-қатынас үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету тәрізді ұлттық дәстүрлерді әрқашан сақталған және оның ұрпақ тәрбиелеудегі маңызы айрықша, халықтық мінез-құлқы мен іс-әрекетінің рухани негізі. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық пен әділдік сияқты қошеметтеріміз ұлттық дәстүр ретінде қалыптасқан. Бұған дәлел Үлкенді ұлықтап өскен ел ойсырамайды, Атасыз үй - бассыз, анасыз үй - панасыз деген ұлағатты сөздеріміз бекер айтылмаған болуы керек
Жаратылысынан жүрек жылуы мен мейірім шуағы мол халықтың бірі -- қазақ. Бала тәрбиесіне деген немқұрайлық оның табиғатына мүлдем жат. Өйткені, қазақтың ел алдындағы абырой беделі, қадір-қасиеті тек жеке басының жақсылығы немесе дәулетімен ғана емес, бауырынан өрген ұрпақтарының салауаттылығы, жарақтылығымен де өлшенген.
Ата-бабаларымыздың сондай-ақ тектілік деген киелі ұғымды ежелден қастерлеп, оны атадан балаға мирас қып қалдыруында да терең сыр жатқандай. Туа бітті тектілігін, табиғи қадір-қасиетін сақтап қалу үшін олар мүмкіндігінше тәрбиелі отбасылармен құдалы-жекжат болуға ұмтылған. Тарих қойнауына үңіліп, ұлттық тәрбие сырларына тоқталып отырғанымыз да тегін емес. Өркениетті ел қатарына қосыламыз, келешекте көш бастайтындай көшелі ұрпақ өсіреміз дейтін болсақ, ұлттық тәрбие сырларын, тағылымдарын еш уақытша да естен шығармауымыз керек.
Шығыстың ұлы ғұламасы Әл-Фараби: "Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін" -- деген. Адам өмірге бәрі бірдей болып келеді, бірақ та өсе бара олардың тағдыры әртүрлі болып қалыптасады. Адамның құдіреті санасында, сондықтанда әрбір адам саналы өмір сүрсе және бәрін ақылға салып, ойлап істесе, оның алдына қойған мақсатына да, байлыққа да, бақытқа да қол жеткізуіне болады. Адамзат баласының осы кезге дейін құрған қоғамы, жасаған рухани және материалдық байлығы, осының бәрі сананың жемісі. Ендеше біз адамды адамгершілік әдетке баулығанда оның санасына салмақ салуымыз керек. Сана арқылы адамның дүниетанымы, өмірге көзқарасы, рухани мәдениеті қалыптасады. Адамның ғұмыры жан мен тәнге негізделген. Яғни адам жан мен тәннен тұрады. Жан жайбарақат болуы үшін тәннің жайбарақат болуы шарт. Олай болса, адам бақытты болу үшін жаны мен тәнін қоса тәрбиелеуі керек. Яғни салауаттылық өмір қағидасын ұстануға тиіс. Бұл орайда бабаларымыз: "Тәні саудың -- жаны сау" -- деп, салауаттылық өмірді игерудің жолын көрсетіп берген. Баланың жастайынан дені сау азамат болуын аңсаған халқымыз келіндерге жаңа туған нәрестені қалай күту жөнінде ақыл-кеңес берген, сәбиді тұзды сумен шомылдырып, денесін маймен сылаған, қол-аяғын созып, "өс-өс" -- деп буындарын бекіткен. Дене сұлулығына, әсіресе, қыз баланың көрікті болуына ерекше көңіл бөлген "Аттың көркі -- жал, қыздың көркі -- шаш" деп ұққан.
"Денсаулық -- зор байлық" деп қазақ халқы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп кезеңі
ПЕДАГОГИКА ТАРИХЫНДА БАЛАЛАР ТӘРБИЕСІ
Оқушылар тәрбиесінде халық педагогикасын қолдану
Кәрілік кезең және оның белгілері
Үмбетей жырау Тілеуұлының (1706-1778 жж) өмірнамалық кезеңдері
Мектеп жасындағы балалардың оқу тәрбиесінің әдістемесін жасау
Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуде халық ауыз ертегілердің орны мен ролі
Психикалық дамуы тежелген оқушылардың сөздік қорын дамытуда халық ауыз әдебиетінің үлгілерін қолдану
Қыз - болашақ ана
Педагогика тарихында балалар тәрбиесі маңызды мәселе
Пәндер