Тәрбие процесі



Мазмұны

Кіріспе 3
1. Біртұтас педагогикалық процесс . педагогика пәні және мұғалім әрекетінің объектісі ретінде 4
1.1 Педагогикалық процестің мәні және құрылымдық компоненттері. 4
1.2 Біртұтас педагогикалық процестің қозғаушы күштері 10
1.3 Педагогикалық өзара әрекеттесу және оның түрлері 11
2 Оқу.тәрбие процесінің құралдары, педагогикалық іс.әрекет және педагогикалық процесс диагностикасы 13
2.1 Оқу.тәрбие процесінің құралдары 13
2.2 Педагогикалық іс әрекеттің мәні 16
2.3 Педагогикалық процесс диагностикасының мәні 21
Қорытынды 25
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 26
Кіріспе

Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан - жақты дамыту қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында «Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процссі» - деп жазылған. Әрбір елде халыққа білім беру ісі өндіргіш күштердің даму деңгейіне өндірістік қатынастардың қалыптасуына байланысты. Сонымен бірге білім беру ісінің дамуы қоғам дамуының әлеуметтік экономикалық міндеттеріне әсер етеді, әр ұлттың ерекшеліктерімен сипатталады. Білім беру ісінде осындай түбегейлі мәселелер еске алынады. Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халықымыздың ұлттық дәстүр салтына, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады. Педагогикалық процестің басты идеясы - оқыту және тәрбие жұмысында мақсаттың, міндеттердің, принциптердің, заңдылықтардың мазмұнының, әдістер мен формалардың бірлігі, тұтастығы және өзара байланыстылығы. Бұл идеяны іске асыру үшін ең алдымен ғылымның соңғы жетістіктеріне сәйкес әр түрлі жабдықтармен, оқыту машиналарымен, техникалық құралдармен, атап айтқанда символикалык экранды - динамикалық дыбысты техникалық құралдармен жабдықтау, оқыту тәрбие процесінің сапасын және тиімділігін артырады. Оқыту процесіндегі сапалылық, оқушылар білімділігі бірінші орында мұғалімге байланысты. Педагогикалық іс-әрекетте еңбек субъектісі мұғалім болады. Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіндік сипаттары-ол оның білімі, білігі, тұлғалық қасиеттері. Осыған байланысты, білім «сананың біртұтастық объектісі»болып есептелуі керек. Мұғалімнің іс-әрекеті, оның білімі және тәжірибесі кәсіби шеберліктің деңгейіне тікелей қатысты екендігі анық. Қажетті тәжірибені жинақтауға әкелетін іс-әрекет мұғалім тұлғасын қалыптастырудың шарты болады, ал ол «оқу-әдістемелік» құралдарының өзінде орныққан. Бірақ бұл іс-әрекет тиімді болуы мүмкін емес, егер еңбек объектісі толық айқын болмаса, еңбек субъектісінің зейіні теріс түсініп объектіге аударылса. Мұндай жағдайда еңбек субъектісінің әрекеті объективті өмір сүретін кәсіби іс-әрекеттің объектісіне сәйкес болмайды. Көрнекті ұстаздардың еңбектері оқушы ертерек мұғалімнің арқасында іс-әрекеттің нақтылы субъектісі ретінде қалыптасса, оқу-тәрбие жұмысының тиімділігі арта түсетіндігіне куә етеді. Міне, сондықтан да мұғалім іс-әрекеттің объектісі ретінде оқушыны емес, педагогикалық процесс деп есептеу керек.
«Жақсы мұғалім - мектептің жүрегі» - дейді Ыбырай Алтынсарин. Демек, білікті мұғалім болу үшін оқыту процесінің заңдылықтары мен принциптерін, оқытудың түрлері мен әдіс - тәсілдерін, яғни оқытудың теориялық және методологиялық негіздерін меңгеру қажет.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. А.С.Макаренко. Тәрбие туралы лекциялары. - Алматы, 1968.
2. В.А. Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы. - Алматы, 1976.
3. Караковский В.А. О подростках. - М.: Педагогика, 1970.
4. Божович Е.И. Личность и ее формирование в детском возрасте.-М.,1968.
5. А.Г.Хрипкова, Д.В.Колесов. "Жаманнан жирен", "Зиянды әдебиеттер және одан алдын ала сақтандыру туралы". - Алматы: Мектеп, 1988.
6. Ильин Е.Н. Путь к ученику. - Москва: Просвещение, 1988.
7. Дубровский А.А. Открытое письмо врача учителю. - М.: Просвещение, 1988.
8. Фридман Е.М. Изучение личности учащегося и учени-ческих коллективов. -М.: Просвещение, 1985.
9. Выготский А.С. Педагогическая психология. М., 1991.
10. Гурьевич К.М. Индивидуально-психологические особенности школьников.- М., 1988.
11. Кон Г.С. Психология старшеклассников. - М., 1980.
12. Коротов В.М. Введение в общую теорию личности. М., 1991.
13. Хрипкова А.Г. Возрастная физиология. М.,"Просвещение", 1978.
14. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
15. Кудиярова А.К. Қарым-қатынас психологиясы. Алматы, 2002.
16. Халықтың тәлім-тәрбие бастауы. А.Шашақова. Алматы: Рауан,1994.
17. Саймон Б. Общество и образование. М.,1989.
18. Психология современного подростка (Под. Ред. Д. И. Фельдштейна.-М., : Педагогика, 1987.
19. Коротов В.М. Мектеп оқушыларының өзін-өзі басқаруы. Алматы: Мектеп, 1997.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3
1. Біртұтас педагогикалық процесс – педагогика пәні және мұғалім әрекетінің
объектісі ретінде 4
1.1 Педагогикалық процестің мәні және құрылымдық компоненттері. 4
1.2  Біртұтас педагогикалық процестің қозғаушы күштері 10
1.3 Педагогикалық өзара әрекеттесу және оның түрлері 11
2 Оқу-тәрбие процесінің құралдары, педагогикалық іс-әрекет және
педагогикалық процесс диагностикасы 13
2.1 Оқу-тәрбие процесінің құралдары 13
2.2 Педагогикалық іс әрекеттің мәні 16
2.3 Педагогикалық процесс диагностикасының мәні 21
Қорытынды 25
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 26

Кіріспе

Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру,
оларды жан - жақты дамыту қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі.
Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңында Білім беру - бұл
қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары
деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру
мен оқытудың үздіксіз процссі - деп жазылған. Әрбір елде халыққа білім
беру ісі өндіргіш күштердің даму деңгейіне өндірістік қатынастардың
қалыптасуына байланысты. Сонымен бірге білім беру ісінің дамуы қоғам
дамуының әлеуметтік экономикалық міндеттеріне әсер етеді, әр ұлттың
ерекшеліктерімен сипатталады. Білім беру ісінде осындай түбегейлі мәселелер
еске алынады. Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі
халықымыздың ұлттық дәстүр салтына, мәдениетіне, экономикасына және саяси
өміріне негізделіп іске асырылады. Педагогикалық процестің басты идеясы -
оқыту және тәрбие жұмысында мақсаттың, міндеттердің, принциптердің,
заңдылықтардың мазмұнының, әдістер мен формалардың бірлігі, тұтастығы және
өзара байланыстылығы. Бұл идеяны іске асыру үшін ең алдымен ғылымның соңғы
жетістіктеріне сәйкес әр түрлі жабдықтармен, оқыту машиналарымен,
техникалық құралдармен, атап айтқанда символикалык экранды - динамикалық
дыбысты техникалық құралдармен жабдықтау, оқыту тәрбие процесінің сапасын
және тиімділігін артырады. Оқыту процесіндегі сапалылық, оқушылар
білімділігі бірінші орында мұғалімге байланысты. Педагогикалық іс-әрекетте
еңбек субъектісі мұғалім болады. Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіндік
сипаттары-ол оның білімі, білігі, тұлғалық қасиеттері. Осыған байланысты,
білім сананың біртұтастық объектісіболып есептелуі керек. Мұғалімнің іс-
әрекеті, оның білімі және тәжірибесі кәсіби шеберліктің деңгейіне тікелей
қатысты екендігі анық. Қажетті тәжірибені жинақтауға әкелетін іс-әрекет
мұғалім тұлғасын қалыптастырудың шарты болады, ал ол оқу-әдістемелік
құралдарының өзінде орныққан. Бірақ бұл іс-әрекет тиімді болуы мүмкін емес,
егер еңбек объектісі толық айқын болмаса, еңбек субъектісінің зейіні теріс
түсініп объектіге аударылса. Мұндай жағдайда еңбек субъектісінің әрекеті
объективті өмір сүретін кәсіби іс-әрекеттің объектісіне сәйкес болмайды.
Көрнекті ұстаздардың еңбектері оқушы ертерек мұғалімнің арқасында іс-
әрекеттің нақтылы субъектісі ретінде қалыптасса, оқу-тәрбие жұмысының
тиімділігі арта түсетіндігіне куә етеді. Міне, сондықтан да мұғалім іс-
әрекеттің объектісі ретінде оқушыны емес, педагогикалық процесс деп есептеу
керек.
Жақсы мұғалім - мектептің жүрегі - дейді Ыбырай Алтынсарин. Демек,
білікті мұғалім болу үшін оқыту процесінің заңдылықтары мен принциптерін,
оқытудың түрлері мен әдіс - тәсілдерін, яғни оқытудың теориялық және
методологиялық негіздерін меңгеру қажет.
Зерттеу өзектігі: Тәрбие процесінің теориялық негіздері. Тұтас
педагогикалық процесс – педагогика пәні мен мұғалім қызметінің объектісі
тақырыбының маңыздылығы және күрделілігі.
Зерттеу пәні: тәрбие процесінің теориялық негіздері.
Зерттеу объектісі: тұтас педагогикалық процесс – педагогика пәні мен
мұғалім қызметінің объектісі.
Зерттеудің мақсаты: Тәрбие процесінің теориялық негіздері. Тұтас
педагогикалық процесс – педагогика пәні мен мұғалім қызметінің объектісі
аспектісін толық жүйелі түрде анықтап тақырыптың шымылдығын ашу. Тәрбие
процесінің теориялық негіздері. Тұтас педагогикалық процесс – педагогика
пәні мен мұғалім қызметінің объектісін жалпы түрде қарастыру болып
табылады.
Зерттеудің міндеттері: тақырыпты ашу барысында өзіме келесі міндеттерді
қойдым:
- зерттеу объектісінің анықтамасына тоқталып өтіп тақырыпты ашу;
- Тәрбие процесінің теориялық негіздері. Тұтас педагогикалық процесс –
педагогика пәні мен мұғалім қызметінің объектісін қарастыру арқылы
тақырыпты ашу.

1. Біртұтас педагогикалық процесс – педагогика пәні және мұғалім әрекетінің
объектісі ретінде

1.1 Педагогикалық процестің мәні және құрылымдық компоненттері.

 
Педагогикалық мамандықтың қалыптасу тарихына үңілу барысында, сол
замандарда тәрбие мен оқытуды бөлек, бір-бірінен дербес процестер ретінде,
тіпті кейде бір-біріне қарама-қайшы процестер ретінде қарастырғандығын көре
аламыз. Бірақ, ХІХ ғасырдың ортасында, прогрессивті педагогтардың
еңбектерінде тәрбие мен оқыту процестерінің тұтастығы туралы  мәліметтер
кездесе бастады. Бұл мәселе, әсіресе, И.Ф.Гербарттың педагогикалық
көзқарастарында айрықша орын алды. И.Ф.Гербарт өз еңбектерінде тәрбие мен
оқытудың өзара байланысын былай деп көрсетеді: ...тәрбиесіз оқыту -
мақсаты жоқ құрал, ал оқытусыз тәрбие -құралдары жоқ мақсат, яғни басты
мақсат - тәрбие, ал осы мақсатқа жетудің басты құралы - оқыту болып
табылады. Осылай И.Ф.Гербарт тәрбие мен оқытудың біртұтастығын дәлелдей
отырып педагогика ғылымына тәрбиелей отырып оқыту терминін енгізеді.
Педагогикалық процестің біртұтастығы мәселесі К.Д.Ушинскийдің
еңбектерінде де өз көрінісін тапты. Ол оны мектеп әрекетінің әкімшілік,
оқытушылық және тәрбиелеушілік элементтерінің тұтастығы деп қарастырды.
Яғни мектеп әрекетінің тиімді нәтижесі мектепті басқару, оқыту және тәрбие
процестерінінің үйлесімді ұйымдастырылуына байланысты екендігіне көз
жеткізді. К.Д.Ушинскийдің прогрессивті идеялары Н.Ф.Бунаковтың,
П.Ф.Лесгафтың, В.П.Вахтеровтың және оның тағы басқа ізбасарларының
еңбектерінде өз жалғасын тапты.
Педагогикалық процестің біртұтастығы мәселесінің дамуына өз үлестерін
Н.К.Крупская, А.П.Пинкевич, С.Т.Шацкий, П.П.Блонский, М.М.Рубинштейн,
А.С.Макаренко қосты.
Алайда, 1930 жылдардан бастап, педагогтардың еңбектері, тәрбие мен
оқытуды дербес процестер ретінде терең зерттеуге бағытталды [1].
Мектеп тәжірибесінің қажетілігінен туындаған педагогикалық процестің
тұтастығы мәселесіне ғылыми қызығушылық 70-ші жылдары қайта жаңғырды.
Біртұтас педагогикалық процестің мәніне жаңа көзқарастар пайда болды. Олар
келесі:
 
  Білім беру мазмұнының тәрбиелік З.И.Васильев,а
  мүмкіншіліктері ретінде. В.С.Ильин,
  И.Я.Лернер
Тәрбие мен М.Н.Скаткин және
оқытудың т.б.
тұтастығы
ретінде.
Тәрбиелеуші ұжымдық танымдық М.Д.Виноградова,
іс-әрекетті ұйымдастыру ретінде. И.Б.Первин және
т.б.
Оқыту процесіне тәрбие жұмысының В.М.коротов және
формаларын енгізу. т.б.
Тәрбие мен Көптеген кішігірім тәрбиелік Б.Т.Лихачев,
оқытудың жүйелердің орнына, жалғыз ғана тұтас В.М.Коротов,
тұтастығы ғана тәрбиелік жүйені құру. Ю.П.Сокольник және
емес, сонымен т.б.
бірге жеке
тәрбиелік әсер
етулердің
тұтастығы
ретінде.
Педагогтар мен Екі түрлі қарым-қатынастың тұтастығы: Н.Д.Хмель және
оқушылардың өзарамұғалім мен оқушылардың және т.б.
әрекетінің сипатыоқушылардың өзара қатынасы.
ретінде.
Басқару алгоритмдерінің және қызметВ.П.Беспалько және
ету алгоритмдерінің тұтастығы. т.б.
Педагог әрекеті Педагогикалық процестің нәтижесін Л.Ф.Спирин,
ретінде. диагностикалаудың, жоспарлаудың, М.Л.Фрумкин және
ұйымдастырудың, реттеудің, бақылаудың т.б.
және бағалаудың тұтастығы ретінде.

 
Педагогикалық процестің біртұтастығы мәселесіне көптеген көзқарастардың
болуы педагогикалық процестің күрделілігінен туындап отыр. Сонымен, кейінгі
кезеңдерде айқындалған педагогикалық процестің мәні мен оның біртұтастығы
мәселесіне тоқталар болсақ.
Педагогикалық процесс – оқушы тұлғасының жағдайын өзгертуге
бағытталған, мазмұны жағынан толықтырылған және арнайы ұйымдастырылған
тәрбиешілердің жүргізуші және бағыттаушы әрекетінің және баланың белсенді
әрекетінің негізіндегі өзара әрекеттесу процесі. (Б.Т.Лихачев)
Педагогикалық процесс – белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған және
тәрбиеленушілердің қасиеттері мен сапаларын алдын-ала анықталған жағдайға
өзгеруіне әкелетін тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің дамып отыратын өзара
әрекеттесу процесі (И.П.Подласый).
Біртұтас педагогикалық процесс – жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны
қалыптастыруға бағытталған мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттесу процесі
(Н.Д.Хмель - Қазақстанда біртұтас педагогикалық процестің теориясын
қалыптастырушы ғалым).
Сонымен, біртұтас педагогикалық процесс – ол мұғалім мен оқушылардың
өзара әрекеттесу процесі болып табылады, оның барысында әлеуметтік тәжірибе
тұлғаның қасиеттеріне алмасады [2].
Біртұтастық – ол педагогикалық процестің синтетикалық қасиеті, ол оның
дамуының жоғары деңгейін, онда қызмет ететін субъектілердің саналы
әрекетінің нәтижесін сипаттайды. Біртұтас педагогикалық процеске оны
құраушы компоненттердің  ішкі тұтастығы, олардың үйлесімділігі тән.
Біртұтас педагогикалық процестің негізгі белгілері – мақсаттылық,
екіжақтылық және тұтастық. Мақсаттылық - БПП әр уақытта белгілі бір
мақсатқа жетуге бағытталады, яғни нәтижесі алдын-ала болжамданады.
Екіжақтылық – процестің нәтижесінің тиімділігі мұғалім мен оқушының
әрекеттерінің өзара байланыстылығына және белсенділігіне байланысты.
Тұтастық – процестің нәтижелілігі оның шеңберінде іске асырылатын тәрбие
мен оқытудың үйлесімді ұйымдастырылуына байланысты.
Біртұтас педагогикалық процесс келесі компоненттерден тұрады: мақсат,
мазмұн, әдіс-тәсілдер және формалар, нәтиже, мұғалім әрекеті, оқушы
әрекеті.  Оны келесі сызба арқылы көрсетуге болады.
Мақсат біртұтас педагогикалық процестің жүйе құраушы компоненті болып
табылады, өйткені мақсатқа байланысты процестің мазмұны және оны іске
асырудың формалары мен әдіс-тәсілдері таңдалады.
 Тұтас педагогикалық үрдістің пәні және мұғалім қызметінің нысанасы
ретінде:
– Педагогика пәні және мұғалім іс-әрекетінің объектісі, бұл ұғымдардың
дамуы, мектеп практикасында, оқу құралдарында, бағдарламаларда
проблемалар көрсетілген
– Педагогикалық үрдістің мәні, оның коспоненттерінің құрылымы
– Негізгі ұғымдар: “Педагогикалық үрдіс”, “Педагогтар-оқушылар”
“Субъект-объект қатынастар” “субъект-субъектік қатынастар”
– Тұтас педагогикалық үрдіс білімділік, тәрбиелік және дамытушылық
қызметінің өзара бірлігі мен өзара байланысы. Тұтас педагогикалық
үрдіс оқу және оқудан тыс болады.
– Педагогикалық үрдістің қозғаушы күштері. Педагогикалық үрдістің
тәрбиелік мәні. Оқу-тәрбие үрдісінің құралы.
– Педагогикалық үрдісті болжау және жағдайына диагностика жасау
мәселелері
Тәрбие - мақсатқа бағытталған тұлға бойында көзқарастар мен сенімдер,
қасиеттер мен құндылықтар, мінез-құлық нормаларын қалыптастыру процесі.
Тәрбие - мақсатты, арнайы ұйымдастырылған жан-жақты үйлесімді дамыған
тұлғаны қалыптастыру процесі.
Тәрбие - мақсатты түрде, адамзаттың өмір сүру барысында жинақтаған
әлеуметтік тәжірибесін, ұрпақтан ұрпаққа алмастыру процесі.
Тәрбие - тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қоғамдық институттардың
(отбасы, балабақша, мектеп, қоғамдық бірлестік) балаға әсер ету процесі.
Педагогика теориясы мен тәжірибесінде тәрбие мазмұны ең маңызды және
көкейкесті ұғымдардың бірі. Қазіргі тәрбие мазмұны ғасырлар бойы
қалыптасып, белгілі бір тарихи кезеңде қоғамдық сананың даму
ерекшеліктеріне идеяалық және құндылық ұстанымдарға байланысты жетіліп
отырды [3].
Ұрпақтардың табиғи түрде алмасуы қай кезде болмасын маңызды қоғамдық
міндет болып табылатын алдыңғы ұрпақтардан келесі ұрпақтарға әлеуметтік
тәжірибені жинақтап жеткізетін тәрбие процесі орындалатын білім беру
жүйесіне қоғамның аса көп көңіл аударуын талап етіп отырған.
Тәрбие мазмұнын жаңаша қарастыру, оны іске асырудағы тұлғалық бағдарлық
және іс-әрекеттік тәсілдер ғалымдар мен педагогтарды жеке тұлғаны
қалыптастыру міндеттерін шешудің тиімді құралдарын тұтас педагогикалық
процесс тұрғысынан іздестіруге ынталандырады.
Тәрбие мақсаттарын тереңінен білу педагогтарда негізінен қандай адамды
қалыптастыруы қажет екені туралы, өздерінің іс-әрекеттеріне не нәрсе
саналылық, айқын бағыт, қисындылық беретіні туралы көзқарас тудырады.
Сонымен қатар тәрбие мақсаттарының одан ары айқындалуы оның міндеттерінің
қалыптасуына ықпал етеді. Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері тәрбиелік
жұмыстардың мазмұнын анықтауға тікелей қатысты.
Тәрбие мазмұны – әр тұлғаның өмірдегі өз орнын өзі белгілеуіне қамтамасыз
етуге, оның өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасауға бағытталған,
қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштерінің бірі. Сонымен
бірге, тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке тәрбиелеу, өз қоғамына тығыз
байланысты, және сол қоғамды жетілдіруге ұмтылған адам және азамат
қалыптастыру қамтамасыз етіледі.
Әлеуметтік тәжірибені меңгеру адамдардың, халықтардың қандай болса да
нәсілдік, ұлттық, тайпалық, діни және әлеуметтік топқа жататындарына
қарамастан, өзара түсінушіліктерін, ынтымақтастықтарын нығайтуылары тиіс,
сонымен қатар, әр-түрлі дүниетанымдық көзқарастар ерекшеліктерін ескерулері
қажет.
Тұтас педагогикалық процесс теориясында педагогикалық процесс мәнінің
қазіргі қоғамдағы тәрбие мақсаты – қоғамның шығармашылық іс-әрекетін
белсенді қатыса алатын үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастырумен толық
сәйкес келуіне көп көңіл аударылады. Сондықтан да педагогикалық процесстің
негізгі тәрбиелік механизмдері оқушыларға қатысты барлық іс-әрекеттер
түрлері қалыптасатын қатынастар жазықтығында орналаскан.
Жеке тұлға тек өз іс-әрекеті арқылы ғана дамитыны бәрімізге белгілі.
Іс-әрекет тек қана менікі, менің жүрегімде тууы тиіс – деп кезінде
К.Д.Ушинский түсінікті де, әсерлі анықтама берген.
Сондықтан да педагогтар тәрбие процессін ұйымдастыру барысында балалар
әрекеттерінің ішкі мотивтеріне сүйене отырып, тәрбиеленушілердің кез келген
әрекеттер түрін мазмұнды етіп толықтырулары қажет.
Тәрбие мазмұнының мәселесі тәрбие бағдарламаларымен тығыз байланысты. Нақты
бір білім беру мекемесіндегі тәрбие мазмұны мекеменің өз бетінше жасап,
қабылдап іске асыратын білім беру бағдарламаларымен анықталады. Тәрбие
бағдарламалары тәрбиенің негізгі мақсаттары мен міндеттер шеңберін анықтап,
тәрбие мазмұнының сипаттамаларын, ерекшеліктерін, негізгі бағыттарын ашып
көрсетеді [4].
Қазіргі таңдағы әлеуметтік, экономикалық талап – тілектерге сай рухани
бай, білімді, шығармашыл тұлға тәрбиелеу қажеттігі ерекше туындап тұр.
Өмір талабына сай тұлға тәрбиелеудің ерекшелігі оның үздіксіз жүргізілу
қажеттілігінде. Тұлғаның шығармашылығын дамыту адамның кішкентай кезінен
басап есейген кезіне дейін жүреді. Үздіксіз білім беру жүйесіне рухани бай,
жоғары мәдениетті және мәдени құндылықттарды бағалай алатын тұлға
қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік институттар ену керек.
Адам тұлға болып умайды, қалыптасады. Адамның дамуы – ішкі және сыртқы
жағдайлардың әсерлерімен қалыптасатын күрделі, ұзақ мерзімді, қарама –
қайшылықты үрдіс. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы үш факторға: тегі, ортасы
және тәрбиесіне тығыз байланысты. Өзін қоршаған ортамен қатынасы арқылы
адамның табиғи мәні ашылып, жаңа қасиеттері қалыптасады. Тәрбиенің сапасы
тәрбиешінің тәрбие жұмысын мақсатты, жүйелі, кәсіби шеберлікпен жүргізүіне
байланысты. Адам әлеуметтік жүйеде тәрбиеленіп, дамиды, қоғамда болып
жатқан іс - әрекеттерге көзқарасы қалыптасады, нығаяды. Тұлға – біртұтас
жүйе. Біртұтас жүйе ретінде адам өзін - өзі дамытып отырады. Педагогиканың
негізгі мақсаттарының бірі – тұлғаны біртұтас жүйе ретінде тәрбиелеу. Тұлға
– сана иесі. Шығармашыл адам – жасампаз тұлға. Өзін, айналасын, қоғамды
жаңартып отырады.
К.Платонов тұлғаның төрт құрылымын айқындайды. Әлеуметтік жағдайына сәйкес
мазмұндық белгілері, тәжірибесі, болмыстың көрінісі ретінде тұлғаның
психикалық үрдістерінің жеке ерекшеліктеріне байланысты болмысты бейнелеуі,
өмірден үйренген қасиеттерінен гөрі туа біткен қасиеттері басым болып
табылатын биопсихикалық құрылым.
Сонымен, зерттеушілердің басым көпшілігінің пікірі тұлғаның барлық
психикалық қасиеттері өзінің даму барысында адамның нейроэндокриндік
жүйесінің морфологиялық және функционалдық ерекшеліктеріне сай қалыптасады,
адамның дене құрылысының саулығы мен еңбексүйгіштігі – тұлғаның ең мәнді
белгілері, сонымен қатар баланың бойының өсу қарқыны, дене жарақаты, т.б.
өзін әр алуан сезуіне әсер етіп, психикалық дамуына жанамалай әсер етеді
дегенге саяды.
Біз тұлғаны толыққанды жүйе деп есептесек, оның психикалық қасиеттері
негізгі орынды алады. Бұл жүйе табиғи қасиеттері мен қоғамдық тәжірибені
меңгеру барысында дамиды. Тұлғаның тұтастығы мен бірлігі әр алуан жіне
қарама – қайшылықтардың жиынтығы болып табылады. Тұлға жеке оқиғалар ғана
емес, қоғамдық өмірдегі маңызды оқиғаларға да байланысты әсерленіп ашылады.
Соған сәйкес туындайтын көзқарас пен іс – ірекет те әр алуан болады. Тұлға
іс - әрекеті, өзіне және айналасына қарым – қатынасы арқылы, шығармашылық
қабілетін жүзеге асыру арқылы қалыптасады. Сондықтан баланың табиғи
бейімділігін дамытып, тұрақты, әлеуметтік құнды шығармашылық қабілетке
айналдырудың, осы әрекетке педагогикалық басшылық етудің маңызы зор.
Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта оырып жалпы дамыту,
еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға
дағдыландыру, жеке қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұштау,
тұлғалыққа бағыттау.
Шығармашылық бағыттың дамуы адамның өзін тұлға сезінуі мен айналасына
өзіндік көзқарасы болуына байланысты. Шығармашылық бағыттың дамуына
денсаулығы, психикалық қызметінің дамуы, негізгі шарты - әлеуметтік жағдайы
негіз болады.
Баланың шығармашылық қасиеті кішкенайынан көріне бастайды, себебі,
шығармашылық – бала дамуының қалыпты жағдайы [5].
Қазіргі қоғам жастарын тәрбиелеудің стратегиялық бағыты ретінде
делдалдық қасиетке ие, жалпы адамзаттық құндылықтарды игере алатын, ұлттық
санасы дамыған, көп мәдени тұлғаны қалыптастыру болып саналады.
Осы ойлар Мектепке дейінгі жэне мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу
тұжырымдамасында (1995 ж.), Білім беру жүйесіндегі мемлекет саясатының
тұжырымдамасында(1996 ж.), Қазақстан республикасындағы этномәдени білім
беру тұжырымдамасында(І996 ж.), Қазақстан Республикасындағы білім беру
ұйымдарындағы тәрбиелеудің кешенді бағдарламасында (2000 ж.), 2005-2010
жылдарда Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік
бағдарламасында(2004 ж.), Қазакстан Республикасының 2015 жылға дейінгі
білім беру тұжырымдамасында (2004 ж.), және мектептегі тұтас педагогикалық
процесті ұйымдастырудағы Қазақстан Республикасының білім және ғылым
Министрлігінің тағы басқа құжаттарында көрініс алады.
Жас ұрпақты тәрбиелеу үнемі тұрақты идеялар мен құндылықтарға негізделуі
керек. Сондықтан да, қазіргі замандағы барлық тәрбие жүйесінін идеялық
негізі ретінде бірнеше ғасыр тәжірибесінде қалыптасқан және дәледенген
гуманизм принциптері болуы тиіс.
Гуманизм ең алдымен адамның адамдығын білдіреді: адамдарға деген
махаббат, сүйіспеншілік, психологиялық сабырлықтың жоғарғы деңгейі, адамдар
арасындағы қарым-қатынастағы мейірімділік, тұлғаны сыйлау, қошеметтеуді
көрсетеді..’Гуманизм ұғымы адамды ең жоғарғы құңдылық ретінде санайтын
құндылық бағдарлары жүйесі ретінде қалыптасады.
Гуманизмді қазіргі заман талабына сай қарастырсақ онда адам тұлғасының
тұтас, жан-жақты қалыптасуына көп көңіл бөлінеді [6].
Бұл жан-жақтылық оның интеллектуалды, рухани, адамгершілік, дене және
эстетикалық қабілеттерінің үйлесімді дамуы арқылы айқындалады. Сонымен,
гуманизм тұрғысынан, тәрбиенің түпкі мақсаты болып әрбір адамның таным,
қарым-қатынас, іс-әрекет жасаудың толық субъектісі болуы, яғни, өмірде орын
алатын барлық жағдайларға жауапты, тәуелсіз, дербес тұлға бола алуы
қарастырылады.

1.2  Біртұтас педагогикалық процестің қозғаушы күштері

 
Біртұтас педагогикалық процестің дамуы, алға жылжуы объективті және
субективті қарама-қайшылықтарды шешуге байланысты, яғни біртұтас
педагогикалық процестің қозғаушы күші - қарама-қайшылықтар.  
Объективті қарама-қайшылықтарға жатады:
-   тәрбиеленушілердің реалды мүмкіндіктерінің қоғам талаптарына сай
болмауы (бірақ егер талаптар тым жоғары немесе тым төмен болса, олар
оқушының дамуын қамтамасыз етпейді);
-   баланың белсенді-әрекетік табиғаты мен оның өмір сүруінің
әлеуметтік-педагогикалық жағдаймен сай болмауы (яғни баланың дамуына сай
жағдайдың ұйымдастырылмауы);
-   қоғамдық өмірдің күрделілігі мен баланың оларды түсінуге
тәжірибесінің аздығы арасындағы қайшылық;
-   ақпараттың қарқынды ағылуы мен педагогикалық процестің
мүмкіншіліктері арасындағы қайшылық;
-   қоғам қажеттіліктері мен тұлғаның қажеттіліктері арасындағы
қайшылық және т.б.
Субъективті қарама-қайшылықтарға жатады:
-   тұлғаның тұтастығы мен оны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық
процестің біржақтылығы арасында (яғни педагогикалық процестің оқытушылық
сипатта болуы, ал тұлғаны жан-жақты қалыптастыру үшін тәрбие мен оқытудың
тұтастығын қамтамасыз ету керек);
-   тұлға дамуының дербес шығармашылық процесі мен педагогикалық
процесті бұқаралық-репродуктивті ұйымдастырылуы арасындағы қайшылық;
-   тұлғаның азаматтық қалыптасуында гуманитарлық пәндердің ролінің
өсуі мен педагогикалық процесті технократизациялау арасындағы қайшылық және
т.б.
 Тұлға дамуының қозғаушы күштері:

 

Педагогикалық проесстің қозғаушы күштерін қарастырған ғалымдар:
• М.А.Данилов
• Н.Д. Хмель
• Г. И. Щукина
• Б.Т. Лихачев
• А.С. Макаренко
• Н.К. Крупская
• Г. С. Костюк
• В. А.Сухомлинский
• Н.А. Завалко [7]

1.3 Педагогикалық өзара әрекеттесу және оның түрлері

 
Педагогикалық өзара әрекеттесу  педагогикалық процестің негізгі
сипатамасы болып табылады. Ол субъект-субъектілік қатынастармен
сипатталады, яғни мұғалім де, оқушы да педагогикалық процестің белсенді
қатысушылары болып табылады, бір-біріне әсер етеді.
Педагогикалық өзара әрекеттесу, субъект-объектілік қатынастармен
сипатталатын педагогикалық әсер етуден әлдеқайда кең ұғым.
Педагогикалық өзара әрекеттесу өзіне келесі өзара әрекеттесулерді
қамтиды: оқушы - оқушы, оқушы - ұжым, оқушы - мұғалім, оқушы –
меңгеру объектісі. Педагогикалық процестің негізгі қатынас, ол
педагогикалық әрекет – тәрбиеленуші әрекеті. Осы процестің нәтижесін
анықтайтын негізгі қатынас оқушы – меңгеру обектісі. оқушы – мұғалім
қатынасы мұғалімнің оқушының белсенді әрекетін басқаруымен сипатталады,
оның барысында оқушы әрекет тәсілдерін меңгере отырып, оның тұлғасы
өзгеріске ұшырайды, яғни дамиды.
 
 
 

 
Педагогикалық
өзара әрекеттесу
Педагогикалық әсер ету тура және жанама бола алады.
Тәрбиеленуші реакциясы: белсенді қабылдау,  ақпаратты талдау, елемеу 
немесе  қарсылық көрсету [8].
Педагогикалық процесс ерекшеліктері.

[9]

2 Оқу-тәрбие процесінің құралдары, педагогикалық іс-әрекет және
педагогикалық процесс диагностикасы

2.1 Оқу-тәрбие процесінің құралдары

Мектеп пен жанұяның педагогикалық процесінде оқушылардың жеке тұлғасын
қалыптастыру жүзеге асады. Педагогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін
мұғалім оның теориялық негіздерін түсініп, оның мақсаттарын, міндеттерін,
мазмұнын, құралдары, формалары жэне әдістерін, тәсілдерін ажырата білуі
керек.
Құралдары формалар мен әдістер педагогикалық процеске қатысушылардың іс-
әрекетінің қозғаушы күші болып табылады, соның арқасында жеке тұлғаның
қалыптасуы жүзеге асады (Н. Д. Хмель).
Материалистік диалектика адам табиғатын биологиялык пен әлеуметтіктің
(тұқымқалаушылық мүмкіндіктер мен әлеуметтік ортаның) бірлігі деп
түсіндіреді. Адам, басқа да тіршілік иесі сияқты, табиғат және қоғаммен
өзара әрекеттестікте болады, оларды өзінше қабылдайды, яғни осы
әрекеттестіктің белсенді қатысушысы.
Қоршаған дүниені өзгерте отырып, адам өзін де өзгертеді (К. Маркс). Бұл
ретте әр түрлі іс-әрекеттің орны ерекше. Адамның психикасы мен санасы
қоршаған ортамен әрекеттестігі арқасында және нақты бір іс-әрекет барысында
дамиды. Бұл ретте индивидумның іс-әрекеті жеке дара емес, басқа адамдардың
(ата-ана, мұғалімдер, оқушылар т.б.) іс-әрекетімен тығыз байланыста жүзеге
асады. Сондықтан жалпы адамзаттық мәдениетті игеру үшін бала қоршаған
ортамен басқа адамдар арқылы әрекеттестікте болуы керек, яғни олармен қарым-
қатынас жасауы қажет. Осылайша, іс-әрекет пен қарым-қатынас жеке тұлғаның
қалыптасуының ең маңызды шарты болып табылады. Педагогикалық ықпал етудің
амалдары да осылар.
Педагогикалық ықпал ету тәсілдері дегеніміз жеке тұлғанын қоршаған ортамен
мақсатты әрекеттестігін ұйымдастыруға жағдай жасау. Сондықтан педагогикалық
құралға жеке тұлғаның әрекеттестік жасайтын ортасы (табиғи, әлеуметтік,
материалдызқ, рухани) және осы әрекеттестікті ұйымдастыратын іс-әрекеттің
түрлері (қарым-қатынас, таным, ойын, еңбек, т.б.) жатады.
Педагогикалық құралға қатысушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы
педагогикалық ықпал ету арқылы жүзеге асады. Оқу-тәрбие процесінің
субъектілері-әрекеттестігінің формалары мен әдіс-тәсілдер арқылы шешілетін
белгілі бір мақсаттары мен міндеттері, тиісті мазмұны бар, логикалық
тұрғыдан аяқталған, белгілі бір уақыт аралығындағы педагогикалық процесс
[10].
Тәрбие құралдары дегеніміз - оқушының адамдық қасиеттерін
қалыптастыратын, мұғалім мен баланың санасына тәуелсіз материалдар.
Тәрбие құралдары:
•  Іс-әрекет түрлері (ойын, еңбек);
•  заттар (ойыншыңтар, электронды есептегіш машиналар);
•  рухани және материалдық мәдениет (өнер, қоғам, өмір);
•  бұқаралық ақпарат құралдары;
•  педагогикалық ықпал жасау құралдары.
Ұйымдастыру формалары тұтас педагогикалық процеске қатысушылардың қарым-
қатынасы мен әрекеттестігінің тәсілі ретінде де қарастырылады.
Педагогикалық процестің ұйымдастыру формаларын былай жіктеуге болады:
- қатысушылар құрамы (жеке даралық, шағын топтық, топтық, ұжымдық,
жаппай);
- тұтас педагогикалық процестің оқу жұмысында қолданылуы (сабақ,
семинар, факультатив, экскурсия);
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәрбие процесі жайлы
Тәрбие процесі мен тәрбие жүйесі
Тәрбие мақсаттарының шынайы болуы
Тәрбие процесі түсінігі мен мазмұны
Тәрбие іс – әрекетінің және қарым – қатынастың шешуші ролі
Тәрбие мен оқыту процестері арасындағы үйлесімділіктің психологиялық - педагогикалық негіздері
Тәрбие жүйесінің жалпы заңдылықтары
Бала тәрбиесі
Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастыру әдістері
Тәрбие процесі туралы жалпы ұғым
Пәндер