Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің меншік құқығы


ЖОСПАР

КІРІСПЕ 3

1.тарау. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің меншік құқығы 5
1.1 Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің меншік құқығының ұғымы мен негізгі түрлері 5
1.2 Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншік құқығына ие болу объектілері мен негіздері 9

2.тарау. Шаруашылық серіктестіктерінің және акционерлік қоғамдардың меншік құқығы 12
2.1 Шаруашылық серіктестіктерінің және акционерлік қоғамдардың меншік құқығы 12
2.2 Өндірістік кооперативтердің меншік құқығы 26

ҚОРЫТЫНДЫ 32

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 33
КІРІСПЕ

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері 10 жыл бойы азаматтық құқықтық саладағы заңнамалардың өзгеріп отыруына, әлі де қалыптасу кезеңінде болуына байланысты осы күнде де заңдық тұлғалардың кейбір заңдары қайта қаралып жатыр. Қазіргі заман талабына сәйкес заңды тұлғалардың бірі Шаруашылық серіктестіктердің құқықтық мәртебесі турасында сөз қозғамақпыз.
Шаруашылық серіктестіктердің біздің елдегі ерекшеліктері Қазақстан құқық және мемлекет теорияларында ғылыми тұрғыдан жан-жақты толық зерттеле қойған жоқ. Себебі бәрімізге белгілі жас мемлекетіміз – Қазақстан Республикасының өз алдына дербес отау тігіп, тәуелсіздік алғанына он бес жылдың жүзі болды. Көптен күткен тәуелсіздігіміздің арқасында қазақ топырағында мемлекеттік билік органдары, нарықтық қатынастарға орай жаңадан заңды тұлғалар қалыптасты. Олай болса, отандық құқық теорияларында заңды тұлғалар туралы ғылыми зерттеулер өте аз деп реніш айтқанымыз орынсыз болар. Ендеше, неге болашақтан үміт күтпесе, еліміз тыныш, халқымыз аман келешекте ғалым, заңгерлеріміз Қазақстан Республикасында заңды тұлғалар туралы әлі талай еңбектер жазары сөзсіз?!
Біз бұл еңбегімізде шаруашылық серіктестіктердің түсінігін, түрлерін қазақстандық ғалымдардың зерттеулері мен ой-пікірлерін қолдана отырып ашып көрсетуге тырыстық.
Біз осы еңбекті жазарда алдымызға еңселі мақсат қойдық. Ол халық игілігі болып табылатын шаруашылық серіктестіктер жөнінде
Арнайы әдебиеттер
1. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, оқулық, Алматы, 1999 ж.
2. Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, Ерекше бөлім. 1-2 томдар, Алматы, 2003 г.
3. Мауленов К.С. «Гражданское право», Алматы, 1999г.
4. Сергеев С.Т. «Гражданское право», М., 2001г.
5. Суханов Е.А. «Гражданское право», М., 2002г.
6. Сулейменов М.К., Басин Ю.Г. Комментарий к Гражданскому кодексу Республики Казахстан. А., 1998
7. Грешников И.Г. Субъекты права. А., 2001

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Көлемі: 30 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 500 теңге




ЖОСПАР

КІРІСПЕ 3
1-тарау. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің
меншік құқығы 5
1.1 Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің
меншік құқығының ұғымы мен негізгі түрлері 5
1.2 Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншік құқығына ие болу
объектілері мен негіздері 9
2-тарау. Шаруашылық серіктестіктерінің және акционерлік қоғамдардың меншік
құқығы 12
2.1 Шаруашылық серіктестіктерінің және акционерлік қоғамдардың меншік
құқығы 12
2.2 Өндірістік кооперативтердің меншік құқығы 26
Қорытынды 32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 33

КІРІСПЕ

еліміз тәуелсіздік алғаннан бері 10 жыл бойы азаматтық құқықтық
саладағы заңнамалардың өзгеріп отыруына, әлі де қалыптасу кезеңінде болуына
байланысты осы күнде де заңдық тұлғалардың кейбір заңдары қайта қаралып
жатыр. Қазіргі заман талабына сәйкес заңды тұлғалардың бірі Шаруашылық
серіктестіктердің құқықтық мәртебесі турасында сөз қозғамақпыз.
Шаруашылық серіктестіктердің біздің елдегі ерекшеліктері Қазақстан
құқық және мемлекет теорияларында ғылыми тұрғыдан жан-жақты толық зерттеле
қойған жоқ. Себебі бәрімізге белгілі жас мемлекетіміз – Қазақстан
Республикасының өз алдына дербес отау тігіп, тәуелсіздік алғанына он бес
жылдың жүзі болды. Көптен күткен тәуелсіздігіміздің арқасында қазақ
топырағында мемлекеттік билік органдары, нарықтық қатынастарға орай жаңадан
заңды тұлғалар қалыптасты. Олай болса, отандық құқық теорияларында заңды
тұлғалар туралы ғылыми зерттеулер өте аз деп реніш айтқанымыз орынсыз
болар. Ендеше, неге болашақтан үміт күтпесе, еліміз тыныш, халқымыз аман
келешекте ғалым, заңгерлеріміз Қазақстан Республикасында заңды тұлғалар
туралы әлі талай еңбектер жазары сөзсіз?!
Біз бұл еңбегімізде шаруашылық серіктестіктердің түсінігін, түрлерін
қазақстандық ғалымдардың зерттеулері мен ой-пікірлерін қолдана отырып ашып
көрсетуге тырыстық.
Біз осы еңбекті жазарда алдымызға еңселі мақсат қойдық. Ол халық
игілігі болып табылатын шаруашылық серіктестіктер жөнінде жинақталған
материалдар мен өзіміздің түйген ой-пікірлерімізді жүйелеп, саралап,
тереңірек зерттеу.
Курстық жұмысты жазу барысында әртүрлі заңнамалар, нормативтік-құқықтық
актілер, оқулықтар, оқу құралдары, шығармашылық басылымдар, мерзімдік
басылымдар және басқа да шығармалар қолданылды.
Әдебиеттердің тапшылығы кедергі келтіргенмен көздеген мақсатымызға
жеткендей болдық.
Жұмыс барысында шаруашылық серіктестіктердің бүгінгі көрінісі туралы
қолдан келгенше ой түюге әрекет жасадық.

1-тарау. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің
меншік құқығы

1.1 Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің меншік
құқығының ұғымы мен негізгі түрлері

Мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің мешпігі
жеке меншіктің кеңінен тараған түрінің бірі болып табылады.
Жекешелендіру үрдісі кезінде жеке меншікке негізделген мемлекеттік
емес заңды тұлғалардың қолындағы мүліктердің, саны күрт өсіп кетті.
Азаматтық кодекс мемлекеттік емес заңды тұлғалардың
ұйымдастыру құқылық түрін қарастырады. Осыған байланысты мемлекеттік емес
заңды тұлғалардың меншік құқығы институты. шаруашылық серіктестіктері
мен акционерлік қоғамдардың (компаниялардың) меншік құқығы және
өндірістік кооперативтердің меншік құқығы деп бөлінеді.
Арнайы қабылданған заңдар, сондай-ақ кондоминиумдердің меншік құқығын,
шетелдік заңды тұлғалардың, халықаралық ұйымдардың меншік құқықтарын,
шетелдіктердің қатысуымен бірлескен кәсіпорындардың меншік құқығын
қарастырады.
Көптеген дамыған елдерде мемлекеттік емес заңды тұлғалар жалпы тұжырым
бірлігімен сипатталады. Яғни, оның бәрі де заңды тұлға, сонымен бірге өз
мүлкінің меншік иесі ретінде көрінеді. Компаниялардың мүлікке
қатысушылардың ешқандай ұжымдық немесе үлестік меншігі ешқашан, еш жерде
болған емес. Әдетте олар бірлескен тұлғалар, бірлескен капитал ретінде
ерекшеленеді. Айта кететін жайт, компанияның қатысушылары қатысушылардың
қарыздарына ешқандай жауапкерішлікті мойындарына алмайды. Олардың салымдары
тиісті компанияның меншігіне айналады .
Шаруашылық серіктестіктері мен акционерлік қоғамдардың аталған және
басқа маңызды белгілері ТМД елдерінің заңдарында әркез ойдағыдай
көрсетілмегенін байқаймыз. Бұл мәселеде екі тәсілді шартты түрде бөліп
қарауға болады: біріншіден, шаруашылық серіктестіктерінің мәртебесі азды-
көпті мұқият реттеледі, әрі ол арнайы заңмен жүзеге асады (Мысалы, Украина
заңдарында), екіншіден басты назар акционерлік қоғамдарға бөлінген, ал
серіктестіктің құқықтық мәртебесі тек жалпы ережелермен ғана анықталады
немесе ешқандай анықталмайды да (Мәселен, Ресей, Түркіменстан, Тәжікстан,
Қырғызстан заңдарында). Осы орайда соңғы әдіс кейбір мәселелерді шешпей
отыр. Мысалы, кейде заңдарда заңды тұлға ретінде сенім серіктестіктерін,
немесе толық серіктестіктерді мойындамайды, сондай-ақ жауапкершілігі
шектелген серіктестіктер жабық түрдегі акционерлік қоғамдармен теңестіреді.
Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншік құқығы ерекшеліктерін
айқындайық: а) мемлекеттік емес заңды тұлғаның өзі оған жататын мүліктің
меншік иесі болып табылады. Құрылтайшылар (қатысушылар) Азаматтық кодекстің
36-бабының 2 және 4-тармақтарына сәйкес мүлік қатынасына мынадай құқықтарды
иеленеді: 1) міндеттемелік құқығын (шаруашылық серіктестіктері, акционерлік
қоғамдар (компаниялар), өндірістік кооперативтер); 2) не заттық, не
міндеттемелік құқықтарын иеленбейді (қоғамдық бірлестіктердің, қоғамдық
қорлар мен діни бірлестіктердің құрылтайшылары).
Шаруашылық серіктестігі мен өндірістік кооперативтердің қатысушылары
міндеттемелік құқығына әдетте, өз еркімен шыққанда немесе ұйым таратылғанда
мүліктен өз үлесін талап ету құқығын (пай), сондай-ақ құқық
мирасқорлықтарының (мұрагерлердің) үлесін (жарнасын) бөлуді талап ету
құқығын қосып алады.
Мемлекет құзыретті немесе өкілетті орган ретінде тек акционер ретінде
акционерлік қоғамға мүше бола алады. Мемлекеттік органдардың жауапкершілігі
шектелген серіктестікке қатысуға құқығы жоқ. Бұл олардың шаруашылық
міндеттерінің сипатына сай келмейді. Сонымен бірге мемлекеттік кәсіпорындар
мен мекемелер жауапкершілігі шектелген серіктестіктерге тек мемлекеттің
өкілетті органының келісімімен қатыса алады, ал мекеме — егер заңда өзгеше
көзделмесе, меншік иесінің келісімімен жүзеге асырады.
а) Сонымен серіктестіктер мен өндірістік кооперативтердің
қатысушыларының міндеттемелік құқығы, біріншіден, мемлекеттік емес заңды
тұлғалардың шартын жасау кезінде, ал акционерлік қоғам құру жағдайында —
акцияны сатып алуда пайда болады, екіншіден, міндеттемелік құқық тек
берілген мүлікке ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік емес заңды тұлғаның
іс басындағы кезінде сатып алған, иеленген мүлкіне де қатысты болады,
үшіншіден, серіктестік пен кооперативтің жұмыс істеген мерзімімен бұл
құқықтар уақытқа байланысты шектеледі;
ә) мемлекеттік емес заңды тұлғаның мүлкі құрылтайшылардың салымынан,
сондай-ақ олардың қызметі барысында өндірген не сатып алған мүлкінен
құралады;
б) мемлекеттік емес заңды тұлға, егер заңға қайшы келмесе немесе басқа
адамдардың мүлделері мен құқықтарын бұзбаса, өз мүлкіне кез келген әрекетті
жүзеге асыра алады. Заңды тұлғаның меншік құқығын жүзеге асыру көлемі құқық
қабілеттілігінен көрінеді. Мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлға,
әдетте жалпы құқық қабілеттігіне ие болады. Ал кейбір заңда көрсетілген
жағдайларда коммерциялық заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі шекті болуы
да ықтимал. Мысалы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Банктер мен банк
қызметі туралы" Заң күші бар Жарлығының 8-бабына сәйкес банктер арнайы
құқық қабілеттілігіне ие.
Азаматтық кодекс коммерциялық емес ұйымдардың арнайы құқық
қабілеттігін қарастырады. Олардың бәрі де жарғылары мен құрылтайшылық
құжаттарында көзделген қызметтерінің мақсатына сай келетін құқықтар алып,
өзіне тән міндеттер қабылдайды. Азаматтық кодекстің 34-бабының З-тармағына
сәйкес коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлік қызмет пен өзінің жарғылық
мақсаттарына сай келуіне қарай ғана айналыса алады. Заң актілеріне сәйкес
мемлекеттік емес заңды тұлғалар үшін айналымнан алынған немесе айналымдағы
әрекеті шектелген белгілі бір заттарды иеленуіне рұқсат етілмейді. Мұндай
заттарды иелену немесе бөтен біреуге беру үшін тиісті рұқсат керек болады;
в) мүлікке меншік мәртебесін және мүлікті иелену, пайдалану және билік
ету өкілеттіктерін анықтау үшін мемлекеттік емес заңды тұлғалардың
құрылтайшылық құжаттары маңызды рөл атқарады. Азаматтық кодекстің 58-бабына
сәйкес құрылтайшылық құжаттарыңда әрбір қатысушының үлес мөлшері туралы,
серіктестіктің жарғылық қорына олар салатын салымның мөлшері, құрамы,
мерзімі мен тәртібі туралы, серіктестіктің жарғылық қорына салым салу
жөніндегі міндеттерді бұзғаны үшін қатысушылардың жауапкершілігі туралы
ережелер, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге де мәліметтер болуға
тиіс.
Осындай ерекшеліктерге байланысты мынадай анықтама беруге болады:
мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншік құқығы (объективтік тұрғыдан
қарағанда) — мемлекеттік емес заңды тұлғалардың материалдық игіліктерді
оларға ие болу мүмкіншілігін қорғайтын, бекітетін құқық нормаларының
жиынтығы болып табылады. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың субъективтік
(тұлғалық) меншік құқығы заң нормалары арқылы танылатын және қорғалатын
өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және билік ету құқығы
болып табылады.

1.2 Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншік құқығына ие болу объектілері
мен негіздері

1. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігіне, заң құжаттарына
сәйкес тиесілі бола алмайтын жекелеген мүлік түрлерінен басқа кез келген
мүлік меншікте болуы мүмкін. Бұл жағдайда мұндай шектеу тек заң арқылы
жүзеге асады. Мысалы, жеке меншікте қорғаныс, ерекше күзетілетін табиғат
аумақтарының, орман және су қорларының жер учаскелері, елді мекендер
жерлеріндегі жалпы пайдаланудағы, сондай-ақ заңда көрсетілген жағдайлардан
басқа ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер жеке меншікте бола алмайды ("Жер
туралы" Заңның 18-бабы).
"Жер туралы" Заңға сәйкес мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке
меншігінде өзінің мақсатына сәйкес үйлер мен ғимараттарды қамтуға арналған
жерлерді қоса алғанда, құрылыс салуға берілген (берілетін) немесе
өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үй-жайлар, үйлер,
ғимараттар және олардың кешендері салынған жер учаскелері бола алады.
Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншік құқығы объектілері жөніндегі
мәселелерді шешу үшін оларды коммерциялық және коммерциялық емес деп бөлу
маңызды рөл атқарады. Коммерциялық, билігіндегі мүліктердің көлемі
коммерциялық, емес ұйымдарға қарағанда анағұрлым кең келеді. Бұл, жоғарыда
айтып өткеніміздей, құқықтық қабілеттілікке байланысты (жалпы және
арнаулы).
Жеке меншікте мүліктердің саны мен құны заңмен шектелмейтін бола тұрса
да белгілі бір шектеулер болғаны анық. Ол заңда басқа тұлғалардың құқығы
мен заңмен қорғалатын мүддесіне нұқсан келетіндей жағдай орын алса ғана
жүзеге асады. Құқықтар мен заңды мүдделерді бұзу меншік иесінің
монополиялық немесе басымдық мүмкіндіктерін асыра пайдаланудан көрінеді.
2. Заңда мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігін қалыптастыру
тәсілі жалпы және арнайы түрлерде кездеседі. Сонымен қатар мемлекеттік емес
заңды тұлғалардың жерге және басқа табиғи ресурстарға, тұрғын үйге меншік
құқығына ие болудың өзіндік ерекшеліктері бар.
Меншіктің пайда болуының жалпы негіздеріне мекемелердің
(қатысушылардың) салымдары, сондай-ақ табыстары мен заңмен тыйым
салынбайтын басқа да көздері жатады. Сондықтан да мемлекеттік емес заңды
тұлғалардың көздерін қалыптастыру мемлекеттің немесе оның әкімшіл-аумақтық
бірлігіне жататын мемлекеттік заңды тұлғалардың мүліктерінен ерекшеленеді.
Мемлекеттік кәсіпорындарды жалға алып, кейін оны сатып алу көзделсе, ол
арнайы тәсіл болып табылады. Сондай-ақ оған мемлекеттік емес заңды
тұлғалардың меншігіне мемлекеттік мүлікті тікелей сатып алу, мемлекеттік
кәсіпорындарды акционерлік қоғамға айналдыру (компанияға) да тиесілі
болады.

2-тарау. Шаруашылық серіктестіктерінің және акционерлік қоғамдардың меншік
құқығы

2.1 Шаруашылық серіктестіктерінің және акционерлік қоғамдардың меншік
құқығы

1. Шаруашылық серіктестіктері негізгі мақсаты пайда түсіріп, оны
қатысушылары арасында бөлуді алдына негізгі міндет етіп қойған коммерциялық
ұйым болып табылады.
Азаматтық кодекстің 188-бабының 2-тармағына сәйкес шаруашылық
серіктестігіне өз қалауынша өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету
құқығы беріледі. Демек серіктестіктің мүлкі оған қатысушылардың мүлкінен
бөлектенеді, сондықтан да бұл меншік біртұтас меншік деп аталады.
Серіктестіктердің өз қатысушыларынан осылайша тәуелсіз болуы оның шектеулі
жауапкершілікпен заңды түрде қызмет етуін қамтамасыз етеді. Қосымша
жауапкершілігі бар және акционерлік қоғамдар (компаниялар) бір немесе
бірнеше құрылтайшымен құрылуы мүмкін (АК-тің 40-бабының 1-тармағы).
Шаруашылық серіктестіктер жекелеген қызмет түрлерімен тек арнайы рұқсат
лицензия арқылы айналыса алады.
Қатысушыларға шаруашылық серіктестіктерінің мүлкі емес, құқықтарын
жүзеге асыру арқылы мүлкінің бір бөлігі ғана тиесілі. Кез келген негіз
бойынша үлеске деген құқығын жоғалту қатысушының серіктестіктен шығуына
әкеп соғады. Осыған байланысты шаруашылық серіктестігінің оның мүлкіне тек
міндеттемелік құқығын сақтайды. Шаруашылық серіктестігінің мүлкіндегі
қатысушылардың үлесі пайыздық шамамен, ал акционерлік қоғамда акция
мөлшерімен есептеледі ("Шаруашылық серіктестігі туралы" Жарлықтың 7-бабының
2-тармағы). Шаруашылық серіктестіктің мүлкіндегі барлық қатысушылардың
үлестері ережеге сәйкес, жарғылық қорға салған салымдарына орай жүзеге
асады. Мысалы, жауапкершілігі шектелген серіктестіктің құрылтайшылық
құжаттарыңда серіктестіктің бір қатысушысына тиесілі үлестің ең жоғары
көлемі шектелуі мүмкін. Мұндай шектеу белгілі бір қатысушының қатынасына
байланысты тағайындалмауы мүмкін. Құрылтайшылық құжаттар негізінде
серіктестікке қатысушылардың үлес арасалмағы тең дәрежеде өзгеруін жоққа
шығаруға болмайды ("Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкерішілігі
бар серіктестіктер туралы" Заңның 28-бабы).
Жарғылық қордың көлемінің өзгеруі серіктестікке жаңадан қатысушы
алудан немесе одан бұрынғы қатысушының шығуынан болады, нәтижесінде әлгі
қатысушылардың әрекетіне байланысты қайта есеп жүргізіледі. Қатысушылар
өздерінің салымдарының көлеміне сәйкес мынадай құқықтарды жүзеге асырады:
а) серіктестіктің басқару ісіне қатысушылардың қатысу құқығы; ә)
қатысушылардың арасында серіктестік түсірген пайданы (кірісті) бөлуге
қатысу құқығы; б) серіктестіктің мүлкіндегі үлесіне орай қатысушының
құқығы.
Серіктестіктің қарызына сәйкес олардың қатысушыларының мүлкін
біріктіру және жауапкершілік дәрежесі мұндай шаруашылық серіктестігін екі
категорияға бөлуге мүмкіңдік береді. Бірінші категорияға толық және сенім
серіктестігі жатады (оларға акция шығаруға тыйым салынады, кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыру, олардың мүшелері жеке қатысуымен негізделген, оның
қатысушыларының өздерінің барлық мүліктерін келісіп жауапкершілік етуі), ал
екінші категорияға — жауапкершілігі шектелген серіктестік, қосымша
жауапкершілігі бар серіктестік және акционерлік қоғам жатады (кепілдік
сипаты бар жарғылық қордағы капиталды жинақтау, бұл орайда жауапкершілік
жарғылық қордың шеңберінде болады, ал бұл ережеден тыс жағдайлар әдейі
заңмен қарастырылуы мүмкін).
Азаматтық кодекстің 94 және 95-бабына сәйкес акционерлік қоғамның
(компанияның) еншілес және тәуелді шаруашылық қоғамдарын құруға хақысы бар.
Мұндай кәсіпорыңдар заңды тұлға болып табылады (бұл оның филиалдар мен
өкілдіктерден айырмашылықтары болып есептеледі). Егер акционерлік қоғамның
дауыс беруші акцияларының жиырма пайыздан астамы, басқа (қатысушы,
басымырақ) заңды тұлғанікі болса, ол тәуелді қоғам деп танылады. Жарғылық
капиталының (шығарылған жарғылық капиталының), басым бөлігін басқа заңды
тұлға қалыптастырылған не олардың арасында жасалған шартқа сәйкес (не өзге
де түрде негізгі ұйым осы ұйымның қабылдайтын шешімдерін айқындай алатын
заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады.
Қоғамдарды негізгі және еншілес деп бөлу өздері үшін де, жақ үшін де
құқылық жағдайларды алып келеді (ең алдымен еншілес қоғамның несие
берушілері мен акционерлері).
Шаруашылық серіктестерінің меншік иесі заң актілерінен және жарғылық
құжаттарға сәйкес жұмыс істеп жатқан өзінің органдары арқылы өкілеттігін
жүзеге асырады.
Шаруашылық серіктестігінің органы серіктестіктің айтқанын істейді және
оның әрекеті өзіне берілген өкілеттік шеңберінде жүзеге асып, заңды
тұлғаның атынан әрекет етеді.
Сонымен, шаруашылық серіктестік басқару түрін таңдауда, шаруашылық
шешімдерін қабылдағанда, артық өнімді сату мен бағаны белгілегенде, еңбекке
ақы төлеу мен таза табысты бөлгенде, толық шаруашылық дербестікке ие
болады. Оның мемлекеттік кәсіпорыннан айырмашылығы, оның өзінен жоғары
тұрған әкімшілік органы жоқ, ол барлық әрекетті заңға сәйкес шеше береді.
Шаруашылық серіктестіктің өкілеттігі жарғыдағы айтылғандармен шектеліп
қалмайды. Сол себепті де жарғыдан тыс, бірақ заңға қайшы келмейтін
келісімдерді жүзеге асыра береді.
Шаруашылық серіктестік мүлкінің құрамына кіретін объектілер түрлері
үшін әртүрлі билік ету өкілеттігін жүзеге асыру тәртібі болады. Бұл тәртіп
не заңмен, не құқылық құжаттармен, не құрылтайшылық құжатпен реттеледі.
Мысалы, акционерлердің жалпы жиналысының құзырына пайданы бөлісу мен келген
зиянды өтеу мәселелері жатады ("Акционерлік қоғам туралы" Заңның 48-бабы).
2. Шаруашылық серіктестігінің меншік құқығын алу негіздері болып
табылатындар: құрылтайшылардың салымдары, олардың жиынтығы серіктестіктің
жарғылық қорын құрайды; серіктестіктің қызметі барысында құралған,
өндірілген және алынған мүліктер.
Салым мүлік түрінде де болуы мүмкін. Шаруашылық серіктестіктің
жарғылық қорына қатысушылардың салатын салымының тізімдері заңмен
шектелмейді. "Шаруашылық серіктестік туралы" Жарлықтың 6-бабының 2-
тармағына сәйкес шаруашылық серіктестіктің салымының құрамына заңмен
бекітілген ретте Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы түрінде ақша
қаражаты, шетелдік валюталар енеді, сондай-ақ ғимарат, құрылыс, құрал-
жабдық, шикізат, материалдар, тауарлар, өнімдер, бағалы қағаздар, басқа да
материалдық бағалы бұйымдар, бөтенге берілген мүліктік, оның ішінде жер
пайдалану мен интеллектуалдық, қызмет нәтижесіне берілген құқық және басқа
да мүліктер енгізіледі.
Салымды жеке мүліктік емес құқық және материалдық емес игіліктер
түрінде енгізуге болмайды. Сондай-ақ қатысушылардың серіктестікке
талаптарын есептеу жолымен енгізуге жол берілмейді. Құрылтайшылардың
(қатысушылардың) жарғылық капиталға заттай нысанда немесе мүліктік құқықтар
түрінде салған салымдары барлық құрылтайшылардың келісімі бойынша немесе
серіктестіктің барлық қатысушыларының жалпы жиналысының шешімі бойынша
ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның құны 20 мың айлық есептік
көрсеткіш мөлшеріне бара-бар сомадан асып кетсе, оның бағасын тәуелсіз
сарапшы растауға тиіс (АК-тің 59-бабы 1-тармағының 2-бөлігі).
Салым серіктестікке пайдаланатын мүлік ретінде берілгенде, мұндай
салымның көлемі оны пайдалану ақысымен анықталады. Құрылтайшылық құжаттарда
мұндай мүлікті бүкіл мерзім ішінде пайдалану көзделеді. Шаруашылық
серіктестіктің жарғылық капиталында салым ретінде берілген мүлікті жалпы
жиналыстың шешімінсіз мерзімінен бұрын алуға болмайды. Егер зат бүлініп не
жойылып кеткен жағдайда, ал оның өзі құрылтайшылық құжаттарда қаралмаған
болса, онда серіктестіктің пайдалануындағы мүлік оның меншік иесіне
қайтарылады.
1995 ж. 25 желтоқсанда қабылданған "Қозғалмайтын мүлік пен онымен
жасалатын келісімдерді мемлекеттік тіркеу туралы" Жарлықтың 3-бабына
сәйкес, қозғалмайтын мүлікке меншік құқығы мемлекеттік тіркеуден өткен
сәттен басталады. Осыған байланысты меншік құқығы қандай тәсілмен
бекітілмесін, бәрібір қозғалатын мүлікке берілетін меншік құқығы
мемлекеттік тіркеу сәтінен басталады.
Интеллектуалдық қызметтің нәтижесіне құқықты салым ретінде пайдалану
үшін қатысушының заңда көрсетілген құқықты бекітетін құжаттары болуы тиіс
(патент және т.б.) ("Шаруашылық серіктестік туралы" Жарлықтың 6-бабының 2-
тармағы).
Қазақстан Республикасының "Шетелдік инвестициялар туралы" Заңның 15-
бабының 4-тармағына сәйкес серіктестік қатысушылары шетелдік инвесторлар
болған жағдайда, олар жарғылық қорға өздерінің салымдарын шетелдік валюта
түрінде енгізе алады. Біріккен кәсіпорын мен шетел қатысушыларының жарғылық
капиталына салым мүлкінің үлесі шетелдік валютамен айқындалуы мүмкін.
Серіктестіктің қызметінің түрі мен сипатына байланысты кей жағдайда
жарғылық қорға салым бола алатын жекелеген мүлікке заңмен шектеу жасалуы
мүмкін.
Егер қатысушының салымы біршама уақыттан кейін ғана пайдаланылуы
мүмкін мүлік болса, мұндай салым жалпы жиналыстың шешімі бойынша
қатысушыдан салымның сипаты, оның ақшалай бағасы мен енгізу мерзімі
көрсетіліп, нотариат куәландырған борыш міндеттемесін алған күннен бастап
енгізілген деп танылуы мүмкін. Мұндай мерзім 3 жылдан аспауы керек
("Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер
туралы" Заңның 24-бабының 5-тармағы). Шаруашылық серіктестігінің жарғылық
капиталының көлемі шектеусіз болады, бірақ та қызметінің сипаты мен нақты
түріне орай заң олардың жарғылық қорының ең төменгі мөлшерін тағайындайды,
ол қатысушылардың салымы салынған сәтте айлық есептік көрсеткіш мөлшерімен
өлшенеді. Жарғы капиталының көлемін азайту белгіленген ең төменгі мөлшерден
кеміп кетпеуі керек, әрі қалыптан төмендетіп жіберуді сот арқылы реттеуге
мүдделі жақтардың ұмтылысына жол берілмейді ("Шаруашылық серіктестік
туралы" Жарлықтың 6-бабының 6-тармағы).
Шаруашылық серіктестіктерінің қызметі нәтижесінде олардың жарғылық
капиталының өзгеруі (көбеюі не азаюы) мүмкін.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының бірі немесе
жаңадан қабылданған қатысушы қосымша жарна енгізу арқылы жарғылық капиталды
көбейтіп жібергенде ондай салым серіктестіктің ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Заңды тұлғалардың кейбір түрлерінің меншік құқығы
Мемлекеттік емес заңды тұлғалар
Мемлекеттік меншік құқығы жайлы
Мемлекеттік меншік құқығы ұғымы
Мемлекеттік және жеке меншік құқығы
Мемлекеттік меншік құқығы
Заңды тұлғалардың ұғымы
Коммерциялық заңды тұлғалардың түсінігі
Заңды тұлғалардың түрлері туралы
Заңды тұлғалардың мүлік салығы
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь