Мектепке дейінгі балалардың зейінін дамыту тәсілдері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1-ТАРАУ. ЗЕЙІН ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК, ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Зейін түрлеріне сипаттама . . . 6
  2. Зейіннің қасиеттеріне шолу жасау . . . 9
  3. Зейін ұғымын зерттеуші ғалымдар . . . 12
  4. Зейіннің адам өмірінде алатын орны . . . 14

2-ТАРАУ. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕЙІНІН ДАМЫТУ ТӘСІЛДЕРІ

2. 1. Мектепке дейінгі балалардың зейіндерінің дамуы және оны тәрбиелеудің маңызы . . . 17

2. 2. Баланың зейінін дамытудың бір топ тәсілдері . . . 18

2. 3. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕЙІНІН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

2. 3. 1. Зейінді зерттеу әдістемелеріне үлес қосушы ғалымдар . . . 26

2. 3. 2. Зейінді зерттеу әдістері . . . 27

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 31 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 33

ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі

Бүгінге дейін мектеп балаларындағы зейін психологиясының теориялық негіздері толық ашылмай, әсіресе эксперименталды зерттеулер қолданбалы дәрежеде жеткілікті қалыптаспаған. Сонымен қатар зейін психологиясында көптеген жетістіктерге қарамастан қиыншылықтар мен қарама-қайшылықтар баршылық. Зейін психологиясына қатысты көптеген шешімін таппаған күрделі мәселелер де жеткілікті. Педагогикалық психология ғылымының басқа гуманитарлық ғылымдардан айырмашылығы, әлеуметке міндетті түрде пайдалы болу және тұлғаның мүмкіндіктерін жетілдіруге бағытталуы тиіс. Мұнда негізгі міндет білім жүйесіндегі психологиялық зерттеулердің теориялық-әдіснамалық негіздерін қамтитын білімдерді кешенді жүйемен қалыптастырып іс жүзінде нақты мәселелерді шешудің жолдарын көрсету маңызды. Қазіргі кезде білім саласындағы талаптардың бірі танымдық іс-әрекет үрдісін тұлғаға бағдарлай оқыту тұжырымдамасын басшылыққа алуда. Сол себепті зейін мәселесінің тағдыры мен оны шешу - психология ғылымының өзекті тақырыптарының бірі.

Курстық жұмыстың тақырыбы : Мектепке дейінгі балалардың зейінін дамыту тәсілдері мен зерттеу әдістері

Зерттеу объектісі: Мектепке дейінгі мекеме

Зерттеудің мақсаты: Мектепке дейінгі жастағы балалардың зейін қасиеттерін дамыту үрдісінің динамикасын психологиялық теорияларды басшылыққа ала отырып, мектепке дейінгі мекемедегі оқу-тәрбие үдерісінде кешенді жүйемен арттыру жолдарын қарастыру

Зерттеудің міндеттері:

- Отандық және шетел зерттеулеріндегі зейіннің психофизиологиялық, психологиялық теорияларын талдауда зейіннің анықтамасының, түрлерінің, қасиеттерінің психологиялық мазмұнын қазіргі психологиядағы ғылыми тұжырымдарын ескере жаңаша өңдеу.

- Балаларда зейін қасиеттерін дамытудың теориялық-әдіснамалық мазмұнын ашып, қолданбалы мүмкіндіктерін зерттеу.

- Зейін қасиеттерін (тұрақтылығын, шоғырлануын, ауысуын, бөлінуін, көлемін) тұлғаға-бағдарлай оқыту және балаларға көрнекілік құралдарды пайдалана отырып зейін деңгейін анықтау контексінде эксперименталды зерттеу.

- Зейін қасиеттерін дамытуға негізделген іс-әрекет үрдісін тиімді ұйымдастыру жолдарын сараптау.

- Мектепке дейінгі балалардың зейінін қалыптастыру және дамыту барысында туындайтын қиындықтарды сараптау мен оларды шешу мүмкіндіктерін зерттеу.

- Психологиялық қызмет атқару жүйесіне, зейін қасиеттерін жетілдіруге бағдарланған психологиялық көмекті ұйымдастырудың сынақтан өткізіліп мақұлданған ғылыми-әдістемелік жүйесін ұсыну.

Зерттеудің ғылыми болжамы:

Егер оқыту жүйесінде мектепке дейінгі балалардың зейінін дұрыс ұйымдастыру және қалыптастыру жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілсе, онда балалардың сана - сезімнің жетілуіне, жүйке жүйесінің типтік ерекшеліктерін дамытуға, ақыл-ой қызметінің белсенділігіне, жеке тұлғалық қасиеттердің толысуына қол жеткізуге болады

Зерттеудің теориялық маңызы: Зейін психологиясы бүкіл әлемдік зерттеулердің нәтижелері негізінде кешенді қарастырылып, психологияның жетістіктеріне қажетсінетіндердің іргелі және қолданбалы білімдерін дамытуға мүмкіндік жасалды. Зерттеу мақсатын теориялық талдау арқылы алғаш рет зейін ұғымының анықтамасы психология ғылымының қазіргі пәніне сәйкес өңделді. Жұмыста алғаш рет зейіннің түрлері мен қасиеттерінің теориялық сипаттары толықтырылып өңделген мазмұн кең ауқымды бүтіндік жүйе ретінде ұсынылды. Педагогикалық іс-әрекетте зейін қасиеттерінің рөлі мен міндеттерінің мазмұны теориялық және тәжірибелік тұрғыдан тұтастық принципін басшылыққа ала талданды.

Зерттеудің әдістемелік маңызы: Зейін қасиеттерінің арту деңгейін анықтайтын әдістемелер сарапталып зерттеулер жүргізу негізінде талданды. Іс-әрекет барысында жетекші рөл атқаратын зейін қасиеттерін зерттеу арқылы мектепке дейінгі баланың жұмысқа қабілеттілігі зерттелді.

Зерттеу әдістері: психологиялық, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік материалдар мен әдебиеттердегі зейін туралы ғылыми деректерді кешенді жүйемен салыстырмалы талдау, зерттеу нысаны мен пәніне байланысты негізгі ұғымдарды сараптау, эксперименталды-диагностикалау әдістемелері, француз психологы Б. Бурдонның әдістемесі, Ландольт сақиналары, Мюнстерберг әдістемесі, байқау және әңгімелесу әдістері педагогикалық тәжірибені сараптауда іске асырылды.

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

1-ТАРАУ. ЗЕЙІН ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК, ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Зейін түрлеріне сипаттама

Адамдардың зейіні ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді.

Сыртқы дүниенің кез келген объектілері кейде ырықсыз-ақ біздің назарымызды өзіне тартады. Мәселен, көшемен кетіп бара жатқан адамның бойаулы афишаға көзі түссе, оған мойнын бұрады не милиционердің ысқырығына жалт қарайды тағы басқа. Адам өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Зейіннің бұл түрі әсіресе жас балаларда жиі кездеседі. Өйткені, балалық дәуірде адамның күрделі іс-әрекеттері (оқу, еңбек т. б. ) белгілі жүйеге келе қоймайды да осының нәтижесінде оның психикасы өте нәзік, түрлі сыртқы әсерге берілгіш келеді. Әрине, бұдан бала есейген соң, оның ырықсыз зейіні маңызын жояды деген қорытынды тумау қажет. Адам өмірінің барлық кезеңдерінде ырықсыз зейін тиісінше орын алып отырады. Қызығу - ырықсыз зейіннің бұлағы. Өйткені, қызықты іске көңіліміз тез ауады. Мәселен, қызықты кітап оқуға ырықсыз зейін жеткілікті. Ал қызықсыз кітапты оқу - ырықты зейінді керек етеді. Ырықты зейінде де қызығу орын алуы тиіс. Бірақ ырықты зейін де жанама, дәнекерлі қызығуды керек етеді. Мұнда адам істен шығатын нәтижеге қызығады, оны орындау үшін күш жұмсайды. Өйтпесе іс өнбейді, күткен нәтиже шықпайды.

Ырықсыз зейін физиологиялық тұрғыдан барлау (оринтировочный) рефлексінің жемісі болып табылады. Зейіннің бұл түрі жануарлар менадамдардың сыртқы ортамен байланысында үлкен роль атқарады. Ырықсыз зейін кез келген тітіргендіргіш арқылыпайда бола бермейді. Ырықсыз зейіннің көрінуіне төмегі жағдайлар себеп болады:

А) күшті тітіргендіргіштер ( көзді аштырмайтын жарық, жарық, қанық бояулы заттар, қатты дауыс, мұрын жаратын иіс т. б. ), заттар мен құбылыстардың жаңалығы мен қозғалысы (мәселен, адамның үстіндегі киімінің өзгеруі, дыбыстың, жарықтың артуы не кемуі т. б. ) .

Ә) адамның сыртқы дүниедегі объектілерге қатынас жасауының дәрежесі (қызығу, қажетсіну, көңіл күйінің хош болуы) ырықсыз зейінінің тууына жақсы әсер етеді.

Адамның ырықты зейіні әрекетті саналы түрде белгілі ерік, күшін жұмсау арқылы орындалуынан көрінеді. Ырықты зейінде белгілі бір мақсат көздеп, объектіге ерекше зер салып отыру көзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына дейін ерік-жігерді сарқа жұмсауды талап етеді.

Ырықты зейіні мынадай ерекшеліктермен сипатталады:

  • Қандай болмасын бір әрекеттің талабына сай зейінді бағындыра алу үшін іс-әрекетке тікелей кірісу қажет
  • Үйреншікті жұмыс жағдайын жасап алып, алаңдатын нәрселерден бойды аулататқан жөн.
  • Орындалатын істің мәнісін, маңызын түсіну үшін білімге шын ықыласпен берілген дұрыс.
  • Түрлі қолайсыз жағдайларда да жұмыс істеуге машықтау. Мәселен, көңілді алаң қылатын бөгде тітіркендіргіштердің (айқай-шу, тарсыл түрсілдерде де) әсеріне берілмей жұмыс істей беру. Бұл зейінді шынықтырудың, оны мықты және шыдамды етіп тәрбиелеудің ең жақсы жолы болып табылды.
  • Зейінді болуды өзіңе үнемі ескертіп отыру керек. Бір сөзбен айтқанда, ырықты зейін деп іс-әрекетті жоспарлы түрде ұйымдастыруды айтады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зейіннің қасиеттеріне шолу жасау
Мектеп жасына дейінгі балалардың зейін тұрақсыздығы
Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні
Мектеп жасына дейінгі баланың есте сақтау қабілеті және зейіні
Ойындар, жаттығулар арқылы мектеп жасына дейінгі баланың есте сақтау қабілеті және зейінінің дамуы деңгейін теориялық айқындау
Мектепке дейінгі жастағы балалардың ойлауын дамыту жолдары
Баланың зейінін тәрбиелеуде жеке адам туралы түсінік. Қиял және оның түрлері
Экологиялық мәдениет тәрбиесінің тұжырымдамасы
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдісінің дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz