Шәкәрім шығармаларын оқу – тәрбие жұмысында пайдалану


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3-5

І. Шәкәрім шығармаларындағы адамгершілік тәрбиесі идеяларын педагогикалық негіздеу

1. 1 Шәкәрім Құдайбердиев және оның шығармаларындағы адамгершілік қағидалар . . . 15-19

1. 2 Шәкәрім Құдайбердиев шығармаларының тәрбиелік мәні . . . 20-25

ІІ. Шәкәрім шығармаларын оқу - тәрбие жұмысында пайдалану

2. 1 Сабақта Шәкәрім шығармаларындағы адамгершілік идеясын тиімді қолдану . . . 25-29

2. 2. Сабақтан тыс уақытта Шәкәрімнің адамгершілікке арналған шығармаларын оқыту арқылы тұлғаны адамгершілікке тәрбиелеу . . . 30-31

Қорытынды . . . 32-33

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 32-34

Тіркеме

Кіріспе

Өзектілігі. Мектеп оқушыларында адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мәселесі барлық кезеңдерінде де өзектілігін жоймай, педагоика ғылымының зерттеу нысаны болудан тайған емес. Оның өнегелі үлгілерін өскелең ұрпақ тәрбиесінде пайдалану қажеттілігі мен теориялық - педагогикалық негіздері Аристотель, Сократ, Платоннан басталып, бұны алыс және жақын шетел педагогтары Я. А. Коменский, Жан - Жак Руссо, К. Д. Ушинский, В. АСухомлинский, А. С. Макаренко, Б. С. Гершунский, В. М. Гинецинский, И. Л. Подласый, М. Ф. Харламов, Н. Е. Щуркова, т. б. жалғастырып, психологтар В. Франкл, Л. И. Божович, Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, Ж. Ы. Намазбаева, Қ. Б. Жарықбаев, т. б. ғылыми - теориялық тұрғыдан тереңдетті.

ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде қазақтың қоғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өміріне белсене араласып, гуманистік, адамгершілік, демократтық, ағартушылық идеяларды туғызған және уағыздаған. Абайдың реалистік дәстүрін жалғасытырп, артына мол мұра қалдырған Шәкәрім Құдайбердіұлы ақын, жазушы, аудармашы, философ, шежіреші, өз бетімен ғылыми - білім биігіне жоғары көтерілген әмбебап ғұлама еді. Шәкәрім Құдайбердіұлы шығыстың және батыстың, орыс әдебиеттерімен жете таныса отырып, қазақ поэзиясына жаңа өрнек пен түр, мазмұн әкелді. Өйткені адамның жеке индивидум ретінде қалыптасуы, сананың жаңғыруы, өмірге көзқарастардың барлығы - ішкі дүниені жаңғырту мәселелерінде тұр еді.

Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы Абайдан кейінгі қазақ әдебиетінің классикалық стилі дамуының бір бағыты екені сөзсіз.

Қазақ халқының ауызға алар мақтаныштарының бірі Шәкәрім Құдайбердіұлының бүкіл адамзаттың алдыңғы қатарлы ойшылдары арасынан өзіндік ерекше орын алатынды дау тудырмайды.

Шәкәрім Құдайбердіұлының ойлаған, Шәкәрім көксеген армандар: өнер, ғылым, еңбекшілдік, қанағатшылдық, рақымшылдық, ақ ниет жолына тәрбиелеу мәселелері бүгіннің де, ертеңгінің де негізгі мәселелері екені анық.

Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық мұрасын танып білуде күні бүгінге дейін жарық көрген көркем әдеби, ғылыми зерттеу еңбектерге талдау жасау ақиық ақынның, арымас ағартушының шығармашылық мұрасын әлі де саралап, жан - жақты талдау жасау, әсіресе өзі бар өмірін сарп еткен педагогикалық идеяларына, ой - пікірлеріне байыпты да лайықты баға беру қажет деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Ол педагог - ағартушы ретінде халыққа білім беру саласындағы қызметкерлерге онша таныс емес. Оның қазақ мектебінде жұмыс істегені, ондағы білім мазмұнын жаңартуға ат салысқаны сол бір тоқырау кезеңдерінің әсерінен туындаған жікшілдік пен бұрмалаушылықтан жариялық көрмеді. Оның адамгершілік тәрбиеге байланысты (отанға, ана тіліне, туған елге сүйіспеншілік, ата - дәстүріне деген құрмет, инабаттылық, ізеттілік, патриоттық, интернацоиналдық сезім) айтқан құнды ой - пікірлері, гуманистік, көзқарастары практика жүзінде пайдаланылған жоқ. Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық мұрасының балалар мен жастарға адамгершілік тәрбие берудегі педагогикалық жағынан тиімді ықпалының нақты мүмкіндіктері мен олардың орта және жоғары оқу орындарында пайдаланудың қазіргі практикасы арасындағы қайшылық айқын байқалады

Зерттеудің мақсаты: Шәкәрім Құдайбердиев шығармаларындағы адамгершілік тәрбиесі ойларын оқу - тәрбие процесінде қолдану

Зерттеудің нысаны: Жалпы білім беретін мектептерде жоғарғы сынып оқушылары

Зерттеудің пәні: Шәкәрім Құдайбердиевтің шығарамаларындағы адамгершілік тәрбиесі туралы ойлары.

Зерттеу міндеттері:

  1. Шәкәрім Құдайбердіұлының педагогикалық мұраларының мазмұнына теориялық талдау жасау;
  2. Ақынның шығармаларындағы адамгершілік тәрбиесінің құндылығын анықтау;
  3. Ақыннның шығармаларын оқыту негізінде тұлғаны адамгершілікке тәрбиелеуге болатынын жүйелеп көрсету.

Зерттеу болжамы: Шәкәрім Құдайбердіұлының еңбектері арқылы оқушылардың адамгершілік қасиетін тәрбиелеу процесі тиімді болуы мүмкін, егерде:

  • оқушылардың адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеудің ғылыми - педагогикалық және әдістемелік негіздері анықталса;
  • сабақта және сабақтан тыс уақытта ақынның тәлімдік мұралары тиімді пайдаланылса;
  • ақынның шығрмаларындағы адамгершілік тәрбиесін өмірмен байланыстырып отырса;

І. Шәкәрім шығармаларындағы адамгершілік тәрбиесі идеяларын педагогикалық негіздеу

1. 1. Шәкәрім Құдайбердиев және оның шығармаларындағы адамгершілік қағидалар.

ХХ ғасырдың басы қазақ елі үшін орыс және еуропа елдерінің мәдениетін, әдебиетін, тарихын танудың және осы негізде ғылыми, философиялық тұжырымдар жасаудың кезеңі болды. Мысалы, ХІХ ғасырдың екінші жартысында Абай орыс әдебиетінің озық үлгілерін қазақ поэзиясына енгізіп, шығыс философиясы мен поэзиясының дүниетаным шеңберін кеңейтуге өз үлесін қосқаны сөзсіз. Бұл кезеңде әдеби шығармашылығында адамтануды, жеке тұлғаның ішкі дүниесіне мән беру мәселелері қойылды. Әсіресе, Шәкәрім, Мағжан, Жүсіпбек шығармашылықтары батыс пен шығыстың озық үлгілерін қазақ әдебиетіне әкеліп, жаңаша көзқарас қалыптастырады.

Қазақтың тәлімдік ой-пікірлері көшпелі елдің бала тәрбиелеудегі тәжірибесін жинап - сақтап ғылыми педагогиканың бастау бұлағы болғаны дау тудармайтын жәйт. Халықтық тәлім -тәрбиенің ғылыми педагогикадан айырмашылығы оның тәжірбиелік бағытта екендігін, сонда, халық тәрбиесі дегеніміз ең алыдмен жанұядағы тәрбие тәжірбиесі болғанына күмән жоқ.

Ақын-ағартушы Шәкәрімнің көзқарастары қыр халқының жас ұрпақты өсіру мен оқытып тәрбиелеудегі талаптарына сүйеніп негізделген.

Қазақ даласының ойшылдары әл - Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, ғұлама ағартушылар Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы педагог - ағартушылар тобы М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев, М. Дулатов, А. Байтұрсынов, С. Торайғыров ұлттық адамгершілік құндылықтардың негізін салған; философтар мен мәдениеттанушылар Ә. Нысанбаев, Д. Кішібеков, Ғ. Есім, Т. Ғабитов, т. б. ары қарай жалғастырды. Адамгершілік тәрбиесінің тарихи даму жолдарын зерттеген педагогтар Т. Т. Тәжібаев, А. И. Сембаев, Қ. Б. Бержанов, Г. А. Уманов, А. П. Сейтешев, халықтық педагогиканың негізін зерттеген ғалымдар, Қ. Б. Жарықбаев, С. Қалиев, С. А. Ұзақбаева ғылыми тұрғыда жүйелеп, ал адамгершілік тәрбиесін қоғамның қазіргі даму бағытына қарай С. А. Назарбаева, Қ. Қ. Жампеисова, Н. Д. Хмель, Г. Т. Хайруллин, А. А. Бейсенбаева, К. Г. Нұрғалиева, В. А. Ким, А. А. Калюжный, Л. А. Байсеркеев, Б. Ы. Муканова, В. В. Трифонов, Л. К. Керимов, Н. Н. Хан, А. Б. Нұрлыбекова, А. Н. Ильясова, Р. К. Төлеубекова, Э. А. Уринбасарова т. б . ғалымдар бұл мәселені педагогикалық - психологиялық тұрғыда зерттеді.

«Түрік, қазақ-қырғыз һәм хандар шежіресінде» Шәкәрім өзінің тұлға ретінде қалыптасуына демеуші болған үш кісінің есімін атаған. Солардың біріншісі - үлкен атасы тобықты руының биі Құнанбай қажы Өскенбайұлы.

Ерен әділдігімен ел ортасында құрметке бөленген Құнанбай қажының отбасы елге үлгі болып, бала тәрбиелеуде өз дәстүрлерімен ерекше көзге түсетін. Бұл ошақта Абай, Шәкерім, Ақылбай, Мағауия сияқты ақындар дүниеге келді. Шыққан тегіне, дәулет-байлығына мастанбай қажы әулеті балаларының әрбіреуі киіз үйді құру мен бұзу, бүркіт салу, аң аулау, құс ату, ет бұзу, темір-терсек соғу, арба мен сағат жөндеу, бұдан да басқа тұрмыс жұмыстарын атқарған. Үлкен атасы немере-шөбересінің ақыл-ойын, санасын, мінез-құлқын, қол өнерін халықтың әдет-ғұрпын сақтай тұрып ретімен дамыта білген.

Туған жұрттың өсіп-өнуін армандаған, келешек ұрпақты тәрбиелеу тәсілдерін іздеген, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына қамқорлық жасауын көздеген Шәкерім өзі шыққан отбасының, атасы Құнанбайдың тәліми тәжірбиесін үлгі тұтты.

Атасынан кейін ол ағасы Абай соның жетелеуімен ержеткені үшін ризалық білдірген. Ұлттының мақтанышы болған ағалы-інілі тек қан жағынан туыс болып қоймай, олардың жан сырлары, рухани ізденістері ұштасып жатты. Әдебиетке біртабан жақын болған Шәкәрім жастайынан ақыл-кені болған халықтың ауыз әдебиеті шығармаларын: жырлар мен өлеңдері, айтыс пен термені, қисса мен дастандарды көп білуге тырысты. Фольклор арқылы ақын туған даланың әдет-ғұрпын, тұрмыс-салтын, тарихын жетік білді десек, дау тумас. Сынды көзбен қарап қазақ елінің этнопедагогикалық талаптарын өз бойына сіңірді.

Халықтың тәлім-тәрбиеден ғылыми педагогикаға жол алғанының бір белгісі-19 жасынан бастап Шәкерімнің шежіре жинауға кіріседі. Бұл еңбектің мақсаты тек қазақ рулары мен хандары, жүздері мен батырлары тарихын зерттеп игеру еместін. «Шежіреде» ақын-педагог тарихи оқиғаларға орай өз түсініктерін айқындап, қазақ жастарының тарихи санасын, өзіндік этникалық санасын жетілдіру мақсатын көздегенді.

Фольклор арқылы ақын қыз бала мен ұл бала тәрбиелеудегі ата-ана рөлін, әке-шешеге деген балалардың сүйіспеншілігін, әйелге деген қамқорлықты, адам өмірінің құндылығы мен маңызын тапты. Ауыз әдебиеті қазақ халқының қоғамдық өмірін қалыптастырудағы, елді баулудағы әсері туралы ол әңгіме етіп тұратын. Жастар өзінің туып-өскен жерлерінде осындай шығармалардың бар болғанын біліп, адамгершілікті жоғары дәріптеген туыстарынан тәлім алсын деп ойлаған.

Шәкәрім нағыз таза ұлттық ортадан шығып, дала педагогикасы объектісі болып, ұлттық рухтағы тәлімді өз басынан өткізген кезі келгенде ұлттық пен жалпы адамдық педагогиканың субъектісі мен зерттеушісіне айналды. Ол өз заманына сай ғылыми көзқарастарға ие болған ағартушы адамның психикалық қызметінің табиғатын ашқанда, таным процестерінің механизмін көрсеткенде діни түсініктерден аулақ болған. Осы орайда айтып кеткен жөн болар: Шәкәрім ортағасырлардағы ұлы қазақ ғұламасы, энциклопедист Әл-Фараби және қазақ ойшылы Абай салған жолмен жүріп, солардың ой-пікірлерін дамытса, Шәкәрімінің еңбектері Ж. Аймауытов пен М. Жұмабаевтың оқулықтарына жол сілтейді.

Неше тіл білсең - сонша рет адам боласың дейді халық нақылы. Таза қазақы ортадан шыққанына қарамай ақын араб, парсы, татар, шағатай, өзбек, орыс тілдерін еркін меңгерген. Оның лингвистикалық талаптарын дүние жүзіндегі елдердің ғұламаларымен таныстырып, солардың демократтық, гуманистік идеяларына сәйкес өзіндік көзқарастарын түйіндеуге мүмкіндік берді. Шәкәрім Шығыс және Батыс мәдениетін меңгеріп, жалпы адамдық құндылықтарды, соның ішінде этнопедагогикалық, этнопсихологиялық, моральдық концепцияларды философиялық лирикасында, ғылыми аңсарларынада /трактат/ шынықтырып дамытқан.

Шәкәрімнің психологиялық тұжырымдамалары - оның көп жыл бойы Шығыс пен Батыс мәдениетін танып білуінің нәтижесі. Ақынның психологиялық көзқарастары философиялық лирикасында, «Үш анық» және «Мұсылмандық шарты» аңсарларында айқындалған. Психологияға деген қызығушылық оның 1919 ж. қазақ тілінде шыққан психология оқулығына пікір жазуға себеп болды.

Ең алдымен ақынды психологияның философиялық негіздері қызықтырған. Ол өзінің жан туралы, жанның қасиеттері мен қажеттіліктері туралы түсініктерін философияның негізі мәселелеімен ұштастырып қараған. Материя мен сананың қарым-қатынасы туралы сұраққа идеяализм тұрғысынан жауап бере тұра, бар болмыстың себепкері жаратушы-құдай деп, Шәкәрім тек өзіне тән дәлелдерді келтірді.

Психикалық қызметтің формалары туралы ойларында Шәкәрім гилозоистармен панпсихистарға бір табан жақын. Оның ойынша, жан адамдарда да, жануарларда да, өсімдіктерде де бар, бірақ, өсімдік пен хайуанат әлемде түйсік дәрежесі төмен болады. Шәкәрімінің адам танымы мен жәндіктердің психикасының сапалық айырмашылығы туралы жазғы ойлары қазақ қоғамындағы гносеология дамуындағы жаңа сөз, ой-пікір, жаңа кезең және саты ретінде Қазақстанның ғылыми психологиясының негізін қалағаны анықтан анық.

Ойшыл-рационалистің ерекше назарын аударған мәселенің бірі - таным процестерінің табиғаты, түп-тамыры. «Біз әр нәрсені денедегі сезімімізбен білеміз. Мұқым барлықтың бәрі жаралыс жолмен еріксіз бар болып жатқаның көріп, біліп тұрамыз . . . Тән сезіп, құлақ естіп, көзбен көрмек, мұрын иіс, тіл дәмнен хабар бермек. Бесеуінен мидағы ой хабар алып, жақсы, жаман, әр істі сол тексермек. » (Шәкәрім. Үш анық. )

Ақын-философ шығармаларында таным процестері материалистік диалектикадағыдай белгілі үш дәреже, сатыларға бөлінбеген.

Сонымен, Ш. Құдайбердіұлы халықтық тәлімді сынды електен өткізіп, дүниедегі сан түрлі педагогикалық тұжырымдарды жан-жақты қарастырып, этникалық және ғылыми педагогикалық ой-пікілерді өзара байланыстырып туған қоғамының қазынасына айналдырды.

Шәкәрімінің тарихи, ғылыми, философиялық, психологиялық, педагогикалық көзқарастары Қазақстан ғылымының негізін салған кәсіби пеагогтар, психологтвр, философтар мен тарихшылардың ойларының қайнар көзі болды.

Жас ұрпақты рухани - адамгершілікке тәрбиелеуде бұрынғы ата - бабамыздың асыл мұраларын, өсиетті сөздерін, ғибраттарын алдымызға жайып саламыз. Өйткені адамгершіліктің ақ туын жоғары ұстанған қағидалардың жас ұрпаққа берері мол. Сонау атадан келе жатқан ұлттық құндылығымыз - рухани - адамгершілік байлығымыз. Шәкәрім атамыздың шығармаларының тұнығы осы рухани тәрбие. Ғасырлар бойы Абай тәлімі адамзатты адастырмай алдына жорық салашырағданы болды. Абай ізін жалғастыруша адамдың жасын айнытпай танытқан., шәкәрім жырлары бүгінгі ұрпақтытың бойтұмары болмақ. Шәкәрім өлеңдерінің тақырып ауқымы өте кең. Соның ішінде ойып орын алар тақырып - рухани - адамгершілік мәселесіне қатысты ойлары. Ол адамгершілік ар - ұятты жоғары қояды. Оның өлең жолдарынан кісіліктің келбетін танытар асыл қасиеттерін сусындауға болады. Қазақ халқы қонақжай, бауырмал халық. Айналаңды дос тұту, байуырыңа тарту бұл да адамгершіліктің жоғарғы түрі. Осы Шәкәрім өлеңдерінде көрініс тапқан. Бұл тұрғыдан Шәкәрім атамыз: «Ойласаң, барша адамзат - туған бауыр» дейді. Ол өлеңдерінде қазағым, ұлтым, алашым деп өз жұртын бүйрегіне бұрсы, барша адамзатты бауыр тұтады. « Ғибадат пен адалдық ар үшін жи, - деп адамды нұрландыратын ақылы, не нәрсені де ақылға жендірсең адаспассың, бірақ ғылымысыз ақыл кем десе, ар - ұжданның ақ жолдан айнытпас серігің болатынына сенім білдіреді. «ақылды болсаң арыңды сақта, ар - ұят керек әр уақытта» деп ар - ожданды қастерлеп, оны адамгершіліктің туы санайды. Шәкәрім өлеңдерінің негізгі объектісі - адам. Ол адамды жақсылыққа жетелеп, жақсы қасиеттерді қалыптастыруға ұмтылады. Адам мінез - құлқындағы солақтық, еріншектік, бойкүйездікті сынайды. Бұл тұста оның «Сәнқойлар», «Қылжақбас», «Еріншек» деген өлеңдерін жазды. Шәкәрім адамның өмірін үш кезеңге бөлді. Өмірінің басы - бала, ортасы - жастық, содан соң қарттық шақ. Ақынның адамгершілік туралы ойларының қай - қайсысы да өсиет, үлгі ретінде келеді.

Шәкәрім өлеңдерінің идеясын ашу, рухани - адамгершілік қағидаларымен танысу, өлеңнің нақышына келтіре оқи отырып, негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру, Шәкәрімнің өлеңдері арқылы оқушылардың рухани байлығын, адамшгершілік қасиеттерін қалыптастырып, жаман мінезден аулақ болуға, адами сезімді қастерлеуге, сүйіспеншілікке, ішкі рухани тазалыққа үйрету, оқушылардың қоғамға өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға дағдыландыру үшін іздену - зернттеу сабағын сұрақ - жауап, пікірлесу, талқылау, зерттеу, шешімін іздеу, бір пікірге келу әдістерімен жүргізуге әбден болады. Жас ұрпақты рухани - адамгершілікке тәрбиелеуде бұрынға ата - бабамыздың асыл мұраларын, өсиетті сөздерін алдымызға жайып саламыз. Өйткені адамгершіліктің ақ туын жоғары ұстаған бабамыздың тәлім - тәжірибесініңс, ұстанған қағидаларының жас ұрпаққа берері мол. Сондықтан атадан келе жатқан ұлттық құндылығымыз - рухани - адамгершілік байлығымыз. Ақын кірсіз ақыл, мінсіз сөз, адал еңбек анық бақ деп біледі. Оның өзі де «Жолама қулар маңайға» өлеңінде:

Адамдық борыш ар үшін,

Барша адамзат қамы үшін,

Серт бергем еңбек етем деп

Алдағы атар таң үшін, - деп өз өмірінің бүкіл мәнісі еңбекте жатқанын айтады. Ал, «Адамдық борышың» өлеңінде бұл идеяны талқылай түседі. Шәкәрім шығармашылығын оқығанда Абайдың терең ойлы, маржан сөздері еріксіз еске түседі. Ол - заңдылық. Абай аталарының «Рақымдылық, мейірбандық, әр түрлі істе адам баласында өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар - жүрек ісі» деген афоризм боп қалыптасып кеткен сөздерін өткен сабақтағы шығармалардан білуге болады. Әсіресе, «Насихат» өлеңінде айқын білінеді. Ол су, от, жел, жер сықылды ұғымдардың екі жағын, екі түрлі қасиетін салыстырмалы түрде жырлайды да, соның айналаңа пайдасы болар жағын қала дегенді айтады.

Сусағанның сусыны бол су сықылды сұп - сұйық,

Бірақ мұндай болма салқын ел көңілін қалдырып.

От сықылды жылы болсын жүзіңіз бен сөзіңіз,

Бірақ мұндай махаббатсыз болма өртеп жандырып.

Жел сықылды желпі жұрттың шаршағанын талғанын

Жықпа үйін, болма құйын, қылма жаман аманын

Жер сықылды пайдалы бол, пайдалансын ел сенен.

Тасты жердей болма қатты, тілме жұрттың табанын, - деп насихат айтады.

Шәкәрімнің «Үш анық» атты еңбегінде ынсап, әділет, мейірім үшеуі қосылып, ұждан деген ұғымды береді дейді. Мысалы, «Еріншек» деген өлеңінде

Еріншектен салақтық

Салақтықтан надандық

Бірінен - бірі туады.

Жоғалтып сөйтіп адамдық - деп надандықты, еріншекті сынап, адам деген атыңда қалам десең, күн - түн демеә ғылым ізде дейді. Шәкәрім атамыз жас ұрпаққа алған білім, ғылымыңды келешек халқыңа қызмет етуге жұмсау - адамдық борышың екенің баса айтады. Ақынынң адамгершілік туралы ойларының қай - қайсысы да өсиет, үлгі ретінде келеді. Абай айтқан:

Талап, еңбек терең ой,

Қанағта рақым ойлап қой, - дегендегі талаптың Шәкәрім орынсыз жерге ұмтылтпайтын 6 түрлі ноқтасы бар деп оның қызметін жайып салады.

Шәкәрім өлеңдері уағыз, ақыл - кеңес, насихат түрінде келеді. Көбіне бұйрық райлы етістік көп кездеседі. Мысалы, «еңбекке шыда», «ебін тап», «өзімшіл болма», «көпті ардақта», «сусыны бол», «арыңды сатпа» тағы басқалар. Шәкәрім лирикасын қуаттандырып, нұрландырыптұрған қандай көркемдегіш құралдарын кездестіретініміз әркімге - ақ белгілі.

Шәкәрім жырларын оқып отырғанда қазақтың мақал - мәтелдері, нақыл сөздері, тұрақты сөз тіркесетері өлең сөздерімен ұйқасын тауып, өлеңді нәрлендіре түседі. Мысалы, «Есің бар да елің тап», «Өлімнен ұят күшті», «Сабыр түбі - сары алтын», «Ит иесін қаппайды», «Ақ ісіңе адам жақ», «Жетім бала иесіз, өзі кесер кіндігін», «Шел басыпты көзімді», «иіс білер мұрын жоқ» және тағы да басқалары. Анадан алғаш туғанымда » өлеңінде:

Еңбекке шыда ебін тап та,

«Сабырлық түбі - сары алтын»

«Өзімшіл болма, көпті ардақта»

Адамның бәрі өз халқың

Ынсап пен мейірім, әділетті,

Жаныңдай көріп, жан сақта

Ол жолда өлсек неміз кетті,

Мақсұтқа жетпей қалсақ та - деп туған жұртына өнеге ұсынады.

Оның өлеңдерінде ұждан, ар, ақыл сөздері жиі кездеседі.

Ақыл білім осындай ар жақтарлық

Айласыз, өтіріксіз жан сақтарлық

Үзіп - жұлып ұятсыз атанбай - ақ

Ақылмен жол табалық ел бастарлық

немесе

Ғылымсыз болса ақыл тұл,

Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр

Дұрыс деме құр сөйлеп,

Ақылға сынат, сабыр қыл, - десе ар туралы былай деп пайымдаған .

Ақ жолдан айнымас,

Ар сақта соны біл

немесе

Арың сатпа, теріңдң сат, адалды ізде,

Ғибадат пен адалдық ар үшін жи - деп баланы адамгершіліктің белгідлі бір шыңына жетелейді. Міне, ақынның осындай өлеңдері арқылы балаға рухани - адамгершілік тәрбиесін беруге болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім Құдайбердіұлының тәрбие жайлы ойлары
Абай, Шәкәрім, Мұхтар шығармаларының тәрбиелік қызметі
А. Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ойларды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу
А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеялардың сабақтастығы және оны оқу-тәрбие үрдісіне ендіру
Абай мұраларындағы «Толық адам» идеясын оқу-тәрбие процесінде пайдалану
Лириканы оқытудың тәсілдері
Мектепте Ж.Аймауытов шығармашылығын оқыту жолдары
Әдебиеттен сыныптан тыс жұмыстарының зерттелуі
Кітапханалық – библиографиялық процестерді автоматтандыру
Модульді - интерактивтік технология арқылы оқыту мәселесінің зерттелуіне шолу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz