Сорапты-циркуляциялық кешен



МАЗМҰНЫ

КІРІСЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 СОРАПТЫ.ЦИРКУЛЯЦИЯЛЫҚ КЕШЕН ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1 Бұрғылау сұйықтықтарын дайындау және ауырлату құрылғылары ... ... ... 6
1.2 Циркуляциялық жүйенің тазалау құрылғылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
1.3 Сору желілері және манифольд ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
1.4 Циркуляциялық жүйенің құрамы және технологиялық сұлбасы ... ... ... ..19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
КІРІСПЕ

Айналмалы бұрғылау әдісінің басты ерекшелігі-бұрғылау үрдісінде ұңғыманы жуу жүргізіледі. Сорапты-циркуляциялық кешен келесі функцияларды орындауға арналған :
- ұңғыма түбі мен қашауды бұрғыланған жыныстан тиімді тазалауды және бұрғыланған жынысты жер бетіне шығару үшін жеткілікті, құбыр сыртында көтерілу жылдамдықты қамтамасыз ететін бұрғылау, жуу және қатерлер зардаптарын жою процестерінде ұңғымадағы циркуляция үшін бұрғылау тізбегіне бұрғылау ерітіндісін айдауға;
- жынысты қирату және бұрғыланған жыныстан ұңғыма түбін тиімді тазарту үшін қашау саптамаларынан ерітіндінің жоғары жылдамдықпен ағып шығуын қамтамасыз ететін гидромониторлық қашаулармен бұрғылауда гидромониторлық әсерді жасауға;
- ұңғыма түбілік гидравликалық қозғалтқыштарды (турбобурларды, винттік қозғалтқыштарды) әрекетке келтiруге;
- бұрғыланған жыныстан және газдардан бұрғылау ерiтiндiсін тазартуға, оның берілген параметрлерін (тығыздығын, тұтқырлығын және тағы басқаларды) ұстап тұруға және реттеуге;
- жаңа бұрғылау ерiтiндiлерін даярлауға;
- ұңғыманың бiрнеше көлемі мөлшерiндегi бұрғылау ерiтiндiсінiң қорын сақтауға және циркуяция тоқтаған кезде оның қасиеттерін сақтауға.
Геологиялық жағдайлар мен бұрғыланып жатқан ұңғыманың техникалық қасиетіне байланысты, бұрғылау ертіндісінің құрамы мен сапасына қойылатын талаптар бойынша ,оның бірнеше түрі қолданылады:
Су негізінде жасалған бұрғылау ертінділері (сазды ерітінді, су, қатты фазасы-полимер сазды және сазсыз және т.б);
Сусыз негізде жасалған бұрғылау ертінділері («майдағы су» титі эмульцияға айналған көмірсутегі массасында жасалған ертінділер, газдан тазаланған мұнай және мұнай өнімдері);
Газ тәріздес жұмыс агрегаттары (ауа, табиғи және пайдаланылған газ, жану өнімдері);
Ауа қосылған бұрғылау ертінділері және көбік.
Бұрғылауға арналған бұрғылау ертіндісінің типін таңдау, әр ауданда ұңғыманы бұрғылаудың техникалық ерекшеліктерін ескере отырып, бұрғылануға арналған тау жыныстарының барлық кешенінің орналасуының геологиялық жағдайларын тиянақты және жан-жақты зерттеуге негізделген.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Мұсанов Ә. Ұңғыларды бұрғылау: Оқулық:- Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір» , 2013.-372б.
2. Б.Т. Ратов. Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау: Оқулық – Алматы: ҚазҰТУ, 2010-342б.
3. Баграмов Р.А. Буравые машины и комплексы: Учебник для вузов- м.: Недра, 1988.-501с.
4. Ратов Б.Т., Байхонов К.М. Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылаудың негіздері, Оқу құралы- Алматы: КҚУ, 2013-188б.
5. Интернет ресурстары

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСЕ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 СОРАПТЫ-ЦИРКУЛЯЦИЯЛЫҚ КЕШЕН ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...4
1.1 Бұрғылау сұйықтықтарын дайындау және ауырлату құрылғылары ... ... ... 6
1.2 Циркуляциялық жүйенің тазалау құрылғылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
1.3 Сору желілері және манифольд ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
1.4 Циркуляциялық жүйенің құрамы және технологиялық сұлбасы ... ... ... ..19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..22

КІРІСПЕ

Айналмалы бұрғылау әдісінің басты ерекшелігі-бұрғылау үрдісінде ұңғыманы жуу жүргізіледі. Сорапты-циркуляциялық кешен келесі функцияларды орындауға арналған :
- ұңғыма түбі мен қашауды бұрғыланған жыныстан тиімді тазалауды және бұрғыланған жынысты жер бетіне шығару үшін жеткілікті, құбыр сыртында көтерілу жылдамдықты қамтамасыз ететін бұрғылау, жуу және қатерлер зардаптарын жою процестерінде ұңғымадағы циркуляция үшін бұрғылау тізбегіне бұрғылау ерітіндісін айдауға;
- жынысты қирату және бұрғыланған жыныстан ұңғыма түбін тиімді тазарту үшін қашау саптамаларынан ерітіндінің жоғары жылдамдықпен ағып шығуын қамтамасыз ететін гидромониторлық қашаулармен бұрғылауда гидромониторлық әсерді жасауға;
- ұңғыма түбілік гидравликалық қозғалтқыштарды (турбобурларды, винттік қозғалтқыштарды) әрекетке келтiруге;
- бұрғыланған жыныстан және газдардан бұрғылау ерiтiндiсін тазартуға, оның берілген параметрлерін (тығыздығын, тұтқырлығын және тағы басқаларды) ұстап тұруға және реттеуге;
- жаңа бұрғылау ерiтiндiлерін даярлауға;
- ұңғыманың бiрнеше көлемі мөлшерiндегi бұрғылау ерiтiндiсінiң қорын сақтауға және циркуяция тоқтаған кезде оның қасиеттерін сақтауға.
Геологиялық жағдайлар мен бұрғыланып жатқан ұңғыманың техникалық қасиетіне байланысты, бұрғылау ертіндісінің құрамы мен сапасына қойылатын талаптар бойынша ,оның бірнеше түрі қолданылады:
Су негізінде жасалған бұрғылау ертінділері (сазды ерітінді, су, қатты фазасы-полимер сазды және сазсыз және т.б);
Сусыз негізде жасалған бұрғылау ертінділері (майдағы су титі эмульцияға айналған көмірсутегі массасында жасалған ертінділер, газдан тазаланған мұнай және мұнай өнімдері);
Газ тәріздес жұмыс агрегаттары (ауа, табиғи және пайдаланылған газ, жану өнімдері);
Ауа қосылған бұрғылау ертінділері және көбік.
Бұрғылауға арналған бұрғылау ертіндісінің типін таңдау, әр ауданда ұңғыманы бұрғылаудың техникалық ерекшеліктерін ескере отырып, бұрғылануға арналған тау жыныстарының барлық кешенінің орналасуының геологиялық жағдайларын тиянақты және жан-жақты зерттеуге негізделген.

1 Сорапты-циркуляциялық кешен

1.1-суретте бұрғылау қондырғысын екі жаққа әрекетті екі цилиндрлі сораптармен (дуплекс) (а) және бір жаққа әрекетті үш цилиндрлі сораптармен (триплекс) (б) жабдықтаған кездегі сорапты-циркуляциялық кешеннің (СЦК) негізгі элементтері. Ал 1.2-суретте СЦК құбырлар жүйесінің сұлбасы көрсетілген.
Тазаланған ерітінді қабылдау сыйымдылығынан 7 өздігінен ағып (1.1-сурет, а) немесе қосалқы сорап көмегiмен (1.1. сурет, б) бұрғылау сорабына 1 беріледі. Содан соң бұрғылау сорабы ерітіндіні жоғары қысыммен (40МПа-ға дейінгі) айдау желісі бойынша тұндырғышты манифольд 5 (1.2-сурет), иілгіш жең 6, жетектеуші құбыр (квадрат) 7 арқылы бұрғылау тізбегіне 8 және қашаулы 9 түптік қозғалтқышқа айдайды.
Қашау саптамасынан жоғары жылдамдықпен шығатын ерітінді ұңғыма түбі мен қашауды бұрғыланған жыныстан тазалайды. Бұрғыланған жынысты көтеру сақиналық кеңiстiктегi 10 ерiтiндiнiң жоғары жылдамдығы арқасында iске асады.
Жер бетіне шығарылған ерітінді ерітінді өткізгішпен, құрамына дірілдік елеуіш 10, құм айырғыш 9, газсыздандырғыш 8 кіретін, тазалау блогіне өтеді (1.1-сурет). Бұдан әрi тазалалған бұрғылау ерiтiндiсі оның қасиеттерiн қалпына келтiруге арналған құрылымға түседi және одан кейін қабылдау сыйымдылығына 7 бағытталады.
Сайып келгенде, сорапты-циркуляциялық кешенде бұрғылау ерітіндісі айдау желісі мен төменгі қарқынды бөліктен тұратын тұйықталған шеңбер бойымен айналады.

11

10
12 8

4
3
1
10 11 12 8

9 7

2
6
5
7

б)
1-бұрғылау сорабы; 2 және 3-пневмокомпенсаторлар; 4- цилиндрді тазарту және суыту жүйесі; 5-сору желісі; 6-қосымша сорап; 7-қабылдау сыйымдылығы; 8-газсыздандырғыш; 9-құм айырғыш; 10-дiрiлдек елеуiш; 11, 12-жапқыштар

1.1 - сурет. Дуплекс (а) және триплекс (б) типті сораптармен жабдықталған бұрғылау қондырғыларының СЦК компановкасы

1-бұрғылау сорабы; 2-қосымша сорап; 3, 4-пневмокомпенсаторлар;
5-тұндырғышты манифольд; 6-иілгіш шланг; 7-жетектеуші құбыр; 8-бұрғылау құбырлары тізбегі; 9-қашаулы түптік қозғалтқыш; 10-сақиналық құбыраралық кеңiстiк
1.2 - сурет. Сорапты-циркуляциялық кешеннiң құбыр жүйесiнiң сұлбасы

Айдау желісі (1.2-сурет), ерітінді бұрғылау сорабынан тұндырғышты манифольдқа, иілгіш жеңге, жетектеуші құбырға және бұдан әрi бұрғылау тізбегіне, түптік гидравликалық қозғалтқышқа, қашауға және құбыраралық сақиналық кеңістікке берілетін жоғары қысымдық құбырөткізгіштерден тұрады.
Бұл желі тығындау арматурасымен, сақтандырғыш клапанмен және бақылау-өлшеу аппаратурасымен жабдықтаған.
Циркуляциялық жүйенiң төменгі қарқынды бөлігі (1.1-сурет) ерітіндіні бұрғыланған жыныстан, құмнан, лайдан және газдан тазалауға арналған құрылымдармен, ерітіндінің қасиеттерін қалпына келтіруге және реттеуге арналған араластырғыш және жаға ерітіндіні даярлайтын құрылымдармен жабдықталады. Барлық құрылымдар сыйымдылықтармен құбырөткізгіштер жұйесімен жалғастырылған,жапқыштармен, айдаушы және қосымша сораптармен жабдықталған.

1.1 Бұрғылау сұйықтықтарын дайындау және ауырлату құрылғылары

Бұрғылау сұйықтықтарын дайындау және ауырлату құрылғылары жұмыс істеу пинциптері бойынша механикалық және гидравликалық болып бөлінеді. Соңғы жылдары ұнтақтәрізді материалдарды қолдану кеңінен тарағандықтан гидравликалық құрылғылар кеңінен сұранысқа ие. Механикалық сазараластырғышпен салыстырғанда олар жоғары өнімділікке ие, бұрғылау сұйықтарының қажетті сапасын қамтамасыз етеді және сұйықтықты дайындау үшін материалдарды үнемді пайдаланады. Бұрғылау сұйықтықтарын дайындау блоктарында (БСДБ) гидроэжекторлы араластырғыштар қолданылады.
Жылжымалы гидроэжекторлы араластырғышта 9 (2-сурет) ұнтақтәріздес материалдардан гидроараласпа дайындау үшін сұйықтықтың кинетикалық энергиясы қолданылады. Бұрғылау сораптары 4 МПа қысымнан артық емес қысыммен сұйықтықты құбырмен 12 араластырғыш шүмегіне 11 айдайды. Ол ауыстырылатын штуцерлармен жабдықталған, диаметрі 30 мм штуцерлер сазды ұнтақтармен және диаметрі штуцерлер 20 мм ауырлатқыштармен жұмыс істеу үшін арналған. Ағыншаның (струя) жіңішкеруінен шүмектегі сұйықтық жылдамдығы артады, ал қысымы азаяды. Қысымы төмендеген сұйықтық шүмектен сору камерасына түседі.
Туындайтын сиретудің нәтижесінде силостан 1 шланг арқылы 7 сору камерасына ұнтақ тәріздес материал сорылады. Диффузор арқылы өту кезінде ағын жылдамдығы төмендейді, ал қысымы өседі және алынған ерітінді келтеқұбыр арқылы 10 циркуляциялық жүйенің қабылдау сыйымдылығына ағызылады. Бір араластыру кезеңінде ерітінді тығыздығы 0,3-0,34гсм3-қа дейін өседі. Алынған ерітіндінің жеткіліксіз тығыздығында қайта араластыру жүргізіледі. Гидроэжекторлы араластырғыштың ПӘК-і төмен, бірақ қозғалмалы бөліктерінің жоқтығынан жоғары сенімділікке ие.

2-сурет. Бұрғылау ерітінділерін дайындау блогының конструкциялық сұлбасы
Бұрғылау сұйығын дайындау блоктары бастарный және затаренный сазды ұнтақтармен жұмыс жасауға арналған. Сазды ұнтақтардың негізіг массасы автоцементтасушылармен жеткізіледі және сығылған ауаның әсерінен құбыр 3 арқылы силосқа 1 жіберіледі. Гидроэжекторлы араластырғышқа берілмес бұрын ұнтақ тәріздес материалдар аэрирование жүйесінің 5 аэрожолдары 6 арқылы силосқа айдалатын ауамен қопсытылады. Артық ауа силостың қақпағында орнатылған фильтр арқылы атмосфераға шығарылады. Силостың төменгі бөлігінің конустәрізді пішіні бар және гидроэжекторлы араластырғышқа материалды беруді реттейтін сиреткіш 4 құрылғымен жабдықталған. Аз көлемде қолданылатын материалдар затаренный түрінде жеткізіледі және гидроэжектордың араластырғыш камерасына түсіретін воронка 8 арқылы себіледі. Воронка материалды беруді реттеу үшін сирету клапанымен жабдықталған.
Бұрғылау қондырғыларының циркуляциялық жүйелерінде БПР-70 және БПР-40 блоктары қолданылады. БПР-70 блоктарында ауалық сирету құрылғысы бар металл силостар қолданылады. БПР-40 блоктарының конструкциясы телескопиялық. Тасымалдау кезінде силостың жоғарғы бөлігі түсіріледі сондықтан тасымалдау жеңілдейді. Жұмыс жағдайында силостың жоғарғы бөлігі сығылған ауаның әсерінен көтеріледі және қатайтқыштармен бекітіледі.
Бұрғылау сұйығын дайындау блоктарының негізгі техникалық көрсеткіштері
Блок моделі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..БПР-70 БПР-40
Құрылғының өткізгіштік қабілеті, м3сағ:
бұрғылау сұйықтығын сазды ұнтақтардан
дайындау кезінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10 0 60
бұрғылау сұйықтығын ауырлату кезінде ... ... ... ... ... .50-100 30-60
Дайындалатын сұйықтықтың тығыздығы, гсм3
бетонитті сазды ұнтақтардан ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1,05-1,08
қарапайым сазды ұнтақтардан ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1,02-1,3
ауырлатылғаннан ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 1,3-2,3
Силостардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. Толық Телескопиялық
Силос көлемі, м3 ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 35 20
Блоктағы силостар саны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 2 2
Силостарды ұнтақпен толтыру тәсілдері ... ... ... ... ... .. Ауалық
Араластырғыш қондырғы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... Гидроэжектор
Эжекторға кіре берістегі сұйықтықтың қысымы, МПа... 2-2,5
Блоктың габариттері, мм:
ұзындығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6300 7500
ені ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3300 2800
жұмыс кезіндегі биіктігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 8000 7200
тасымалдау кезіндегі биіктігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8000 4000

Гидравликалық диспергатор ДГ-1 (3-сурет) бұрғылау сұйықтығының сұйық және қатты фазаларын жіңішке етіп ұсақтауға арналға. Ол камерадан 2, доғатәріздес кіреберіс құбырдан 1 және ағызу келтеқұбырынан 4 тұрады. Кіреберіс құбырдың шеттерінде сомындардың көмегімен қатты қорытпалардан немесе металлокерамикалық материалдардан жасалған ауыстырылмалы насадка 3 орнатылған. Насадка диаметрлерін диспергаторда бұрғылау сұйықтығын айдау үшін қолданылатын бұрғылау сораптарының берілістеріне байланысты таңдайды:
Бұрғылау сораптарының
берілісі, лс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16 20 24 28 32 38
Насадкалар диаметрі, мм ... ... ... ... ... .11-12 12-13 14 14-15 15-16 17

3-сурет. Гидравликалық
диспергатор

4-сурет. Гидравликалық араластырғыш

Насадкалардан 3 шығатын ерітіндінің жоғары жылдамдықты ағындары гидродинамикалық кавитацияға әкеледі. Кавитацияланушы ерітіндіде туындайтын ультрадыбыстық тербелістер қатты және сұйық фазалардың диспергирленуін күшейтеді.
ДГ-1 диспергаторының техникалық сипаттамасы

Жұмыстық қысым, МПа ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12-15
Дайын бұрғылау ерітіндісін беруі, м3с ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15-20
Насадкалар диаметрі,мм ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9,11,13,16
Масса, кг ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...76

Циркуляциялық жүйенің қабылдау сыйымдылықтарында бұрғылау сұйықтықтарының құрамдас бөліктерінің дұрыс таралуын және оның қатпарлануын болдырмайтын қамтамасыз ететін гидравликалық және механикалық араластырғыштар орнатады.
Гидравликалық араластырғыштар гидромониторға ұқсас жұмыс істейді. Ерітінді бұрғылау немесе ортадан тепкіш сорап арқылы гидравликалық араластырғыштың қабылдау келтеқұбырына 1 береді (4-сурет). Одан ерітіндіқұлып түріндегі шариктімойынтіректерде айналатын оқпанға 2 түседі. Қабылдау келтеқұбыры мен оқпанның арасында мойынтіректерге ерітіндінің ағыр кетуін және түсуін болдырмайтын тығыздауыш орнатылған. Оқпан шетіне салмалы сомынның 3 көмегімен ерітіндінің әсер ету ұзақтығын, жылдамдығын көтеру үшін коникалық түйісетін насадкалар 4 орнатылады.

5-сурет. Турбиналы-пропеллерлы араластырғышы бар механикалық араластырғыш

4-суретте өздігінен айналатын ПГС араластырғышының конструкциясы көрсетілген. Қарама-қарсы бағытталған бағаналарда 6 орналасқан насадкалардан 4 ерітіндінің жоғары жылдамдықта ағуы кезінде туындайтын реактивті күштер жұбы төртжақты 5 айналымға әкеледі. Осының арқасында қоюланған бөлшектерді араластыру және езу бұрғылау ерітіндісінің барлық көлемінде іске асырылады.
4УПГ гидравликалық араластырғышында оқпанды екі өзара перпендикуляр бағытта бұратын қолды басқаруы бар. 4УПГ типті араластырғыштарға қарағанда ПГ араластырғыштары арын бағытын реттейтін құрылғымен жабдықталған.

Гидравликалық араластырғыштардың техникалық сипаттамалары

Араластырғыш типі ... ... ... .. ПГС 4УПГ ПГ
Жұмыстық қысымы, МПа ... .. 4 4 6
Насадка диаметрі, мм ... ... ... 20,25,30,40 16,20,30,40 20,25,30
Көлемдік берілісі, лс ... ... ... - 15-20 -
Биіктігі, мм ... ... ... ... ... ... ... 1777 2200 2000
Масса, кг ... ... ... ... ... ... ... ... 38 33,5 23,8

Қозғалтқыш-бәсеңдеткіштен 1, біліктен 4 және араластырғыштардан 5 тұратын механикалық араластырғыш (5-сурет) бұрғылау ерітіндісіне арналған сыйымдылықтың жоғарғы бөлігіне сомындармен бекітілетін рамаға 2 орнатылады. Құрастырылмалы конструкциялы білік стаканға орнатылған 7 және ерітінді түспеу үшін құрсамамен 6 қорғалған коникалық мойынтіректерде 3 айналады. Араластырғыш сыйымдылықтың түбінен аз ғана арақашықтықта орналасады және айналу кезінде бұрғылау ерітіндісін араластыратын және ауырлатқыштардың тұнуын болдырмайтын ағын тудырады. Турбиналы-пропеллерлы араластырғыштар ПЛ араластырғыштарында бұрғылау ерітіндісінің араласуын күшейтетін ағын тудырады. ПМ араластырғыштарында қолданылатын қалақты араластырғыштарының тиімді әсері аз.

Механикалық араластырғыштардың техникалық сипаттамалары

Араластырғыш түрі ... ... ... ... ... ... . ПЛ1 ПЛ2 ПМ
Жетек қуаты, кВт ... ... ... ... ... ... ... .. 5,5 3 5,5
Араластырғыштың айналу
жиілігі, айнмин ... ... ... ... ... ... ... .. 130 60 45
Араластырғыш диаметрі, мм ... ... .. 700 1240 950
Араластырғыш түрі ... ... ... ... ... ... Турбиналы-пропеллерлы Қалақшалы
Қалақтар саны ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3х4 6х6 6
Габариттері, мм ... ... ... ... ... .. 700х1320х2700 1240х1320х2700 1430х950х3260

1.2 Циркуляциялық жүйенің тазалау құрылғылары

Бұрғылау ерітінділерін тазалау ұңғымадан бұрғылау ерітіндісінің құрамында болатын ірі және ұсақ бұрғыланған жыныстарды жою және басқа қоспалардан тазарту ретімен жүргізіледі. Бұрғылау ерітінділерін толық тазалау үшін циркуляциялық жүйелер тазалау қондырғыларының кешенімен жабдықталады. Бірінші тазалау сатысында ірі бөлшектерден тазалайтын (75мкм өлшемді) виброелектермен жүргізіледі. Зиянды қоспалардың ұсақ бөлшектері тазалаудың келесі сатыларында қолданылатын құмайырғыш (40мкм), сазайырғыш (25 мкм) және центрифуга (5мкм) арқылы тазаланады.
Виброелектерде бұрғыланған жыныстар немесе эксцентрикті (6,а-сурет) инерционды (6,б-сурет) вибраторлардың көмегімен вибрацияланатын тормен еленеді. Вибратор жетегі электрқозғалтқыштан және сыналы-ременді берілістен тұрады. Соңғы жылдары тербелістер амплитудасын дебаланстардың 1 (6,б-сурет) қалпын өзгерту жолымен реттейтін инерционды вибраоторлар кеңінен таралған. Бұрғылау ерітіндісінің тор тесіктерінен үлкен бөлшектері онда қалып қояды және тасымалдауыш науаша арқылы шламды амбарға түседі. Тазалған ерітінді тордың тесіктерінен өтіп циркуляциялық жүйенің қабылдау сыйымдылықтарына түседі.

6-сурет. Виброситалардың конструкциялық сұлбалары

Дірілдеуіш рамаларының санына қарай бір, қосарланған және үшеуленген бір, екі, үш ярусты көлденең немесе көлбеу орналасқан торлары бар деп ажыратылады (6,в-сурет). Дірілдеуіш рамалар жеке вибраторлармен және ерітіндінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЯЭҚ сораптары
Газ ұңғымасының түптік жабдықтары
Гамма теңіз кен орны
Тоңазыту камераларының суыту жүйелерінің жіктелуі
Магистралды мұнай құбырларының сорапты станцияларын автоматты басқару жүйесін құру
Хлорлау реакторында жүретін парафинді көмірсутектерді сұйық фазада хлорлау процесі қондырғысының реакторлық блогының технологиялық есептелуі
Мұнай өнімдерін тізбектей айдау
Мұнай айдаудың технологиялық схемасы
Қоршаған ортаның қазіргі жағдайына сипаттама
Ортадан тепкіш сораптың сулбасы
Пәндер