Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негізі



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негізі
1.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мәні мен мақсаты ... ... ... .5
1.2 Кәсіпорынның қаржы және оларды талдау міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың әдістері ... ... ... ... ... ... ...11

ІI Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдіру
2.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.2 Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен
төлем қабілеттілігін арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

III Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен табыстылығын арттыру
3.1 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен
іскерлік белсенділігін арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
3.2 Кәсіпорынның табыстылығын арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
Кіріспе

Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік-әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік («иесіз») меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік, басқарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен алмастыру - нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.
Тақырыптың өзектілігі. Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты тал-дау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық талдау мәселесі аз зерттелген, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді.
Курстық жұмыстың мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді анықтадым:
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау / Оқу құралы. – Алматы: Экономика. 2001 ж.
2. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Методика финансового анализа. - М.: ИНФРАМ, 2005
3. Русак Н.А. Анализ финансового положения предприятия. В учебнике «Анализ хозяйственной деятельности в промышленности». Под общ. ред. В.И. Стражева - Минск: Высшая школа, 2003
4. Радионова В.М., Федотова М.А. Финансовая устойчивость предприятия в условиях инфляции. — М.: Изд-во «Перспектива»,2001.
5. Крейнина М.Н. Анализ финансового состояния и инвестиционной привлекательности акционерных обществ в промышленности, строительстве и торговле. - М.: АО «ДИС», «МВ-Центр», 2000
6. Ковалев А.И., Привалов В.П. Анализ финансового состояния предприятия. - М.: Центр экономики и маркетинга, 2005
7. Балабанов И.Т. Анализ и планирование финансов хозяйствующего субъекта: Учебн. пособие. - М.: Финансы и статистика, 2004
8. Бухгалтерско-аудиторский портфель. ( Книга предпринимателя. Книга бухгалтера. Книга аудитора ) / Отв.ред. Рубин Ю.Б., Сол-даткин В.И. - М.: «ОМИНТЭК», 2006
9. Артеменко В.Г., Беллендир М.В. Финансовый анализ: Учебное пособие. — Издательство «ДИС», НГАЭ и У, 2007
10. Маркарьян Э.А., Герасименко Г.П. Финансовый анализ -М.: «ПРИОР», 2007
11. О бухгалтерском учете. Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, от 26 декабря 1995 г., №2732.
12. Стандарты бухгалтерского учета. Национальная комиссия Республики Казахстан. - Алматы,2003.
13. Бухгалтерский анализ: Пер. с англ. - К.:Торгово-издательское бюро ВНУ, 2002
14. Введение в бухгалтерское дело: Пер. с англ.: — К.: Торгово-издательское бюро ВНҮ, 2001
15. Руководство по финансовому учету, отчетности и аудиту. Первая редакция Центральный и операционный отдел учета и отчетности. Всемирный банк, январь 2006
16. Методические рекомендации по составлению финансовой отчетности. Утверждены директором Департамента методологии бухгалтерского учета и аудита. Министерства финансов Республики Казахстан 21.05.97 г., №7 /Бюллетень бухгалтера. 1997., №29.
17. Анализ хозяйственной деятельности в промышленности: Учебник ІИ.А. Богдановская, Г.Г. Виноградов, О.Ф. Моргун и др:. Под.общ. ред. В.И. Стражева. - Минск: Высшая школа, 2000

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негізі
1.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мәні мен мақсаты ... ... ... .5
1.2 Кәсіпорынның қаржы және оларды талдау міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... 8
1.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың әдістері ... ... ... ... ... ... ... 11

ІI Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдіру
2.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.2 Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен
төлем қабілеттілігін арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17

III Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен табыстылығын арттыру
3.1 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен
іскерлік белсенділігін арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
3.2 Кәсіпорынның табыстылығын арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

Кіріспе

Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік-әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік (иесіз) меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік, басқарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен алмастыру - нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.
Тақырыптың өзектілігі. Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты тал-дау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық талдау мәселесі аз зерттелген, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді.
Курстық жұмыстың мақсаты - кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді анықтадым:
-қаржы менеджменті саласында алған білімімді қолдану;
-өндірістік практикада жинаған тәжірибемді пайдалану;
-қарастырылып отырған мәселе бойынша статистикалық және заңнамалық материалдарды жинақтау және өңдеу;
-кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;
-жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жетіспеушіліктерді анықтау және оларды жою жолдарын ұсыну.
Жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жинаған мәліметтерімді үш бөлім бойынша топтастырып, жеке тоқталып өттім. Бірінші бөлімінде кәсіпорын қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негізі мен оның маңыздылығы, мақсаттары мен міндеттері, не үшін қажеттілігі, маңызы талданып, көрсетілген. Ал екінші бөлімде талдау объектісі ретінде Халлибуртон Интернэшнл Инк. компаниясы алынды. Оның негізгі қызметі мұнай өндірісі, құрылысы, мұнай газ өңдіру скважиналарын жөңдеу және іске қосуға қажетті құрал жабдықтарды жасау және жабдықтаумен айналысу болып табылады. Үшінші бөлімде кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту жөнінен ұсыныстар жасалды.

І Кәсіпорынның қаржылық жағдайын коэффициенттері талдаудың теориялық негізі
1.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мәні мен мақсаты

Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі - бұл талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін атқарады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым - қатынастағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің және оның серіктестіктерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы экономсикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгені бағалайды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай тиімді тарату мен пайдаланумен, сондай - ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым - қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер және т.б.) өзара қарым - қатынасы үлкен әсер етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу - жақсы қаржылық жағдайдың бірден - бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты кәсіпорындарға салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы үшін тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да кәсіпорының қаржылық жағдайы басқасына қарағанда жақсы болуы тиіс.
Қаржылық талдау - ол келесі мақсаттары бар қаржылық сипаттағы ақпаратты жинақтау, трансформациялау және қолдану әдісі:
Кәсіпорынның ағымдық және болашақ қаржылық жағдайларын бағалау;
Кәсіпорынның дамуының мүмкін және мақсатты типтерін олардың қаржылық қамтамасыз етілуі жағынан бағалау;
Қолжетерлік қаржы көздерін айқындау және оларды жұмылдыру мүмкіндігін бағалау;
Кәсіпорынның капитал нарығындағы жағдайын болжау.
Әрдайым өзгермелі ішкі және сыртқы кәсіпкерлік ортада кәсіпорынның жетісті қызмет ету және даму, өз активтерімен пассивтерінің тендігін сақтау, өз төлем қабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығын әрдайым сақтау қабілеттілігі оның тұрақты қаржылық жағдайы туралы куәландырады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау келесілер үшін қажет:
оның қаржылық жағдайларына әсер ететін факторларды анықтау;
қаржылық жағдай көресткішінің өзгерісін анықтау;
қаржылық жағдайлардың санды және сапалы өзгерісін бақылау;
белгілі уақыт кезеңіне кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау.
Нарықтық экономикада кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның экономикалық қызмет бойынша оның серіктестеріне, қаржы - салық органдары үшін де маңызды. Меншік иелері кәсіпорынның қаржылық жағдайын нарықта кәсіпорынның тұрақты жағдайын қаматмасыз ету және оның капиталының табыстылығын жоғарлату үшін талдайды.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, оның тұрақтылығы, оның өндірістік, коммерциялық және қаржылық қызметінің нәтижелеріне тәуелді. Егер көрсетілетін қызмет түрлерінде қойылған міндеттер жетісті жүзеге асырылса, онда бұл кәсіпорынның қаржылақ жағдайына оң әсерін тигізеді және керісінше, өндірістің және өніс өткізудің құлдырауы нәтижесінде түсім көлемі және пайда сомасы азайып, кәсіпорынның қаржылық жағдайының нашарлауына әкеледі. Осылай, тұрақты қаржылық жағдайы кәсіпорынның қаржы - шаруашылық қызметінің нәтижесін анықтайтын факторлардың барлық кешенін сауатты және тиімді басқарудың нәтижесі.
Қаржылық жағдайды талдаудың негізгі мақсаты - кәсіпорынның қаржылық жағдайын, оның пайдасы мен зиянын, актив және пассив құрылымындағы көрсеткіштерді, дебитор және кредиторлармен есептеулерді объективті және дәл бейнелейтін басты көрсеткіштерді алу.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты келесілер болып табылады:
1. қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
2. активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
3. айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен ара қатынасын анықтау;
4. қаржы - есептік және несие ережесін сақтау;
5. кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
6. ағымдағы активтердің айналымдылқ есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
7. баланстың өтімділігін, кәсіпорының қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
8. кәсіпорын табыстылығын бағалау;
9. кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай - ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептен шығару;
10. кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
11. кәсіпорының қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі - бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады.
Кәсіпорынның бірден - бір басты міндеті - оның қаржы жағдайының бағалылығы болып табылады және ол көрсеткіш жүйелерін немесе қаржы коэффициентін анықтайды. Негізгі қаржылық коэффициенттерді төмендегі үш санатқа топтастыруға болады:
1. Өтімділік (төлем қабілеттілігі);
2. Пайдалылық(табыстылық);
3. Активтерді басқару тиімділігі.
Қаржы ресурстарының құралуы түрлі көздер бойынша жүзеге асырылады. Олар ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі көздер меншікті және оларға теңестірілген қаржылар есебінен құрылады және шаруашылықты жүргізудегі нәтижелілігімен байланысты, ал сыртқы - кәсіпорынға сырттан түсетін ресурстар.
Кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемесін төлеуге қабілеттілігін өтімділік немесе төлем қабілеттілігі деп атайды. Кәсіпорын өтімділік болып саналады, егер де айналмалы активтерін іске асыра отырып, ол өзінің қысқа мерзімді міндеттемесін орындауға жағдайы болса.
Тез өтімділіктің коэффициенті - қысқа мерзімді несие қарыздарының ең өтіміділік активтердің ағымдағы міндеттеменің қатынасын білдіреді.
Дебиторлық қарыздардың айналым коэффициенті - егер дебиторлық қарыздарды тауардың кейбір шартты өлшемнің құны деп есептесек, қалай сатылса, бірақ төлемақысы әлі де алынбаған болса, онда дебиторлық қарыздардың айналым коэффициенті бір жылда неше рет бұл тауардың ақылы шартты өлшемін көрсетеді.
Несие қарыздарының айналым кезеңі - бұл коэффициент тауарларды сатып алуға және қызмет көрсетуге байланысты жеткізушілерге және несиегер компанияларға қажетті ақы төлеу үшін орта уақытын көрсетеді. Бұл коэффициент ақы төлеу жағдайына жеткізушілердің және несиегердің келісіміне, сол сияқты кәсіпорынның қолда бар босалқы қорларды басқару іскерлігіне байланысты болады.
Несиелердің орынын толтыру коэффициенті - ол компанияның қызмет табысының неше рет (дивиденттермен толық есеп ажырасқаннан кейін проценттік төлемақы сомасының және ұзақ мерзімді қарыздардың төлемақысының негізгі сомасының асқанын көрсетеді.
Төлем қабілеттілігінің коэффициенті - ол қарыз капиталының меншіктілікке ара салмағын бейнелейді.Бұл коэффициент кәсіпорын несиегерлерінің қандай деңгейде қатерден қорғалуын көрсетеді, кәсіпорын жеке кепілгер ретінде шығады. Сонымен қорыта айтқанда, бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, соғұрлым кәсіпорындардың қарыздары көп және соғұрлым оның тұрақсыздық ақуалы да орын алады.

1.2 Кәсіпорынның қаржы коэффициенттері және оларды талдау міндеттері

1. Кәсіпорынның бірден бір басты міндеті - оның қаржы жағдайының бағалылығы болып табылады және ол көрсеткіш жүйелерін немесе қаржы коэффициенттерін анықтайды.
Негізгі қаржы коэффициенттері төмендегідей үш топқа бөлуге болады:
oo өтімділік(төлем қабілеттілігі);
oo пайдалылық (табыстылық);
oo активтерді басқару тиімділігі.
Кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемесін төлеуге қабілеттілігін өтімділік немесе төлеу қабілеттілігі деп айтылады. Кәсіпорын өтімділік болып саналады, Егерде айналмалы активтерін іске асыра отырып, ол өзінің қысқа мерзімді міндеттемесін орындауға жағдайы болса.
1. Тез өтімділіктің коэффициенті - қысқа мерзімді несие қарыздарының ең өтімділік активтердің үлесін көрсетеді. Ол өтімділік активтердің ағымдағы міндеттеменің қатынасын білдіреді.

запастар
ағымдағы міндеттемелер
ағымды материалдық активтер
Тез өтімділік коэффициенті

= -

2. Дебиторлық қарыздардың айналым коэффициенті - егер дебиторлық қарыздарды тауардың кейбір шарты өлшемінің құны деп есептесек, қалай сатылса, бірақ төлем ақысы әлде алынбаған болса, онда дебиторлық қарыздардың айналым коэффициенті бір жылды неше рет бұл тауардың ақылы шартты өлшемін көрсетеді.
Дебиторлық қарыздардың айналым коэффициенті дебиторлық қарыздың қанша рет өткізуден түскен табысқа айналғанын көрсетеді.
Дебиторлық қарыздардың айналым коэффициенті =өткізуден түскен түсім келіп түсу шоты
3) а. Дебиторлық қарыз
айналым кезеңі =365 Дебиторлық қарыз
айналымдық коэффициенті
б. Дебиторлық қарыз
айналым кезеңі = келіп түсу шоты*365 өткізуден түскен түсім
4) Кредиторлық карыз айналым кезеңі = (жеткізушілер+ несие берушілер*365) тікелей шығындар
5. Төлем қабілеттілігінің коэффициенті - ол қарыз капиталының меншіктілікке (жарғылық капитал, пайда, және қаржы иелері) ара салмағын бейнелейді.
Бұл коэффициент кәсіпорын несиелерінің қандай деңгейде қатерден қорғауын көрсетеді, кәсіпорын жеке кепілерге ретінде шығады. Сонымен, қорыта айтқанда, бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, соғұрлым коэффициенттерінің қарыздары көп және соғұрлым оның тұрақсыздық ақуалы да орын алады.
төлем қабілеттілігінің коэффициенті
меншікті капитал
барлық міндеттемелер
= :

Пайдалылық коэффициенті, ол фирманың өсімін білу мақсатында есептелді. Кәсіпкерлер активтерді қамтиды, пайда алу мақсатымен асатуды жүзеге асырады.

Рентабельділік коэффициенті. Ол екі позицияда есептеледі:

таза табыс
сату рентабельділігі
өткізу
= : х 100%
актив табыстылығы
жалпы активтер
таза табыс
б) = : х 100%

Активтерді қолдану тиімділігінің коэффициенті:
Айналым капиталының табыстылығы
айналым капиталы
таза табыс
= :

3. Кәсіпорынның қаржы ресурстары.
Кәсіпорынның қаржы ресурстары бұл оның басқару иелігіндегі ақшалай табыстар мен түсімдер. Қаржы ресурстар шаруашылық қызметін тұрақты өндірісті жаңартуды жүзеге асыру үшін қажет болат. Қаржы - бұл тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасында ақшалай қатынастар кәсіпорынның өнімдік қатынастары айналымы арқылы көрінеді.
Кәсіпорын қаржысы - өндіріс процессін және оның нәтижесін жүзеге асыруын болып табылатын ақша ағымының жүйесі. Кәсіпорын басқару объектісінің жүйесі ретінде. Қаржы жүйесі екі ішкі жүйеде көрінеді: негізгі (мемлекет қаржысы, кәсіпорын қаржысы, тұрғындар қаржысы); қамтамасыз етуші (банктер, биржа).
Мемлекеттік қаржы - бұл жалпы қоғамдық және әлеуметтік қажеттіліктерді қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдармен басқарылатын ақша құрамын жиынтылығы.
Тұрғындар қаржысы - жеке ақша құралдары.
Шаруашылық субъектілерінің қаржысын кәсіпорын қаржысы, ақпараттың, және кәсіптік формадағы қаржысы, коммерциялық несиелеу, сақтандыру қаржысы жатады. Кезектік шаруашылық субъектісінің қаржысы мемлекетпен және басқа шаруашылық экономикалық құрылымымен ақшалай қатынаста болады.
Мемлекет кәсіпкерлік қызмет тәртібі орнатады.
Кәсіпорынның қаржы құрамында ақша қатынастарының келесідей топтарын бөлуге болады: кәсіпорында ақша құралдарын қалыптастырумен, пайдаланумен басты (жарғылық капитал, резервтік қор); кәсіпорын тұтынушылары мен жеткізушілер арасындағы, кәсіпорынның өзінің жұмысшылары арасындағы (еңбек ақы, дивидент).
Көбінесе, қаржыны дұрыс ұйымдастырудан кәсіпорынның тиімді жұмысы басты болады.
Кәсіпорыннның қаржылық жұмысы негізгі принцептерге сүйенеді:
1) Кәсіпорын қаржылық тәуелсіздікке ие. Ол өз өнімін сатуға, және табыс қолданылуға басты барлық проблемаларды өзі дұрыс шешеді.
2) Кісіпорын жеткізушілер, тұтынушылар, мемлекет және банк алдындағы өнімділік және қаржылық қызмет нәтижесінен экономикалық жауапкершілікте болады. Нарық жағдайында кәсіпорын өзінің міндеттемелеріне жеке, яғни меншікті мүлкімен жауап береді.
Кәсіпорынды қаржы (ресурстары) ресурстар жұмысын қаржы бөлімі жүзеге асырады. Кәсіпорынның қаржылық қызметі келесідей міндеттер орындайды:
- кәсіпорынды қаржы ресурстармен қамтамасыз ету;
- қаржы нарығында меншік көздері мен қаржы ресурстары жоғарландыру жолын іздеу;
- кәсіпорын сыртқы ортасы алдындағы қаржылық міндеттемелерді орындау;
- қаржы ресурстыр тиімді, дұрыс пайдалану бақылау.
Кәсіпорыннның қаржы ресурстары оның құрайтын көздерден қалыптасады: меншікті және қарыз ақша құралдары.
Кәсіпорынның қаржы ресурстарының тұрақты көздері болып, кәсіпорында басқарылатын несиелік қарыз табылады. Бұл бәрінен бұрын еңбек ақы болса, бюджетей тыс қорлар болса қарыздар.
Пайда және аморттық аударымдар кісіпорынның қаржы ресурстарының қалыптастыру көздерінің негізглері болып табылады. Сонымен қатар жоғарғылық қорды кісіпорынның меншікті құралдарының бірі болып табылады. Жоғарғылық қорларды нақты қалыптастырутәсілі оның ұйымдық - құқықтық формасына тәуелді. Ол заңды құжаттармен реттеледі. Жоғарғылық капитал - бұл кәсіпорынның субъектілерін салған құралдары кісіпорынды құру кезінде жоғарғылық капитал өндіріс құрамдарын қамтамасыз етуге бағытталады.
Кезек кәсіпорын тұрақты түрде өзінің жаңартылуын талап етеді, ал ол үшін инвестиция керек.
Алдымен, кәсіпорынға инвестиция не үшін қажет екенін анықтау қажет инвестиция екі бөліктен тұрады:
1) Тура, яғни ақшаға жаңа - жабдықтар сатып алынады, ғимарат салынады, шикі зат сатып алынады.
Бұл ақшаларды қолдану тәсілі - бұл инвестицияның маңызды элементі болып табылады - құралдар қайда бағытталады және қалай қолданылады. Шетелдік және отандық инвесторларды бірінші орында жоба, бизнес - жоспар, техника - экономикалық жабдығы қызықтырады.
2) Активтерді бағалау. Осы бағалау қайдан және нені алу керек екендігі туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

1.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың әдістері

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынмен қолданылатын қаржылық талдаудың негізгі әдістері: көлденең талдау, тігінен талдау, трендалық талдау, қаржылық коэффициенттер әдісі, салыстырмалы талдау, факторлық талдау.
Көлденең талдау - есептіліктің әр позициясын алдыңғы кезеңмен салыстыру. Ол алдыңғы кезеңмен салыстыру бойынша бухгалтерлік есептілікиің әртүрлі баптарының абсолютті және қатысты ауытқуын анықтауға мүмкіндік береді.
Тігінен (құрылымдық) талдау - жалпы, нәтижеге әр позицияның әсерін айқындаумен соңғы көрсеткішке меншікті үлесін айқындауға мүмкіндік береді. Мысалы, ұзақ мерзімді және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлігінің жалпы құнындағы меншікті үлесі, яғни баланстың валютасында. Тік және көлденең талдааулар бірін-бірі толықтырп отырады. Сондықтан, тәжірибеде есепті бухгалтерлік нысанның құрылымын сияқты оның бөлек көрсеткіштерінің динамикасын сипаттайтын аналитикалық кестені құруға мүмкіндік береді.
Трендалық талдау бірнеше жыл ішінде барлық көрсеткіштер жүз пайыз деп есептелетін базистік жыл деңгейінен көрсеткіштердің қатысты ауытқуларының есебіне негізделеді. Басқаша айтқанда, трендалық талдау есептіліктің әр позициясын алдыңғы кезең топтарымен және трендті анықтау, яғни кездейсоқ жерден және бөлек кезеңдердің жеке ерекшеліктерінен тазарған динамикасының негізгі тенденциясын анықтауды білдіреді. Тренд көмегімен көрсеткіштердің болашақта мүмкін мәндері қалыптасады, сәйкесінше болашақты, болжамды талдау жүргізіледі.
Нарықтық экономика жағдайында қаржылық талдаудың ең кең тараған әдісі әртүрлі қаржылық коэффициенттерді қолдану табылады. Қаржылық коэффициенттер талдау әдісінің мәні базистік көлеммен және де есепті кезеңде және бірнеше жылдар ішінде олардың динамикасын зерттеу жатыр. Базистік көлем ретінде қаржылық жағдай көзқарасы жағынан өткен жағымды кезеңге жататын уақыт тобы бойынша берілген кәсіпорын көрсеткіштерінің орташаланған мәндері қолданылады. Кәсіпорының қаржылық жағдайын және оның өзгеру тенденциясын дәл және толық сипаттау үшін қаржылық коэффициенттердің салыстырмалы түрде аз саны жеткілікті. Бұл көрсеткіштердің әрқайсысы кәсіпорынның қаржылық жағдайының мәнді жақтарын көрсеткені ғана маңызды. Ең кең тарағандар болып өтіміділік, қаржылық тұрақтылық, табыстылық және іскерлік белсенділік көрсеткіштері табылады.
Салыстырмалы талдау - кәсіпорынның бөлімшелерінің және көрсеткіштері бойынша есептің жалпы көрсеткіштерін шаруашылық ішілік талдау және ортасалық және орташа жалпы экономикалық мәліметті бәсекелестердің көрсеткіштеріне қатысты берілген кәсіпорынның көрсеткіштерін шаруашылықаралық талдау. Бұл әдісте өтіп жатқанға бағаны ұқсас мәндер және құбылыстар арқылы береді. Ол процесті бөлшеуге және сәйкес қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Бұл әдісті қлоданудағы қажетті шарт көрсеткіштердің сәйкестендіруін сақтау. Егер бірнеше жылдар ішінде өткізілген өнімді ағымдық бағамен сәйкестендіру және қажетті түзетулерсіз құрылған 3-5 немесе одан да көп жылдардағы шығындар деңгейін сипаттайтын динамикалық қатарды құру экономикалық қате болады. Сәйкестендіруді сақтау ұқсас бағамен айналымды қайта есептеу, баға индексі, тариф, стаакілерді қолданумен өндірісті шығындар тобын есептеуді, экономикалық мәні бойынша көрсеткіштердің біртектігі, оларды есептеу әдістемесінің бірлігі және әлеуметтік, этнографиялық, табиға факторлар тобын ескеруді талап етеді.
Факторлық талдау - зерттеудің стохастикалық әдістері көлемімен бөлек факторлардың нәтижелі көрсеткішке әсерін талдау. Факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде - тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол - кері (синтез) болуы мүмкін.
Жоғарыда аталған әдістермен қатар кәсіпорынның қаржы - шаруашылық қызметін талдауда экономикалық талдау, экономикалық және математикалық статистиканың дәстүрлі тәсілдері және экономика- математикалық әдістері қолданылады.
Сыртқы қаржылық талдау - капиталды инвестициялау тәуекелінің дәрежесін және оның табыстылық деңгейін болжамдау мақсатында кәсіпорының қаржылық жағдайын зерттеу процесі.
Қорыта айтқанда, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдауда аудиторлық әртүрлі әдістер мен тәсілдерді қоолдануға еркі бар. Оларды ұтымды пайдаланып, осы талдауды жүргізудің дәйектілігіне байланысты дұрыс әдісті таңдай отырып, аудитор қаржылық жағдайға терең, жан - жақты әрі кешенді талдау жүргізе алады, сондай - ақ объективті және анық баға береді, қаржылық тұрақтылықтың нығаюы мен кәсіпорынның табыстылығының өсуі жөнінде ұсыныстар дайындайды.

ІІ Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдіру

2.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары

Кәіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың логикалық жалғасы - кәсіпорын қызметінің кемшіліктерін жою жолдарын іздеу болып табылады.
Жағымсыз жағдайлардың ауқымына байланысты кәсіпорын жағдайын же-тілдіруге қажетті іс-әрекеттер көлемі анықталады.
Жеңіл қаржылық дағдарыс кезінде ағымдағы қаржылық жағдайды бірыңғайлау, яғни ақша қаражаттарының кірістері мен шығыстарын үйлестіру жеткілікті.
Ал терең қаржылық дағдарыс жағдайы қаржылық жағдайды тұрақтандырудың барлық ішкі және сыртқы механизмдерін қолдануды қажет етеді. Кәсіпорынның жағдайы аппаттық деңгейге жеткенде қаржылық жағдайды жетілдірудің жолдарын іздестіру қажет, ал табылмаған жағдайда кәсіпорынды жою туралы шешім қабылдауға мәжбүр болады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтандырудың ішкі механизмдері ең алдымен кәсіпорынның ағымдағы төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталуы тиіс.
Ағымдағы төлем қабілетсіздікті жою мақсатында кәсіпорын қаржылық жағдайды жетілдіру бойынша оперативтік шаралар жүргізу, яғни ағымдағы шығыстарды азайту және кейбір активтерді сату қажет. Осыдан кейін алдағы кезеңде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған тактикалық шаралар жүргізілуі қажет.
Кәсіпорынның толық қаржылық тұрақтылығының негізгі шарты ол - ұзақ мерзімді қаржылық теңдікті қамтамасыз ету болып табылады.
Сондықтан кәсіпорынның стратегиялық шаралары қаржылық тұрақтылықты ұзақ мерзімде уақытқа дейін сақтап тұруға бағытталуы тиіс.
Кәсіпорынды дағдарыстан алып шығу үшін қаржылық жағдайды тұ-рақтандырудың ішкі және сыртқы механизмдерінің жиынтығынан құралатын кәсіпорынды сауықтыру бойынша бизнес - жоспар жасалынады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сауықтырудың бағытттарын қарастырайық (сурет-2).

сурет - 2. Қаржылық сауықтырудың негізгі бағыттары

Кәсіпорын меншікті айналым қаражаттарының жетіспеушілігін азайту мақсатында жаңа акциялар мен облигациялар шығаруы мүмкін. Бірақ жаңа акцияларды шығару олардың бағамдарының төмендеуіне алып келуі мүмкін. Сондықтан батыс елдерінде көбіне облигацияларға көп жүгінеді.
Кәсіпорынның банкроттығының алдын алу жолдарының бірі ол - акциялар бойынша дивидендтер көлемін азайту немесе төлеуден уақытша бас тарту. Бірақ бұл шараны іске асыру үшін кәсіпорын акционерлерін қаржылық сауықтыру бағдарламасының нәтиже беретіндігін және болашақта дивидендтер көле-мінің өсетендігіне сендіру қажет.
Кәсіпорынның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын зерттеу
Кәсіпорын өнеркәсібінің қаржылығы
Кәсiпорынның қаржылық нәтижелiк қызметiн экономикалық талдау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін арттырудағы негізгі бағыттары
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын арттыру
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау туралы ақпарат
Қаржылық талдау
Кәсіпорынның мүліктік жағдайын талдау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын болжау әдістері
Пәндер