Ғылым түсінігі


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім:

  1. Ғылым түсінігі.
  2. Ғылыми танымның негізгі ерекшеліктері.
  3. Философияның басқа ғылымдарменбайланысы.
  4. Философияның негізгі мәселесі.

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

Философия, оның ғылымдар жүйесіндегі орны.

Философия ғылымы . Философия - адамзат дамуының қайнарынан бастау алатын ғылым. Ол біздің заманымызға дейінгі мыңжылдықтың басында дүниеге келді. Сол кезден бастап ол үнемі даму үстінде. Адам баласының ой-өрісі кеңіген сайын философия да тереңдей түсті. Философияны дінге ақын, өйткені ол дін сияқты догмаға сүйенеді дейтіндер бар. Бірақ ол дін емес. Әрине, философияның жүйеленген қағидалар мен догмаға сүйенетіні рас, бірақ философия нақты фактыларға да жүгінеді. Сондықтан философия басқа ғылымдар сияқты көбінесе объективтік заңдылықтарға сүйенеді. Философия - өз алдына ғылым. Ол, ең алдымен, дүниетанымдық, теориялық, методологиялық ғылым. Философия бүкіл әлемді оның басты салалары: табиғат, қоғам, адам санасын тұтас құбылыс ретінде алып, оның жалпы заңдылықтарын ашады, объективтік шындық жөніндегі белгілі қағидалар жүйесін қалыптастырады. Сол мақсатқа жетуде ол басқа ғылымдар сияқты дүниетанымдық, методологиялық ғылым ретінде өмір сүреді. Дүниеге көзқарастың түбір негізі теорияда. Ол үшін ұғыну, түсіну, нану қажет. Наным көзқарастың өзегі. Бірақ наным да түрліше болады. Адам бір нәрсеге иланбайынша, оның ісі тұрақты болмайды.

Философияның ежелгі грек дәуірінен бері «даналыққа құштарлық» деп анықталып келгендігі белгілі. Алайда философияның кең танымал осы ұғымынан өзге түсініктерді де тарихи-философиялық очерктерде молынан ұшырасады. Мысалы, Платон « . . . геометрия және басқа философиялар» деген сөздерінде философия ұғымын «ғылым сөзінің мағынасына жақын қолданады. Оның ойынша Сократ «философия» терминін даналыққа құштарлыұты, ақиқатқа жетуге деген құмарлықты белгілеу ретінде пайдаланған.

Философия бүкіл адамзаттың даналық ой-пікірі, нанымы, дүниетанымы, көзқарасы. Оны әрбір саналы адамзаттың түсінгені жөн.

Философияның негізгі әдістері. Философияда екі түрлі әдіс қолданылады.

  1. диалектикалық әдіс. Ол дүние ұдайы қозғалыста, өзгерісте, дамуда деп түсінеді.
  2. метафизикалық (гр. ta meta, ta physika деген екі сөзінен құралған) әдіс. Бұл - біріншіге қарама-қарсы, дүниені өзгермейтін, қозғалмайтын, дамымайтын құбылыс деп түсінетін ұғым. Диалектикалық әдіті ертедегі гректерден Гераклит пен Аристотель қолданса, жаңа дәуірден - Г. Гегель қолданып, ілгері дамытты. Бірақ, Гегель идеалистік диалектик болды. Оның пікірінше диалектикалық тұрғыдан дамитын объективтік шындық емес, тек идея, қиял, ой. оның түсіндіруінше объективтік ой дамымайды. Бұл ғылымғы қайшы пікір болатын. К. Маркс те диалектик болды. Бірақ, оның диалектикасы Гегель диалектикасына қарама-қарсы материалистік диалектика еді.

Метафизиктерге К. Маркске дейінгі материалистердің барлығы жатты. Метафизиктер өздігінен дамудың көздерін ашып бере алмады, сондықтан бұл салада олар идеализм шеңберінен шықпады. Диалектикалық материалистер дамудың көзі - қарама-қарсылқтардың бірлігі мен күрес заңы деп түсіндіреді. Сөйтіп материалистер екі түрлі болып келеді. К. Маркс пен Ф. Энгельс материализмнің жоғарғы түрі - диалектикалық материализмді жасады. Ал идеалистер іштей екі бағыт ұстады. Бірі объективтік идеалистер. Олар дүниені жаратушы күш бар, ол бізден тыс өмір сүреді. Ол күшке идеяны жатқызып, оны жаратушы күш «құдірет» - деп түсінген. Оның өкілдері: ертедегі дүниеден - Плптон; жаңа дәуірден - Г. Гегель, Ф. Шеллинг; қазіргі заманнан - неотомистер. Бұлардың пікірі діни көзқарасқа өте жақын келеді. Әлемді билеуші - идея, не объективтік идея, әлемдік сана дейді объективтік идеалистер, ал діншілдер ол күшті құдырет, жаратушы құдай деп атайды.

Екінші бағыттағылар субъективтік идеалистер. Олар дүниенің дінгегі «мен», «менің санам», «менің сезімім» дейді. Мен бар жерде, дейді субъективтік идеалистер, дүние бар, мен жоқ болсам, дүние де жоқ дегенді айтады. Оған жататындар: Дж. Беркли, Д. Юм, И. Фихте, махистер, неопозитавистер мен экзистенциалистер.

Ғылым түсінігі. Ғылым көп қырлы, көп астарлы әлеуметтік феномен ретінде біздің өмірлік қызметіміздің берлық салаларына белсенді түрде енді. «Ғылым» түсінігінің мағынасын ашып, оның даму барысын қадағалау үшін ғылым мен қоғам, ғылым мен мәдениет арасындағы байланыстардың кең жүйелері негізінде, сол ғылымның өзін нақты тарихи саралау арқылы жүзеге асыруға болады. Ғылым мәдени-тарихи тұтастықпен тығыз қарым-қатынаста дамиды. Құбылысты шынайы түсініп, ой-толғамнан өткізу үшін, оның түп тамырын және даму тарихын білу қажет.

Ғылым - өзіндік таным формасы тәрізді рухани өндірістің спецификалық түрі және әлеуметтік институт, жоғарыда айтылғандай, ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Жаңа кезеңдегі капиталисттік өндіріс құрылымы дәуірінде пайда болған. Осы уақыттан бастап ғылым өз бетінше дами бастады. Ол әрдайым практикамен тығыз байланыста болып, одан өзінің дамуына қажетті импульстер алып, сонымен қатар практикалық әрекет үрдісіне өз әсерін тигізіп отырады.

Ғылым - қоғамға, танымға және табиғат туралы білім өндірісіне бағытталған адам әрекеттерінің рухани формасы.

Ғылым - сондай-ақ жаңа білім алудағы шығармашылық әрекет және мынандай әрекет нәтижиесі: өндірістің негізіндегі талаптар мен әрекеттерінің бірізділік жүйесінде келтірілген білмдер жиынтығы. Хаостық мәліметтер жиынтығы мен көлемі ғылыми білім болып табылмайды. Әмбебаптылық, персоналдылық, тәртіптілік, демократтылық, комуникабельдылық ғылыми әрекеттің ерекшеліктері болып табылады. Өзінің материалдығы мен дамуында әлемді бейнелеу арқылы ол өзара тығыз байланыстағы заңдары туралы білім жүйесін қалыптастырды. Сонымен қатар, ол шындықтың белгілі бір саласын және әрекет әдісінің методын игеруіне байланысты көптеген білім салаларына бөлінеді. Заттық пен танымдық әдісі бойынша табиғат туралы ғылымды- табиғаттануды және қоғам туралы - қағамтануды (гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар), таным, ойлау туралы (логика, гнесеология) ғылым түрлерін атап көрсетуге болады. Жеке бір топты техникалық ғылымдар құрады. Өз кезегінде әр ғылым тобы нақтырақ жіктелуге ұшырауы мүмкін. Сонымен, нақты ғылымдар құрамына механика, физика, химия, биология және т. б. кіреді және осылардың әрқайсысы ғылыми дисциплиналар қатарына бөлінеді, яғни - физикалық химия, биологиялық физика т. б. шындықтың жалпы заңдарын көрсететін ғылым Философия болфп табылады, оны тек ғылым қатарына жатқызуға болмайды.

Ғылымды классификациялаудың басқа да қағидалары болуы мүмкін. Сонымен өзінің практикалық ғылымнан алшақтауына байланысты екі үлкен түрін атап көрсетуге болады: фундаменталды, мұнда практикаға деген тікелей ориентацтя жоқ болғын. Жеке ғылымдар мен ғылыми дисциплиналар арасындағы шекара шартты және жылжымалы.

Ғылым дисциплиналар жүйесінің арқасында өзін-өзі оқытатын таным мен әлеуметтік институт формасы, оған ғылым логикасы мен тарихы, ғылыми шығармашылақ психологиясы, ғылым мен білім әлеуметі, ғылымтану және т. б. Қазіргі таңда ғылыми-таным әрекетінің жылпы мінездемесін, білім структурасы мен динамикасын, логикалық - методологиялық аспектілерін зерттейтін ғылымның философиясы қарқынды дамып келеді.

Ғылыми танымның негізгі ерекшеліктері.

  1. Ғылыми білімнің негізгі міндеті - шындықтың объектілік заңдарын анықтау - табиғи, әлеуметтік (қоғамдық), өзін-өзі тану заңдары, ойлау және т. б. Осыдан жалпыға негізгі амалмен зерттеу ориентациясы, заттың өмірлік қасиеттері, оның қажетті мінездемелері және олардың абстракция жүйесінде орын алуы. Егер бұлар жоқ болса ғылым да жоқ.
  2. Ғылыми танымның мақсаты және жоғарғы құндалағы - объективтік шындық. Осыдан ғылыми танымның характерлік сипаты - объективтік, субъектілік сәттерді мүкмкіндігінше «тазалықты» жүзеге асыру мақсатында жоққа шығару.
  3. Ғылым коп жағдайда басқа таным түрлеріне қарағанда практикада жүзеге асуға бағытталып, қоршаған орта шындығынын өзгеруінде және нақтылықты басқару процесінде «әрекет жетекшісі» болып отырған. Ғылыми ізденістің өмірлік мағынасы мынандай формуламен сипатталуы мүмкін: «Болжау үшін білу, болжау тәжірибеде әрекет жасау үшін» - осы шақта ғана емес келер шақта да.
  4. Теория, гипотеза және басқа да тілде бекітілген табиғи немесе жасанды түсініктер жүйесінің дамыған бүтіндігін құрастырушы ғылыми таным, гнесологиялық пландағы білімді қайта өндіру процесіне қарама-қарсы. Ғылыми білім өзінің элементтерін белгілеп қана қоймай, өзінің жеке негізінде оларды үздіксіз қайта өндіріп, өзінің формалары мен шарттарына сәйкес реттеп отырады. Үздіксіз қайта жаңарып отыру процесі - ғылымилықтың маңызды көрсеткіші.
  5. Ғылыми таным процесінде мынандай спецификалық материалдар пайдаланылады: пиборлар, құралдар, қымбат тұратын «ғылыми құралдар».
  6. Ғылыми танымға қатаң дәлелдер, алынған нәтижиелердің негізділігі, шешімдердің нақтылығы тән. Сонымен қатар, мұнда гипотезалар, болжамдар, жорамалдар да көптеп кездеседі, сонықтан зерттеушілердің логикалық - методологиялық дайындықтары, философиялық мәдениеті, ойлау қабілетінің дамып отыруы, оның заңдары мен принциптерін тиімді пайдалана білуі өте маңызды.

Әлеуметтік құбылыстарда тану ерекшеліктері. Ұзақ уақыт бойы ғылым мен ғылыми таным анализі нақты математикалық білім моделі бойынша жүргізілді. Соңғы кездері ғылыми танымның өзіндік түрі болып табылатын әлеуметтік (гуманитарлық) танымға деген қызығушылық арта түсті. Осы туралы сөз болған кезде оның екі аспектісін назарда ұстау керек: кез-келген таным өзәнәі формасында әрқашан әлеуметтік болып табылады, себебі мұнда қоғамдық өнім бар, әлеуметтік құбылыстар мен процестер бар ғылыми танымның бір түрі - біртұтас қоғам немесе оның жеке тұстары - эконгомикалық, саяси және рухани.

Философияның басқа ғылымдармен байланысы . Философия мен нақты ғылымдар арасында тығыз байланыс бар. Олар бірінсіз бірі өмір сүре алмайды. Өйткені философия жалпы теориялық ілім. Ол объетивтік шындықтың жалпы заңдылықтарын зерттеп, теориялық қорытынды жасайды. Әрине, ол үшін нақты ғылымдардың жетістіктерімен ұдайы қаруланып отыру қажет. Нақты ғылымдармен тығыз байланыс жасамайынша философия өмірден қол үзіп, алшақтап, схоластикалық ілімге айналады. Ондай ғылымнан практикалық нәтиже күту қиын. Философияның ғылыми маңызы өзіне керекті нәрді өмірдің өзінен алуында. Ол нәрді тудыратын практика, нақты ғылымдар. Сондай-ақ, нақты ғылымдар үшін жалпы теориялық ғылым - философия қажет. Нақты ғылымдар объективтік шындықтың тек бір бөлігін алып зерттейді. Ғылым дамыған сайын оның жоғарыда айтқандай зерттеу шеңбері тарылып мазмұны тереңдей бермек. Ондай ғылымдар басқа ғылымдар арасында өз орнын тауып, дами беру үшін жалпы теориялық ғылымдардан қолдау іздейді, өзінің бағдарын анықтайды. Онсыз нақты ғылымдар дами да алмай қалады. Сондықтан да нақты ғылым өкілдері жалпы теориялық ғылымдардан методологиялық негіз іздейді. Мәселен, ондай негіз ретінде философиялық әдістеме алынады. Әрине, бұларың арасындағы одақ баянды болу үшін философияның ғылыми негізі жүйелі болған дұрыс. Ертедегі дүниеде ол проблема туындамаған болатын, себебі, философия келешекте пайда болатын ғылымдарды өз бойына сақтай білді. Кейін философиядан түрлі ғылымдар бөлініп шыға бастаған соң, олардың арасында байланыс болу қажеттілікке айналды. Қазіргі кезде де мұндай ғылыми одақтың қажеттілігін ешкім жоққа шығара алмайды. Бір жағынан, ғылымдар түрлі мамандықтарға бөлініп, салаланып жатса, екінші жағынан ғылымдар бірігіп интеграцияланып жатыр. Мәселен, биохимия, астрофизика, матоанализ т. б. бұлардың әрқайсысы әлгі одақты қажет етеді. Сөәтіп, философия тек өз алдына қалыптасқан ғылым ғана емес, ол сонымен қатар басқа ғылымдардың да дамуына қолайлы жағдай. Ғылымдардың даму тарихы мұны ұдайы дәлелдеп келеді. Сол одақта философия жалпы ғылым болғандықтан ол жеке, нақты ғылымдарға методологиялық, жетекшілік рол атқарады. Себебі, жалпының көлемі кең болып, жеке оған бөлік ретінде ғана кіреді де, ол өзінің анықтамасын жалпыдан алады. Олар бір-бірінсіз өмір сүрмейді. Олар өзара тығыз байланыста. Бұл байланыс та жалпыға жеке қажетті қасиеттер беретін болса, жекеге жалпы анықтаушылық мән береді. Философия да осындай ғылымдардағы жалпыға жатады. Осыдан келіп оның методологиялық ролі туындайды.

Қазіргі кезде адамның санасына оның психоәлеуметтік ортасында орын алып отырған алуан түрлі жалған ғылыми, діни, мистикалық көзқарастар әсер етуде. Әрине, шынайы ғылым мен білім бұл жалған ілімдермен сиысуы мүмкін емес және ғылыми дүние танымды елемей бұрмалау аса қауіпті әлеуметтік және жекелеген зардаптарға душар етуі мүмкін. Бұл қауіп саяси билік, дін және жалған ғылым одақтасқан жағдайда бірнеше есе күшейуі мүмкін. Оған мысал ретінде инквизиция, діни фундаментализм мен фанатизм, фашизм, кибернетика мен генетиканы қудалау және т. б. келтіруге әбден болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет пен құқық теория негізі
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯНЫҢ ПӘНДІК МӘРТЕБЕСІ
Мәдениет таңбалар ретінде
Әкімшілік құқықтың әдісі
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
Мемлекет жəне құқық теориясының жалпы сипаттамасы
Мемлекет және құқық теориясының жалпы сипаттамасы
Информатиканың геометриялық түсінігі
Мемлекет және құқық теориясы оқу құралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz