Ертіс өзенінің ластануы



Жоспар: бет
Кіріспе 2.3
1. Негізгі бөлім 3.9
1.1. Ертіс өзенінің халыққа пайдасы 3
1.2. Ертістің ластануы және оның зардаптары 3.6
1.3. Ертіс өзенінің қазіргі жағдайы 6
1.4. Су қорларын қорғау және үнемді пайдалану шаралары 6.9
Қорытынды 10
Пайдаланылған әдебиеттер 11
Кіріспе.
Ертіс өзені ─ алабы 1600 мың шаршы метр. Бұл дүние жүзіндегі ең ірі алаптарының бірі. Оның 97 проценті Қазақстан мен Батыс Сібір территорияларында жатыр. Ал 3 проценті Қытай Халық Республикасының территориясында. Совет Одағында бұл өзен алабының көлемі тек Енисей, Лена және Амур өзендерінің алаптарынан ғана кішірек. Біздің республикамызда Ертіс өзенінің алабы оңтүстік-шығыстан солтүстік –батысқа қарай созылған. Солтүстігінде Обь өзенімен, оңтүстігінде Балқаш-Алакөл көлдерінің және Сарыарқа тауларымен шектесіп жатыр. Өзеннің сол жағынан Сауыр -Тарбағатай, Қалбы, Сарыарқа тауларының шығыс және солтүстік биіктіктерінен оңтүстік Орал мен Батыс, Сібір алаптарынан аққан өзендер келіп құяды, алоң жағынан Қазақстан Алтай тауынан Батыс Сібір орталығындағы Белағаш, Құлынды және Барбы жазықтарынан ағатын өзендер келіп құяды. Қазақстан территориясындағы Ертіс өзенінің алабында 1393 өзен бар. Оның ішіндегі 16 өзеннің әрқайсысының ұзындығы 200 км-ден 500 км-ге дейін созылады. Ертіс өзені биіктігі 2500 м. Моңғол Алтай тауынан басталып, Қытай Халық Республикасының басып өткесін Қара Ертіс өзені болып аталады. Өзен біздің территориямызға жеткенде , шекарада оған Алкөбек, Қалжыр өзендері құяды. Содан барып 152 километр өткеннен кейін Зайсан көліне құяды (қазіргі уақытта мұнда Бұқтарма су электр станциясы салынған ). Ол кездегі Зайсан көлінің көлемі 1900 шаршы километр, ұзындығы 100 километрге , ені 29 километрге , ал тереңдігі 10 метрге жететін. Ертіс өзенінің ұзындығы 4450 километр. Ертіс, Еділ өзенінен ұзынырақ, алабының көлемі жағынан да үлкенірек, дегенмен Ертіс өзені ағынының жылдамдығы Еділ суынан екі есе кем.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. А.Бейсенова, А.Самакова, Т.Есполов, Ж.Шілдебаева «Экология және табиғатты тиімді пайдалану». Алматы: Мектеп, 2007 ж.
2. Г.Сагымбаев «Экология негіздері», Алматы: Мектеп, 2005 ж.
3. Р.Б.Шиндаулова «Экология». М.: Наука, 1997г.
4. В.Скворцов, М.Абишев «Экология безопасности стран центрально-азиатского региона». Астана: изд, 2004 г.

Жоспар:
бет
Кіріспе
2-3
1. Негізгі бөлім
3-9
1. Ертіс өзенінің халыққа пайдасы
3
2. Ертістің ластануы және оның зардаптары
3-6
3. Ертіс өзенінің қазіргі жағдайы
6
4. Су қорларын қорғау және үнемді пайдалану шаралары 6-9
Қорытынды
10
Пайдаланылған әдебиеттер
11

Кіріспе.
Ертіс  өзені ─  алабы 1600 мың  шаршы метр.  Бұл  дүние  жүзіндегі 
ең ірі алаптарының  бірі. Оның  97 проценті  Қазақстан  мен  Батыс  Сібір 
территорияларында  жатыр. Ал 3 проценті  Қытай Халық Республикасының
территориясында.  Совет  Одағында   бұл өзен  алабының  көлемі  тек
Енисей,  Лена  және Амур  өзендерінің алаптарынан  ғана кішірек.  Біздің
республикамызда  Ертіс  өзенінің алабы оңтүстік-шығыстан  солтүстік
–батысқа  қарай созылған.  Солтүстігінде Обь өзенімен,  оңтүстігінде 
Балқаш-Алакөл  көлдерінің  және  Сарыарқа  тауларымен  шектесіп  жатыр. 
Өзеннің сол жағынан  Сауыр -Тарбағатай,  Қалбы,  Сарыарқа  тауларының 
шығыс  және  солтүстік  биіктіктерінен  оңтүстік  Орал мен  Батыс,  Сібір
алаптарынан аққан  өзендер  келіп  құяды,  алоң  жағынан  Қазақстан  Алтай 
тауынан Батыс Сібір орталығындағы  Белағаш,  Құлынды және  Барбы 
жазықтарынан  ағатын  өзендер келіп  құяды.  Қазақстан  территориясындағы 
Ертіс  өзенінің алабында  1393  өзен  бар.  Оның  ішіндегі  16 өзеннің 
әрқайсысының  ұзындығы 200 км-ден  500 км-ге  дейін  созылады. Ертіс 
өзені  биіктігі  2500 м.  Моңғол  Алтай  тауынан  басталып,  Қытай  Халық 
Республикасының  басып  өткесін  Қара  Ертіс өзені болып  аталады.  Өзен 
біздің  территориямызға  жеткенде ,  шекарада  оған  Алкөбек,  Қалжыр 
өзендері  құяды.  Содан  барып 152  километр  өткеннен кейін  Зайсан 
көліне  құяды (қазіргі  уақытта  мұнда  Бұқтарма  су электр  станциясы  
салынған  ).  Ол  кездегі  Зайсан  көлінің  көлемі 1900 шаршы километр, 
ұзындығы  100 километрге ,  ені 29 километрге , ал  тереңдігі  10 метрге 
жететін.  Ертіс  өзенінің ұзындығы 4450 километр.  Ертіс,  Еділ  өзенінен 
ұзынырақ,  алабының  көлемі  жағынан да  үлкенірек,  дегенмен  Ертіс өзені 
ағынының  жылдамдығы  Еділ  суынан  екі есе кем.

Негізгі бөлім
1.1. Ертіс  өзенінің  таудан  жазықтыққа  щыққандағы  су  ағынының 
жылдамдығы   секундына   933  текше метр  болса,  Тобыл  ауданының 
тұсында  секундына  2177 текше метрге  жетеді. Ал суы  мол  айларда 
(сәуір  айында)  секундына  6113  текше  метр  болса,  ақпан  айында 
секундына  294  текше метрге  дейін  төмен  түседі.  Осы  бес  жылдықта 
Ертіс  өзенінің суын  Ертіс ─  Қарағанды  каналы  арқылы  Қарағандыға 
жеткізу іске асырылуда.  Бұл  су егін,  бау-бақша,  мал  суаруға  және 
тағы  басқа  жағдайларға  пайдаланылады.  Осы  канал  құрылысы  Теміртау 
су  қоймасына да    жеткізілді.  Бұл канал  Теміртаудағы  комбинатты 
сумен  қамтамасыз етеді,  сонымен  қатар суы ішуге,  қаладағы  бау-бақшаны 
суландыруға  пайдаланылады. Келешекте  осы  канал   Жезқазғанға  дейін 
тартылады.
Жылдық ағынын реттеу және электр энергиясын алу үшін өзен бойында
Бұқтырма, Өскемен, Шүлбі бөгендері салынған. Сарыарқааймағындағы табиғи
қорларды игеру мақсатында Ертіс – Қарағанды каналы тартылған. Көліктік
маңызы зор, сағасынан 3784 км-ге дейін кеме қатынайды. 
Ертісті бойлай кеме қатынасы бар (3600 км- ге жуық).
Басты кемежайлары: Өскемен, Семей,  Павлодар, Омбы, Тобыл, Ханты
Мансийск.1953 жылы Ертісте Өскемен  су электр станциясы (СЭС) салынған.
Ертіс каскадындағы 3-саты Шүлбі СЭС-і бөгетінің құрылысы басталды.Ертіс
алабының су энергетикалық ресурстарын игеру жылына 30 млрд. квсағ-қа дейін
электр энергиясын бере алады. Ертістің суыОрталық Қазақстанды сумен
қамтамасыз етуге және суландыруға арналған Ертіс - Қарағанды
каналын қоректендіруге (75 м3с су алынады) пайдаланылады.
Ертіс сүйрік, сылан, мекіре, шортан , алабүға, елең және т.б. балықтарға
бай. Сазан, табан, көксерке және байқал омулі жерсіндірілген.

1.2. Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып
отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы көп түрлі әрі ең
соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады.
Су айдындарының ластануын былайша топтайды:
- биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді
заттар;
- химиялық ластан: уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер;

- физикалық ластану: жылу-қызу, электромагниттік өріс, радиоактивті
заттар.
Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың
құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температура
әр түрлі болуы мүмкін.
Ертіс өзені мен оның салалары Шығыс Қазақстан, Семей, Павлодар
облыстарының түсті металлургия, құрылыс материалдары, ағаш, тері және жүн
өңдеу кәсіпорындарының қалдықтарымен улануда және де Ертіс су алабы Өскемен
қорғасын-мырыш комбинаты, Лениногор қорғасын зауыты, Березов кені, Зырян
зауыты секілді өндіріс орындарының сарқынды лас сулармен ластануда. Су
құрамында қорғасын, мырыш, сынап, т.б. ауыр металдар шекті мөлшерден асып
кетуі жиі байқалады.
Ірі өзен алаптарының техногендік қалдықтармен ластану қарқындылығының
артуы, соңғы уақытта, ең қиын да, күрделі мәселелердің бірі болып отырғаны
белгілі. Қазақстанның осындай ірі өзен алаптарының бірі болып табылатын
Ертіс өзені, Республиканың шығысы мен солтүстік – шығысында орналасқан
аймақтарды, яғни түсті металлургияның дамыған орталықтарды басады. Сонымен
Ертіс өзені алабы – Қазақстан арқылы ағып өтетін аймақтарының өнеркәсіптік,
ауыл шаруашылық, ауыз суы және тұрмысқа қажетті сулармен қамтамасыз ететін
негізгі көзі. Өзен алабында Қазақстан аймағында 53 өнеркәсіптің пайдаланған
қалдық сулары ағызылады. Бір жылда түсетін қалдық сулардың мөлшері 1,3
млрд. м³ - ті құрайды, оның шамамен 10 %-ы ешқандай тазаланбай, ал 30 %-ға
дейінгісі жартылай, толық тазалаудан өтпеген күйде түседі. Жұмыс істеп
тұрған өнеркәсіптерден басқа аймақтан су ресурстарының жағдайына Шығыс
Қазақстандағы орманды кесу елеулі әсер етеді.
Ертіс өзен алабының ландшафттарының зиянды заттармен қарқынды ластану,
тазарту қондырғылары ескі Серебрян, Өскемен және Семей аймақтарында болса
да, өзен алабына негізгі үлкен зиянды Шығыс Қазақстанның апатты жағдайға
ұшыраған кезіндегі тау – кен металлургиялық және техникалық өнеркәсіптері
әкеледі. Бүкіл Ертіс өзені алабына жыл бойы бірнеше ондаған тонна мырыш, 3
тонна мыс, 2 тоннадан да кадмий мен қорғасын түседі. Ертістің жалпы өзен
алабының бойындағы мыс, мырыш, қорғасын, хром, кадмийдің ШЖҚ (шектеулі
жіберілетін концетрация) мөлшері, микробиологиялық көрсеткіш бойынша 24
есеге дейін жоғары. Әсіресе, Ертістің кішігірім сағалары Үлбі, Глубокое,
Тихая өзендерінің оған құятын тұстарында мыс пен мырыштың мөлшері шекті
қалыптан бірнеше есеге көп.
Сонымен Шығыс Қазақстан аймағының су ресурстарының жағдайына келсек,
аймақтың су қоймаларына тек қана бір жыл ішінде 86 мындай зиянды заттар
түссе, соның біразы улы заттар, яғни мұнда 2 тонна– мырыш, 5 тонна – мыс,
шамамен 1 тонна қорғасынмен ластанған. Бұған қоса ционидтер, кадмий, селен,
талий және қышқылдарда кездеседі. Бұлардың жалпы жылдық көлемі 26–27
тоннаға дейін өзен суына қосылады. Өзен салаларының суына тазаланбаған
шахтаның сулары жұмыс істемей тұрған кеніштердің де шахталық сулары
қосылады. Тұрмысқа пайдаланылған сулардың да өзенге түсу нәтижесінде оның
ластау денгейі артады. Оның нәтижесін судағы нитриттер, нитраттардың,
фосфор мен органикалық заттардың қосындыларының артуынан көруге болады.
Жалпы, аймақтағы суды қолдану соңғы жылдар тұрақты, яғни жылына 600-700 млн
м³ болса, оның – 270 млн.м³ суы қайтадан, екінші қайтара қолданылады. Жер
беті су қоймаларына пайдаланылған су 53 өнеркәсіптің су жіберетін 76 орны
арқылы келеді. Тау – кен өнеркәсібі мен түсті металлургия дамыған аймақтағы
Ертіс, Үлбі, Оба, Глубочанка, Бұқтырма, Красноярка, Березовка өзендеріндегі
айыр металдар мен басқа да зиянды заттардың мөлшері 10-20 есе көп болса, ал
олардың қоспалары қажетті мөлшерден 10 есе жоғары. Мысалы, мыс – 1–43,
мырыш – 4–40, фенол 2–7, есе көп. Сонымен, Ертіс өзені алабының суы
республика бойынша ең ластанған және тұрғындар денсаулығына қауіпті
өзендердің бірі болып саналады. Өзендердің түбіндегі шөгінділерінің де
қатты ластанғандығы анықталған. Өнеркәсіптік аймақтағы ластанған жер беті
сулары тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етуге жарамайды. Сол себептен
Өскемен қаласы да ауыз сумен 15 жер асты сулары арқылы қамтамасыз етіледі,
бірақ ол жер асты суларды да зиянды заттар мен ауыр металдардың
ерітінділермен ластанып, қажетті мөлшерден жоғары болуы да мүмкін.
Ертіс өзенінің суындағы мырыштың орташа мөлшері, оның жоғары ағасынан
Обь өзеніне құятын жеріне дейінгі аралықта 7,6 есе өзгереді. Бұл жерде өте
назар аударатын жағдай, оң жақ жағалау салалардағы мырыштын ерітіндісі сол
жақтағы салаларға қарағанда 8,1 есеге көп. Бұл жағдай, Ертіс өзенінің оң
жақ салаларының, әсіресе Бұқтырма, Үлбі, Оба, Глубочанка, Красноярка сияқты
өзендер, Зырян қорғасын, Лениногор полиметалл, Өскемен титан – магний және
қорғасын – мырыш, Ертіс химия металлургиялық комбинаттар мен және де т.б.
өнеркәсіп орындарының ағын суларымен ластануымен түсіндіріледі. Сондай-ақ
оң жақ жағалауының салараның бойында тұрғындардың тығыздығы да жоғары. Ауыл
шаруашылығы да біршама қарқынды дамыған.
Ертіс өзені алабының атмосферасына түсетін зиянды заттардың негізі
көздері Өскемен, Риддер, Зырян, Семей және Глубокоедағы өнеркәсіп орындары.
Тек, Өскемен қаласы бойынша әуе кеңістігіне тарайтын залалды заттардың 60 %-
ы осы түсті металлургия кәсіпорындарының үлесіне, оның ішінде Өскемен
қорғасын-мырыш комбинатының еншісіне зиянды заттардың 30 %-ы тиеді.
Атмосферадағы зиянды заттардың өнеркәсіп орталықтарын желдің соғуына
байланысты оңтүстік-батыс бағытқа қарай 40 км-ге, ал шығысқа 80 км-ге
дейін, солтүстік – шығыс пен солтүстік батысқа қарай 110 км-ге дейінгі
аймақтарға таралса, олардың жалпы түсетін ауданы 3000 км². Ертіс өзені
алабының бойында орналасқан 10 мың стационарлық көздерден түсетін қалдық
заттардың жалпы мөлшері жылына 240 мың тоннадан асады (2005 жылдың
мәліметтері бойынша).
Павлодар облысы экологиясы ең ауыр аймақтардың бірі болып саналады. Осыдан
болар, еліміз бойынша онкологиялық сырқатқа шалдығудан бірінші орында тұр.
Және осындай қатерлі дерттен көз жұматындардың да саны басқа өңірлерге
қарағанда бұл жақта басым. Себебі, аймақта жер асты кенін қазып, оны
өңдейтін, электр қуатын өндіретін ондаған ірі кәсіпорындар жұмыс істейді.
Бұлардың көбі атышулы Еуразиялық топтың (ENRC) иелігінде. Кәсіпорындардың
жұмысы экологиялық талапқа сай келмейтіні жөнінде талай мәрте дабыл
қағылды. Бірақ, одан әзірше ешқандай нәтиже болмай тұр. Осының салдарынан
Ертіс өңірінде адам денсаулығы мен табиғатқа төніп тұрған қатердің
қаншалықты қауіпті екенін төмендегі деректерден байқауға болады. Мысалы,
тазалап, залалсыздандырғанның өзінде, 2012 жылы ауаға 676 тонна зиянды
қалдықтар бөлінген екен. Оның 73,4 пайызы газ және сұйық түрінде болса,
26,6 пайызы - қатты қалдықтыр. Бұлардың 65,1 пайызы - энергия өндіретін
кәсіпорындардан, 34,7 пайызы өңдеуші кәсіпорындардан бөлініпті. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығыс Қазақстан облысы туралы ақпарат
Ертіс өзеніне физикалық-географиялық сипаттама
Ертіс өзенінің табиғи жағдайы
Ертіс өзені
ЕРТІС ӨЗЕНІ АЛАБЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Ертіс алабындағы өзен
ЕРТІС ӨЗЕНІНІҢ ЭКОЛОГИЯСЫ
Өскемен қаласы топырақ жамылғысының экологиялық жағдайы
Шығыс Қазақстан облысының ластану факторлары
Өскемен қаласының жер беті суының экологиялық жағдайына баға беру
Пәндер