Несие беру механизімі


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 2

1. НЕСИЕ ЖӘНЕ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ . . . 4

  1. Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы . . . 4
  2. Несие нысандары, олардың жіктелуі . . . 9

1. 3 Несиелеу объектілері мен субъектілері . . . 11

2. НЕСИЕ БЕРУ МЕХАНИЗІМІ . . . 15

2. 1 Несиелік механизм және несиелік процесс . . . 15

2. 2 Банктік несие және оның экономикалық мағынасы . . . 17

2. 3 Банктік несие беру процесі және несиені қайтару кезеңі . . . 20

3. ӘЛЕМДЕГІ БАНКТІК НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ . . . 25

3. 1. Қазіргі несиелеу жүйесінің ерекшеліктері . . . 28

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 30

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 33

ҚОСЫМША . . . 34

КІРІСПЕ

Несиені зерттеу барысында таным әдісі ретінде теорияның рөлі ерекше. Несие туралы ғылым әлі жас. Ол саяси экномиканың қалыптасуымен пайда болды. Несиенің ұдайы өндіріс процесімен, құндылықтың қайта айналымының және айналысының Маркстік тұрғыдан талдануы несиенің қажеттігін түсінудің демеушісі, қоғамдағы несиелік қатынастардың туындауын, несиенің табиғаты мен мәнінің айрықша экономикалық категория екендігін түсінудің қуат көзі болып табылады.

Ғалымдар бүгінгі таңда экномика ғылымының алдында бір жағынан теориялық талдау қорытындыларын белсендірек жүргізіп, екінші жағынан банк ісін дамытып, жетілдірудің керек екенін айтуда.

Теорияны тәжірибеден оқшау қарыстырмау керек екені түсінікті. Барлық теориялық проблемалардың соңы тек тәжірибелік әдістермен шешілетіні кездейсоқтық емес. Теория мен тәжірибе арасында диалектикалық бірлік бар.

Экономикалық әдебиеттерде несиенің мәніне, қызметтері мен заңына қатысты саясат орын алуда. Несиенің мәнін зерттеуде натуралистік және капиталдық жасампаздық теориясы қатаң қадағаланатындығы байқалады.

Натуралистік несие теориясы ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысында пайда болды. Бұл теорияның негізін А. Смит пен Д. Рекардо салды. Одан әрі оны француз экономистері Ж. Сэй, Ф. Бастия және американдық Д. Мак - Куллах дамытты. Бұл теорияның негізгі идеялары несие мәнінің натуралистік түсінігіне үйлесті яғни несие заттай игіліктердің қозғалысын көрсетті. Сондықтан, бұл тек аталмыш қоғамда бар материалдық құндылықтарды бөлу әдісі ғана. Бұл жағдайда несие объектісі заттай емес игіліктер болып табылады. Несие капиталы өндірістік капиталға тең. Бұл жерде натуралистер несиені несие капиталының қозғалысын емес, табиғи түрде материалдық құндылықтарды қайта бөлудің әдісі сияқты қарастырады. Несиенің мәні мен рөлі жөнінде мұндай қате түсінік өнеркәсіп капиталының тауарлы, өндірістік және ақшалай түрдегі ауыспалы айналымын жете түсінбеуден шығып отыр. Несие капиталының мәні өнеркәсіп капиталының ақша түріндегі ерекше бөлігі деуге болады.

Бұған қарамастан натуралистік теорияның маңызын несиенің қазіргі заманғы теориясының қалыптасуы мен дамуына байланысты еш кемітуге болмайды. Натуралистер өндіріс процесінде қалыптасатын несие нақты капиталды құрамайды, деп дұрыс есептеді. Олар несиенің рөлін өсірмей, несие пайызының түсетін табыстың көлемімен өзгерістеріне тәуелді екенін дәлелді екенін дәлелдеді.

Несиенің капиталдық жасампаздық теориясы натуралистік қарама қарсы идеяны ұстанады. Оның тұжырымдамасы бойынша несиеге экономиканың дамуында шешуші рөл беріліп, оны ұдайы өндіру процестерінен алыстатады. Несие ақшамен және байланыспен теңестіріледі. Бұл теорияның негізін

салушы, ағылшын экономисі Дж. Лонның ойынша несие елдің барлық пайдаланылмаған мүмкіндіктерін қозғалысқа келтіріп, байлық пен капиталдың жиналуына себеп болады. Ол банктерді делдалдар ретінде емес, капитал жасаушылар деп қарастырады.

Бұл теорияның қолданушылары ағылшын экономистері Г. Макмед, Дж. Кейнс, Ф. Хоутри, И. Шумпетер(Австрия), А. Ган (Германия) болды. Олар ақша мен несиені сатып алу күшіне сай байлық деп есептеді. Несие пайда әкеледі, сондықтан ол “өндіргіш капитал” болып табылады, ал, банктер “несие фабрикасы”. Бұл екеуі де несиені, яғни капитал жасайды. Олар банктер барлығын, депозиттерді, яғни капитал жасайды деп пайымдайды. Сондай - ақ олар банктер шексіз депозиттерді, соған сәйкес несие мен капитал жасайды деп есептейді. Міне, осындай несие ауқымының шексіз кеңеюі қайта өндірудің, экономикалық дамудың қозғаушы күші екенін ұйғарып, экономиканың тұрақты дамуына әсер етеді. Сондықтан олардың теориялары “өтемпаздық теориясы” деген атауға ие болды. Олар несиенің шегін, несие ауқымының шексіз кеңеюі инфляция мен оның зардаптарына әкелетінің ұмытып кетті.

1929 - 1933 жж. әлемдік дағдарыс несиенің капиталдық жасампаздық теорияның абыройын жоққа шығарды. Алайда, оның оңтайлы нәтижелері болмай қалған жоқ. Оны Дж. Кейнс пен оның ізбасарлары оларды дағдарыстың және екінші дүниежүзілік соғыстың зардаптарын жою үшін пайдаланды. Олар экономиканы несиемен реттеудің принциптерін негіздеді: экономикаға несие салымдарының инвестициясын кеңейту жолымен несие пайызын төмендетуге болады. Дж. Кейнстың тұжырымдамасы бойынша айналымдағы ақша жиынтығы пайызға, пайыз - инвестицияға, инвестиция - өндіріске, өндіріс - табысқа, табыс - бағаға әсер етеді. Сондай - ақ ол ақшаның белгілі бір деңгейге дейін пайызға әсер етпейтінін, ал инвестицияның пайызға үнемі әсер етпейтінін мойындады.

Батыс және Еуропамен 24-тен астам дамыған елдердің қамтитын Еуропа Одағы АҚШ-тан капитал қорланымының кіші көлемімен және несие нарығының жеке сараланым (сегмент) операцияларының жеткілікті дамымауымен ерекшеленеді. Мұндай тенденциялар Жапонияның несие капиталы нарығына да тән.

Егер Қазақстанның несие нарығына тоқталатын болсақ, онда оның сараланымдары әр түрлі деңгейде екенін, сондай-ақ ол енді-енді қалыптасып келе жатқанын атауға болады. Мысалы, Қазақстан ақша және капитал нарығының сараланымы елдегі өндірістік және жеке қорланымның және банк жүйесінің жақсы дамымағанына байланысты едәуір жетілді.

Ипотека нарығы алғашқы даму сатысында, оның инфрақұрылымы мен заңдық базасы жасалуда. Бірақ, бұл нарықты әзірге даму сатысында деп айтуға болмайды, ол ипотекалық несиелеудің Батыс үлгісінен алшақ жатыр.

Қор нарығы кенжелеп қалған. Оның заңдық базалары мен инфрақұрылымы әлдеқашан әзірленіп, биліктің ынтасы болса да, ол әлі даму тұрғысынан енді - енді оянып келе жатыр. Егер мемлекеттік бағалы қағаздар қалыпты дамыса, ал корпорациялық бағалы қағаздар түрлі объективті себептерге байланысты мүлде дамымаған.

Капиталдық жасампаздық теорияны ары қарай монетаристер дамытуда., М. Фридмен экономиканы реттеудің негізгі құралдары - несиенің пайыздық мөлшерлемелері мен айналымдағы ақша жиынының өзгерісі болып табылады деп есептейді. Шын мәнісінде пайыздық мөлшерлемелерді реттей отырып, экономикаға салынатын несие салымдарының ауқымын кеңейтуге немесе аясын тарылтуға болады. Сондай-ақ, айналымдағы ақша жиынтығын реттеуге, ең соңында өндіріске және баға мен инфляцияның деңгейіне де әсер етуге болады.

Монетаризм теориясы дамыған елдердің экономикалық саясатында кеңінен қолданылуда. Бүгінгі таңда оның маңызы несиенің пайыздық мөлшерлемесін өзгерте отырып, ақша жиыны мен инфляцияның өсуін тежеуге қол жеткізуге болады.

Қазақстан да несие теориясының жемістерін тәжірибеде кеңінен пайдаланып отыр. ҚР Ұлттық банкі мен үкіметі ақша несие реттеуінің монетаристік теориясын қолдана отырып, 1994 - 1997 ж ж. өршіген инфляцияны басты және елдегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізді. Нәтижесінде Қазақстанда заңды түрде екі деңгейлі банк жүйесі қалыптасты:

I-деңгейде - Қазақстанның Ұлттық Банкі;

II-деңгейде - коммерциялық банктер және басқа да жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын несие-қаражат ұйымдары.

Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерді атап өтетін болсақ, олар: "ҚАЗКОММЕРЦБАНК" АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «БТА Банкі» АҚ, «Банк Центр Кредит» АҚ, "АТФБанк" АҚ, "Альянс Банк" АҚ, "Еуразиялық Банк" АҚ, "KASPI BANK" АҚ, "Сбербанк" ЕБ АҚ, "Ситибанк Қазақстан" АҚ, "Нұрбанк" АҚ, "Цеснабанк" АҚ, "HSBC БАНК ҚАЗАҚСТАН" ЕБ АҚ, "ТЕМIРБАНК" АҚ, "RBS (Kazakhstan) " ЕБ АҚ, "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ, АО "ДБ "АЛЬФА-БАНК" және т. б. Жалпы алғанда қазіргі таңда елімізде 39дан астам екінші деңгейлі банк бар.

Осы курстық жұмыс арқылы мен жоғарыда айтылған екі деңгейлі банк жүйесінің несие беру әдістеріне тоқталып, жалпы несие ұғымына түсініктеме беруге тырыстым. Курстық жұмыс үш үлкен бөлімнен тұрады. Әр бөлімнің өзінің орны ерекше. Негізгі бөлімінде несие ұғымы дәл әрі нақты талданып, несиелеу кезеңдері көрсетілген. Несиелік механизм туралы да аз жазылған жоқ. Банктің несие беру процессі және де оның экономикалық мағынасы жайында ауқымды түрде жазылды. Ал үшінші бөлімде әлемдегі банктік несие жүйесін мысал ретінде келтіріп жаздым.

1. НЕСИЕ ЖӘНЕ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ

  1. НЕСИЕ ЖӘНЕ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ ҰҒЫМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ

Жалпы несие ұғымы жөнінде айтатын болсақ, несие - нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.

Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру аясынан емес олардың айырбас аясынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де, осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды. Бұндай қатынастарды тағы құнның қозғалысы деп атайды.

Жалпы құнның қозғалысы несие қозғалысының кіндігін сипаттайды. Бұған несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады.

Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған деген негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде берілуде. Бірақ, бұл жерде ақша мен несиенің әртүрлі ұғымды білдіріп, әртүрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.

Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бірі деп санайтындар да аз емес, несие - бұл ақшалай қаражаттың екі жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және уақыт өткен соң кайтарылуын баяндаса, ал қаржы - сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрінде берілсе олар қайтарымысыз сипатқа ие.

Жалпы несие, қазіргі кезеңде, пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы ретінде түсіндіріледі.

Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады.

Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие- бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі нысандарының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бір нысанын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ал ссуда - бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана нысанын білдіреді.

Экономикалық категория ретінде, несие - кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.

Зерттеу заты сияқты, несие құрылымы бір-бірімен өзара байланысты элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.

Қарыз беруші - қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз беруші - бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектілер болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық субъектілері және халық жатады.

Қарыз алушы - бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік қатынастың екінші жағы. Борышкер және қарыз алушы бір-бірімен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әртүрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т. б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ, бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай-ақ адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш - бұл өте ауқымды ұғым. Ал, қарыз алушы - бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.

Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрылымының элементіне берілетін объекті де жатады. Беру объектісі - бұл құнның ерекше бөлігі, яғни қарызға берілген құнды білдіреді.

Несиенің экономикадағы орыны мен рөлі, оның атқаратын қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады:

  • қайта бөлу;
  • айналыс шығындарын үнемдеу;
  • айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
  • капиталдың шоғырлануын жеделдету;
  • ғылыми-техникалық прогресті жеделдету.

Несиенің қайта бөлу қызметі, кез келген елдің ұлттық экономикасының толыққанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінін, көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал ағымы болады. Несиенің бұл қызметі, қаржының қайта бөлу қызметінен айырмашылығы қаржының бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе, ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни ол нарықтық механизм негізінде жүзеге асырылады.

Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асуы несиенің экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті туындатады. Міне, сондықтан да мұндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін несиені пайдаланады. Бұл дегеніміз капитал айналымын қамтамасыз етіп қана қоймай, айналыс шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік жасайды.

Ал, келесі қызметі, яғни несиенің айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыруы. Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орын алмастыруға толық мүмкіндік бар. Бұл қызметтің іске асу үдерісінде тек қана тауар айналысын емес, сондай-ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша айналысын да жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар: чектер, вексельдер, несиелік карточкалар көмегімен жүзеге асырылады. Несиенің, бұл қызметі арқылы ақша айналысының жылдамдығы мен қатар, айналыстағы ақша массасына және төлем айналымына да ықпал етеді.

Капиталдың шоғырлану процесі қызметі экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасау үшін маңызды болып табылады. Мұндай міндетгерді шешуде несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға мүмкіндік береді.

Несиенің ғылыми-техникалық прогресті жеделдету қызметі ғылыми-техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан да, несиенің көмегінсіз көптеген ғылыми-зерттеу орталықтарының (бюджеттік қаржыландыруда отырғандардан басқалары) жұмыс жасауы қиынға түседі.

Сондай-ақ несие өндіріске ғылыми технологияларды жаңалық ретінде енгізу үшін де аса қажет болып табылады. Себебі, ондай шығындар бастапқыда кәсіпорынның қаражатымен, оның ішінде орта және ұзақ мерзімді банктің, несиелері есебінен қаржыландырылады.

Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі маңызды рөл атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.

Өндіріске қатысты алғанда, екінші кезекте саналатын несие жүйесі оған тұрақты және елеулі ықпал етеді. Ол бірнеше дүркін ақшалай қорлардың ауқымын кеңейтіп, өндіріс тиімділігінің өсуін қолдай отырып ақшалай қаражаттардың бір саладан екіншісіне қайта құйылуын қамтамасыз етеді.

Несие жүйесінің рөлі мен маңызы келесідей бірқатар көрсеткіштермен сипатталады: несиелік жұмсалымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталын қалыптастыруға банктегі қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т. б.

АҚШ несиелік қатынастардың даму дәрежесі бойынша, шаруашылықтың өндірістік және өндірістік емес саласын банк саласының қамтуы, несиелік мекемелердің көп түрлілігі мен көп тараптылығы жағынан, қаржы капиталы талаптарының қуаттылығы бойынша әлемнің басқа да елдерін артқа қалдырады. Американдық несие жүйесінің ауқымы туралы кейбір мәліметтер төмендегідей көрсеткіштерді беруі мүмкін. Несиелік мекемелер арқылы қолма-қолсыз ақша жолымен жүзеге асырылатын жылдық төлем айналымының басым бөлігі 80-жылдардың басында 60-65 трлн. доллар соммасында бағаланған.

Американдық шаруашылықта пайдалынатын ақшалай капиталдың орта есеппен ¾ бөлігі несие жүйесі арқылы өтеді. Несиелік мекемелер арқылы жұмылдырылған ақшалай қаражаттардың орташа жылдық саласы 1989 жылы 700 млрд. долларды құрады.

Несие жүйесінің өз қызметтерін орындауы барысында несиелік қатынастар туындайды. Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтап, оны қайтару және ақы төлеу шартында қайта бөлуге байланысты несиелік мекемелермен әр түрлі субьектілер арасындағы экономикалық байланыстар несиелік қатынастардың мазмұнын анықтайды.

Бірақ, несиелік қатынастар мазмұны тек қана ақшалай капиталды жинақтап, оны заңды және жеке тұлғаларға уақытша пайдалануға берумен ғана тұрмайды. Несиелеу процесінде ұлғаймалы ұдайы өндірістік айналымы үшін төлем құралдарының қосымша массасы құралады. Төлем айналымының аса ауқымды ағыны төлем төлеушілер мен мекемелер және соңғылары мен алушылар арасында экономикалық қатынастарды қалыптастырумен қатар, несиелік қатынастар мазмұнын толықтыра отырып, несие жүйесі арқылы өтеді.

Несие екі формада болады: тауарлық және ақшалай. Тауар несиесі коммерциялық несиенің бірінші негізін білдіреді. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің бір-біріне қарыз беру барысында, аталған несие формасында ақшалай формада қайтарылады. Өйткені, алушы субьект несие беруші тауар несиесін алғанын куәландыратын вексальді, сондай-ақ салынған мүлік туралы парақты немесе басқадай құжаттарды береді. Бұл тұста несиелік қатынастар субьектілеріне- шаруашылық жүргізуші субьектісі және банк жатады. Несиелік қатынастардың мазмұнындағы өзгерістер нәтижесінде тауар формасындағы несие ақшалай формаға қайта ауысады. Сөйтіп, тауар формасы негізінде несиенің ақшалай, ең бастысы банктік формасы пайда болып дамиды.

Несиелік қатынастар мен несие формаларының және несиелік мекемелердің жиынтығы кең мағынада несие жүйесі ұғымын құрайды.

Ал несие жүйесі тар мағынасында - бұл несиелік есеп айырысу қатынастарын ұйымдастырушы, елдегі ақша айналысын реттейтін және басқа да қаржылай қызмет көрсететін несиелік мекемелер торабы болып табылады.

Басқаша айтқанда, несие жүйесі банктік және басқа да мекемелердің жиынтығын - несиелік операцияларды жүзеге асыру және олардың құқықтық формаларын ұйымдастыруы арқылы сипатталады. Несиелік қатынастарды ұйымдастыруда: банктік жәңе банктік емес институттар шеңберінде екі жүйені бөліп қарастырады. Соған сәйкес несие жүйесінің екі негізгі буыны қалыптасады: банктік және мамандырылған несие-қаржы мекемелері.

Бірлескен несие жүйесінің күрделі, көп буынды құрылымы болады. Егер де несиелік мекемелердің өз клиенттеріне көрсететін қызметтерінің жіктелуін негізге алатын болсақ, онда қазіргі несие жүйесінің үш маңызды элементін бөліп қарастыруға болады, олар :Орталық (эмиссиялық) банк; Коммерциялық банктер; Мамандандырылған несиелік мекемелер:(сақтандыру, жинақтық, ипотекалық, сенімгерлік (трастовый) және т. б) .

  1. НЕСИЕ НЫСАНДАРЫ, ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ

Ал енді несие жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын несие нысаны түсінігіне тоқталып кететін болсақ. Несиенің нысандары, оның құрылымымен және белгілі бір дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді.

Несие нысаны - бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің яғни, әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді

Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің нысаны сол күйінде сақталады.

Несиенің екі нысаны бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрінде берілетін несиені - коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені - банктік деп атайды. Қалған несиенің түрлері осы екі нысанының тәжірибеде қолдануынан туады.

Коммерциялық несие - бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген тауарын білдіреді

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық валюта қатынастары жайлы
Халықаралық валюталық қор
Халықаралық валюта қатнастары
Ұдайы өндірістік тұжырымдамасын жақтаушылар
Қаржы саясаты және механизімі
Несиелік қор менеджментінің экономикалық ақпараттық жүйесі
Кәсіпкерлікті несиемен қамтамасыз ету анализі
Нарықтағы экономикасы дамыған елдерді мемлекеттік реттеу
Корпоративтік басқару
Ақша-несие саясатының теориялық негіздері немесе ақша-несие саясатының мәні, түрлері және құралдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz