Тәуелсіздік жылдарындағы ҚР-ның ЖҰӨ динамикасын талдау


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

«Қазақстан нарықтық экономика орнатқан ел», - деп алдымен АҚШ конгрессі, содан кейін Еуропа Қауымдастығы елдері ресми мойындады. «Қазақстан кереметі» -, деп олар айтуға негіз болған ақиқат - ол еліміздің қарқынды әлеуметтік-экономикалық дамуы. Қысқа мерзім аралығында республика елеулі жетістіктерге жетті, терең құлдырау сатысынан аман өтіп, экономикалық өсу жолына түсті. 90-шы жылдардың орта кезеңінде біздегі терең дағдарыстық жағдайда халықаралық ұйымдардың сарапшыларының «Қазақстан экономикасын тұрақтандыруға, толыққанды нарықтық экономика құруға 50-80 жыл кетуі мүмкін» деген болжамын еліміздің нарықтық экономика құру тәжірибесі теріске шығарды. Сондықтан «Қазақстан кереметінің» негіздері әртүрлі деңгейде зерттелуде және Қазақстанның даму үлгісін БҰҰ басқа дамушы елдерге басшылыққа алуға ұсынып отыр.

Қоғамымызға мұндай үлкен және жауапты істі жүзеге асыру, оңай болған жоқ. Көптеген қиыншылықтар мен тосқауылдар кездесті, нарықтық экономика құру тәжірибесінің жеткіліксіздігінен туындаған қателіктер де орын алды.

Курстық жұмыстың зерттеу объектісі - ҚР-ның тәуелсіздік алғаннан кейінгі экономикалық жағдайы болып табылады. Оны анықтап, толық сипаттама беру үшін макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасын зерттеп, талдау қажет. Себебі, бұл көрсеткіштер экономикалық көріністерді бағалауда және тиісті тұжырымдар жасағанда көмек көрсетеді.

Зерттеу пәніне - негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді жатқызамыз. Олар теория мен шаруашылық тәжірибеде, ұлттық экономика қызметінің нәтижелерін бағамдау үшін қажет. Оларға жататындар: жалпы қоғамдық өнім (ЖҚӨ), жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), жалпы ішкі өнім (ЖІӨ), түпкі қоғамдық өнім (ТҚӨ), таза қоғамдық өнім (ТҚӨ), таза ұлт­тық өнім (ТҰӨ), ұлттық табыс(ҰТ), жеке табыс (ЖТ), ара­лық өнім (АӨ) және т. б.

Зерттеу мақсаты - барлық көрсеткіштердің есептелінуі мен олардың экономика туралы, қандай ақпараттар алуға болатандығын анықтап, ҚР-сында тәуелсіздік жылдарындағы, осы көрсеткіштердің динамикасын бақылау.

Көрсеткіштер мазмұнын анықтауда, саяси-экономикалық концепцияларға негізделіп, зерттелген үрдістер мен құбылыстарға сандық талдау жасалады.

Бұл концепциялар ЖІӨ, ұлттық табыс, т. б., сияқты аса маңызды макроэкономикалық көрсеткіштерге де қолданылады. Мысалы, ұлттық есептер жүйесінде қолданылатын, саяси-экономикалық концепциялардың бірінде нәтижесінде құн қалыптасып, ұлттық өнім өндірілетін қызмет түрлерінің анықталуы қарастырылады.

Зерттеу мақсатына жету үшін курстық жұмыстың құрылымы мен зерттеу логикасын анықтайтын мынадай міндеттер қойылған:

  • жалпы ұлттық өнім ұғымы мен оның түрлеріне анықтама беру;
  • жалпы ұлттық өнімді есептеу әдістерін көрсету;
  • тәуелсіз жылдарындағы Қазақстан Республикасының экономикалық дамуын кезеңдер бойынша талдау;
  • қазіргі кездегі ҚР-ның даму стратегиясын айқындап, оған сипаттама беру.

Зерттеу кезінде ғылыми оқу әдебиеттерінің, монографиялар, мерзімді басылымдар мақалаларның талдауы, сонымен бірге экономико - статистикалық және графикалық әдістердің талдаулары қолданылды.

1. ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ӨНІМНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САНАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰРҒЫЛАРЫ

  1. ЖҰӨ көрсеткіші туралы жалпы түсінік

Жалпы ұлттық өнім (Ж. Ұ. Ө. ) - белгілі уақыт кезеңінде қоғамның қарамағындағы ұлттық өндірістік факторлармен өндірілген барлық игіліктер мен қызмет түрінде анықталады.

Басқаша айтқанда, жалпы ұлттық өнім Ж. Ұ. Ө. - бұл ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бір жылдық нарықтық құны. Бұл орайда мемлекет азаматтарының мемлекет ішінде, әрі шетелде өндірген барлық тауарлар мен қызметтерінің көлемі есептелінеді. Сонымен қатар, мекемелердің, халықтық ұйымдардың материалдық және материалдық емес кірістердің сомасы да ЖҰӨ болып түсіндіріледі.

Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) азаматтар табыстарының жиынтығын және өндіріс тауарлары мен қызметтер үшін жұмсалған жалпы шығын көлемін сипаттайды.

Жалпы ұлттық өнім экономика көрсеткіштерінің ең нақтысы деп есептеледі. Статистикалық деректер мемлекеттің экономика министрлігінің 3 айда бір есептеуі бойынша, экономикалық іс-әрекет нәтижесін бірыңғай көрсеткішпен беруге негізделген.

Жалпы ұлттық өнімді төмендегідей бөліктерге бөліп көрсетуге болады:

  1. барлық экономикалық агенттер табысының жиынтығы.
  2. өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызметтердің жалпы шығын көлемі.

Жалпы ұлттық өнім экономикадағы табыс пен өндірістегі шығын көлемін бірдей өлшейді. Себебі бұл өлшемдер, соңында бірдей болады. Жалпы экономика үшін табыс көлемі шығын көлеміне тең болуы керек. [1]

1. 2 Жалпы ұлттық өнімді есептеу әдістері

ЖҰӨ жалпы шығын көлемін, сонымен бірге экономикадағы жалпы табыс көлемін де сипаттайды. Ұлттық есеп жүйесінің үлкен бір бөлігінің көрсеткіші - бұл керек ағындарға байланысты ақпараттар. Бұл деректерді шығын құрауыштары және табыс көрсеткіштері деп екі топқа бөлуге болады.

Экономистердің көзқарасы бойынша, тек қана өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызмет түрлерінің жалпы көлемі ғана емес, сонымен бірге өндірілген өнімнің сәйкес түрде бөлінуі және тағайындалуы есепке алынады. ЖҰӨ құрылымындағы шығындар 4 топқа бөлінеді:

1) Тұтыну (С)

2) Инвестициялар (І)

3) Мемлекеттік сатып алу (G)

4) Таза экспорт (NX)

Сонымен ЖҰӨ-ді «Ү» символымен өрнектеп, мына өрнекті аламыз:

Y = C + I + G + NX (1)

ЖҰӨ - бұл тұтынудың, инвестицияның, мемлекеттік шығындардың және таза экспорт көлемдерінің жиынтығы, ЖҰӨ құрамындағы әрбір шығын құрауышысы осы топтардың біреуіне жатады. Бұл теңдік өрнек болуы - осыған кіретін айналымдардың анықтамасы әсерінен теңдік орындалады. Бұл теңдік «ұлттық есепшот тепе-теңдігі» деген атау алады.

Тұтыну - бұл үй шаруашылығында қолданылатын тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлерінің жиынтығы, олар мынадай топтарға бөлінеді:

1) қысқа мерзімді қолданылатын тауарлар;

2) ұзақ мерзімді қолданылатын тауарлар;

3) көрсетілген қызмет.

Қысқа мерзімді қолданылатын тауарларға қысқа уақытқа ғана қызмет жасайтын, мәселен, киім және азық-түлік тауарлары, т. б. жатады.

Ұзақ мерзімді тауарларға ұзақ уақыт қызмет жасайтын, мәселен, машиналар, кіржуатын машиналар, т. б. жатады.

Көрсетілген қызмет түріне тұтынушыларға жасалған қызмет, мәселен, шаштараз және медициналық қызмет және т. б. жатады.

Инвестиция мынадай топтарға бөлінеді:

1) Өндірістік капиталды салу (немесе негізгі өндірістік фактор инвестициясы жатады) ;

2) Тұрғын үй-құрылыс инвестициясы;

3) Қор инвестициясы.

Негізгі өндірістік фактор инвестициясына фирмалардың жаңа өндірістік кәсіпорындар мен жабдықтарға жұмсаған шығындары жатады.

Тұрғын үй-құрылыс инвестициясы - бұл тұратын жаңа үйлер мен жалға беретін үйлерді салудағы шығындар.

Инвестиция қоры - бұл фирманың қордағы тауарларының бағасының өсімі (егер қорлар қысқартылса, инвестиция қоры өлшемі теріс мәнге ие болады) .

Мемлекеттік шығындар - өкімет тарапынан сатып алынатын тауарлар мен қызмет көрсетулердің жалпы құны. Бұл топқа әскери жабдықтау, тас жолдар құрылысы және мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысы жатады.

Таза экспорт тауарлар мен көрсетілген қызметтердің экспорт және импорт құны көлемінің айырмашылығына тең. Тепе-теңдік жағдайында, сыртқы сауда шеңберінде қарастырғанда экспорт пен импорт көлемі тең болады, демек таза экспорт нөлге тең. Мұндай жағдайда ЖҰӨ ішкі шығындар жиынтығына тең болады:

С + І + G (2)

Бірақ, егерде экспорт импорттан көп болса, онда біз әлемдік нарыққа «нетто-экспортшы» ретінде қатысамыз, сонда ЖҰӨ ішкі шығын көлемін жоғарлатады. Сол сияқты, егерде импорт экспортқа қарағанда көп болса, онда біз әлемдік нарыққа «нетто-импортершы» ретінде қатысамыз, сонда таза экспорт теріс мән болып табылады және шығын көлемі өндіріс көлемінен жоғары болады .

Ұлттық есеп жүйесінде көбінесе табыс жиынтығының көрсеткіші ретінде ЖҰӨ қолданылады, ЖҰӨ-ден кейбір құрауыштар арқылы ерекшеленетін басқа да табыс көрсеткіштері қолданылады. Тәжірибе жүзінде табыс көрсеткіштерінің айырмашылығы шамалы, себебі, олардың қозғалысы бірдей. Дегенмен, көрсеткіштердің айырмашылығын білу шарт. Әр түрлі табыс көрсеткіштерінің байланысын нақты білу үшін кезекпен ЖҰӨ-нен әр түрлі құрауыштарды игере отырып қарастыру керек. Таза ұлттық өнімді (ТҰӨ) алу үшін, өндірістік кәсіпорындар, жабдық және тұрғын үйлердің жылына төмендейтін құны өлшемін, яғни капиталдың негізгі тозу құнын есептейміз:

ТҰӨ = ЖҰӨ - капиталдың негізгі тозу құны немесе амортизация

Ұлттық есеп жүйесінде капиталдың негізгі тозу құны амортизациялық шығындар деп аталады.

Дегенмен, капиталдың негізгі тозу құны - бұл өндіріске кеткен шығындар, сонда ЖҰӨ-нің осы құннан айырмасы экономикалық қызметтің таза нәтижесін сипаттайды. Осы себептен, көптеген экономистердің айтуынша, таза ұлттық өнім (ТҰӨ) көрсеткіші ЖҰӨ-ге қарағанда экономика жағдайын жақсы сипаттайды. Ұлттық есеп жүйесіндегі келесі көрсеткіш фирмадағы жанама салық сомасына жүргізіледі, мысалға, сату салығы. Осындай салықтар таза ұлттық өнімнің 10%-ына дейін құрайды және тұтынушының тауарға бөлетін бағасы мен фирманың сату бағасының арасындағы айырмашылықты фирма алмағандықтан, ол табыстың бір бөлігі болып табылмайды. Таза ұлттық өнімнен жанама салықтарды алып тастасақ, ұлттық табыс атты көрсеткішті аламыз.

ҰТ = ТҰӨ - жанама салықтар (3)

немесе

ҰТ = бір жылдағы барлық табыстардың сомасы = жалақы +

пайда+капиталға пайыз+ жер рентасы (4)

Ұлттық табыс барлық экономика агенттерінің табыс жиынтығын көрсетеді. Ұлттық есеп жүйесінде ұлттық табыс, табыс алу тәсіліне байланысты бес құрауышқа бөлінеді. Осы бес санат (категория), сонымен бірге әрқайсысының ұлттық табыстағы үлесі төменде пайыз түрінде көрсетілген:

1) Еңбекақы (73%) . Жұмысшылардың алатын жалақысы мен сыйлығы.

2) Жеке меншік табыстар (70%) . Мәселен, кішігірім дүкендер, фермалар және т. б.

3) Ренталық табыс (2%) . Жылжымайтын мүлік иелерінің алатын пайдасы, оған қоса өздері өзіне «төлемейді» деп есептелінген жалдау ақысы жатады.

4) Корпорация пайдасы (11%) . Жұмысшылар мен несие берушілерге төленген төлемнен қалған корпорация пайдасы.

5) Таза пайыз (7%) . Белгілі бір елдің кәсіпорын төлемдерінің пайыздық сома мен олар арқылы алынған пайыздық сома елдердің экономикалық агенттерінен түскен пайыздық соманы қосқанға тең. Осындай түзетулердің көмегімен ұлттық табыстан жеке табысқа өтуге болады, яғни үй шаруашылығы мен корпоративті емес кәсіпорындар алатын табыс. Осылардың ішінде 3 ең керекті түзетулер бар:

Біріншіден, өзінің пайдалануына қалдыратын немесе мемлекет салығын төлемеуге бағыттайтын корпорация пайдасын ұлттық табыстан алып тастау керек, бұл үшін ұлттық табыс көлемінен корпорация пайдасын алып тастайды және дивидендтер сомасын қосады.

Екіншіден, ұлттық табыс көлеміне трансферттік төлемдердің таза сомасын қосу қажет, ол жеке азаматтарға төленген трансфертті төлемдердің әлеуметтік сақтандыру үшін мемлекетке аударған салымнан алып тастаған сомасына тең.

Үшіншіден, кәсіпорындардың пайыздық төлемдерінің орнына үй шаруашылығының пайыздық түсімдерін енгізу керек, бұл түзету пайыз түрінде алынған жеке табыстың қосылғанынан және таза пайыз көлемін шегеріп тастау жолымен жүзеге асады. Жеке табыс мынаған тең:

табыстар+трансферттік төлемдер

  • корпорация пайдасы
  • әлеуметтік сақтандыруға салынған салымдар
  • таза пайыз

+ дивидендтер

+ мемлекеттен халыққа берілетін трансфертті төлемдер

+ жеке табыс (пайыз түрінде алынған) .

Жеке табыс сомасынан мемлекетке төленетін кейбір салық емес төлемдерді алып тастасақ, қолда бар табыс көлемі шығады (мәселен, қоғамдық көлік үшін төлем) . Қолда бар табыс = жеке табыстар - жеке салықтық және салықтық емес төлемдер.

Жеке табыс - бұл үй шаруашылығы иелігінде және мемлекеттік салық міндеттерін орындағаннан кейінгі корпоративті емес кәсіпорындар иелігінде қалатын қажеттіліктер.

03

Сурет 3. Ұлттық шоттардың жалпы сызбасы

Көбінесе баға деңгейінің көрсеткіші ретінде тұтыну бағасының индексі (ТБИ) қолданылады. Тұтыну бағасының индексі есебімен статистика агенттілігі шұғылданады. Ең алдымен тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлерінің бағасы туралы жинақ жүргізіледі. Жалпы ұлттық өнім бір көрстекіш ретінде көптеген өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтердің бағасын көрсетеді, сол сияқты тұтыну бағасының индексі де көптеген тауарлар мен қызметтердің бағасын көрсетеді. Бұл - жалпы баға деңгейінің көрстекіші [5] .

ТБИ - маңызды көрсеткіш, бірақ ол баға қозғалысының жалғыз көрсеткіші болып табылмайды. Басқа көрсеткіш - бұл тұтынушылар емес, фирмалар тұтынатын қарапайым тауар жиынының көтерме бағасын көрсететін индексі болып табылады. Осы жалпы баға индексімен қатар статистика агенттілігі жеке топ тауарларының индексін есептейді, мәселен, азық-түлік, энергия, тұратын жер.

Көптеген өндіріс тауарлары бірнеше кезеңдерден өтеді: бір фирмада шикізат аралық тауарға айналады, содан кейін басқа фирмаға дайын өнім өндіру үшін сатылады. Жалпы ұлттық өнімге тек соңғы өнімнің бағасы ғана кіреді.

Көптеген тауарлар және қызмет түрлері, жалпы ұлттық өнімде, нарықтағы бағаларымен есептелінеді, ал кейбір тауарлар мен көрстілген қызмет түрлері нарықта сипатталмайды, сол себепті нарықтық бағасы жоқ. Дегенмен, осы көрсетілген қызмет құны жалпы ұлттық өнімге енгізілуі керек, сол үшін біз оларды өлшеуіміз керек. Осындай бағалар шартты түрде есептелінген құн деген атауға ие болады. Осы шартты түрде есептелінген құндар, мысалға, тұрғылықты ортада қызмет бағасы ретінде қолданылады. Пәтерді уақытша жалға беруші адам барлық қызмет құнын төлеп, үй иесінің табысын қамтамасыз етеді, үй иесінің табысы, тұруға берген үйдің шығындары, бәрі жалпы ұлттық өнімді есептегенде, осы жалдау төлеміне есепке енгізіледі. Сонымен қатар, көптеген азаматтар өз үйлерінде тұрады. Бұлар үй иесіне жалдау ақысын төлемегенімен, бәрібір олар сол көрсетілген қызмет түрлерін пайдаланады, яғни пәтерді уақытша тұруға алатындар секілді. Сол себепті, жеке үй қожайындары пайдаланатын қызмет есебі үшін жалпы ұлттық өнімнің құрылымына өздері, өзіне «төлейтін», «жалдау ақысы» енгізіледі. Әрине, олар жалдау ақысын өзіне төлемейді. Сауда министрлігі жалдау ақысы мөлшерін бағалайды, егерде олар өз үйлерін жалға берген жағдайда және жалдау ақысын төлеген жағдайда, сонымен бірге, осы арнайы есептелінген құн өлшемін жалпы ұлттық өнімге енгізеді. Осы жалдау ақысы үй иелерінің шығындары және табыстары деп есептелінеді. Мемлекет ұсынған қызметтер де, осындай жолмен бағаланады. Мысалға, тұрғындарға әкімшілік, полиция және өрт сөндірушілер қызмет көрсетеді. Осы көрсетілген қызмет құнын бағалау қиын, себебі, олар сатылмайды және нарық бағасын иемденбейді. Жалпы ұлттық өнім құрамында осы мемлекеттік жұмысшылар өнімінің құнының көрсеткіші, олардың жалақысы болып табылады. Көптеген жағдайларда осы тәріздес есеп өте қажет, бірақ ол тәжірибеде жүзеге асырылмайды, яғни жалпы ұлттық өнімде арнайы есептелінген құн - жалға берілген жеке үйлер, машиналар және ұзақ қолданылатын тауарлар (бұлардың бәрі адамдардың жеке өзінің бұйымдары) іс жүзінде жасалынбайды. Осымен қатар кейбір тауарлар үйде жасалынып, үйде қолданылады, олар нарықта болмайды. Мысалға, үйде дайындалған тамақтың, ресторанда дайындалған тамақтан айырмашылығы жоқ болса да, тамақты дайындау барысындағы қосылған құн жалпы ұлттық өнімге енгізілмейді. Сондай-ақ, жалпы ұлттық өнімге заңсыз дайындалған және сатылған тауарлардың, мәселен, есірткінің бағасы енгізілмейді, яғни арнайы есептелген құн есебінің тәсілі жүзеге асырылмаса, көптеген тауарлардың бағасы мен көрсетілген қызмет бағасы мүлдем жалпы ұлттық өнімге енгізілмесе, онда жалпы ұлттық өнім - экономикалық қызметтердің нақты көрсеткішінің нәтижесі бола алмайды. Дегенмен, осы қателіктер жалпы ұлттық өнімге онша әсер етпейді .

1. 3 Нақты және атаулы жалпы ұлттық өнім

Ұлттық өндірістің макроэкономикалық көрсеткіштері нарықтық бағалар арқылы есептелінеді. Олар ағымдағы бағалармен өлшенген жағдайда, олардың мөлшері атаулы шама түрінде болады. Егерде тұрақты бағалар (базалық жылдың бағалары) пайдаланылса, онда олар нақты шаманы көрсетеді. Атаулы жалпы ұлттық өнім өндірістің көлемінің өзгеруіне де, бағалардың деңгейіне де тәуелді болады. Нақты жалпы ұлттық өнім тек қана өндіріс көлемінің өзгеруіне тәуелді .

Атаулы жалпы ұлттық өнім - тауарлар мен қызметтер өндірісінің ағымдағы бағалар көлемі.

Нақты жалпы ұлттық өнім - тауарлар мен қызметтердің өндірісінің тұрақты бағалармен көрсетілген көлемі.

01

Сурет 1. ЖҰӨ бөлінуі

Нақты ЖҰӨ-нің өсу факторлары болады. Олар:

  • пайдаланылатын ресурстардың - еңбектің және капиталдың өсуі (сандық факторлар) ;
  • технологиялық өсу - өндірісте жаңа технологияларды енгізу, ғылым және техниканы қолдану жолымен көбеюі, бұл сапалық фактор болып табылады.

Нақты жалпы ұлттық өнім көлемінің қозғалысы циклдық, маусымдық ауытқуларға байланысты болады. Кейбіреулері өндірістік, пайыздық ерекшеліктерімен байланысты: мәселен, жылдың суық кезінде үй құрылысын жүргізу көптеген қиындықтар әкеледі, сонымен қатар, жыл мезгіліне байланысты адамдардың қалауы өзгереді. Мәселен, демалуға ыңғайлы кезеңде демалысқа шығу өте көп болады және жаңа жыл сыйлықтарын алу да сол сияқты.

02

Сурет 2. Нақты ЖҰӨ-нің өсу факторлары

Нақты жалпы ұлттық өнім көлемінің ауытқулары мен басқа да экономикалық көрсеткіштерді зерттеуде, олардың қозғалысын маусымдық факторлардан «тазалау» қажет.

Жалпы ұлттық өнім дефляторы - ағымдағы бағалардың базистік кезеңдегі баға деңгейіне қатынасын, яғни өндіріс көлеміне емес, бағалардың салыстырмалы өзгеруін сипаттайды.

Жалпы ұлттық өнім дефляторы мен тұтыну бағасының индексі жалпы баға деңгейі туралы экономикада әр түрлі ақпарат береді. Осы екі көрсеткіш арасында үш негізгі айырмашылық бар:

  1. Жалпы ұлттық өнім дефляторы барлық өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлерінің құнын көрсетеді, ал тұтыну бағасының индексі тек, тұтынушы тұтынатын тауарлар мен қызметтердің бағасын есептейді, сонымен, фирмалар мен мемлекет тұтынатын тауарлар мен қызметтер бағасының жалпы ұлттық өнімін алуға болады.
  2. Жалпы ұлттық өнім дефляторы тек қарастырылып отырған мемлекеттің азаматтары өндірген тауарларды есепке алады. Басқа елдерден импортталатын тауарлар жалпы ұлттық өнімде есептелмейді және жалпы ұлттық өнім дефляторында да көрсетілмейді.
  3. Бағаның әр түрлі болуында. Тұтыну бағасының индексін есептегенде, әр түрлі тауар бағалары тұрақты салмақты болады, ал жалпы ұлттық өнім дефляторын есептегенде ауыспалы салмақ қолданылады. Басқа сөзбен айтсақ, тұтыну бағасының индексі өзгермейтін тауарлар жиынында есептелінеді, ал ЖҰӨ дефляторы тауар жиынының өзгеруіне байланысты болады, яғни жалпы ұлттық өнім құрамының өзгерісіне байланысты болады.

ЖҰӨ дефляторы = А т а у л ы Ж Ұ Ө Н а қ т ы Ж Ұ Ө = \frac{Атаулы\ ЖҰӨ}{Нақты\ ЖҰӨ} (5)

Мұнда ЖҰӨ дефляторы да тұтыну бағасының индексі де анықталған тауар жиынының ағындағы бағасы базистік жылдағы сол тауарлардың бағасымен салыстырылғаны көрсетіледі. Уақытқа байланысты жиындар құрамы өзгере ме, әлде жоқ па деген сұраққа жауап бере отырып, екі көрсеткіштің айырмашылығын білуге болады. Тұтыну бағасының индексінде өзгермейтін тұтыну қоржыны (базисті жылдағы салмақ), ал ЖҰӨ дефляторы өзгермелі тұтыну қоржыны (тауар түрінде оған кіретін нақты салмақтар) қолданылады.

ЖҰӨ дефляторы мен тұтыну бағасының индексінің тәжірибеде айырмашылығы көп емес, яғни тұтыну бағасы индексінің қозғалысы ЖҰӨ дефляторы қозғалысына өте жақын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ)
Мароэкономика
Жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік жағдайына әсері
Экономикалық өсу басты макроэкономикалық категориясы ретінде
Қазақстанның экономикасы
Біріккен Ұлттар Ұйымының шоттар жүйесіне көшуде проблемаларды шешуе атқарылып жатқан қызметтер
Жалпы ұлттық өнім экономикалық категориясының теориялық аспектілері
Ұлттық экономикадағы тұтыну жинақтау
Ақша массасының экономикалық мәні мен теориялық негіздері
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қарызы және оны басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz