Ұйымдар мен кәсіпорындарда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1. ҚР «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңына сәйкес ұйымдар мен кәсіпорындардағы бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру қағидалары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2. Бухгалтерлік қызмет жұмысының ұйымдастырылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.3. Ұйымдар мен кәсіпорындардағы құжаттар айналымының ұйымдастырылуы және операцияларды құжаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.4 Түгендеу жүргізудің тәртібі мен ортақ ережелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
1.5. Бухгалтерлік есептің ұйымдастыруын жетілдірудің негізгі бағыттары...19
2. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

КІРІСПЕ
Бүгінде бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде алатын орыны ерекше. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтыну, тарату, айналым және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге, оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағалаған жөн.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Есепке алынған ақпараттардың көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, ел экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық тетіктің бірі ретінде пайдаланады.
Экономиканың саласындағы мамандар, оның ішінде, бірінші кезекте, бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің барлық жүйесін жақсы білулері, оларды оңайлатуды қарастыру қажет, субъект қызметін бухгалтерлік және салықтық есепке алуды ұйымдастырудың ережелерін, нұсқауларын және басқа нормативтік актілерін қатаң сақтаулары керек.
Бұл курстық жұмыс арқылы мен ұйымдар мен кәсіпорындардағы қазіргі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуын толығымен сипаттап, оған қойылатын талаптарды анықтадым және де бухгалтерлік есептің ұйымдастыруын жетілдірудің негізгі бағыттарын айқындап көрсеттім.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. ҚР «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңы.,26.12.2012 жылғы өзгертулер мен толықтырулары ескерілген.
2. Иванова И. Бухгалтерлік есепті жүргізу ережелері: заңнамадағы өзгерістер//«Бухгалтер бюллетені»- наурыз 2012ж, №9,2-3 бет.
3. Иванова И. Негізгі құралдарды есепке алу//«Бухгалтер бюллетені»- сәуір 2011ж,№16,10-11 бет.
4. Меркулова Н.С.,Байдыбекова С.К. Қазақстандағы бухгалтерлік есептің автоматтандырылған жүйелерінің дамуы//«Транзитная экономика»-2013ж.№1,63-69 бет.
5. Искакова С. Кәсіпорындардағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ерекшеліктері// «Весник Университета Международного бизнеса»-2009ж.№4,104-107 бет.
6. Толпаков Ж.С. Бухгалтерлік есеп//Оқулық.2009ж.306 бет
7. Вартанян А. Информационные технологии как инструмент современной бухгалтерии//Бухгалтерский учет- 2010г.-№5.стр 11-16
8. Чистов Д.В. Основы комьютерной бухгалерии/ Учебный практикум по ведению бухгалтерского учета в «1С: Бухгалтерии-Проф 6.0» для Windows.M.: Компьютер пресс, 2008г.

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

... ... ... 4
1.1. ҚР Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Заңына сәйкес
ұйымдар мен кәсіпорындардағы бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру қағидалары
мен
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 4
1.2. Бухгалтерлік қызмет жұмысының
ұйымдастырылуы ... ... ... ... ... . ... ... ... ..8
1.3. Ұйымдар мен кәсіпорындардағы құжаттар айналымының ұйымдастырылуы және
операцияларды құжаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.4 Түгендеу жүргізудің тәртібі мен ортақ
ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..15
1.5. Бухгалтерлік есептің ұйымдастыруын жетілдірудің негізгі бағыттары...19
2. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
КІРІСПЕ
Бүгінде бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде алатын орыны ерекше. Ол
кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау
үшін негіз бола отырып, тұтыну, тарату, айналым және басқа да өндіріс
процесін шынайы көрсетіп береді. Экономиканың барлық саласындағы
кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты
жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, бәсекеге жарамды өнімдерін
өндіруге, оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны
сақтауға мүдделі. Бұл орайда, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша
қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және
тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша
бағалаған жөн.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің
орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша
қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен
өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің
қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген
және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін
оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде
ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын
нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін арттыруға
бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар
беруге болады.
Есепке алынған ақпараттардың көмегімен шаруашылық жүргізуші
субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел
басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін,
сөйтіп, ел экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу
экономикалық тетіктің бірі ретінде пайдаланады.
Экономиканың саласындағы мамандар, оның ішінде, бірінші кезекте,
бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің барлық жүйесін
жақсы білулері, оларды оңайлатуды қарастыру қажет, субъект қызметін
бухгалтерлік және салықтық есепке алуды ұйымдастырудың ережелерін,
нұсқауларын және басқа нормативтік актілерін қатаң сақтаулары керек.
Бұл курстық жұмыс арқылы мен ұйымдар мен кәсіпорындардағы қазіргі
бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуын толығымен сипаттап, оған қойылатын
талаптарды анықтадым және де бухгалтерлік есептің ұйымдастыруын
жетілдірудің негізгі бағыттарын айқындап көрсеттім.
ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1. ҚР Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Заңына сәйкес
ұйымдар мен кәсіпорындардағы бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру
қағидалары мен міндеттері
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың
шаруашылықты жүргізуші кәсіпорын ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып,
олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне
мол мүмкіншілік ашты. Атап айтақанда, ішкі және сыртқы нарықта білікті
серікті таңдауға қол жеткізді, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің
тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай
жоғары жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып
алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша таңдай
алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз
таңдағанымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс
бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады.
Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші кәсіпорындардың қызметінің
жетістіктері басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі,
нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді
шешімдердің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді
пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі, Халықаралық Қаржылық
Есеп Стандарттары және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі
бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы
қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған
ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның
нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Бухгалтерлік есеп принциптері бойынша кәсіпорынның есеп саясаты деп
ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу әдісінің жиынтығын, яғни алғашқы
бақылау, құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шаруашылық (жарғылық және басқа)
қызметтің фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын айтады.
Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістеріне шаруашылық қызмет фактілерін
топтау мен бағалау әдістері, активтердің құнын есептеу, құжат айналымын
қабылдауды ұйымдастыру түгендеу, бухгалтерлік есеп шоттарын қолдану
әдістері, бухгалтерлік есептің тіркелім жүйесі, мәліметті өңдеу мен басқа
да сәйкес әдістер мен амалдар кіреді.
Ұйымның өзінің есеп саясатын өңдеу мүмкіндігі мен қажеттілігі
бухгалтерлік есеп пен басқа екінші деңгейлі нормативтік құжаттар бойынша
баптарда қарастырылған бухгалтерлік есептің кез келген мәселелерін шешудің
көп түрлілігімен анықталады.
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы Қазақстан
Республикасының заңы мен бухгалтерлік есеп принциптерінде кәсіпорын өзінің
есеп саясатын құру барысында бұйрық немесе жарлық бойынша қажетті құжаттар
тізімін бекітуі керек екендігін көрсетілген. Бұл бекітілетін құжаттардың
қатарына мыналар жатады:
- бухгалтерлік есептің уақытылы және есеп берудің толық тиісті
талаптарына сәйкес жүргізілуі;
- бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын синтетикалық және
аналитикалық шоттарының жұмыс жоспары;
- алғашқы есеп құжаттарының типтік нысандары;
- ұйымның ішкі бухгалтерлік қорытынды есеп құрудағы құжат нысандары;
- актив пен міндеттемелер түгендеуін өткізу тәртібі;
- актив пен міндеттемелерді бағалау әдістері;
- құжат айналымы ережелері мен есеп ақпараттарын өңдеу технологиясы;
- шаруашылық операцияларды бақылау тәртібі;
- бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қажетті басқа шешімдер.
Кәсіпорынның қабылдаған есеп саясаты сол ұйымдағы бухгалтерлік есептің
маңызды мәселелерінің бірі.
Ұйымның есеп саясатын таңдау мен негіздеуіне келесі негізгі факторлар
әсер етеді:
- меншік нысаны мен құқықтық-ұйымдастырушылық нысаны (жауапкершілігі
шектеулі серіктестік, ашық акционерлік қоғам, жабық акционерлік
қоғам, өндірістік кооператив және тағы басқа);
- салалық қызметінің түрі (өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік, ауыл
шаруашылығы және тағы басқа);
- қызметінің көлемі, жұмысшылар мен қызметкерлерінің орташа тізімдік
саны және тағы басқа;
- салық салу жүйесімен арақатынасы (әртүрлі салық түрлері бойынша
жеңілдіктер немесе салық төлеуден босату, салық мөлшері және тағы
басқа);
- қаржы-шаруашылық қызметін дамыту стратегиясы (ұйымның экономикалық
дамуының ұзақ мерзімдік перспективасының мақсаттары мен міндеттері,
инвестициялардың жұмсалу бағыты, перспективалы мәселелерді шешудің
тактикалық тәсілдері);
- ұйымның ақпараттық қамсыздандыру жүйесі (оның тиімді әрекетіне
қажетті барлық бағыттары бойынша);
- материалдық базасының болуы (компьютерлік техника мен басқа да
оргатехника жабдықтарымен қамтамасыз етілуі, бағдарламалық-
әдістемелік қамсыздандыру және тағы басқалар);
- кәсіпорындағы бухгалтер мамандарының (қаржы бөлімі
қызметкерлерінің) біліктілігі және басшылардың экономикалық
батылдығы, ынталылығы мен тапқырлық деңгейі;
Кез-келген ұйымның өзінің қызметін іске асыру үшін таңдап бекіткен
есеп саясаты толықтылық, уақыттылық сақтық, қарама-қайшылықсыздығы мен
орындылық талаптарына сай болуы қажет.
Көрсетілген талаптардың әрқайсысының мазмұнын қарастырайық.
Толықтылық - кәсіпорынның таңдап алған есеп саясаты оның объектілерді
есептеу жолын толық қамтамасыз етуі керек.
Уақыттылық - кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің фактілері бухгалтерлік
есеп пен бухгалтерлік есеп беруде уақытында көрініс табуы қажет. Ешқандай
операциялар бухгалтерлік есеп шоттарында тіркеу барысында кешіктірілімейді
немесе орындалмай тұрып есепке алынбайды.
Сақтық - қолданылатын есеп әдістері бухгалтерлік есепке алынуға тиісті
кірістер мен табыстарға қарағанда, жасырын резервтердің жасалуына жол
бермей, шығындар мен міндеттемелерді айқын бейнелеуге дайын болуды
қамтамасыз етуі керек, яғни есепке алынған немесе алуға нақтылы мүмкіндік
бар болатын кірістер алынады.
Қарама-қайшылықсыздығы - есептің таңдалынған әдістері әр айдың соңғы
календарлық күніне айналымның аналитикалық есебі мен шоттар бойынша
қалдықтардың синтетикалық есеп мәліметтерінің теңдігін қамтамасыз етіп
отыруы қажет.
Орындылық - кәсіпорынның есеп саясаты бухгалтерлік есепті орынды және
үнемді жүргізуді қамтамасыз етуі керек.[1]
Кәсіпорынның есеп саясаты сол кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік
есеп жүйесінің тұтастығын және оны құраушы әдістемелік, техникалық,
ұйымдастырушылық жақтарының барлығын қамтиды.
Есеп саясатының әдістемелік жағына мына элементтер кіреді: мүлік пен
міндеттемелерді бағалау әдістері, мүліктің әрбір түрлері бойынша
амортизация есептеу әдістері, табысты есептеу әдістері және тағы сол
сияқты.
Осылайша белгіленген заңға сәйкес кез келген заңды тұлға болып
табылатын ұйым өзінің есеп саясатын құрастырған уақытта төменде аталған
бухгалтерлік есептің негізгі әдістемелік аспектілерін айқындауы қажет.
- негізгі құралдарына амортизациялық аударым сомасын есептеу
әдістері.
- материалдық емес активтеріне амортизациялық аударым сомасын есептеу
және оларды есептен шығару жолдары;
- шығындарды топтау мен өндіріс шығындарына жатқызу әдістері;
- өндіріс шығындарын және оларды объектілер арасында тарату әдісі;
- дайын өнімдерді кіріске алудың есебі;
- аяқталмаған өндірісті анықтау және бағалау жолдары;
- материалдық қорларды бағалау әдістері;
- негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындар есебін ұйымдастыру;
- курстық айырманы есептеу;
- тағы да басқалар.
Өндірістік технологиялық және ұйымдастырушылық ерекшеліктеріне,
өндірістік циклдың ұзақтығына, өнім түріне, оның күрделілігіне, өндірістің
түрі мен сипатына байланысты кәсіпорындар шығындарды есептеу мен өнім құнын
калькуляциялаудың келесі негізгі әдістерін қолдана алады:
- нормативтік әдіс;
- өндірістік өңдеу сатысы;
- тапсырыстық әдіс.
Жанама шығындарды тарату базасы ретінде кәсіпорын мына төменде
аталған әдістерді пайдалана алады:
- өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысын төлеуге байланысты тікелей
шығындар;
- тікелей шығындардың жалпы сомасы;
- материалдық шығындардың сомасы;
- сметалық мөлшерлеме;
- өткізілген өнім көлемі.
Жаппай және сериялы өндірісте аяқталмаған өндіріс былайша бағаланады:
- нақты немесе нормативті өндірістік құн бойынша;
- тікелей шығындар бойынша;
- жұмсалынған шикізаттар мен материалдардың құндары бойынша.
Өнімнің бір ғана түрін өндіретін кәсіпорындардың бухгалтерлік
балансында аяқталмаған өндіріс нақты жұмсалған шығындар бойынша
есептелінеді.[2]

Республикасының заңы бойынша кәсіпорындардағы бухгалтерлік есепте
қолданылатын тіркелімдердің мазмұны және бухгалтерлік ішкі есеп мәліметтері
коммерциялық құпия болып есептеледі. [1]
Кәсіпорынның есеп саясаты осы ұйымның құрылған уақытында дайындалады.
Оны дайындаумен кәсіпорынның бас бухгалтері немесе арнайы есеп бөлімі
айналысады. Дайындалған есеп саясатын кәсіпорынның басшысы өзінің
бұйрығымен немесе өкімімен бекітеді.
Бұйрықтың құрамында есеп саясатының есеп беру жылына қабылданған
барлық пунктерінің мазмұны толық ашылып жазылады. Сонымен қатар әр пункте
тоқтала келіп қандай нормативтік құжат бойынша немесе қандай заң негізінде
есеп саясатының дайындалғандығы көрсетіледі. Қазақстан Республикасының
заңдарымен қатар есеп саясатын дайындауда ұйымның ішкі құжаттары негізге
алынған болса (лауазымды тұлғалар туралы, ішкі ережелер, бұйрықтар мен
өкімдер тағы да басқа) міндетті түрде ол туралы түсініктеме берілуі қажет.
Кәсіпорынынң есеп саясатына енгізілген өзгертулер осы ұйымның басқару
құжаттарымен, яғни бұйрық, өкім немесе қаулыларымен рәсімделунуі қажет.
Ұйымның қабылдап бекіткен есеп саясаты сол кәсіпорынның қызмет атқаруы
барысында қолданылады. Оған өзгеріс енгізу мынадай жағдайларда жүргізілуі
мүмкін:
- Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру
туралы заңының өзгеруіне сәйкес;
- Бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілердің өзгеруі
салдарынан;
- Жаңа бухгалтерлік есеп стандартына көшуге байланысты және тағы да
басқа.
Кәсіпорынның бухгалтерлік есепті жүргізу жолдары ұйымның есеп
саясатының дайындалған кезінде таңдалып алынады. Бұл есеп саясаты
кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелерінде олардың орналасқан орындарына
қарамастан қолданылады. Ұйымның филиалдарының, еншілес және тәуелді
серіктестерінің және тағы басқа бөлімшелерінің өзіндік бухгалтерлік есеп
жолдарын жүргізуіне, яғни басқа есеп саясатын таңдауына құқығы жоқ.
Бас кәсіпорын қаржылық қызметінің бөлімшелерін есеп саясатындағы
болған өзгерістер туралы алдын ала қамтамасыз етуі қажет.
Ұйымдардың түсініктеме жазуларында жыл бойы орындалған жұмыстар
бойынша жасалынған қаржылық талдаудың мәтінімен қатар бухгалтерлік
қорытынды есеп туралы шығарылған шешім және таза табысты бөлу тәртібі
жазылады. Сонымен қатар осы түсініктеме жазуда кәсіпорынның келесі жылға
қабылдаған есеп саясаты (егер оған, яғни есеп беру жылына өзгерістер
енгізілген болса) жазылады.[2]
2. Бухгалтерлік қызмет жұмысының ұйымдастырылуы
Кез келген кәсіпорын өзінің нақты жағдайына, көлеміне және қызмет
түріне қарап бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жүзеге асырады:
- бухгалтерлік жұмысты ұйымдастыру нысандарын дербес белгілейді;
- есептік саясатын қалыптастырады;
- қаржылық пен өндірістік есептері бойынша қызмет ету аясын
белгілейді;
- шаруашылық операцияларына бақылау тәртібін әзірлейді, сондай-ақ
бухгалтерлік есепті ұйымдастыру үшін басқа да қажет шешімдерді
жасайды.
Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға, шаруашылық операцияларын
орындаған кезде оның заңдылығын сақтауға кәсіпорынның басшысы жауапты болып
келеді.
Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінде бухгалтерлік есепті жүзеге
асыруға кәсіпорынның бас бухгалтері басшылық етеді. Егер де кәсіпорынның
дербес бухгалтерлік қызметі болмаса, онда бухгалтерлік есеп пен қаржылық
есеп беру арнайы мамандандырылған фирмалардың немесе келісім-шарттың
негізінде жұмыс істейтін мамандардың көмегімен жүзеге асырылады.
Бас бухгалтерді қызметтің босатқан кезде ол жаңадан тағайындалған бас
бухгалтерге субъектінің басшысы бекіткен тәртіпке сай істерді өткізіп
береді, өткізу барысында бухгалтерлік есептің жағдайына және есеп
мәліметтерінің дұрыстығына тиісті актілер жасалады.
Кәсіпорын активтердің, меншік капиталының, міндеттемелердің және
олармен жасалатын шаруашылық операцияларының қосарлана немесе екі жақты
жазылатын жазу тәсілімен бухгалтерлік есеп шоттарының Бас жоспарымен
сәйкестендіріліп бухгалтерлік есебін жүргізеді.
Бухгалтерлік қызметтің басты мақсаты кәсіпорынды жедел басқару үшін
қажет ақпараттармен, кәсіпорынның қаржылық нәтижесі мен шаруашылық
процестері туралы дұрыс және толық ақпараттармен қамтамасыз ету, сондай-ақ
инвесторларға, жабдықтаушыларға, сатып алушыларға, кредиторларға,
мемлекеттік органдарға, банктерге және басқа да мүдделі тұлғаларға
бухгалтерлік есептің стандартына сәйкес қаржылық есеп беруді жасау болып
табылады.
Бухгалтерлік есепті жүргізген кезде кәсіпорын мына жайларды қамтамасыз
етуі керек:
- есеп беру кезеңінің ішінде міндеттемелер мен активтерді бағалау мен
кейбір шаруашылық операцияларын көрсету кезінде қабылданған есеп саясатының
өзгермейтінідігі, 1 ХҚЕС белгілеген ережесімен сәйкес келетіндігі;
- қаржылық міндеттемелерімен мүліктерді түгендеу нәтижесін және есептік
кезеңде жүзеге асқан барлық шаруашылық операцияларының есепте толығымен
көрініс табуы;
- тиісті есептік кезеңіне шығыс пен табыстын дұрыс көрсетілуі ;
- әрбір айдың басына синтетикалық есеп шоттары бойынша қалдығы,
аналитикалық есептің айналымымен сәйкестігі сақталуы керек.
Жасалған шаруашылық операцияларын тіркейтін алғашқы құжаттардың
мәліметтері бухгалтерлік есептің регистрлеріне жазу үшін негіз болып
табылады.
Бухгалтерлік құжаттарда жасалған шаруашылық операциялары мәліметтердің
айғақтылығын немесе жасалған операцияға жазбаша түрінде берілген жарлығы
екендігін көрсетеді және осы соңғыларды бухгалтерлік есептің шоттарында
көрсету үшін ол негіз болып табылады. Кез келген шаруашылық операцияларын
тиісті есеп шоттарында көрініс таппауы, олардың тиісті құжаттармен
рәсімделуімен байланысты болып келеді.
Операцияларды құжаттармен рәсімдеу процесі бухгалтерлік есептін алғашқы
сатысы болып саналады, сондықтан аталған процес құжаттау деп аталады.
Құжаттардың арналымы мен мазмұнын дәл және толық түсіну үшін, оларды
біршама белгілері бойынша жіктейді: арналымы бойынша, жасау тәсілі бойынша,
мазмұны бойынша, жасау орны, сандық позициясы, толтыру тәсілі бойынша (1
сызба).
Құжаттар арналымы бойынша мына топтарға бөлінеді:
- тәртіп орнататын (басқара білетін) — жарлықтың мазмұны, шаруашылық
операциясын жасауға берілген бұйрық болып танылады, бірақ ол жасалған
операцияның фактісін растамайды, сондықтан операцияның ол кезеңі
бухгалтерлік есепте көрініс таппайды.Көптеген жарлық ретіндегі құжаттар,
операция жасалғаннан кейін барып, ақтаушы құжаттарға айналады;
- ақтаушы (атқарушы) — жасалған шаруашылық операцияларының фактісін
растайды (куәландырады), яғни жасалған операция ретінде рәсімделеді.
Құжаттардың бұндай типі шаруашылық операциялары ретінде бухгалтерлік есепте
көрсетуге негіз болып табылады;
- бухгалтерлік рәсімдеу — тәртіп орнататын және ақтаушы құжаттардың
негізінде жасалатын құжаттар, бірақ олардың дербестік мағынасы болмайды;
- қиыстырылған (қарастырылған) — жоғарыда келтірілген құжаттардың
бірнеше түріне тән қызметті, бір мезгілде атқаратын құжаттауларды
құрастырылған құжаттау деп атайды; олардың пайдалануын жеңілдетеді,
ықшамдайды және есептік құжаттауды аса көрнекті етіп көрсетеді.
Құжаттар жасау бойынша мына топтарға бөлінеді:
- бір жолғы — жасалған бір немесе бірнеше шаруашылық операцияларын
рәсімдеу кезінде пайдаланады;
- жинақтаушы — біртектес шаруашылық операциялары жасап біткеннен кейін,
оларды рәсімдеу үшін пайдаланады. Олардың бір жолғыдан айырмашылығы
құжаттарды рәсімдеу уақытын және олардың санын қысқартады. Олар есепте тек
ең соңғы операциясы жасалғаннан кейін барып көрініс табады және барлық
жазулар осы жерде қосылып жинақталады.
Құжаттар мазмұндық көлемі бойынша мына топтарға бөлінеді:
- алғашқы (бастапқы) — шаруашылық операциялары жасалған кезде тікелей
рәсімделеді;
- жиынтық — алғашқы құжаттардың негізінде жасалады; олар барлық алғашқы
құжаттарды біріктіріп және есепке алынған операциялардан қосымша мәлімет
алу мақсатында сол мәліметтерді топтастырады.
Құжаттар жасалу орны бойынша мына топтарға бөлінеді:
- ішкі — кәсіпорынның өзі жасайды;
- сыртқы — басқа кәсіпорындардан, ұйымдардан, жеке тұлғалардан түседі.
Құжаттар толтырылуы бойынша бөлінеді:
- типтік — халық шаруашылығының барлық салаларында, өзгеріссіз және
қосымшасыз пайдаланады;
- арнайы — халық шаруашылығының кейбір салаларында, нақты кәсіпорын
үшін жеке әзірленген жағдайында пайдаланады.
Шаруашылық операцияларын рәсімдеу үшін қолдан алғашқы құжаттардың
нысаны кәсіпорынның өзінде әзірленіп бекітіледі, егер де оларға аса үлкен
талаптар қойылмаса. Алғашқы құжаттар мынадай міндетті реквизиттерден
тұрады:
- құжаттың атауы (нысаны);
- жасаған күні;
- субъектінің атауы, яғни кімнің атынан құжаттардың жасалғанын
білдіреді;
- шаруашылық операциялардың мазмұны (ақшалай және заттай көрсетіледі).
- қызмет бабындағы тұлғаның атқаратын қызметі, яғни жасалған операцияға
және оның дұрыс рәсімделуіне жауапты тұлға;
- жеке қолдары және олардың аты-жөні, қызметі.
Құқықтық актілердің нормативтік талабына және операцияның сипатына,
сондай-ақ есеп ақпараттарының өңделу тәсіліне байланысты алғашқы
құжаттардың реквизиттері енгізілуі мүмкін.
Бухгалтерлік құжаттарды жүргізу әдісіне біршама талаптар қойылады,
олардың негізгілері болып: құжаттылығы, жазулардың қысқа әрі түсініктілігі,
жазуларды өзара бақылау жасау мүмкіндігі және т.б. жатады (жазуды
корреспонденцияланған шоттары бойынша тексереді).[5]
Құжаттардағы жазулар, цифрлар барынша анық, әрі түсінікті болуы тиіс.
Ондағы мәліметтердің дұрыстығына, оған қол қоятын тұлғалар жауап береді.
Кәсіпорын басшысы құжаттарға қол қоюға құқығы бар тұлғаларды анықтайды.
Электрондық қол қоюды пайдаланушы субъектілер электрондық қол қоюды
пайдалануға қатысты құқығын, бақылауға және тиісті сақтық шараларын
белгілеуі тиіс.
3. Ұйымдар мен кәсіпорындардағы құжаттар айналымының ұйымдастырылуы
және операцияларды құжаттау
Бухгалтерлік есепте алғашқы құжаттардың қозғалысы (жасау немесе басқа
субъектілерден алу, есепке қабылдау, өңдеу, архивке беру сияқты құжат
айналымын) кәсіпорын басшысы бекіткен графигімен белгіленеді
(регламентацияланады).
Барлық бухгалтерлік құжаттар жазылған сәттен бастап, архивке
(мұрағатқа) тапсырылған сәтке дейін белгілі бір есептік өңдеу кезеңдерінен
(сатысынан) өтеді. Құжаттардың бұндай қозғалысы құжат айналымы деп аталады.
Кез келген құжаттардың барлығы өзіне тән сатыдан өтуі тиіс: жасау,
бухгалтерияға қабылдау (бұл жерде тексеру, таксировка және құжаттарды
есептік өңдеулер жүзеге асады), есеп регистрлеріне мәліметтерді жазу,
ағымдағы архивке (мұрағатқа) беру.
Құжат айналымының басты мақсаты құжаттардың қозғалысын дұрыс
ұйымдастыру болып табылады, демек ол бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың
бірде-бір қағидасы болып саналады.
Құжат айналымын ұйымдастыру келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс:
- әрбір құжат түрі басы артық операциялар мен инстанцияларсыз ең
қысқа жолмен қозғалыста болғаны жөн;
- құжаттар дайындалған және олардың бір инстанциядан екіншісіне өткен
кезде, олардың нақты орындаушылары көрсетіледі;
- құжаттарды өңдеу мерзімі неғұрлым қысқа болғаны жөн.
Қазіргі таңда, бухгалтерлік есепті компьютеризациялаудың көмегімен
ондағы құжат айналымын арттыру мүмкіндігі зор.
Бухгалтерияға келіп түскен құжаттар есептік регистрлерге жазылғанға
дейін бухгалтерлік өңдеуден етеді. Ол құжаттардың нысандарын және олардың
реквизиттерін тексеруден (құжат белгісі бір нысанда жазылғаны, ондағы
міндетті реквизиттер дұрыс толтырылғаны және лауазымды қызметкерлердің
алдын ала қарастырылған қолдары қойылғаны), операциялардың мәнділігі
бойынша тексеру (құжатта көрсетілген операциялардың көздеген мақсатқа
сәйкестігі мен заңдылығы, оның мазмұны нормаларға, жоспарлы тапсырмаларға,
сметаға және т.б. сәйкес келуі) жүргізуден, таксировкадан, арифметикалық
тексеруден (қорытындыларды есептеу, жеңілдіктер сомаларын айқындау және
т.б.), құжаттардағы қателерді түзетуден, шоттардың корреспонденциясын және
құжаттардағы шығындардың статьяларын бақылаудан тұрады.
Бухгалтерияға келіп түсетін құжаттардың көпшілігі тек шаруашылық
операцияларының натуралды өлшеуіштерінен ғана тұрады. Бухгалтерияда
құжаттар тексеріледі (таксировка жасалынады) және соған сәйкес қорытындылар
есептелініп шығарылады.
Құжаттардағы қателерді түзету дегеніміз — арифметикалық және мән-
мағынасы бойынша түзетулер нәтижесінде анықталған қателер бухгалтерлік
есептің талаптарына сәйкес түзету деген сөз. Құжаттардағы анықталған
олқылықтар оны құрастырушы жауапты адамдарға кері қайтарылады.
Бухгалтерлік есеп құжаттарының қатесін жөндеудің бірнеше әдісі бар.
Корректуралық (түзету) тәсілі — текстегі немесе сомадағы қатенің
үстінен бір сызықпен сызып, қасына дұрыс мәліметті жазып қоюдан тұрады және
оған осы құжатқа қол қойған тұлға қол қойып, жаңылысып кеткені туралы
айтылады. Бірақ бұл тәсіл банкі мен касса құжаттарында пайдаланбайды.
"Қызыл жазу" тәсілін, шоттар корреспонденциясында жіберілген қателерді
түзету үшін пайдаланады. Бұл әдісте жіберілген қатені қызыл сиямен жазады.
Нәтижесінде жіберілген қате жазбасы жойылады, демек қызылмен түскен жазулар
шегеріледі. Содан кейін шоттар корреспонденциясының дұрыс жазулары
жасалады, ол әдеттегі сиямен (жазумен) жазылады.
Қосымша жазу (проводка) әдісі дұрыс шоттар корреспонденциясы жасалған
кезде қате сомасы болған жағдайда пайдаланады. Шоттар корреспонденциясын
әдеттегі сиямен (жазумен) жазу арқылы катені түзейді.
Ішінара қосымша тәсілі дұрыс шоттар корреспонденциясы жасалған кезде,
қате сомасы көп болған жағдайда пайдаланады. Қатені қызыл жазудың көмегімен
қалпына келтіреді, бірақ қызыл жазу қате сомамен дұрыс соманың арасындағы
айырмасына ғана жазылады.
Есептік жазбалар үшін пайдаланған құжаттарды "Жабылды" деген мөртаңба
қою арқылы жабады. Ақшалай құжаттарын "Алынды" немесе "Төленді" деген
мөртаңбамен жабады.
Бухгалтерияға келіп түскен құжаттар тексеруден және корректировкадан
өткеннен кейін, әдеттегідей, талдау және жинақтау есебін жүргізіп
(ведомостілер, журнал- ордерлер) өзара үйлесімділігін сақтап, содан соң
есептік регистрлерде топтастырылады.
Бірлі-жарым құжаттар ғана регистрлерде топтастырылмауы мүмкін. Белгілі
бір есептік регистрлерге жататын, барлық құжаттар, жеке бумада (папкада)
сақталуы тиіс, онда барлық қажет анықтамалық мағлұматтар көрсетіледі.
Есептік кезең біткеннен кейін, бухгалтерияда тұрған барлық құжаттар,
архивке (мұрағатқа) өткізіледі, онда ол есептік саясатта айтылған мерзімі
бойынша сақталады.
Қажетті ақпараттарды алу үшін кәсіпорынның қызметін баяндайтын барлық
шаруашылық операциялар бухгалтерлік құжаттарға жазылады, ол мәліметтерді
тексергеннен кейін, олар экономикалық мазмұны бойынша топтастырылып
өңделеді, содан кейін оларды белгілі бір жүйелілігі бойынша тіркейді.
Бұндай тіркеу есептік регистрлері арқылы жүзеге асады.
Есептік регистрлер — есептік жазбаларға арналған, белгілі бір графалары
бар қағаз парақтары, демек құжаттардан алынған есептік акпараттардың
регистрлерге жазылуын тіркеу деп аталады.
Бухгалтерлік есепте регистрлер арналымы бойынша, мазмұндылығы немесе
мазмұнының көлемі бойынша, сыртқы түрі мен сызықтық жолы бойынша жіктеледі
(2 сызба).
Есептік регистрлер өз арналымы бойынша мына топтарға бөлінеді:
- хронологиялық — шаруашылық операцияларының жүзеге асуына қарап тіркеледі
(бухгалтерияға келіп түскен құжаттардың кезектілігі бойынша). Мұндай
регистрлерге касса кітабы, келіп түсетін жүктерді есепке алу журналы және
т.б.;
- жүйелі регистрлерінде — шаруашылық операциялары экономикалық мазмұны
бойынша топтастырылып тіркеледі. Мысалға, Бас кітапты, журнал-ордерлері
атауға болады;
- құрастырылмалы — бұл хронологиялық және жүйелі жазбалары бірмезгілді
өзара үйлесім табатын регистрлер. Бұлар неғұрлым оңтайлы нысана ретінде
бағалы, сол себепті де ол кеңінен қолданылады. Құрастырылмалы регистрлерге
журнал-ордерлер және ведомостер жатады.
Құрастырылмалы регистрлер — есептік регистрлердің неғұрлым қолайлы
экономикалық нысаны болып табылады. Оларды қолдану синтетикалық және
аналитикалық есеп аралығындағы мәліметтердің жазбаларын салыстыруға көп
уақыт жұмсауға деген қажеттіліктен арылады; есептеудің дұрыстығы мен
көрнектілігі арта түседі. Бұған журнал-ордерлер мен машинограммалардың көп
бөлігі жатады.
Регистрлер мазмұндылық көлемі бойынша аналитикалық, синтетикалық болып
белінеді.
- аналитикалық регистрлер жекелеген талдау есептері (карточка, кітаптар,
тізімдеулер) бойынша есеп жүргізуге арналған.
- синтетикалық регистрлер — бұл шаруашылық қаражаттарын және олардың
көздерін жалпылама түрде анықтауға арналған регистрлер. Синтетикалық
регистрлерге Бас кітап және синтетикалық есептері бойынша жазбалары
жазылатын айналым ведомосы жатады.
Есеп регистрлері сыртқы түрі бойынша мына топтарға бөлінеді:
- карточкалар — бұл аналитикалық есептің бірдей форматтағы регистрі,
олардың арнайы сызба жолдары ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz