Қазіргі тандағы ҚР-дағы ұлттық банктің ақша-несие саясатына талдау жасау



МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 БӨЛІМ. АҚША.НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Банктердің банкісі ретінде Ұлттық банктің ақша.несие мәнімен және міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Ақша.несие саясатының құралдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

2 БӨЛІМ. ҚАЗІРГІ ТАНДАҒЫ ҚР.ДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ АҚША.НЕСИЕ САЯСАТЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ
2.1 ҚР.ның Ұлттық банктің ақша.несие саясатының құралдарын талдау ... ... ...13
2.2 ҚР.ның қазіргі тандағы ақша.несие саясатына негізгі бағыттарына талдау жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16

3 БӨЛІМ. ҚР.ДАҒЫ АҚША.НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ 2011.2013 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ СЦЕНАРИЙ
3.1 ҚР.дағы ақша.несие саясатының 2011.2013 жылдарға арналған даму сценарий ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
КІРІСПЕ

Ақша-несие саясаты - бұл ақша айналысын реттеу мақсаты мен мемлекеттің ақша-несие саласында пайдаланылатын өзара байланысты шаралар жиынтығы.
Қазақстан Ұлттық банкінің ақша-несие саясаты – инфляциялық таргеттеу принциптеріне өтуге дайындық және өту кезеңі, яғни ақша базасы мен алтын - валюталы резервтер бойынша мақсатты көрсеткіштерден инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерге біртіндеп өтуін сипаттайды.
Ақша-несие саясатының негізгі құралдары болып ашық нарықтағы операциялармен, вексельдермен ресми ставкалар және есептік операциялар болып қала береді. Ашық нарықтағы операциялар мен вексельдерді қайта есепке алу бойынша операциялардың ұлғаюы Ұлттық банктің реттеуші қызметінің ролін арттыратын болады.
Ақша-несие саясатының басты мақсаттарының бірі, инфляциямен қарсы күресу жолдарын арттыру болып табылады. Инфляция - бұл тауарлар мен көрсе-тілген қызметтердің бағасын өсіру және тауар тапшылығы мен қызмет сапасының төмендеуі салдарынан ақшаның құнсыздануына әкелу, оның сатып алу мүмкіндігін құлдырау мәнін білдіреді. Инфляция - қоғамдық ұдайы өндірістегі диспропорцияның көрінісі. Инфляцияны төмендету мақсатымен валюта саясатының құралдарын пайдаланылуы мүмкін: шетелдерден келетін ақшаға шек қою, ұлттық валюта курсын көтеру және т.б.
Инфляциямен күрес әдістері - мемлекеттің экономиканы реттеудегі жүргізетін іс-әрекеттерінің жиынтығын және бұл инфляцияны төмендетуге бағытталған мемлекеттік реттеу құралдарының жиынтығын құрайды.
Әлемдік экономикалық дағдарыс көптеген елдердің орталық банктерінің ақша-кредит саясатына айтарлықтай әсер етті және ақша-кредит саясатының құралдарды пайдалануына белгілі бір өзгерістер енгізді.
Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясаты қалыптасып отырған макроэкономикалық жағдайға бара-бар болады.
Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясаты Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамдарының орындалуына ықпал ететін болады.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы курстық жұмыс өзектілігін айқындайды.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі болып Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының негізгі құралдарымен және бағыттарын қалыптасуы және қазіргі жағдайы, оны әрі қарай дамыту жолдары, алдынғы жылдары жүргізілген Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының нәтижелеріне талдау жасау болып табылады.
Курстық жұмыс жазу барысында әдістемелік негіздеме ретінде түрлі авторлардың еңбектері, газеттер, журналдар, ҚРҰБ-ің ақша-несие саясатының негізгі бағыттары, нормативтік – құқықтық актілер қолданылды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Қазақстан Республикасының «Ұлттық Банк туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы № 2155 Қазақстан Республикасының Заңы
2. Ақша, несие, банктер [Мәтін] [Мәтін] / жалпы ред. басқ. Ғ. С. Сейітќасымов.- Алматы: Экономика, 2001.- 466 б.
3. Банк қызметі туралы [Мәтін]: ҚР құқықтық актілер жиынтығы.- Алматы: Юрист, 2005.
4. Зиябеков, Бейсенбек. Банк-экономиканың өзегі ғана емес, мемлекеттің діңгегі болуы керек [Мәтін]: [Экономика]// Жаңа ғасыр.- №2. 2006.
5. Мақыш, Серік Биханўлы. Коммерциялық банктер операциялары [Мәтін]: оқу ќұралы.- Алматы: Қазақ университеті, 2002.
6. Найманбаев, Серік Мұсанұлы. Банктік құқық жалпы және ерекше білімдері : (қысқаша оқу құралы).- Алматы: Жеті жарғы, 2005.
7. Сауытбекова, Әйгерім. Банк жүйесінің өзекті мәселелері [Мәтін]: [Қаржы-қаражат]// Дала мен қала.- 2006.- 14 сәуір.
8. ҚР Ұлттық банк сайты: nationalbank.kz
9. «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР Заңы. 30.08. 1995ж.
10. ҚР ҰБ-нің 2006-2008 ж. арналған ақша-несие саясаты // Қаржы-қаражат – 2006 ж., №7.
11. Мақыш С. Б. «Ақша айналысы және несие» «Маркет», Алматы қаласы – 2004 ж.
12. Мәуленова, Бекмолдин «Экономикалық теория». – «Экономика», Алматы – 2004 ж.
13. Мұхамбетова З. С. Аймақтың ақша-несие саясаты // Аль-Пари. – 2003, №1.
14. Сейітқасымов Ғ. С. «Ақша, несие, банктер» «Экономика», Алматы, –2005 ж.
15. Серикбаева Ж. Экономиканы ақша-несилік реттеудің кейбір аспекттілері «Қаржы қаражаты» 2003 ж., №3.
16. Сафрончук М. В. Микроэкономика. Конспект лекций: учеб. пособие. – М. : Эксмо, 2006.
17. Тұраров Н. С. Ақша-несие саясаты // Саясат. – 2006, №7.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Ақша-несие саясаты - бұл ақша айналысын реттеу мақсаты мен мемлекеттің ақша-несие саласында пайдаланылатын өзара байланысты шаралар жиынтығы.
Қазақстан Ұлттық банкінің ақша-несие саясаты - инфляциялық таргеттеу принциптеріне өтуге дайындық және өту кезеңі, яғни ақша базасы мен алтын - валюталы резервтер бойынша мақсатты көрсеткіштерден инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерге біртіндеп өтуін сипаттайды.
Ақша-несие саясатының негізгі құралдары болып ашық нарықтағы операциялармен, вексельдермен ресми ставкалар және есептік операциялар болып қала береді. Ашық нарықтағы операциялар мен вексельдерді қайта есепке алу бойынша операциялардың ұлғаюы Ұлттық банктің реттеуші қызметінің ролін арттыратын болады.
Ақша-несие саясатының басты мақсаттарының бірі, инфляциямен қарсы күресу жолдарын арттыру болып табылады. Инфляция - бұл тауарлар мен көрсе-тілген қызметтердің бағасын өсіру және тауар тапшылығы мен қызмет сапасының төмендеуі салдарынан ақшаның құнсыздануына әкелу, оның сатып алу мүмкіндігін құлдырау мәнін білдіреді. Инфляция - қоғамдық ұдайы өндірістегі диспропорцияның көрінісі. Инфляцияны төмендету мақсатымен валюта саясатының құралдарын пайдаланылуы мүмкін: шетелдерден келетін ақшаға шек қою, ұлттық валюта курсын көтеру және т.б.
Инфляциямен күрес әдістері - мемлекеттің экономиканы реттеудегі жүргізетін іс-әрекеттерінің жиынтығын және бұл инфляцияны төмендетуге бағытталған мемлекеттік реттеу құралдарының жиынтығын құрайды.
Әлемдік экономикалық дағдарыс көптеген елдердің орталық банктерінің ақша-кредит саясатына айтарлықтай әсер етті және ақша-кредит саясатының құралдарды пайдалануына белгілі бір өзгерістер енгізді.
Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясаты қалыптасып отырған макроэкономикалық жағдайға бара-бар болады.
Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясаты Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамдарының орындалуына ықпал ететін болады.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы курстық жұмыс өзектілігін айқындайды.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі болып Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының негізгі құралдарымен және бағыттарын қалыптасуы және қазіргі жағдайы, оны әрі қарай дамыту жолдары, алдынғы жылдары жүргізілген Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының нәтижелеріне талдау жасау болып табылады.
Курстық жұмыс жазу барысында әдістемелік негіздеме ретінде түрлі авторлардың еңбектері, газеттер, журналдар, ҚРҰБ-ің ақша-несие саясатының негізгі бағыттары, нормативтік - құқықтық актілер қолданылды.
Курстық жұмыс мақсаты - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының мәнімен міндетін орындау барысында ақша-несие саясаты құралдарын қалыптастыру және талдау жасау болып саналады.
Осы курстық жұмыста мынадай мәселелер алға шығарылды:
1. Ұлттық банк ақша-несие саясатының мәнін және міндеттерін ашу;
2. Ұлттық банктің ақша-несие саясатының құралдарын талдау;
3. Ақша-несие саясатының қазіргі тандағы негізгі бағыттарын қарастырдым;
4. ҚР-дағы ақша-несие саясатының 2011-2013 жылдарға арналған даму сценарий қарастырдым.
Бұл тапсырмаларды орындау үшін мен әрбір бөлімде жоғарыдағы сұрақтарды жан-жақты сипаттауға тырыстым. Бірінші бөлімде мен ақша-несие саясатының түсінігімен оның міндеті, құралдарына теориялық негіздерін жан-жақты тоқталдым, ал екінші бөлімде нақты өзімнің курстық жұмысымның өзектілігін анықтай түсуге бар ынтамды сала отырып, ақша-несие саясатының қазіргі таңдағы құралдарын және негізгі бағыттарын қарастырдым. Үшінші бөлімде осы ақша-несие саясатының даму сценарий көрсетілген.

1 БӨЛІМ. АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Банктердің банкісі ретінде Ұлттық банктің ақша-несие мәнімен және міндеттері

"Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы" Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi Қазақстан Республикасының Орталық банкi және республикамыздағы банк жүйесiнiң жоғары деңгейi болып табылады.
Ұлттық банк - ақша резервтерiн, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкi бар заңды тұлға. Мүлiктiң құралу көздерiне - банк iсiнен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және бюджеттерден түскен дотациялар жатады.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты мен мiндеттерi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiне мынадай мiндеттер жүктеледi:
1) мемлекеттiң ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу;
2) төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
3) валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;
4) қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
Ұлттық банктiң негiзгi мiдеттерi - ұлттық валютаның iшкi және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету. Оларға:
1. Ақша айналымы, несие, банктiк есеп айырысу мен валюталық қатынастарды ұйымдастырады;
2. Ақша, несие және банк жүйелерiнiң тұрақты қызметiн қамтамасыз етедi;
3. Несие берушiлер мен салымшылардың , сондай-ақ шетел валютасын сатып алу - сату және айырбастау операцияларын жүргiзетiн банктiк және басқа ұйымдардың мүддесiн қорғау және олардың жұмысын бақылау сияқты мемлекеттiң экономикалық саясатын жүргiзедi.
Ұлттық (Орталық) банк ақша-несие саясатын жүзеге асыруда монопо-лиялық жағдайға ие болады [1].
Ол эмиссиялық банкноттардан басқа, елдің алтын - валюталық резерв-терін, коммерциялық банктердің резервтерін сақтап, банкаралық есеп-айыры-су орталығы ретінде қатысып, коммерциялық банктерге несие береді және үкіметтің қаржылық агенті болып табылады, халықаралық капитал нарығында сатушы және сатып алушы болып қатысады.
Ақша-несие саясаты - бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемiн, сыйақы мөлшерлемесiн өзгертуге, жалпы банк жүйесiнiң қызметiн реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегi субъектiсi - Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектiлерiне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.
Шаруашылық жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екi түрi бар:
1) рекстрикциялық ақша-несие саясаты;
2) экспанциялық ақша-несие саясаты.
Рекстрикциялық ақша-несие саясаты - екiншi деңгейлi банктердiң несиелiк операциялар көлемiн шектеуге және қатаң шарт белгiлеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесiнiң деңгейiн арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциялық ақша-несие саясаты - несие беру көлемiн кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуiне бақылаудың әлсiздiгiмен және сыйақы мөлшерлемесiнiң төмендеуiне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенiң тұрақтылығын қамтамасыз ету [2, 79-80].
Сәйкесінше, мақсатты бағытталушылыққа байланысты ақша-несие саясатының келесі түрлері туындайды:
1. Ақша-несие саясаты құралдарының көмегімен ақша массасын белгілі деңгейде ұстап тұруға бағытталған қатаң ақша-несие саясаты;
Белгілі деңгейде пайыз ставкасын ұстап тұруға бағытталған иілмелі ақша-несие саясаты;
Инфляция индексін белгілі деңгейде ұстап тұруға бағытталған инфляциялық-ауытқымалы ақша-несие саясаты;
Ақша - несие экспансиясы - бұл елдегі ақша массасын кеңейтуге бағытталған ақша-несие саясаты ;
Ақша - несие рестрикциясы - бұл елдегі ақша массасын азайтуға арналған ақша-несие саясаты.
Осылайша, ақша-несие саясатының нұсқаларын таңдау ақшаға сұраныс-тың өзгеруіне тәуелді болады, сәйкесінше, егер ақша өсімі инфляциямен байланысты болса, онда қатаң ақша-несие саясатын қолданған жөн.
Ақша-несие саясаты аралық мақсатты бағдарлар мен соңғы мақсаттарға ие болады. Бірінші мақсатқа мыналарды жатқызуға болады: ақша массасы, пайыз ставкасы, айырбас курсы; екіншісіне экономикалық өсім, бағалардың тұрақтылығы, толық жұмысбастылық және тұрақты төлем балансы жатады.
Ақша-несие саясаты салық-бюджет және сыртқы экономикалық саясатпен ылғида байланыста болады. Егерде Ұлттық банк тұрақты айналым курсын ұстап тұруды көздесе, онда дербес, тәуелсiз iшкi ақша саясаты болуы мүмкiн емес, өйткенi айнымалы курсты ұстау мақсатындағы әрекеттер, валюталық резервтердiң көбеюi және азаюы экономикадағы ақша жиынының өзгеруiне әкеледi ( Мысалы, валюта сатып алғанда экономикадағы ақша ұсынысы өседi ). Салық-бюджет және ақша саясаттарын бiр-бiрiне сәйкес келтiру белгiлi қиындықтарды тудырады. Егер мемлекет экономиканы мемлекеттiк шығындарды көбейту арқылы ынталандырса, онда мұндай iс-әрекеттердiң нәтижесi ақша саясатымен байланысты болады [6].
Ақшаның массасы - қолма-қол және қолма-қол емес формадағы барлық ақша құралдарының жиынтығы, бұлардың көмегімен шаруашылықтағы тауарлар мен қызметтердің айналымы жүріп отырады. Ақша массасының көлемі көптеген факторлардан тәуелді болады, алдымен ақша нарығының көлемі мен конъюнктурасын белгілейтін, ақшаның ұсынысы мен сұранысынан құралады.
Ақша көлемін сандық тұрғыдан анықтау үшін, жинақ - таушы көрсеткіштер - ақша агрегаттары пайдала - нылады. М1 - "тар мағынадағы ақшалар" яғни тар шең - бердегі ақша агрегаттары болып саналады. Оған мыналар жатады:
- ақша базасы - одан ешкімге несие берілмей - тін, кәсіпорындардың кассаларындағы және Орталық банктегі коммерциялық банктердің резервтерін қоса алғандағы, айналымдағы (қағаз купюрлер, майдаланатын монеталар) қол ақшалар;
- депозиттер (талап еткенге дейінгі халықтың, кәсіп - орын - ның банктедегі салымдары);
- чектік депозиттер, яғни соған чек жазылатын (ағымдағы салымдар) коммерциялық банктердің немесе басқа жинақ мекемелерінің салымдары.
Сонымен, М1 агрегаты ағымдағы төлемдік айналым - дарға қызмет көрсететін және айналым құралы ретінде пайдаланылатын ақшаның жиынтық көлемін білдіреді. М1 ақшалары абсолютті ликвидті (өтімді) және өзіне айналымдағы қол ақшаларды, талап еткенге дейінгі депозит - терді және халықтың, кәсіпорындардың чектік депозиттерін енгізетін ақша агрегаты болып саналады.
М2 ақша агрегаттарына жататындар:
1. ағымдағы төлемдік айналымдарға (М1) қызмет көрсетуші ақшалар;
2. чексіз депозиттер;
3. халықтың және кәсіпорындардың шұғыл шағын депозиттері;
4. қысқа мерзімдік мемлекеттік бағалы қағаздар.
М1-ден басқа М2 элементтері айналым құралы түрін - де қызмет атқармайды, бірақ ағымдағы салымдардың қол ақшаға айналуы мүмкін, соның әсерінен М2 ақшасының ликвидтілігі (өтімділігі) М1-ге қарағанда аздау болады.
М3 - ақша агрегаттары "кең мағынадағы ақшалар" - жиынтық ақша көлемі, оған жататындар:
М2 ақшалары;
1. ұзақ мерзім аралығында өтеуге болатын жоғары ликвидті (өтімді) бағалы қағаздар (облигациялар, сертификаттар, қазынашылық міндеттемелер);
2. кәсіпорындардың шұғыл купондық депозиттері (инвестицияларды қаржыландыру үшін құралдар);
3. бюджеттік және қоғамдық ұйымдардың есеп-шоттарындағы қаржылар;
4. мемлекеттік, жергілікті және муниципалды бюджет қаржылары [3].
Ақшаға деген сұраныс халық шаруашылығының бар - лық секторларында туындайды, бірақ ақша нарығының жалпы тепе-теңдігіне қалай қол жеткізіледі және ақшаға деген сұраныс немен анықталады деген сұрақтар да туындайды. Оған жауап: айналым құралы және құнды сақтау құралы, сондай-ақ ақшаның абсолютті ликвидтілігі (өтімділігі) сияқты ақшаның екі қызметімен беріледі. Осының негізінде, экономикадағы ақшаға деген (ДМ) жиынтық сұраныстың екі түрі пайда болады:
1) әртүрлі келісімдер, яғни тауарлар мен қызметтерді (трансакциялық сұраныс) сатып алу үшін ақшаға деген сұраныс;
2) қаржы активтерінің (алыпсатарлық сұраныс) қаржыны қалыптастыру үшін сұраныс - құнды сақтау құралы ретіндегі ақшалар.

1.2 Ақша-несие саясатының құралдары

Әлемнің барлық банктерінде ақша-несие саясатының негізгі құралы - елдің Орталық банкінде пайызсыз салымдар түрінде сақталуға тиісті коммерциялық банктердің міндетті резервтері болып табылады. Пайыздардағы міндетті резервтер нормасы депозит көлемінен тәуелді болады.
Міндетті резервтер салымдарды сақтандыру қызметін атқарып қана қоймай, бақылау және реттеу қызметтерін де жүзеге асырады.
Міндетті резервтердің жоғарғы нормалары коммерциялық банктердің ақша мультипликаторын пайдалану мүмкіндігін азайтып, ақша массасының қысқаруына әкеледі.
Ақша-несие саясатының келесі құралы - Орталық банк коммерциялық банктерге несие беретін есептік ставканың өзгеруі. Есептік ставканың өзгеруі коммерциялық банктердің ссудаларды беруінің не қысқаруына не артуына әкеледі.
Ақшалай реттеу құралы ретіндегі ашық нарықтағы операциялар Орталық банктің коммерциялық банктерден мемлекеттік құнды қағаздарды сатып алу - сатуын білдіреді. Бұл осы банктің резервтік шотындағы сомаларды ұлғайтып, қосымша ақшалардың келіп түсуіне әкеледі де, ақша массасының көбею процесі басталады.
Айырбас және төлем операцияларын жүзеге асырушы ақша көлемі банк секторындағы ақшаға деген ұсынысқа және банкке жатпайтын секторлардың талап еткенге дейінгі салымдары немесе қол ақшаға деген сұранысқа тәуелді болады.
Ақшаға деген сұраныс пен ұсыныс ақша нарығының кө - лемі мен конъюнктурасын анықтайды. Ақша ұсынысы - ай - на - лымдағы ақша көлемі, яғни дәл осы кезде елде айна - лым - да жүрген төлем құралдарының жиынтығы болып саналады.
Ақша ұсынысының жиынтығын анықтап, экономи - ка - да - ғы ақшаның барлық көлемін төрт негізде қамтамасыз етуге болады:
* орталық банк арқылы - эмиссия негізінде (қол ақ - ша - ларды шығару) және олардың айналымнан алып қойылуы негізінде ақша көлеміне мемлекет - тік басқару органы ретінде;
* орталық банк халықтан, кәсіпорындардан және коммерциялық банктерден мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу және сату жолымен ақша ұсынысын көбейтіп немесе азайта алады;
1. коммерциялық банктер берешек алушыларға не - сие - лер беріп, салымдар қабылдап және өзінің несие ресурстарын қалыптастыра отырып, несие эмис - си - ясы жолымен ақша көлеміне әсерін тигізеді;
2. пайыздық ставкалар көлемімен байланысты, ше - тел - дерден және шетелдерге валюталардың жылжуы, халық шаруашылығындағы ақша көлемі - нің өзгеру факторы болып саналады.
Тұтастай алғанда, елдегі жалпы ақша ұсынысы ақша - ның салыстырмалы сатып алушылық қабілетін тұрақты деңгейде ұстап тұру үшін, Орталық банк арқылы бақыланып отырады [3].
Осылайша, ашық нарықтағы операциялар көмегімен ақша массасына ықпал ете отырып, Орталық банк экономикадағы ақша массасының көлемін реттейді. Осы операцияларды Орталық банк белгілі уақыттан кейін неғұр-лым жоғары бағамен кері сатып алу (РЕПО) жайлы келісім формасында жүзеге асырады.
Ақша саясатының құралдарын төмендегiдей топтастыруға болады:
Ақырғы мақсат:
а) экономиканың өсуi;
ә) толық жұмысбастылық;
б) бағаны тұрақтандыру;
в) төлем балансын тұрақтандыру.
Аралық мақсат:
а) ақша жиыны;
ә) пайыз мөлшерлемесi;
б) айырбас курсы.
Құралдары:
а) несие берудiң лимитi, пайыз мөлшерлемесiн тiкелей реттеу;
ә) мiндеттi резервтер нормасының өзгеруi;
б) есептеу мөлшерлемесiнiң өзгеруi;
в) ашық нарықтағы операциялар.
Тiкелей (а) және жанама (ә,б,в) құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама құралдарды тиiмдi пайдалану ақша нарығынаң дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада әсiресе алғашқы өзгерiстер кезеңiнде, тiкелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады [4].
Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды скере отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бiр бағыты ретiнде қарастырылады.
Аралық мақсаттар нарықтық жағдайда тiкелей орталық банктiң жанама құралдары арқылы жүзеге асырылады.
Бұл мақсаттарға жетуге Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргiзуде. Нысанаға алатын ақша базасы келесiдей ақша-несие саясатының негiзгi құралдарының көмегiмен реттеледi:
1. қайта қаржыландыру мөлшерлемесi: ресми мүдделендiру мөлшерлемесi деңгейiн белгiлеу;
2. Қазақстан Ұлттық банкi жинақталатын ең төменгi мiндеттi резервтер нормасын белгiлеу, оның iшiнде сырттан тартылған қаражаттарды мерзiмiне, көлемiне және түрлерiне байланысты жiктеу;
3. мемлекеттiң бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргiзу;
4. банктерге және үкiметке несие беру;
5. валюталық нарықтағы басқыншылық;
6. кейбiр жағдайларды несиелiк операциялардың жекелеген түрлерiнiң деңгейi мен көлемiне тiкелей сандық шектеулер енгiзу;
7. ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесi [5].
Қазақстан Ұлттық банкi операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн , сол сияқты басқа да мүдделендiру мөлшерiн белгiлейдi. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейiне байланысты белгiлейдi. Қазақстан Ұлттық банкi мүдделендiру мөлшерлемесi саясатын мемлекеттiк ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендiру мөлшерлемесiне әрекет ету үшiн пайдаланады.
Қазақстан Ұлттық банкi пайыз саясатының басты мақсаты - айналыстағы теңге деңгейiн көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесiнде ақша жиыны және инфляцияның өсуiн төмендетудi қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесi, шын мәнiсiнде пайыз үшiн төлемдер өз кезегiнде шығынның көлемiн құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгiлi бiр уақыт аралығында өзiнiң нәтижелерiне қол жеткiзуi тиiс.
Қазақстандағы инфляциямен күресуiң тағы да маңызды факторы - шетел валютасына деген артық сұранысты төмендету болып табылады.
Ұлттық банктiң мүдделендiру мөлшерлемесi ақша нарығындағы қаржылық операциялардың барлық түрлерiне пайыз мөлшерлемесiнiң белгiлеу базасы ретiнде қызмет етедi.
Қайта қаржыландыру мөлшерлемесiнiң шамасы ақшалай қаражаттарға деген сұранысқа және инфляция деңгейiне байланысты келедi. Ұлттық банк мүдделендiру мөлшерiн реттеу арқылы республикамыздағы ақша жиынының шамасына әсер етедi және несиеге деген сұранысты арттыруға немесе қысқартуға мүмкiндiк жасайды. Ресми пайыз мөлшерлемесiнiң деңгейi екiншi деңгейдегi банктер үшiн, Ұлттық банк саясатының ақша жиынына бақылау жасау шегiндегi негiзгi бағыттарын сипаттайтын басты бiр көрсеткiштi бiлдiредi.
Ұлттық банктiң ресми пайыздары, оның тiкелей бақылауына жатпайтын несиелiк ресурстар нарығының шартына сай банктер дербес белгiлейтiн нарықтық пайыз мөлшерлемесiне жанама түрде ықпал етедi. Соның негiзiнде сұраныс пен ұсынысқа байланысты саудада белгiленетiн Ұлттық банктiң қысқа мерзiмдi шоттары бойынша, банкаралық несиелер және мемлекеттiк қысқа мерзiмдi несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелерi жыл бойына Ұлттық банктiң мүдделендiру мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты төмендеп отырған.
Пайыздың нақты бейнелерi, өз кезегiнде инвестициялау үшiн әлеуметтiк ресурс болып табылатын депозиттердiң несиелiк мекемелерге ағылуын арттыра түстi.
Ақша нарығындағы тепе-теңдiктi қамтамасыз етуде, банктерге берiлетiн несие көлемiн реттеуде және олардың мiндеттемелерi бойынша төлемсiздiктi төмендетуде, сол сиықты банктiң салым иелерi мен акционерлерiнiң мүдделерiн қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгi резервтiк талаптар механизмiн қолданады.
Резервтiк талаптар, ашық нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен қатар коммерциялық банктердi жанама ақшалай-несиелiк реттеудiң негiзгi құралдарының бiрiне жатады. Қазақстан банк жүйесiнiң бүгiнгi даму жағдайында резервтiк коммерциялық банктердiң депозиттерiн сақтандыру қызметiн, екiншi жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликатор үрдiсiн реттеу қызметтерiн атқарады [5].
Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгiзiлген "ҚР коммерциялық, кооперативтiк және жеке банктердiң қызметiн реттеу туралы" нұсқауға сәйкес, мiндеттi резерв нормативi 18-20% мөлшерiнде бекiтiлген болатын. Қазiргi уақытта ол төмендеп, 10,5%-ды құрайды. Банктер резервтерiнiң артық болуы яғни Ұлттық банктегi корреспонденттiк шоттардағы қаражаттардың өсуiне байланысты резервтiк талаптар шамасын төмендетiп қана қоймай, сол сияқты резервтеудiң баламалы тәртiбiне өтуге, яғни бұл банктердiң нормативтерiн орындау барысында корреспонденттiк шотттағы қаражаттар сомасын ең төменгi резервтер мөлшерiнен төмен болмауын саөтап отыруға тиiстiлiгiн бiлдiредi.
Әлемдiк тәжiрибеде мiндеттi резервтердiң өте жоғары деңгейде болуы, банк жүйесiнiң қаржы делдалы ретiндегi тиiмдiлiгiн нашарлатып, ал ең төменгi резервтер нормасының артуы несиелiк ресурстардың экономикаға құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетедi.
Ұлттық банк екiншi деңгейдегi банктер үшiн, олардың нормативтердi орындауына байланысты ең төменгi резервтiк талаптарды орындау барысында банктерге келесiдей екi тәсiлдi қолданады:
1) мiндеттi резервтеу;
2) резервтеудiң баламалы тәртiбi.
Орталық банк неғұрлым мiндеттi резервтердiң нормасын жоғары тағайындаған сайын, коммерциялық банктердiң операцияларды жүзеге асыруға пайдаланатын қаражаты аз болады. Резерв нормасының өсуi ( rr ) ақша мультипликаторын төмендетiп, ақша жиынының азаюына алып келедi. Сонымен Орталық банк мiндеттi резервтер нормасын өзгерте отырып , ақша ұсынысының динамикасына әсер етедi.
Ақша-несие саясаты арқылы реттеудiң бiрi есеп мөлшерлемесiн өзгерту. Мұндай тiркеу мөлшерлемесiн пайдаланатын Орталық банк коммерциялық банктерге несие бередi. Егерде есеп мөлшерлемесi өсетiн болса, онда Орталық банктен қарыз алу азаяды, демек коммерциялық банктiң қарыз беру операциялары азаяды және коммерциялық банктер қымбат несие алғаннан соң, қарыз пайыз мөлшерлемесiн өсiредi [6, 145 б].
2 БӨЛІМ. ҚАЗІРГІ ТАНДАҒЫ ҚР-ДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ

2.1 ҚР-ның Ұлттық банктің ақша-несие саясатының құралдарын талдау

Қазіргі жағдайдағы қазақстандық экономикада ақша-несиелік реттеу сұрақтарының өзектілігі белгілі бір деңгейде ақша-несие саясатын жасау кезінде талдау және болжау әдістерін, сонымен бірге, оны іске асыру механизмдерін жетілдіру қажеттіліктерімен анықталады.
Ұлттық банктің пайыздық саясаты нарықта сапалы параметрді белгілеу жолымен ақша айналысын реттеудің маңызды құралы қызметін атқарады. Банктік несиелер құнын реттеу арқылы ақша айналымына тез және адекваттық әсер етуге қол жеткізуге болады. Ұлттық банктің несие құнына әсер ету мүмкіндігі оның соңғы сатыдағы кредитор қызметін қамтамасыз етеді.
Несие бойынша сыйақы ставкалары ақша-несие саясатын бір құралы ретінде нарықтық сыйақы ставкаларына әсер ету үшін пайдаланылады. Осы құрал Қазақстанның Ұлттық банкісінің белгілеген қайта қаржыландырудың ставкаларынан және оның іске асыратын операциялары бойынша тағы басқа сыйақы ставкаларынан тұрады. Ресми сыйақы ставкалары несие бойынша сұраныс пен ұсыныстан құралатын нарықтың жалпы жағдайына, инфляция деңгейіне тәуелді. Қазіргі кезде ресми сыйақы ставкаларының төмендеу тенденциясы байқалуда [10].
Позитивті пайыздық ставканы Қазақстанның экономикасын және қаржысын сауықтырудың кепілі деп жиі айтылатынын атап өткен жөн. Шынында да позитивті пайыздық ставка инфляцияға қарсы қызметті орындауға қабілетті, себебі ол жинақтарды ынталандыру нәтижесінде пайда болатын сұранысты тежейді және несиені қымбаттату арқылы инвестициялық салымдарды шектейді.
Енді пайыздық ставкалардың позитивтілігін анықтайық. Дәстүрлі анықтамаға сәйкес ол инфляция деңгейін ескеретін нарықтық пайыздық ставканы білдіреді. Яғни,
R=І+Rin
Мұндағы, R- позитивті пайыздық ставка, Rin -- бұрын болған пайыздық ставка, I - инфляция қарқыны.
Инфляция кезінде несие бағасынан және кредитордың табыс мөлшерінен басқа пайыздық ставкаға несиенің капиталдану құнын сақтау қызметі де кіреді.
Несиенің капиталдану құнын құнсызданудан сақтаудың пайыздық
схемасының альтернативті әдістемесі болатынын атап өткен жөн. Бұл жағдайда берілген ссудалардан түсетін табысты көбейту міндеті екіге бөлінеді. Біріншісі - капиталдану құнын сақтау, екіншісі - табыс алу. Осындай әдістеме пайыздық схема кезіндегі кездесетін мәселелерден аулақ болуға мүмкіндік беруі мүмкін. Сонымен бірге, схема бойынша пайыздарды алу индекс есебін көрсететін индекстеуге қарағанда техникалық жағынан қолайлы. Сонымен қатар, индекстеу кезектілік тәртіппен іске асырылады және соған байланысты біле тұра уақыттық интервалдың пайда болуына әкеледі. Бұл кезде нақтылық жоғарылайды, бірақ интервалдың әсерінен схема тиімділігі төмендейді, яғни төлеу уақыты басталғанша, инфляция оған тиісті құнның бір бөлігін жоюға үлгереді.
Инфляциялық күтілімдерді ескере отырып ставканы анықтауға негізделген пайыздық схема кезінде нақтылық төмен болады. Бұл жағдайда болашақтағы инфляция деңгейін жеткілікті мөлшерде бағаламау арқылы кредитор немесе оны артық бағалау арқылы қарыз алушы ұтылады. Индекстік әдіс арқылы мәселелерді жартылай шешу уақыттық интервалды төмендетуі мүмкін. Біздің ойымызша, жоғары инфляция жағдайында эконо-микалық саясаттың бір міндеті оптималды пайыздық ставканы іздестіру болуы мүмкін. Яғни бұл жағдайда тиімсіз инвестицияны істен алуға және бір уақытта ставкалардың кері әсер етуінен экономиканы қорғауға мүмкіндік беретін деңгей деп түсіну қажет. Осы құралдың іске асырылуын қайта қаржыландыру ставкаларының мөлшерінің өзгеруін мысалға ала отырып қарастырайық. Егер Орталық банктің мақсаты-несиелік институттардың несиелік патенциалын азайту болса, онда ол қайта қаржыландыру ставкасын жоғарлатады. Ұлттық банк алға қойылған мақсатына қол жеткізу үшін ақша нарығына тағы басқа әдістер мен де әсер етуі қажет (ең төменгі резерв бой-ынша ставканы жоғарлату жолымен және т.б.). Қайта қаржыландыру ставкасын жоғарлатқан кезде коммерциялық банктер үшін қайта қаржыландыру қымбаттайды, яғни бұл жағдай елдегі несие құнының өсуіне әкеледі. Бірақ кейбір ірі коммерциялық банктердің орталық банктің пайыздық ставкаларды жоғарлатуына қарамастан өздеріне неғұрлым көп клиенттер тарту үшін өздерінің пайыздық маржаларын төмендетуге мүмкін-діктері болады. Коммерциялық банктерді қаржыландырудың альтернативті әдісі орталық банкте вексельдерді қайта есепке алу болып табылады. Осы форманың тиімділігі бұл операция кезінде кепіл талап етілмейді, ал гарант ретінде вексель беруші болады.
Сонымен бірге, вексельдерді қайта есепке алу экономиканың нақты секторына қаржылық қолдау көрсету құралы ретінде де көрінетінің атап өткен жөн. Бірақ, ҚР ҰБ-де барлық вексельдер қайта есепке алына бермейді, тек вексельдік несиелерді алуға құқығы бар бірінші сыныпты эмитенттер тізіміне енгізілген кәсіпорындардың ғана вексельдері қайта есепке алынады. Мысалы, соңғы екі жылда Қазақстанда тек екі кәсіпорын ғана "Казатомпром" және "Қазақстан Темір Жолы" вексельді қайта қаржыландыру жүйесі бойынша несиелер алған. Осыған байланысты, ҚР ҰБ-ң есептік ставкасы ақша-несие саясатының оперативті құралы және ақша-несие саясатының индикаторы ретіндеті өзінің қызметтерін толық орындамай отыр.
Өнеркәсіптің қайта өңдеу салаларындағы ірі және орта кәсіпорындарда қайта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының қазiргi банк жүйесi
Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жайлы ақпарат
Банк жүйесі жайлы ақпарат
Несие және несие жүйесінің ұғымы маңызы
Ақша айналысының тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері жайлы
Ақша айналысының тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері
Ақша айналысы және оның дамуы
Инфляция және ҚР-дағы инфляцияға қарсы саясат
Қазақстан Республикасының банк реформасы
Пәндер