Басқарудың негізгі қағидалары мен әдістері



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1 Басқарудың теориялық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
1.1 Мемлекетті басқару түсінігі, функциялары мен ерекшелігі ... ... ..
1.2 Мемлекетті басқарудың негізгі әдістері, түрлері мен қағидалары.

2 Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастар жағдайындағы мемлекеттік басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 ҚР экономика және әлеуметтік салаларды басқару ... ... ... ... ... ...

3 Қазақстан Республикасындағы басқару әдістерін жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.1 Шетел тәжірбиесіндегі мемлекеттік басқарудың үлгілері ... ... ... ... .
3.2 Жергілікті өзін.өзі басқару құзыреті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
КІРІСПЕ

Менің курстық жұмысымның тақырыбы - «Басқарудың негізгі қағидалары мен әдістері». Бұл тақырыпты қазіргі таңда нарықтық қатынастар жағдайында кез-келген мемлекеттің ұстанатын саясаты, басқару әдістері мен тәсілдері экономикаға тікелей әсер ететін болғандықтан таңдап алдым. Басқару ұғымы жер бетінде адамзат алғаш пайда болған кезеңде пайда болған. Тарихқа көз жүгіртсек алғашқы қауымдық кезеңнің өзінде-ақ адамдар мен тайпалар арасындағы, рулар арасындағы талас-тартыс, дау-дамайды шешу үшін ақсақалдар билігі болған және сол кезеңде адамдар бір-бірінің жауларынан қорғану үшін, бірге аң аулап, тамақтану үшін біріге бастаған. Осылайша адамдар тобынан тобыр, тобырдан – ру, рудан – тайпа, тайпадан – мемлекет пайда болған. Алайда басқару мемлекет құрылмастан бұрын пайда болған. Сондықтан басқару түсінігі мемлекет түсінігінен де кең әрі тарихы тереңде жатыр.
Алғаш рет мемлекет түсінігін, билік және басқаруды жіктеуді қарастырған Аристотель болатын. Ол Герадот мен Платонның жазбаларына сүйене отырып басқарудың монархиялық, аристократиялық және демократиялық деген түрлерге бөлді. Қазіргі уақытта Ата Заңымыз бойынша Қазақстан – демократиялық, біртұтас, тәуелсіз, зайырлы мемлекет деп жариялап, басқарудың президенттік-парламенттік түрін таңдап алды. Қазақстан тәуелсіз, құқықтық, дербес мемлекет болып өз алдына отау тігіп, өз саясатын жүргізіп жатқан кезде ел билеудің, басқаруды жүзеге асырудың мүмкіндіктерін жан-жақты ойластырып жатқан кезде жастарымыздың басқарудың, басқарудың негізгі қағидалары мен әдістерінің қыр-сырымен танысуының маңызы зор деп ойлаймын.
Курстық жұмыстың өзектілігі: қазіргі нарықтық заман жағдайында басқару өте күрделі әрі ең қажетті ұғымдардың бірі. Себебі басқару болмаған жерде тәртіп болмайды, тәртіп орнамаған жерде мемлекет те бәсекеге қабілетті болмайды, экономикасы әліреп, әлеуметтік жағдайы төмендейді, елде жұмыссыздық жайлайды, қылмыс жасау артады, басқару қолға алынбаған жағдайда мемлекет мүлдем жоғалады немесе басқа елдің жетегінде кетеді деп айтуға болады. Сондықтан еліміздің егемендігін сақтап, тәуелсіз, азат елде өмір сүруіміз үшін, экономикасы жоғары дамыған, бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған елде өмір сүруіміз үшін, басқа елдердің алдында еңсемізді түсірмей, қазақтың көк туын жоғары көтеріп мақтанышпен «Мен – Қазақпын!» деп айта алуымыз үшін басқару түсінігі өте өзекті деп айта алар едім. Кез-келген адамның жақсы өмір сүргісі келеді: әдемі үй, қымбат машина, әлемге әйгілі озық техникаға қол жеткізу немесе Стив Джобстың таңдамалы туындысы – Apple өнімдерін күнделікті өмірде қолдану барлық адамдардың арманы екені сөзсіз. Ал егер басқару жүйесі нашар, артта қалған елде өмір сүретін болсаңыз сіз бұлардың ешқайсысына қол жеткізе алмайсыз. Сондықтан басқару- бұл ең қажетті, маңызды тақырыптардың бірі!
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Г. В. Атаманчук «Мемлекеттік басқару теориясы»;
2.
3. Айтаханов Е. Қазақстан Республикасының аймақтық дамуының жоспарлау процесстерін басқару проблемалары /Е. Айтаханов //Вестник, Әль-Фараби ат.КазГУ. Сер. экон. - 2002. - №2(30). - б. 12-15.
4. Алдияров С. Қазақстан аймақтарының негізгі әлеуметтік-экономикалық индикаторлары және дамуды жалпы бағалау әдісі /С.Алдияров, К. Кабдуалиева, Л. Елеусиз // Транзиттік экономика. - 2006. - №1. - б. 81-86.
5. Воронин А. Г. Муниципалды шаруашылықты басқару негіздері : оқу құралы/ А. Г Воронин, В. А.Лапин, А. Н. Широков. - М. : Дело, 1998. - 128 б.
6. Ф.Энгельс «Происхождение семьи, частной собственности и государства»
7. Бердалиев К. Қазақстан экономикасын басқару негіздері /К. Бердалиев. - Алматы : Экономика, 1998. - 148 б.
8. Шығыс Қазақстан сан бойынша: стат. жинақ - Алматы : Қазақстан Республикасының статистика Агенттігі, 2006. - 136 б.
9. Гаврилов А. И. Аймақтық экономика және басқару: жоғарғы оқу орынд.оқу құралы / А. И. Гаврилов. - М. : ЮНИТИ - ДАНА, 2002. - 239 б.
10. Гамарник Г. Облыс экономикасын басқару жүйесін жетілдіру /Г. Гамарник, Н.Сердюк // Поиск. - 2002. - №2. - б. 98-100.
11. Гамарник Г. Н. Қазақстан экономикасын басқару : методология, әдістер, іске асыру жолдары : монография /Г. Н. Гамарник. - Алматы : Экономика, 2002. - 281сб.
12. Гранберг А. Аймақтық экономика негіздері : жоғарғы оқу орынд.оқу құралы. /А. Гранберг. - 2-ші басылым. – М.: Мемл. ун-т Экономика жоғарғы мектебі, 2003. - 495 б.
13. Дорогов Н. Аймақтың экономикалық стратегия таңдауын негіздеу /Н.Дорогов // Басқарудың теориясы және практикасының проблемалары. - 1998. - № 3. - б. 18-21.
14. Игнатьева А. В. Басқару жүйелерін зерттеу : жоғарғы оқу орынд.оқу құралы / А. В. Игнатьева, М. М. Максимцов. - М. : Юнити-Дана, 2001. - 184 б.
15. Мамыров Н. К. Қазақстан жағдайындағы экономиканы мемлекеттік реттеу : оқу құралы / Н. К. Мамыров, Ж. Ихданов. - Алматы : Экономика, 1998. - 284 б.
16. Минакир П. ФГР : федерация және жердің әрекеттесуі /П. Минакир //Басқару теориясы және практикасының проблемалары - 2001. - №2. - б. 93-97.
17. Мухамбетов Т. Мемлекеттік басқару кризисі /Т. Мухамбетов //Транзиттік экономика. - 2001. - № 3. - б. 53-56.
18. Назарбаев Н. Ә. Қазақстан 2030. Барлық қазақстандықтар жағдайын гүлдендіру, қауіпсіздендіру және жақсарту : президенттің Қазақстан еліне жолдауынан //Казахстанская правда. - 1997. - 11 қазан.
19. Назарбаев Н. Ә. Жаңа елдегі жаңа Қазақстан: 2007 ж. 28 ақп. президенттің Қазақстан еліне жолдауынан //Каз. правда. - 2007. - 4 мамыр.
20. Қазақстан Республикасының Ұлттық Статистика Агенттігі //Қолдану режимі : http://www.kazstat.asdc.kz/
21. Нурашева К. Аймақтық экономиканы басқарудағы жүйелік әдіс /К. Нурашева // Қазақстан қаржысы. - 2006. - №1. - б. 83-87.
22. Павлов К. Ресей аймақтарындағы жергілікті басқару жүйесі және дамыған елдер тәжірибесі /К. Павлов //Басқару теориясы және практикасының проблемалары. - 1999. - №5. - б. 47-50.
23. Қазақстан аймақтары, 2003 жыл /А. Смаилов ред.. - А.: ҚР статистика агенттігі, 2003. - 394 б.
24. Рой О. М. Мемлекеттік және муниципалдық басқару жүйесі /О. М. Рой. - М.: Дело, 2003. - 254 б.
25. Чагучиев М. Ч. Аймақтар, экономика және басқару /М.Ч.Чагучиев, М. М. Соколов. - М. : ЮНИТИ-ДАНА, 2001. - 271 б.
26. Шыныбекова Д. Аймақтардың жергілікті дамуының бюджеттік бағдарламасының дамуын қаржылық /Д. Шыныбекова //Қазақстан қаржысы. - 2002.- № 3. - 33-36 б.
Қазақстан аймақтары бойынша халықтың экономикалық белсендігі : стат. жинақ /Султанов Б. ред. - Алматы: ҚР статистика агенттігі, 2006. - 360 б.
27. http://election.kz, http://www.kyzmet.kz, http://kz.government.kz, http://www.akorda.kz сайттары

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1 Басқарудың теориялық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
1.1 Мемлекетті басқару түсінігі, функциялары мен ерекшелігі ... ... ..
1.2 Мемлекетті басқарудың негізгі әдістері, түрлері мен қағидалары.

2 Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастар жағдайындағы мемлекеттік басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 ҚР экономика және әлеуметтік салаларды басқару ... ... ... ... ... ...

3 Қазақстан Республикасындағы басқару әдістерін жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.1 Шетел тәжірбиесіндегі мемлекеттік басқарудың үлгілері ... ... ... ... .
3.2 Жергілікті өзін-өзі басқару құзыреті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .

КІРІСПЕ

Менің курстық жұмысымның тақырыбы - Басқарудың негізгі қағидалары мен әдістері. Бұл тақырыпты қазіргі таңда нарықтық қатынастар жағдайында кез-келген мемлекеттің ұстанатын саясаты, басқару әдістері мен тәсілдері экономикаға тікелей әсер ететін болғандықтан таңдап алдым. Басқару ұғымы жер бетінде адамзат алғаш пайда болған кезеңде пайда болған. Тарихқа көз жүгіртсек алғашқы қауымдық кезеңнің өзінде-ақ адамдар мен тайпалар арасындағы, рулар арасындағы талас-тартыс, дау-дамайды шешу үшін ақсақалдар билігі болған және сол кезеңде адамдар бір-бірінің жауларынан қорғану үшін, бірге аң аулап, тамақтану үшін біріге бастаған. Осылайша адамдар тобынан тобыр, тобырдан - ру, рудан - тайпа, тайпадан - мемлекет пайда болған. Алайда басқару мемлекет құрылмастан бұрын пайда болған. Сондықтан басқару түсінігі мемлекет түсінігінен де кең әрі тарихы тереңде жатыр.
Алғаш рет мемлекет түсінігін, билік және басқаруды жіктеуді қарастырған Аристотель болатын. Ол Герадот мен Платонның жазбаларына сүйене отырып басқарудың монархиялық, аристократиялық және демократиялық деген түрлерге бөлді. Қазіргі уақытта Ата Заңымыз бойынша Қазақстан - демократиялық, біртұтас, тәуелсіз, зайырлы мемлекет деп жариялап, басқарудың президенттік-парламенттік түрін таңдап алды. Қазақстан тәуелсіз, құқықтық, дербес мемлекет болып өз алдына отау тігіп, өз саясатын жүргізіп жатқан кезде ел билеудің, басқаруды жүзеге асырудың мүмкіндіктерін жан-жақты ойластырып жатқан кезде жастарымыздың басқарудың, басқарудың негізгі қағидалары мен әдістерінің қыр-сырымен танысуының маңызы зор деп ойлаймын.
Курстық жұмыстың өзектілігі: қазіргі нарықтық заман жағдайында басқару өте күрделі әрі ең қажетті ұғымдардың бірі. Себебі басқару болмаған жерде тәртіп болмайды, тәртіп орнамаған жерде мемлекет те бәсекеге қабілетті болмайды, экономикасы әліреп, әлеуметтік жағдайы төмендейді, елде жұмыссыздық жайлайды, қылмыс жасау артады, басқару қолға алынбаған жағдайда мемлекет мүлдем жоғалады немесе басқа елдің жетегінде кетеді деп айтуға болады. Сондықтан еліміздің егемендігін сақтап, тәуелсіз, азат елде өмір сүруіміз үшін, экономикасы жоғары дамыған, бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған елде өмір сүруіміз үшін, басқа елдердің алдында еңсемізді түсірмей, қазақтың көк туын жоғары көтеріп мақтанышпен Мен - Қазақпын! деп айта алуымыз үшін басқару түсінігі өте өзекті деп айта алар едім. Кез-келген адамның жақсы өмір сүргісі келеді: әдемі үй, қымбат машина, әлемге әйгілі озық техникаға қол жеткізу немесе Стив Джобстың таңдамалы туындысы - Apple өнімдерін күнделікті өмірде қолдану барлық адамдардың арманы екені сөзсіз. Ал егер басқару жүйесі нашар, артта қалған елде өмір сүретін болсаңыз сіз бұлардың ешқайсысына қол жеткізе алмайсыз. Сондықтан басқару- бұл ең қажетті, маңызды тақырыптардың бірі!
Курстық жұмыстың мақсаты: басқарудың ұғымын кең мағынада қарастырып, мемлекетті басқарудың негізгі қағидаларын ашып көрсету болып табылады. Мемлекетті басқаруда қандай әдістерді қолдану керек, қандай саясатты ұстану керек, нарықтық жағдайдағы экономиканы басқарудың әдіс-тәсілдерін қарастыру мақсаты қойылған.
Курстық жұмыс құрылымы үш бөлімнен құралады. Бірінші бөлімде басқарудың теориялық аспектілері қарастырылған, яғни бұл бөлімде басқарудың пайда болу кезеңінен бастап қандай әдістер, қағидалар қолданылғаны, қандай функция атқаратыны туралы айтылады.
Екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару туралы қарастырылады, соның ішінде ең маңыздысы - экономиканы және әлеуметті басқару туралы кеңінен айтылады.
Өмір бір орында тұрмайды және көштен қалып қоймас үшін, әрқашан экономиканы жетілдіріп отыру үшін, халықтың әл-ауқатын арттыру үшін басқарудың ескі әдістеріне сүйеніп, бір саясатты қолдану тиімсіз болып табылады. Сондықтан басқаруды үнемі жетілдіріп отыру қажет, шетел мемлекеттерінің тәжірбиесінен сабақ алып, басқару әдістерін жетілдіру жолдарында ұтымды ұсыныстар жасалынып, құқықтық базасы қабылдануы керек деп ойлаймын. Осы туралы толығырақ ақпаратты үшінші бөлімнен көруге болады.
Курстық жұмысты жазу барысында ғаламтор ақпараттары кеңінен қолданылды, атап айтсам http:election.kz, http:www.kyzmet.kz, http:kz.government.kz, http:www.akorda.kz сайттарының ақпараттары пайдаланылды. Және Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетті басқару туралы заңы, ҚР Конституциясы, т.б. сияқты құқықтық-нормативтік актілер қарастырылды. Сонымен қатар Ихданов Ж., Сансызбаев Ғ.Н., Есенжігітовалардың Мемлекеттік басқару теориясы оқу құралы, Баянов Е., Храпанюк В.Н. және т.б. сияқты авторларлың еңбектері қолданылды.

1 БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
0.1 Мемлекетті басқару түсінігі, функциялары мен ерекшелігі

Мемлекетті басқару дегеніміз белгілі бір шекарада қалыптасқан халықты басқару, сол мемлекеттің өзінің құқықтық базасын қалыптастыру, мемлекетті басқаратын органдар мен аппаратты құру болып табылады. Мемлекеттік басқару туралы ғалымдардың еңбектерінде әр түрлі көзқарастар жазылған.
Мемлекеттік құрылыс және құқық салассының белгілі ғалымы Г. В. Атаманчук мемлекеттік басқарудың мынадай анықтамасын береді: мемлекеттік басқару - мемлекеттің ұйымдарға, адамдардың тәртіптері мен іс - қимылдарына, олардың ұжымдарына біртұтас қоғамға тікелей ықпал етуге бағытталған, ғылыми негізделген, жоспарланған, ұдайы және құқықтық нысанда жүзеге асырылатын қызмет. [112]
Мемлекеттік басқару заңға сәйкес және заңның орындалуы негізінде жүзеге асырылады. Қандай да мемлекеттік басқару қызметінің түрі болмасын тек заңдарды орындау, тікелей бұлжытпай орындау арқылы атқарылады. Ал қажет болған жағдайда мемлекеттік басқару органдары қабылданған заңдар негізінде және сол заңдарды нақтыландырып іс жүзінде жүзеге асыруға арнап өз нормативтік актілерін шығарады. Бұл заңға сәйкес нормативтік актілерін өз аялары бойынша орындауға міндетті болады. Кейбір кездерде мемлекеттік басқару органдары заңмен реттелмеген қоғамдық қатынастарды өз өкілеттіліктерінің шегінде шығарылған актілерімен реттей алады.Сонымен қорыта айтсақ, мемлекеттік басқару дегеніміз мемлекеттің міндеттері мен функцияларын орындау барысында арнайы өкілетті мемлекеттік басқару органдарының заңға сәйкестендіріліп және сол заңдардың негізінде жүргізілетін ұйымдастыру және атқару- өкім ету қызметтері.
Мемлекет және құқық теориясы, құқықтану саласының көрнекті ғалымы Алексеев С. С. Өз еңбегінде мемлекеттік басқару жөнінде былай деп айтқан болатын: мемлекеттік басқару мемлекеттің, оның органдары мен мекемелерінің қоғам жүйесіне немесе оның аяларына мақсатты бағытта ықпал етуі. Сондықтан биліксіз әлеуметтік басқару болмайды деген тұжырымның негізі бар екенін көреміз. Мемлекеттік басқарудың мына келесідегідей өзіне тән ерекшеліктері бар:
1. мемлекеттік басқару саяси сипатта болғандықтан басқару жөніндегі негізгі салмақ мемлекетке түседі. Мемлекет мемлекеттік - құқықтық, техникалық - ұйымдастырушылық және тағы басқа да басқару құралдарына арқа сүйей отырып қоғамды басқаруды орындайды;
2. мемлекеттік басқару құқықтық нысанда жүзеге асырылады;
3. мемлекеттік басқару ғылыми негізге сүйенеді.
Алексеев С. С. мемлекеттік басқару өзара тығыз байланысқан басқару сатыларынан тұратын ұдайы процесс деп айта келіп, сондай-ақ осы саладағы органдардың басқару қызметтерінің ерекшеліктерін ескере отырып, төмендегі басқару сатыларын бөліп шығарған:
1. басқару шешімін қабылдауға қажетті ақпараттарды жинау, өңдеу және талдау;
2. басқару шешімін дайындау және қабылдау;
3. шешімді атқаруды ұйымдастыру;
4. есептеу және бақылау.
Басқару қоғамдағы адамдар өмірінің маңызды жағы ретінде көрініс табады. Себебі ол әлеуметтік сипатта болады.[247]
Сондықтан басқаруға әлеуметтік процесс тұрғысынан қарасақ, оның маңызы өте терең, ерікті және саналы бастамасы бар екенін байқаймыз.
Алғашқылардың бірі болып басқару ісіне жеткілікті деңгейде көңіл бөлген К. Маркс болатын. Қоғамдық өндіріс процестерін талдау барысында К. Маркс басқару дегеніміз еңбектің қоғамдық прпоцесінен туындайтын айрықша функция деген қорытындыға келген.
Осыған орай ол адамдар айтарлықтай рөл атқаратын әлеуметтік басқаруды дұрыс түсіну негіздерін қалыптастырды.
Кез-келген қоғамдық немесе бірігіп атқарылатын жұмыс, бірігіп жұміс атқаратын адамдар тобы азды-көпті басқаруды қажет етеді. Жеке скрипкашы өзін-өзі басқара алады, ал оркестр дирижердың басқаруын қажет етеді деген жолдардан басқарудың қажеттілігінің анық мысалын көре аламыз.
Адамдардың бірігіп жасаған әрекеттері, іс-қимылдары ұйымдастыруға әкеліп саяды. Ұйымдастыру бірінші кезекте, адамдардың бірігіп жұмыс істеулеріне қажетті бірлесу болып табылады. Басқаша көзқараспен сипаттағанда басқаруды біріккен адамдардың өздеріне тиісті жұмыс, қызметтерін атқаруларымен байланыстырамыз. Демек, ұйымдастыру (басқару) тек адамдардың бірігуімен ғана шектеліп қоймай, сонымен қатар олардың өз қызметтерін жүзеге асыру тәртібін де қамтиды. Басқарудың негізгі міндеттері адамдардың бірлескен қызметтерін ұйымдастырумен байланысты болғандықтан, олардың өзара іс-қимылдарын әртүрлі бірлестіктермен және қызметтерінің бағыттарымен нысаналай отырып қамтамасыз ету мәселелері туындайды. Осы жайында К. Маркс администрация есть организующая деятелность государства деп айтқан болатын[7].Сонымен басқаруға әлеуметтік функция ретінде ұйымдастырушы сипат тән болады. Ұйымдастырудың бұл маңызды көрінісі бірлесіп қызмет атқарушылардың өз функцияларын орындаумен қатар дербес жұмыстардың арасындағы ауыз бірліктен, келісімнен тұрады. [384]
Іс жүзінде басқару өзінің мәні бойынша жұмыс істеу бағдарламасын жасау, оны қажетті материалдармен қамтамасыз ету, бірлесіп еңбек етушілердің арасында жалпы міндеттерді бөлу, ұжымдардың әрекеттері мен күштерін біріктіруге ат салысу және олардың күнделікті қызметтерін реттеп отыру, сондай- ақ барлық атқарылатын қызметтердің алға қойған міндеттерге сай болуына қадағалау жүргізу болып табылады. Осы бағыттар бойынша барлық бірлескен қызметке қатысушыларды жалпы нысаналы мақсатқа жетуді көздеп бағындыруды қамтамасыз ету жүзеге асырылады.
Басқару функциясын атқару үшін басқару субъектісі қажетті билікке ие болуға тиісті. Сондықтан бұл жерде билік ету- бағыну қатынастары туындайды.
Билік жүргізу басқарудың белгісі ретінде әртүрлі нысанда болады.Үкімет билігі әлеуметтік процестерді реттеу құралы болып табылады. Козлов Ю.М. басқаруды әлеуметтік функция деп қарастырсақ, онда оны былайша сипаттауға болады дейді:
1) басқару тек адамдардың бірлескен іс- қимылдарын жүзеге асыратын жерден орын алады;
2) басқару адамдардың бірлескен іс- қимылдарын біріктіру және олардың жүріс- тұрыстары мен іс- қимылдарын келістіру арқылы нысаналы мақсатқа бағыттап қамтамасыз етуге ат салысады;
3) басқару бірлескен қызметке қатысушыларды басқарушының бірыңғай еркіне бағындыру бастамасы ретінде жүзеге асырылады.
Сонда басқару деп өктем- ұйымдастырушы функцияларды жүзеге асыруды айтамыз.Әлеуметтік басқару негізінде екі бағытта жүзеге асырылады: мемлекеттік басқару және қоғамдық басқару. Демек, мелекеттік басқару әлеуметтік басқарудың айрықша түрі болып табылады. Басқару саяси сипатта болады, сондықтан ол мемлекеттің мүдделері мен міндеттеріне қызмет етеді. Мемлекеттік сипаты мына жайлардан көрініс табады:
oo басқаруды жүзеге асыру кезінде мемлекет мүддесі көзделеді;
oo басқару функцияларын мемлекет еркіне сай қалыптастырылған арнайы субъектілер жүзеге асырады;
oo осы субъектілер мемлекет атынан қызмет атқарады;
oo оларға қажетті мемлекеттік- өктем сипаттағы өкілеттілік беріледі.
Кейде барлық мемлекеттік органдардың қызметі, барлық мемлекеттік қызмет басқару деп саналады. Мемлекет ауқымындағы және мемлекет атынан жүзеге асрылатын басқарушылық функцияларының өзіне тән белгілері мен ерекшеліктері мыналар:
1) Мемлекттің Конституциясында белгіленген мемлекеттік маңызы бар басқару сипатындағы мәселелер шеңбері;
2) Мемлекет аумағында басқару функцияларын жүзеге асыратын арнайы аппаратты, яғни мемлекеттік басқару органдарын қалыптастыру. Осыған орай мемлекеттік басқаруды кез- келген мемлекеттік орган емес, тек қана арнайы құрылатын атқару және жарлық беру органдары жүзеге асырады;
3) Мемлекеттік басқарудың дербес мақсаты - атқару қызметін жүзеге асыру. Атқару дегеніміз заңдар мен заңға сәйкес актілердің күнделкті және басқа жағдайларда іске асырылуы;
4) Мемлекеттік басқарудың белгілі бір материалдық базасы болады. (Бұл жерде айта кететін жай атқару билігіоргандарының бәрінде материалдық база бола бермейдіі. Мысалы: сот билігінде және т.б.)
5) Мемлекеттік басқару тек кәсіпорындар мен ұйымдарды басқару ғана емес, сонымен қатар мемлекет аумағының барлық түкпірінде, яғни заң талаптарына бағындыруға қажеттілік туындаған жерлерде атқарылатын қызмет;
6) Мемлекеттік басқару дегеніміз ұйымдастырушы қызмет. Басқару процесінде адамдардың қызметі ұйымдастырылады, олардың арасында қатынастар құрылады.
7) Мемлекеттік басқару тар мағынада заңды- өктем сипаттағы қызмет болып табылады. Өйткені бұл қызмет- әкімшілік қызмет.
8) Мемлекеттік басқару заңға сәйкес қызмет болып табылады.Атқару қызметтерінің бағытын, бағдарын тек заң белгілейді, яғни заң нормалары нақты жағдайларда қолдланылады. Заңға сәйкестіктің бір көрінісі мемлекеттік басқару аясында, мемлекеттік басқару органдары қабылдайтын нормативті актілердің негізінде және соларды орындау мақсатында шығарылады.[4121]
Қорыта келіп айтсақ, мелекеттік басқару дегеніміз шаруашылық, әлеуметтік- мәдени және әкімшілік- саяси құрылыстарды тікелей және күнделікті басқару процесінде заңдарды орындау жөніндегі заңға сәйкес, мемлекеттік - өктем ұйымдастырушы қызмет.
Мемлекеттік басқарудың функцияларына тоқталсақ, бұл жөнінде пікірталастар өте көп. Көптеген ғалымдардың айтуы бойынша, олардың ішінде Афанасьев В.Г., Козлов Ю.М., Бачило И.Л., көбінесе басқару процесіне тән функцияларды бірқатар жағдайларда лауазымды адамдар мен нақты басқару органдары атқаратын функцияларымен шатастырады.
Функциялардың көмегімен қандайда болмасын басқару органдарына тән қызметтері жүзеге асырылады.Олар: 1. болжалдау; 2. жоспарлау; 3. ұйымдастыру; 4. басшылық ету; 5. реттеу; 6. бақылау.Осы функциялар жалпы басқару қызметінің бәріне тән болса, бұлардан басқа арнайы функциялар болуы мүмкін. Олар басқару органдарының ерекшеліктеріне байланысты белгіленеді. Мысалы, әдістемелік және техникалық басшылық ету, техниканы бақылау, іс жүргізу, заң кеңесін беру,т.б.
Басқару функциялары негізгі және қосалқы функциялар болып топтастырылады. Негізгі функциялар мемлекеттік басқарудың мәні, маңызымен тығыз байланысқан басқарушы қызметтің түрлері болып табылады және олар тиісті объектілерге мақсатты, бағдарлы түрдегі басқарушы ықпал етуді жүзеге асырады. Негізгі функциялар жалпы және мамандандырылған болып екіге бөлінеді.
Жалпы функциялар объективті түрде қандай да болмасын басқару процесінде болады. Жалпы функцияларсыз басқару процесі жүргізілмейтіні белгілі. Осы функцияларға мыналар жатады:
1) жоспарлау;
2) ұйымдастыру;
3) басқару; басшылық ету;
4) жарлық беру;
5) бақылау.
Ал мамандандырылған функциялар объектінің өзіне тән айрықша ерекшеліктерін және оған ықпал ететін басқарушы қызметті көрсетеді.
Басқарудың қосалқы функциясы жалпы және мамандандырылған функциялар шегінен шықпай басқару процесіне қызмет етуге арналған. Мысалы: іс жүргізу, заңды кеңес беру, шаруашылық қызмет көрсету, т.б.
Басқару функциялары іс жүзінде басқару органдарының тиісті іс- қимылдарына жүргізіледі.Басқару функцияларына байланысты басқару теориясы басқарушы ықпал жасау әдістерін алға шығарады. Мемлекеттік басқару процесінде бұл әдістер мемлекет атынан, оның тапсырмасы мен мүддесін көздей отырып пайдаланылады.
Бұл әдістерден мемлекеттік басқару органдарының мемлекеттік- өктем өкілеттіктері көрініс табады. Мемлекеттік басқарудың мақсаттары мен функциялары өзара шарттас. Мемлекеттік басқару функциялары мемлекеттің қоғамдық функцияларымен тығыз байланысты және олар мемлекеттің қоғамдық функцияларының жүзеге асу жолдарын көрсетеді. Егер мемлекеттің қоғамдық функциялары мемлекеттің қоғамдық табиғаты мен оның ролі неде екенін ашып берсе, мемлекеттік басқару функциялары оның қалай және қандай жолдармен іске асатындығын көрсетеді. Мемлекеттік басқару функциялары басқарудың тұтас субъектісі ретінде мемлекеттің өзара байланыстарын сипаттайды және ашып береді. Мемлекеттік басқару функциялары:
oo ішкі функциялар, бұл мемлекеттік басқарушы жүйенің ішіндегі басқаруды білдіретін функция.Олардың болуы мемлекеттің көпдеңгейлілігімен, түрлі компоненттілігімен байланысты. Басқарудың бұл функциясының мақсатты бағдарлануы әрбір мемлекеттік органға динамикалылық пен заңдылықты берумен байланысты;
oo сыртқы функциялар бұл мемлекеттік органдардың қоғамдық процестерге ықпал ету процесі.
oo жалпы функциялар ( ішкі және сыртқы), бұлар мемлекеттік басқарудың негізгі объективті қажетті өзара байланыстарын білдіреді.Жалпы функциялар ішінде түрлі функцияларды бөліп көрсетуге болады. Р. М. Фалмер жоспарлау, ұйымдастыру, орындау, бақылау туралы жазады[1].
К. Киллен жоспарлау, ұйымдастыру, жетекшілік, ынталандыру, бақылауды бөледі[1]; Г. Кунц, С.О, Доннел - жоспарлау, Ұйымдастыру, жетекшілік пен лидерлікті көрсетеді[2]. Әрекеттердің тізбектілігі мен сипаты бойынша басқарудың жалпы функцияларына келесілерді енгізуге болады: ұйымдастыру, жоспарлау, реттеу, кадрлық қамтамасыз ету мен бақылау.
oo мемлекеттік басқарудың арнайы функциялары жеке ықпалдың ерекше мазмұнын білдіреді. Ол басқаруда өзара әрекеттесуші компоненттердің көп түрлілігімен шарттас.Олар әдетте жеке салаларда, сфераларда, мемлекеттік басқарудың бөліктерінде іске асырылады. Арнайы функциялар басқарылатын объектілердің түрлері бойынша бөлуге болады. Мысалы: қаржыландыру, инвестициялау, лицензиялау, еңбек пен жалақыны реттеу т.б.
Әкімшілік құқық саласының белгілі ғалымы Бахрах Д.Н өз еңбегінде мемлекеттік басқару жөніндегі жаңа тұрғыдан қалыптасқан көзқарастарын былайша түсіндірген: мемлекеттік билік әлеуметтік биліктің бір түрі болып табылатындықтан оның өзіне тән ерекшеліктері болады:
1. әлеуметтік басқарудың құралы болып табылады;
2. ол адамдардың арасындағы , олардың өз еріктерімен сана сзімдері бар адам немесе ұжым болып табылатын субьектілері мен обьектілері арасындағы қатынастарды көрсетеді;
3. бұл өктем ерік білдіру үстемдігін қамтамасыз ететін қатынас болғандықтан субьектінің басқа адамның еркіне, тәәртібіне тигізетін қабылетімен байланысты болады;
4. Билік әртүрлі ерекше құралдар мен әдістердің жүйесінің күшімен жүзеге асырылады.[545]
Мемлекеттік басқарудың өзіне тән тағы мынадай ерекшеліктері бар. Олар:
1. Мемлекеттік басқару - осы аядағы басқару органдарының, яғни тек басқару жөніндегі мемлекет тарапынан уәкілдік берілген өкілетті мемлекеттік органдардың күшімен жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік басқарудың негізгі бағдар- бағыты, басқару ісінің негізгі мән- маңызы - атқару - жарлық беру қызметтері. Бұл қызметтер мемлекеттің алға қойған міндет- мақсаттарын орындау үшін шығарылған заңдарды іс жүзінде іске асыру, сол заңдардың орындалуын көздеп және солардың негізінде (белгіленген шеңберден шықпай) атқарылатын іс- қимылдары болып табылады. Атқару мемлекеттік басқарудың басты және өзіне тән белгісі ретінде көрініс табады. Сонда атқару дегеніміз мемлекеттік басқару қызметін мемлекет тарапынан қабылдаған заңдарға немесе басқа да заң күші бар нормативтік актілерге сай ,соларға негіздеп іс жүзінде іске асыру;
3. Мемлекеттік басқару мемлекеттік- өктем сипаттағы қызмет болып табылады. Басқару істері өздеріне бағынышты салалар мен объектілерді басқарушылардың өз өкілеттіктері шеңберінен шықпай өктем- бұйрық беру, яғни жарлық ету арқылы жүзеге асырылады.Мемлекеттік- өктем, яғни өктем- ұйымдастыру түрінде жүргізілетін биліктің көрінісі болып табылады;

3.1 Мемлекетті басқарудың негізгі әдістері, түрлері мен қағидалары

Мемлекеттік басқарудың нақты әдістері екі топқа бөлінеді:
oo экономикадан тыс ықпал ету әдістері, яғни басқарылушы объектілерге міндетті шешімдерді қабылдау арқылы басқару функциясын іске асыру;
oo экономикалық ықпал жасау әдістері- бақылаушы объектілердің материалдық жағдайларына тиісті мөлшерде әсер ету арқылы басқару функциясын жүзеге асыру.
Мемлекеттік басқару, оның функциялары мен әдістері өздерінің объектісі ретінде адамдардың іс- қимылдары мен тәртіптерін білдіреді. Осыған байланысты басқарушы қатынастарда тұрақты қатысатын мына ұйымдық - құқықтық категорияларды бөліп шығаруға болады:
1) адамдардың әртүрлі ұжымдары;
2) өндірістік- техникалық және басқа да кешендер- бірлестіктер, кәсіпорындар т.б.
3) мемлекеттік басқару салалары;
4) мемлекеттік басқару аялары;
5) мемлекеттік басқару облыстары.
Мемлекеттік басқару функциялары мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға , сондай- ақ азаматтарға байланысты жүзеге асырылады.
Осыған орай басқарушы сипаттағы қоғамдық қатынастарға әсер ететін жалпы механизм ішінен мына қызметтерді бөліп көрсетуге болады:
1) мемлекеттік заңды тұлғаларға басшылық ету жөніндегі қызмет;
2) мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жұмыстарын мемлекеттік реттеу және олармен байланыстарды дамыту жөніндегі қызмет;
3) азаматтардың заңды мүдделері мен мұқтаждықтарын қанағаттандыру және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі қызмет.
Мемлекеттік заңды тұлғалар тұрғысында орталықтандырылған басшылық және тікелей басқару жүзеге асырылады.Орталықтандырылған басшылық тікелей емес өзара қатынастар туындатады. Бұл жерде басшылық ортадағы звенолар арқылы жүргізіледі. Ал тікелей басқару кезінде басқару органы заңды тұлғалар - басқарушылармен тығыз, тікелей байланыста болады.
Мемлекеттік басқаруға жалпы сипаттама берген кезде атқару қызметінің басқару органдарына тән екенін есепке алу қажет. Сонымен қатар олардың әртүрлі мәміле жасайтындарын және материалдық- техникалық операцияларды жүргізетіндерін ұмытпаған жөн.
Әлеуметтік басқару қоғамдық (саяси) және тарихи ұғым болып табылады. Себебі ол қоғамда туындап дамиды, адамдардың өзара қатынастарын бекітеді. Ал оның мәні, әдістері және т.б. қоғамдық - тарихи даму процестерінде өзгеріп тоырады.
Ф.Энгельс өзінің Происхождение семьи, частной собственности и государства атты еңбегінде : управление было одним из необходимых условий существования общества, не знавшего государственности деп көрсеткен болатын.[672]
Сонымен әлеуметтік басқару қандай да болмасын қоғам өміріне қажетті элемент болып табылады. Басқарудың осы түрінің мән- маңызы - әртүрлі әлеуметтік бірлестіктердегі адамдарға мақсатты және ұйымдастырылған түрде ықпал ету. Әлеуметтік басқаруды мемлекеттік басқару органдары жүзеге асырады және осы басқарушы қызметтер ерік беру сипатында болады. Әрбір нақты басқарушы қызметінен, қатынастардан басқару субъектілер мен объектілерін айыра білу қажет.
Мемлекеттік басқару әлеуметтік басқарудың бір түрі болып табылады. Сондықтан оған толық сипаттама беру үшін оны әр тұрғыдан қарастыру қажет.
1) мемлекеттік басқарудың басқа мемлекеттік қызметтермен арақатынасы;
2) мемлекеттің басқарудың қоғам дамуындағы тарихи орны;
3) мемлекеттік басқару белгілі бір қызмет процесінің мәні.
Мемлекеттік басқару мемлекеттік қызмет түрлеріне бөлінеді. Осы әртүрлі мемлекеттік қызмет түрлері арқылы мемлекеттің барлық міндеттері мен функциялары жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметтер ұйымдастырылуы және басқа да белгілері бойынша бөлінеді:
a) жүзеге асыру кезінде атқаратын рөлдеріне байланысты;
b) жүзеге асыратын органдары бойынша;
c) жүзеге асыру әдістері мен нысандарына байланысты;
d) қызметтің ауқымы бойынша.
Мемлекеттік басқару осы қызметтердің бір түрі болып табылады және тек арнайы мамандандырылған басқару аппараты арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік басқарудың саяси мағынасы бар. Бұл жерде барлық мемлекеттік қызмет мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға және қамтамасыз етуге бағытталғанын көреміз. Мемлекеттік орган немесе лауазымды адам ммемлекет атынан қызмет атқарады және оларға басқаруға қажетті белгілі бір өкілеттіліктер берілген, сондай- ақ оның қызметі мемлекет тарапынан қорғаныс, қолдау табады. Мемлекеттік басқаруды саяси- әлеуметтік тұрғыдан алып қарасық, онда оны барлық мемлекеттік механизмнің қызметі, сондай- ақ оның бөлек алғандағы буындарының қызметі деп түсінеміз.
Мемлекеттік басқару жоғары тұрған үкімет билігі орындарының бұйрықтарының негізінде жүзеге асырылады. Сондықтан басқару қызметі атқару күйінде болады.Атқару билігіне ие болу үшін мемлекеттік күші бар жарлық беру қажет болады. Жарлық берудің басты элементі өкілетті мемлекеттік басқару органдарының нормативті актілер қабылдауы болып табылады. Демек, мемлекеттік басқарудың екі жағы- атқару және жарлық беру тығыз байланыста болады. Бұрыннан қалыптасқан дәстүр бойынша мемлекеттік басқару үшке бөлінеді: халық шаруашылығын басқару; әлеуметтік- мәдени құрылысты басқару; әкімшілік- саяси саладағы басқару.
Әрбір саланың өзіне тән аялары және салалары болады. Мысалы: жоспарлау,материалдық- техникалық жабдықтау мемлекеттік басқару аяларына жатса, салаларға - өнеркәсіптік басқару, денсаулық салаларын басқару, қорғанысты басқару және т.б. жатады. Бұлардан басқа төменгі деңгейдегі ұйымдар- кәсіпорындар, мекемелер, бірлестіктер және тағы басқалары бар. Осы жоғарыда аталған құрылымдық элементтерді басқаруды арнайы мемлекеттік басқару аппараттары жүзеге асырады.
Мемлекетімізде қоғамда жасалып жатқан қызметтердің жүзеге асырылып жатқан іс- қимылдардың бағдар мақсаттары және өздеріне тән салалары болғандықтан олар мемлекет тарапынан, дәлірек айтсақ мемлекет тікелей өкілеттілік берген органдардың жоғарыда атлған еңбек процестерін белгілі бір жүйеленген тәртіпке келтірулерін, яғни басқаруларын қажет етеді. Басқару элеметтері: басқару субъектісі басқару жөніндегі міндеттер мен мақсаттарды қалыптастыра отырып, өзінің басшылық еркін білдірсе, ал басқару объектісі соған бағынышты болуға тиісті Бағынышты болу- басқару субъектісінің басқару жөніндегі жарлық- бұйрықтары арқылы (бағыну және бұлжытпай орындау арқылы) жүзеге асырылады. Бұл жағдайдабасқару субъектісіне мемлекеттік- өктем өкілеттілік беріледі.
Басқару қызметі басқару принциптерін басшылыққа ала отырып, жүзеге асады. Басқару принциптері әлеуметтік- саяси және ұйымдастырушы болып бөлінеді. Әлеуметтік- саяси принциптер: заңдылық, жоспарлылық, нормативтілік, халықтың талап- тілегін есепке алу, бұқаралық және жариялылық. Ұйымдастырушы принциптер: 1. Құзыреттерді (басқарушылардың өкілеттіктері мен қызмет бағыттарын ) белгілеу және бөлу принциптері; 2. Басқарудағы салалық, салааралық және аумақтық мүдделердің есепке алынуы; 3. Басқарушылардың құзыреттері шегіндегі жауапкершілік; 4. Алқалық басқаруды жеке дара басқарумен салыстыру және алқалық басқарудың үстемдігін есепке алу; 5. Тікелей және жан- жақты басқару.
Лазарев Б. М. мемлекеттік басқарудың төмендегі белгілерін атап көрсеткен:
oo Мемлекеттік басқару заңға сәйкес сипатта болады және осы заңдар негізінде нормативтік актілер шығарумен қатар нормативтік емес те басқару актілерін қабылдайды;
oo Мемлекеттік басқару атқару- жарлық беру сипатында болады. Мемлекеттік басқарудың атқару жағы заңдарды өмірде жүзеге асыру болып табылады. Бірақ көп жағдайда бұл атқару қызметі жарлық беру қызметіне де (яғни мемлекеттік басқару органдарының мемлекеттік мәжбүр ету шараларымен қорғалатын өктем актілерді шығару кезінде) айналады;
oo Мемлекеттік басқару өзінің негізіне сай саяси сипатта болады.

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БАСҚАРУ
2.1 ҚР әлеуметтік және экономика салаларын басқару

Мемлекеттің кейбір экономикалық процестерді реттей алу қабілеттілігі мен аса маңызды ролі саясат пен экономиканың байланысынан және экономикалық саясатты жобалауға тәуелді.
Мемлекеттің пайда болуымен оның экономикалық іс - әрекетінің саласы қалыптасады. Мемлекеттің экономикалық саясаты басты буын әрі нарық жүйесінің қажетті элементіне айналады.Үкіметтің көрінетін қолы А. Смит жазған бәсекелестіктің көрінбейтін қолын реттеп отыруы керек.
Мемлекеттің экономикаға араласуы ел экономикасы нарықтық па, әлде әкімшілік- бөлінушілік пе оған тәуелсіз түрде кез - келген үкімет үшін объективті қажет болып табылады. Әкімшілік экономикада мемлекет өз мойнына тауарды өндіру мен бөлу міндетін және қызмет көрсетуді алады.Бұл жерде реттеудің қажеті жоқ. Алайда іс жүзінде мұндай жүйе өзінің тиімсіздігін көрсетті.
Нарықтық шаруашылықта үкіметтің алдында тауар өндіруді ұйымдастыру мен ресурстарды бөлудің міндеті тұрған жоқ.Ол өз еркімен ресурстарды, капиталды, өндірілген тауарды жұмсай алмайды.
Нарықтық жүйе - ол ең алдымен өндірушілер мен тұтынушылардың шешім қабылдаудағы құқығы.Нарықтық механизм экономикалық өсудің барлық мәселелерін шеше алмайды. Еркін бәсекелестік кезінде өндіруші күштердің басым бөлігі классикалық жеке меншіктің шегінен шығып, сол себепті мемлекет экономиканың ірі құрылымдарын қамтамасыз етуді өз мойнына алуына тура келеді.Олар: темір жолдар, почта, байланыс жүйесі, т.б. Еңбек бөлінісінің негізіндегі мемлекетаралық интеграцияның күшеюуі ұлттық шекараларға деген жалпы экономикалық процестердің өсуіне,қорғаныспен, ғылыммен, әлеуметтік қатынастарды реттеумен, жұмыс күшін қайта өндірумен және т.б. байланысты туындайтын жаңа әлеуметтік - экономикалық мәселелердің қалыптасуына әкеледі.Саяси және экономикалық шешімдерді қабылдауды реттеу механизіміне мемлекеттің құрылымның араласуының өте қатты қажаеттілігі туындайды.
Бәрімізге белгілі монополистік емес, дамыған нарық экономикасының қозғаушы механизмдері құрамында экономикалық даму стагнациясының элеметтері болады. Бұл ең алдымен мынадан көрініс табады: экономикадағы жүйелік теңдік өндіріс факторларының толық қамтылмаған кезінде орын алады, ең бірінші жұмыс күшінің толық қамтылмауы кезінде. Стагнацияның қайшылығын шешу үшін мемлекетті оның үлкен потенциалымен тарту керек. Мемлекет толық жұмыс бастылық пен тиімді сұраныстың бір болуының қамтамасыз ету функциясын өз мойнына алады.
Қазақстан Республикасы Европа мен Азияның бірқатар елдері сияқты экономикалық құрылымдарды реформалау жолында кенледі. Ол нарық жүйесін қолдану мен қалыптастырудың жеткілікті тәжірибесі жоқтығына байланысты дамушы елдердің мемлекеттік басқару тәжірибесін пайдалануды жөн көріп отыр. Тәжірибені зерттеу экономиканың дамуында кездесетін көптеген қателіктерден сақтануға мүмкіндік береді.
Тарихи тұрғыдан қарасақ дамушы елдерде нарық экономикасын реттеуде екі жетекші әдістемелік көзқарас бар: кейнсиандық мектеп (шаруашылық механизмді мемлекеттік реттеу теориясы) және қоғамның шаруашылық өміріне араласпаудың доктриналарының неокейнсиандық пен консервативтік мектептері синтезі.
Осы екі теориялық ағымның негіздері бір. Олар мемлекетті қоғамның стратегиялық мақсаттарына жетуге бағытталған экономикалық саясатты өткізу үшін шаруашылық функциялар мен белгілі бір меншігі бар экономикалық жүйенің субъектісі ретінде қарастырады.концепциялар арасындағы өзгешелік мемлекеттік ықпалдың қолданылатын әдістері мен осы ықпалды терістеуге дейін барады.Осылайша австриялық экономист Хайек мемлекет тек "түңгі күзетші" ролін ғана роындап, экономикалық процестерге араласпауы керек деген.Дж. М. Кейнс пен посткейнсиандық өкілдер нарық параметрлерінің жағдайына бақылау жасау бұл мемлекеттің (үкіметтің ) қызметтерінің бірі деп есептейді.Кез - келген теңсіздік тудыратын ықпал тіркеліп, қалыптасқан тұрақтандырушы базасында тең, балансталған өсудің траекториясына бағытталуы керек. Осылайша үкімет нарықтың басқа да сегменттеріне әсер етеді.
Айта кететін жайт, экономиканы мемлекеттік реттеу сұрақтарында кейнсиандықтар бірқалыпты емес.Ол негізінен үш ағымға бөлініп кетеді: сол (либералды), консервативті және неоклассикалық. Кейнсиандықтың сол жағы қазіргі қоғамның қайшылықтарынан Қоғамдық мақсаттарға: тұрғын үй құрылысы, денсаулық сақтау, әлеуметтік сақтандыру, жол құрылысы және т.б., сондай - ақ фермерлердің, шағын кәсіпкерлердің, жұмысшылардың табысының өсуіне жағдай жасау мемлекеттік шығындарды ұлғайту арқылы шығуды ұсынады.
Кейнсиандықтың консервативтік бағыты экономиканы мемлекеттік реттеуде басты жол ол пайданы максимилизациялау мен экономиканың консервативтілігін сақтау деп есептейді.
Неоклассикалық мектеп пен оның өкілдері тиімді ақша - несиелік және фискалды саясат арқылы мемлекеттің халықтың түрлі бөлігінің табыс деңгейін анықтауға, инвестициялық саясатты үйлестіруге, прогрессивті салалық құрылымдарды ынталандыруға және т.б. микро және макродеңгейде араласуының интеграциясын жүзеге асыруға болады деп ойлайды.
Экономикалық дамуды мемлекеттік реттеу қажеттілігі қандай объективті шарттармен негізделген?
Мемлекет нарық механизіміне тән кемшіліктерді түзетуге қажет. Бәрімізге белгілі нарықтың теріс жақтары бар: барлық адамзатқа тиеселі өндірілмеген ресурстардың сақталуына жағдай жасамайды, мысалға мұхиттың балық байлығы. Нарық шарттарында кей жағдайларда қабылданған шешімдердің потенциалды теріс салдарлары ескерілмейді және ұжымдық қолдануға арналған тауар мен қызмет өндірісі үшін ынталандыруларқалыптастырылмайды, еңбек пен табысқа құқық кепілдендірілмейді, ғылымдағы фундаментальды зерттеудің мақсатты дамуы қамтамасыз етілмейді.Нарық нгізінен әлеуметті қажетті тауар өндірісіне емес, кімде ақша бар солардың қажеттілігін қанағаттандыуға бағытталған.Ол рецессиондық және инфляциялық процестер тән тұрақсыз дамуға ұшырайды. Мемлекет кәсіпкерлерге өзара бәсекелестік кезінде тең шарттарды қалыптастыруға, тиімді бәсекелестік, монополияланған өндірісті шектеуге байланысты жауапкершілікті өз мойнына алады.Мемлекеттен адамдардың ұжымдық қажеттілігін қанағаттандыру үшін экономикалық ресурстарды бағыттау талап етіледі, әрі ол қоғамдық тауар мен қызмет өндірісін қалыптастыру керек. Экономикалық өмірге мемлекеттің қатысуы сонымен қатар оның мүгедектер, балалар, қарттарды асыраумен, еңбен нарығын реттеумен, жұмыссыздықты қысқартумен байланысты.Сондай - ақ сыртқы саясат, төлем балансы мен валюта бағамын реттеу мәселесін ұмытпау керек.
Жалпы алғанда мемлекет азаматтар қауымдастығының әлеуметтік-экономикалық және саяси принциптерін жүзеге асырады.Ол макро және микроэкономикалық процестердің қалыптасуына белсенді араласады.
Нарық шарттарында экономиканы мемлекеттік реттеу - бұл шаруашылық етудің өзгермелі шарттарына әрекет етуші әлеуметтік - экономикалық жүйенің бейімделуі мақсатында құқықты мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратын заңдық, атқарушылық, бақылаушылық сипаттағы шаралар жүйесі.
Көптеген экономистер есептеуінше, экономиканы мемлекеттік реттеу жалпы экономикалық жүйесінің тең өсуіне жету мақсатында үкіметтің ішкі және сыртқы нарықтардың жекелеген сегметтеріне микро және макро реттеуіштері көмегімен басқарушылық ықпалының мақсатталған, үйлестіруші процесі.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсат ағашында басқы және нақты мақсаттарды бөліп көрсетуге болады.Басқы мақсаттардың ішінде негізгілері болып келесілер табылады: экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық, ұлттық бәсекелестік басымдылықты сақтау, экономикалық қауіпсіздік, нарық механизімінің түрлі жағдайларға бейімделуі.
Нақты мақсаттар мемлекеттік реттеу объектілері бойынша бөлінеді, алайда жалпы және жеке мүдделердің байланысының қажеттілігінен туындайды.
Реттеу объектілеріне ұлттық экономиканың мемлекетаралық одақтарының ұлттық деңгейін, нарық ретеуіштерінің көмегімен шешілмейтін мәселелер туындайтын жеке секторлар мен аймақтарды жатқызуға болады.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің субъектілері болып басқарудың орталық (федералды), аймақтық, муниципалды немесе коммуналды органдары шығады. Мемлекеттік реттеудің келесідегідей түрлерін бөліп көрсетуге болады:
oo шаруашылықты басқарудағы толық мемлекеттік монополизм.Ол КСРО - ге және кеңестік қауымдастық елдеріне тән болды, алайда қазіргі уақытта ол кейбір посткоммунистік елдерде сақталған ;
oo мемлекеттік және нарықтық реттеуіштердің түрлі аралас нұсқалары. Ол жапондық, шведтік модельдерде, ГФР - ның, Австрияның әлеуметтік бағдарланған нарықтық шаруашылық моделінде және дамудың қытайлық нұсқасында жүзеге асрылған;
oo шекті либерализм, ол тек қана шексіз жеке кәсіпкерліктің шарттарын тиімді деп есептейді. Ең алдымен ол АҚШ - на тән. Мемлекеттік реттеудің тиімділіг күшті, заңдық, атқарушылық, және соттық мемлекеттік биліктің болуымен анықталады.
Мемлекеттік реттеудің институционалды құрылымы өз құрамына әкімшілік органдарды кіргізеді. Экономикалық мүдделердің жүзеге асу мүмкіндіктері мен шешім қабылдау тізбектілігін анықтайтын басқарудың бұл органдарының ерекшелену деңгейі елдегі басқарудың орталықтандырылу деңгейінен тәуелді. Осылайша Ұлыбритания үшін Франциямен салыстырғанда саясат үстінен бюрократияны бақылаудың орталықтандыру деңгейі әлдеқайда төмен. АҚШ - тың жоғарғы әкімшілік құрылымдарында автономдық органдар саны басым болып келеді. ГФР - ға басқарудың неғұрлым интеграцияланған жүйесі тән, яғни мүдделердің және олардың модельдерінің агрегатталуы мен бірлесуінің механизмі. Осылайша корпаративтік модель мүдделердің теңдікте болуына жету үшін арнайы институттарды құру қажет. Бұл Швеция мен Жаңа Зеландияның либералды корпоратитизмі, Жапониядағы жеке капитализм, Швейцариядағы социетарлы капитализм.
Плюралистік модельде (Италия мен Ұлыбритания) мүдделерді келістірудің арнайы механизмі жоқ. Олар парламенттің, үкіметтің, кәсіподақтар мен партиялардың қатысуымен саяси процестер шегінде жүзеге асырылады.
Қорытындылай келе, мемлекеттің белгілі бір органдары көмегімен мемлекеттік реттеудің негізгі екі түрін бөліп көрсетуге болады:
1. Реактивті (бейімделу) моделі АҚШ - қа тән. Ол нарықтың өзгерістеріне нақты икемделеді. Бұл реттеуші органдардың құрылымы мен қызметтерінің қозғалмалығымен, макро және микро деңгейде тікелей және жанама ретеу рычагтарының варияциялануымен, жеке бизнес пен мемлекеттің бірлесіп қызмет етуі үшін меншіктің түрлі нысандарының қосындысымен қамтамасыз етіледі.
2. Мемлекеттік реттеудің проактивті моделі (Жапония ) жоспарлауды қолдану арқылы, мемлекет пен кәсіпкерлер арасында келіссөздер жүргізу барысында үйлестіруші және түзетуші ұсыныстарды қолдану және мемлекеттік араласу көлемінің нақты улесі жолымен нарықтық механизмдегі болуы мүмкін тоқталымдардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайын келесідей сипаттауға болады. Экономиканың нақты секторы. 2004 жылдың қаңтар- ақпанында өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 491,6 млрд. теңге болды, бұл 2003 жылдың қаңтар- ақпанымен салыстырғанда 8,9% артық. Өндірістің көлемі 2003 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда кен өндіру өнеркәсібінде - 11,5%, өңдеу өнеркәсібінде - 7,6%, электр энергиясын, газ бен су өндіруде және бөлуде - 5,0% өсті.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі ағымдағы бағамен 35,7 млрд. теңге болып 2003 жылдың қаңтар- ақпанымен салыстырғанда 5,9% артты.жүк тасымалдаудың жалпы көлемі (көлік емес ұйымдар мен коммерциялық тасымалдаумен шұғылданатын кәсіпкерлер тасымалдаған жүк көлемінің бағасын есепке алғанда) 253,9 млн. тоннаны құрап, 2003 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,3% артты.
Есепті кезеңде бөлшек тауар айналымының көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 159,1 млрд. теңге болып 2003 жылдың қаңтар- ақпанымен салыстырғанда 5,5% артты. Негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 124,9 млрд.теңгені құрады ,бұл 2003 жылмен салыстырғанда 21,6%- ға көп. 2004 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша республикада 193190 шаруашылық субъект (заңды тұлға) тіркелді, олардың 142066 жұмыс істеп тұр, соның ішінде жұмыс істеп тұрған шағын заңды тұлға - 130400. Олардың ішінде шағын кәсіпорындары - 105571, олардағы шағын бизнес субъектілері - 92964.
2004 жылдың қаңтарында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы (кеден статистикасының деректері бойыншаұйымдаспаған сауданы есепке алмағанда) 2187,5 млн. АҚШ долларын құрап, 2003 жылмен салыстырғанда 54% өсті, соның ішінде экспорт 1402,3 млн. АҚШ долларына (47% өсті), импорт - 785,2 млн.АҚШ долларына өсті (69%).
Баға саясатын қарастырғанда 2004 жылдың ақпанында тұтыну бағаларының индексі 2003 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 101,1% құрады. Азық- түлік тауарларының бағалары мен тарифтері - 1,9%, ақылы қызметте - 0,5%, азық- түлік емес тауарлар - 0,1% өсті. 2004 жылдың ақпанында өнеркәсіп өнімін өндіретін кәсіпорындардың бағасы 2003 жыл желтоқсанымен салыстырғанда 2,6%өсті.
Қаржы секторында 2004 жылдың 1 ақпанына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жедел ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Мемлекеттік басқарудың функциялары мен қағидалары
Туризм саласының қызметкерлер ұйымын басқарудың әдістері және стильдері
Мемлекеттік басқару және атқарушы билік: түсінігі мен мазмұны және арақатынасы
Стратегиялық кадрларды басқару
Мемлекеттік басқарудың түсінігі және оның бастаулары
Ауылшаруашылықтық (аграрлық) құқық негіздері (Дәрістер жинағы)
Кәсіпорында кадрлық потенциалды басқаруды ұйымдастыру
Персоналды басқару методологиясы
Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі ретінде
Пәндер