Ақша және несие


Жоспар
КІРІСПЕ . . . 3
1. НЕСИЕНІҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ МӘНІ
- Несиенің мәні, қызметі . . . 4
- Ақша жүйесi мен несие жүйесінің дамуы . . . 7
1. 3 Несие жүйесінің қайта құру жағдайындағы дамуы . . . 11
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ
2. 1 Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі және оның экономикадағы рөлі . . . 14
2. 2 Ақша-несие саясаты . . . 17
2. 3 Несиелік портфель және проблемалы несиелерді басқару . . . 25
3 ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКIНІҢ НЕСИЕЛІК ҚЫЗМЕТТЕРI ЖӘНЕ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
3. 1 ҚР Ұлттық банкiнің несиелік қызметтерi және операциялары . . . 30
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 35
ПАЙДАЛЫНАЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 36
Кіріспе
Несие - нарықтық экономиканың тiрегi ретiнде экономикалық дамудың ажырамас элементiн бiлдiредi. Оны барлық шаруашылық субъектiлерiмен қатар, мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Құнның қозғалысы - бұл несиенiң қозғалысының кiндiгiн сипапайды. Несиелiк Қатынастардың пайда болатын экономикалық негiзiне капитал айналымын жатқызуға болады.
Көбiне несиенi ақша ретiнде түсiнедi. Бiр жағынан қарағанда бұган негiз де бар сияқты. Себебi, қазiргi шаруашылықта қарыз көбiне ақшалай түрде берiлуде. Бiрақ бұл жерде ақша мен несиенiң әр түрлi ұғымды бiлдiрiп, әр түрлi қатынастарды түсiндiретiнін естен шығаруға болмайды.
Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бiр санайтындар да аз емес, несие - бұл ақшалай қаражаттың екi жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берiлуiн және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы - сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейдi, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрiнде берiлсе, олар кайтарымсыз сипатқа ие.
Несие - бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берiлетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие - бұл банктiң қаражатын құрайтын көзi ретiнде барлық несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлi формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының формасын бiлдiретiн кең ұғымды сипаттайды. Ссуда - бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың бiр ғана формасын бiлдiредi.
Қарыз берушi - қарызды беретiн несиелiк қатынасының бір жағы. Қарыз берушi - бұл уақытша пайдалануға қарыз берушi субъектiлер болып табылады. Қарыз берушiлерге: банктер, банктiк емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық субъектiлерi және халық жатады.
Қарыз алушы - бұл несиенi алушы және оны қайтаруга міндеттi, несиелiк қатынастың екiнші жағы. Борышқор және қарыз алушы бiр-бiрiмен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсiнiктерi әр түрлі. Мысалға, кәсiпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т. б. байланысты төлемдерi кешігуi мүмкiн, бiрақ бұл жерде ешқандай да несиелiк қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономи калық қатынасты емес, сондай-ақ ада адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш - бұл өте ауқымды ұгым. Ал қарыз алушы - бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлга.
Қарыз берушi және қарыз алушымен қатар несиенiң құрылымының элементiне берiлетiн объекті де жатады. Беру объектiсi - бұл құнның ерекше бөлiгi, яғни қарызға берiлген құнды бiлдiреді.
1. НЕСИЕНІҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ МӘНІ
1. 1. Несие оның мәні мен қызметі.
Несие - ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып табылады. «Кредит» деген сөз, «қарызға», «несие» деген «kredo»- сенемiн деген мағына беретiн латынша «kreditum» деген сөзден шығады. Ол экономикалық дәреже ретiнде әр турлi экономикалық қоғамдарда қызмет етедi. Ол тауар өндiрiсiнiң пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей қоғамдарда көрiнедi. Несие қатынастарын ақша қатынастары сияқты үнемi даму үстiнде болады. Алғашқы несие табиғи түрде қоғамның дәулеттi топтарынан мүлiксiз шаруалар мен кәсiпкерлерге тұтыну мұктаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар-ақша қатынастарының дамуымен несие ақша түрiнде көштi.
Құндық қатынасты ерекше формасы сияқты несиенiң пайда болуы шаруашылық жүргiзуi бiр субъектiден босаған құн шаруашылық мәмiледе қолданысқа түсетiн, бiрақ бiр уақыттарда жаңа қайта өндiру цикiліне ене алмайтын кезде ғана жүзеге асады. Несиеге байланысты бұл құн қосымша қаражатқа уақытша қажеттiлiгi туып отырған басқа субъектiге өтедi және қайта өндiру процесiнің шеңберiнде қызметiн жалғастыра береді. Бiрақ, несиелiк қатынастардың пайда болуың экономикалық байланысқа түсуге дайын меншiк иелерi сияқты бiр-бiрiне қарсы тұралатын тауар иеленушiлер арасындағы айырбас ауқымынан iздеген жөн. Тауарларды қолдан-қолға өткiзу сияқты тауар айырбастау және қызмет көрсетумен ауысу несиелiк қатынастардан туындаған экономикалық жемiс.
Несиелiк қатынастар пайда болатын және дамығын нақты экономикалық негiзде қаражат айналымы мен ауыспалы айналым, яғни несиелiк қатынастың материалдық негiзi боп құн козғалысы саналатын болады.
Қарызға алуына несиенi кедей болғаны үшiн алмайды, ол өзінiң меншiктi қорларының ауыспалы айналым мен капитал айналымының объективтi күшіне толық шамада жетпей тұрғандықтан өз iсiн алға бастыру үшiн алады.
Несие объективтi қажеттiлiктен туындаған және ол коғамдық өндіріс процесiнде маңызды рөл атқарады. Несие ақшалай капиталдық қарызға трансформациясын қамтамасыз етедi және несие берушiлер мен қарызға алушылардың арасындағы қарым-қатынасты бiлдіредi.
Оның көмегімен мемлекеттiң, халыктың, ұйымдардың және кәсiпорындардың табыстары мен бос (еркiн) ақшалай қаражаттары жинақталып, уақытша пайдаланудың төлемiне аударылатын несие капиталына айналады.
Несиенiң мәнiн анықтаған кезде бiрқатар әдiстемелiк принциптердi ұстану керек, несиелердiң барша түрi формалардан тәуелсiз оның мәнiн көрсетуi керек:
- несие мәмiлесi тұтасымен алғанда несиенiң мәнiн ашуы керек. Егер бiр мәмiледе несие қайтарылмаса, онда өзiнiң қайтарылатын қасиетiн жоғалтатыны бiлдiреді.
- несиенiң мәнiн талдауда несиенің құрылымын, қозғалыс сатыларын, несиенiң негiзiн қарастырған жөн.
Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйiт - құрылым. Өзге экономикалық категориялар сияқты несие де бір-бiрiмен өзара әрекетке тусетiн бiрнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелiк қатынастың барлық субьектілері, сондай-ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл субьектілерге несие берушi мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бiрге қарасты жағдайда ғана несиенiң мәнiн анықтауға болады.
Несие берушi - несиелiк мәмiленiң қарыз ұсынатын жағы. Мұны iске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгiлi бiр қоры болуы керек. Ол ақша өзiнiкi болуы немесе басқа бiреуден қарызға алған болуы да мумкiн.
Қазiргi уақытта қарызга ақша ұсынатын негiзгi несие беруші - банк болып табылады. Ол кәсiпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтың уақыша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарызга алушыға уақытша пайдалану үшін несие түрiнде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиенi тек қарызга алушы ғана емес, сондай-ақ соңғысы да меншік иесiне тартылған ресурстарды қайтаруға мiндеттi. Бұл арада банк бiр жагдайга несие берушi болса, екiншi жағдайда- қарыз алушы болып көрiнедi.
Қарызға алушы - несиелiк қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды қайтаруға міндеттi жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы туғандар карызға ақша алушылар болып табылады. Қазiргi заман талабына сай қарызга алушылар - кәсiпорындар, кәсiпкерлер, халық, мемлекеттер мен банктер болуы мумкiн. Алайда, қарызға алушы карызға алынған қаражаттың меншiк иесi болып табылмайды, өндiрiс саласында, айналымда оны ол өз қалауымен қолданады. Бұл жагдайда ол алынған ақшадан гөрi, яғни шаруашылықта ауыспалы айналым қоры таусылғаннан кейiн оны iске асырып, пайдаланганы үшiн өтемақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейдi.
Несиелiк мәмiледе қарызға алушы несие берушiге тәуелдi, оған несие берушi өз талаптарын қояды. Алайда, карызга алушы мен несие берушi несие қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міндеттi түрде қатысуы керек және бұл жағдайда олар орындарын ауыстыруы мумкiн. Несие берушi -қарызгер болуы мумкiн. Несие берушi мен қарызға алушы өзара іс әрекеттерiнде қарама-қайшылықтың бiрлiгi сипатын көрсетедi. Несиелiк мәмiленiң қатысушылары ретiнде олар оны қарама-қарсы жақтарында тұрады. Олардың мүдделерi де бөлек, несие берушi неғұрлым жоғары пайыздық несие бергiсi келеді, қарыз алушыға мүмкiндiгiнше арзан несие алып, қосымша қаржылар табу муддесi болады.
Несие түрлерi - бұл оның несиелердi жiктеу үшiн пайдаланатын, экономикалық-ұйымдастырушылық белгілерi бойыша ең детальданған сипаттамасы, яғни, несиенiң iс-тәжiрибедегі нақты қосымшасы.
а) Қазақстанда несие түрлерi былайша жiктеледi: несиелеу объектiнiң экономикалық белгiлерi бойынша:
- айналым қаражатын қалыптастыруга берiлетiн несие;
- негiзi құрал-жабдықты калыптастыруга берiлетi несие;
- ТМҚ аясында шұгыл қажеттiлiкке, сондай-ақ, нормативтен тыс қорлардың аясында уақытша қажеттлiкке берiлетiн несие;
- өндiрiстiң маусымдық шығыны аясында берiлетiн несие;
- жол үстiндегi (жолдагы) есеп айырысу құжаттары аясында берiлетн несие, аккредитивтер;
- төлем несиелерi.
ә) қамтамасыз етiлуi бойынша:
- жылжымалы және жылжымайтын мүлікпен, ТМК-пен, кепілдiлiкпен, сактандыру келiсiмшарттымен толық қамтамсыз етiлген;
- iшiнара қамтамасыз етiлген;
- қамтамасыз етiлуi болмайтын банкiлiк (сенiмдiлiк) .
б) қайтарылу мерзiмi бойынша:
- қысқа мерзiмдi;
- орта мерзiмдi;
- ұзақ мерзiмдi.
в) өтелу тәртiбi бойынша:
- бөлiп-бөліп төлеу (мерзiмін ұзарту) ;
- бір жолғы өтеу;
кезең сайын (бір қалыпты емес) өтеу.
г) Тәуекелдi деңгейi бойынша:
- субстандартты;
- стандартты
- күмәндi;
- сенiмдi;
- сенiмсiз;
- ұзартпалы.
ғ) арқылылығы бойынша:
- қалыпты пайыздық мөлшерлемесi;
жоғары пайыздың мөлшерлемесi;
төмен пайыздың мөлшерлемесi;
- пайызсыз.
д) салалық бағыты бойынша:
- сауда-саттық несиесi;
- өнеркәсiп несиесi;
- ауылшаруашылық несиесi;
-құрылыс несиесі;
ж) ашылатын шот турлерi бойынша:
- жай ссудалық шот бойынша несие;
- арнайы ссуда шоты бойынша несие;
- контокорренттiк шот бойынша несие;
- овердрафт бойынша несие;
- несие желiсi бойынша несие.
Несиенiң айрықша түрiне жылдам сатылатын мулiкпен немесе құқықпен қамтамасыз етiлген, қысқа мерзім ссуда мөлшерi бойынша тiркелетiн ломбардтық несие жатады.
Ломбардтық несиенi негiзгi әр алуан турлерiне кұнды қағаз кепiлдiгiмен, тауар кепiлiдiгiмен, талап кепiлдiгiмен берiлетін несиелер жатады. Қарыз алушы ломбардтық несиен өз қалауынша шектеусiз пайдалана алады.
Жаңартпалы несие (ағл. Revolve- айналыста болу, кезең сайын ауыстырып отыру) - ссуда капиталының ұлттық және әлемдiк нарықтарында жаңгыртпалы несие. Ол белгiленген берешек лимитi шегiнде және өтеу мерзiмi шегінде несие келiсiмiне қатысушы елдер арасында қосымша келiсімөзсiз автоматты түрде берiледi.
Несие желiсi қарыз алушының алдындагы несие ұйымының оған несие келiсiмшартының белгiленген әрекет етуі кезеңi iшіндебелгілі бір мақсатқа және келісілген мөлшерде несиені беру жөніндегі заң тұрғысынан рәсімделген міндеттемесі. Несие желісінің ашылуы несие беруші мен қарыз алушының ұзақ уақытқа созылатын тығыз ынтымақтастығын білдіреді.
1. 2 Ақша жүйесi мен несие жүйесінің дамуы
Ақша жүйесi - бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекiтiлген, ақша айналысын ұйымдастыру формасы.
Ақша жүйесiнiң өзiне тән типтерi және элементерi болады. Ақша жүйесiнiң типi - бұл ақшаның қандай формада болуын сипаттайды. Осыған байланысты, ақша жүйесiнiң төмендегiдей типтерiн бөлiп қарайды:
- металлл ақша айналысы, яғни мұндай ақша тауары тiкелей айналыста бола отырып, ақшаның барлық қызметтерiн атқарады, ал несиелiк ақшалар металлға ауыстырылады. ;
- несиелiк және қағаз ақшалар жүйесi, яғни алтын айналыстан алынып тасталып, оның орнына несиелiк және қағаз ақшалар айналысқа түседi.
Металл ақша айналысы екiге бөлiнедi:
- Биметаллизм- жалпыға балама рөлi екi бағалы металға (алтын мен күмiске) негiзделген ақша жүйесi.
Биметаллизмнiң үш түрi болған:
- қос валюталы жүйе, яғни мұнда алтын мен күмiстiң арасындағы шектi қатынас, металлдардың нарықтық құндарына байланысты белгiленген;
- қатар жүретiн валюталар жүйесi, яғни мұнда бұл қатынас мемлекет тарапынан белгiленген;
- ақсақ валюта жүйесi, яғни мұнда алтын және күмiс монеталары заңды төлем құралы қызметiн атқарады, бiрақ бiрдей негiзде емес, себебi күмiс монеталарын жасау жабық түрде жүзеге асырылып, алтын монеталарын жасауға ерiк берiлдi.
Биметаллизм XVI - XVII ғғ. кеңiнен тарап, ал Еуропа елдерiнде XIX ғ. дами бастады. Бiрақ та биметаллдық ақша жүйесi капиталистiк шаруашылықтың даму қажеттiлiгiне сәйкес келмедi, себебi екi металлды құн өлшемi ретiнде қатар пайдалану ақшаның бұл қызметiнде қарама-қайшылық тудырды. Нәтижесiнде, жалпы құн өлшемi ретiнде қызмет ететiн бiр ғана металдың болуы талап етiлдi. Сөйтiп, биметаллизм ақша жүйесiнiң орнына монометаллизм ақша жүйесi келдi.
- Монометаллизм- бұл барлығына бiрдей балама және ақша айналысының негiзi ретiнде бiр ғана металл (алтын немесе күмiс) қызмет ететiн ақша жүйесi.
Күмiс монометаллизмi Ресейде 1843-1852 ж. ж., Индияда 1852-1893 жж., Голандияда 1847-1875жж. қызмет еттi. Алтын монометаллизмi (стандарт) алғаш рет ақша жүйесiнiң типi ретiнде XVII ғ. µлыбританияда қалыптасып, 1816 ж. . заңды түрде бекiтiлдi. Көптеген елдерде ол XIX ғ. аяғына қарай енгiзiлдi, айталық: Германияда - 1871-1873 жж. ., Швецияда, Норвегияда және Данияда - 1873 ж., Францияда 1876-1878 жж. ., Австрияда - 1892 ж. ., Ресейде және Жапонияда - 1897 ж. ., АҚШ-та - 1900 ж. .
Алтынға ауыстырылатын құн белгiлерiнiң сипатына байланысты алтын монометаллизмi мынадай түрлерге бөлiнедi: алтын монета стандарты, алтын құйма стандарты және алтын девиздiк (алтын валюта) стандарты.
Алтын монета стандарты - бұл еркiн бәсекенiң тұсындағы капитализмнiң талаптарына бiршама сәйкес келе отырып, өнiдiрiстiң, несие жүйесiнiң, дүниежүзiлiк сауда мен капиталды сыртқа шығарудың дамуын қолдады. Бұл стандарт мынадай өзiне тән негiзгi белгiлерiмен сипатталады:
- алтын елдiң iшкi ақша айналысында болып, ақшаның барлық қызметтерiн бiрдей атқарды;
- алтын монеталарды құюға рұқсат етiлдi (әдетте елдiң монета сарайында) ;
- толық құнды емес ақшалар айналыста жүре отырып, еркiн және шектеусiз мөлшерде алтын монетаға ауыстырылды;
- алтынды және шетел валюталарын еркiн түрде сыртқа шығаруға және iшке алып келуге болатын болды.
Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс тұсындағы бюджет тапшылығының өсуi, оны займдар және ақша шығару есебiнен жабу эмиссиялық банктердiң алтын қорларынынан көп мөлшерде айналыстағы ақша массасының өсуiне әкелiп, нәтижесiнде қағаз ақшаларды алтын монеталарға еркiн ауыстыру қауiпiн туғызды. Бұл кезеңдерде алтын монета стандарты соғысушы елдерде өзiнiң қызметiн тоқтатса, кейiннен көптеген елдерде де (АҚШ-тан басқа) тоқтатты. Сөйтiп, банкнотаны алтынға ауыстыру тоқтатылады, және оны сыртқа шығаруға тиым салынады, сондай-ақ алтын монеталар қазынаға сақталуға жiберiледi. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстан соң жайлаған капитализм дағдарысы тұсында, ешбiр капиталистiк мемлекет өзiнiң валюталарын алтын монета стандарты негiзiнде қалпына келтiре алмады. 1924-29 жж. ақша реформасының жүруi барысында алтын стандартына қайта оралып, яғни оның мынадай екi қысқартылған формасы жасалады: алтын құйма стандарты және алтын девиз стандарты.
Алтын құйма стандартының алтын монетадан айырмашылығы, мұнда айналыста алтын монета болмайды және алтын монетаны еркiн түрде жасауға тиым салынады. Мұнда банкноталар, басқа толық бағалы емес ақшалар сияқты алтын құймасына тек олардың сомалары көрсетiлген жағдайлар да ғана айырбасталды. Англияда 12, 4 кг алтын құймасының бағасы 1700 фунт стерлинг, Францияда 12, 7 кг салмақтағы алтын құйма бағасы - 215 мың франке тең болды.
Австрия, Германия, Дания, Норвегия және басқа да елдерде алтын девиз (алтын валюта) стандарты бекiтiлiп, мұнда да айналыста алтын монета және алтын монетаны еркiн түрде жасау болмайды. Мұнда банкноталарды алтынға ауыстырылған шетел валюталарына ауыстыру жүргiзiлдi. Осындай жолмен алтын девиз стандартын қолданатын елдердiң ақша бiрлiктерiн алтынға ауыстыру арасында жанама байланыс сақталды.
Сонымен, 1929-1933 жж. дүниежүзiлiк экономикалық дағдарыс нәтижесiнде алтын монета стандарты барлық елдерде бiрдей айналыстан алынып тасталынып, (мысалға, µлыбританияда - 1931 ж., АҚШ-та 1933 ж., Францияда -1936 ж. ) оның орнына алтынға ауыстырылмайтын банкнот жүйесi бекiтiлдi.
Қазiргi ақша жүйесi мынадай элементерден тұрады: ақша бiрлiгiн, ақша түрлерi және эмиссиялық жүйе.
Ақша бiрлiгi - барлық тауарлардың бағаларын бейнелеуге қызмет ететiн, заңды түрде бекiтiлген ақша белгiсi.
Ақша бiрлiгi ұсақ бөлшектерге бөлiнедi. Көптеген елдерде 1:10:100, яғни ондық бөлу жүйесi бекiтiлген. Мысалға, АҚШ-тың 1 доллары тең 100 центке, ағылшынның 1 функ стерлинг - 100 пенсаға, Ресейдiң 1 рублi -100 копеекке, Қазақстаннның 1 теңгесi - 100 тиынға және т. с. с.
Қазақстанның ақша бiрлiгiнiң - “теңге” деп аталауы, менiң ойымша, оның тарихымен тығыз байланысты болуға тиiс. Айталық, таяуда жарық көрген Қазақстан µлттық энциклопедиясында1 теңгенiң тариы былай баяндалады: “Алғаш рет Ақ ғұндар б. з. I ғасырда бiр бетi пехвели, екiншi бетiне эфталит (түркi-руни) жазуы бар теңгелер (б. з. 5-6 ғ. ) жасап, сауда айналымына кiргiзген. Қазақ елi (қазақ халқын құраған негiзгi тайпалар) баба түркiлер µлы Жiбек жолына орналасқандықтан ақша жасау, оны айналымға енгiзу өмiр қажеттiлiгi деп тым ерте қолға алған. 6-8 ғасырларда билеушi рулардың таңбасы қашалған, ру рәмiзiн бейнелеген теңгелер құя бастаған. Сырдарияның орта алыбында өмiр сүрген тайпалардың қола теңгелерi 6-8 ғасырдың 1-жартысына дейiнгi аралықта қолданылған. Бұл теңгелерде Ашиде әулетiнiң рәмiзi болған арыстан бейнеленген. Мұндай теңгелердi Суяб, Тараз қалаларында арнайлы шеберханаларда құйған. Сонымен қатар Отрар маңындағы қалаларда да түрлi теңгелер жасалған. Бiрiншiсi, сәл ұмтылып, секiргелi тұрған арыстан бейнеленген мыс теңгелер, екiншiсi садақ және шаршы түрiнде түркiлердiң тайпалық таңбасы (дүниенiң төрт бұрышын мегзеген рәмiз) бейнелеген. Екiншiсi, үшбұрыш таңбалы (түркiнiң ана әулетiнiң таңбасы) теңгелер. Б. з. 704 -766 жж. Таразда құйылған теңгелерде “Түргеш қағанаты теңгесi” немесе “Түркiнiң көк қанының теңгелерi” деген жазулар болған. Бұл тайпалық дәрежедегi теңге емес, бүкiл мемлекет дәулетiн, мүлкiн, ел ырысын куәландыратын кепiлдеме. 1271 жылғы Масудбек реформасы ақша айналымында жаңа кезең ашты. Бұл реформа бойынша алтынд ақша орнына қолдану мүлдем тоқтатылып, салмағы 2 грамм, тазалығы 78-81 % күмiс ақшалар айналымға кiргiзiлдi. 1321 ж жүргiзген кебек хан реформасының да үлкен маңызы болды. Ол бүкiл мемлекет атынан “Кебек хан теңгесiн” айналымға енгiздi. Ақшаның салмағы 8 грамм. Күмiстен шыңдап жасаған. “Кебек хан теңгесi” Қазақстанның Испиджаб, Тараз, Отырар, Сығанақ қалаларында әзiрлендi. Өзбек хан, Жәнiбек хан, Бердiбек хан, Наурызбек, Қызыр ханның атынан шығарылған Алтын Орда теңгелерi Түркiстан, Жетiсу, Едiл жағалауларына дейiн қолданылыста болған. Бұдан кейiн 1428 ж. енгiзген µлықбектiң ақша реформасы Орта Азия және Қазақстан жерiндегi халықтар арасында белгiлi болды. 16 ғ. Отрардың мыс теңгелерi және Иасының (Түркiстанның) күмiс теңгелерi Оңтүстiк Қазақстан жерiнде сауда айналымында өз мiндетiн атқарып келдi. 16 ғасырдың соңы мен 17 ғасырдың басында Қазақ хандығының атымен өндiрiлген мыс ақшалар болған. Бұл ақшалардың дизайндық шеберлiгi жоғары дәрежеде болғанымен Қазақ хандығында сауда iсiн бiр жолға қоюда, халықтың басын бiрiктiруде үлкен мiндет атқарды”.
Қорыта айтқанда, содан берi үш ғасырды артқа салып, елiмiз егемендiк алғаннан кейiн 1993 жылы 15 қарашада ҚР-ның жаңа ақшасы - теңге қайта айналымға шығып отыр. Сол теңгенiң шыққанына биыл 10 жыл толды. Соңғы уақыттары теңге ТМД мемлекеттерiнiң iшiнде бiршама тұрақты валютаға айналып отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz