Қазақ тілінде шырай категориясының қалыптасуы, зерттелуі
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І. «Сын есімнің шырай категориясының теориялық сипаты ... ... .5
1.1 Сын есімнің шырай категориясының зерттелуіне шолу ... ... ... ... ..5
1.2 Грамматикалық шырай категориясының сипаты ... ... ... ... ... ... ...7
1.3 Шырай категориясының жасалу тәсілдері және морфемдік көрсеткіштері ... ... 10
ІІ. Қазақ тіліндегі шырайдың түрлері, негізгі белгілері, ұстанымдары ... ... ... ... ... .15
2.1 Шырайдың түрлері оны анықтайтын негізгі белгілер, ұстанымдар..15
2.2 Жай шырайдың сапаның негізгі дәрежесін білдіруі ... ... ... ... ... .18
ІІІ. Қазақ тіліндегі шырай категориясы түрлерінің дәрежесін білдіруі ... ... ... ... .22
3.1 Салыстырмалы шырайдың сапаның төменгі дәрежесін білдіруі ... ..23
3.2 Күшейтпелі шырайдың сапаның жоғары дәрежесін білдіруі ... ... ... .25
3.3 Шырайдың синтетикалық және аналитикалық тұлғалары ... ... ... ... .22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақ тіліндегі шырау категориясының қалыптасуы, зерттеуі мәселесі қазақ тіл білімінде 1950 жылдарда зерттеліп, ол бойынша қазақ тіл білімінде алғашқы кандидаттық диссертациялардың бірі ретінде диссертация қорғалып, соның негізінде 1951 жылы Ғ.Ғ.Мұсабаевтың монографиясы жарияланғаны белгілі. Содан бері өткен 57 жылдың ішінде қазақ тіл білімі өркендеп өсті. Ол кезде бірді-екілі ғылым докторы мен ғылым кандидаты, тек мектеп грамматикасы ғана болса, қазір жүздеп ғылым докторы, мыңдап ғылым кандидаты бар. Ол ғалымдардың бәрі қазақ тіл білімін дамытты, қазір академиялық грамматикалар, жоғары мектепке арналған теориялық оқулықтар бар.
Бұл – қазақ тіл білімінің қарыштап өскенінің белгісі. Сондықтан тіл білімінің қазіргі дәрежесіне алғашқы зерттеулер жауап береді деп санау қисынсыз. Шырай мәселесінің көп назардан тыс қалуының нәтижесінде қазір шыраймен байланысты пікір алалығы күшті екені, көп мәселелердің шешілмей жүргені анықталды, сондықтан шырай мәселесін зерттеу қажеттігі анықталды.
Курстық жұмыстың нысаны. Қазіргі қазақ тіліндегі шырай категориясының жасалу тәсілдері, түрлері, қолданысы.
Курстық жұмыстың мақсаты. Зерттеу жұмысының мақсаты – шырайдың грамматикалық негізін анықтап, оның түрлерін белгілеу, шырайдың әр түрінің мағынасын айқындап, оларды жасайтын грамматикалық көрсеткіштерін анықтау, олардың қандай грамматикалық сөзтұлға жасайтынын дәлелдеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
шырай категориясының басты белгілерін анықтап, тілдік фактілер арқылы дәлелденіп, жай шырайдың қолданыстағы мағынасы сөздіктегі мағынасынан басқа шырайлық мәні бар екенін анықтау;

Қолданылған әдебиеттер тізімі.
1. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Қазақ тілі мен оқу ағартуға қатысты еңбектері. –Алматы: Ана тілі, 1992. – 446 б.
2. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. –Алматы: Мектеп баспасы, 1964. –389 б.
3. Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис / А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Е.Жанпейісов т.б. – Астана: Елорда, 2002. –784 б.
4. Исаев С., Қосымова Г. Қазақ тілі. 7- сынып. – Алматы: Атамұра, 2003. – 207 б.
5. Смирницкий А.И. Морфология английского языка. –Москва: Изд-во лист. На иностр яз, 1959. – 440 с.
6. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі: Морфология. филология фак. студенттеріне арналған оқулық. -Алматы: Ана тілі, 1991. 2 - басылым. –384 б.
7. Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі. –Алматы: Ғылым, 1986. –192 б.
8. Качура А.В. Семантика степени сравнения имен прилагательных в русском языке (социологически аспект). Дисс. ... канд. филол. наук. – Киев, 1991. –170 с.
9. Мұсабаев Ғ.Ғ. Қазақ тіліндегі сын есімнің шырайлары. –Алматы: Қазақ ССР Ғалым Академиясының баспасы, 1951. – 88 б.
10. Исаев С. Грамматикалық мағына мен форманың сәйкестігі және нөлдік тұлға туралы. –Алматы: Қазақстан мектебі. –1976. – №8. – 92-96 б.
11. Шакенов Ж. Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясы. – Алматы: Қаз.мемлекеттік оқу-пед баспасы, 1961. – 79 б.
12. Маманов Ы.Е. Қазіргі қазақ тілі (лекциялардың текстері). –Алматы, 1973. – 45 б.
13. Юлдашев А.А. Аналитические формы глагола в тюркских языках. –Москва: Наука, 1965. –274 с.
14. Оралбаева Н. Аналитические формы глагола в современном казахском языке: Автореф. дисс. ... докт. филол. наук. –Алматы, 1971. – 74 б.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. Сын есімнің шырай категориясының теориялық сипаты ... ... .5
1.1 Сын есімнің шырай категориясының зерттелуіне шолу ... ... ... ... ..5
0.2 Грамматикалық шырай категориясының сипаты ... ... ... ... ... ... ...7
0.3 Шырай категориясының жасалу тәсілдері және морфемдік көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
ІІ. Қазақ тіліндегі шырайдың түрлері, негізгі белгілері, ұстанымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.1 Шырайдың түрлері оны анықтайтын негізгі белгілер, ұстанымдар..15
2.2 Жай шырайдың сапаның негізгі дәрежесін білдіруі ... ... ... ... ... .18
ІІІ. Қазақ тіліндегі шырай категориясы түрлерінің дәрежесін білдіруі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
3.1 Салыстырмалы шырайдың сапаның төменгі дәрежесін білдіруі ... ..23
3.2 Күшейтпелі шырайдың сапаның жоғары дәрежесін білдіруі ... ... ... .25
3.3 Шырайдың синтетикалық және аналитикалық тұлғалары ... ... ... ... .22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 36
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақ тіліндегі шырау категориясының қалыптасуы, зерттеуі мәселесі қазақ тіл білімінде 1950 жылдарда зерттеліп, ол бойынша қазақ тіл білімінде алғашқы кандидаттық диссертациялардың бірі ретінде диссертация қорғалып, соның негізінде 1951 жылы Ғ.Ғ.Мұсабаевтың монографиясы жарияланғаны белгілі. Содан бері өткен 57 жылдың ішінде қазақ тіл білімі өркендеп өсті. Ол кезде бірді-екілі ғылым докторы мен ғылым кандидаты, тек мектеп грамматикасы ғана болса, қазір жүздеп ғылым докторы, мыңдап ғылым кандидаты бар. Ол ғалымдардың бәрі қазақ тіл білімін дамытты, қазір академиялық грамматикалар, жоғары мектепке арналған теориялық оқулықтар бар.
Бұл - қазақ тіл білімінің қарыштап өскенінің белгісі. Сондықтан тіл білімінің қазіргі дәрежесіне алғашқы зерттеулер жауап береді деп санау қисынсыз. Шырай мәселесінің көп назардан тыс қалуының нәтижесінде қазір шыраймен байланысты пікір алалығы күшті екені, көп мәселелердің шешілмей жүргені анықталды, сондықтан шырай мәселесін зерттеу қажеттігі анықталды.
Курстық жұмыстың нысаны. Қазіргі қазақ тіліндегі шырай категориясының жасалу тәсілдері, түрлері, қолданысы.
Курстық жұмыстың мақсаты. Зерттеу жұмысының мақсаты - шырайдың грамматикалық негізін анықтап, оның түрлерін белгілеу, шырайдың әр түрінің мағынасын айқындап, оларды жасайтын грамматикалық көрсеткіштерін анықтау, олардың қандай грамматикалық сөзтұлға жасайтынын дәлелдеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
oo шырай категориясының басты белгілерін анықтап, тілдік фактілер арқылы дәлелденіп, жай шырайдың қолданыстағы мағынасы сөздіктегі мағынасынан басқа шырайлық мәні бар екенін анықтау;
oo шырай категориясын анықтауда салыстырудың негізгі белгі бола алмайтынын анықтау;
oo шырай көрсеткіштері қате деп танылып жүрген бір топ сөзжасамдық жұрнақтар шырай көрсеткішінен шығару;
oo күшейтпелі шырай мен асырмалы шырай танылып жүрген шырай түрлерінің мағыналарында айырмашылық жоқ екенін анықтау және олардың бірінің орнына бірі қолданылатынына сүйеніп, шырайдың бір түрі деп танылу.
Курстық жұмыстың дереккөздері. Курстық жұмыстың материалдары ретінде шырай тұлғалы сапа сындары қолданылған 5 мыңдай сөйлем ақын, жазушылардың көркем шығармаларынан алынып, талдауға түсті.
Курстық жұмыстың теориялық-әдіснамалық негіздері. Зерттеу жұмысында сөзжасам мәселесінен алғаш пікір айтқан А.Байтұрсыновтан бастап, кейін оны арнайы зерттеген барлық ғалымдардың еңбектері ғылыми негізге алынды. Атап айтқанда, С.Аманжолов, І.Кеңесбаев, А.Ысқақов, К.Аханов, Ж.Шакенов, Ы.Маманов, Ғ.Ғ.Мұсабаев, С.Исаев, Н.Оралбаева, Ғ.Әбуханов, Ф.Оразбаева, Ғ.Қалиев, Б.Шалабай, З.Ерназарова, К.А.Құрманалиев, А.Омарова, т.б ғалымдардың еңбектері негіз болды.
Курстық жұмыстың әдістері. Зерттеу жұмысы синхрондық аспектіде жүргізілді. Зерттеуде дәстүрлі сипаттама әдісі, морфемдік талдау, салыстыру, жинақтау, қорыту, топтастыру, саралау, семантикалық әдістер қолданылды.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспе, үш бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Сын есімнің шырай категориясының теориялық сипаты
1.1 Сын есімнің шырай категориясының зерттелуіне шолу.
Қазақтың ана тілінде шыққан тұңғыш грамматикасында шырай танылып, оның түрлері анықталып, олардың жасалу жолы көрсетіліп, көрсеткіштерінің мағынасының анықталуын үлкен жетістік деп бағалау дұрыс деп санаймыз.
Өйткені ХХ ғасырдың басында А.Байтұрсынов шырайдың не екенін біршама сипаттап берсе де, ХХI ғасырдың басына дейін бұл мәселенің әлі де шешілмеген мәселелері баршылық.
А. Байтұрсынов сол кездің өзінде қазір даулы саналып жүрген бірсыпыра мәселелерді дұрыс шешкені таңдандырады.
Ғалым: Сыр сынында үш шырай бар:
1) жай шырай;
2) талғаулы шырай;
3) таңдаулы шырай және =шыл, =шіл, =ғылт, =ғыл, =ғылтым, т.б, - деп жұрнақтарды сөзжасамда берген [1, 218 б.].
А.Ысқақов Морфология оқулығында 4 шырайды берген:
1) жай шырай;
2) салыстырмалы шырай;
3) күшейтпелі шырай;
4) асырмалы шырай [2, 277-278 б.].
І.Кеңесбаев, А.Ысқақов, К.Аханов, Ғ.Әбуханов авторлығымен шыққан мектеп және педучилищеге арналған оқулықтарда үш шырай берілген:
1) жай шырай;
2) салыстырмалы шырай;
3) күшейтпелі шырай.
Қазір қазақ тіл білімінде шырайдың грамматикалық категория деп танылуына қарсы пікірлер пайда болды. Сондықтан шырайдың қандай категория екенін шешу қажеттігі туып отыр.
Ғ.Ғ.Мұсабаев жай шырайдың салыстыру мәні жоқ деп, оны шырайдан шығарғанмен, оқулықтарда жай шырай беріліп келді. Бірақ 2002 жылғы Қазақ грамматикасында жай шырай танылмаған.
Бұл грамматикада шырайдың екі түрі ғана (салыстырмалы, күшейтпелі) танылған. 1964 жылдан бастап үш рет қайта басылып, жоғары оқу орындарында қазақ тілі мамандарын дайындайтын құрал ретінде қолданылып келе жатқан Қазіргі қазақ тілі оқулығында шырайдың төрт түрі берілген.
Ал, 2007 жылы шыққан Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы атты профессор Н.Оралбай авторлығымен шыққан жоғары мектепке арналған оқулықта жай шырай танылып, шырайдың үш түрі берілген. Тек осы жағдайдың өзі-ақ шырай мәселесін зерттеп, шырайдың түрлерін анықтаудың қажет екенін дәлелдейді.
Шырай жасайтын көрсеткіштер мәселесінде де пікір алалығы күшті. Ж.Шакенов, Ы.Маманов сияқты ғалымдарымыз салыстырмалы шырай көрсеткіштері ішінде сөзжасамдық жұрнақтар қосылып жүргенін дәлелдесе де, ол көрсеткіштер 2002 жылғы Қазақ грамматикасынан да орын алған.
Осы сияқты шырай мәселесінде даулы, шешілмей жүрген мәселелер өте көп, олар өте маңызды, өзінің шешімін күтіп жүрген мәселелер. Сондықтан шырайды тіл білімінің қазіргі дәрежесіне сай зерттеу өте қажет және маңызды, өзекті мәселе саналды.
Тек Қазақ грамматикасы мен С.Исаев пен Г.Қосымованың Қазақ тілі оқулығында екі шырай берілген. Демек, шырай түрлері даулы мәселеге жатады.
1.2 Грамматикалық шырай категориясының сипаты.
Шырай категориясы дүние жүзі тілдерінің грамматикалық құрылысына қатысты және оларда танылып жүрген категория деп қорытуға болады. Ерте кезеңнен-ақ түрлі тілдердің грамматикаларында танылып келе жатқан, түрлі тілдерге ортақ осы тілдік құбылыс ғылымда ерте танылған.
Шырай грамматикалық категорияға жата ма, жоқ па деген мәселеде пікір алалығы бар. Ол туралы А.И.Смирницкий былай дейді: Языковеды расходятся в вопросе о том, следует ли считать степени сравнения прилагательных грамматической категорией. Существует мнение, что соотношение типа -long - longer - longese длинный, длиннее, самый длинный представляет собой соотношение разных слов, а не разных форм одного слова, - дей келіп, оларды бір сөздің түрлі формасы деп дәлелдеп, сондықтан шырай грамматикалық категория деп қорытқан [5, с. 156.].
Әр грамматикалық категория танылғанда, оған қойылатын шарттар бар. Алдымен әр категорияның білдіретін өзіндік мағынасы болу керек, ол мағынасының ішкі құрамы, өзіндік көрсеткіштер (бірліктер) болу керек. Осы талапқа шырай сай келе ме деген орынды сұрақ туады. Бұл сұраққа шырай категориясы сай келеді деп жауап беруге толық болады. Өйткені шырай сапа сынының әр заттағы дәрежесін білдіреді. Анығырақ айтқанда, шырай бір сапаның әртүрлі заттағы түрлі ерекшелігін, сапаның бірінде артық, бірінде кем я сапаның ең жоғарғы дәрежесінде екенін білдіреді. Бұл - шырай категориясының жалпы грамматикалық мағынасы. Сонымен бірге, грамматикалық мағынаның ішкі құрылымы бар, олар: сапаның сәл бәсеңдігі, не сәл басымдығы, немесе сапаның өте күштілігі, не өте төмен дәрежесі т.б. Демек, шырай сапаның әртүрлі дәрежесін білдіреді. Бұл грамматикалық мағыналар басқа ешбір сөз тобында жоқ. Олай болса, бұл - шырай категориясының өзіндік грамматикалық мағынасы.
Грамматикалық категорияда оның мағынасын білдіретін көрсеткіштері, яғни морфемалары болуы керек және ол біреу емес, ең кемі екеу болуы керек. Шырай бұл шартқа да сай келеді. Өйткені шырайдың грамматикалық мағынасын білдіретін көрсеткіштері бар, олар: =рақ, =рек, =лау, =леу күшейткіш көмекшілер мен күшейткіш буындар. Осы көрсеткіштер тек шырай мағынасын білдіру үшін қолданылады, яғни шырайдың морфологиялық бірліктері.
Сын есімнің шырай категориясын қазақ тіл білімінде көпшілік ғалымдар шырай категориясын - грамматикалық категория деп таныған. Олар: А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, К.Аханов, Ғ.Әбуханов, М.Б.Балақаев (бастауыш мектептің оқулығында), Ғ.Беғалиев, С.Жиенбаев, Б.Катембаева, Н.Оралбаева, Н.Мадина, А.Әбілқаев, Ж.Шакенов, Ы.Маманов, А.Ысқақов, Ә.Төлеуов. Тек С.Исаев ғана сын есімнің шырайларын лексика-грамматикалық категория деп таныған.
Осы айтылғандарды қорыта келе, шырай категориясының мынадай өзіндік белгілерін көрсетуге болады:
1. Шырай - жалпы сын есімге емес, сапа сынына қатысты категория. Сапа сындары ғана шырай формаларында қолданылады. Қатыстық сындардың ішінен сапа мәніне ие болған сөздер ғана шырай формасында қолданыла алады. Мысалы, өте ақылды, сенен ақылдырақ, көріктілеу, аса көрікті, тым манызды, маныздырақ, әсерлірек, өте әсерлі сияқты қолданыс бар. Бірақ таулырақ, ең таулы, сусызырақ, өте сусыз сияқты қолданыс тілде жоқ.
2. Сапа сынының шырайы - жалғыз сөз түрлендіруші грамматикалық категориясы.
3. Шырай грамматикалық сөз түрлендіруші категория болғандықтан, оның сөз түрлендіруші өз парадигмасы бар.
4. Шырай категориясының сөз түрлендіруші қызметі сөйлемге, контекске ғана қатысты, сөйлем ішінде ғана шырай қызмет атқарады. Бұл да шырайдың грамматикалық категория екенін дәлелдейді, өйткені грамматикалық категориялардың ғана қызметі сөйлеммен байланысты.
5. Шырай категориясы басқа сөз тараптарында жоқ, басқа сөз таптарының сөздері шырай парадигмасы бойынша түрленбейді.
6. Шырайдың өзіндік грамматикалық мағынасы бар, ол мағынаның ішкі ерекшелігі, өзіндік құрамы бар.
7. Шырай категориясының өзіндік морфологиялық көрсеткіштері бар, олар шырай категориясының мағынасын білдіреді.
8. Шырай категориясының морфологиялық көрсеткіштері тілде әбден қалыптасқан, олар көне замандардан бері қолданылып келе жатыр. Оған шырай көрсеткіштерінің түркі тілдеріне ортақтығы дәлел.
9. Шырай категориясының мағынасы, екі не одан да көп заттағы бір сындық белгінің артық кем дәрежесін білдіреді.
10. Шырайдың қолданыстағы ерекшелігін ескеру шырайдың түрлерін анықтауға көмектеседі.
11. Шырай формасы бойынша түрленген сөздердің білдіретін грамматикалық мағынасын анықтауда ол сол сапа сынының жай шырайдағы формасымен салыстырылады.
1.3 Шырай категориясының жасалу тәсілдері және морфемдік көрсеткіштері.
Шырай мағыналарының жасалу тәсілі 3 түрлі: морфологиялық тәсіл, аналитикалық тәсіл, фонетикалық, яғни интонациялық тәсіл.
Шырайдың морфологиялық тәсіл арқылы жасалатыны шырай категориясы бар барлық тілдерде танылған деуге болады. Өйткені шырай категориясы бар тілдердің бәрінде шырай мағынасын білдіретін арнайы қосымшалар бар. Қазақ тілінде =рақ, =рек, =ырақ, =ірек, =лау, =леу, =дау, =деу, =тау, =теу - шырай жасайтын жұрнақтары. Олардың тілде атқаратын қызметі және қолданыста белсенділігі өте жоғары.
Тіл білімінде грамматикалық көрсеткіштер жөнінде әбден орныққан, барлық ғалымдарға ортақ мынадай теория бар: грамматикалық көрсеткіштер белгілі бір топтағы сөздерге талғамай түгел жалғана береді, орыс тілінде оны тотальное употребление грамматических показателей дейді. Мәселен, септік жалғауын алсақ, ол зат есім атаулыға жалғана береді, жедел өткен шақ жұрнағын алсақ, ол етістік талғамайды, етістіктің болымсыздық жұрнағын алсақ, ол да етістік талғамай жалғанып қолданылады. Міне, бұл-грамматикалық категориялардың көрсеткіштерінің қолданылу заңдылығы. Ал, шырай көрсеткіші саналып жүрген = ғыл, =ғылтым,= ғыш,= шыл,= шілтім т.б.осы топтағы жұрнақтарда бұл қасиет жоқ. Олар бірлі-жарым сөздерге ғана жалғанады.
Қорыта айтқанда, бұл жұрнақтар - түстің түрлі ренкінің атауларын білдіретін тілдік бірліктер, сондықтан олар шырай көрсеткіштерінен шығарылды дегенбіз.
Еңбекте нағыз шырай мәнін жасайтын жұрнақтар талданды. Олар: =рақ, =рек, =ырақ, =ірек, =лау, =леу, =дау, =деу, =тау, =теу жұрнақтары. Бұл жұрнақтар грамматикалық көрсеткіштерге қойылатын талапқа сай, сапа сындарының бәрімен және тілде өте жиі қолданылады. Олай болса, сапа сынының шырай категориясы морфологиялық тәсіл арқылы жасалатыны, оның морфологиялық көрсеткіштерімен сөйлемде қолданылған сөздерді шырай категориясының синтетикалық формасындағы сөздер деп аталуға тиісті екені ешбір күмән туғызбайды.
Шырай категориясының мағынасын білдіруде аналитикалық тәсіл үлкен қызмет атқарады. Ол шырай мәнін білдіретін арнайы көмекшілердің қызметімен байланысты. Шырай мәнін, атап айтқанда, сапаның жоғарғы дәрежесін күшейткіш буындар және өте, тіпті, тым, ең, керемет, орасан, аса сияқты тілдік бірліктер білдіретіні - бүкіл түркі тілдерінде танылған мәселе. Ол туралы ешқандай талас жоқ.
Күшейткіш буын грамматикалық категорияның формасына түсіретін грамматикалық көрсеткіш болса, ол шырай категориясының мағынасын білдірсе, ол неге қос сөздер тобында беріледі деген сұрақ туады. Өйткені сөздерді қосақтау тәсілі сөзжасамға жататыны белгілі. Оқулықта күшейткіш буынды қос сөздерді қайталама қос сөздер тобында беріп, ол туралы мынадай мағлұмат берген: Бір сыңары ықшамдалып қайталанатын қос сөздерге ап-ащы, жап-жақсы, кіп-кішкене, теп-тегіс, тіп-тік, сап-сары сияқтылар жатады. Қос сөздердің бұл түрі үстеме буынды немесе күшейтпе буынды қос сөздер деп аталады. Бұл сөздердің үстеме (я күшейтпе) буындары тиісті сын есімнің әуелгі толық компонентінің әрі ықшамдалып (қысқарып), әрі соңына п дыбысын жамап алып, бір тұйық я бітеу буынға айналуынан пайда болған. Бұл күшейтпе буын сын есімнің негізіне мынадай екі түрлі жолмен үстелетін болып қалыптасқан,- деп, күшейткіш буынның қалай жасалатынын айтқан [6, 110 б.].
1. А.Ысқақов қос сөздерде күшейтпе буын деген терминді қолданады да, сын есім шырайында күшейткіш буын деген терминді қолданады. Бұл осы тілдік бірліктің терминінің қалыптаспағанын білдіреді. Олай болса, ол терминнің бір түрін қалыптастыру керек. Біз күшейтпелі шырай күшейту мағынасына байланысты болғандықтан, және бірсыпыра еңбектерде күшейткіш буын термині қолданылып жүргендіктен, күшейткіш буын терминін қолдандық. Шырай күшейтпелі болғандықтан, мағынаны күшейтетін көрсеткіштің күшейткіш буын аталуы орынды деп саналады және ол қолданыста бар термин.
2. А.Ысқақов реңк (рең) терминін оқулығында үш жағдайда қолданады.
а) Зат есімнің реңк мәнін тудыратын жұрнақтар деген сөзжасам тақырыбында 13 жұрнақты берген.
б) Ол жұрнақтар арқылы жасалған туынды сөздер эмоционалды-экспрессивті реңді есімдер тобына жатқызылған. Ғылымда эмоционалды-экспрессивті мағыналы сөздерді лексемалар тобына жатқызылып жүргені белгілі.
Демек, реңк, рең терминдерін ғалым бұл екі қолданысында сөзжасам мәнінде, туынды сөз мәнінде қолданған.
в) Белгінің реңі және шырай категориясы дегенде рең сөзі оқулықта үшінші рет қолданылған. Мұнда ол сөзді шырайдың түрлерінің мағыналық ерекшелігі ретінде қолданылғанын мына сөзінен аңғаруға болады: ...бір түрлі белгінің өзінде бір-бірінен ерекшеленіп ажырайтын әлденеше қилы рең дәрежелері болатыны айқындалды, - деп оны ашқылтым, ащылау, ащырақ, ап-ащы, өте ащы сияқты мысалдармен дәлелденген [6, 184 б.]. Бұдан ғалымның рең деген сөзді шырай категориясы мәнінде қолданғаны анық байқалады.
Келесі мәселе асырмалы шырайдың нық, өте, ең, тіпті, тіптен, тым, керемет, орасан сияқты көрсеткіштері туралы. Қазақ грамматикасында күшейтпелі шырайға асырмалы шырай қосылғандықтан, оның жасалуының бұл тілдік бірліктер арқылы жасалуын екінші жолы деп, өте, аса, тым, тіпті т.б. күшейтпелі үстеулер арқылы жасалады,- деп жазылған [3, 467 б.].
Бұл грамматикаларда шырайдың мағынасы да, жасалу жолы да дұрыс көрсетілген. Бірақ осы шырайды жасайтын тілдік бірліктердің, шырай жасаушы көрсеткіштердің үстеу деп аталуы, танылуы ғылымда бір ауыздан қабылданды деу қиын. Өйткені ғалымдардың кейінгі зерттеулерінде оларды үстеу санау қате деп дәлелденіп жүр. Бұл мәселені алғашқы көтерген -
Н. Оралбаева. Ғалым асырмалы шырай жасаушы тілдік бірліктер үстеу емес, күшейткіш көмекшілер деп атап, олардың шырай категориясының көрсеткіші деп санап, ол туралы былай дейді: Күшейткіш көмекшілер - грамматикалық категория көрсеткіші, сондықтан оның мағынасы - грамматикалық мағына, ол грамматикалық мағына бермесе, грамматикалық категорияның көрсеткіші болмас еді, ал олар шырай категориясының көрсеткішіне жатады және абстракты, грамматикалық категорияның мағынасын білдеретін көрсеткіштің мағынасы лексикалық мағынаға жатпайды [7, 169 б.].
Біз ғалымның осы пікірімен келісеміз, өйткені Абай жолы (2 кітап), Оянған өлке романдарына жасалған статистикалық талдау осы күшейткіш көмекшілердің 99 пайызы сын есім сөздермен тіркескен, тек бірлі - жарым жағдайда ғана етістіктің алдынан тіркескен. Мысалы, өте білген, аса қадірлейтін, аса бытырап, ең кешірілмейтін, ең барып тұрған...
Тілдік деректер күшейткіш көмекшілер негізінен сын есімнің шырай көрсеткіші қызметінде қолданылатынын дәлелдеді. Егер олар үстеу қызметін де атқарса, ол қолданыстан белгілі дәрежеде орын алар еді, яғни етістіктің алдынан тіркесіп, қимылдың жай-күйін білдірер еді. Аталған шығармаларға жасаған статистикалық деректер оны көрсетпеді. Демек, тілде олар шырай көрсеткіші болып қалыптасқанын тілдік деректер дәлелдеді.
Бұл тілдік деректер күшейткіш буын мен күшейткіш көмекшілердің тілде зор қызмет атқаратынына бұлжытпас дәлел бола алады. Осыған қарап, шырай категориясының жасалуында аналитикалық тәсілдің атқаратын қызметі анықталды. Сондықтан аналитикалық тәсіл шырай жасаушы негізгі тәсілдердің бірі саналуы керек.
Қазақ тілі грамматикасында интонацияның бесінші функциясы әртүрлі эмоцияларды айқындау болып табылады. Сөйлемнің коммуникативтік мағынасымен бірге эмоциялық-экспрессивтік түрлерін анықтайды. Бұл функция адамдардың түрлі ой-сезімін, оның құбылуын, өзгеруін білдіреді - деп жазған [3, 108 б.]. Ал заттың сапасын бағалау ой-сезімге байланысты екені белгілі. Олай болса, заттың сапасының дәрежесін білдіруге де интонацияның қатысы бар. Бұл туралы орыс тіліндегі шырай категориясын зерттеген ғалым А.В.Качура шырай мағынасын білдіруге интонация да қатысады деп санап, ол туралы былай дейді: начнем с фонетического уровня языка. Как известно, в целях уселения признака употребляется суперсегментные, интонационные средства, выступающие вместе с другими языковыми средствами [8, с.33].
Рас, қазақ тіл білімінде шырайға қатысты интонация мәселесі сөз болған емес. Бірақ тілдік деректер орыс тілі ғалымдары дәлелдеген интонация арқылы да сапаның дәрежесін білдіруге болатынын анықтады. Мысалы, Япыр-ай, қандай сұлу! (М.Әуезов). Не деген айықпас, қараңғы қара ну!(М Әуезов).- Мағрипа ше? Мағрипаны айтам! Қандай көркем еді? (М.Әуезов). Мынау бір ауқатты ауыл ғой! (М.Әуезов). Қандай батыл ой! (М.Әуезов).
Осы сөйлемдердегі қараңғы, қара, жақсы, ауқатты, батыл деген сын есімдерге шырай қосымшылары жалғанбаған, бірақ олар осы сөйлемдерде тек қана түбір қалпындағы негізгі мағынасында қолданылып тұрған жоқ. Сөйлемде олардың мағынасы әр түрлі реңде күшейтіліп, мағынасы түрленген. Не деген айықпас қара ну дегенде нудың қаралығы өте күшейтіліп, әрі таңдану, әрі қараның күштілігіне наразылық мән қосылған, оны қараңғы қара ну деген қолданыспен салыстырғанда, аңғару оңай.
Бұл келтірілген тілдік деректер шырай мәнін білдіруде интонацияның үлкен қызмет атқаратынын дәлелдеді. Сондықтан да ол шырайдың фонетикалық тәсіл арқылы жасалатынын дәлелдейді.
ІІ. Қазақ тіліндегі шырайдың түрлері, негізгі белгілері, ұстанымдары
2.1 Шырайдың түрлері оны анықтайтын негізгі белгілер, ұстанымдар.
Шырай түрлері - жалпы тіл білімінде де түркологияда да, қазақ тіл білімінде де ең даулы мәселелердің бірі. Өйткені ғалымдар шырайдың түрлерін әртүрлі топтастырады, ол екі түрден бастап, кейде 4-5 түрге дейін топтастырылады, бұл көбіне түркі тілдеріне қатысты.
Шырай - дүние жүзі тілдерінің бәріне ортақ грамматикалық категория, дүние жүзі тілдеріндегі еңбектерде шырайдың үш түрі танылған. Шырайды топтастыруда жалпы тіл білімінің осы тәжірбиесін естен шығаруға болмайды.
Бұл күрделі мәселені шешуде, ол мәселені анықтауда шырайды қандай белгілерге сүйеніп топтастыру керек екенін анықтау қажет деп саналды. Рас, бұл мәселе ғылымда зерттелмеген. Шырайдың түрліше топтастырылуы ғалымдардың шырайды топтастыруда әр түрлі ұстанымға сүйенуімен байланысты деген қорытынды жасауға тура келді.
Шырайдың түрін топтастыруда тек тұлға ерекшелігін, яғни морфологиялық белгіні негізге алу ұстанымы да орын алған, тек семантикалық ұстанымды негізге алып топтастыру да болған, соңғы кезде әрі тұлға, әрі семантикалық ұстанымды негізге алу ұстанымы да болғаны анықталды және оның өріс алғаны анық аңғарылады.
Еңбегімізде соңғы ғылыми ағымды ұстануды дұрыс деп таптық. Яғни шырайлардың түрлерін топтастыруда әрі шырайларды жасайтын жұрнақтарды ескеру, әрі ол жұрнақтардың немесе аналитикалық көрсеткіштердің мағынасын да ескеру қажет саналды. Демек, шырайды топтастыруда тұлға да яғни морфологиялық белгі де, олардың мағыналары да бірдей дәрежеде есепке алынуы қажет.
Енді осы екі ұстанымның пайдалы, ұтымды жақтарын дәлелдейік. Тіл ылғи таңбалардан тұратынын бұдан екі ғасыр бұрын Ф. де Соссюр дәлелдеп, ол теорияны әлем ғалымдары қабылдағаны белгілі. Осымен байланысты шырай түрлерін анықтауда шырай көрсеткіштерінің түрлеріне, мағынасына да мән беру қажет екені ешбір талас туғызбайды. Түркі тілдерінде бір кезде тек тұлға сүйену арқылы шырайдың түрлерін белгілеу үстемдік алған кезде шырайдың түрлері 4-5- ке дейін жеткені шолуда айтылды. Осының нәтижесінде шырайдың түрлерін анықтауда мынадай қате, кемшілік пайда болды:
1. Орынсыз шырай түрлерінің саны өсті.
2. Тілдегі шырайдың түрлерінің мағына жағынан бір- бірінен айырмасы ескерілмей, онда категорияның мағыналық құрылымы дұрыс анықталмады. Сондықтан бұл жолмен жүру, бұл ұстаным зерттеуде үлкен қателерге соқтырады. Ол Ғ.Ғ.Мұсабаевтың шырайды топтастыруынан орын алды, сондықтан да ғалым =рақ, =рек шырайдың бір түрін, =лау, =леу шырайдың екінші түрін жасайды деп, олардың бірінің орнына бірі қолданыла алатын мағыналастығын ескермеді. Егер бұл қосымшалардың мағынасы басқа болса, олар бірінің орнына бірі қолданылмас еді.
Олай болса, шырай түрлерін тек қосымшаның басқалығына қарап анықтау дұрыс нәтиже бермейтіні анықталды. Өйткені мұнда мағына ескерілмейді. Ал, тілдік бірлік, яғни таңба сыртқы тұлға мен мағынаның бірлігінен тұратынын ұмытуға, ескермеуге болмайды Ф. де Соссюр дәлелдеген тұлға мен мағынаның бірлігін тілші ғалымдардың ешқашан ұмытуына болмайды.
Ол барлық тілдік бірліктерге қатысты әр категорияның жалпы мағынасы болатыны белгілі, ол жалпы мағынамен бірге оның ішкі мағыналық құрылымы болады, олардың әрқайсысының өзіндік көрсеткіштері болады. Осы белгілердің бәрі болғанда ғана, грамматикалық категория танылады.
Шырайдың тұлғалары тілдік деректерде 70-80 пайызы салыстырусыз қолданылатыны анықталды. Сондықтан да шетел ғалымдары шырай тұлғалы сөздердің салыстырусыз қолданылуы тілдегі заңды құбылыстардың бірі деп танып, оны элатив деп атаған. Біз оны дерексіз салыстыру деп жоғарыда атағанымызды еске саламыз.
Ал, сындық белгінің жоғары дәрежесін білдіретін шырай тұлғалары салыстыруды мүлдем керек етпейді. Осы жағдайлар ескеріліп, шырайды тануда салыстыру негізгі белгі болып танылмайды деп санадық. Бірақ шырайдың жоғары дәрежесін білдіретін сөзтұлғалардың да, төменгі дәрежесін білдіретін сөзтұлғалардың мағынасы негіз сөзбен салыстырылатыны жоғарыда дәлелденді. Бұл шырай мағынасын анықтауда түбір сөздің белгілі қызмет атқаратынын дәлелдеді. Олай болса, сапа сынының түбір сөздері - шырай мағынасын анықтауда атқаратын өзіндік қызметі бар тілдік құбылыс. Сондықтан олар шырай құрамынан орын алуы керек. Бұл жағдай жай шырайдың шырай категориясының құрамынан орын алуын талап етеді. Осы жағдайлар ескеріліп, жай шырай шырайлардың бір түрі деген пікірге тоқтап, жай шырай, шырай категориясының бір түрі деп танылды.
2.2 Жай шырайдың сапаның негізгі дәрежесін білдіруі.
Қазақ тілінің шырай категориясын зерттеген ғалым Ғ.Ғ.Мұсабаев жай шырайда шырайлық салыстыру мағына жоқ не онда шырайлық тұлға жоқ деп санап, оны шырайдың түрінен шығарғаны жоғарыда айтылған еді [9, 30 б.].
Жай шырайды танымайтын қазақ тілі ғалымдарының ішінде екінші ғалым - С.Исаев. С.Исаев шырай болу үшін онда сындық белгінің салыстырылуы міндетті деп санайды: Шырай категориясы заттардың реңдеріндегі ерекшеліктерді немесе бірыңғай үлкен, я бірыңғай кіші делініп танылған әлденеше заттардың көлем аумақтарындағы артық, я кемдік дәрежелерін өзара салыстыру арқылы туады, - деп, ол салыстыру мағына жай шырайда жоқ, сондықтан жай шырай шырайдың түрі бола алмайды деп санаған [10, 140 б.]. Ал, салыстыру шырайдың бәріне тән қасиет емес, салыстырмалы шырай аталған шырайдың өзінде салыстыру мағынасы бола бермейтіні анықталды, күшейтпелі шырайда салыстыру мүлдем жоқ.
Бұдан шырайды тануда салыстырудың негізгі белгі саналмайтыны анық көрінді. Ал, шырайды тану үшін салыстыру ұстаным бола алмайтынын әлемдік тіл білімі ғалымдарының салыстыру бар шырайды суперлатив, салыстыру жоқ шырайды элатив атағанынан да көруге болады. Бұл салыстырудың шырай категориясы үшін негізгі ұстаным бола алмайтынын дәлелдейді.
Жай шырай сапа сыны түбір қалпында шырай қосымшасынсыз зат есімнің алдынан тіркесіп, сындық белгінің негізгі өлшемі, нормасы негізгі дәрежесі мағынасында қолданылады. Басқа шырай түрлерінің мағынасында, тұлғасында болған өзгеріс жай шырайдағы негізгі тұлғамен салыстыру арқылы анықталады, ажыратылады. Яғни жай шырай белгінің негізгі дәрежесін білдіреді.
Жай шырайдағы сапа сындары өзінің сөздіктегі мағынасына қолданыста әр түрлі грамматикалық мән қосып, оның грамматикалық мағынасы күрделенетіні анықталды. Сондықтан жай шырайдағы сапа сынына грамматикалық мағына қосатын тәсілдерді анықтап алайық. Ескерте кететін жағдай жай шырайдың қолданыста шырайлық мәні фонетикалық және синтаксистік тәсілдер арқылы түрленеді.
Алдымен фонетикалық тәсілді талдайық:
1. Жай шырайдағы сапа сынының дауысты дыбысын созып айту арқылы оның мағынасын күшейтеді. Мысалы, Қан - н - ндай қа - а - тал адам, ә?! (М.Байғұт). Бұл мысалдағы қатал сапа сындарды осы сөздердегі дауысты дыбыстарды созып айту арқылы сындық белгіге сөйлеушінің пікірі қосылып тұр. Бұл сөйлеу тілінде көбірек кездеседі, жазба әдебиетте де қолданылады.
2. Интонация арқылы да жай шырай тұлғалы сындық белгінің мәні, мағынасы құбылады. Дауыстың көтеріңкі айтылуы мағынаға әсер етеді. Мысалы, Мынау халықтың бұл буыны қандайлық күші мол, зілі мол, қабырғалы, қайратты буын! (М.Әуезов). Бұл мысалдардағы мол, қабырғалы, қайратты деген жай шырай тұлғадағы сапа сындары сөйлемде ерекше интонациямен айтылып, сөздіктегі мағынасына субъектінің таңдану, ризашылық мәнін қосқан.
3. Жай шырай мағынасы қолданыста сөз тіркесі арқылы күрделенеді. Кез келген сөздің тіркесі жай шырайдың мағынасына әсер ете алмайды. Тілде қандай, сондай неткен есімдіктері мен жай шырай тұлғасындағы сапа сынынан жасалған синтагмалар жай шырайдың мағынасын күрлендіреді, құбылтады. Мысалы,Қандай ғажап, неткен керемет сұлу адам! (Р.Мұқанова). Неткен жаны таза адамдар! (Қ.Түменбай). Бұл - тілде өте жиі қолданылатын өнімді әдіс. Әсіресе, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz