Бағалы қағаздар нарығы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ. 3

  1. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫБағалы қағаздар түрлері5Бағалы қағаздар нарығының мәні және қазіргі таңдағы модельдері . . . 9Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымы12
  2. ҚАЗАҚСТАНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫҚазақстандық бағалы қағаздар нарығының пайда болу негіздері…. . 18Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығындағы мемлекеттік реттеудің бағыттары20Бағалы қағаздар нарығын дамытудың экономикалық аспектілері…. 26
  3. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

3. 1 Бағалы қағаздар нарығы жағдайының соңғы 5 жылдағы өзгерісіне талдау29

3. 2 Қазақстан қор биржасының инвестициялық мәселелері мен шетелдік қаржы орталықтары33

3. 3 Еліміздің экономикасының экономикалық өсімінің факторы ретіндегі бағалы қағаздар нарығын дамыту жолдары. 36

ҚОРЫТЫНДЫ. 42

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. 43

КІРІСПЕ

Қаржы нарығының жаһандануы кезінде экономиканың тұрақты әрі қарқынды жетілуі үшін бағалы қағаздар нарығының экономиканың өсім факторы ретінде дамуы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бағалы қағаздардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі және олардың экономикалық қатынастарының дамуы Қазақстан Республикасының экономикасында ең маңызды және бүгінгі күннің талабы.

Бағалы қағаздар нарығының тұрақты дамуы экономикалық өсуді қаржыландырудың ең қолайлы тетіктерінің бірі болып табылады.

Қаржы институттары мен бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымы болып табылатын мекемелердің дамуы бағалы қағаздар нарығының отандық экономиканың құрамдас бөлігі ретінде танылады. Алайда, оған қарамастан отандық нарықтағы біршама қайшылықтардың салдарынан бағалы қағаздар нарығының жетіле дамымауы сипат алады.

Бағалы қағаз нарығы қаржы нарығының негізгі құрамдас бөлігіне жатқызылатындықтан бағалы қағаз нарығын дамыту елдің экономикалық өсімінің бірден бір факторына жатқызамыз.

Қаржы нарығының жаһандануы және әлемде бәсекелестік артықшылықта болу елдегі бағалы қағаздар нарығына әсерін береді. Әлемдік қаржы нарықтарының дамуы, ең алдымен дамыған бағалы қағаздар нарығымен сипат алады. Макро деңгеймен қатар, бағалы қағаздар нарығы микро деңгейде де үлесі зор. Ең алдымен, бағалы қағаздар нарығында қаржылық ресурстар шоғырлануын атауға болады. Қаржылық ресурстар меншіктік, қарыздық және тартылған жіктелімі бар. Олардың арасындағы бәсекелестіктің болуы дамыған нарықтың бірден-бір факторы. Себебі, нарық субъектілері үшін қаржылық ресурстардың жедел, әрі арзан құралды қолдануы негізгі мақсаттарына айналды.

ҚР қаржы нарығы негізінен банктік саладан тұрады. Банктік мекемелер өнімдері мен қызметтерінің жыл сайын дамуы бағалы қағаздар нарығының бәсекелеске түсуіне кедергі келтіреді. Ал, қаржылық ресурстардың тек банктік салада шоғырлануы, нарықтың барлық қатысушыларына кері әсерін тигізеді. Еліміз егемендігін алғаннан бастап бағалы қағаздар нарығы қалыптасты. Бағалы қағаздар нарығының, соның ішінде қор нарығының қалыптасу уақыты аз емес. Осы аралықта ұлттық бағалы қағаздар нарығының қалыптасу ерекшелігі, дамыған мемлекеттердің қолданған тәжірибесін енгізуімен сипат алады. Алайда, соған қарамастан ұлттық нарықтағы біршама қайшылықтардың салдарынан бағалы қағаздар нарығының жете дамымауы көрініс алады.

ҚР Президентінің кезекті жолдауында ұлттық бағалы қағаздар нарығын дамыту бағыттары мен міндеттері айқындалды. Соған қарамастан, бағалы қағаздар нарығының дамуын тежейтін факторлардың болуы тұтастай қаржы нарығының даму серпініне әсер ете алмайды.

Жоғарыдағы факторларды ескере отырып бағалы қағаздар нарығының экономиканың экономикалық өсу факторы ретінде зерттеулердің қажеттілігі таңдалған тақырыптың өзектілігін сипаттайды.

Бағалы қағаздар нарығы бойынша шетелдік, ресейлік, қазақстандық ғалымдардың көптеген ғылыми еңбектері бар. Бағалы қағаздар нарығы, оның қатысушылары, бағалы қағаздар нарығының қызмет ету механизмі ресейлік ғалымдар А. А. Галанов, Я. Миркин, Е. Ф. Жуков, М. В. Романовский, Т. С. Селеванова, Б. Б. Рубцов еңбектерінде көрініс тапты. Шетелдік экономистер Д. Кидуэлл, Э. Нэйман бағалы қағаздар нарығы және шетелдік бағалы қағаздар нарығының даму сипатын көрсетті.

Шетелдік және ресейлік экономистермен қатар, көптеген қазақстандық ғалымдардың да бағалы қағаздар нарығы бойынша ғылыми еңбектері аз емес. Бағалы қағаздар нарығының негізгі теориялық және тәжірибелік тұстарын зерттеуде Г. Т. Абдрахманова, У. М. Искаков, Д. Т. Бохаев, Э. Рузиева, Б. А. Көшенова, А. А. Ильясов, А. А. Адамбекова, А. А. Арыстанов, Г. Н. Шалгимбаева, Г. С. Сейтқасымов ғалымдардың еңбектері қарастырылды.

Бағалы қағаздар нарығы тұтастай механизмнен тұратындықтан, оның элементтері, қаржы саясатының және мемлекеттік қаржылық реттеудің жағдайларына көңіл аудару қажеттілігі туындады. Қаржылық жүйе, қаржылық механизм, мемлекеттік қаржылық реттеудің негіздері, қаржы бойынша мәселелер және оларды шешу жолдары көптеген қазақстандық ғалымдардың зерттеу жұмыстарында көрініс тапқан. Атап айтқанда, В. Д. Ли, М. Х. Түсеева, С. Ш. Әуелбаев, К. Ж. Бертаева, В. Д. Мельников, С. Құлпыбаев, Д. А. Шыныбеков, Ж. М. Елубаева, Р. О. Смагулова ғылыми еңбектері жатқызылады.

Зерттеудің мақсаты - Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығының ҚР-ның экономикалық өсіміне қосып жатқан үлесін және бағалы қағаздар нарығының дамыту бағыттарын анықтау болып табылады.

Зерттеу объектісі болып Қазақстан Республикасының қор нарығының бағалы қағаздары саналады.

Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан республикасының Қаржылық Қадағалау Агенттігінің, Алматы өңірлік қаржы орталығының, Қаржы министрлігінің және ҚР Ұлттық Банкісінің ресми сайттарындағы мәліметтер қолданылды.

Курстық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫБағалы қағаздар түрлері

Бағалы қағаздар нарығының қаржылық құралдарына бағалы қағаздар жатады. Бағалы қағаз - өзіндік құны жоқ болғанымен, оны өте жоғары нарықтық бағамен сатуға болады. Егер нарықта оған сұраныс өссе, оның номиналды құны да өседі.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 129-бабына сәйкес, бағалы қағаз - мүлiктiк құқықты куәландыратын белгiлi бiр жазбалар мен басқа да белгiлердiң жиынтығы. Бұл оның заңды анықтамасы болып табылады.

Бағалы қағаздар - бағалы қағаздар нарығынада айналыста болатын ерекше тауар, алайда ол заттай тауар немесе қызмет немесе ақша болып табылмайды. Оны ақшаға жақындататын бірқатар өз ерекшеліктері бар. Олардың ішіндегі ең басты ерекшелігі - оның әр түрлі формадағы ақшаға айырбастауға (өтеу, сату-сатып алу, эмитентті қайтару, құқықты қайта табыстау және т. б. жолдармен) болады. Ол есеп айырысуда пайдаланылуы мүмкін, кепіл де бола алады, оны бірнеше жыл сақтауға да немесе мұра бойынша мерзімсіз беруге де болады. [19]

Сонымен, бағалы қағаз өз иесіне дивиденд түрінде табыс әкелетін, құқығы мен міндеттемесі үшінші тұлғаға жаңа келісімшартсыз берілетін, үлгісі қатаң тәртіппен белгілінетін құжатты білдіреді. Оның құқығы мен міндеттемесінің үшінші тұлғаға жаңа келісімшартсыз берілуі - бағалы қағаздардың негізгі ерекшелігі. Бұ біріншіден өте қолайлы, екіншіден трансакциялық шығындарды азайтады.

Бағалы қағаздар қоғамдық маңызы бар бірқатар функцияларды орындайды:

  • экономиканың салаларына, аумақтар мен елді мекендерге, халыққа, мемлекетке және т. б. ақшалай қаражатты қайта бөледі;
  • өз иесіне капиталға, ақпаратқа, ең бастысы, белгілі бір жағдайларға сәйкес келетін басқару ісіне қатысуға құқық береді;
  • капиталдан табыс алуды немесе капиталдың өзін қайтаруды қамтамасыз етеді.

Негізінен ҚР-ның Азаматтық Кодексіне сәйкес бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар және бағалы қағаздардың осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен айқындалған өзге де түрлерi жатады.

Бағалы қағаздар шығарылым нысаны бойынша:

1) құжатты және құжатсыз;

2) эмиссиялық және эмиссиялық емес;

3) атаулы, ұсынбалы және ордерлiк бағалы қағаздар болып бөлiнедi.

Құжатты бағалы қағаздар - құжатты нысанда (бағалы қағаздың мазмұнын арнаулы техникалық құралдарды пайдаланбай-ақ тiкелей оқу мүмкiндiгi болатын қағаз немесе өзге материалдық жеткiзушi) шығарылған бағалы қағаздар.

Құжатсыз бағалы қағаздар - құжатсыз нысанда (электрондық жазбалар жиынтығы түрiнде) шығарылған бағалы қағаздар.

Эмиссиялық бағалы қағаздар - бiр шығарылым шегiнде осы шығарылым үшiн бiрдей жағдай негiзiнде орналастырылатын және айналымда болатын, бiртектi белгiлерi мен реквизиттерi бар бағалы қағаздар.

Эмиссиялық емес бағалы қағаздар - осы тармақтың төртiншi бөлiгiнде көрсетiлген белгiлерге сәйкес келмейтiн бағалы қағаздар.

Атаулы бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың онда аталған тұлғаға тиесiлiгiн растайтын бағалы қағаз.

Ұсынбалы бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың бағалы қағазды ұсынушыға тиесiлiгiн растайтын бағалы қағаз.

Ордерлiк бағалы қағаз - ол бойынша құқық бағалы қағазда аталған тұлғаға тиесілі болады және осы бағалы қағазда табыстау жазуын индоссаментті орындау жолымен беріледі. [19]

Қазірде бағалы қағаздарды әр түрлі ғалымдар түрліше жіктейді, соладың ішінде Ұ. М. Искаков және Д. Т. Бохаевтардың жіктеуі бойынша бағалы қағаздар төмендегіше жіктеледі:

Кесте 1 - Қазақстандағы бағалы қағаздардың жіктелуі:

Сипаттамасы
Бағалы қағаздардың түрлері
Сипаттамасы: Эмитенті бойынша
Бағалы қағаздардың түрлері:
  • мемлекеттік
  • корпорациялық
  • жекеменшіктік
  • шетелдік
Сипаттамасы:

Эмитент міндеттемелері

бойынша

Бағалы қағаздардың түрлері:
  • үлестік
  • борыштық
  • тауарды иелену құжаты
Сипаттамасы: Айналыс аумақтары бойынша
Бағалы қағаздардың түрлері:
  • аймақтық
  • ұлттық
  • халықаралық
Сипаттамасы:

Құқықты жүзеге асыратын

формалары бойынша

Бағалы қағаздардың түрлері:
  • атаулы
  • ұсынбалы
  • ордерлік
Сипаттамасы:

Шығарылатын формалары

Бойынша

Бағалы қағаздардың түрлері:
  • құжаттандырылған
  • құжаттандырылмаған
Сипаттамасы: Айналыс мерзімі бойынша
Бағалы қағаздардың түрлері:
  • мерзімсіз
  • мерзімді
  • қысқа мерзімді (1 жылға дейін)
  • орта мерзіді (1 жылдан 10 жылға дейін)
  • ұзақ мерзімді (10 жылдан жоғары)
Сипаттамасы: Базистік активі бойынша
Бағалы қағаздардың түрлері:
  • негізгі
  • туынды
Сипаттамасы:

Табысты төлеу тәсілдері

бойынша

Бағалы қағаздардың түрлері:
  • ұдайы (жүйелі) төлеммен
  • бір жолғы төлеммен
  • тіркелген % мөлшерлемесімен
  • өзгермелі % мөлшерлемесімен
Сипаттамасы: Табысты алу тәсілдері бойынша
Бағалы қағаздардың түрлері:
  • инвестициялық
  • нарықтық
Сипаттамасы: Эмиссия тәсілдері бойнша
Бағалы қағаздардың түрлері:
  • эмиссиялық
  • эмиссиялық емес
Сипаттамасы: Валюта бойынша номинал
Бағалы қағаздардың түрлері:
  • ұлттық валютаның номинал құнымен
  • шетелдік валютаның номинал құнымен
  • қос номиналмен
  • номиналсыз
Сипаттамасы: Айналыс шарттары бойынша
Бағалы қағаздардың түрлері:
  • қайтарымды
  • қайтарымсыз

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес бағалы қағаздардың мынадай түрлері айналысқа түседі:

  • мемлекеттік бағалы қағаздар;
  • акциялар;
  • облигациялар;
  • коносаменттер;
  • ипотекалық куәліктер;
  • туынды бағалы қағаздар;
  • қосарлы қоймалық куәліктер(қоймалық + кепілдікті куәлік) ;
  • ҚР-дағы айналысқа жіберілген шетелдік эмитенттің бағалы қағазы;
  • Заң актілерімен белгіленген тәртіпте бағалы қағаздардың қатарына жатқызылатын бақа да құжаттар.

Мемлекеттік бағалы қағаздар (бұдан әрі МБҚ) - орталық және жергілікті үкімет органдары шығарған борыштық бағалы қағаздар. Оаың қарыз алушыларына ҚР Үкіметі, ҚР Ұлттық банкі, жергілікті атқару органдары жатады. Сыртқы нарықта мемлекеттің еурооблигациясы айналыста болады.

ҚР-да оның алғашқы орналасуы әдетте ҚР Қаржы министрлігі немесе ҚР Ұлттық банкі арқылы өтеді. Барлық МБҚ құжаттандырылмаған формада шығарылады.

МБҚ келесідей жіктелімі 2-кестеде көрсетілген.

Кесте 2 - Мемлекеттік бағалы қағаздар жіктелімі:

Сипаты
Түрлері
Сипаты: Эмитент түрі бойынша
Түрлері:
  • Үкіметтік
  • муниципалды
  • ҚР Ұлттық банкі
Сипаты: Айналыс мерзімі бойынша
Түрлері:
  • қысқа мерзімді (1 жылға дейін)
  • ұзақ мерзімді (1 жылдан жоғары)
Сипаты: Айналыс тәсілдері бойынша
Түрлері:
  • нарықтық
  • нарықтық емес
Сипаты:

Табысты алу тәсілдері

Бойынша

Түрлері:
  • пайыздық
  • дисконттық
  • құрамдастырылған
  • инфляция бойынша индекстелген
  • девольвация бойынша индекстелген
Сипаты:

Пайызды есептеу тәсілдері

Бойынша

Түрлері:
  • тіркелген пайыз мөлшерлемесі
  • өзгермелі пайыз мөлшерлемесі
Сипаты:

Шығарылатын валютасы

Бойынша

Түрлері:
  • ұлттық валютада
  • шетелдік валютада

Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығына айналысқа түсетін бағалы қағаздар сипаттамасы келесідей:[15-115]

Кесте 3 - Мемлекеттік бағалы қағаздар түрлері мен сипаттамасы

МБҚ-дың атауы
Эмитенті
Шығарылым жағдайы
№: 1.
МБҚ-дың атауы: МЕККАМ (ГККО)
Эмитенті: ҚР Қаржы министрлігі
Шығарылым жағдайы: Бағалы қағаздар нарығын әртараптанды-ру, бюджет қатшылығын информациялық емес жабу көздері үлесінің ұлғаюы, мақ-сатты мемлекеттік бағдарламаларды қар-жыландыру. Номиналы - 100 теңге, дисконттық болып табылады, бір жылға дейінгі мерзіммен шығарылады.
№: 2.
МБҚ-дың атауы: МЕОКАМ (ГСКО)
Эмитенті: ҚР Қаржы министрлігі
Шығарылым жағдайы: БҚН-ын әртараптандыру, бюджет қатшы-лығын информациялық емес жабу көздері үлесінің ұлғаюы, мақсатты мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру. Номи-налы - пайыздың тіркелген мөлшерлеме-сімен 1000 теңге, 2-3 жылға айналысқа шығады.
№: 3.
МБҚ-дың атауы: МЕАКАМ (ГДКО)
Эмитенті: ҚР Қаржы министрлігі
Шығарылым жағдайы: БҚН-ын әртараптандыру, бюджет қатшы-лығын информациялық емес жабу көздері үлесінің ұлғаюы, мақсатты мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру. Номи-налы - пайыздың тіркелген мөлшерлеме-сімен 1000 теңге, 10 жылға айналысқа шығады.
№: 4.
МБҚ-дың атауы: АВМЕКАМ
Эмитенті: ҚР Қаржы министрлігі
Шығарылым жағдайы: Нарыққа 1999 жылдың 12 сәуірінде жи-нақтаушы зейнетақы қорларының деваль-вациясынан сақтану мақсатында шығарылды. Айналым мерзімі 5 жыл, 6, 14% жылдық купондық мөлшерлемесі АҚШ-тың долларымен ірілендірілген. АВМЕКАМ айналысқа зейнетақы қорларның портфельдеріндегі индекстел-мегентМБҚ-ды айырбастау арқылы енгізілген. Бұл міндеттердің негізгі бөлігі Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының үлесіне тиесілі.
№: 5.
МБҚ-дың атауы: МЕКАВМ
Эмитенті: ҚР Қаржы министрлігі
Шығарылым жағдайы: Номиналы АҚШ долларымен берілетін (бұл жағдайда 100 долл. ) дисконттық қа-ғаз болып табылады және қағаздар дол-лармен берілген дисконттық бағамен ор-наластырылады. Бастапқы нарықта алған кезде инвесторлар эмитентке ақшаны теңгемен алған күндегі ресми бағам бо-йынша аударылады, ал өтеу кезінде дол-лардың ресми бағамы бойынша қағаздың атаулы құнын төлейді.
№: 6.
МБҚ-дың атауы: МЕИКАМ
Эмитенті: ҚР Қаржы министрлігі
Шығарылым жағдайы: Номиналы 1000 теңге индекстелген қазы-налық міндеттеме. Инфляциядан сақтау мақсатында айналысқа шығады. Инфля-цияның қарқынына байланысты, пайыз-дың құбылмалы мөлшерлемесі бар па-йыздық болып табылады.
№: 7.
МБҚ-дың атауы: НСО
Эмитенті: ҚР Қаржы министрлігі
Шығарылым жағдайы: Бюджет тапшылығын инфляциялық емес жабу үлесінің артуы, халықтың жинағын инфляция барысындағы құнсызданудан сақтау. Номиналы - 1000 теңге, МЕККАМ-3-тің кірістілігіне байланысты пайыздың құбылмалы мөлшерлемесі бар пайыздық болып табылады.
№: 8.
МБҚ-дың атауы: Ұлттық банктің ноталары
Эмитенті: ҚР Қаржы министрлігі
Шығарылым жағдайы: Айналымдағы ақшаны реттеу, инфляция-лық процестер мен бағаларға ықпал ету, төлем балансын реттеу, республикалық бюджеттің кассалық жүзеге асуын қам-тамасыз ету.
  1. Бағалы қағаздар нарығының мәні және қазіргі таңдағы модельдері

Бағалы қағаздар нарығы немесе қор нарығы - қаржы нарығының құрамдас бөлігі, бағалы қағаздарға сұраныс пен ұсыныс және баға анықталатын экономикалық қатынастар жүйесі.

Бағалы қағаздар нарығы - капитал нарығының Нарықтық экономикада БҚН ақша жинақтарын қайта таратудың негізгі механизмі болып табылады.

Бағалы қағаздар нарығының жіктелуі бағалы қағаз түрдерінің жіктелуіне ұқсайды және былайша ажыратылады:

  1. халықаралық және ұлттық бағалы қағаздар нарығы;
  2. ұлттық және аймақтық (аумақтық) нарықтар;
  3. нақты бағалы қағаз түрлерінің нарықтары (акция, облигация және т. б. ) ;
  4. мемлекеттік және корпоративтік (мемлекеттік емес) бағалы қағаздар нарығы;
  5. алғашқы және туынды бағалы қағаздар нарығы.

Бағалы қағаздар нарығының функциясын шартты түрде екі топқа бөлуге болады: жалпы нарықтық және өзіндік ерекшелігі бар функция.

Функцияның бірінші тобына мыналарды жатқызуға болады:

  • коммерциялық - осы нарықтағы операциялардан пайда табу функциясы;
  • мақсатты - нарықтық бағаны қалыптастыратын процесті, олардың ұдайы қозғалысын және т. б. қамтамасыз етеді.
  • ақпараттық - яғни, нарық өз қатысушыларына сауда нысандары мен оның қатысушылары туралы нарықтық ақпараттарды жеткізеді;
  • реттеуші - ондағы нарық сауда және оған қатысудың ережесін, қатысушылардың арасындағы дау-таласты шешудің тәртібін жасайтын болса, артықшылықтарды, бақылау органын немесе басқару органын және т. б. белгілейді.

Өзіндік ерекшелігі бар бағалы қағаздар нарығының функциясына мыналарды жатқызуға болады:

  • қайта бөліну;
  • баға және қаржы тәуекелдіктерін сақтандыратын функция.
  • Қайта бөліну функциясы қосалқы үш функцияға бөлінеді:
  • нарық қызметінің салаларына ақша қаражаттарын қайта бөлу;
  • ең алдымен халықтың жинақтарын өнімсіз формадан өнімді формаға ауыстыру;
  • инфляциялық емес негізде, яғни айналысқа қосымша ақша қаражаттарын шығармай, мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру.

Ал, баға және қаржы тәуекелдерін сақтандырушы функцияға немесе хеджирлеуге келетін болсақ, ол туынды бағалы қағаздар фьючерстік және опциондық келісімшарттар пайда болғаннан кейін қолданысқа ене бастады.

Бағалы қағаздар нарығындағы сауда тәсілдерінің ұстанымы тұрғысынан мыналарды бөліп көрсету қажет:

  • алғашқы және қайталамалы;
  • ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған;
  • биржалық және биржадан тыс;
  • дәстүрлі және компьютерлендірілген;
  • кассалық және мерзімді нарықтар.

Жалпы теориялық тұрғыдан алғанда, бағалы қағаздар нарығын бірқатар үлгілерге жіктейді. Көбінесе келесідей үлгілері кездеседі:

  • банктік үлгі;
  • банктік емес үлгі;
  • аралас үлгі.

Банктік үлгі -БҚН механизмі арқылы қаржылық ресурстарды қайта тарату бойынша негізгі оператор банк болып табылатын үлгі. Мұнда бантер экономиканы инвестициялау мен бюджет дефицитін жабуды мойнына алады.

Банктік емес үлгі - БҚН механизмі арқылы қаржылық ресурстарды қайта тарату бойынша негізгі оператор банктік емес мекемелер болып табылатын үлгі. Мұнда БҚН неғұрлым демократиялы және онда үлес салмақ жеке инвестицияларға жатады. Бұл - банк ақшаларына қарағанда неғұрлым «арзан» ақшалар.

Аралас үлгі - делдалдар ретінде банктер де, банктік емес ком-паниялар да болады. [21-131]

Бағалы қағаздар нарығының қай үлгіге жататыны қаржылық институттардың қайсысы басыңқы орын алатынына байланысты болып келеді. Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығы қай үлгіге жататыны бойынша пікір-талас бар. Отандық бағалы қағаздар нарығы аралас үлгі ретінде тұжырымдайтын экономистердің пікірінше, бағалы қағаздар нарығының қатысушылары көбінесе банктік емес ұйымдар атқарады. Сондай-ақ, мемлекеттің бекіткен ережелерінде кейбір қызмет түрлерін тек қана банктік емес ұйымдар атқаруға құқықтары бар болғандықтан осы институттардың бағалы қағаздар нарығындағы орнын анықтайды. Бірақ, бағалы қағаздар нарығын банктік үлгіге жатқызуға келесідей факторларды анықтауға болады:

  1. «репо» операциясы биржалық мәмілелердің негізгілерінің бірі, ал оның қатысушылары коммерциялық банктер болып табылады;
  2. көптеген брокерлік ұйымдар коммерциялық банктердің еншілес компаниялары болып табылады (ҚР заңнамасында коммерциялық банктерге бағалы қағаздар нарығында шектеу қою салдарынан, коммерциялық банктер еншілес компанияларды құру арқылы заңнамалық шарттарды айналып өтеді) ;
  3. Алғашқы дилерлер қызметін, яғни мемлекеттік бағалы қағаздарды алғашқы нарықта орналастыру қызметін, тек қана коммерциялық банктер атқара алады;
  4. Бағалы қағаздар нарығының институтционалды инвесторлардың бірі зейнетақы қорлары кастодиандық, келісімшарт жасауға міндетті, ал кастодиандық қызметпен айналысуға тек қана коммерциялық банктердің құқықтары бар. [23]

Жоғарыда көрсетілген факторлар бағалы қағаздар нарығында коммерциялық банктердің алатын орнына байланысты банктік үлгіге сай келетініне тұжырымдама жасауға болады.

Жалпы қаржы нарығының құрамдас бөлігі болып табылатын бағалы қағаздар нарығының рөлі мен орны әр елде өзгеше. Қаржы нарығының бағалы қағаздар нарығына қатысты келесідей үлгілерін сипаттауға болады: ағылшын-американдық және жапон-немістік үлгілер. Осы үлгілердің өзара айырмашылықтарын келесідей белгілерге байланысты ажыратуға болады.

Кесте №4. Қаржы нарығының салыстырмалы талдауы

Көрсеткіштері
Қаржы нарығының үлгілері
ағылшын-американдық үлгі
жапон-немістік үлгі
Көрсеткіштері: Қаржыландыру әдістері
Қаржы нарығының үлгілері: негізінен облигациялар шығару арқылы
негізінен банктік несиелер арқылы
Көрсеткіштері: Коммерциялық банктерге тәуелділігі
Қаржы нарығының үлгілері: Төмен
Жоғары
Көрсеткіштері: Банктік несиелердің сипаты
Қаржы нарығының үлгілері: қысқа мерзімді
орта-ұзақ мерзімді
Көрсеткіштері: Капиталға банктік инвестициялардың әсері
Қаржы нарығының үлгілері: онша әсер етпейді
әсер етеді
Көрсеткіштері: Негізгі акция ұстаушылары
Қаржы нарығының үлгілері: ірі еншік иеленушілердің болмауы
ТҰҚ, өндірістік компаниялар
Көрсеткіштері: Коммерциялық банктердің акциялармен сауда-саттық жүргізуі
Қаржы нарығының үлгілері: Жиі
Сирек

Ескерту: Кесте Тұсаева Ә. Қ. -ның мақаласынан алынған

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы нарығы туралы түсінік
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы қызметін талдау
Қаржы нарығы туралы ұғым
Қазақстандық құнды қағаздар нарығының қалыптасуы.
Қаржы нарығының теориялық негiздерi және оның ұғымы
Бағалы қағаздар нарығы туралы ақпарат
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы
Қаржы нарығы және қор биржасы
Нарықтық экономикада бағалы қағаздардың алатын орны
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz