Балалардың дамуы мен тәрбиеленуі



Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4
1 Мектеп жасына дейінгі балалар даму деңгейі

1.1 Баланың жас ерекшелігіне сай даму деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5.7

1.Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін дамыту ... 7.12

2 Балалардың дамуы мен тәрбиеленуі

2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың даму шарттары ... ... ... ... ... ... ... ..13.14

2.2 Балалардың жеке басының дамуы мен тәрбиеленуі ... ... ... ... ... ... ... ...14.21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22.23
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Кіріспе
Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы. ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс. Ұлы абай: Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы-жаманды таниды дағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады , десе, француз педагогы Жан Жак Руссо: Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстінде шимайды қалай салсан, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді , деген екен.
Адамның дамуы дене, психикалық және әлеуметтік жетілу, пісу процесі болып табылады да, туа біткен және өсе келе бойға сіңген қасиеттердің, сандық және сапалық өзгерістерінің бәрін қамтиды. Дене дамуы бойдың, салмақтың өзгеруімен, бұлшық еттер күшінің артуымен, сезім мүшелерінің жетілуімен, қимылдардың үйлесімділігімен т.б. байланысты. Психикалық даму процесінде танымдық, еріктік, эмоциялық процестерде, жеке адамның психикалық сипаттары мен белгілерінің қалыптасуында елеулі өзгерістер болады. Даму барысында баланың биологиялық индивид ретінде адамға, жеке адам ретінде адамзат қоғамының мүшесіне айналуы жүзеге асады. Адамның дамуы дегеніміз – оның тегінде бар және туа біткен белгілердің жай ғана сандық көрінісі емес. Даму – бұл ең алдымен айналадағы болмыстың ықпал жасауымен ағза мен психикада болып жатқан сапалық өзгерістер. Адамның дамуы мен оның жеке басының қалыптасуы біртұтас процесс.
12 жылдық білім берудің қажеттілігі, бес жасар балаларды мектепалды даярлықтан өткізу мәселелерімен бірге, жалпы білім беретін мектептерде және балалар бақшасында білім, білімділік бағдармалардың сапасын арттырып, тәрбие жұмысын жетілдіруді көздейді.
Балаларды мектепке дайындауда психологиялық өріс-еркіндік, батылдық, имандылық тәрбиелерін бала бойына сіңіріп, оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру шешуші роль атқарады.
Курстық жұмыстың мақсаты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі мазмұны білім беру қызметінің нәтижесі ретінде баланың құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған.
Курыстық жұмыстың міндеті. Сондай-ақ, балаларды мектепалды даярлықтан өткізу барысында оқыту мен тәрбиелеудің төрт міндеті қарастырылады.
Бірінші міндет: әлеуметтік дамуда баланың үлкендермен қарым-қатынасы және өз құрбы-құрдастармен баланың ой-өрісінің қалыптасу мүмкіндіктері көзделеді, өз отанына, отбасына халқының салт-дәстүріне көңіл бөлу жолдары қарастырылады.
Екінші міндеті: танымдық даму барысында мына міндеттер ерекшеленеді: айнала қоршаған өмірмен таныстыру мәселелерін түйіндеу, оның тәсілдері мен қасиетін сезіну.
Үшінші міндеті: әсемдік даму эстетикалық барысында өмірге деген құштарлық мен көркемдік танымды қалыптастырады.
Төртінші міндеті: дене тәрбиесі дамуында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене мәдениетінің жан-жақты күтімі мен дұрыс дамуы, өзін қоршаған ортамен байланысы, өз денсаулығына, ауру-сырқау т.б. қауіп қатерден сақтану қарастырылады.
Қазақастан Республикасының 2010 жылға дейінгі білім беруде дамытудың мемлекеттік бағдарламасында үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейі мектепке дейінгі тәрбие және оқытуда баланың бойында оқу қызметін меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеуге, яғни мектепалды дайындыққа ерекше көңіл бөлініп отыр.
Мектепалды даярлықтың негізгі мақсаты 5 6 жастағы балалардың дене дамуымен психикалық саулығын қорғау және нығайту ақыл ойын жетілдіру, олардың бойында қарапайым білім негіздерін іскерлікпен, дағдылардың алғышарттарын қарай отырып, бастауыш мектепте білім алуға бірдей бастапқы мүмкіндіктермен қамтамасыз ету. 5 – 6 жасар балалардың мектепалды даярлығы отбасыдан, мектепке дейінгі ұйымдардың мектепалды даярлық топтарында немесе жалпы білім беретін мектептердің мектепалды сыныптарында, мектепке дейінгі шағын орталықтарда мектепалды даярлық бағдарламасы негізінде жүзеге асады.
Курстық жұмыстың зерттелу әдістері. Зерттеу арқылы іздестірілетін мәселенің түйінін шешу үшін мынадай тәсіл қолданылды. Мұғалімнің ұстаздық қызметіндегі барлық іс-әрекеттерін оқушылардың ой-пікірлері бойынша қалайша бағаланатынын анықтау ниетімен ұнамды және ұнамсыз жақтары деп екі жікке бөлінді. Озат тәжірибелі педагогтардың білім беру үрдістері жайлы түсіндіру.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: зерттеу нәтижелерін мамандық іс-тәжірибе барысында студенттер, сынып жетекшілері бастауыш сынып оқушыларына тәрбие жұмыстарын жүргізгенде пайдалануына болады.
Курстық жұмысты зерттеу барысында келесі зерттеу әдістері қолданылды: бастауыш мектепте мұғалімдердің педагогикалық білім беру жүйесінде жүргізіледі.
Курстық жұмыстың құрлымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, төрт бөлімшелерден және қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Пайдаланылғын әдебиеттер
1. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері.-А., 1991.
2. Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. - А.. 1999
3. Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.-123б .
4. Педагогика. Оқулық. Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының ұжымы, -Алматы,2005. - 152-162б
5. М.Қалиева. Білім беру технологиялары және оларды оқу-тәрбие үрдісінде енгізу жолдары. Алматы.2002.
6. Хмель Н.Д., Хайруллин Г.Т., Муканова Б.И. Педагогика: Оқулық/Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедралар авторлар ұжымы.- Алматы. 2005.430 б.
7. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика: Университеттер студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы, 2004-420б.
8. Педагогика Оқу құралы –Алматы: ҚазМҰУ, 2006
9. Ахметова Г.К., Исаева З.А., Әлқожаева Н.С.Педагогика:Оқулық.-Алматы:Қазақ университеті, 2006
10. Әлқожаева Н.С. Педагогика (оқу әдістемелік кешен) .-Алматы:Қазақ университеті, 2006
11. Педагогика. Оқу құралы (Ред. Пидкасистого.-М., 1998) Аударған Г.К. Ахметова, Ш.Т. Таубаева.-Алматы:Қазақ университеті, 2008
12. Педагогика. Дәріс курсы. Алматы: Нұр әлемі, 2003
13. Бекгалиев Т. Педагогика . Тараз. 2001
14. Балғымбаева З.М. Білім берудің практикалық психологиясы: оқу құралы, Алматы: Қазақ университеті, 2008.
15. Қалиев С, Майғаранова Ш., Нысанбаева Г. Тәрбие хрестоматиясы Алматы, 2001
16. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақстандағы педагогикалық ойдың антологиясы. -Алматы, Рауан, 1995.
17.Ж.Қоянбаев,Р.Қоянбаев. Педагогика.-Алматы, 1998, 2000.
18. Е.Сағындықұлы. Педагогика. - Алматы,1999.
19. С.Қалиев, Ш.Майғаранова, Г.Нысанбаева, А.Бейсенбаева. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудық педагогикалық негіздері. - Алматы, 2001.
20. А.С.Макаренко. Тәрбие мақсаты. – М 1998.
21. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы. – А,1995.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4
1 Мектеп жасына дейінгі балалар даму деңгейі

1.1 Баланың жас ерекшелігіне сай даму деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-7

1. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін дамыту ... 7-12

2 Балалардың дамуы мен тәрбиеленуі

2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың даму шарттары ... ... ... ... ... ... ... ...13-14

2.2 Балалардың жеке басының дамуы мен тәрбиеленуі ... ... ... ... ... ... ... ...14-21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22- 23
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

Кіріспе
Жас ұрпақ тәрбиесі - адамзаттың мәңгілік тақырыбы. ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс. Ұлы абай: Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы-жаманды таниды дағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады , десе, француз педагогы Жан Жак Руссо: Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстінде шимайды қалай салсан, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді , деген екен.
Адамның дамуы дене, психикалық және әлеуметтік жетілу, пісу процесі болып табылады да, туа біткен және өсе келе бойға сіңген қасиеттердің, сандық және сапалық өзгерістерінің бәрін қамтиды. Дене дамуы бойдың, салмақтың өзгеруімен, бұлшық еттер күшінің артуымен, сезім мүшелерінің жетілуімен, қимылдардың үйлесімділігімен т.б. байланысты. Психикалық даму процесінде танымдық, еріктік, эмоциялық процестерде, жеке адамның психикалық сипаттары мен белгілерінің қалыптасуында елеулі өзгерістер болады. Даму барысында баланың биологиялық индивид ретінде адамға, жеке адам ретінде адамзат қоғамының мүшесіне айналуы жүзеге асады. Адамның дамуы дегеніміз - оның тегінде бар және туа біткен белгілердің жай ғана сандық көрінісі емес. Даму - бұл ең алдымен айналадағы болмыстың ықпал жасауымен ағза мен психикада болып жатқан сапалық өзгерістер. Адамның дамуы мен оның жеке басының қалыптасуы біртұтас процесс.
12 жылдық білім берудің қажеттілігі, бес жасар балаларды мектепалды даярлықтан өткізу мәселелерімен бірге, жалпы білім беретін мектептерде және балалар бақшасында білім, білімділік бағдармалардың сапасын арттырып, тәрбие жұмысын жетілдіруді көздейді.
Балаларды мектепке дайындауда психологиялық өріс-еркіндік, батылдық, имандылық тәрбиелерін бала бойына сіңіріп, оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру шешуші роль атқарады.
Курстық жұмыстың мақсаты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі мазмұны білім беру қызметінің нәтижесі ретінде баланың құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған.
Курыстық жұмыстың міндеті. Сондай-ақ, балаларды мектепалды даярлықтан өткізу барысында оқыту мен тәрбиелеудің төрт міндеті қарастырылады.
Бірінші міндет: әлеуметтік дамуда баланың үлкендермен қарым-қатынасы және өз құрбы-құрдастармен баланың ой-өрісінің қалыптасу мүмкіндіктері көзделеді, өз отанына, отбасына халқының салт-дәстүріне көңіл бөлу жолдары қарастырылады.
Екінші міндеті: танымдық даму барысында мына міндеттер ерекшеленеді: айнала қоршаған өмірмен таныстыру мәселелерін түйіндеу, оның тәсілдері мен қасиетін сезіну.
Үшінші міндеті: әсемдік даму эстетикалық барысында өмірге деген құштарлық мен көркемдік танымды қалыптастырады.
Төртінші міндеті: дене тәрбиесі дамуында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене мәдениетінің жан-жақты күтімі мен дұрыс дамуы, өзін қоршаған ортамен байланысы, өз денсаулығына, ауру-сырқау т.б. қауіп қатерден сақтану қарастырылады.
Қазақастан Республикасының 2010 жылға дейінгі білім беруде дамытудың мемлекеттік бағдарламасында үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейі мектепке дейінгі тәрбие және оқытуда баланың бойында оқу қызметін меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеуге, яғни мектепалды дайындыққа ерекше көңіл бөлініп отыр.
Мектепалды даярлықтың негізгі мақсаты 5 6 жастағы балалардың дене дамуымен психикалық саулығын қорғау және нығайту ақыл ойын жетілдіру, олардың бойында қарапайым білім негіздерін іскерлікпен, дағдылардың алғышарттарын қарай отырып, бастауыш мектепте білім алуға бірдей бастапқы мүмкіндіктермен қамтамасыз ету. 5 - 6 жасар балалардың мектепалды даярлығы отбасыдан, мектепке дейінгі ұйымдардың мектепалды даярлық топтарында немесе жалпы білім беретін мектептердің мектепалды сыныптарында, мектепке дейінгі шағын орталықтарда мектепалды даярлық бағдарламасы негізінде жүзеге асады.
Курстық жұмыстың зерттелу әдістері. Зерттеу арқылы іздестірілетін мәселенің түйінін шешу үшін мынадай тәсіл қолданылды. Мұғалімнің ұстаздық қызметіндегі барлық іс-әрекеттерін оқушылардың ой-пікірлері бойынша қалайша бағаланатынын анықтау ниетімен ұнамды және ұнамсыз жақтары деп екі жікке бөлінді. Озат тәжірибелі педагогтардың білім беру үрдістері жайлы түсіндіру.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: зерттеу нәтижелерін мамандық іс-тәжірибе барысында студенттер, сынып жетекшілері бастауыш сынып оқушыларына тәрбие жұмыстарын жүргізгенде пайдалануына болады.
Курстық жұмысты зерттеу барысында келесі зерттеу әдістері қолданылды: бастауыш мектепте мұғалімдердің педагогикалық білім беру жүйесінде жүргізіледі.
Курстық жұмыстың құрлымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, төрт бөлімшелерден және қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1 Мектеп жасына дейінгі балалар даму деңгейі
1.1 Баланың жас ерекшелігіне сай даму деңгейі.
Баланың бойында адамгершілік қасиеттердің негізі отбасында қалыптасады. Ата-ананың аялы алақаны туған үйдің жылуы оның көкірегінде өмір бойы сақталып мәңгі есінде қалады. Отбасындағы адамдармен қарым - қатынаста бала мәдениетті үйренеді, жеке адамға тән ар-ұят, ақыл - ой адамгершілік қасиеттерде қалыптасады. Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығының бірі - дүниеге перзент әкелген соң оның болашағын ойлау, яғни қандай тағдыры бар, кім болар екен деп, сол жолда ата-аналық борышын атқарады.
Осыған орай кез келген бүлдіршін үшін бала бақша тәрбиесі ата-анадан тәлім - тәрбиені одан әрі жалғастырып, жандандырары сөзсіз. Дер кезінде алынған мектепке дейінгі білімнің әр бүлдіршін үшін маңызы зор. Бала бақшаның ең басты мақсаты мемлекеттік білім беру бағдарламасына сай мектеп жасына дейінгі бүлдіршіннің жан-жақты эстетикалық дамуын қамтамасыз етеді. Кішкентай бүлдіршіндердің алғашқы даму кезеңінде білім мен тәрбие беру жұмысы жан-жақты болуы заман талабы.
Ел басымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан болашағымыз - қоғамның идеялық бірлігінде атты еңбегінде Ұлттық мәдениетке,ана тілге еркіндік беру, оны тәлім-тәрбие құрылымына айналдыру, тәрбие мәселесінде ұлттық ізгілік пен өркениетті әлемдік имандылық үрдісінің ортақ мүддесін жаппай сезіну және оны кіріктіре пайдалану арқылы іске асыру керек - деп атап өткен. Мұндай тәрбие жұмысын әдетте мектепке дейінгі тәрбиеден, яғни балабақшадан бастаған дұрыс.
Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтан баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуына ең алдымен ата-анасы міндетті.
Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу мен білім беруді ұйымдастыруда ұстанатын принциптер:
Балалардың жас ерекшеліктерін ескеру, қызығушылығына сүйену.
Тәрбие мен оқыту міндеттерін бірлікте шешу.
Баланың еркін де дербес дамуын қамтамасыз ететін табиғи, емін еркін жағдай туғызу
Әрекет етуге үйрету, үйренгенін бойына дағды қылып сіңіру.
Педогогикалық процесс белгілі бір құралдар мен әдістер көмегімен жүзеге асырылады. Балабақшадағы тәрбие - қазақы ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан парасатты, адамгершілік қадір-қасиеті мол, физикалық және моральдық жоғары белсенді жеке адамды қалыптастырып шығару процесі болып табылады.
Ойнау, еңбек ету және оқу барысында ақыл - ой адамгершілік физикалық және көркем тәрбие, даму процесі қатар жүреді. Бала осы кезде белгілі дәрежеде білім алады, іскерлікке үйренеді, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға, қоғамдық өмірдің әдет-дағдыларын игеруге бейімделеді.
Іс-әрекеттің осы түрлерін ғана дамыту арқылы тәрбиелеу білім беру міндеттерін шешуге, бала дамуын дұрыс жолмен бағыттап отыруға мүмкіндік туады. Осы аталып өткен іс-әрекеттің әрқайсысы бала дамуына өзіндік, өзіне тән үлесін қосады. Бала өзін-өзі көрсетсе ойын, оқуда адамгершілікке тәрбиеленеді деген сөз. Осылар арқылы біз балаларға белгілі бір тұрғыда ықпал жасай аламыз. Біз іс-әрекеттер ойын, еңбек, оқыту өзара ұштасқан жағдайда ғана баланың жеке басын дамытуда толық нәтижеге жете аламыз. Осыларды негізге ала отырып ата-аналар мен тәрбиешілер баланы тәрбиелеуде ертегілер мен қойылымдардың және сахналаудың ролінің айрықша екенін ұмытпау керек.
Сөйлесу қызметі - белсенді әрі мақсатты үрдіс.Бұл қызмет түрі серіктестіктің болуын талап етеді, онда бірі сұрақ қойса, екіншісі жауап береді. Мектеп жасына дейінгі мекемелердің басты мақсаты - бүлдіршіндердің диалогтық қарым-қатынасы болып табылады. Балалар өз құрбыларымен сөйлесу арқылы сөйлеу тілдерін дамытады. Сонымен қатар өзімен серіктесінің қимыл-қозғалысын келісу мен бақылау дағдысы қалыптасады. Бұл жерде мен трафареттік сахналау тәсіліне басты назар аудардым. трафарет арқылы сөз құрамының байлығын, диалогты дамытуға болады. Бұл жұмыс барысында балалар дайын трафареттердің көмегімен болашақ кейіпкерлердің суреттерін жасайды. Оларды түрлі-түсті бояумен бояйды. Дайын бейнелерді қайшымен қияды. Бұл жерде баланың шығармашылық ойлау қаблеттері дамиды. Ұжымдасып жұмыс жасау кезінде әрбір баланың жеке қиялына да орын беріледі.
Мысалы: жүгіріп келе жатқан қоян бейнесі .Дайындық кезеңі аяқталған соң сөйлеу кезеңін өтеміз. Бұл кезеңде балалар ертегі кейіпкерлерімен диалогтық әрекет жасайды. Әрбір бала өзіне жұп таңдайды. Яғни жұмыс жұптасу түрінде жүреді. Бұл кезеңде мен кімнің ынталы, кімнің ынтасыз қатысып отырғанын білемін .Ертегілер құрастырған кезде балалар бір-бірімен өзара сөйлеседі. Бұл жерде автор сөзі деген болмайды. Балалардың тілін дамытуда, сөйлеу мәдениетімен ой-өрісін, дүние танымын жетілдіруде рөлдік ойындар тиімді нәтиже береді. Ролді ойнап тұрған бала өзін сол кейіпкерге теңеп, кейіпкердің жақсы қасиеттерін бойына сіңіреді. Мақал-мәтелдерді пайдалану барысында әдеби сөйлеуге дағдыланып сөз қоры молаяды. Халқымыздың асыл маржанын меңгереді.

Сондай-ақ ойын әдісі мен әрекеттерінің қолдануы балада жағымды эмоция, жоғары қызығушылық туғызады. Атап айтқанда балабақшада тәрбиемен оқытудың негізгі және жетекші формасы бұл жалпы топпен, шағын топпен және арнайы ұйымдастырылатын сабақтар, экскурсиялар, серуендер, ертеңгіліктер, ойындар. Балабақшамыз биылғы оқу жылынан бастап ҚР мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандартын басшылыққа ала отырып: Денсаулық, Қатынас, Таным, Шығармашылық, Әлеуметтік орта атты білім беру салаларына байланысты мектепке дейінгі балалардың жас ерекшелігіне сай оқу - шығармашылық ізденіс негізінде жүзеге асырудамыз.
Балабақшада балалар өздігінен оқи алмайтыны белгілі, сондықтан тексті оқуға, әңгімелеп айтуға үйрету, көркем сөздермен таныстыру жұмысы бағдарлама талабына сәйкес тақырыптық принциптерге негізделеді. Ол принциптер - айналадағы дүниемен, қоғам өмірімен, табиғатпен таныстыру, дүниетанымын, ой-өрісін жетілдіру, зейінін, қабылдауын, бағдарлай білу, қаблеттерін дамыту болып табылады.
Шығарма оқу, тіл дамыту жұмысында естиярлар мен ересектер тобында шығарманы тыңдай отырып, оның мазмұнын жүйелі әңгімелей білуге, кейіпкерлердің іс-әрекеттерін түсініп, өзінше талдап ойын қорытындылай білуге, кейбір үзінділерді жатқа айтуға, мазмұнға сай әңгіме құрауға, бейнелі сөздерді дәл тауып айтуға, өздігінен салыстыра сипаттай білуге үйренуге тиісті.
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың бойына оқу қызметін меңгерту, ол танымдық белсенділікті дамытудың басты бағыты болып саналады.
Танымдық белсенділікті психологиялық -педагогикалық құбылыс ретінде анықтау, бұл мектепалды даярлық кезеңіндегі балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, тәрбиелеу мен оқыту үрдісін қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Себебі меңгерілген білімнің сапасы мен беріктігіне тек балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеудің нәтижесі емес, сонымен қатар балалардың өзіндік танымдық іс -әрекетіне қатынасының қатысуымен тәуелді болып келеді.
Танымдық белсенділік баланың психологиялық- денелік дамуының алғы шарты мен нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты балалардың жоғары психикалық үрдісін қабылдау, зейін, ойлау ерекшеліктері анықтайды.
Барлық психикалық танымдық үрдістердің ішінен ойлау жетекші үрдіс болып табылады. Барлық танымдық процестер үрдістердің қасиеттері мен қатар бір-бірімен сипатын анықтай отырып, олармен бірге және тығыз байланыста болуып бірізділікте жүреді. Демек оқыту үрдісінде ынталандыру- бұл ең алдымен бала ойлауын дамыту болып табылады.
Ойлау адам өмірінде аса қымбат орын алады. Ойлау арқылы ғана заттардың, көріністердің араларындағы байламды белгілеп, оларда бар себептерді табады, келешекте оларға не болатынын ойлап шығарады. Келешекті болжай алады. Сондықтан тәрбиеші баланың дұрыс ойлап үйренуіне көп күш жұмсауы керек. Өйткені дұрыс ойлау ұрпақтан ұрпаққа табиғи түрде беріледі, оның үстіне тәжірибе арқылы да қалыптасады
Адамдарда тану екі негізгі формада жүзеге асады: сезімдік тану формасы және абстракциялық ойлау формасы. Сезімдік тану, түйсік, қабылдау, елестету сияқты жолдармен көрініс табады, оның көмегімен біз заттардың жеке қасиеттерін ажыратамыз. Сезімдік тану- бұл тек ойлаудың бастапқы сатысы, адам дүниені түйсіне отырып қабылдайды.
Сонымен ойлау қызметінің белсенділігін арттыру үшін балалардың танымдық қызметін дамытатындай өзіндік пікір, қорытынды шығаруға түрткі болатын ойындар ұйымдастыру қажет.
Ойын арқылы балалардың негізгі іс -әрекеті және олардың айналадағы өмірден алған білімдерін, әсерлерін жинақтаған тәжірибелерін өз бетінше іс жүзіне асырады. Ойын барысында берілген тапсырмаларды шешуде балалардың ақыл- ойы дамиды. Міне осыдан баланың логикалық ойлау, қиялдау қабілеті шыңдалады.
Бала ойын дамытуда логикалық ойындар ерекшеліктерін алуға болады. Балалардың ойлау қабілетін дамытатын, қызығушылықтарын арттыратын жұмыс түрі - логикалық ойындар. Логикалық ойындар баланы тапқырлыққа, логикалық ойлауға баулып, ойының ұшқырлығына, өздігінен шешім қабылдауға, салыстыруға, дәлелдеуге әсер етеді. Балалардың қызығушылығын арттыруда, танымдық қабілеттерін дамытуда мақсатым:
-балалардың зейінін, ойлау, зерде үрдістерін дамыту
-қиялдарын ұштау
-тапқырлыққа жетелеу
-қызықты ойындар мен тапсырмаларды орындауға қызығушылығын арттыру.
Міндеттер
-балалардың ойлау әрекетін дамытуға ықпал ету
-логикалық ойындар арқылы білім, білік, дағдыларын қалыптастыру
-балалардың математикалық тілде сөйлеу қабілеттерін жетілдіру.
Баланың бойындағы қабілетті ашу шығармашылық бағытта дамуына жетелейді. Осы орайда логикалық ойлау қабілетін дамытудың өзіндік іс -әрекетін ұйымдастырудың мынандай:
:Заңдылықтар, Нені отырғызу керек? Нені орналастырсам екен? Сыңарын табыңдар? Әзіл жұмбақтар Логикалық есептер.
Пішінді орналастыр логикалық ойын түрлерін айтуға болады.
Осындай ойындарды тапқырлықпен, ізденпаздықпен орындаған балалардың білімділік дағдылары қалыптасып жақсы нәтиже береді.
Мектепалды даярлық, балаларының логикалық ойлауларын дамытудың негізгі кезеңіне жатқызуға болады. Өйткені балалардың ойлары осы кезде нақты - бейнеліден абстрактылы ойлауға қарай дамиды. Сондықтан мектепалды даярлықта балалардың ой - өрісі қалыптасып және заттарды тиісті ұғымдарға жатқызып, өздерінің ойларын дәлелдеуге үйрене бастайды.
Дәлеледеу үшін бала тиісті жүйе - логикалық ойлануға сүйенеді - дейді Ғ. Жолтаева.
Негізінде баланың логикалық ойлау қабілеті дегеніміз - қарапайым математикалық алғашқы ұғымдарын меңгертуден басталады десек қателеспейміз..Оны жүйелі түрде шыңдау тәрбиешінің басты міндеті.
Педагогика және психология зерттеулері бойынша балалық шақ - баланың жеке тұлға болып өзін - өзі сезінуінің алғашқы сатысы, демек адамгершілік қасиеттер, ақыл - ойы, логикалық және басқада қасиеттерін қалыптастырудың ең негізгі кезеңі болып табылады.
Баланың ақыл - ойының дамуы тек белгілі бір білім көлеміне емес, танымдық іс -әрекет амалдары мен тәсілдерін игерумен бірге еске сақтау, ойлау, елестету, танымдық шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды. Бала дамуы үшін есте сақтауы мен ойлау қабілетінің мәні өте зор. Бұлардың бәрі қоршаған орта мен білім, білік дағдысының қалыптасуы, есте сақтау және ойлау қабілетімен тығыз байланысты. Баланың ойлау әрекетін ойдағыдай дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Ойлау үрдісі анализ, синтез, салыстыру, топтастыру жалпылау, тұжырымдау логикалық амалдарынан тұрады. Ойлаудың осы амалдарын қолдана алуынан балалардың оқу әрекетінің жемісі көрінеді. Бұл жөнінде М. Жұмабаев: Ойлау- жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде сақтықпен басқыштап істеу керек -деген.
Логикалық ойлауды дамыту туралы сөз етпес бұрын логика туралы қысқаша айтып кетейін. Логика (грек тілінен алынған logic - сөз, ой, ойлау, ақыл - ой) ойлаудың заңдылықтары мен түрлері туралы ғылым.
Обьективтік пікірлерге негізделген процесс логикалық ойлау деп, ал дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп аталады.
Ойлау аса күрделі психологиялық процесс. Бұлардың ішінде психология мен логиканың орны ерекше.
Психология бірнеше жас ерекшеліктердің ойының пайда болу, даму, қалыптасу жолын, яғни жеке адамның ойлау ерекшелігі мен заңдылығын қарастырса логика - бүкіл адамзатқа ортақ ой-әрекет заңдары мен формаларын айқындайды, ол адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пайым, дәлел сияқты ой формаларының табиғатын зерттейді.
Ойлау ерекшелігін таным мен ой процесінің сатысы ретінде зерттеу ойлаудың білім мен тікелей байланысты екенін айқындайды.
Баланың қажеттілігі мен қызығушылығын түсіне білу, бүлдіршіндердің ой - өрісін іс - қимылын жан - жақты дамыту тәрбиешінің басты міндеті.
Бүлдіршіндердің логикалық қабілетін дамытуда қарапайым математиканың алғашқы ұғымдарын ойын арқылы үйретудің заттары әртүрлі геометриялық пішіндерден құрастырудың, ауызша есеп шығарудың, көру арқылы салыстырудың, қиялдаудың жұмбақтар жаттаудың маңызы зор. Өйткені жасырын тұрған ойдың нені меңзеп тұрғанын ойлап табу баланың ми қыртысының жұмысын шыңдайды, логикалық ойлау сезімін қалыптастырады. Логикалық ойдың ерекшелігі қорытындылардың қисындылығы да олардың негізіне сай келуі. Логикалық ойлауға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдары қатесіз анықталады.
Логикалық ойлауы дамыған бала шығармашылыққа, ойлана әрекет етуге, өзінің іс -әрекетін талдауға үйренеді.
Қорыта келе, аталған жұмыс түрлері, бала үшін, оның танымын, логикасын арттыру үшін өмірде қажетті екенін көрсетеді, яғни олардың шығармашылық деңгейін көтереді, қызығушылықтарын арттырады.
Мектепалды топтарындағы жас шамалық балаларының табиғи қасиетті зерттеулік дағдысын арттыра отара баланың танымдық қабілеттерін дамыту. Танымдық қабілеттерін дамыту, ол жеке тұлғаның жан-жақты толыққанды дамуының бір аймағы. Яғни, мектепалды топ балаларының жеке тұлға ретінде дамуында ең бастысы негізгі танымдық қабілеттерінің дамуы.
Баланың танымдық-қызығушылық аумағының қалыптасу механизмін түсінгеннен кейін, біз мақсатты түрде тәрбиелік әрекеттердің көмегі арқылы қызығушылықты арттыруға әсер ету.
Танымдық қабілетті баланың ортаға деген қызығушылығының және оның қайдан неден , не үшін керектігін түсіну, сонымен қатар бұл сұраққа жауап көбіне іздену барысында жүзеге асады. Осы жас шамада ең бастысы зерттеулік ізденушілік әрекет барысында баланы жан-жақты дамыту өте тиімді. Танымдық дамытудың ерекшелiктерiнiң мәселесi тиiмдi ықпал ететiн құрастыруларда мектепалды балаларының таным белсендiлiктері көптеген жылдар бойы педагогикалық және психологиялық зерттеулерде басты орын алады. Оған көптеген педагогтармен психологтар жолықты П.П Блонский, В.П. Вахтеров, П.Ф. Каптеров, Е.И. Конради, А.А. Смирнов және т.б.
Қазіргі заман психологтары әртүрлі тұрғыдан мектепалды балаларының дамуының жағдаяттарын шешті: әр түрлі жас шамадағы балалардың танымдық қызығушылықтарының құрастырылуын қарастырды. Зерттеушілер баланың қоршаған ортаға танымдық қатынасының ұйымдастырылуын ерекшелейді, онда ең өте мағыналы танымдық белсенділігі және танымдық қызығушылығы болып табылады деп есептейді.
Л.С. Выготский, М.И. Лисина, Е.И. Щербакова, Г.И. Щукиндардың жұмыстарында балалардың танымдық белсенділіктерінің құрастырылуының шарттары ерекшеленген: заттар мен танымдық қызығушылықтардың дер кезінде және бірдей барлық сала қызметтерін ескеру, баланының жұмыс істеу мен тәсілдердің таңдалуы, баланың тұлғалық ерекшеліктерін есепке алу.
Атақты психолог ғалымдары Л.С. Выготский, А.И. Леонтьев, А.С. Запорожец, Л.Д. Венгер, Д.Б. Эльконин, Е.И. Игнатьева, Ю.К. Бабанский, И.Я. Лернер т.б. зерттеушілердің еңбектерінде мектеп жасына дейінгі балалардың жеке басының қалыптасуына әсер ететін әртүрлі іс-әрекеттердің ішіндегі ең маңыздысы шығармашылық белсенділіктің сапалығына назар аударады. Алайда мектепке бару қарсаңында баланың психологиялық даму деңгейінде жекелей өзгешеліктер өсе түседі. Бұл өзгешеліктер мынадан көрінеді: балалар бір-бірінен ақыл-ой, адамгершілік және жекелей дамымен ажыратылады. Олай болатын болса, балаларға психологиялық қолдау жасау бiлiм беру мекемелерiнiң (балабақша, мектеп) ең негiзгi мiндетi болып табылады.
Көп авторлардың пікірінше, тұлғаның дамуы мен қалыптасуы тек ұжымдық тəрбие жүйесінде іске асуы мүмкін. Осы жағдайда ғана ұжым дұрыс əрекеттегі өзіндік басқарым органына, тұлғалық арақатынастағы ұжымшылдыққа жəне өзара жауапкершілікке ие болады. Бұл өз кезегінде жан-жақты дамуға, еркіндікке, қорғанысты болуға, сонымен бірге əр тұлғаның мəртебесін көтеруге жол ашады.
Балалардың танымдық қызығушылықтарының дамытудың екі жолын қарастырдық:
1.Дамыту процессі кезіндегі танымдылық белсенділігі
2.Балалардың зерттеушілік әрекетттерін ұйымдастыру.
Сонымен қатар танымдық қызығушылықтың қалыптасу шарттарын және оның қалыптастыру критерийлары
Е.А.Коссаковская балалардың танымдық қызығушылықтарының дамуының негізгі екі жүйесі бардеп көрсетеді:
1. Баланың тәжірибесінің біртіндеп көбеюі, ол тәжірибелердің қоршаған орта туралы жаңа біліммен және ақпаратпен толықтырылып отырады, мектеп жасына дейінгілердің танымдық белсенділіктерін шақырады.Бала алдында қоршаған орта шындығының көп жақты болуы танымдық қызығушылықтың пайда болуы мен берік бекуіне кең мүмкіндік береді.
2. Шындықтың сол аумағындағы танымдық қызығушылықтың тереңдеуі және біртіндеп көбеюі, осы танымдық қызығушылықтардың даму жүйесін құрайды.
Мектепалды жас шамасында келесі дағдыларды меңгерту арқылы мақсатты түрде әлемді тану және оның түрленуін тану үшін тікелей оған қатысты әдістерді меңгертуге жоспарланды.

2 Балалардың дамуы мен тәрбиеленуі
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың даму шарттары
Мектепке дейінгі жаста бала біршама тұрақты жан дүниесіне ие болады, ал мұның өзі әлі де болса, толық қалыптаса қоймаған, бұдан әрі де дамып жетілуге қабілеті бар, жеке адам деп санауға бастапқы негіз болады.
Мектеп жасына дейінгі баланың даму шарттары алда өткен жас кезеңі шарттарынан айтарлықтай өзгеше. Оған үлкендер тарапынан қойылатын талаптар да едәуір арта түседі. Қоғамдағы жалпыға бірдей міндетті мінез-құлық ережелерін, қоғамдық мораль нормаларын сақтау - өзекті талапқа айналады.
Қоршаған дүниені танудың өскелең мүмкіндіктері баланың ынтасын өзіне жақын адамдардың тор шеңберімен шығарып, іс-әрекетті өзара қарым-қатынас формалары мен байсалды түрлерін (оқу, еңбек) үлкендер арасында болатын алғаш игере бастауға жеткізеді. Бала өз құрдастарымен бірлескен іс-әрекетке кіріседі, өз іс-әрекеттерін олармен келісуді жолдастарының ықылас, пікірлерімен санасуды үйренеді. Мектепке дейінгі бүкіл балалық шақ бойына балалар іс-әрекетінде қабылдау, ойлау, есте сақтау және басқа психикалық процестерде ғана емес, сонымен бірге өз мінез-құлқын ұйымдастыра білуге де жоғары талаптар қоятын өзгерістер мен бетбұрыстар орын алады.
Осының бәрі баланың жеке басын қалыптастырады, оған қоса адамның жеке басын қалыптастырудағы әрбір жаңа қадам шарттардың ықпалын өзгертеді. Одан әрі тәрбиелеу мүмкіндіктерін арттырады.
Баланың жеке басының дамуының екі жағы бар. Оның бірінші жағы - баланың қоршаған дүниені біртіндеп біліп, өзінің одан алатын орынын түсіне бастауы, осыдан мінез-құлық мотивтерінің жаңа типтері пайда болады, соның әсерінен бала белгілі бір қылық көрсетеді. Екінші жағы - сезім мен еріктің дамуы. Олар осы мотивтердің ықпалдылығын, мінез-құлықтың тұрақтылығын және оның сыртқы жағдайлардың өзгерістеріне тәуелділігін қамтамасыз етеді.
Мектепке дейінгі кезеңде баланың сенсорлық дамуы қарқынды келеді. Бұл кезеңде баланың заттар мен құбылыстардың сыртқы қаситеттері мен байланыстарын, кеңістік пен уақытты бағдарлауы жетіледі.
Заттармен іс-әрекетте бала барған сайын оның түсін, түрін, шамасын, салмағын, температурасын, беткі қасиеттерін және т. б. дәл бағалай бастайды. Әуенді қабылдауында бала оның әуенін қадағалауды, дыбыстардың қатынасын жоғарылығына қарап бөлуді, ырғақтылықтың түрлерін аңғаруды үйренеді. Сөзді қабылдауында ұқсас дыбыстардың айтылуындағы аса нәзік айырмашылықтарын айыра алады. Балалардың кезегі мен оларды бөлетін уақыт аралықтарын ажырата білуі едәуір жете түседі.
Мектеп жасына дейінгі баланың сенсорлық дамуының бір-бірімен байланысты екі жағы бар. Бірішісі, заттар мен құбылыстардың әр түрлі қасиеттер мен байланыстары жөніндегі түсініктерді меңгеру. Екіншісі, қоршаған ортаның толықтай және жекелей қабылдауға мүмкіндік беретін қабылдаудың жаңа әрекетін игеру.
Заттардың қасиеттерін бағдарлаудың дамуы. Балалық шақтың өзінде балада заттар әр түрлі қасиеттері жөніндегі түсініктердің белгілі қоры жинақталады, бұл түсініктердің бірқатары үлгінің орнына жүреді, қабылдау процесіндегі заттардың жаңа қасиеттерін бала осы үлгімен салыстырады.
Мектепке дейінгі балалық шақта бала өзінің сенсорлық тәжірибесін жинақтау нәтижесі болып табылатын заттық үлгілерді қолданудан көпшілік қабылдаған сенсорлық эталонға ауысады. Сенсорлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қиын бала туралы түсінік
Қиын балалар мәселесі
Тәртібі қиын оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу
Қиын бала тәрбиесі туралы
Қиын балалармен психологиялық тұрғыда жұмыс жасау әдістері
Жеткіншек жастағылардың психологиялық ерекшеліктері
Жас балаға ойлау тым ауыр
Мектептің қиын оқушыларын тәрбиелеудің теориялық негіздері
Қиын оқушыларды этнопедагогика құралдары арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық негіздері
Қиын балалардың психологиясы
Пәндер