Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесін беру әдістемесі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1 Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесінің теориялық негіздері

1. 1 Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық зерттеулері . . . 7

1. 2 Қазақ халқының адамгершілік дәстүрлері және олардың тәрбиелік мәні . . . 11

2 Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесін беру әдістемесі

2. 1 Мектеп жасына дейінгі балаларға ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде адамгершілік тәрбиесін беру . . . 17

2. 2 Мектеп жасына дейінгі балаларға мінез-құлық тәрбиесінің жайы . . . 23

Қорытынды . . . 35

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 37

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев ұсынған «Қазақстан -2050» стратегиясында негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі айтылған [1] .

Қазақстан Республикасы Конституциясында, «Тілдер туралы», «Білім туралы» заңдарында, «Үздіксіз тәрбие» тұжырымдамасында, «Мәдени мұра» бағдарламасында, «Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдары білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» білім беру жүйесін түбегейлі өзгерту, жас ұрпақты тәрбиелеуде олардың бойындағы рухани байлықтарын жетілдіру, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке ата-бабаның тарихи мұралары негізінде тәрбиелеу белгіленген [2, 3, 4] .

ХХІ-ғасыр балаларының тәрбиесінің өзекті мәселесі ұлттық және жалпы адамзаттың мәдени мұралар арқылы қоғамда руханилықты қалыптастыру болып табылады.

Мұндай аса жауапты міндеттердің баянды болуы үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы - мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуден бастау алуы қажет. Ерте жастан алынған рухани жасалым, адамның барлық өмірінде адамгершілік белгісін анықтап, ізгілік қасиеттерді, рухани болмысты бала бойына қалыптастырады.

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне жүгінсек, «адамгершілік» сөзі: ар-ұжданның тазалығы, адамшылдық, ізгілік, қайырымдылық, мейірімділік, әділдік, шыншылдық, кішіпейілділік, имандылық, т. б. қарапайым адамгершілік құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай терең білім толтыра алмайтынын өмірдің өзі дәлелдеуде [5] .

Бүгінгі таңда жас ұрпаққа ғылыми білім берумен шектелу жеткіліксіз, оларды адамгершілікке тәрбиелеп, бала бойына ізгілікті, жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру керек.

Мектепке дейінгі тәрбие және оқудың мазмұны, формалары мен әдістері мәселесін дамытуға үлес қосқан ғалымдар Е. А. Аркин, Н. А. Ветлугина, Р. И. Жуковская, А. В. Запорожец, А. М. Леушина, Т. А. Маркова, В. Г. Нечаева, Н. Н. Поддьякова, Н. А. Сакулина, А. И. Сорокина, Е. И. Тихеева, А. П. Усова, Е. А. Флерина т. б. болды [6] .

Қазақстандағы адамгершілік тәрбиесінің дамуын республикамыздағы педагогика тарихының зерттеу мәселесіне және білім-тәрбиелік жүйеге негізделмейінші қарастыру мүмкін емес.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы балаларға ұлттық тәрбие беруге байланысты бірнеше шетел және отандық ғылыми зерттеулерді атап өтуге болады: Т. В. Черник, О. В. Леонова, М. Г. Евграфова, Е. А. Иванова, Е. Н. Кергилова, Т. Иманбеков, К. Сейсембаев, Т. А. Левченко, Ә. С. Әмірова, Е. Ф. Вертякова, Л. Д. Вавилова, В. Д. Ботнары, О. Н. Юденко, С. Д. Кириенко, Б. Н. Галаева, О. И. Давыдова, Х. Т. Шерьязданова, Л. С. Берсенева, М. Б. Қожанова, Ж. С. Хасанова, Ж. М. Акпарова, К. Т. Жаңабаев, А. Ә. Қапенова, Ұ. Т. Төленова [7] .

Елімізде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, баланы балабақшада тәрбиелеуде, оның денсаулығын сақтау, табиғат арқылы бала болмысының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру жөніндегі алғашқы еңбекті жазған Нәзипа Құлжанова болды. Оның тарихи кезеңдегі жазған еңбектері бүгінгі күні де құндылығын жоғалтқан жоқ.

Қазақстандағы мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеудің теориялық мәселелері, оқыту мазмұны, формалары мен әдістері арқылы тәрбиелеу В. Н. Андросованың, Б. Б. Баймұратованың, Л. А. Давиденконың, Р. М. Жұмағожи-наның, Ф. Н. Жұмабекованың, А. Қ. Қаржаубаевтың, А. М. Меңжанованың, Ш. С. Сапарбаеваның, М. Т. Тұрыскелдинаның, Р. Қ. Керімбаеваның, К. Метербаева, А. А. Искакова және тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған [8] .

Осыған байланысты біз, мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбие беру мәселесін арнайы зерттеу қажет деп білеміз. Сондай-ақ жоғарыда аталған зерттеулердің барлығы мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеу мәселесінің мазмұны толық ашпайды, яғни елімізде бүгінде көптеген деректерді талдауға, қорытындыларды жаңаша қарауға, кейбір тарихи және теориялық-әдістемелік зерттеулерге негізделуге мүмкіндік береді.

Сонымен, балабақша балаларын адамгершілікке тәрбиелеуді жүзеге асыруда жинақталған тәжірибені, тарихи-педагогикалық материалдарды талдап, қорытып және ғылыми-әдістемелік тұрғыдан зерделеуде, бұл мәселені жүйелі ұйымдастыру да қайшылықтар бар екені айқындалды.

Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің мүмкіндігі, тиімділігін қамтамасыз ететін шарттар мен әдіс-тәсілдерді айқындау, бұл мәселенің педагогикалық теориясы мен практикада аз зерттелгендігі арасында бірнеше қарама-қайшылықтар туындайды.

Бұл қайшылықтардың шешемін табу мақсатында мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің жолдарын анықтау біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты «Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесін беру ерекшеліктері» деп алуымыз негіз болды.

Зерттеу мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесін беру ерекшеліктерінің теориялық-әдістемелік тұрғыда негіздеу.

Зерттеу нысанасы: мектепалды даярлық топ балаларын оқу және тәрбиелу үрдісі.

Зерттеу пәні: мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесін беру ерекшеліктерін қалыптастыру.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды этнопедагогика материалдары арқылы адамгершілікке тәрбиелесе, оның мазмұны теориялық-әдістемелік тұрғыдан негізделіп, іс жүзінде тәжірибеге енсе, онда мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік тәрбие беру ерекшеліктері қалыптасады.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің ерекшеліктерін ашу, теориялық негіздерін айқындау;
  1. Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық үрдісіне енгізіп, оның тиімділігін тексеру;
  1. Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың адамгершілік тәрбиесінің көрсеткіштерін, олардың педагогикалық білімдері, іскерліктері мен дағдыларының қалыптасуы.

Зерттеудің жетекші идеясы: этнопедагогика материалдары арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесінің теориялық-әдістемелік тұрғыдан негізделуі балалардың жалпы адамзаттық, адамгершілік құндылықтарын қалыптастырды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық маңыздылығы:

- теориялық-әдістемелік әдебиеттерді талдау негізінде мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің мүмкіндіктері, ерекшеліктері айқындалды;

- мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеу деңгейлерінің өлшемдері мен көрсеткіштері айқындалды.

Зерттеудің көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардың, педагогтар мен психологтардың еңбектері; педагогиканың ғылыми жетістіктері мен озық педагогикалық тәжірибелерді мектепке дейінгі ұйымдардың ресми құжаттары; Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық-нормативтік құжаттары; оқу-әдістемелік кешендер; оқу-тәрбие үрдісіндегі озат педагогикалық тәжірибелер.

Зерттеу әдістері: зерттеумәселесі бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге, білім стандартына, оқу бағдарламаларға теориялық талдау, мұрағат құжаттарын зерделеу, талдау жинақтау, қорыту және жүйелеу, балабақша тәжірибесінен жинақталған материалдарға салыстырмалы талдау жасау, іріктеу, тұжырымдау, сауалнама жүргізу, эксперимент нәтижелерін өңдеу, бақылау, әңгіме, анкета, т. б. әдістері қолданылды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

  1. мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің ұсыныстары, үлгі жоспарлары жасалды;
  2. балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде ата-аналармен жұмыс бағдарламасы құрастырылды.

Зерттеудің орны : №7 балабақша.

Зерттеу жұмысының құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

Кіріспе бөлімде зерттеудің өзектілігі, ғылыми аппараты, зертеудің мақсаты, нысанасы, пәні, міндеттері мен зерттеу болжамы, әдістері, кезеңдері көрсетілді.

Бірінші кезеңде зерттеу мақсатында мәселенің теория мен практикадағы жағдайы зерттелді, теориялық тұжырымдамалар талданды, зерттеудің ғылыми аппараты, болжамы мен жетекші идеясы нақтыланды.

Екінші кезеңде зерттеудің теориялық негізі нақтыланып, мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі зерттеу мәселесіне талдау жүргізілді, тәжірибелік жұмыс жасалынды.

Қорытындыда ғылыми жұмыстың нәтижелері негізінде әзірленген тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.

1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық зерттеулері

Егеменді еліміздің болашағы жас жеткіншектердің білім дәрежесінің тереңдігімен өлшенеді. Қазіргі заманғы білім беру әлеуметтік құрылымының маңызды элементтерінің біріне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негізі балабақшадан қаланатыны белгілі. Балабақшадан бастап балаларға білімнің қыры мен сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау адамгершілік қасиеттерін дарытып Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етіп тәриелеу - біздің міндетіміз болмақ. Сондықтан да балабақшадан бастап балалардың жан-жақты дамуына басты назар аударылуы керек.

Балалардың жан-жақты дамуына бағыт-бағдар беруші - тәрбиеші. Балабақшадағы білімнің мемлекеттік стандартында балаларды ғылымдар негізімен таныстырып қою емес, баланың жалпы ойын дамыту, қажетті тәрбие беріп, оны тәжірибеде қолдана білу үшін өздігінен жұмыс істеуге, адамгершілік мәдениетін қалыптастыру талап етіледі [9] . Бүгінгі заманның педагогикалық, психологиялық зерттеулерінің анықтауы бойынша балабақшадағы кезең баланың қай жағынан болса да ең қарқынды дамитын кезеңі.

Өткен ғасырдағы педагогика тарихына көз жіберсек Әл-Фараби, Ибн Сина, Фердауси, Ж. Баласағұн, шетел педагогтары Я. А. Коменский, И. Г. Песталоцци, К. Д. Ушинский, А. С. Макаренко, Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов, Л. Н. Толстой, отандық педагог-ағартушылар Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев сынды ойшыл ғалымдардың еңбектерінде адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мен дамытудың мәні мен маңызы сипатталған. Тарихи дамуға көз жіберсек, адам тәрбиесінде адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда халықтық педагогика мұрасы шешуші орын алған [10] .

Қазақстан Республикасының «Ұлттық энциклопедиясында» адамгершілік ұғымына былай деп анықтама берілген: «Адамгершілік - адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. «Кісілік», «Ізгілік», «Имандылық» тәрізді ұғымдармен мәндес. Халықтық дүниетанымда мінез-құлықтың әртүрлі жағымды жақтары осы ұғымынан тартылады. Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей адамгершілік белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рақымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылық, т. б. [5-126б. ] .

Адамгершілік тәрбие дегеніміз - балалардың бойында мінез-құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыру және олардың өздерінің де бір-біріне, отбасына, басқа адамдарға, мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін дарыту жөніндегі ұстаздардың арнаулы мақсат

көздеген қызметі.

Адамгершілік қасиет мораль, этика, өнеге арқылы айқындалады. Мораль, этика, өнеге адамгершіліктің күре тамыры болып табылады.

Жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу дегеніміз - оларды мінез-құлықтың дағдылы ережелеріне үйрету. Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз - адамның моральдық қасиеттерін белгілі бір мақсатқа бағыттап қалыптастыру. Адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу арқылы - моральдық түсініктердің, әдеттердің және мінез-құлық мотивтерінің қалыптасуы бірлесіп жүзеге асады және мектепке дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесін қамтамасыз етеді.

Баланың алғашқы адамгершілік түсініктерін аңғарып, мінез-құлқы мен тәртібін қалыптастыруда мектепке дейінгі шақ - ең жауапты кезең. Балалар үй ішіндегі жақындарымен қарым-қатынасында, оқу-тәрбие ісінде, тікелей өмір тәжірибесінде ненің жақсы ненің жаман екенін байқайды, жақсы мен жаманға үлкендер тарапынан берілген бағаны меңгереді.

Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің нақты міндеттері:

1) балалардың үй-ішіне, жақындарына, құрбы-достарына, жалпы адамдарға, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу;

2) адамгершілік ережелеріне сай балалардың мінез-құлқын, ұйымдасқан тәртібін, мәдениеттлігін, жақсы әдеті мен дағдысын қалыптастыру;

3) балалардың адамгершілік түсініктері мен қасиеттерін тәрбиелеу.

Адамгершілік тәрбиесінің мазмұнына баланың Отанға, адамдарға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу жатады. Ол үшін алдымен балалардың ата-анасына, үйіне, туған жеріне, оның табиғатына, өз ауылына, қаласына, туған-туысқандарына, дос-құрбыларына, балабақшаға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу қажет.

Елге сүйіспеншілікті тәрбиелеудің пәрменді құралы - халықтың тілі, мәдениеті мен көркемөнері. Ана тілі - халықтың тарихы, шежіресі, халықтың ең зор ақылшысы, ұстазы деп бағалаған. Осы орайда, Абай: «Өнер алды қызыл тіл» - деп толғаса [12], Ғ. Мүсірепов: «Тілден биік асқар жоқ, тілден асқан байлық жоқ, тілден терең теңіз жоқ» - тілдің құдіретін ерекше бағалаған. М. Әуезов: «Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды» - деп атап көрсеткен [13] . Ендеше, ерте сәби кезеңнен бастап баланы ана тілінде сөйлеуге үйрету, ауыз әдебиеті үлгілерімен сусындату ең маңызды мәселе. Бала әдеби шығармаларды: өлең, ертегі, ән, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, батырлар жырын тыңдау арқылы ана тілінің байлығы мен әсемдігін меңгерумен қатар оны сүюді үйренеді.

Тәрбиеші суреттерді, көркем әдеби шығармаларды, әр ұлттың балалар әдебиетін пайдалана отырып, Қазақстанды мекендейтін сан ұлттың өмірі, тұрмысы, еңбегі, өнері жөнінде әңгімелейді, соның негізінде ұлттарға, халықтарға, жалпы адамзатқа деген сүйіспенішілік сезімін дамытуға мүмкіндіктер туады. Балалар арасында дұрыс қарым-қатынасты тәрбиелеу, тату балалар ұжымын құру - балабақша педагогінің негізгі міндеттерінің бірі. Балалар ұжымын тәрбиелеуде тәрбиеші адамгершілік принциптеріне сүйенеді.

Адамгершілік тәрбиесінің мазмұнына баланың адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу жатады, әсіресе олардың үлкендерді сыйлау сезімін тәрбиелеу сәбилік шақтан басталады.

Жас бала - жас шыбық тәрізді қалай исең солай майысады. Сондықтан да білім негізі балабақшада қалыптасады деп айтылады, яғни осы кезеңнен бастап, балаға тиісті көңіл бөлу керек екенін заман талабы, тәрбие кепілі деп түсінуіміз керек.

Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің даму динамикасы, оның ішінде мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік-рухани білім беруде бастапқы идеал құндылықтары, ұстаным мен мақсаттарды қалыптастыруды талап етеді.

Балабақшада баланың жас және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, адам және қоғам байланысын қалыптастыруда, өз қылығының қоғаммен сәйкес болуы қажеттілігін сезінуде, адамгершілік білімді адамгершілік нанымға ауыстыруда, тұрақты адамгершілік сезімдер мен сапалар орнықтыруда, адамның басқалармен қарым-қатынасындағы жоғары мәдениеттілік пен адамгершілік әдеттерді бекітуде тәрбиенің маңызы зор.

Адамгершілік тәрбиесі барлық тәрбие жүйесіндегі негізгі тәрбиенің көзі болып табылады. Адамгершіліксіз табиғатты, қоршаған ортаны, адамдар арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыру мүмкін емес. Адамгершілік тәрбиесі арқылы балаларды рухани тәрбиенің негізі қаланады. Руханилық баланың ішкі болмысы, жан дүниесінің азығы, мінез-құлқының тірегіші болып табылады. Руханилық пен адамгершілік араласып, бір-бірімен сабақтастықта байланысқан ағайындас ұғымдар. Мектепке дейінгі балдырғандар үшін оларға түсінікті ғибрат сөз, әсерлі өлең, сурет, әңгімелер пайдалану, үлгілі, өнегелі ойын, еңбек үстінде этикалық қатынас жағдайында әдепкі адамгершілік әдет-дағдылары қалыптасады.

Мектеп жасындағы балаларға адамгершілік әліппесі ойын арқылы меңгертіліп, баланың әлеуметтік саналылығын дүниетанымын, этикалық талғамын, ішкі рухани байлығын молайтатын жүйелі жұмыстар өткізіледі.

Сонымен жоғарыда аталған еңбектерге сүйене отырып және өз зерттеуімізде адамгершілік тәрбиені педагогикалық үрдіс ретінде қарастырып, мектеп жасына дейінгі балаларды қалыптасуына тиісті адамгершілік-гуманистік қасиеттерді былайша топтадық:

1. Гуманистік қасиеттер: қайырымдылық, кішіпейілділік, қарапайымдылық, рақымдылық, ізеттілік, имандылық, мейірімділік;

2. Ұжымшылдық қасиеттер: ұжымшылдық сезім, өзара сыйластық, ынтымақтастық, достық, жолдастық, жауапкершілік:

3. Еңбексүйгіштік қасиеттер: еңбексүйгіштік, еңбек тапсырмаларына адал ниетті қатынас, өз еңбегінің нәтижесіне жауапкершілікпен қарау, қанағатшылдық.

Қазақ халқы өзінің сан ғасырлық тарихының даму барысында жан-жақты дамыған адамгершілікті тұлға тәрбиелеуге ерте кезден-ақ зор мән берген. Мәселен, бала дүниеге келген кезден бастап айтылатын: бесік жыры, тұсау кесер, атқа мінер, санамақ, мақал-мәтел, жұмбақ-жаңылтпаштар, ертегілер т. с.

Халықтық педагогика арқылы балалардың адамгершілікке тәрбиелеуге байланысты біршама теориялық-практикалық тәжірибе жинақтау қажет. Ол үшін балабақша тәрбиешісі тәрбиенің басты ұстанымдарын - жалпы адамзаттық құндылықтарды және тұлғаны қалыптастыру, өз халқының мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт-дәстүрін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетін салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті адам қалыптастыруы тиіс.

Қазір балабақша бағдарламаларында адамгершілік қасиеттерді бала бойына қалыптастыруға арналған шығармалар іріктеліп алынған. Ол шығармаларда сөз болатын негізгі қасиеттер: әдептілік, ұят пен ар, шындық пен әділет, ынтымақ пен бірлік, жолдастық пен достық, құмарлық т. б. М. Әуезов: «Адам баласынан жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, көрген үлгі өнеге білетіндігінен . . . Көпшілікті адамшылыққа тәрбиелеу үшін, жас буынды жақсылап тәрбиелеу қажет» - деген [13-127б. ] .

Адамгершілік тәрбиесінің үдерісін ұйымдастыру кезінде әрекеттің және қатынастың әр түрлеріне балалар қатысатын объективті қарым-қатынастарға назар аудару керек. Бұл қарым-қатынастар педагогикалық іс-әрекеттердің дәл нысанасын құрайды (И. С. Мариенко) [16] .

Баланың адамгершілік санасының дамуы өзара қатынастар мағынасын қабылдау және ұғынуы арқылы іске асады. Мұндай қатынастарға ата-аналармен, педагогтармен, қоршаған орта түсе алады. Бала санасында сыртқы ықпал жеке мағынаға ие болады, осылайша оған деген субъективті қатынас қалыптасады. Осыған байланысты тәрбие себептері, шешім қабылдау және өз істерін баланың адамгершілікпен таңдауы қалыптасады.

Баланың ақыл-ойы мен еркін тәрбиелей отырып, тәрбиеші өз ұмтылыстарының адамгершілік нәтижелерін де есепке алуы керек. Тәртіп түсініктері мен себептерін, адамгершілік құндылықтар жүйесін, рухани қажеттіліктерді қалыптастыра отырып, сонымен бірге тәрбиеші жеке адамның барлық жақтарына әсер етеді және ақыл-ой, еңбек, эстетикалық тәрбиесінің міндеттерін орындайды.

1. 2 Қазақ халқының адамгершілік дәстүрлері және олардың тәрбиелік мәні

Қазақ елінің тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, қазақ тілінің мемлекеттік дәреже алуы, тұңғыш Конституция, «Білім беру» заңының қабылдануы, ұрпақ тәрбиесіне жаңаша қарауды, оны жақсарту жолдарын нақты айқындауды талап етеді.

Қазақ халқының өзіне тән ерте заманнан қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиесінің асыл қазынасы, мол тәжірибесі бар. Оның бүгінгі таңда ұрпақ тәрбиесінің негізіне алынуы егеменді еліміздің мүддесі, халқымыздың талабы.

Халқымыз тәрбиелеу және оқыту ісін баланың неғұрлым жас кезінен бастау керек деген қағиданы жоғары қойған.

Адамгершiлiк тәрбиесiндегi басты мәселе баланы құрметтеу. Әрбiр жасөспiрiм өзiн-өзi рухани жетiлдiру үшiн өзiн-өзi тәрбиелеуге, өздегiнен бiлiм алуға ұмытылуы қажет екендiгiне түсiнуi тиiс .

Адамгершiлiк тәрбиесiнiң мазмұны жалпы адам құндылығын жоғарылату қажеттiлiгiнен көптеген өзгерiстерге бет бұрды. Егемендi ел болғаннан берi жас ұрпақты адамгершiлiкке, парасаттылыққа, саналықпен, жауапкершiлiк тәрбиесi арқылы жеке тұлғаны қалыптастырудың сипаттарына: жауапкершiлiк, көздеген мақсатқа жету, кiсiлiгiн қадiр-қасиетiн сақтау, сенiмдiлiк жатады. Адамның жеке тұлғалық қасиеттерiн жетiлдiруi оның өзiн-өзi құрметтеуiне, өмiрде табысқа жетуiне үлкен ықпалын тигiзедi.

Адамгершiлiкке тәрбиелеу iсi бiлiм берумен ғана шектелмейтiндiгi айқын. Бұл балаланың сана-сезiмiне әсер ету арқылы, iшкi жан-дүниесiн оятудың нәтижесiнде оның дүниетанымын қалыптастырады.

Баланың сана-сезiмiн, адамгершiлiк мұраттарын қалыптастыру - тәрбиенiң ең бiрiншi мiндетi. Тәрбие барысында әрдайым осы мұраттарды басты нысана етiп ұстау қажет. Себебi баланың көзқарасы оның күнделiктi iсмен сәйкес келмесе олар ойлауға шебер, бiрақ iске жоқ адамдар болып қана шығады. Баланы имандыққа баулып, мейірiмдiлiк, қайырымдылық, кiшiпейiлдiлiк, қамқорлық, iзгiлiк сияқты қасиеттердi бойларына сiңiру - әрбiр отбасы мен тәрбие беретін ұйымдардың басты парызы.

Дана ақын, халықтың ырысы «Құтты бiлiктiң» негiзiн қалаушы Жүсiп Баласағұн - адамның мiнез-құлқы мен оның қоғамдағы орнына ерекше тоқталады. Адам - бұл дүниеге қонақ, сондықтан ол артына ылғи да жақсы сөз бен жақсы iсiн қалдырып отыруы қажет. Ол үшiн әр кез жаман қылықтан сақтанып, адалдықпен жүрiп-тұруы тиiс деген ойлары бiзге жақсы мәлiм [17] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру жолдары
Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеудің әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
Мектепке дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары
Дене тәрбиесінің әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің міндеттері
ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК САБАҚТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мектеп жасына дейінгі балалардымен ұйымдастырылатын дене жаттығулары
Бала тәрбиесінің педагогикалық негіздері және еңбек тәрбиесінің зерттелуі
Баланың денесін спорттық ойындар арқылы жаттықтыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz