Арнайы білім берудегі қазіргі арнайы құралдар



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І ОҚЫТУ, ТӘРБИЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫН
ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІСТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Түзете дамыта оқытудың психологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Жалпы психологиялық әдістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3 Дамуында ауытқулары бар балаларды түзетуде . күлкі, қалжың, жұмбақтардың орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12

ІІ АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ҚАЗІРГІ АРНАЙЫ ҚҰРАЛДАР ... ... ..16
2.1 Арнайы психология пәнінің негізгі ғылыми және тәжірибелік қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.2 Арнайы білім беру жүйесіндегі нормативтік.құқықтық
құжаттамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.3 . Балаларды оқытуда тиімді әртүрлі әдістер және тәсілдер ... ... ... ... ... ...20

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
КІРІСПЕ
Қазіргі кездегі қаралып жүрген негізгі мәселелердің бірі ой-қабілеті артта қалған балалардың ой-өрісін дамыту,оларға айрықша көмек көрсете білу.Сол себепті де көптеген ғалымдар өз ойларын қосқан. Л.С.Выготский айтқандай, оқу баланың біреуге ұқсауы емес өзінің ой өрісін дамыту, жеке тапсырмаларды орындай алу қабілетін дамыту.Осылайша Выготский айтқандай, баланың даму бағасын 2 көрсеткішпен белгілеуге болады: қиын тапсырманы орындағанда көмек ала білу және әрі қарай өздігінен есептерді шығара білу . Осы 2 талап диагностикалық тапсырмаларға белгілі әдістемелік жағдайларды кіргізуді жобалайды. Негізгі тапсырма тым жеңілде емес болмауы керек. Диагностикалық тапсырманы орындағанда баланың іс-әрекетінің нәтижесіне, мұғалім көмек көрсетсе, бақылау керек. Екінші талап- бұл баланың өзі орындай алатын қосымша ұқсас тапсырма беру.
Педагогикалық диагностика жасағанда кездесетін қиындық- бақылау жұмысына талдау жасау.
Диагностикалық жазба жұмыстары оқу- жылының басында жылда өткізіледі. Бұл жұмыстардың негізгі міндеті мыналарды табу:
• тексерген кездегі бағдарлама талаптарын меңгеру сатысы, осы кездегі математикалық білімді, білікті меңгеру сатысы.
• бүлінуге сипаттама, қателерді табу, олардың сатыларын анықтау.
• негізгі психикалық деңгей мен оқушылардың дағдысының даму деңгейін анықтау.
Л.И.Божович 50-жылдары көрсеткендей, мектепке оқытуға дайындық ойлау іс-әрекетінің белгілі бір деңгейіне байланысты,танымдық қызығуына, оқушының әлеуметтік бағытына байланысты. Божовичтің айтуынша ерекше жаңа білім – «оқушының ішкі бағытын» баланың танымдық талабы мен жаңа деңгейдегі қарым-қатынас талабының жиынтығы деген. Н.И.Гуткинаның еңбектерінде негізгі орын мектепке оқытуға ықыластану дейді. Автор психикалық процестердің және тәртіптің еркіндігіне көп көңіл бөледі, ал нашар даму – мектепте оқытуға қиындық туғызатын негізгі себеп дейді. Л.А.Венгер(1978ж), Д.Б.Эльконин (1971,1981ж) және А.Л.Венгер (1985ж)еңбектерінде баланы мектепке оқытуға дайындықтың негізгі шараларының кейбіреулерін атайды: оқу іс-әрекетінің қалыптасу себептерінің болуы (тәртіпке бейімделу, тыңдай білу, нұсқауды орындау, үлгі бойынша жұмыс істеу), психологиялық реттеудің жаңа деңгейіне жету, ойлау қабілетін дамыту, көрнекіліктің, ықыластың, және көңіл-күйдің дамуы.
Бұл жұмыстың өзектілігі болып мектепте оқытуға дайындық компонентті құрылым, кешенді психологиялық зерттеуді талап етеді.
Зерттеудің негізгі обьектісі ой-қабілеті өспей қалған балаларды топта немесе сыныпта қалыпты дамып келе жатқан балалардың ішінде өзіне ерекше көңіл бөлу керектігі.
Зерттеудің негізгі пәні: «Арнайы білім берудегі қазіргі арнайы құралдар»
Арнайы білім берудегі қазіргі арнайы құралдар анықтау жұмыстың мақсаты болып табылғандықтан, төмендегілер курстық жұмыстың міндеті болып табылады:
- Оқыту, тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастырудағы жаңа әдістер арқылы түзете дамыта оқытудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері мен жалпы педагогикалық әдістерін анықтау;
- Дамуында ауытқулары бар балаларды түзетуде – күлкі, қалжың, жұмбақтардың орнын сипаттау;
- Арнайы білім берудегі қазіргі арнайы құралдар және арнайы психология пәнінің негізгі ғылыми және тәжірибелік қағидаларын дәлелдеу;
- Арнайы білім беру жүйесіндегі нормативтік-құқықтық құжаттамалар мен балаларды оқытуда тиімді әртүрлі әдістер және тәсілдерді анықтау.
Негізгі әдістері болып ойлау қабілетін дамыту, көрнекіліктің, ықыластың, көңіл-күйдің дамуы.
Зерттеу көздері:
- «ҚР дарынды балаларды қолдау және дамыту концепциясы»;
- арнайы психология арналған Ресей және Отандық ғалымдарының (Б. Г.Ананьев, А.Н. Леонтьев, К.К. Платонов, В.Н. Мясищев, Б.И. Пинский, С.Я. Рубинштейн, К.С. Лебединская, С.Я. Рубинштейн, Ж.И. Намазбаева) ғылыми еңбектері.
Пайдаланылған әдебиеттер

1.«Актуальные проблемы диагностики ЗПР» под.ред. К.С.Лебединский М.,1982г.
2. Леонтьев А.Н: «Принципы психического развития ребенка и проблема умственной недостаточности» /Проблемы развития психики/ М., 1972г
3. Психодиагностика и коррекция детей с нарушениями и отклонениями развития. / Сост. и общая редакция В.М. Астапова, Ю.В. Микадзе. - СПб.: Питер, 2002.
4. Столяренко Л.Д. Основы психологии: Учебное пособие. - Ростов н/Д, 1997.
5. Цветкова Л.С. Введение в нейропсихологию и восстановительное обучение. – М.: Московский психолого-социальный институт, 2000.
6. Флерова Ж.М. Логопедия. - М., 2001
7. Т.А.Власова. М.С.Певзнер. О детях с отклонениями в развитии-М.1973.
8. Основы обучения и воспитания аномальных детей (Под. Редак.А.И.Дьячкова-М.,1965
9. Кенжебаева Т.Б. Арнайы психология. Павлодар, - 2011.
10. Основы обучения и воспитания аномальных детей (Под. Редак.А.И.Дьячкова-М.,1965
11.Сабирова Р.Ш. Исследование динамики самосознания личности студентов современного ВУЗа: Автореф.дис. канд. психол. наук. –Алматы, 1998. - 28 с.
12.Пилипчук Л.В. Особенности самосознания личности в раннем юношеском возрасте: Автореф.дис. канд. психол. наук. - Алматы, 1999. - 30 с.
13. Омирбекова С.Ж. Особенности самооценки детей подросткового и раннего юношеского возраста. Автореф. ... канд. психол. наук: 27.10.99. Алматы, 1999, 25с.
14.Макина Л.К. Сравнительная характеристика межличностных отно-шений в группах детей-сирот старших классов (с сохранным и нарушен-ным интеллектом) и подростков с нарушениями интеллекта, проживаю¬щих в семьях. Автореф. ... канд. психол. наук: 29.11.99. Алматы, 1999, 25 с.
15.Рубинштейн С.Л. Основы общей психологий. - М., 1989. - т. 2.-245с.
16.Эльконин Д.Б. Природа детства и его переодизация // Избранные психолгические труды. - М., 1989. 68 с.
17.Мудрик А.В. О воспитании старшеклассников. - М., 1981. - 130 с.
18.Сухомлинский В.А. Сердце отдаю детям. - Киев, 1974. - 22 с.
19.Кон И.С. Психология старшеклассника. - М., 1990. - 50 с.
20.Кон И.С. Психология ранней юности. - М.: - Просвещение, 1989. 90 с.
21.Платонов Г.К. Системе психологии и теория отражения. - М., 1986. 230 -с.
22. Мясищев В.Н. Психология отношений. Избранные психологические труды, /под ред. А.А. Бодалева, М.- Воронеж, 1995, 60с.
23.Платонов Г.К. Сруктура и развитие личности. / отв. ред. А.Д. Глоточкин. - М., Наука. 1986. -236 с.
24.Узнадзе Д.И. Общее учение об установке // Хрестоматие по психологии. М.: Просвещение, 1987. 115 с.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І ОҚЫТУ, ТӘРБИЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫН
ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІСТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Түзете дамыта оқытудың психологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... 5
1.2 Жалпы психологиялық әдістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.3 Дамуында ауытқулары бар балаларды түзетуде - күлкі, қалжың, жұмбақтардың орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

ІІ АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ҚАЗІРГІ АРНАЙЫ ҚҰРАЛДАР ... ... ..16
2.1 Арнайы психология пәнінің негізгі ғылыми және тәжірибелік қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.2 Арнайы білім беру жүйесіндегі нормативтік-құқықтық
құжаттамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.3 . Балаларды оқытуда тиімді әртүрлі әдістер және тәсілдер ... ... ... ... ... ...20

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

КІРІСПЕ
Қазіргі кездегі қаралып жүрген негізгі мәселелердің бірі ой-қабілеті артта қалған балалардың ой-өрісін дамыту,оларға айрықша көмек көрсете білу.Сол себепті де көптеген ғалымдар өз ойларын қосқан. Л.С.Выготский айтқандай, оқу баланың біреуге ұқсауы емес өзінің ой өрісін дамыту, жеке тапсырмаларды орындай алу қабілетін дамыту.Осылайша Выготский айтқандай, баланың даму бағасын 2 көрсеткішпен белгілеуге болады: қиын тапсырманы орындағанда көмек ала білу және әрі қарай өздігінен есептерді шығара білу . Осы 2 талап диагностикалық тапсырмаларға белгілі әдістемелік жағдайларды кіргізуді жобалайды. Негізгі тапсырма тым жеңілде емес болмауы керек. Диагностикалық тапсырманы орындағанда баланың іс-әрекетінің нәтижесіне, мұғалім көмек көрсетсе, бақылау керек. Екінші талап- бұл баланың өзі орындай алатын қосымша ұқсас тапсырма беру.
Педагогикалық диагностика жасағанда кездесетін қиындық- бақылау жұмысына талдау жасау.
Диагностикалық жазба жұмыстары оқу- жылының басында жылда өткізіледі. Бұл жұмыстардың негізгі міндеті мыналарды табу:
* тексерген кездегі бағдарлама талаптарын меңгеру сатысы, осы кездегі математикалық білімді, білікті меңгеру сатысы.
* бүлінуге сипаттама, қателерді табу, олардың сатыларын анықтау.
* негізгі психикалық деңгей мен оқушылардың дағдысының даму деңгейін анықтау.
Л.И.Божович 50-жылдары көрсеткендей, мектепке оқытуға дайындық ойлау іс-әрекетінің белгілі бір деңгейіне байланысты,танымдық қызығуына, оқушының әлеуметтік бағытына байланысты. Божовичтің айтуынша ерекше жаңа білім - оқушының ішкі бағытын баланың танымдық талабы мен жаңа деңгейдегі қарым-қатынас талабының жиынтығы деген. Н.И.Гуткинаның еңбектерінде негізгі орын мектепке оқытуға ықыластану дейді. Автор психикалық процестердің және тәртіптің еркіндігіне көп көңіл бөледі, ал нашар даму - мектепте оқытуға қиындық туғызатын негізгі себеп дейді. Л.А.Венгер(1978ж), Д.Б.Эльконин (1971,1981ж) және А.Л.Венгер (1985ж)еңбектерінде баланы мектепке оқытуға дайындықтың негізгі шараларының кейбіреулерін атайды: оқу іс-әрекетінің қалыптасу себептерінің болуы (тәртіпке бейімделу, тыңдай білу, нұсқауды орындау, үлгі бойынша жұмыс істеу), психологиялық реттеудің жаңа деңгейіне жету, ойлау қабілетін дамыту, көрнекіліктің, ықыластың, және көңіл-күйдің дамуы.
Бұл жұмыстың өзектілігі болып мектепте оқытуға дайындық компонентті құрылым, кешенді психологиялық зерттеуді талап етеді.
Зерттеудің негізгі обьектісі ой-қабілеті өспей қалған балаларды топта немесе сыныпта қалыпты дамып келе жатқан балалардың ішінде өзіне ерекше көңіл бөлу керектігі.
Зерттеудің негізгі пәні: Арнайы білім берудегі қазіргі арнайы құралдар
Арнайы білім берудегі қазіргі арнайы құралдар анықтау жұмыстың мақсаты болып табылғандықтан, төмендегілер курстық жұмыстың міндеті болып табылады:
- Оқыту, тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастырудағы жаңа әдістер арқылы түзете дамыта оқытудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері мен жалпы педагогикалық әдістерін анықтау;
- Дамуында ауытқулары бар балаларды түзетуде - күлкі, қалжың, жұмбақтардың орнын сипаттау;
- Арнайы білім берудегі қазіргі арнайы құралдар және арнайы психология пәнінің негізгі ғылыми және тәжірибелік қағидаларын дәлелдеу;
- Арнайы білім беру жүйесіндегі нормативтік-құқықтық құжаттамалар мен балаларды оқытуда тиімді әртүрлі әдістер және тәсілдерді анықтау.
Негізгі әдістері болып ойлау қабілетін дамыту, көрнекіліктің, ықыластың, көңіл-күйдің дамуы.
Зерттеу көздері:
- ҚР дарынды балаларды қолдау және дамыту концепциясы;
- арнайы психология арналған Ресей және Отандық ғалымдарының (Б. Г.Ананьев, А.Н. Леонтьев, К.К. Платонов, В.Н. Мясищев, Б.И. Пинский, С.Я. Рубинштейн, К.С. Лебединская, С.Я. Рубинштейн, Ж.И. Намазбаева) ғылыми еңбектері.
Зерттеу әдістері:
- шетелдік және кеңестік психологияда мүмкіндігі шектеулігі бар жасөспірімдердің өзін-өзі бағалау мәселесіне арналған әдебиеттерде талдау жасау негізгі теориялық зерттеулерді талдау; зерттеу жұмысының әдіснамалық негізін анықтау;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
oo арнайы психология пәнінің ерекшеліктері бойынша теориялық білім жүйеленді, ауытқушы, өзін-өзі бағалау, түсінігі нақтыланды;
oo арнайы психология пәнінің теориялық аспектілері көрсетілді;
Зерттеудің практикалық мәні: мүмкіндігі шектеулігі бар балалардың өзін-өзі бағалау ерекшеліктері бойынша диагностикалық материалдар ендірілді.
Жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ТАРАУ ОҚЫТУ, ТӘРБИЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІСТЕР
1. Түзете дамыта оқытудың психологиялық ерекшеліктері
Қазіргі кезде үлгерімі нашар оқушыларды іріктеп, сыныптарға не топтарға бөліп, онда бұларға әрі қарай оқуына көмектесетін кейінірек әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау ерекше әлеуметтік немесе педагогикалық мәні бар мәселе болып отыр. Психологиялық ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде үлгермейтін оқушылардың кейбір категорияларын зерттеуге байланысты еңбектер пайда болды (Г.Ф.Кумарина, Н.А.Менчинская, С.Г.Шевченко т.б.).
Дифференциалды оқыту жүйесі қазір қалыптасу үрдісінде арнайы мектептер және сыныптардың соңынан психикалық дамуында тежелуі бар балаларға арналған басқа да нысандары және құрылымдары пайда бола бастады. Бұлар оқуы қиынға түскен балаларға арналған, орнын толтыру реабилитация, педагогикалық қолдау. Бұл сыныптарда оқушыларды қолдауға арналған көптеген бағдарламалар оқу процесінің түрлі құралдарымен толықтырулары: (психологиялық, логопедтік, түзеу логопедтік) жасалған.
Қазіргі қоғамның келер ұрпақты білім беру дайындауға қойған талабы стандартты білім, білік, дағдылардың көлемін меңгерудің дифференциалды жолын тауып оның мақсаты мен мазмұнын және меңгеру мерзімін дұрыс қарамай шешу мүмкін еместігіне көз жеткізді. Бұл мәселені шешудегі біздіңше дұрыс бағыт интеграциялау және дифференциалдық оқыту мейлінше байланыстырып қалыптасқан әдеттегі білім жүйесінде түзете дамыта оқыту арқылы жалпы білім беретін мектептер жанынан арнайы сыныптар ашу. Бұл концепцияны түзету педагогикасы институтының қызметкерлері (Н.Н.Малофеев, С.С.Шевченко және т.б.) жасап оны қазіргі таңда көптеген жалпы білім беретін мектептер қабылдап отыр. Бұл концепцияға сүйенсек коррекциялық (түзете дамыту) педагогикалық процестерді жасау дамудағы жағымсыз тәрбие түрін, жою немесе оның алдын-алу үшін комплексті түрде емдеу, жеке емдеу, емдеу профилактикалық жұмыстар арқылы балалардың дене бітімін қатайту, жалпы түзеу, оқу-тәрбие процесін және жеке, топтық жұмыстарды оқушының ерекшелігіне сәйкес, кемшілігіне сәйкес арнайы мамандар жүргізеді (логопед, психокоррекция). Түзете дамыта оқыту сыныптарында жұмыс жүйесі мектепке дейінгі жетіспеушілікті қалпына келтіруге бағытталған және осындағы оқу процесінде жіберілген ағаттықтардың орнын толтыруға бағытталған. Эмоциялық жеке бас сферасындағы жағымсыз ерекшеліктерді жеңу оқу жұмысын дұрыстап жақсарту, еңбек қабілетін көтеру, таным-білімін белсендендіру.
Түзете дамытуда оқытуды төрт негізгі бағытта ұйымдастырып жүзеге асыруға болады: анықтау (диагностика), кеңес беру (консультативтік), түзете дамыту (коррекционды-дамыту) және тәрбиелеу.
Емдеу профилактикалық және әлеуметтік еңбек түзете дамытудың бастапқы сатысындағы сыныптарда оқыту 3-тен 8 жылға созылады. Ол балалардың мүмкіндіктеріне және оқудағы табысына сәйкес.
Түзете дамыта оқыту сыныптарында оқуы қиындық туғызатын түрлі биологиялық және әлеуметтік себептерге байланысты (ми функциясының бұзылуының салдарынан жеңіл түрде көрінген орталық нерв жүйесінің жетілмегендігі, психофизикалық инфантилизм яғни эмоциялық ерік сферасындағы жетіспеушілік, соматикалдық әлсіздік, церебрастикалық жағдай, сондай-ақ баланың алдағы даму кезеңіндегі келеңсіз әлеуметтік жағдайға байланысты педагогикалық бетімен кеткендік) айқындалған балалар оқытылады.
Бұл балалардың қиындығы өзіне аз көңіл бөлінгендіктен эмоционалды-еріктік регуляция функциясының дамымағандығынан өзін-өзі бақылай алмағандықтан оқу мотивациясының төмендігімен жалпы білім алудағы бейжайлық, сондай-ақ жеке психикалық процестердің дамымауынан - қабылдау, еске сақтау, ойлау, сөйлеу тілінің жеңіл түрдегі кемістіктері, моторикасының бұзылуы, қимылдық коррекциясының дұрыс болмауы еңбек қабілетінің төмендігі қимылының тежелуі және қоршаған орта туралы танымының шектеулі болуына байланысты болып отыр. Оқу бағдарламасы бойынша дұрыс дамымаған жағдайда мектептің психо-дәрігерлік, педагогикалық консилиумының шешуімен және ата-аналардың келісімімен арнайы сыныптарға ауыстырылады.
Мектептегі математика пәнінен үлгермеушілерге талдау жасаудың маңызы артады. Математика пәнінен үлгермеудің басты себебі:мектепке дейінгі дайындықта пәнді жөндеп жүргізбегендіктен.
Танымдық іс-әрекеттің ерекшеліктері ойлау қабілетінің дұрыс қалыптаспауынан көрінеді, талдау, салыстыру, қорыту, сөздік байлығының аз болуы, ұсақ моторикасының дамымауы. Сондықтан да, жаңа материалды түсіндіргенде де, оны бекіткенде де,- жеке оқыту керек.
Психологиялық диагностиканың ерекшелігі- балаларды математиканың әр сатысына үйрету: 6-жаста мектепке келген де, 1-2 сыныпта оқыған кезде. Оқи білу - бұл білімді, білікті, дағдыны дұрыс меңгеру, білімді әрі қарай жалғастыру.
Теория жағынан, оқу- адамның ерекше жылдамдықпен дәлдікті есте сақтау, қабылдау, түрлендіру.(З.И.Калмыкова).
Педагогикалық диагностиканың мақсаты- оқушының оқи білуі және оны оқыта білу- бұл оқу сапасын жақсартады. Педагогикалық диагностиканың мақсаты- оқудың сапасын тексеру, қателерін табу, ол қателерді түзету.
Оқушылардың біліміндегі кемшеліктерді тауып, оның біліктілігін арттыру.
Л.С.Выготский айтқандай, оқу баланың біреуге ұқсауы емес өзінің ой өрісін дамыту, жеке тапсырмаларды орындай алу қабілетін дамыту.Осылайша Выготский айтқандай, баланың даму бағасын 2 көрсеткішпен белгілеуге болады: қиын тапсырманы орындағанда көмек ала білу және әрі қарай өздігінен есептерді шығара білу . Осы 2 талап диогностикалық тапсырмаларға белгілі әдістемелік жағдайларды кіргізуді жобалайды. Негізгі тапсырма тым жеңілде емес болмауы керек. Диогностикалық тапсырманы орындағанда баланың іс-әрекетінің нәтижесіне, мұғалім көмек көрсетсе, бақылау керек. Екінші талап- бұл баланың өзі орындай алатын қосымша ұқсас тапсырма беру.
Педагогикалық диагностика жасағанда кездесетін қиындық- бақылау жұмысына талдау жасау.
Диагностикалық жазба жұмыстары оқу- жылының басында жылда өткізіледі. Бұл жұмыстардың негізгі міндеті мыналарды табу:
* тексерген кездегі бағдарлама талаптарын меңгеру сатысы, осы кездегі математикалық білімді, білікті меңгеру сатысы.
* бүлінуге сипаттама, қателерді табу, олардың сатыларын анықтау;
* негізгі психикалық деңгей мен оқушылардың дағдысының даму деңгейін анықтау.
Л.И.Божович 50-жылдары көрсеткендей, мектепке оқытуға дайындық ойлау іс-әрекетінің белгілі бір деңгейіне байланысты,танымдық қызығуына, оқушының әлеуметтік бағытына байланысты. Божовичтің айтуынша ерекше жаңа білім - оқушының ішкі бағытын баланың танымдық талабы мен жаңа деңгейдегі қарым-қатынас талабының жиынлығы деген. Н.И.Гуткинаның еңбектерінде негізгі орын мектепке оқытуға ықыластану дейді. Автор психикалық процестердің және тәртіптің еркіндігіне көп көңіл бөледі, ал нашар даму - мектепте оқытуға қиындық туғызатын негізгі себеп дейді. Л.А.Венгер(1978ж), Д.Б.Эльконин (1971,1981ж) және А.Л.Венгер (1985ж)еңбектерінде баланы мектепке оқытуға дайындықтың негізгі шараларының кейбіреулерін атайды: оқу іс-әрекетінің қалыптасу себептерінің болуы (тәртіпке бейімделу, тыңдай білу, нұсқауды орындау, үлгі бойынша жұмыс істеу), психологиялық реттеудің жаңа деңгейіне жету, ойлау қабілетін дамыту, көрнекіліктің, ықыластың, және көңіл-күйдің дамуы. Осылайша, мектепте оқытуға дайындық компонентті құрылым, кешенді психологиялық зерттеуді талап етеді.
Психологиялық дайындық құрылымынға жататын компоненттер:
Интеллектуалды дайындық, мұның негізгі шарты: көрнекілік және ойлау қабілетін дамыту, байланысты сөйлеу, қолдың ұсақ моторикасын бағыттау, психикалық процесстердің еркіндігі. Мұндай компоненттердің болуы баланың ой өрісін дамытады, белгілі білім қорын бекітеді. Бала ойлауды қорыта білу керек, негізгі логикалық операцияларды (талдау, қорыту белгілерін айыру заңдылықтарды аша білулері) есте сақтай білу керек. Мұндай жаста, баланың ойлау қабілеті бейнелі болып қалады, шындық іс-әрекетке бағытталып, белгілі бір затқа тіреледі. Баланың танымдық іс-әрекеті де жақсы даму керек.
Жеке бастың дайындығы, мұнда оқушы жаңа әлеуметтік бағытты қабылдайды- құқығы және міндеттері бар оқушының жағдайы - оқуға деген ықыласы болған да, сыныптастарымен, үлкендермен араласа білу қабілеті дамиды. Егер мектеп баланы тек қана сыртқы жағымен қызықтырмай, жаңа білім берсе, танымдық іс-әрекетін дамытса, онда баланы мектепке оқуға дайын деуге болады. Болашақ оқушы өзін-өзі тәртіпті ұстай білуі, танымдық іс-әрекетін дамытуы,ынтасын қалыптастыра білуі қажет. Жеке бастың дайындығы - баланың көңіл-күй деңгейінің дамуында қамтиды. Жаңа оқуға барғанға дейін, баланың жақсы көңіл-күйі қалыптасуы керек(импульстік әсерлер болмауы керек,)сонда оқу іс-әрекеті жақсы дамиды.
Физикалық дайындық, баланың барлық мөлшерге сай, фихикалық дамуын қамтиді. Ерекше көңіл - күй бөлетін жағдайлардың бірі - 7 жасар психикалық дамуы тежелген балалардың оқуға психикалық дайындығы, және мектепке дейін олармен арнайы түзете- дамыту жұмыстарының жүргізілу. Осы мақсатпен 7 жасар психикалық дамуы тежелген балалардың мектепте оқуға дайындығының диогностикалық картасы жазылады.
1.2 Жалпы психологиялық әдістер
Біздің заманымызда, адамдардың дұрыс өмір сүруіне, қоғамдық өмірде дұрыс болуына, сол адамдардың жеке басының ерекше қасиеттері көп әсер ететіні белгілі. Бұл әсіресе адамның күш - жігеріне байланысты. Ол адам - күшті, жігерлі, мықты, денсаулығы зор, қиындықтан қорықпайтын, өз мақсатына жете алатын болуы қажет.
Нашар жігер - өте көп жетіспеушіліктер әкеледі. Мұндай сау емес ауру жігерді емдеу, түзету қажет.
Оны түзетпес бұрын, осы жігер терминіне аздап талдау жасасақ.
Бұрынғы спиритуалдық көзқарастарға қарасақ, адам өзінің жаратылысынан қоршаған ортаға қарамай, ойына келгенін істеген дейді; адамның осы қасиетін жігер деп атаған.
Осы жігерге байланысты адамдардың тұлға ретінде қоршаған ортадан айырмашылығын анықтаған. Дегенмен, қазіргі философия мен психология, басқаша айтады: адам баласы барлық қасиетімен, қоршаған ортаға бағынышты дейді. Бұл дегеніміз, адамдар бір іс істер алдында, осы қоршаған ортаның әсері болады. Осындай қоршаған ортаға адамдардың өз тарапынан кез келген жағдайда таңдауы - жігер болады. Физиологиялық жағынан алғанда, адамдардың мұндай іс әрекеті, ми қабығының жолдарымен байлынысты. Медицинада осы ми қабығы зақымданса, онда адам энергиясынан, күшінен айырылып, баяулап, ақырындап, аз қозғалып, көп ұйықтайтын болады; сонда дәрігерлер бұл адамның жігері ауырады дейді. Сондықтан, жігер әлеуметтік - экономикалық және биологиялық, адамның іс әрекеті.
Дұрыс дамыған баланың күш - жігер тәртібі өзінің дамуында әр түрлі сатыға бөлінеді.
Олар туралы А.П. Блонскийдің еңбегінде жақсы жазылған. Кез келген педагог балалардың жігеріндегі кемшілігін зерттегенде, олардың жас ерекшелігіне қарайды.
Жігерді тәрбиелеу үшін американдық ғалымдар айтқандай - жігерді дамыту емес, мысалы, қиын жағдайды бастан өткерсе ғана емес, біздің іс әрекетімізге түрткі болатын себепті табу керек. Баладан шығатын іс әрекеттің себебін тауып, оны орта балаға қарай бейімдеуі керек.
Дәрігерлік - педагогикалық жігердің кемшілігін түзету төмендегідей болады.
Нашар, ауру жігерді емдеу, бекіту жүйелі түрде жүруі керек. Бұл үшін тәрбиешінің жігері мықты болуы керек; бала тәрбиешіден күш алып отыруы керек, өйткені жігер біреуден - біреуге беріліп отырады. Жігерсіз адам, мықты жігерлі адамды тәрбиелей алмайды.
Жігерсіз балалардың көңілі дұрыс болмайды: мұндай бала бәріне бірдей қарайды; оған бәрі қызық, бірақ барлық жаңа зат, оған тез ескіреді, жалықтырады, өйткені ол тек қана заттың сыртқы бейнесіне ғана көңіл аударады. Сондықтанда, әр түрлі қаланың өмірі, жігерсіз балалардың энергиясын алып қояды, күні бойы жүрген соң ол шаршап, миы шатасады. Мұндай болдырмау үшін баланы қаланың шуылынан алыста ұстаған жақсы. Неғұрлым қабылдау аз болса, соғұрлым дамуы көбейеді. Бала аз көріп, естісе, заттың қасиетіне терең үңіліп, мән беретін болады.
Бірте - бірте баланың көңілін заттарға аударған сайын, оның алдында көптеген жаңалықтар ашқан сайын, бала көптеген жетістіктерге жете алатын болады, бастаған істі аяқтауға, еңбектен рахат алуға үйретеді, өзіне - өзі келе бастайды.
Кейбір жігерсіз балалар, біртипті мектептерде оқығанда болады, өйткені мұндай мектептерде олар өзін - өзі дамыта алмайды, ал қоршаған ортаға бейімделуге оның күші жетпейді. Мұндай кезде, олар басқа жұмыспен айналысады, сабақпен емес, өзіне ұнайтын іспен айналысады. Қол еңбегімен, кітап оқумен айналысады. Мұндай балалардың ата - аналары кінәлі, жас кезінен үйретпеген. Бұл балаларға 4 қабырғада отыру қиын, ол бостандықты іздейді, еркін ойнағысы келеді, басқа жұмыспен айналысады. Оның ойына алған ісін істеуіне жағдай жасау керек, сонда ондай балалар өзіне ұнаған ісін де, өзіне ұнамаған істі де жасайды.
Барлық балалар еліктегіш. Егер жігерсіз балалар өзінің маңайында мықты, қатал, сөзге берік адамдарды көрсе, онда олар да осылардай болуға тырысады.
Кез - келген бір жұмысты бастар алдында, ол жұмыс баланың күшіне, біліміне сай келуін бақылау керек. Жұмыстың мөлшері, баланың жігерсіздігіне қарай жеңіл болуы қажет.
Бірбеттілік, күштілік, белсенділік, мақсатқа жете білу, жұмыста төзімділік көрсете білу керек.
Бұл үшін, бір жағынан, қызық құрастырылған жұмыс, екіншіден өзін - өзі тәрбиелеу, өзін - өзін түзету, өзіне - өзі ие болу керек, мұндай міндеттер оңай емес, бірақ орындауға болады.
Кей уақытта ата - аналар қателеседі - қисық - қыңыр, ерке баланың барлық талабын орындай береді, тек қана бала жыламаса болды деп. Мұндай жағдайдан соң бала ерке болып, нәзік болып, еріксіз, жігерсіз болып өседі. Өмірдің қиын кезеңдеріне - төзімді, өзін - өзі ұстай алатын болуы керек. Қайғыда төзімді болу керек. Көбінесе, кейбір қайғылы оқиғалар, алғашқы қиындықтар баланы жолдан тайдырып, жігерсіз балаларды әлсіздендіреді. Бұл - өмірдің осалдығы емес, бұл - тәрбиенің осалдығы.
Дұрыс қойылған мекемелерде, жақсы ұйымдасқан ұжымдарда - түзету ерекше түрде болады, өте тиімді болады.
Жігерсіздікті түзету, оны дамытуды және оны бекітуді физикалық жаттығудан бастаған жөн: жүгіру, шаңғы тебу, жүзу, қайықта жүзу, таза ауаға шығу - осының бәрі табиғи қимылдар.
Балалардың жігерсіздігін дамытуда, физикалық тәрбие үлкен қызмет көрсетеді, мінезіндегі осалдықты түзетуге көмектеседі. Физикалық тәрбие баланың бойындағы жетіспейтін: әлеуметтік көңілшектік, шыдамдылық, төзімділік, күштілік, ерлік т.б. қасиеттерді тамытады. Дене тәрбиесі көңілді, қызық өтуі керек.
Жігерді жақсы дамыта бастаған сайын, әр түрлі еңбекпен айналысу керек (шеберханаларда, өзіне - өзі қызмет ету), мимен (баспен) жұмыс істеу керек. Еңбек еткенде адам организмі қозып, демалысы жиілеп, қан айналымы жақсарып, ас қорыту жақсарып, организімдегі зат алмасу жүріп, мидың қызметі өсіп, мектептегі сабаққа деген ынтасы артады, кітапты өзі оқып, интелектісі дамиды.
Бірақ еңбек, жұмыс істеу әсіресе нервысы жұқарған, жұмыс істей алмайтын балалар үшін қызық болу керек. Бұл балаларда, жиі жұмысқа деген жеккөрушілік, ойлау қабілеті төмен болады. Осыны болдырмау үшін, балаларды қызықтыру қажет, әркімге ұнайтын жұмыс таңдау керек. Сонда ғана оларды дұрыс тәрбиелеуге болады, сонда олар дұрыс жұмыс істейді, аяғына дейін аяқтайды.
Өзі істеген ісіне қуанып, оның нәтижесін көрсе, ол балада сенім пайда болады, сонда ол өзінің не істей алатына көзі жетеді.
Балаларды, өз талабын, өз қолдауын орындауға үйрету керек. Бұл үшін оған әр түрлі тапсырмалар беру қажет. Бұл тапсырмалар балаға оңай болуы қажет, егер қиын болса, ол оны істей алмайды да, онда сенімсіздік пайда болады, бұл жігерсіздікке әкеледі. Баланың өзіне деген сенімі жайылып, өзіне - өзі күдіктене бастайды. Бұл күдік жігерсіздікке әкеледі. Онда тәрбиемен қатар емдеу қажет болады.
Ауытқуларды, жігерсіздікті түзету үшін психотерапия көмекке келеді.
Нерв жүйесін сауықтыру: электротерапия, гидротерапия, аэротерапия, дәрімен емдеу арқылы іске асады.
Дұрыс қалыптасқан дәрігерлік - педагогикалық кесте, гигиеналық толықтырулар - жігерсіз балаларды емдеуге көп көмек береді.
2. Қорқынышты түзету.
Қорқынышты түзеткенде, түндеде, күндіз де қорқынышты оқиғаларды айтып, газет оқуға болмайды: бала өзінің ойымен еркін бөлісу керек, неге қорқатынын айтуы керек, одан арылту керек. Кейде, қатты айқалап қалғанда да т.с.с. жағдайларда қатты қорқу мүмкін, оған бала үйренуі керек.
Белгілі бала дәрігері әрі педагогы Гуго Оппенгей, неміс психиатыры Теодор Циген айтқан эффекті гимнастикасын пайдалануды ұсынады, балаларға осы әдістемелік жаттығуларды орындату, сөйтіп біртіндеп қорқыныштан арылту керек дейді.
Оттан қорқатын балаға (сіріңке шиі) шырпыны байлап қойып, бірнеше күннен кейін шешу керек дейді. Әрі қарай жанған шорпыны ауру баладан алып, оған түсіндіру керек: енді сен жауапкершілікті өзің қолыңа алуын керек деп. Кейін ол бала отты өзі сөндіріп, оны өзі лақтырып тастайды. Сөйтіп, өзін қорықпауға үйретеді. Бірінші рет, дәрігер міндетті түрде болуы керек, сөйтіп оған өз қорқынышын жеңуге үйретеді. Әрине, ол дәрігерге тұтастай сенуі қажет.
Қысқаша айтсақ, қорқыныш - бұл қозу, бала бұл жағдайда өзін - өзі ұстай білу керек. Сонда ғана ол қорқынышты жеңеді.
Жалпы айтсақ, бәріненде балаға ақырын түсіндіру, көндіру, сендіру жақсы көмек береді. Қатал түрде ешқандай көмек бере алмайсын.
3. Елемеушілік әдісі.
Мінезі ерекше балаларға еш уақытта да олардың ерекше екендігін білдірмеу керек. Олардың бәрі де өздеріне ерекше көңіл аударғанды ұнатады. Олардың мінездегі кемшілікке көңіл аудармаса, психопаттық ерекшеліктерін басады. Өздерінің сау еместігін білмеуі керек, олардың кейбіреулері психикалық жетпеушілігін өсіріп айтады, ал кейбіруі жауапты болғысы келмейді.
Есірік балалардың мінезіндегі кемшіліктерді түзетуде елемеушілік әдісі жақсы нәтиже береді - олардың өздеріне көңіл аударғысы келетін талаптарына жақсы әсер етеді. Олар алдымен, жұмсарады, сосын есіріктік жойылып, өздерін тәрбиелей, түзете бастайды.
4. Дені сау күлкі мәдениеті әдісі.
Кейінгі кездегі ғылыми зерттеулерде, американдық физиолог, психолог Джордж Дирборын - баланың өмірінде жиі сағат сайын, минут сайын күлу, қуану, көңілді болу - үлкен маңызы зор дейді.
Қуаныш көңіл - күйі - ұсақ қан тамырларын үлкейтіп, қан айналымын жақсартып, өмірге деген организімнің құштарлығын оятады, - дейді.
Әрі қарай, қуаныш адамның денесіне, бұлшық еттеріне, нервісіне, ас қорыту, ақыл ой дамуына, дене тәрбиесіне - үлкен үлес қосады дейді.
Профессор Е.К. Сепп күлкіге психофизикалық маңыз беріп, адам өміріне әсіресе шаршаған ми қабығына жақсы әсер етеді. Әрі қарай, адам күлген кезде бас сүйекте және кеудеде қан айналымы төмендейді; осы кезде қан қысымында толқу пайда болып, ол толқу біртіндеп көбейеді. Егер осы айтқанды қорытып ойласақ, осы процессті мидың вена жүйесіне апарсақ, онда жеңіл қан айналымы жүрген кезде ми қайтадан сұйықтың ағуын сезеді, сонда миға ерекше массаж жасалады. Сөйтіп, күлген кезде, ол миға массаж жасай отырып, миды қанмен толтырып, оны шаршатпай, мидың ерекше дем алуына көмектеседі екен.
Қуанудың әсері әсіресе ерекше дамыған балаларға да тиеді. Мысалы, өзімен - өзі жүретін, аутизм балаларды алсақ - мұнда дәрігер, педагогтар балаға дұрыс атмосфера жасап, оны қуанту керек. Бұл балаларға қуаныш - күннің жылуындай, ауадай қажет. Көңілді күлкі - ондай балалар үшін - дәрі тәрізді, ұдайы қолдану керек.
Осындай мақсатпен, біз мұналарды ұсынамыз: біріншіден, арнайы кітаптар қажет, ол кітаптарды оқығанда, балалар табиғатты жеңуге, ерлікке үйрену керек. Көңілді, күлкілі кітаптар қажет.
Көңілді, қалжындай білетін педагогы болса, балаларға тіпті жақсы.
Балалардың арасында да, көңілді, сықақшы, әңгімеші балалар да болады. Олардың мұндай қасиеттерін дамытып отыру кажет. Тек қана, мұндай күлкі - қалжың шектен асып, басқа балаларды мазақтамаса болды, соны бақылау керек.
1.3 Дамуында ауытқулары бар балаларды түзетуде - күлкі, қалжың, жұмбақтардың орны
Дамуында ауытқулары бар балаларды түзетуде - күлкі, қалжың, жұмбақтардың орны ерекше.
Жақсы тәрбиеші жүйелі түрде дені сау күлкіні, мәдениетті күлкіні қолданады.
5. Бала қатты қозған кездегі іс әрекет.
Бала қатты қозған кезде, оған психикалық әсер ететін, қоршаған үлкен адамдар болады. Тәрбиеші, бала аффект кезінде қандай қиын болса да, өзінің мықты күшімен баса алады.
Тіпті қиын болған жағдайда, баланы төсекке жатқызып орап тастау керек, немесе ваннаға апару керек.
Қатты қозу кезінде, жазалауға болмайды, өйткені бала жартылай ессіз, жауапсыз жағдайда болады, сондықтан, қолына түскен затпен ұрып жіберуі, немесе айқайлап жылауы т.с.с. әрекет етуі мүмкін.
Қатты қозу - өзін - өзі ұстауына мүмкіндік бермейді; сондықтан да оны да, адамдарда да аулақ ұстау керек. Бір рет дұрыс емес қимыл жасаса, бар өмірін өзгертуі мүмкін.
Ұзақ қозу болса, онда жеке бөлмеге, құлып салмай, төсекке жатқызып ұстайды. Көзден таса қылмау керек. Ауру адамды күткендей болып, температурасын өлшеп, дәрі беріп т.с.с. жанында болу керек.
Есірік балалардың ұстамасы ұстаған кезде, көзден таса қылмай қарау керек, олар кейде өзін - өзі өлтіруге дейін барады.
Жазалауға да болмайды - психикалық паралич болуы мүмкін.
Профессор Н.Н. Тарасевич, әңгімелесу әдісін ұсынады. Бала тынышталған соң, жеке жерде онымен әңгімелесуге жеңіл болады, бұл жағдайда педагогы балаға өте жақын келіп, оның тәртібін жақсы түсінуіне мүмкіндік туады. Мұндайда, тәжірибе қажет, педагогикалық такт керек.
Бала, педагогын жақын тартып, қорғаушысы ретінде, сезінуі қажет.
Кейде, мұндай қозу барлық коллективте болуы мүмкін. Мұндай жағдайда, оның себебі:
а) дұрыс тамақтандырмау, аш болу;
б) педагогтардың дөрекі, қатыгез мінез көрсетуі;
в) мекеменің күн тәртібіндегі кемшілік - таза ауаға шығармау;
г) бірқалыпты, ішпыстыратын, дұрыс дем алмау;
д) көсем - балалар, басқаларды қорқытып, итермелейді, - нәтижесінде қатты қозу - аффект - дәрігерге, педагогқа, директорға қарсы шығады.
Осы себептердің бәріне, тағы бір себепті қосуға болады, ол: жаман оймен педагогтардың біреуі ұйымдастыруы мүмкін. Мұндай себепті тез арада таба алмайды, және оңай емес.
6. Ұматшақтықты түзету.
Ұмытшақтық - әртүрлі себептерге байланысты:
1) Үнемі неше түрлі ойлар алмасып отырады, көңіл - күйі өзгеріп тұрады, ми бос болмайды.
2) Үдемелі көңіл аудару. Ньютон, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім берудегі электронды басылым мен ресурстардың әдістемелік талаптары Мұғалімдердің ақпараттық-коммуникациялық біліктіліктерін көтеру
Арнайы білім берудің технологиялары мен әдіс – тәсілдері туралы ақпарат
Математиканы оқытуда жаңа технологияларды қолдану мәселелері
Оқушыларға сабақ беру үрдісінде электрондық оқулықтарды пайдалану арқылы география, экология, экономика білім берудің теориялық тұрғыдан негіздеу
Интерактивті тақтаны пайдалану
Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері
Педагогикалық менеджмент маңызы
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану
Бастауыш мектепте қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігі
Психикалық жас ерекшеліктеріне сәйкес жас кезеңдері
Пәндер