Ақша-несие саясатының теориялық негіздері немесе ақша-несие саясатының мәні, түрлері және құралдары


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

  1. Ақша-несие саясатының теориялық негіздері немесе ақша-несие саясатының мәні, түрлері және құралдары. Мемлекеттің ақша-несие саясатын қалыптастырудың мақсаттары, міндеттері. Ақша-несие саясатының түрлері және құралдары. Пайыздық саясатты жүргізудің шетелдік тәжибесі.
  2. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі мемлекеттің ақша-несие саясаты. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясаты. Ақша-несие саясатын жүргізу механизімі.

2. 3 Ақша-несие саясатының табыстау механизімі және оның салық бюджет, валюта саясаттарымен байланысы.

  1. Қазақстандағы пайыздық саясатты жетілдірудің іс-шаралары

3. 1 ҚР-ның ақша-несие саясатының қазіргі даму ерекшеліктері

3. 2 Ақша-несие саясатын жүргізудегі аспектілер

3. 3 Қазақстандағы пайыздық саясатты жетілдіру жолдары

ҚОРТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Ақша - несие саясаты - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді.

Ақша - несие саясаты Қазақстан Республикасында ҚР Ұлттық Банкімен елдің банктік пайыздық ставкаларын, валюта курсын, төлем қабілеттілігін анықтау жолымен іске асады. Сонымен қатар ақша массасы көлемінің кеңеюіне немесе оның қысқаруына бағытталуы мүмкін.

Төлем айналымы және оның біздің елдегі қалыптасуы мен жұмыс жасау қарқыны ақша-несие саясатының негізгі мақсатының бірі, мұнымен қоса инфляциялық тежелуді қамтамасыз ету және қаржы нарығының тұрақтылығын қадағалау қызметтері де жүктеледі. Айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру өз алдына үлен жауаптылық. Бұл мақсаттарды бір мезгілде шешу қиындық тудырады. Себебі экономикалық өсу үшін несиелік экспансия, ал инфляцияны тежеу үшін, керісінше, несиелік рестрикция, яғни ақша массасының жалпы шектеулілігі қажет. Сондықтан да ақша-несие саясаты тұрақты бюджет, төлем балансы және салық саясатымен байланысты келеді.

Ақша-несие саясаты бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуге, сондай-ақ несие беру мүмкіндігі туралы, төлем балансы сұрақтарын шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап өз клиентін таңдаудағы біліктілігіне негізделеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүдделеңдіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі пайыз саясатының басты мақсаты - айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.
Жалпы, курстық жұмыстың жазылу құрамы кіріспе, үш бөлім, тоғыз сұрақты, сондай-ақ қорытынды, пайдаланған әдебиеттерді қамтып отыр.

Яғни, Қазақстан Республикасының пайыздық саясатының қазіргі кездегі қиыншылықтары анықталды және одан шығудың жолдарына сипат берлді.
Курстық жұмыстың жазылу барысында және тақырыптың мазмұнын ашуда белгілі авторлардың оқулықтары, монографиялар, сондай-ақ газет -журналдар беттеріндегі жарияланған мақалалар, маңызы деректер, статистикалық көрсеткіштер жан-жақты пайдаланылып отыр.

  1. АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ НЕМЕСЕ АҚША НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ МӘНІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚҰРАЛДАРЫМемлекеттің ақша-несие саясатын қалыптастырудың мақсаттары, міндеттері.

Ақша-несие саясаты - инфляцияға қарсы күреске, ұлттық валюта бағамын қолдауға және рыноктың қалыпты жағдайда қызмет етуіне бағытталған мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі. Ақша-несие саясаты - бұл экономикалық жағдайды <<нәзик қалыпқа түсіретін>> құрал. Ақша несие саясатының негізгі қарастыратын міндеттері, толық жұмыспен қамтамасыз етілуді және инфляцияның болмауымен сипатталатын өндірістің жоғары деңгейіне жетудің экономикалық жүйесине көмектесу болып табылады.

Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша - несие саясаты - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді.

Ақша - несие саясаты Қазақстан Республикасында ҚР Ұлттық Банкімен елдің банктік пайызды ставкаларын, валюта курсын, төлем қабілеттілігін анықтау жолымен іске асады. Сонымен қатар ақша массасы көлемінің кеңеюіне немесе оның қысқаруына бағытталуы мүмкін.

Төлем айналымы және оның біздің елдегі қалыптасуы мен жұмыс жасау қарқыны ақша-несие саясатының негізгі мақсатының бірі, мұнымен қоса инфляциялық тежелуді қамтамасыз ету және қаржы нарығының тұрақтылығын қадағалау қызметтері де жүктеледі. Айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру өз алдына үлен жауаптылық. Бұл мақсаттарды бір мезгілде шешу қиындық тудырады. Себебі экономикалық өсу үшін несиелік экспансия, ал инфляцияны тежеу үшін, керісінше, несиелік рестрикция, яғни ақша массасының жалпы шектеулілігі қажет. Сондықтан да ақша-несие саясаты тұрақты бюджет, төлем балансы және салық саясатымен байланысты келеді.

Ақша-несие саясаты бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуге, сондай-ақ несие беру мүмкіндігі туралы, төлем балансы сұрақтарын шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап өз клиентін таңдаудағы біліктілігіне негізделеді.

Ақша -несие саясатының мақсаттары:

- қаржылық рыноктағы тендестікті қолдау, айналымдағы ақша жиынтығын реттеу мен бақылау;

- экономикадағы инфляциялық көріністерімен күрес, ұлттық валютаның бағамын реттеу;

- экономикалық кезенді реттеу және жағдайды теңдестіру;

- экономиканың нақты секторын арзан кредит ресурстарымен қамтамасыз ету.

АКС-ның негізгі мақсаты инфляцияның төмен қарқының (6-8 пайыз) қолдау болып табылады.

Бұл мақсатқа Ұлттық банкте бар барлық құралдарды пайдалану арқылы ақша базасының деңгейін реттеуді қамтамасыз етумен қол жеткізуге болады.

Ақша-несие саясаты ақша айналымын реттеу, қайта қаржыландыру мөлшерін белгілеу, валюталық дәлізді белгілеу және т. б. арқылы жүргізіледі. Барлық көрсетілген құралдар экономикаға жанама және жалпы ықпал көрсетеді, сондықтан бұл құралдарды қолданудың сандық нәтижесі алдын ала баға беруді төтенше қиындатады.

Макроэкономикалық дамуда ақша рөлі мәселесі үш макроэкономикалық көзқарасқа бөлінеді.

Неокласикалық мектеп өзін-өзі реттейтін және өзін-өзі дамытатын рыноктық экономика туралы көзқараспен байланысты экономикалық үдерістерді мемлекеттік реттеудің қажеттілігін теріске шығарды, ал ақшаны ЖІӨ, табыстар, инвестициялар, бағалар және т. б. тәрізді көрсеткіштердің тек атаулы көрінісіне қажет сыртқы қабығы ретінде қабылдады. Неоклассикалық мектеп өкілдерінің пікірі бойынша, ұлттық өндірістің көлемі экономикада бар өндірістік ресурстарға тәуелді болғандықтан, олардың серпіні мен ақшаның нақты деңгейіне ықпал жасауы мүмкін емес. Экономикадағы ақша көлемінің өзгерістері тек ішкі бағаның деңгейіне әсер ету мүмкін.

Мұндай ұстаным, ақшаның атаулы санының үйлесімді өзгерістерін келтіретінің дәлелдеген И. Фишердің теориясында барынша айқын көрінді.

<< И. Фишердің айырбас теңдеуі >> деп аталған теңдеуде байланыс айқын көрінеді:

MV=P×Q

мұнда М - айналымдағы ақша көлемі;

V - бір ақша бірлігінің айналым жылдамдығы;

P - тауарлар мен қызметтің орташа бағасы;

Q - жыл ішінде ұлттық экономика шеңберінде өндірілген, тауарлар мен қызметтің саны немесе жалпы ұлттық өнімнің нақты көлемі. [6]

Жоғарыдағылардан қорытындылай отырып, неокласиктер ақша саясатының тиімсіздігі туралы және барлығынан бұрын, балансталған мемлекеттік бюджет пен балансталған төлем балансы жөнінде пайым жасады.

1929-1933 жж. ұлы тоқырау бұл мектептің көп ережелеріне, оның ішінде, әсіресе рынок экономикасындағы мәжбүрлі жұмыссыздық пен мүмкін дағдарыстарды іс жүзінде шығарып тастаған ережесіне күдік тудырды. Бұл дағдарыстарды тудырған ақшаның сандық теориясының қабілетсіздігін білдірді. Экономиканы реттейтін, бірнеше мемлекеттік шараларды, оның ішінде қаржы реттеуішін қолданатын шараларды пайдалану қажет болды.

Кейнсиандық көзқарас. Көрнекті экономист Дж. М. Кейнстің <<Жұмыспен қамтамасыз етудің, пайыздың және ақшаның жалпы теориясы>> (1936ж) кітабының шығуымен, жалпы макроэкономикалық саясатқа және оның ішінде ақша саясатына көзқараста түбегейлі революция болды. Дж. Кейнс экономикалық белсенді жағдайға мемлекеттің ықпалы қажет деп есептеді және экономикадағы жиынтықты сұранысты өзгерту үшін қаржы-несие және бюджет-салық саясаттарының әдістерін ұсынды.

Кейнсиандық базалық негізделетін негізгі теориялық теңдеу:

Y=C+Q+I+XN;

мұнда Y - ЖҰӨ-нің атаулы көлемі;
C - тұтыну шығындары;
Q - тауарлар мен қызметке мемлекеттік шығындау;
I - жеке инвестициялар;
XN - таза экспорт;

Дж. Кейнс шешуші мәнді инвесиициялық сұранысқа апарды, өйткені, мульципликациялық әсер арқылы инвестициядағы ауытқулар өндіріс жұмыспен қамтамасыз етілуде үлкен өзгерістер әкеледі. Инвестиция денгейі негізінен, пайыздық мөлшерлемелерге байланысты: пайыздын мөлшерлемесінің өсуі инвестиция деңгейін азайтады, яғни өндіріс және жұмыспен өамтамасыз ету көлемі төмендейді. Өз кезегінде пайыздық мөлшерлеме ақша жиынтығының деңгейімен анықталады: оның өсуі пайыз мөлшерлемесінің азаюына және инвестицияның өсуіне әкеледі және керісінше, азаю пайыз мөлшерлемесінің өсуіне және инвестицияның төмендеуіне әкеледі.

Бұл пайыз мөлшерлемесінің ауытқуы арқылы ақша айналымының жағдайы экономикаға тұтастай кушті әсер етеді. Себепті - салдарлы байланыстын тізбегі мынадай: ақша көлемінің өсуі пайыз мөлшерлемесінің төмендеуіне әкеледі, бұл инвестицияның өсуіне келтіреді, яғни табыс және жұмыспен қамтамасыз етудің өсуіне әкеледі, яғни пайыздық мөлшерлеме - бұл ақша айналымы арқылы экономикаға ықпал ететін басты тұтқа.

Кейнс ақшаға сұранысты екі шаманың қызметі ретінде қарастырды -атаулы ұлттық табыс және пайыз мөлшерлемесі, өйткені ол ақшаға сұраныс екі элементті қосады деп есептеді:

  1. Трансакциялық сұраныс немесе мәміле үшін ақшаға сұраныс. Ол жоспарланған шығынға ақша қажет болған жағдайдағы трансакциялық уәжді есепке алады. Трансакциялық сұраныс атаулы ұлттық табыстың деңгейіне тәуелді: оның деңгейі жоғары болған сайын, шығындар деңгейі сонша жоғарылайды және мәмілеге көп ақша қажет болады.
  2. Бағалы қағаздарды сатып алу және сатумен байланысты, алыпсатарлық сұраныс. Мұндай сұраныстың болуы адамдар әрбір нақты жағдайда тұтынуға табыстың қандай үлесін бағыттауды, ал қайсы бірін жинақ салымына және бұл жинақты қандай нысанда сақтауды шешетініне байланысты. [6]

Бағалы қағаздар белгілі бір тәуекелі болса да табыс әкеледі, өйткені пайыз мөлшерлемесінің өзгерістері бағалы қағаздар бағамының өзгерістеріне әкеледі: пайыз мөлшерлемесі жоғалылаған сайын, баға сонша төмен болады. Мұндай жағдайда, өтемпаздыққа артықшылық беруге жаппай ұмтылу пайда болады. Осыдан алыпсатарлық уәж ақша мен пайыз мөлшерлемесі арасындағы сұраныс шамасының кері байланысын қалыптастырады.

Ақша - несие реттеуі әдісін пайдалана отырып, мемлекет пайыз мөлшерлемесіне әсер ете алады, сол арқылы - жұмыспен толық қамтамасыз етуді және экономикалық өсуді қамтамасыз етуді қолдай отырып, инвестиция деңгейіне ықпал ете алады.

Ақшаның сандық монетарлық теориясы. XX - ғасырдың 60- жылдарының аяғында барлық айқындалғандардан кейін, кейнсиян теориясының кемшіліктері - оның ішінде: инфляциялық үдерістердің қауіптілігін жете бағаламауы; мемлекеттік шығындардың, бюджет тетіктерінің рөлін өсіріп көрсетуі; қаржыландырудың жетіспеуінің нақты әсерін артық бағалауы біліне бастады. Бұл экономикадағы ақша рөлін қайта қарауға және монетарлық теорияға оралуға көмектесті. Монетарлық тәрізді экономикалық теорияда белгілі М. Фридмен және оның ізбасарлары, ақшаның қазіргі заманғы сандық ториясын әзірледі.

Бұл теорияның басты постулаттары:

  • Рыноктық жүйе өзін-өзі реттеу негізіндегі автоматты қабілетке ие, өзін тепе-тендікке әкеледі. Экономикада пайда болатын қиындықтар сыртқы факторлармен танылады және мемлекеттік органдардың қате әрекеттерінің нәтижесі болып табылады. Рыноктық экономиканың өзінде, жеке шаруашылық табиғатында әуелден негізі қаланған, беріктіліктің жеткілікті қоры бар.
  • <<Бірде -бір үкімет рынокпен артық дана бола алмайды>>, сондықтан экономикаға мемлекеттік араласуды шектеу қажет.
  • Осы айтылғандардың пайдасына дәлелдер: а) теңдесуді қалыпқа келтіруге ұмтылатын, стихиялы реттеушінің әрекетін шектеуге мемлекеттік араласу; ә) мемлекеттік араласу қысқа мерзімді келешекке бағытталған, ал пайда болған қиындықты шешу үшін уақыт кендігі, уақыт ұзақтығы керек және ол тек рыноктың өз күшінен ғана келеді; б) мемлекет сұранысты құра алады және оны басқарады ( мемлекеттік шығындар, салықтар, қарыздар және т. б. арқылы), ол тауар ұсынысын көбейте алады.
  • Зерттеулер мен тәжибелік ұсыныстар ауыртпалығының орталығын ақша-несие операциясының аймағына көшіру. Ақша өзінің барлық көп бейнелілігімен экономикалық үдерістердің стихиялық реттеушісі бола алады. Сонымен бірге ақша жиынтығының айналысына оның мөлшерлері, өсу қарқыны және ақша айналымының жылдамдығына назар аудару жинақталады.

Қазіргі заманғы ақша теориясы, кейнсиян теориясының элементтерін, монетарлықты, <<экономика ұсынысының>> неоклассикалық теорияларын және т. б. қоса отырып, бара-бара көбірек синтетикалық нысан ала түседі. [6]

1. 2. Ақша-несие саясатының түрлері және құралдары

Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. ҚҰБ ақша-несие саясатының басты мақсаты: Ұлттың валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді. Ақша-несие саясаты - бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.
Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.
Шаруашылық конъюктурасының жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:
1 . Рестрикциялық ақша-несие саясаты;
2 . Экспанцондық ақша-несие саясаты.
Рестрикциялық ақша -несие саясаты - екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатан шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің денгейін арттыруга бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциондық ақша -несие саясаты - несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша массасынын өсуіне бақылаудың, әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінін төмендеуімен байланысты шаралар. [7]
Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетуде Ұлттық банк қатаң ақша-несие саясатын жүргізуде. Заңға сәйкес Ұлттық банк мынадай ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:
- Сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу;
- Ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу;
- Мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сатуы бойынша ашық нарықтағы операцияларды жүргізу;
- Банктерге және үкіметке несиелер беру;
- Валюталық нарыққа интервенциялау;
Кейбір жағдайларда, несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу.
Қазіргі уақытта жоғарыда аталған құралдардың ішінде іс жүзінде қолданылып отырғандары: ресми сыйақы мөлшерлемелері, қысқа мерзімді ноттарды эмиссиялау, ашық нарықтағы операциялар.
Ұлттық банк өзінің жүргізетін операциялары бойынша мынадай ресми сыйақы мөлшерлемелерді белгілейді:
- ресми қайта қаржыландыру мәлшерлемесі;
- ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі;
- РЕПО және кері РЕПО операииялары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
- «овернайт» займдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
- күндізгі займдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі.
Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі - ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция және күтілетін инфляция деңгейіне байланысты белгіленеді. Ұлттық банкінің заң актілері, ҚР Президентінің актілері негізінде немесе ҚҰБ Басқармасының жеке қаулылары бойынша жүргізілетін заем операциялары бойынша қолданылады.
Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі - ақша нарығының жалпы жағдайына, несиелер бойынша сұраныс пен ұсыныс көлеміне байланысты белгіленеді және Ұлттың банктің коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу операцияларында қолданылады. Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме жылдық пайыздық мөлшерлеме болып табылады және ол айналыс мерзімі алты айдың вексельдерді қайта есептеуде қолданылады.
РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелері - жылдың пайыздық, мөлшерлемелер, ішкі қаржы нарығының жағдайына байланысты белгіленеді және мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде қолданылады. РЕПО-ның мақсатты мөлшерлемесінен ауытқу жағдайында ақшалай қаражаттарды орналастыру немесе тарту жолымен РЕПО нарығындағы сыйақы мөлшерлемелерді реттеу арқылы сыйақы мөлшерлемелердің елеулі ауытқуын болдырмау.
«Овернайт» заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі - Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы корреспонденттік шоттары бойынша есеп айырысуды дебеттік қалдықпен аяқтауы барысында бір түнге берілетін заемдары бойынша қолданылады.
Күндізгі заемдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері - Ұлттың банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы теңгеде ашқан корреспонденттік шоттары бойынша төлем жүргізуге немесе ақшалай аударымдар жасауға қажетті ақша қаражаттары уақытша болмаған не жетіспеген жағдайларда займдар бойынша қолданылады.

Ақшалай нарықтағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде банктерге берілетін несиелер көлемін реттеуде банктің өтімділік деңгейін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері мен акционерлерінің мүдделерін қорғау максатында Ұлттық банк ең төменгі резервтік талаптар механизмін қолданады.

Резервтік талаптар, ашық нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен қатар коммерциялық банктерді жанама ақшалай-несиелік реттеудің негізгі құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму жағдайында резервтік талаптар, бір жағынан, сақтандыру институттарының жоқ кезінде, коммерциялың банктердің депозиттерін сақтандыру қызметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликация процесін реттеу қызметтерін атқарады.

Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген «ҚР коммерциялық-кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы» нұсқауға сәйкес міндетті резерв нормативі 18 - 20% мөлшерінде бекітілген болатын. Қазіргі уақытта ол төмендеп, 6%-ды құрайды. Банктердің резервтерінің артық болуы, яғни Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттардың өсуіне байланысты резервтік талаптар шамасын төмендетіп қана қоймай, сол сияқты резервтеудің альтернативтік тәртібіне өтуге, яғни бұл банктердің пруденциалдық, нормативтерді орындау барысында корреспонденттік шоттағы қаражаттар сомасын ең төменгі резервтер мөлшерінің төмен болмауын сақтап отыруға тиістілігін білдіреді.

Әлемдік тәжірибеде міндетті резервтердің өте жоғары деңгейде болуы, банк жүйесінің қаржы делдалы ретіндегі тиімділігін нашарлатып, ал ең төменгі резервтер нормасының артуы несиелік ресурстардың экономикаға құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетеді.

Ақша саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады. Ақырғы мақсат:

а) экономиканың өсуі;

ә) толық жұмысбастылық;

б) бағаны тұрақтандыру;

в) төлем балансын тұрақтандыру.

Аралық мақсат:

а) ақша жиыны;

ә) пайыз мөлшерлемесі;

б) айырбас курсы.

Құралдары:

а) несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу;

ә) міндетті резервтер нормасының өзгеруі;

б) есептеу мөлшерлемесінің өзгерісі;

в) ашық нарықтағы операциялар.

Тікелей және жанама құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы өзгерістер кезеңінде, тікелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады. [7]

Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды ескере отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты ретінде қарастырылады.

Аралық мақсаттар нарықтық жағдайда тікелей орталық банктің жанама құралдары арқылы жүзеге асырылады.

Бұл мақсаттарға жетуде Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізуде. Нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі құраддарының көмегімен реттеледі:

- қайта қаржыландыру мөлшерлемесі: ресми мүдделендіру мөлшерлемесі деңгейін белгілеу;

- ҚҰБ-те (Қазақстан Ұлттық банкі) жинақталатын ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу, оның ішінде сырттан тартылған қаражаттарды мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты жіктеу;

- мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргізу;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экспанциондық ақша - несие саясаты
Ақша-несиелік реттеу саясаты
ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ АҚША - НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының ерекшеліктері және оның нарық кезеңіңде тауарлар мен ақша нарығындағы тепе-теңдікке әсері
Ақша - несие реттеу
Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының бағыттары мен ресурстары
Ақша-несие саясаты
Ақша базасы - Ұлттық банк шығаратын ақша
Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының ақша-несиелік саясаты
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ақша-несие саясатына талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz