Жаңашыл буржуазиялық саяси теориялар мен идеологиялар.


Жоспар.
І. Кіріспе. . . . . . . 3
II. Негізгі бөлім
2. 1. Либерализм . . . … . . . 4
2. 2. Неолиберелизм7
2. 3. Консерватизм . . . 8
2. 4. Неоконсерватизм . . . 11
ІІІ. Қорытынды. . 13
IV. Пайдаланылған әдебиет15
\
Кіріспе.
Идеология дегеніміз - биліктің қолдауымен іске асырылатын идеялар жиынтығы. Идеология мемлекет, саяси билік үшін қоғамды, азаматтарды бір мақсатқа жұмылдыру үшін пайдаланатын құрал. Идеологияның мақсаты мен мазмұны қолдаушының мүддесімен сәйкес келеді. Сол себептен идеологияны ұсынушылар: мемлекет, билік, саяси немесе жеке адам идеологияға өте үлкен жауапкершілікпен қарауы тиіс. Егер идеологияны қолдануда қателікке жол берілсе, онда қоғам дамуының өзі қате жолға түсіп кетуі күмәнсіз. Тарихта бұндай жағдайларға ұшыраған мемлекеттер аз болған жоқ.
Әрбір адамның іс-қимылы ойдан басталатыны баршаға мәлім. Адамзаттың саяси өмірінің дамуы да саналы адамдардың ой-пікірлеріне, ұсыныстарына, идеяларына негізделеді. Идеялардың негізгі көзі, бастауы ғалымдардың ой-пікірлері мен тұжырымдамалары. Солардың ішінде бүкіл адамзаттың дамуына үлкен өзгерістер әкелгендері либералдық және консервативтік идеогиялар.
Консервативті идеология, негізінен, елдегі дәстүрлі құндылықтарды сақтау арқылы әлеуметтік доктринаны жүзеге асыру болып табылады. Әлеуметтік саламен қатар, дінге де басымдық беріледі. Идеологияның негізгі мәні - тұрақтылық. Идея қоғамда радикалды өзгерістерді және түбегейлі реформаларды қаламайды. Яғни революциялық емес, эволюциялық жолмен жүруді қорғайды. Консервативті елдерде мемлекеттің рөлі жоғары болады. Ал либерализм идеясы қоғамда ашық, жариялылықты басшылыққа алады. Қоғамда мемлекеттің рөлі шектеліп, экономика жекеменшікке негізделеді. Либерализм идеясының құндылықтары - радикалдылық, нарықтық экономика және зайырлы қоғам. Консерватизм идеологиясы, негізінен, Шығыс өркениетіне жататын мемлекеттерге тән болса, либерализм Батыс өркениетіне жақын.
Бұл теорияларды зерттеп, идеологияға айналдыруға өз үлестерін қосқан Жозеф де Местр, Фридрих фон Савиньи, Клеменс Меттерних, В. М. Межуев, Дж. Локк және т. б. болды. Көптеген ғалымдар консерватизм және либерализм теорияларының оң және сол жақтарын көрсеткен. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты - осы буржуазиялық саяси теориялар мен идеологияларға сипаттама беру, олардың қазіргі қоғамда алатын орнын көрсету.
Либерализм.
Либерализм - азаматтарға қатысты мемлекеттік және қоғамдық әртүрлі басымдықтарды жою немесе жұмсартуды мақсат ететін идеология түрі. Бұл идеологияның негізін қалаушы ағылшын философы Джон Локк. Осы ғалымныңұсынысы өз заманының қажеттілігінен туындады. ХVІІ ғасыр адамзаттың ортағасырлық бұғаудан жаңа ғана шыға бастаған кезі еді. Адамзат тарихындаорта ғасырлар баршаға әйгілі монархияның, шексіз биліктің, тұйық ословиеның, еуропа елдеріндегі шіркеу түнегінің үстемдігінде болды. Әрбір адамның өз табиғи қабілетін іске асыру бостандығы мен мүмкіншілігі болмады.
Либерализм - ең жоғарғы құндылық әрі басымдық ретінде жеке еркіндікті ұстанатын идеология. Либерализмнің әлеуметтік-саяси теориясы қоғамдық және мемлекеттік құрылымның демократиялық принциптеріне негізделеді, әлеуметтік, саяси, зорлық-зомбылықсыз түрлерін ұстанады, тұлғаның еркін дамуын шектемейтін және әрбіріне мемлекеттік-құқықтық қорғау, адам құқы мен азамат бостандығын сақтау кепілдігін беретін қоғам құруды көздейді
Либерализм саяси ағым ретінде ХVI ғ. ортасында пайда болды, ағылшын вигилерінің бағдарламасы мен іс-әрекетімен, сондай-ақ мүдделер тепе-теңдігі мен әртүрлі құқынлықтардың сыйымдылығына негізделген келісім мен ымырашылдық саясатыменбайланысты болды. Кейіннен ағылшын және француз ағартушылары әлеуметтік-философиялық, құқынлықты-дүниетанымдық, құқықтық және экономикалық либералдық идеяларды жасап, негіздеді. XIX ғ. ортасынды либерализм ғаламдық идеологияға айналып, бүкіл әлемде ықпалы артты.
Либерализм әлеуметтік өмірдің негізі ретінде өз мүддесіне сәйкес еркін әрекет етуге құқы шексіз, сөзсіз құқынлықты әрі автономды тұлғаны атайды. Тұлғаның жеке өмірі қол сүғуға болмайтын жоғары саласы болып табылады және мемлекет тарапынан араласуға болмайтын әмбебап принциппен қорғалады. Демократиялық мемлекетте толық билікке азаматтық қоғам ортақтасады. Қоғамдағы әділеттілік заң үстемдігімен және барлық азаматтың заң алдында теңдігімен қамтамасыз етіледі. Либералды демократияның қоғам дамуының гуманистік бағыты ретінде орнығуы жаһанданудың саяси қырын құрайды және тұлғаны құқықтық қорғауға шүбәсыздық мәртебесін берумен байланысты.
Либерализмге сәйкес, мемлекеттік құқық адам құқын қорғауда тұлға басымдығына назар аударады, ол мемлекеттен тәуелсіз әрі заңмен жасалмайды, жоққа да шығарылмайды. "Құқық - шын мәнінде - тепе-тең еркіндік принципінен шығатын қорытынды мәні" (Г. Спенсер) . Туа бітті адамға кері қайтарылмайтын, ешкім тартып ала алмайтын табиғи құқық - өмір сүруге, бостандыққа және бақытқа ұмтылуға беріледі. Мемлекет жекеменшік құқын, этникалық құқықтарды, дінге еріктілік құқын қорғауға міндетті. Маңызды саяси мәнге ие азаматтық құқықтар: сайлау құқы, сөз бостандығы, баспасөз бостандығы, бірлесу және жиналу бостандығы, шеруге шығу еріктілігі. XX ғ. әлеуметтік қауіпсіздік құқы бекітілді: білім алу құқы, еңбек ету және оған лайықты жалақы алу құқы, жеке өмірдің қол сұғудан қорғалуы құқы және т. б.
Либерализмнің экономикалық ұстанымы материалдық өмірде бостандық кепілі болатын бәсекелестіктің жетекші рөліне негізделеді. Сондықтан да мемлекет антимонополиялық шараларды қолдана отырып, бәсекені қолдап, дамытуы керек. Әлеуметтік қатынастар жүйесінде либерализм күш қолданбауды және ұстамдылықты қолдайды. Жаһандану жағдайында бәсекелестік және күш қолданбау бірдейлендіру мен дамудың кедейленуіне, алуан түрлілікті басып-жаншуға қарсы тұрады. Либерализмнің көптеген негізгі идеялары батыс әлемінде әмбебап, жалпыға ортақ қағидаттар мәртебесіне ие болды және халықаралық құқық ережелерінде бекітілді. Міне, либерализмді кейде жаһандану идеологиясы деп атау осыдан.
Либерализм және социализм - өзара байланысты ұғымдар. Бұл мәселені орыс философ В. М. Межуев жан-жақты зерттеген. Либералды идеология алғышарттары мен оның жүзеге асырылуының әлеуметтік нәтижелері арасында ішкі қарама-қайшылық бар. Ол бойынша еркіндік адамды теңдікке емес, теңсіздікке жетелейді, онда бәрі еркін, бірақ біргбіріне тең емес. Осыдан келіп либрализмге социалистік оппозиция қалыптасты. Осылайша, бүгінгі күнге дейін либерализм тендікке зияны тиетін еркіндікті қолдайды, ал социализм - еркіндік есебінен тендікке ұмтылады деп түсіну қалыптасқан. Бұл тығырықтан шығу жолын либералистер де, социалистер де іздестіруде. Қазіргі либерализм бұл мәселенің шешімін құқық пен моральды бірлестіретін жаңа әлеуметтік әділеттілік теориясын қалыптастыру арқылы таппақшы болды. Ал, социализм болса, Маркстен бері еркіндік пен теңдіктің өзара ұштасуынан туатын мәселенің басқаша шешімін ұсынады. Оның негізінде - жеке меншіктің болуы жағдайында бұл мәселенің шешімін табу мүмкін еместігін дәлелдеу жатыр. Жеке меншік жағдайында не еркіндікті, не теңдікті қүрбандыққа шалу керек болады. Осылайша, еркіндік идеясын уағыздаушы социалистік ағымды либерализмнің тарихи мұрагері ретінде қарастыруға болады.
Неолиберализм.
ХХ ғасырдың басында либерализм идеологиясының одан әрі дамуына байланысты бұдан өзгеше саяси идеология ретінде жаңа либерализм - неолиберализм бөлініп шықты. Неолиберализм - азаматтар мен қоғамның экономикалық және әлеуметтік өмірін мемлекеттік реттеуге бағытталған идеялар жиынтығы. Егер осы екі идеологияны: либерализм мен неолиберализмді салыстырып қарасақ, алғашқыда бір-біріне қарама-қарсы бағыт сияқты көрінеді. Себебі, либерализм мемлекеттік үстемдікті жұмсарту жолын талап етсе, ал неолиберализм керісінше - мемлекеттік реттеуді күшейтуді ұсынады. Дегенмен, осы екі идеологияның арасында бітіспес қарама-қарсылық жоқ. Неолиберализм идеологиясының пайда болуы қоғамда қалыптасқан әлеуметтік жағдайлармен байланысты болатын. Либерализм ұстанымы бойынша дамушы нарықтық қатынас ең алдымен бәсекелестікке байланысты. Бәсекелестік экономиканы дамытады, бірақ бәсекелестікте адамдардың бәрі, әрине, жеңіске жетпейді, солсебепті теңсіздік күшейеді, көптеген адам күйзеліске, кедейлікке ұшырайды.
Сондықтан еркін нарықтық тетіктерді реттеу, кедейшілікпен күресу үшін мемлекеттің араласуы, оның ролінің күшейуі тиіс. Неолиберализм идеологиясыбойынша мемлекеттің аса жауапты міндетінің бірі - нарықтық жағдайдаазаматтарды әлеуметтік қорғау жүйесін жасау.
Либерализм идеологиясы бойынша қоғамдағы мемлекеттің басты қызметі “түнгі сақшы” сияқты болатын болса, неолиберализм жағдайында мемлекет “жалпыға бірдей игілік” міндетін атқаруы тиіс.
ХХ ғасырдың екінші жартысында капиталистік елдердегі көптеген саяси партиялар өз бағдарламаларын неолиберализм идеологиясына негіздейтін болды. Мысалы, Жапонияда 1955 жылдан бастап билік басында сол елдің ең ірі - либералдық-демократиялық партиясы қызмет етеді. Либералдар Англияның, Австрияның, Канаданың және тағы басқа елдердің саяси өмірінде өздерінің лайықты орындарын алуда.
Консерватизм.
Консерватизм - французша соnservatisme, латынша Conservo - сақтаймын, қорғаймын] - бағдарлардың, ұстанымдардың, қоғамның мемлекеттік-саяси жүйелерінің өміріне қатысты, ондағы адамның орнын анықтауға байланысты құндылықтардың әлеуметтік-философиялық және идеологиялық тұжырымдар жиынтығы. Консерватизм оның жақтастарының қоғамда орнығып қалған дәстүрлер мен құндылықтарды сақтап, түбегейлі өзгерістерден бас тартатындығымен ерекшеленеді. Доктрина және идеология ретінде консерватизм өздерін консервативті деп атайтын партиялардың іс-әрекеттерінің бағыттарымен сәйкес келе бермейді. Консервативті ойлау әдетге әлеуметтік және саяси тұрақсыздыққа жауап болыл табылады. Оның алғышарты ежелгі дүниеден бастау алады.
Консерватизм - қоғамда тарихи қалыптасқан саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани құндылықтарды сақтау мен дамыту идеологиясы.
ХVІІІ ғасыр Еуропа, Америка және Азияның көптеген елдеріндегі нарықтық экономиканың дамып, капитализм қалыптасып, әлеуметтік теңсіздіктің күшейген уақыты болды. Ол кезде еңбекшілер мен кедейлердің, жалпы жоқшылыққа ұшыраған адамдардың мүдделерін қорғауға арналған әлеуметтік қорғау жүйесі жетілген жоқ еді. Сол себепті революция ұйымдастырып, буржуазиялық тапты ығыстырып, социализм орнату қажет деген идеялар кеңінен тарала бастады. 1789 жылғы Ұлы Француз революциясы бұның іс жүзіндегі дәлелі болатын. Осы саяси құбылыстарға байланысты қалыптасқан консерватизм идеологиясының негізгі мақсаты - қоғам мен мемлекетті, олардың саяси жүйелерін бұрынғы қалпында сақтап қалу болды. Консервативтік идеология - қоғамды әртүрлі кездейсоқ жағдайлардан, ретсіз реформалардан, әсіресе қатыгез, қантөгісті революциялардан сақтап қалу жолдарын ұстанды.
Консервативтік идеяны бірінші ұсынған ағылшын мемлекет қайраткері және ғалымы Эдмунд Берк болатын. Кейін бұл идеяны одан әрі зерттеп, идеологияға айналдыруға өз үлестерін қосқан француз саясаттанушысы Жозеф де Местр (1754-1821), неміс тарихшысы, заңгері Фридрих фон Савиньи (1779- 1861), австриялық саясатшы және қоғам қайраткері Клеменс Меттерних (1773- 1859) және т. б. болды.
Консервативтік идея Еуропаның батыс, солтүстік және Азияның біраз елдерінде мемлекеттік қолдау тауып кейін идеологияға айнала бастады. Осы консерватизм идеологиясының басты мақсаттары: куатты мемлекет құру, саяси жүйенің, биліктің жоғарғы әлеуметтік топтың қолында болуы, тұлғаның қоғам мен мемлекетке бағынуы іс жүзінде жүзеге асып, бұл елдерді әртүрлі кездейсоқ, ретсіз реформалардан, кенет оқиғалардан, өкіметтік төңкерістерден, шиеленістерден сақтап қалды, бейбіт жағдайда нәтижелі әлеуметтік- экономикалық қарқынды дамуға жол ашты. Консерватизм идеологиясы қоғам өмірінде әдет-ғұрып, дәстүрлер маңызды рөл атқарады деп түсініп, оларды мызғымастай сақтап қалуды мақсат етті.
Сонымен, конcерватиз деген:
• Тарихи қалыптасқан саяси және қоғамдық өмірді өзгеріссіз сақтауға тырысқан әлеуметтік-саяси көзқарастар жүйесі;
• Кейбір саяси партиялардың ұстанған бағдарламалық бағыты. Консерватизм саяси идеология ретінде жаңа дәуірде пайда болды. Консерватизмнің алғашқы "идеологы" ағылшынның саяси қайраткері, философы және публицисі Эдмунд Берк (1729 - 1797) болды. "Консерватизм" терминін 1818 жылдан "Консерватор" журналын шығарып тұрған француз жазушысы Ф. Р. де Шатобриан (1768 - 1848) алғаш рет қолданған. Консерватизм идеология түрі немесе постиндустриалды қоғамның қазіргі кездегі тұжырымдамасы ретінде үш түрлі мағынада қолданылады:
− дәстүршілдік. Ол нарықтық экономикаға тән әлеуметтік құрылымдар мен моральдық дәстүрлердің сақталуына негізделеді. Көрнекті өкілдері: Э. Берк, Ж. де Местр, JI. де Бональд Дәстүршілдік XX ғасырдың 70 - 80 жылдары АҚШ-тағы "жаңа оңшылдардың" қозғалысында көрініс тапты;
− либертшілдік, яғни неміс философы Алиберттің ілімін қолдаушылар. Олар индивидтің бостандығын шектемеуді уағыздады;
− жаңа консерватизм Олар адамның саяси-әлеуметтік белсенділігін арттыру, әлеуметтік қарым-қатынастарды демократияландыру идеяларын ұстанады. Қазіргі заманғы консерваторлық күштер мен ағымдар бірқалыпты консерваторлык ойлаудан бас тартып, өз идеологиясы мен практикалық саясатын бұқара халықтың мүдделері мен қажеттіліктеріне жақындастыруға үміттенуде. Саяси консерватизм - қоғамның қалыптасқан саяси іс-әрекетінің тенденциясына айналды. Саяси консерватизмді жақтаушылар өздері өмір сүріп отырған экономикалық, әлеуметтік және саяси құрылысты сақтап тұруға мүдделі, әрі оның тұрақтылығына кепіл бола алатын сипаты мен ерекшеліктерін көрсетеді.
Неоконсерватизм.
ХХ ғасырдың ортасынан бастап консерватизм идеологиясының негізгі қағидаларына өзгерістер енгізіліп консервативтік ой-пікірдің басты бағыты жаңарған консерватизмге (неконсерватизмге) ауысты.
Неоконсерватизм -қоғамдағы саяси плюрализмді дамыту және саяси процестерді реттеу үшін мемлекеттің рөлін күшейту мақсатындағы идеология. Консерватизм идеологиясы бойынша бұрынғы және қазіргі құндылықтарды “сақтаудың” орнына “әртүрлілік” принципі ұсынылды. Не себептен консерватизм идеологиясын жаңартуға тура келді? Дәстүрді сақтау, дәстүрмен өмір сүрудің қандай кемшіліктері болуы мүмкін? Жаңа консервативтік бағытты жақтаушылардың жауабы бойынша дәстүр, тарихи қалыптасқан тәжірибе ол зор рухани құндылық. Дәстүрсіз, тарихи зердесіз халық - қоғам, мемлекет болып қалыптасуы мүмкін емес. Бірақ дәстүрдің қандай салада болмасын (рухани, ұлттық, діни, саяси) халыққа, адамға үстемдік етіп тұратын да қасиеті бар, дәстүр бұғау сияқты бостандықты, ерікті шектеп тұрады. Мысалы, адам барлық жағдайда ұлттық дәстүрлерге табынушылық етіп жүретін болса, ол ұлтшылдыққа әкеліп соғуы мүмкін. Немесе ол адам бұлжытпай тек діни дәстүрімен өзінің өмірін шектейтін болса, ол діни фундаментализмге соқтырады.
Сондықтан консерватизмнің адамдарды қолайсыз жағдайларға әкеліп соғуы өз алдына, ол халықты жалпы дүниежүзілік жетістіктерден, өркениеттен тыс қалдыруы мүмкін. Осындай көріністерге сәйкес ағылшын саясаттанушысы Джон Стюарт Милльдің: “Бір рет болса да дәстүрден шығу - ол бостандыққа тағы да бір қадам жасау” - деген қағидасының маңызы өте жоғары.
Яғни, қай салада болмасын, әртүрлілік қажет екені байқалады. ХХ ғасырдың екінші жартысында еркін нарықтық қатынастар және демократия принциптері одан әрі дамып, жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын мойындауға тура келді. Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызметтері едәуір шектеліп, меншік жекешелене түсті. Бұның бәрі неоконсерватизмге күш беріп өркениетті елдердегі орта таптың идеологиясына айналды.
Неоконсервативтіктер консервативтіктермен салыстырғанда дәстүр ұстанымынан бостандыққа ұмтылуға шақырып, қоғам өміріндегі әртүрлілік нәтижелі бағыт деп есептейді.
Неоконсерватизм идеологиясының негізгі мақсаты - саяси, экономикалық, рухани реформаларға жол ашу, сол арқылы қоғамның дамуына әсер ету. Неоконсерватизм идеологиясын дамытуға көптеген ғалымдар мен саяси қайраткерлер қатысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz