Қазақ хандығының құрылуына алғышарттар
Жоспар.
I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
ІІ. Негізгі бөлім
а) Қазақ хандығының құрылуына алғышарттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
ә) Қазақ хандығының құрылған жылы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15

Кіріспе.
Қазақстан тарихының кейінгі ортағасырлық кезеңіндегі ең басты, әрі ең маңызды оқиғалардың біріне - Қазақ хандығының құрылуы жатандығы белгілі. Қазақ хандығының құрылуы - Қазақстан аумағында ежелден бері жалғасып келе жатқан этникалық процестің мәдени,рухани дамуының және XIV-XV ғасырлардағы саяси процестердің нәтижесі болып табылады. Сондай-ақ қазақ халқының құрылуының Евразия тарихында алатын тарихи маңызы ерекше. Сол себепті де бұл мәселе соңғы кездерде тарихшыларымыздың назарын өзіне ерекше аударуда. Бірақ, мәселенің тарих ғылымында зерттеле басталғанына біржарым ғасырдай уақыт өтсе де,Қазақ хандығынының құрылу мәселесі әлі күнге дейін Отандық тарих ғылымында толық шешілген жоқ. Тіпті бұл мәселенің жекелеген мәселелері мен сұрақтары жөнінде қарама-қайшылықты, дау-дамайлы әр түрлі пікірлер болса, ал кейбір мәселелері әлі күнге дейін тарихшылардың назарына ілінбей күн тәртібіне қойылмай отыр. Оған себеп дерек мәліметінің тапшылығы мәселені терең қарастыруға мүмкіндік бермей келеді. Міне, осыған орай мен осы жұмысымда қазақ хандығының құрылуының жалпы мәселелеріне тоқталмақпым.

Пайдаланылған әдебиет.
1. Хасенов Ә. Қазақ хандығы қай жылы құрылды? “Қазақ тарихы” журналы №2 1993, 38-41 бб.
2. Кәрібаев Б.Б. Қоғамдық-тарихи дамудың нәтижесі. “Қазақ тарихы”. 1993, №3, 31-37 бб.
3. Жолдасбаев С. Қазақ хандығы қай жылы құрылды? “Қазақ әлемі ” газеті №10 2001, 1993, 11-12 бб.
4. Есқалиев С. А. Қазақ хандыығының қалыптасу кезіндегі интеллектуалдық әлеуеттің маңызы. “Казахская цивилизация ” журналы №10 1993, 58-61 бб.
5. Кәрібаев Б. Б. Қазақ хандығының құрылу тарихына қатысты ауыз әдебиетінің материалдары жөнінде. ҚазҰУ хабаршысы №4 2011,51-56 бб.
6. Материалы по истории Казахских ханств в XV – XVIII вв. (Извлечения из персидских и тюркских сочинений) Составители: С.К.Ибрагимов, Н.Н.Мингулов, К.А.Пищулина, В.П.Юдин. Алма-Ата ,1969.
7. Мұхаммед Хайдар Дулати. Тарих-и Рашиди. (Хақ жолындағылар тарихы). – Алматы: М.Х.Дулати қоғамдық қоры, 2003. 616 б.
8. Кәрібаев Б. Б. Қазақ хандығының құрылған жылы туралы сөз. “Үш қиын ” газеті №15 2009, 4-5 бб.

I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
ІІ. Негізгі бөлім
а) Қазақ хандығының құрылуына алғышарттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
ә) Қазақ хандығының құрылған жылы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
Кіріспе.
Қазақстан тарихының кейінгі ортағасырлық кезеңіндегі ең басты, әрі ең маңызды оқиғалардың біріне - Қазақ хандығының құрылуы жатандығы белгілі. Қазақ хандығының құрылуы - Қазақстан аумағында ежелден бері жалғасып келе жатқан этникалық процестің мәдени,рухани дамуының және XIV-XV ғасырлардағы саяси процестердің нәтижесі болып табылады. Сондай-ақ қазақ халқының құрылуының Евразия тарихында алатын тарихи маңызы ерекше. Сол себепті де бұл мәселе соңғы кездерде тарихшыларымыздың назарын өзіне ерекше аударуда. Бірақ, мәселенің тарих ғылымында зерттеле басталғанына біржарым ғасырдай уақыт өтсе де,Қазақ хандығынының құрылу мәселесі әлі күнге дейін Отандық тарих ғылымында толық шешілген жоқ. Тіпті бұл мәселенің жекелеген мәселелері мен сұрақтары жөнінде қарама-қайшылықты, дау-дамайлы әр түрлі пікірлер болса, ал кейбір мәселелері әлі күнге дейін тарихшылардың назарына ілінбей күн тәртібіне қойылмай отыр. Оған себеп дерек мәліметінің тапшылығы мәселені терең қарастыруға мүмкіндік бермей келеді. Міне, осыған орай мен осы жұмысымда қазақ хандығының құрылуының жалпы мәселелеріне тоқталмақпым.
Қазақ хандығының құрылуына алғышарттар
Республикасының тәуелсіздік алуына байланысты Отандық тарих ғылымы да идеологиялық шырмаудан құтылып, сол тарихты жасаған халықтың өзіне қызмет етуге бет бұрады. Тәуелсіздік алған жылдары тарих ғылымы барлық салалар бойынша даму жолына түседі. Сондай саланың бірі-деректану ғылымы. XX ғасырдың 90-жылдары мен XXI ғасырдың алғашқы жылдары орта ғасырлық Қазақстан тарихының мәселелерін жан-жақты көрсететін көптеген деректер қазақ тіліне аударылды және араб, парсы тілдерінен орыс тіліне аударылды. Олардың қатарына Әбілғазының "Түрік шежіресі",Бабырдың "Бабырнамасы",Қ.Жалайырдың "Жылнамалар жинағы",Өтеміс қажының "Шынғыснамасы",М.Х.Дулатидің "Тариха Рашидиін" жатқызамыз.Әсіресе М.Х.Дулатидің "Тарихи Рашиди"еңбегі орыс тілінде екі рет және түп нұсқадан қазақ тіліне алғаш аударып жарыққа шығуы деректану ғылымының жетістігін көрсетті.Осындай деректердің негізінде Қазақ хандығының құрылуының кейбір мәселелері алғаш рет тарихшылардың назарына іліне бастайды.Ал кейбір мәселелер туралы нақты ой пікірлер айтылады.
Қазақ хандығы -- шаруашылықтың дамуы, өндіргіш күштердің өсуі, феодалдық қатынастардың қалыптасуы нәтижесінде ерте заманнан бері Орта Азияның ұлан-байтақ өңірін мекендеген көшпенді тайпалардың бірыңғай этникалық топ -- қазақ халқының негізінде бірігуі арқылы XV-ғасырдың орта шенінде құрылды. Қазақ хандығының құрылуына 1457-жылдан кейін Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне қоныс аударуы мүмкін болды.
Ол кезде Жетісуді билеген Моғолстан ханы Есенбұға қоныс аударған қазақтарды Әбілхайырға қарсы пайдалану үшін қарсы алып, қоныс берді. Осы оқиға жөнінде тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати Тарих-и-Рашиди атты еңбегінде былай дейді: Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп, олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер - қазақтар деп атады. Қазақ сұлтандары 870 жылдары билей бастады....
Алғашында Қазақ хандығының территориясы батыс Жетісу жері, Шу өзені мен Талас өзенінің алабы еді. Ежелден осы алапты мекендеген тайпалар Дешті Қыпшақтан қоныс аударған қазақ тайпаларымен етене араласып кетті. Әбілхайыр хандығындағы аласапыран соғыс салдарынан күйзелген қазақ тайпалары бұл араға келіп ес жинап, етек жауып, экономикалық тұрмысы түзеле бастады. Мұны көрген Дешті Қыпшақ қөшпенділері Әбілхайыр хан қол астынан шығып Қазақ хандығына қеліп жатты. Алайда жаңадан құрылған Қазақ хандығының экономикалық негізі әлсіз еді және бірсыпыра қазақ тайпалары Әбілхайыр хандығының, Моғолстанның, Ноғай Ордасының және Батыс Сібір хандығының қол астында төрт хандыққа бөлшектеніп отырған болатын. Ал Әбілхайыр хан болса өзіне қарсы шығып, Жетісуға қоныс аударған қазақтардың өз алдына хандық құрып отырғандығына және оған көптеген тайпалардың ағылып барып жатқанын көріп, соғысуға да дайын болды.
Жаңа кұрылған Қазақ хандығы құрамына, яғни батыс Жетісу өңіріне он шақты жыл айналасында екі жүз мыңдай саны бар көшпелі тайпалардың жиналуы кең өріс-қонысты керек етті. Сонымен қатар көшпелі елдің отырықшы-егіншілігі көркейген аудандармен, әсіресе қолөнері мен саудасы дамыған экономикалық орталық - Сырдария жағалауыңдағы қалалармен сауда-саттык қарым-қатынасқа қолайлы жағдай жасау маңызды мәселеге айналды. Бұл қарым-қатынастьң оңалуына тек көшпелі ел ғана емес отырықшы аймақтардағы халықтар да мүдделі болды. Осы жоғарыдағы жағдайлардың талабына сай, Қазақ хандығының алдында үлкен тарихи міндеттер тұрды.
1. Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті-Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі тәртібін қалпына келтіру.
2. Шығыс пен батыс сауда керуен жолы үстіне орнаған Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Түркістан т. б. қалаларды Қазақ хандығына қарату. Себебі Сырдария бойындағы бай қалалар бұдан бұрынғы мемлекеттік бірлестіктердің -- Ақ Орданың, Әбілхайыр хандығының саяси-әкімшілік және сауда-экономикалық орталықтары еді. Сырдария бойындағы қалаларды өзінің экономикалық және әскери тірегіне айналдыру Дешті-Қыпшақ даласын билеудің басты шарты болып келген. Сондықтан бұл қалалардың саяси-экономикалық және соғыс-стратегиялық маңызы зор еді. 3. Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территориясын біріктіру.
Сырдария бойындағы қалалар мен Дешті-Қыпшақ даласы үшін күресте Қазақ хандығының басты бәсекелесі Әбілхайыр хан болды. Қазақ хандығы Әбілхайырға қарсы күресу үшін ең алдымен Моғолстан мемлекетімен тату көршілік, одақтық байланыс орнатты. Бұл одақ Әбілхайыр ханның Қазақ хандығына қарсы шабуылдарынан біріге отырып қорғануға мүмкіндік берді.
1468-жылы Әбілхайыр хан Қазақ хандығын киратпақ болып, Жетісуға жорыққа аттанды, бірақ сапары сәтсіз болып, осы жорық кезінде қаза тапты. Әбілхайыр хан өлгеннен соң өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды, ішкі шиеленістер күшейді. Әбілхайырдың қаза болуы Қазақ хандығының нығаюына және оның көлемінің кеңеюіне үлкен жағдай тудырды. Өзбек ұлысының үлкен бөлігі Керей мен Жәнібек ханға көшіп кетті. Қазақ хандары Әбілхайыр ханның мұрагерлеріне қарсы күресте олардың ішкі-сыртқы қайшылықтарын толық пайдаланды. Әбілхайыр ханмен билікке таласып келген Жошы ұрпақтары - Ахмет хан мен Махмұд хан, батыс Сібірдің билеушісі Ибақ хан және Ноғай мырзалармен одақтаса отырып күрес жүргізді. Әбілхайыр ханның мұрагері Шайх Хайдар осы күресте қаза тапты. Әбілхайыр ханның мұрагерлерімен күресте Қазақ хандары Әбілхайыр хан 40 жыл билеген Шығыс Дешті Қыпшақ даласын және ондағы көшпелі тайпаларды бірте-бірте өзіне қосып алды. XV-ғасырдың 70-жылдарында қазақтар Сырдария бойымен оған жалғас Қаратау өңірінің бірсыпыра территориясын басып алды. Сөйтіп қазақ хандығының территориясы әлдеқайда кеңейді, оған тұс-тұсынан қазақ тайпалары келіп қосылып жатты.
Алайда Сырдария жағасындағы қалалар үшін Әбілхайырдың немересі Мұхаммед Шайбани ханмен күрес отыз жылдан астам уақытқа созылды. Сонымен қатар бұл қалаларды Түркістан аймағын билеген Әмір Темір әулетінен шыққан Әмір Мұхаммед Мәзит Тархан мен Моғолстан ханы Жүніс хан да қолдарына түсіруге дәмелі болды.
Сыр бойы калалары үшін Қазақ хандары өте қажырлы қайрат жұмсады. Әбілхайыр ханның немересі Мұхаммед Шайбани Түркістан аймағына келіп, Мұхаммед Мәзит Тарханды паналады. Мұхаммед Мәзит Тархан Мұхаммед Шайбаниды қолдап, Қазақ хандығына қарсы аттандырмақ болды. Бірақ Мұхаммед Шайбани оның бұл үмітін ақтамады, керісінше оның қолынан Түркістан аймағын тартып алды. 1470 жылы қыста Қазақ ханы Керей қол бастап Түркістанға шабуыл жасады. Қазақ ханы Әз Жәнібектің үлкен баласы Махмұд сұлтан Созақ қаласын бағындырды, екінші баласы Еренжі Сауранды иемденді. Сауран түбінде қазақтардан соққы жеген Мұхаммед Шайбани Бұхараға қашты. Сөйтіп, Сырдария жағасындағы -- Созақ және Сауран қалалары Қазақ хандығының құрамына кірді.
Қазақ хандығының құрылуы белгілі бір дәрежеде тарихи процестердің заңды қорытындысы болғандықтан оның тарихи алғы шарттары болады.Тарихи алғышарттардың өзін іштей жіктейтін болсақ,ол мынадай факторлардан тұрады:
1.Қазақ хандығының құрылуының этникалық алғы шарттары
2.Қазақ хандығының құрылуының діни-рухани алғы шарттары.
3.Қазақ хандығының құрылуындағы моңғолдық фактор немесе мемлекеттіліктің дамуының әсері.
4.Қазақ хандығының құрылуына тікелей әсер еткен саяси оқиғалар.
Бұл көрсетілген факторларды ғылыми тұрғыдан терең зерттеу бізге қазақ хандығы құрылуының алғышарттарын түсінуге мүмкіндіктер береді. Енді қысқаша түрде осы факторларға назар аударсақ. Алдымен қазақ хандығы құрылуының этникалық алғышарттары туралы. Кез-келген мемлекет белгілі бір этностың әлеуметтік территориялық ұйымы және қоғамның ішкі және сыртқы қатынастарын реттейтін басқару жүйесі болғандықтан этнос-мемлекет бір-біріне етене тығыз ұғым болып саналады. Қарапайым тілмен айтсақ мемлекетті этностар туғызады. Ал мемлекеттер этностың дамуына өркендеуіне жағдайлар жасайды. Осы қағиданы қазақ халқы мен қазақ хандығына қолданып көрсек онда қазақ хандығын дүниеге әкелген қазақ этносы болып шығады. Ал тарихи деректерде қазақ этносы қазақ хандығы құрылғаннан кейін жүзеге асқан деп баяндалады. Әрине деректің авторлары орта ғасырдың адамдары болғандықтан олар тарихи процестің алғышарттарына терең бойламай тек тарихи болмысты немесе обьектіні баяндайды. Этнос-мемлекет принципіне сүйеніп біз қазақ хандығын дүниеге келтірген этникалық процестің дамуы деп түсіндіреміз. Яғни бұл жерде Дешті Қыпшақтағы тайпалар өз дамуының белгілі бір сатысында жаңа мемлекеттік жүйені қажет еткен. Ол қазақ хандығы болған. Міне, қазақ хандығы құрылуының этникалық алғышарты деп аталатын бұл мәселе тағы да қайталап айтамыз терең зерттеуді қажет етеді. Біз тек бұл жерде проблеманың өзін ғана атап көрсетіп отырмыз.
Қазақ хандығы құрылуының келесі бір алғышартына діни-рухани алғышарттар жатады. Кез-келген этнос немесе этносты құраған ру-тайпалар жиынтығы өздерін нақты бір этностың мүшесіміз және басқа этностардан ерекшелендіріп көрсететін нәрсеге олардың ру-тайпалық санадан жоғары тұрған халықтың санасы жатады. Ал халықтық сананың пайда болуына діни фактор мен рухани факторлар жетекші роль атқарады.
XIII-XV ғасырлардағы Қазақстан аумағында болған діни-рухани дамуларда ислам дінінің Алтын Орда мен Ақ Орда мемлекетінде ресми дінге айналуы шешуші роль атқарды. Бүкіл Дешті Қыпшақтағы тайпалардың толығымен және түпкілікті түрде мұсылманданып, ортақ бір дінге сенуі Аллахты ортақ құдай деп тануы , Мұхаммедті ортақ Пайғамбар деуі құранда исламның отақ қасиетті кітабы деп білуі ,сондай-ақ шариғат жолының бикіл тайпаға айтыладыбірдей болуы ру тайпаларды ортақ діни кеңестікпен қатар ортақ рухани кеңестіке енгізеді. Осылардың нәтежесінде ру-тайпаларда ру-тайпалық санадан жоғары тұрған сана қалыптасады.
Міне,осы сала этникалық процесті жаңа деңгейге көтеріп,соған сай мемлекетті қалыптастырады. Яғни ,бұл мәселеде қазақ хандығының құрылуының алғы шартын болашақта терең зерттеуді қажет етеді.Бұл факторды толық зерттемей қазақ хандығының құылуын нақты меңгердік деп айта алмаймыз.
Қазақ хандығының құрылуындағы келесі алғышарттарға монғолдық фактор немесе моғолдар енгізген мемоекеттік жүйенің тікелей әсері жатады.
ХІІІ ғасырдың басында монғол жаулаушылығы нәтижесінде Дешті Қыпшақта саяси және әкімшілік жағдайлармен қатар мемлекеттік жүйесі де өзгереді. Бұрынғы монғoлдарға дейінгі Дешті Қыпшақтағы қыпшақ мемлекеттігі ерте ортағасырлық феодалдық қатынастарға негізделмегендіктен, ондағы билік түрлері, олардың бір-біріне қарым-қатынасы бір-біріне тәуелді болды. Ал Шыңғыс хан енгізген мемлекеттік жүйеде бұл жағдайлар басқаша көрініс тапты. Мұндағы билік түрлері ішінде хандық билік биліктің басқа түрлерінен жоғары тұрды. Биліктің басқа түрлерін өзіне тәуелді етті немесе атқарушы билік биліктің басқа түрлерін функционаларын өз қолына алды. Сөйтіп нәтижесінде XIII-XV ғасырларда мемлекеттіліктің нығайтылған түрі өмір сүрді. Мұндай мемлекеттік жүйе халықтық санаға жете бастаған ру-тайпаларды басқаруда тиімділік көрсетті. Яғни халықтық деңгейге көтеріле бастаған этникалық процеске сай болуы үшін осындай нығайтылған мемлекеттік жүйе қажет болатын. Мұндай жүйенің қалыптасуын монғолдық мемлекеттік жүйе қамтамасыз етті. Сондықтан мұндай жүйені монғодық фактордың тікелей әсері деп есептейміз. Мұндай мәселе қазақ хандығының құрылу тарихында алғаш рет автордың жұмысымен көтеріліп отыр. Бұл мәселені де ғылыми тұрғыдан терең зерттеу қазақ хандығы құрылуының алғышарттарын толық білуге мүмкідіктер береді.
Жоғарыда біз қарастырған үш мәселе қазақ хандығы құрылуының алғышарттары мәселесіне жатады. Жалпы осы алғышарттарды зерттемей, оларды толық меңгермей қазақ хандығының құрылуы туралы ой-пікірлерді айту мәселені шешуде толық нәтиже бермейді. Сондықтан да қазақ хандығының құрылу процесі мәселесі қандай маңызды болса, оның алғышарттары да сондай маңызды деп есептейміз.
Қазақ хандығы құрылуындағы келесі бір маңызды мәселелердің қатарына хандықтың құрылуына қатысты құрылу процесіне байланысты оқиғалар барысы жатады. Керей мен Жәнібектің көшіуі олардың Моғолстанда орналасуы жөнінде біршама айтылады. Бұл проблемаларды тереңірек қарастыра келе біз мынадай тұжырымдар жасаймыз.
1. Қазақ хандығы құрылуына Керей мен Жәнібек сұлтандардың Дешті Қыпшақтағы Әбілхайыр ханнан бөлініп Моғолстанның батысындағы Шу бойына қоныстануы негіз болған.
2. Қазақ хандығы құрылуы хижраның 870-жылы жүзеге асқан.
3. Қазақ хандығы құрылуы Алтын Орданың саяси ыдырау нәтижесінде болған.
4. Керей мен Жәнібектің көшуіне Дешті Қыпшақтағы ру-тайпалық қайшылықтар мен шиеленістер себеп болған.
5. Керей мен Жәнібектің көшуі Дешті Қыпшақтағы таптық күрестің нәтижесінде болған.
6. Қазақ хандығы құрылуы бір тарихи оқиғамен құрылмаған, бірнеше жылдарға созылған тарихи дамудың заңды қорытындысы ретінде дүниеге келген.
Жаңа хандық пен Моғолстан арасындағы қарым-қатынас мәселесі әлі күнге дейін тарихшылар назарына ілінген емес. Кейбір ғалымдардың ойынша қазақ хандығы Моғолстан құрамында автономиялы статуста болған.
1461-1462 жылы Есен Бұғаның қайтыс болуы оның ұлы Досмұхаметтің билікке келіп, орталық билікті әлсіретуі Әбілхайырға наразы болғандықтан, қазақ хандығына келіп қосылуы жаңа хандық статусын жоғарылата бастайды.
1469 ж. Әбілхайырдың қайтыс болуы, Досмұхамет ханның қайтыс болуы, Мауеренахр билеушісі Әбу Сайт мырзаның қайтыс болуы және осы жағдайдан кейінгі пайда болған оқиғалар қазақ хандығының Моғолстан "шекпенінен" шығып, дербестенуіне мүмкіндіктер береді. 1470-1471 жж. Дешті Қыпшақтағы көшпелі өзбектер мемлекеті толығымен күйреп. Оның орнына жаңа әулеттің қазақ хандары әулетінің келуі қазақ хандығының толығымен және түпкілікті түрде аяқталуын тарихи процесс деп санаймыз.
Қазақ хандығының құрылған жылы
Алғашқы қазақ хандығы мен хандары туралы сөз қозғағанда сүйенеріміз - тарихшы М. Х. Дулатидің Тарих-и-Рашиди атты еңбегі. Бұл еңбекте Жәнібек пен Керей хандардың Шу мен Қозыбасы тауына көшіп келгендігі, оларға өзбек-қазақ деген аттың тағылуы, олардың 1465-1466 жвлдардан бастап билікті өз қолдарына алғандары туралы жазылған. Алайда, М. Х. Дулати бұған күмән келтірген. Оған өзіндік бірнеше себептер бар. Біріншіден, М. Х. Дулати бұл мәселені елімізден тысқары жатқан Кашмир қаласында жүріп жазды. Екіншіден, хандық құрылғаннан 100 жылдан кейін жазып отыр. Үшіншіден, М. Х. Дулати бұл деректі ел аузында сақталған аңыз-әңгімелер негізінде жинақтаған. Сондықтан Қазақ хандарының билікті қай жылы өз қолдарына алды деген сұраққа әр ғалым әртүрлі ойлар айтады. Мәселеге қатысты қалам тартқан тарихшылардың пікірлері әртүрлі болып, олар ортақ ой мен бір ұйымға келе алмады. Ә. Хасенов - 1445 жылды, Қ. Салғарин - 1456 жылды, Б. Кәрібаев - 1458 жылды ұсынып, әрбір автор өз ойларын жазбаша және ауызша дерек мәліметтері мен логикалық ой қорытулары нәтижесінде негіздеуге тырысты.
Қазақ хандығының құрылған жылын анықтау тек Кеңес үкіметі құлағаннан кейін пайда болған жоқ. Бұл кезде тек осы мәселеге деген қызығушылық күрт өсіп, көпшіліктің назарын аударды. Ал мәселенің пайда болған кезеніне көз салсақ, ол XIX ғасырдың 60-жылдарынан бастау алады.
1864 жылы орыс шығыстанушысы В. В. Вельяминов-Зерновтың Исследования о Касимовских царях и царечивах атты еңбегінің 2-ші бөлімі жарыққа шығысымен, бұл мәселе күн тәртібіне қойылды. Мұхаммед Хайдар Дулатидың Тарих-и-Рашидидегі мәліметтерді парсы тілінен аудара отырып, В. В. Вельяминов-Зернов оларды алғаш рет ғылыми айналымға енгізді. Керей мен Жәнібектің Әбілқайыр ханнан бөлініп кетуін ол былайша аударып, түсіндіреді: Ол кезде (щамамен 1456 жыл) Әбілқайыр хан Дешті Қыпшақта билік құрып тұрды; жошылық сұлтандар одан көп қысым көрді; олардың екеуі Керей мен Жәнібек хандар Моғолстанға қашып кетті; Қазақ сұлтандарының биліктерінің басталғаны кезеңі 1465-1466 жылдарына сай келеді... В. В. Вельяминов-Зерновтан бастап қазіргі күндегі тарихшылардың бәрі Қазақ хандығының құрылуын баяндауда жоғарыда үзінді ретінде берілген Тарих-и-Рашидидегі мәліметін пайдаланады да, тарихи оқиғаның жылын нақты көрсетуге келгенде, XV-ғасырдың50-70 жылдар аралығындағы бірнеше жылды көрсетеді. Олардың барлығын қарастыратын болсақ, онда бұл мәселе бойынша бірнеше пікірлер тобының бар екендігіне көз жеткіземіз.
Біз қарастырып отырған мәселе 19 ғасырдың 60 жылдарынан бері В.В.Вельяминов-Зерновтың атты жарыққа шыққан еңбегі тарихшылардың назарында келе жатыр. Мәселенің әр түрлі аспектілерін зерттеп қарастыруда әр жылдары Ш.Құдайбердіұлы, А.П. Чулошников, М.Тынышпаев, В.Вяткин, К.А.Пищулина, Т.И.Султанов және тағы басқалар үлес қосты. Осы тарихшылардың зерттеулері негізінде қазақ хандығы құрылуының мынадай мәселелері көпшілік назарына ұсынылды.
Жалпы алғанда бұл атап көрсетілген тұжырымдар қазақ хандығы құрылуын ашуға жәрдемдеседі, бірақ мәселені толық қамти алмайды деп ойлаймыз. Өйткені біздің пікірімізше қазақ хандығының құрылуы жоғарыда айтып өткеніміздей ұзаққа созылған этно-мәдени, рухани және саяси дамулардың нәтижесінде жүзеге асқандықтан көрсетілген.
Ғалымдардың пікірлеріне қарап бірнеше топқа топтастыруға болады:
Бірінші топқа - Керей мен Жәнібек хандар Әбілқайыр ханнан 1456 жылы бөлініп кетіп, олар Моғолстанда 146566 жылы Қазақ хандығының негізін қалады деген зерттеушілер пікірлері жатады. Біз бұл топқа бөлінуді 1455 жылы және XV-ғасырдың 50-ші жылдары болған деген пікірлерді де жатқызамыз.
Екінші топты Т. И. Сұлтановтың пікірі құрайды. Ол Керей мен Жәнібектің бөлінуі - 1459-1460 жылдары жүзеге асып, Қазақ хандығы - 1470-1471 жылы құрылған деп есептейді.
Келесі топқа - А. А. Семенов пен С. К. Ибрагимов пікірлері жатады. Олар Қазақ хандығының құрылған кезін XV-XVI ғасырлар шені мен XVI-ғасырдың 30-40 жылдарында жүзеге асқан деп есептейді.
Б. Б. Кәрібаев ұсынған пікір жоғарыда келтірілген пікірлерден өзгешелеу. Оның айтуынша, Керей мен Жәнібектің бөлінуі - 1457 жылдың соңында болып, хандық - 1458 жылы құрылған.
Тарихшылардың көпшілігінің пікірлері бірінші топқа жатады. Олардың пікірлерінде онша көп айырмашылықтар жоқ. Керей мен Жәнібектің бөлінуін 1455 немесе 1456 жылы, кейбір тарихшылар бұл датаны нақтыламай-ақ XV ғасырдың 50-ші жылдары болған деп көрсетеді. Ал хандықты 146566 жылы құрылған деп санайды. Енді бұл пікірлерді талдауды қажет етеді.
Алдыменен, Керей мен Жәнібектің Әбілқайыр ханнан бөлінген жылына тоқталайық. Мұхаммед Хайдар Дулати да, басқа авторлар да бөлінген жыл туралы нақты айта алмайды. Олай болса "бірінші топтағы тарихшылардың пікірлері қайдан шықты?" деген сұрақ туындайды. Бұл сұрақтың жауабын ортағасырлық дерек мәліметтерінен емес, В. В. Вельяминов-Зерновтың түсіндірмесінен табамыз. Бұл шығыстанушы-ғалымның сол кездегі беделінің күштілігі сондай, оның түсіндірмелерінде келтірген 860=1456 жылдар кейінгі зерттеушілердің бәрі дерлік Тарих-и-Рашидидегі мәлімет ретінде қабылдайды. Бұған сүйенген барлық зерттеушілер осы датаны Керей мен Жәнібектің бөлініп кеткен жылы деп қабылдайды.
Бұл бірінші топтағы пікірлерге алғаш болып қарсы пікір білдірген Т. И. Сұлтанов болды. Оның көрсетуі бойынша Тарих-и-Рашиди авторы жылдарды шамамен, болжаммен көрсеткен. Сонымен қатар, Мұхаммед Хайдар Дулати Қазақ хандығы құрылуының тікелей куәгері, замандасы болмаған. Ол бұл жөніндегі ақпартты басқа көзден алған. Автордың еңбегінде 15-тей ортағасырлық шығармалар мәліметтері қолданылса да, Тарих-и-Рашидидің негізгі дерегі ретінде моғолдар арсында кең тараған ауызша тарихи әңгімелер болған деп есептейді. Оқиғаның ақпарат ретінде халық ауыз әдебиетінде бейнеленуі, оның бір ғасырдай уақыт бойы ауыздан-ауызға беріліп отыруы - тарихы болмысқа біршама өзгерістер енгізеді. Мұндай жағдайда тарихи болмыстың маз-мазмұны жақсы сақталса да, оның мерзіміне қатысты мәліметтердің көп өзгерістерге түсетіндігі белгілі. Мұхаммед Хайдар Дулати да ХІІІ-ХV ғасырлардағы тарихи аңыз-әңгімелердің мазмұндарын баяндай отыра, олардың болған мерзімдерін салыстыру, таразылак арқылы анық беруге тырысады. Ал мүмкін болмаған жағдайда оларды шамамен, болжап береді. Қазақ хандығының құрылған жылын Мұхаммед Хайдар Дулати осындай жолмен берген.
Ал енді екінші топтағы зерртеушілердің пікірлеріне тоқталайық. Олардың айтуынша 1470-1471 жыл - Қазақ хандығының құрылған жылы. Бірақ, 1470-1471 жылдар - Қазақ хандығының Шығыс Дешті Қыпшақ аумағынан шайбанилік әулет өкілдерінің билігін толығымен ығыстырып, жаңа хандық билігін орнатқан жылы. Сол себепті де бұл жылдарды Қазақ хандығының құрылған жылы емес, керісінше Қазақ хандығының құрылуы барысының толығымен және түпкілікті түрде аяқталған жылы деп санайды Б. Кәрібаев.
Үшінші топқа келсек, пікір білдіргендердің бірі, белгілі шығыстанушы А. А. Семенов өз ойын былайшы тұжырымдайды. Шу өзеніне қарай көшіп кету өзбек-қазақтардың тарихындағы бір ғана эпизод, олар кейіннен Шудан өз далаларына қайта көшіп келеді; бұл оқиға бүкіл қазақты емес, тек оның бір бөлігін ғана қамтыған, ...Дешті Қыпшақтың өзбек-қазақтар деп аталатын тайпаларының Шайбани ханның өзбектерінен түпкілікті бөлінуі Шайбани ханның билігі тұсында болған. Бұл жерде А. А. Семенов Қазақ хандығының құрвлуынан гөрі қазақ халқының қалыптасуының аяқталған кезін көрсетіп, сол арқылы қазақ мемлекетінің басталған кезенің меңзеп отыр. Ал Керей мен Жәнібек хандардың Әбілқайыр ханнан бөлініп, Моғолстанның батыс бөлігінде дербес хандық құруын көзге ілмей, оны Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы көшпелі тайпалар өміріндегі көптеген ұсақ оқиғалардың бірі деп есептейді.
Ал С. К. Ибрагимов болса А. А. Семеновтың пікіріиен келісе отыра, Керей мен Жәнібектің Әбілқайыр ханнан бөлініп кетуінің көшпелі өзбектер мемлекетінің саяси тарихында маңызды болмады, егер де бұл оқиға ірі маңызға ие болса, онда ол жөнінде Тарих-и-Абулхайр-хани авторы өз еңбегінде атап өткен болар еді деген ой айтады. Сондай-ақ ол бөлінудің Сығанақ түбіндегі Әбілқайыр мен Үз Темір тайшы арасындағы шайқастан кейін болғандығын атап өтеді де, шайқасты 1451-1452 жылы өткен деп есептейді.
Қазақ хандығының құрыл,ан кезіне С. К. Ибрагимов XVI ғасырдың 30-40 жылдарын жатқызады. Оның пікірінше, XV ғасырдың соңында Керей мен Жәнібектің ұлдарының басшылығымен бірнеше феодалдық иеліктер пайда болып, олар XVI ғасырдың 30-40 жылдарында жеке қазақ хандығы болып түпкілікті түрде қалыптасты. Оның мұндай тұжырымға келуіне Моғолстанның батыс өңірінде Керей мен Жәнібек хандардың басшылығымен құрылған мемлекетті феодалдық иеліктерінің бірі деп санауға негіз жасап отыр. Б. Кәрібаев бұл пікірмен де келіспейді.
Енді осы мәселе бойынша тұжырым жасайық.
Бірінші, Қазақ хандығының құрылуы барысындағы айтулы дата хандықтың құрылған жылы XIX ғасырдың 60-шы жылдарынан бері күн тәртібінде тұрса да, XX ғасырдың 90-шы жылдарында мәселеге деген қызығушылық күрт өсіп, тарихшылар айтулы датаны анықтауға атсалысты. Бірақ мәселе аяғына дейін шешілмей, әр тарихшы осы мәселеге қатысты өз пікірлерін негіздеуге тырысты.
Екінші, Қазақ хандығының қүрылған жылы жөнінде өз пікірлерін білдірген зерттеушілердің ойларын жинақтай келе, оларды үш топқа топтастырдық.
1) 1455, 1456 немесе XV ғасырдың 50-ші жылдары құрылған деген пікір.
2) Керей мен Жәнібек хандар 1459-60 жылдары бөлініп, 1470-1471 жылы хандық құрды деген пікір.
3) Қазақ хандығы XVI ғасырдың 30-40 жылдарында құрылған деген пікір.
Қорытынды
Қорыта келе, Қазақ хандығының құрылуы - Қазақстан тарихының, жалпы қазақ халқының тарихындағы ең маңызды оқиғаларының бірі. Бірақ бұған қарамастан бұл мәселе толығымен шешілген жоқ. Қазақ хандығының құрылу мәселесі әлі де болса арнайы түрде зерттеуді қажет етеін мәселелер қатарына жатады. Бұл жұмыста осы күрделі мәселелер төңірегіндегі сұрақтар туралы ой қозғалып, оны шешуге тікелей жәрдем тигізетін жеке мәселелер атап көрсетілді. Ал оларды зерттеу алдымыздағы тұрған маңызды мәселердің қатарына жатады.
Пайдаланылған әдебиет.
1. Хасенов Ә. Қазақ хандығы қай жылы құрылды? "Қазақ тарихы" журналы №2 1993, 38-41 бб.
2. Кәрібаев Б.Б. Қоғамдық-тарихи дамудың нәтижесі. "Қазақ тарихы". 1993, №3, 31-37 бб.
3. Жолдасбаев С. Қазақ хандығы қай жылы құрылды? "Қазақ әлемі " газеті №10 2001, 1993, 11-12 бб.
4. Есқалиев С. А. Қазақ хандыығының қалыптасу кезіндегі интеллектуалдық әлеуеттің маңызы. "Казахская цивилизация " журналы №10 1993, 58-61 бб.

6. Материалы по истории Казахских ханств в XV - XVIII вв. (Извлечения из персидских и тюркских сочинений) Составители: С.К.Ибрагимов, Н.Н.Мингулов, К.А.Пищулина, В.П.Юдин. Алма-Ата ,1969.
7. Мұхаммед Хайдар Дулати. Тарих-и Рашиди. (Хақ жолындағылар тарихы). - Алматы: М.Х.Дулати қоғамдық қоры, 2003. 616 б.
8. Кәрібаев Б. Б. Қазақ хандығының құрылған жылы туралы сөз. "Үш қиын " газеті ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz