Қазақстанның еңбек нарығының дамуына талдау жасау
Мазмұны:
Кіріспе 3
І.Еңбек нарығының экономикалық.теориялық негізі 5
1.1.Еңбек нарығының экономикалық мәні және мазмұны
1.2.Еңбек нарығының құрылымы және қызметі 7
1.3.Еңбек нарығының шетелдік іс.тәжірибесінің ерекшеліктері 9
ІІ.Қазақстан Республикасының еңбек нарығының дамуына талдау 12
2.1.Қазақстан Республикасының еңбек нарығының қалыптасуы
мен дамуы
2.2.Қазақстан Республикасының еңбек нарығының мемлекеттік
құқықтық реттеу 16
2.3. Еңбек нарығында жұмыс күші ұсынысы мен жұмыс күшіне
сұраныстың үйлесуі 20
ІІІ.Қазақстан Республикасының еңбек нарығының дамуындағы
мәселелеріне жетілдіру жолдары 23
3.1.Еңбек нарығындағы жұмыссыздық мәселесі
3.2.Еңбек нарығындағы жұмыссыздық мәселелерді шешудегі
мемлекеттің саясаты 25
Қорытынды 45
Пайдаланған әдебиеттер
Қосымша

Кіріспе
Егеменді Қазақстанда жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуымен, нарықтық қатынастарға көшумен байланысты еңбек ресурстарын жаңа талаптарға сай пайдалану маңызды және күрделі мәселе болып табылады.
Республикамызда барлық нарық түрлері, соның ішінде еңбек нарығыда дамуда. Еңбек дегеніміз-адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық, рухани, басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі. Қазақстанның әрбір азаматы материалдық, рухани және басқа да қиындықтарды жеңу жолында өзінің бойындағы қайрат-қуатымен барынша аянбай еңбек етіп, елімізді дүние жүзіне танытуы тиіс.
Еңбек нарығы - бұл экономикалық тұрғыдан белсенді халыққа сұраным мен ұсынымды қалыптастыратын сала. Мұндағы экономикалық тұрғыдан белсенді халық-еңбекке жарамды жастағы адамдар. Бұған кіретіндер жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар.
Курстық жұмыстың тақырыбын ашуда жоспарлаған сұрақтарды қарастыру негізінде келесідей міндеттер мен мақсаттар алға қойылып отыр:
- еңбек нарығының экономиалық мазмұнын аша отырып, құрылымын анықтау;
- еңбек нарығының дамуының шетелдік іс-тәжірибесіне сүйену;
- еңбек нарығында жұмыс күші ұсынысы мен сұранысының үйлесуіне талдау жасау;
- еңбек нарығы қатынастарын реттейтін құқықтық заңнамаларды қарастыру;
- еңбек нарығының дамуындағы мәселелер мен жетілдіру бағыттарын көрсету.
Жұмыстың бірінші бөлімінде, еңбек нарығының экономикалық негізделуіне байланысты бірінші сұрақтар қарастырылған, яғни еңбек нарығының мазмұны ашыла отырып, еңбек нарығының құрылымы мен қызметі анықталды. Сондай-ақ, шетелдік іс-тәжірибе ретінде дамыған мемлекеттердегі еңбек нарығының дамуы мен ерекшеліктері зерттелді.
Екінші бөлімде, Қазақстан Республикасының бәсекелесті еңбек рыногы және оның «шығу-дауыс» механизмі арқылы үйлестіруіне талдау жасау. Ал еліміздегі еңбек нарығын реттеудегі еңбек заңнамалары және еңбек нарығын мемлекеттік реттеу бағыттарын осы бөлімінде сарапталынып отыр.
Еңбек нарығының дамуындағы мәселелер барысы мен еңбек нарығын жетілдірудегі мемлекеттің саясаты курстық жұмыстың үшінші бөлімінде қарастырылған, яғни еңбек нарығындағы жұмыссыздық, жұмыспен қамтуда.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Абденов С. Развитие трудовых отношений через призму трудового кодекса// Труд в Казахстане. – 2007.-№1-2.7б.
2. Акімбекова Ш. Қазақстандағы еңбек нарығының қалыптасу ерекшеліктері// Жаршы.-2005.-№5
3. Байболов А. Халықты жұмыспен қамту// Саясат.-2005.-№4.-77б.
4. Жұмаханов Б. Еңбек ресурсы – әлеуметтік-экономикалық категория// Жаршы.-2005.-№6
5. Құрманбаев С., Тойкин С. Еңбек нарығының экономикасы – Семей «Университет», 2003 – 100б.
6. ҚР әлеуметтік – экономикалық дамуының 2010 жылдарға арналған даму стратегиясы// Заң. – 2006.-14б.
7. Масхутов Б. Трудовой кодекс РК; проблемы регулирования трудовых отношений// Труды в Казахстане.-2007.-№7.-11б.
8. Нарықтық экономикада дамыған елдер өнеркәсібіндегі салыстырмалы еңбек құқығы мен өндірістік қатынастар/ ред. Р.Бланпейн.-Алматы «Дәнекер», 2000. – 560б.
9. . «Егемен Қазақстан» газеті, 2010 жылғы қаңтардың 30-ы
10. Осипова В. Экономикалық теория. –Алматы «Экономика», 2005.-480б.
11. О состоянии рынка труда в Республике Казахстан в 2002-2006 годах// Труд в Кахахстане. -2007.-№8.-30б.
12. Тойкин С. Проблемы рынка труда// Қаржы – Қаражат. 2005.-№6.
13. Әкімбекқызы Қ. Жұмыс көп жұмыссыздар қайда жүр // Заң газеті.

3
І.Еңбек нарығының экономикалық-теориялық негізі 5
1.1.Еңбек нарығының экономикалық мәні және мазмұны
1.2.Еңбек нарығының құрылымы және қызметі 7
1.3.Еңбек нарығының шетелдік іс-тәжірибесінің ерекшеліктері 9
ІІ.Қазақстан Республикасының еңбек нарығының дамуына талдау 12
2.1.Қазақстан Республикасының еңбек нарығының қалыптасуы
мен дамуы
2.2.Қазақстан Республикасының еңбек нарығының мемлекеттік
құқықтық реттеу
16
2.3. Еңбек нарығында жұмыс күші ұсынысы мен жұмыс күшіне
сұраныстың үйлесуі
20
ІІІ.Қазақстан Республикасының еңбек нарығының дамуындағы
мәселелеріне жетілдіру жолдары
23
3.1.Еңбек нарығындағы жұмыссыздық мәселесі
3.2.Еңбек нарығындағы жұмыссыздық мәселелерді шешудегі
мемлекеттің саясаты
25
Қорытынды 45
Пайдаланған әдебиеттер
Қосымша
Кіріспе
Егеменді Қазақстанда жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуымен, нарықтық
қатынастарға көшумен байланысты еңбек ресурстарын жаңа талаптарға сай
пайдалану маңызды және күрделі мәселе болып табылады.
Республикамызда барлық нарық түрлері, соның ішінде еңбек нарығыда
дамуда. Еңбек дегеніміз-адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық, рухани,
басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі. Қазақстанның әрбір
азаматы материалдық, рухани және басқа да қиындықтарды жеңу жолында өзінің
бойындағы қайрат-қуатымен барынша аянбай еңбек етіп, елімізді дүние жүзіне
танытуы тиіс.
Еңбек нарығы - бұл экономикалық тұрғыдан белсенді халыққа сұраным
мен ұсынымды қалыптастыратын сала. Мұндағы экономикалық тұрғыдан белсенді
халық-еңбекке жарамды жастағы адамдар. Бұған кіретіндер жұмыспен
қамтылғандар мен жұмыссыздар.
Курстық жұмыстың тақырыбын ашуда жоспарлаған сұрақтарды қарастыру
негізінде келесідей міндеттер мен мақсаттар алға қойылып отыр:
- еңбек нарығының экономиалық мазмұнын аша отырып, құрылымын анықтау;
- еңбек нарығының дамуының шетелдік іс-тәжірибесіне сүйену;
- еңбек нарығында жұмыс күші ұсынысы мен сұранысының үйлесуіне талдау
жасау;
- еңбек нарығы қатынастарын реттейтін құқықтық заңнамаларды қарастыру;
- еңбек нарығының дамуындағы мәселелер мен жетілдіру бағыттарын көрсету.
Жұмыстың бірінші бөлімінде, еңбек нарығының экономикалық
негізделуіне байланысты бірінші сұрақтар қарастырылған, яғни еңбек
нарығының мазмұны ашыла отырып, еңбек нарығының құрылымы мен қызметі
анықталды. Сондай-ақ, шетелдік іс-тәжірибе ретінде дамыған мемлекеттердегі
еңбек нарығының дамуы мен ерекшеліктері зерттелді.
Екінші бөлімде, Қазақстан Республикасының бәсекелесті еңбек рыногы
және оның шығу-дауыс механизмі арқылы үйлестіруіне талдау жасау. Ал
еліміздегі еңбек нарығын реттеудегі еңбек заңнамалары және еңбек нарығын
мемлекеттік реттеу бағыттарын осы бөлімінде сарапталынып отыр.
Еңбек нарығының дамуындағы мәселелер барысы мен еңбек нарығын
жетілдірудегі мемлекеттің саясаты курстық жұмыстың үшінші бөлімінде
қарастырылған, яғни еңбек нарығындағы жұмыссыздық, жұмыспен қамтуда.
І.Еңбек нарығының экономикалық - теориялық негізі
1.1 Еңбек нарығының экономикалық мәні және мазмұны
Еңбек нарығы – бұл еңбек мөлшері және институттары, ұдайы
өндірісті қамтушы жұмысшы күші жіне еңбекті пайдалануды көрсететін
экономикалық механизмдер жүйесі. Барлық нарықтағы сияқты, еңбек нарығында
да еңбекке ұсыныс және еңбектің анықталған түріне сұраныс құрылады.
Еңбек нарығы кез-келген, жағдай-шартта қызмет етеді. Қарапайым
шартты жетілген бәсеке. Оның нарықтық сипаттамасы:
- кәсіпорындар саны көп болуы, керекті жалдамалы жұмысшыны жалдау
үшін өзара бәсекелеседі;
- жоғары дәрежелі мамандарылған қажетті жалданушылардың көптігі;
- еңбек нарығына бірде-бір жұмысшының немесе кәсіпорынның күшті
ықпалы жоқ.
Еңбекке жинақталған сұраныс жетілген бәсеке нарығында жеке
фирмалардың еңбегіне сұранысты жинақтау жолымен анықталады. Ал фирма қанша
жұмысшы саның жалдау керектігі сұрағын шешеді, еңбекке сұраныс бағасын,
яғни еңбек ақысын анықтайды.
Еңбекке сұраныс бағасы шектік еңбек өнімділігінен тұрады,демек
өнімнің көбеюі қосымша еңбек бірлігін жалдау нәтижесінде алады. Қосымша
жұмысшы жалдау нәтижесінде алынған қосымша өнімді шектелген өнім дейді.
Шектік өнімнен түскен табысты анықтау үшін шектік өнімді өнім бірлігі
бағасына көбейтеміз. Осы табыс шектік өнімнен түскен табыс деп аталады.
Шектік өнім, әрбір қосымша жұмысшыны жалдағандығы өнім шығаруы көлемінін
өзгеруін көрсетеді. Шектік өнімнен түскен табыс, төленетін еңбек ақыдан
жоғары болғанда ғана қосымша жұмысшы жалдауға болады. Сондықтан жетілгекн
бәсекелестік нарығында еңбекке сұраныс екі көрсеткішпен анықталады: жалақы
және шектік өнім құны.
Еңбек нарығы, әлеуметтік еңбек қатынастарының жүйесі, ол нарық
шарттарының негізінде тұрғызылған. Қазіргі уақытқа сай негізгі екі
әлеуметтік экономикалық функция орын алған: адам ресурстарын бөлу
(мамандығына, саласына, кәсіпорындарға, территориясына қарай) және табысты,
еңбекақы мөлшерінде еңбегін ынталандыру үшін бағалау арқылы бөлу. Осы
функцияларды іске асыруда өндірістің жоғарылануы мен тиімділік адам
ресурстарының қайтарымдылығы мен табыстың жоғары болуы, мемлекеттің
экономикалық өсуі мен әлеуметтік әдістілік бірлесе отырып, баршаға бірдей
іс қамтамасыз етілуі керек. Бірақ, осы мақсаттарға жету мемлекеттің
қатыстыруымен реттелуі қажет.Еңбек нарығы, нарық жағыдайында ең алдымен
жалдану арқылы жұмыс істеу, жұмыс берушілердің қызығушылықтарының,
келісімінің механизімі болып табылады. Сонымен қатар, еңбек нарығында
әлеуметтік қатынастарды басқарудың келісілген қажеттігі мемлекеттің
қызығушылығынан пайда болады.
Еңбек нарығының құрылымы – маманданған және әлеуметтік топтардың
қатынасы арқылы сипатталып, осы арқылы сұраныс пен ұсыныс талданады. Еңбек
нарығы-шаруашылық механизімінің топтарына қажетті халық шаруашылығының
тасқындарын тиімді тарату мен қайта тарату құралдарының бірі. Еңбек
нарығы қоғамның әлеуметтік – экономикалық жағыдайына тиімді әсерінен басқа,
кері әсерін де тигізеді. Маманданған және аймақтық – географиялық
ықшамдалуды, жұмысшылардың көзқарасын қорғауды күшейту, еңбек туралы
заңдылықтарды сақтай отырып, жұмыссыздық пен іс жүзінде күресу шаралары
еңбек нарығының мобельділігін үлкейтеді және көптеген әмбебап факторлар да
әсерін тигізеді.
Еңбек нарығы – бұл экономиканың ерекше артықшылығы бар элемент.
Ол - жұмыс беруші мен жұмыс іздеушінің арасындағы қатынас, еңбекақысы
мен қызметкері емес, бұл – қоғамымыздағы әлеуметтік- экономикалық
құбылыстың көрсеткіші.
1.2 Еңбек нарығының құрылымы және қызметі
Еңбек ресурстарына халықтың жұмыс істеуге қабілетті бөлігін
жатқызамыз. Ал оның мөлшерін халықтың жастық құрылымы анықтайды. Жалпы
еңбекке тартылған адамдарды үш топқа бөлеміз: еңбек жасына дейінгілер,
еңбекке қабілетті жастағылар және ол жастан асқандар. Оның ішінде еңбек
жасындағы, бірақ жұмыс істемей зейнетақы алатын адамдар мен 1-2 топтағы
мүгедектерден басқа еңбекке қабілетті халық негізгі еңбек ресурсын құрайды.
Ал жұмыс істейтін зейнеткерлер мен 14-16 жас аралығындағы жас өспірімдер
қосымша еңбек ресурстарына жатады. Еңбек өндіріс факторы, ерекше тауар
болып табылады. Оның тауарлық формысының ерекшелігі мыналардан тұрады:
1.Бұл ресурс, әдетте, өзінің толық көлемінде сатылу объектісі болып
шықпайды.
2.Жалдау формасындағы сату.
3.Шамалы жинақтылық (аймақтық , өндірістік және т.б).
4.Тұтас еңбектің бөлігі тұрақты өнімді таппайды.
Қорытындысында тұрақты құбылыс – жұмыссыздық туады. Жұмыссыздықта еңбек
нарығының бір құрылымы болып табылады.
Нарықтық қатынастарға өту кезеңінде жұмыс күшінің қызметтері
анықталып, жұмыс күшіне деген сұранымның сандық және сапалық параметрлері
өзгереді. Еңбек нарығындағы өзгерістер – бұл алдымен жұмыспен және еңбекақы
төлеу жүйелеріне өзгерістер енгізу, екінші сөзбен айтсақ, нарық жағдайында
жұмыс күшіне деген сұраным мен ұсынымнын тепе-теңдігінің сақталуын
қадағалаумен бірге, осы жүйелерді мемлекет тарапынан бақылап отыруы деген
сөз. Жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы еңбек қатынастары нормативтік
құқықтық актілермен, еңбек туралы зандарға сәйкес жасалған жеке еңбек
шарттарымен, ұжымдық шарттармен реттеліп отырады.
Жеке еңбек шарты қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы
жазбаша нысанда жасалатын екі жақты келісім. Осы бойынша қызметкер жұмыс
беруінің актісін атқара отырып, белгілі бір мамандық, біліктілік немесе
лауазым бойынша жұмысты орындауға міндетті, ал жұмыс беруші қызметкерге
жалақысын және заңдар мен тараптарының келісімінде көзделген өзге де
ақшалай төлемдерді уақыттылы да толық көлемде төлеуге, еңбек туралы заңдар
мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағыдайларын қамтамасыз етуге
міндеттенеді. Осылайша жұмыс беруші мен қызметкердің арасында еңбек
қатынасы қалыптасады. Бұл ретте ең алдымен атқарылған жұмыстың сапасы
керек. Білімді де білікті мамандар қажет.
Жұмыс пен толық қамтылу – жұмыс іздегендер мен жұмыс істегісі
келгендердің барлығы жұмыспен қамтамассыз етілгенін білдіреді және жұмыс
күшіне деген сұраныс пен ұсынымның арасындағы теңдікті сипаттайды.
Еңбек ресурстары деп – ел халқының дені сау, ойлау қабілеті және
халық шаруашылығында еңбек етуі үшін қажет білім бар бөлігін айтуға болады.
Сонымен қатар мұндай түсініктеме шартты екенің де ескеру керек. Еңбек
ресурстары – халықтың өзі, яғни еңбек етуге қабілетті жастағы адамдар
жиынтығы емес, ол адамдардың еңбек етуге деген жиынтық қабілеті. Олай
болса, жұмыс пен қамтылуды осы қабілетті жүзеге асыруды нысаны деп
анықтауға болады. Адам ресурсы - анағұрлым ауқымды ұғым, жұмыс пен
қамтылу нысандары кеңейді, ол меншік нысандары әртүрлі кәсіпорындарда ,
өзін жұмыспен қамтуды, жеке және шаруашылық еңбекті, жеке қожалықтағы
жұмысты, үй шаруашылығы және бала тәрбиесімен айналысуды, мемлекеттік және
қоғамдық міндеттерді атқаруды, арнаулы орта және жоғарғы оқу орыындарындағы
күндізгі оқуды қамтиды.
Жұмыссыздық мәселелерін шешуде еңбек биржалары айтарлықтай орын
алады. Еңбек биржасы – бұл еңбекті жалдау барысында жұмыскерлер мен
кәсіпкерлердің арасында делдалдық келісім жасалатын, тұрақты жұмыс жасайтын
мекеме.
1.3 Еңбек нарығының шетелдік іс – тәжірибесінің ерекшеліктері
Американдықтар еңбек ететін өмірі бойына, орта есеппен 7,5 рет
жұмысына ауыстырады. Жапонияда, бір бөлігі өмірлік жалдаумен қамтылған
жұмысшылар 2,6 рет жұмысын ауыстырады екен.
Батыс Еуропада бұл көрсеткіш Жапонияға қарағанда жоғары, бірақ
АҚШ – тағыдан төмен бұл процесс, нарықтық принциптерге көшіп жатқан
экономикаға тән көрініс. Мысалы, Финляндия өндірісте және басқа салаларда
жұмыс істейтіндердің үштен бірі – мамандықтарын ауыстырады немесе басқа
жұмысқа ауысады. Жұмыссыдықтың әлеуметтік және саяси өткірлігін азайту
үшін соңғы 30 жыл бойына нарық қатынастары дамыған елдердің үкіметтері
жұмыссыздарға жәрдем берудің бірнеше түрлерін қолдануда. Халықты еңбекпен
қамтудың мемлекеттік реттеу механизімі, оның құқықтық негізін жасауды,
әртүрлі мамандандырылған мекемелердің, экономикалық тұтқалардың кең
жүйесін қолдануды қажет етеді. Осылармен бірге, мемлекет, қайта
мамандандыру, жаңа жұмыс орындарын құру және жұмыссыздыққа байланысты
жәрдемақы төлеу сияқты, әлеуметтік саясат шараларын жүзеге асыру қажет.
Жұмыссыздықа берілетін жәрдем ақшаның мөлшері мен оны төлеу мерзімі: АҚШ-та
– 26-34 апта бойына жалақының 50%, кейбір штаттарда 47аптаға дейін;
Жапонияда – жұмыссыздық жасына және басқа көрсеткіштеріне қарай 3-12 ай
бойына жалақының 60-80%-ын; Францияда – 1-2,5 жыл бойына жалақының 42
пайызын, оған қосымша күніне 40 франк жәрдем ақша; Ұлыбританияда – 52 апта
бойына 28,5 фунт стерлинг құрады. Жұмыс істейтіндердің еңбек ақысынан
ұстап қалу есебінен арнаулы қорлар құру арқылы да жұмыссыздыққа байланысты
жәрдем ақша беріледі.
Нарық қатынастары дамыған көп елдерде еңбек нарығы әр түрлі
топтағы адамдарды, әсіресе, жастарды жұмыспен қамтамассыз етудің, жеке
шараларын жүзеге асырады.Осы мақсатта кәсіпкерлердің қатысуымен жастар
үшін жалақы шығындары бөлінеді және оларды кәсіптік мамандыққа
дайындайтын шығындарды мемлекет толық өз мойынына алады.
АҚШ конгресінің экономикалық статистикалық комиссиясының
жүргізген зерттеулерінің мәліметі бойынша, қазір шет елдерде
жұмыссыздықтың 70-ке жуық нысандары және олардың болуының ерекше
себептері де бар екен. Батыс елдерінің мамандары жұмыссыздықтың
нысандары 2 үлкен негізгі топқа бөледі:
1.жиынтық сұранымның жетіспеуіне байланысты болатын, соның ішінде ең
алдымен, циклдық жұмыссыздықты жатқызады;
2.жиынтық сұранымның өзгеруіне байланыссыз болатын жұмыссыздықты
жатқызады.
Дамыған шет елдерде жұмыссыздық зардабын бәсендететін факторлардың бірі
– ғылыми – техникалық өрлеу, жаңа қосымша жұмыс күшін қажет ететін жаңа
өндіріс түрлері мен шаруашылық салаларын тудырады,ол материалдық өндіріс
саласында еңбек етуге қабілеті бар тұрғындарды жұмыс пен қамтамасыз етуді
көбейтеді. Жалпы ғылыми-техникалық революция жағыдайында жұмыспен қамтуды
тұрақты түрде өсіру, негізінен өндірістік емес салалардың дамуы арқылы
жүзеге асырылады. Оның ұлғаюы, тұрғындардың әртүрлі қызмет түрлеріне
деген шығынның тез өсуімен және халық шаруашылығының орташа
көрсеткішіне қарағандағы жоғарғы еңбек ауқымдылығымен сипатталады.
Мысалы, 2010 жылдары жұмыспен қамтуды көбейтуде, өндірістік емес
саласы АҚШ пен Жапонияда – 80-90 % ал Еуропада 100% құрады.
Дүние жүзінің әрбір мемлекетінде еңбекке қабілетті адамдардың
заңменен белгіленген. Мәселен, Ресейде әйелдер – 16-55, ал ерлер – 16-
60 жас аралығында, ал Қазақстанда әйелдер - 16-58, ерлер -16-63 жасқа
сәйкес келеді. АҚШ –та әйелдер мен ерлер үшін бірдей 16-65 жас аралығы
еңбекке қабілетті болып табылады. Кейбір елдерде еңбекке қабілеттілік 15
жастан басталады. Ал оның жоғарғы шегі көбінесе халықтың орта жасының
ұзақтығына тәуелді.
Сол сияқты мемлекеттердің егде адамдарды зейнетақы мен қамтамасыз
етуді қаржылық мүмкіндігіне байланысты болады. БҰҰ енгізген экономикалық
белсенді халық санатына жалпы өндірістік және өндірістік емес саладағы
еңбекке тартылған әрі еңбек етуді қалайтын адамдар жиынтығын жатқызамыз.
Бұл тұрғыда оның құрамына жұмыссыздар, яғни қызмет орны жоқ еңбекке
қаблетті жастағылар, жұмыспен қамту қызметінің көмегімен немесе өз бетінше
жұмыс іздеп жүрген адамдар тобы да кіреді.
Экономикалық белсенді халық арасында жұмыссыздық деңгейі
Украинада-8,8%; Ресейде-7,6%; АҚШ-та -6,7%; Батыс Еуропа елдерінде 5%-дан
(Швейцария) 18%-ға (Финляндия) дейін көтерілген. Ал кейбір дамушы елдерде
бұдан да жоғары дәрежедегі жұмыссыздық көрсеткіштері әдеттегі жәйт. Оны
толығырақ Кестеден көреміз. (Қосымша №1)
Қазіргі таңда халықтың еңбекке қабілетті бөлігі мен осы жасқа
дейінгілер және одан жасы асқандар арасындағы салмақ үлесі тең емес. Мұндай
арақатынас демографиялық жүктеме деп аталады. Орта есеппен дүние жүзіндегі
еңбекке қабілетті 100 адам өз еңбекақысымен 70 бала мен зейнеткерді
асырайды. Дамушы елдерде бұл көрсеткіш тепе-тең болса, яғни 100-ге 100-ді
құраса, ал Жапонияда 100-ге 40-тан келеді.
АҚШ пен Канадада жұмыс орындарының қысқартылуын реттейтін арнайы
ережелерінің көптеген түрлері бар және көп жағыдайларда олар екі
объектіге бағытталған:
1) жұмыс орындарының үнемі қысқартылуына жол бермеу немесе азайту;
2) жұмыстан шығарылған жұмыскерлерге кездесетін қиындықтарды жұмсарту
бойынша шаралар қабылдау.
Соңғы жылдары дамыған нарықтық экономикасы бар елдер және
көптеген дамушы елдер көбейіп келе жатқан жұмыссыздықпен жұмысқа қабілетті
адамдардың, әсіресе әйелдердің тез өсіп келе жатқан санына қарағандка
қажетті жұмыс орындарының екі есе азайуы мәселелеріне шалдықты. Адамның
жұмыстан кететін орта жасыда өсті.
ІІ.Қазақстан Республикасының еңбек нарығының дамуына талдау
2.1 Қазақстан Республикасының еңбек нарығының қалыптасуы мен дамуы
Осы уақытқа дейін біздің елімізде еңбек нарығы болмады.
Мамандары қайта дайындаудың тым қарапайым жүйесінін болуы - тұрғындарды
толық, бірақ тиімсіз түрде жұмыс пен қамтуға жағыдай туғызды, өмір сүру
ресурстарын бөлуге теңгермеушілікке жол берді,ал ол белгілі бір дәрежеде
қоғамның өндіргіш күштерінің дамуын тежеді. Әкімшілдік - әміршілдік
басқару жүйесі жағыдайында мемлекет, жұмыспен қамту мәселесін өндіргіш
күштерді орналастыру бағдарламасына сәйкес орталықтандырылған жоспар
бойынша, өндіріс салалары мен аймақтарына бөлу арқылы шешіп отырады.
Жаңа жұмыс орындарын жасау, еңбек етуге қабілетті әр тұрғындардың
санынан асып кетіп отырады, ал ол өз кезегінде жұмыс күшіне деген
сұраным еркіндігі қатаң шектелді. Мемлекет жұмыскерлердің белсенділігі
мен қозғалысына қатаң бақылау жасап отырды, оларды өздерінің жұмыс
күшін қолдануға тек қана мемлекет белгілеген еңбек нысандарының
шеңберінде ғана рұқсат етілді.
Қазақстан Республикасы нарықтық, экономикаға көшу кезінде,
бұрынғы экономикаға тән емес көптеген қиыншылықтар мен өзгерістерге тап
болды. Мемлекетте жаппай дағдарыс көрініс алды, жоспарлы экономикаға
үйренген ел жаңа өзгеріске, өз бетінше, ешқандай дайындықсыз бет бұрды.
Нарықтық экономикаға тән көріністер орын ала бастады, өнеркәсіптер мен
кәсіпорындар тұрып, теңге тұрақсыздандырып, инфляция өсіп, жұмыссыздар
саны кәсіби, халық өз уақытында төлемдер мен зейнетақысын ала алмайтын
халге түсті. Ел экономикасы құлдырау шегіне жетті. Осыдан экономиканың
негізгі құраушы бөлшегі, мемлекеттің негізгі мақсаты- адам, адам
факторларына ерекше көңіл бөлу, оны еңбекпен қамтамасыз ету. Бұдан
экономиканың құраушы бөлшегінің бірі еңбек нарығы болып табылады.
Кәсіпорындардың жекешеленуі, тәуелсізденуі және өз бетінше
кеңеюі кезінде көптеген экономикалық мәселерге ерекше көңіл бөлу керек
болды, соның ішінде еңбек нарығына деген сұрақтар көбеймесе,азаймады.
Қазақстанда өтпелі кезең экономикасындағы еңбек нарығының
ерекшеліктері. Қазақстан экономикасының нарыққа көшуінің әлсіз басқарылуы
барлық әлеуметтік-эконмикалық және ең алдымен жұмыс күшін ұдайы өндірумен
байланысты процестеге теріс ықпалын тигізді. Әсіресе осы ықпалды еңбек
және жұмыспен қамтылу саласындағы реформалардың нәтижелелерінен көруге
болады: соңғы жылдары жұмыссыздықтың деңгейі және еңбек қоры едәуір өсті.
Республикамыздағы 2009 жылдардың басындағы жұмыспен қамтылудың
жоғарғы деңгейі орнына бүгінгі таңда көп салалы нарық шаруашылығының
дамуы, экономикада жаңа секторлар мен буындардың қалыптасуымен байланысты
еңбек коньюнктурасындағы елеулі ауытқулар келді. Осы кезеңге еңбек және
кәсіптік коньюнктурасының жаппай жұмыспен қамтылуды қолдау кезінде
жинақталған еңбек қорының белгілі бөліктерін әшкерелеген айқын байқалатын
парамерлі республикалық еңбек рыногының пайда болуы да жатады.
Қазіргі нақты жағыдай еңбек нарығының барлық элементтерінің
қайта жаңартудың қажеттілігін көрсетіп отыр, 2000-жылдың бірінші
шілдесінен бастап, Қазақстанда барлық жерде тұрғындарды еңбекпен қамту
қызметі жұмыс істей бастады. Нарыққа бейімделу ең алдымен еңбекпен қамтуды
реттеу механизімдерінің ұйымдастыру құрылымдарының жетілдіруді қажет етеді.
Сол себеппен 2000 жылы Қазақстанда еңбекпен қамту қызметі құрылды және
жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеуді қаржыландыру механизімі белгіленді.
Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеу, жұмыспен қамтамасыз ету, кәсіптік
даярлау және жаңа жұмыс орындарын ашу бағдарламаларын қаржыландыру үшін
бюджеттен тыс Жұмыспен қамту қоры құрылды. Мемлекет иелігінен алу және
жекешелендіру қызметкерлердің жұмыстан босауына әкеп соқты (негізінен –
кәсіби даярлығы төмендер есебінен), кейінен жекшеленген кәсіпорындарда
өндіріс құрылымын өзгерту және жаңа функцияларының буындары пайда болуына
байланысты жұмысшыларға деген сұраныс артты. Осы кезде шағын және орта
бизнес саласында оң өзгерістер пайда болды, ірі банк және салааралық
құрылым, холдингілік компаниялар ашу басталды. Бұл кадірлерге деген
сұранысты арттырды. Жұмысшыларды қысқарту тенденциясының тұрақты басымдылық
алуы жұмыспен қамтылу деңгейінің төменденуіне әкеп соқты. Жұмыссыз қалу
айқындаушы факторға айналды. Бұл мемлекеттік емес сектордың жұмыспен қамту
сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтуда елеулі өзгерістерге себепкер болды.
Қазақстандағы жұмыссдар арасында әйелдер басым (70%). Бұның себебі
кәсіпорындардың штаттық қысқаруына және меншіктің нысаны өзгеруіне
байланысты жұмыстан босаған қызметкерлер арасында әйелдер саны көп
болуында. 13 жуығы білікті мамандар: қол еңбегімен айналыспайтын
жұмысшылардың, мамандар мен басшы қызметкерлердің жұмыссыздардың 25,10
және 1% құрайды. Жұмыссыздардың 13 жуығының он жылдан асатын еңбек
тәжірибесі бар.
Жұмысынан айырылған азаматтарының жартысынан көбі қалада тұрады.
Жұмыссыздық тұрақты сипат алды. Еңбек биржалары жұмыс іздегендердің бәрін
жұмыспен қамтамассыз ете алмайды. Басқа факторлар да республикалық жұмыспен
қамту жүйесін қайта құруға өз ықпалын тигізуде. Еңбек етуге қабілетті
тұрғындар санының өсу қарқынды едәуір бәсеңдетті. Ал, егде тартқан
тұрғындар саны өсе түсті, бұл мемлекеттік бюджеттің әлеуметтік баптарына
түсетін салмақты ауырлатты. Жұмыспен қамту жүйесінің қалыптасуы және әрекет
етуі еңбек ресурстарының территорияларына байланысты. Республика
аймақтарының экономикалық бағытты жұмыспен қамту жүйесін қалыптастыруға
белгілі ықпалын тигізді. Сол себеппен жұмыс күшінің сұраныс пен ұсынымның
арақатынасы және экономикалық аймақтар бойынша әртүрлі. Ірі индустриялық
аймақ болып саналатын Орталық және Солтүстік Қазақстанда жұмыс күшіне деген
сұраныс ұсыныстан 1,8-2 есе артады. Республикамыздың оңтүстік обылысында –
Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстанда – жұмыс орындарының саны мен ұсыныс
арасындығы айырмашылық едәуір, әрі бос жұмыс орынына 3-тен 10-ға дейін
жұмыссыздан келеді. Жұмыссыздықтың ең жоғарғы деңгейі Семей обылысында 2005
жылы тіркелген болатын – 6,7%; ең төмен деңгейі – Алматы қаласында – 0,5%.
Республика тұрғындарын жұмыспен қамтылуындағы қайшылықтардың себебі
экономиканың жетілмегендігінде. Экономиканыңң минералдық шикізаттық бағыты
түпкі өнім өндіретін салалардың, сондай-ақ өндірістік және әлеуметтік
инфрақұрылымның көп уақыт бойы артта қалуына әкеп соқты, бұл жұмыс күшін
ұдайы өндірудің жағыдайын төмендетті. Қазақстанда еңбек саласында нарықтық
қатынастарды енгізу 2000 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек ету туралы
Заңнан қабылдаудан басталды, онда жұмыссыздық, еңбек нарығы, еңбекке
сұраныс пен ұсыныс, т.б ұғымдар бірінші рет көрсетілді. 2007 жылы Еңбек
заңының орнына ҚР Еңбек кодекісі қабылданды.
2.2 Қазақстан Республикасының еңбек нарығын мемлекеттік құқықтық реттеу
Мемлекеттік реттеу - әлеуметтік еңбек қатынасындаіы ең қиын бөлім.
Еңбек нарығын нарықсыз реттеудің негізгі субъектілері мемлекет пен
кәсіподақ. Еңбек нарығын нарықсыз реттеудің негізгі субъектілері мемлекет
пен кәсіподақ. Әсіресе Еңбек нарығында мемлекеттің басқа нарықтарға
қарағанда белсенділігі өте жоғары. Бұл түсінікті, себебі жұмысшы
күшінің көзқарастарын қорғауы мемлекеттінің негізгі міндеті. Мемлекет
нарықтық, қатынастарға, егер онда қоғамда әділетсіздік орын алып, соңында
үлкен қиыншылықтарға әкелген жағдайда, еңбек нарығы дұрыс орындалмай жатқан
кезде араласып отырады. Мемлекет тарапынан ойланған, келісілген,
тексерілген шаралалармен жасалады. Еңбек нарығын реттеудің мақсаты
функциясы, жұмысшысы күшіне деген сұранымды күшейтуге ат салысу мен жұмысшы
күшінің тиімді ұсыныстарын мақұлдап отыру болып табылады. Сұранымды
қалыптастыру саясаты келесі шараларды қамтиды: жұмыс орынын кәсіпкерлікті
дамыту негізінде сақтау мен қалыптастыру, арқылы қоғамдық жұмыс ұйымын
сақтау, еңбек потенциалын қолданудың шектеулі ғана мүкіндігі бар
жұмысшылар тобына жұмыс орынын құру. Ал, ұсыныс саясатына келесілер жатады:
жұмышыларды оқыту мен қайта оқыту жұмыспен қамтуды дамыту, жұмыс күнінің
ұзақтығын реттеу, миграциялық процестерді реттеу. Осы екі саясатты іске
асыру мемлекеттік, аймақтық, кәсіпорын деңгейінде экономикалық
механизмдерді қажет етеді.
Сонымен қатар еңбек нарығын реттеу формасы болып тек Қазақстан
Республикасындағы күшінде бар жалпы еңбек заңнамасы ғана емес, қайта еңбек
келісімдер институты болуы тиісті. Қазақстанда әлеуметтік еңбек қатынастары
сферасы аса бір реттелінбеген, дау-дамайлы істердің бірі болып саналады.
Республика әлдеқашан басқа дәуірге өткен, ал әлеуметік еңбек қатынастарын
2000 жылдың 1 қаңтарына дейін Кеңес Үкіметі кезіндегі еңбек заңымен
реттелініп келді.
Ал, 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы жаңа Заңы, сондай –
ақ Қазақстан Республикасының Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы және басқа
Заңдары күшіне енді. Ол заңдар азаматтардың ҚР-ның еңбек еріктілігіне
деген конституциялық құқықтарын жүзеге асыру барысында туындайтын еңбек
қатынастарымен, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау шараларымен қоса халықтың
жұмыспен қамтылуы сферасындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазіргі кезде, әсіресе, экономиканың мемлекеттік емес
секторларында еңбек қорғаудағы, шеккен зияндары қайтарудағы, мертігу немесе
кәсіптік сырқатқа ұшырағандағы көптеген жұмыскерлер құқығының бұзылулары
әдетке айналып барады.
Осы мәселе туралы, Қазақстан Республикасы заңына сәйкес,
жұмыстан босап қалып, жұмыссыз деп тіркелген азаматтарға бұрынғы жұмыс
орындағы негізгі жалақысының елу пайыздан кем емес мөлшердегі, бірақ
республикада қалыптасқан орташа жалақы мөлшерінен жоғары және өмір сүру
минимумнан төмен болмайтын, жәрдем ақша беруге кепілдік береді. Олармен
бірге мемлекет, жұмыс күшінің ұсынысымен азайту үшін, имиграцияны шектеу,
шетел жұмысшыларының репартиясын ынталандыру, жұмыс аптасының ұзақтығын
қысқарту, жұмыс орынын бөлу және мерзімінен бұрын құрметті демалысқа шығару
сияқты жұмыспен қамту саясатын жүргізеді.
Еңбек рыногын мемлекеттік реттеу үш бағытта жүзеге асады:
1.Бос халықты еңбекпен қамту және көмек көрсету, еңбек биржалары арқылы
қайтадан дайындау;
2.Икемді еңбек нарығына, білімге ынталандыру, әртүрлі әлеуметтік топтарын
толық есептеу (әйелдер, зейнеткерлер, жастар). Еңбек қатынастарын құқықпен
қамту;
3.Жұмыссыздықтан зардап шеккен адамдарды әлеуметтік қорғау. Қазақстан
Республикасының еңбек нарығы қатынастарын реттейтін негізгі заңнама еңбек
заңнамасы, яғни ҚР Еңбек Кодекісі болып табылдады.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы Қазақстан
Республикасының Конституциясына негізделеді және осы кодекстен, Қазақстан
Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасы өзге де нормативтік
құқықтық актілерінен тұрады.
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты еңбек
қатынастарын және еңбек қатынастарына тікелей байланысты өзгеде
қатынастарды еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерін
қорғауға, еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтарын ең төмен
кепілдіктерін белгілеуге бағытталған құқықтық реттеу болып табылады.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасынын міндеттері еңбек
қатынастары тараптары мүдделерінің теңгеріміне, экономикалық өсуге қол
жеткізуге, өндіріс тиімділігі мен адамдардың әл ауқатын арттыруға
бағытталған қажетті құқықтық жағыдайлар жасау болып табылады.
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының принциптері:
1) адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол бермеу;
2) еңбек бостандығы;
3) кемістушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар
түрлеріне тыйым салу;
4) қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына
құқықты қамтамасыз ету;
5) өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты алғанда қызметкерлердің өмірі мен
денсаулығының басымдығы;
6) еңбегі үшін жалақының ең төмен мөлшеріне кем емес, әділетті сыйақыға
құқығын қамтамассыз ету;
7) тынығу құқығын қамтамасыз ету;
8) қызметкерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі;
9) қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өздерінің құқықтары мен мүдделерін
қорғау үшін бірігу құқығын қамтамасыз ету;
10) әлеуметтік әріптестік;
11) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін реттеу;
12) қызметкерлер өкілдерінің Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасынан
сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру құқығын қамтамасыз ету болып
табылады. Әркімнің еңбекті еркін таңдауға немесе еңбекке қандайда болмасын
кемсітушіліксіз және мәжбүрлеусіз еркін келісуге құқығы өзінің еңбекке
қабілеттілігіне иелік етуге, кәсіп және қызмет түрін таңдауға құқығы бар.
Әркімнің де еңбек саласындығы өз құқықтары мен бостандығын іске
асыруға тең мүмкіндіктер бар. Ешкімді де өзінің еңбек құқықтарын іске
асыруы кезінде жынысына, жасыны, дене кемістіктеріне, нәсіліне, ұлтына,
тілінге, мүліктік, әлеуметтік және лауазымдық жағыдайына, тұратын жеріне,
дінге, көзқарасына, саяси сеніміне, руға немесе текке-топқа, қоғамдық
бірлестіктерге қатыстылығына байланысты ешқандай кемсітуге болмайды.
Еңбектің осы түріне тән талаптарымен айқындалатын не әлеуметтік
және құқықтық басымдықпен қорғалуға мұқтаж адамдар жөнінде мемлекеттің
ерекше қамқорлығынан туындаған өзгешеліктер, ерекшеліктер, артықшылықтар
мен шектеулер кемсітушілік болып табылмайды. Еңбек саласында кемсітушілікке
ұшырадым деп есептейтін адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген тәртіппен сотқа немесе өзге де орындарға жүгінуге құқылы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің еңбек қатынастарын реттеу
саласындағы құзіретті Қазақстан Республикасыныңи Үкіметі:
1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттің
саясатын негізгі бағыттарын әзірлейді және іске асырылуын қамтамасыз етеді;
2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік
бағдарламалардың әзірленуін және орындалуын ұйымдастырады;
3) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік
бақылауды ұйымдастыруы және жүргізу тәртібін белгілейді;
4) еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау саласында ақпарат беру және
мемлекеттік статистика жүргізу тәртібін айқындайды;
Халықты жұмыспен қамту туралы заңдар, Қазақстан Республикасының
Конституциясына негізделеді, осы заңнан және өзге де нормативтік құқықтық
актілерден тұрады.
2.3. Еңбек рыногында жұмыс күші ұсынысы мен жұмыс күшіне сұраныстың үйлесуі
Бәсекелестік еңбек нарығының сипаттамалары:
- көптеген фирмалар, бірдей жұмыс орындарына белгілі жұмыс күшін жалдау
үшін, бір-бірімен бәсекелеске түседі;
- көптеген біліктілігі бірдей қызметкерлер, бір-бірінен тәуелсіз түрде,
өздерін жұмыс күші ретінде ұсынады;
- фирмалар да, қызметкерлер де нарықтық жалақыға әсер ете алмайды;
- жетілген информация, оны алу үшін шығындану қажеті жоқ және жетілген
жылжымалылық болады.
Егер жұмыс күшіне деген сұраныс не жұмыс күші ұсынысы өзгерсе, онда
рынокта үйлестіру, яғни тепе-теңдіктің жаңа нүктесіне жету процесі, жалақы
және жұмыспен қамтудың жана деңгейлерін табу керек болады.
Жалақы мен жұмыс істеушілер саны сұраныс пен ұсыныстың
рыноктық тепе-теңдігімен анықталады, ал тепе-теңдікке жету үшін
қызметкерлер жылжымалы және баға икемді болу керек. Осындай
үйлестіру механизмі шығу деп аталынады, осы механизм іске
қосылу нәтижесінде сұраныс пен ұсынысты тепе-теңдікке әкелетін
жалақы орнайды. Алғашқы сұраныс (DL) пен ұсыныс (S1L)
арасындағы тепе-теңдік жалақы деңгейі W1 және жұмысшылар саны
L1-де орнайды. Графиктен көруге болады (Қосымша 2)
Егер еңбек жағдайы нашарласа, онда еңбек ұсыну S2L - ға дейін
қысқарады; қызметкерлердің бір бөлігі жұмыстан босап, бұл рыноктан кетеді,
ал қызметкелер саны L2-ге дейін азаяды. Мұндай жағдайда жұмыс беруші жалақы
деңгейін W2-те дейін көтереді, нәтижесінде қызметкерлердің біразы жұмысқа
қайтып келеді. Жұмыс істеушілер саны L3-ке дейін көбейеді де, еңбек
рыногыңда сұраныс (DL) пен ұсыныс (S2L) арасында жаңа тепе-теңдік орнайды.
Тепе-теңдіктің жаңа деңгейін орнату үшін мына шарттар қажет:
- қызметкерлер еңбек жағдайы нашарлағаны туралы хабардар болу керек;
- еңбек жағдайының нашарлағаны соншалықты, қызметкерлер берілген жалақы
деңгейіңде жұмыстан босауға ұмтылады;
- қызметкерлердің жылжуына ешқаңдай кедергі жоқ;
- жұмыс беруші мен жұмыс алушылар арасыңда байланыс, қатынас жоқ;
сондықтан қызметкерлер еңбек жағдайы қанағатсыз екенін -жұмыстан
босауымен мәлімдейді (аяғымен дауыс береді).
Жұмыстан босату қызметкерді шығынға ұшыратады. Осы себепті, егер де
жұмыстан босаудан түсетін пайда оған байланысты шығыннан асса, қызметкер
жұмыстан босауға бел байлайды. Әдетте, бұл жастар болады, өйткені жанұя әлі
құрмаған және адам капиталына ие болуға көп қаражат жұмсамаған.
Жылжымалы қызметкерлер фирмаға осылайша қоңырау соғып, жалақы мен
еңбек жағдайының арақатынасы өзгеру керектігін білдіреді. Жұмыстан босау
және жылжымалық шығындары қызметкер үшін еңбек рыногындағы трансакциялық
шығынын құрайды. Егер бұл шығын өте көп болса, онда ол қысқа мерзім ішінде
қызметкерді фирмаға байлап қояды. Бұл жағдайда үйлестіру механизмі
өзгеріледі.
Ұсыныс қисығы SL ұзақ мерзімді еңбек ұсыныс SRSL қисығы – қысқа
мерзімді икемсіз еңбек ұсынысын бейнелейді. Еңбек жағдайы нашарлаған кезде,
берілген жалақы деңгейінде W2 қызметкерлерді трансакциялық шығындар өте
жоғары болғанды жұмыстан босамайды да, жұмысшылар саны L2-ге дейін
түспейді. Қызметкерлердің күш салуы азайып, еңбек өнімділігі төмендейді.
Жұмыс берушілер жауап ретінде жұмыс күшіне сұранысты D1L ден D2L - дейін
дейін азайтады; жалақы W2-ге дейін төмендейді. Графиктен көруге болады
(Қосымша 2)
Қызметкерлер жағынан еңбек өнімділігі одан әрі төмен түседі, сонымен
тұрақты тепе-теңдікке жету мүмкін болмайды. Сондықтан жұмыс беруші
қызметкерлермен келіссөзге келеді; еңбек жағдайын нашарлатқан себептерді
жойып, еңбек өнімділігін арттыруға және сұранысты D2L-ден D1L-те жылжытып
тепе-теңдік нүктесін бұрынғы қалпына келтіреді. Бұл үйлестіру механизмі
дауыс механизмі деп аталады. Бір-бірімен келісімге келуде кәсіподақ үлкен
роль атқарады. Сонымен, шығу механизмі көмегімен жалақы деңгейі, ал
дауыс механизмі көмегімен еңбек жағдайы реттелінеді.
Тепе-теңдікті еңбек рыногы моделінде тепе-теңдік нүктесінде сұраныс
пен ұсыныс тең келеді де, тепе-теңдік жалақы рынокті тазалайды, яғни
артық сұраныс та, артық ұсыныс та жоқ болады.
Еңбек рыногының тепе-теңсіздік моделінде жұмыспен қамту деңгейі
рыноктың қысқа жағымен - не еңбекке сұраныс, не еңбек ұсынысымен –
анықталады: қайсысы берілген жалақыда аз болады L=min(DL,SL).
W1 жалақы мөлшері деңгейінде W1W0, W0- тепе-теңдік жалақы жұмыс
беруші DL еңбекке сұранысының қисығына сәйкес L1-ден артық қызметкерлерді
жалдағысы келмейді, яғни еңбек сұранысымен анықталады. Жалақы мөлшері W2
болса (W2W0) жұмыс ұсынысы оған деген сұраныстан аз болады, бірақ жұмыс
берушілер ұсынған жұмыс күшін жалдайды, өйткені олар бұл жағдайда пайда
түсіреді. L2 жұмыспен қамту деңгейінде шекті ақшалай өнім жалақыдан асады,
яғни жұмыс күшіне сұраныс артық болғанымен, қолданатын еңбек оның
ұсынысымен анықталады. Графиктен көруге болады (Қосымша 3)
Сонымен еңбек рыногының тепе-теңсіздік моделі жалақы мен жұмыс
істеушілердің қисындастыру жолдары көп екенін және олар АЕВ сызығымен
анықталатынын көрсетеді.
ІІІ. Қазақстан Республикасының еңбек нарығының дамуындағы мәселелер мен
жетілдіру жолдары
3.1 Еңбек нарығындағы жұмыссыздық мәселесі
Қазіргі замандағы жұмыссыздықтың сипатына бірнеше факторлар ықпал
етеді:
• ғылыми –техникалық прогресс;
• экономикадағы құрылымдық және аймақтық ілгері басушылық;
• сыртқы экономиканың бәскелестіктің күрт күшеюі.
Жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып, оның әртүрлі нысандарын тудыратын
нақты факторларды қарайды. Жұмыссыздықтың мынадай сан алуан нысандары
болады: жасырын, фрикциондық, маусымдық, құрымдылық, технологиялық және
т.б. Осыларға толық тоқталайық.
Жасырын жұмыссыздық – өндіріс пен мемлекеттік ақпаратта артық
жұмыскерлерді қолданған жағыдайда орын алады шын мәнінде олардың жұмысын,
аз ғана жұмыс күшімен орындауға болады.
Фрикциондық жұмыссыздық – еңбек нарығында бос жұмыс күші туралы
ақпарат жоқтығынын нәтижесінде болады.
Маусымдық жұмыссыздық – ауыл шаруашылығының кейбір салаларында,
әсіресе қайта өңдеу өнеркәсібінде, жұмыс күші тек маусымдық кезенде
қолданылғанда болады.
Құрылымдық жұмыссыздық – өндіріс қуатынын жетіспеуінің
нәтижесінде, сондай-ақ жынысынын, жасынын, ұлтының және басқа жеке
қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты жұмыс таба алмаған жағыдайда болуы
мүмкін.
Техналогиялық немесе өтпелі жұмыссыздық адамды – машиналар мен
ауыстыру нәтижесінде болады, ол жұмыскердің кәсібін өзгертуді немесе басқа
мамандықты игеруді қажет етеді.
Жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік салдары:
1.Қоғамда бар болатын потенциялдық мүмкіндіктер көлемі мен салыстырғандағы
ЖҰӨ артта қалып отырады.
2.Халықтың әртүрлі әлеуметтік топтарында жұмыссыздық шығыны тепе-тең
бөлінбейді.
3.Жоғары дәрежелі маман жұмысшылары жоғалады.
Жұмыссыздық объективті түрде болатындықтан, оның әлеуметтік –
экономикалық, оның өзі тудыратын жетерлік. Біріншіден, егер адамдар жұмыс
істейтін болса, қызмет көрсетудің кейбір бөлігін жетіспеуі болған еді.
Екіншіден, салық түсуі төмендейді: жұмыс істеген адамдар табыс табар еді
де, оған салық алынар еді.Үшіншіден, жұмыс істемейтін адамның тұрмыс
деңгейі төмендейді, өйткені жұмыссызық үшін алынатын жәрдем ақы мөлшері
еңбекақыдан аз болғандығынан. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz