Салықтық құқықтық нормалар



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 Салықтық құқықтық нормалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2 Салық саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
3 Мемлекеттің салықтық құқықтық қатынастар жүйесіндегі салықтық менеджменті ... ... ... .7
4 Салықтық құқықтық қатынастар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
Кіріспе

Салықтық құқықтық қатынастар, оның ішінде материалдық салықтық құқықтық қатынастар аясындағы материалдық салық міндеттемелерін орындау жүйесі міндетті түрде заңнамалық актілермен регламенттеліп, белгіленеді. Осы орайда ескеретін маңызды жәйт, материалдық салық міндеттемелерін заң жүзінде белгілеу салықтар мен кейбір міндетті төлемдер ретінде салық төлеушіден оның меншігіндегі ақша қаражатын алып қоюдың мәжбүрлі сипатын негіздейді.
Материалдық салықтық құқықтық қатынастардың туындау, қалыптасу және фискалдық даму іргетасын қалайтын заңнамалық актілерге ҚР Конституциясы (35-бап), Салық кодексі (60-64-баптары), Бюджет кодексі (46-бап, 1-тарм., 1-тармақшасы), (47-бап,1-тарм., 1-тармақшасы), (48-бап, 1-тарм., 1-тармақшасы), (49-бап, 1-тарм., 1-тармақшасы), ҚР «2006 жылға арналған Республикалық бюджет туралы» негізгі қаржылық Заңы, ал экономикалық негізіне осы Заңмен бекітілген оның №1-қосымшасы, яғни мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары жатады. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 60-64-баптары арқылы көрініс тапқан салық жүйесі механизміндегі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер салықтар жүйесі ретінде белгіленіп, бекітілген. Қазақстан Республикасы жаңа Бюджет кодексінің тиісті баптарында мемлекеттің бюджет-қаржы саясатына сай қалыптасатын материалдық салықтық қатынастардың фискалдық пәрменділігін білдіретін, өз мән-жайларына орай республикалық бюджеттің, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің салықтық түсімдері ретінде салық жүйесіндегі тиісті салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер айқындалған.
Біздің ойымызша, салықтық түсімдердің жиынтық фискалдық пәрмені республика аумағындағы әлеуметтік жүйеге, өндірістің және капиталды орналастыруды инвестициялаудың нақтылы үрдісіне ықпал ету тұрғысынан мемлекетке айтарлықтай мүмкіндік береді. Бұл ретте іске асырылатын мемлекеттің фискалдық саясаты мемлекеттік шығыстар саясаты және салық саясаты ретінде экономиканы мемлекеттік реттеудің, сондай-ақ оны тұрақтандырудың аса маңызды құралына айналып отыр.
Бүгінгі таңда Республикалық бюджетке қызмет көрсететін материалдық салықтық құқықтық қатынастар жүйесі нарықтық өтпелі кезең жағдайына орай жаңадан құрылымданып, реформалануда. Осы орайда, салық салудың ынталандырушы функциясын күшейту стратегиясын бағдарламалық қамтамасыз ету қолға алынып отыр. Қазақстан Республикасындағы салық органдары, орталық мемлекеттік басқару және жергілікті мемлекеттік басқару органдары іске асыратын белгілі бір шаралар материалдық
салықтық құқықтық қатынастардың заңнамалық негізін тұрақтандыруды (жетілдіруді) қамтамасыз етуге; салық жүйесінің мақсатты бағдарын нысаналауға және нақтылауға; салық салу аясындағы ынталандырушы функцияны күшейту арқылы ұлттық кәсіпкерлікті дамытуға және инвестицияларды қалыптастыруға; республикалық бюджет шығысын материалдық салықтық құқықтық қатынастар негізінде қамтамасыз етуге бағытталып отыр деп санаймыз.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1 Қазақстан Республикасының Конститутциясы.
2 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» Заңы. 1991 жылы 25 желтоқсан
3 Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінде (Салық кодексі) жасалған өзгертулермен толықтруларды қоса 2009 жылы 1 қаңтар.
4 Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Ынтымағы жарасқан халықтың алмайтын асуы жоқ. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Астана, 2006 жылғы 1 наурыз // Заң газеті.- 2006. – 2 наурыз.
5 Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі.
6 ҚР Қаржы Министрлігінің статистикалық бюллетені, 2004-2011ж
7 Қазақстан кәсіпорындарының іскерлік белсенділігі (Конъюктуралық зерттеу нәтижелері бойынша). –Алматы: ҚР Статистика агенттігі, 2010
8 ҚР Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты. 12.07.2006 ж. қабылданған № 660 ҚР Үкіметінің қаулысы.
9 ҚР Президенті Н.А. Назарбаевтың 2005 жылдың 18 ақпанындағы «Қазақстан жедел экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизациялау жолында» Халыққа жолдауы
10 Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл // Заң актілерінің жинағы-Алматы: Жеті жарғы, 2001.
11 Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында: Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы.-Алматы: Жеті жарғы, 2005.

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3
1 Салықтық құқықтық
нормалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .4
2 Салық
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
3 Мемлекеттің салықтық құқықтық қатынастар жүйесіндегі салықтық менеджменті
... ... ... .7
4 Салықтық құқықтық
қатынастар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...11
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .16

Кіріспе

Салықтық құқықтық қатынастар, оның ішінде материалдық салықтық
құқықтық қатынастар аясындағы материалдық салық міндеттемелерін орындау
жүйесі міндетті түрде заңнамалық актілермен регламенттеліп, белгіленеді.
Осы орайда ескеретін маңызды жәйт, материалдық салық міндеттемелерін заң
жүзінде белгілеу салықтар мен кейбір міндетті төлемдер ретінде салық
төлеушіден оның меншігіндегі ақша қаражатын алып қоюдың мәжбүрлі сипатын
негіздейді.
Материалдық салықтық құқықтық қатынастардың туындау, қалыптасу және
фискалдық даму іргетасын қалайтын заңнамалық актілерге ҚР Конституциясы (35-
бап), Салық кодексі (60-64-баптары), Бюджет кодексі (46-бап, 1-тарм., 1-
тармақшасы), (47-бап,1-тарм., 1-тармақшасы), (48-бап, 1-тарм., 1-
тармақшасы), (49-бап, 1-тарм., 1-тармақшасы), ҚР 2006 жылға арналған
Республикалық бюджет туралы негізгі қаржылық Заңы, ал экономикалық
негізіне осы Заңмен бекітілген оның №1-қосымшасы, яғни мемлекеттің негізгі
қаржылық жоспары жатады. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 60-64-
баптары арқылы көрініс тапқан салық жүйесі механизміндегі салық және
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер салықтар жүйесі ретінде
белгіленіп, бекітілген. Қазақстан Республикасы жаңа Бюджет кодексінің
тиісті баптарында мемлекеттің бюджет-қаржы саясатына сай қалыптасатын
материалдық салықтық қатынастардың фискалдық пәрменділігін білдіретін, өз
мән-жайларына орай республикалық бюджеттің, облыстық бюджеттің,
республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің және аудан (облыстық
маңызы бар қала) бюджетінің салықтық түсімдері ретінде салық жүйесіндегі
тиісті салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
айқындалған.
Біздің ойымызша, салықтық түсімдердің жиынтық фискалдық пәрмені
республика аумағындағы әлеуметтік жүйеге, өндірістің және капиталды
орналастыруды инвестициялаудың нақтылы үрдісіне ықпал ету тұрғысынан
мемлекетке айтарлықтай мүмкіндік береді. Бұл ретте іске асырылатын
мемлекеттің фискалдық саясаты мемлекеттік шығыстар саясаты және салық
саясаты ретінде экономиканы мемлекеттік реттеудің, сондай-ақ оны
тұрақтандырудың аса маңызды құралына айналып отыр.
Бүгінгі таңда Республикалық бюджетке қызмет көрсететін материалдық
салықтық құқықтық қатынастар жүйесі нарықтық өтпелі кезең жағдайына орай
жаңадан құрылымданып, реформалануда. Осы орайда, салық салудың
ынталандырушы функциясын күшейту стратегиясын бағдарламалық қамтамасыз ету
қолға алынып отыр. Қазақстан Республикасындағы салық органдары, орталық
мемлекеттік басқару және жергілікті мемлекеттік басқару органдары іске
асыратын белгілі бір шаралар материалдық
салықтық құқықтық қатынастардың заңнамалық негізін тұрақтандыруды
(жетілдіруді) қамтамасыз етуге; салық жүйесінің мақсатты бағдарын
нысаналауға және нақтылауға; салық салу аясындағы ынталандырушы функцияны
күшейту арқылы ұлттық кәсіпкерлікті дамытуға және инвестицияларды
қалыптастыруға; республикалық бюджет шығысын материалдық салықтық құқықтық
қатынастар негізінде қамтамасыз етуге бағытталып отыр деп санаймыз.

1. Салықтық құқықтық нормалар.

Салықтық құқықтық нормалар бұл нормативтік құқтық актіде
берілген белгілі бір тұлғаларға таралатын жалпыға міндетті мінез құлық
ережесі болып табылады. Нормативті құқықтық акт бұл құқықтық қатынастың
пайда болуынан, өзгеруіне немесе тоқтатылуына бағытталған және өкілетті
мемлекеттік орган мен қабылданатын белгіленген нысандағы жазбаша ресми
құжат.
Салық құқығының нормалары мынандай белгілерге ие болады:
1 Мемлекетті билікті білдіреді.
2 Өкілетті мемлекеттік органмен бекітіледі.
3 Жалпы міндетті мінез құлық ережесі, көбірет қолдануға есептелген
және белгілі бір субъектілерге арналған.
4 Белгілі бір заң нысанындағы актімен белгіленеді.
5 Мемлекеттің мәжбүрлеу күші мен орындалуы қамтамсыз етіледі.
Салықтық құқықтық нормалардың құрылымы үш элементтен тұрады:
Гипотиза, диспозиция, санкция.
Салықтық құқықтық нормаларды жүзеге асыру тәсілдері:
1 Орындау бұл құқық нормасымен көрсетілген әрекетті субъектімен
жүзеге асыру.
2 Сақтау берілген құқық нормасымен тиым салынған әрекеттерді
субъектімен жасамау.
3 Пайдалану құқық нормасымен берілген мүмкіндікті субъектімен
пайдалану.
4 Қолдану билік өкілеттілігін пайдалана отырып өкілетті мемлекеттік
орган мен талаптарды жүзеге асыру.

2. Салық саясаты

Қазақстан Республикасының салық саясаты фискалдық (бюджеттік-
қаржылық) және ақша-несиелік саясатпен қосыла отырып, мемлекеттің қаржы
саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Салық саясатының маңызын
салықтардың мән-жайы мен функциясына байланысты жиынтық қоғамдық өнімнің
белгілі бір бөлігін жалпы мемлекеттік мұқтаждықтарға пайдалану үшін
мемлекет мүддесіне алып қою және жұмылдыру, сондай-ақ республикалық және
жергілікті бюджет арқылы қайта бөлу құрайды. Салық саясатының ережелері
Қазақстан Республикасының жалпы экономикалық
бағдарламасына негізделеді және онымен тығыз байланыста болады. Салық
саясатының негіздері әр қаржы жылына арналған бюджетті қабылдау кезінде
құрылады, сондай-ақ тиісті заңнамалық және өзге нормативтік-құқықтық
актілерді қабылдау арқылы бекітіледі. Мемлекеттің салық саясаты салықтық
стратегияға және салықтық тактикаға бөлінеді. Салықтық стратегия салық салу
саласындағы мемлекеттің ұзақ мерзімді бағдар-бағытын айқындайды және
салықтарға байланысты ауқымды міндеттерді шешеді. Салықтық тактика салық
жүйесі мен салық механизміне (тетігіне) өзгерістер және толықтырулар енгізу
жолымен нақты даму кезеңінің салықтық-бюджеттік мәселелерін шешуді
көздейді.
Т.Ф. Юткина салық саясаты жөніндегі өз пікірін былай деп
тұжырымдаған: Мемлекеттің салық саясаты салықтық жоспарлау, реттеу және
бақылау саласында елдің жоғары басшылығы қабылдайтын басқару шешімдерінің
жиынтығы ретінде айқындалады. Мемлекеттің салық саясаты пәнін салық салу
жүйесін ұйымдастырудың жоғары мақсат, мүдделері – нысаналары, мақсатты
ұстанымдары және оны (жүйені) басқару қағидалары құрайды. Салықтық құқықтық
қатынастарды тиімді ұйымдастыру салық жүйесінің іштей ұйымдастырылуына және
салықтық құқығына тәуелді болады
Демек, салық жүйесінің тұрақты жұмыс істеуі, сондай-ақ салықтық
реттеу және бақылау объектілері мен әдістерінің тиімді пайдаланылуы салық
саясатының тікелей көздейтін мақсаты болып табылады. Осы орайда мемлекеттің
салықтық құқығының жаңаша даму үрдістері және нарықтық экономиканы реттеуші
әлеуеті мұқият ескеріледі деп ойлаймыз.
Осы тұрғыда С.М. Найманбаев мынадай көзқарас білдіреді: Заңи
тұрғыдан алғанда салық саясаты заң жүзінде бекітілген салық режимін, яғни
салық төлеушілерге ықпалын тигізетін режимді көрсетеді. Салық режиміне
салық саясатының міндеттері мен қағидаларын қоссақ, салық саясатына мынадай
анықтама беруге болады: Салық саясаты – мемлекеттік бюджет кірісін және
өндірістердің, салалардың, аумақтардың, шаруашылық қызметтің түрлерін,
шаруашылық субъектілерінің экономикалық өсіп, дамуын қамтамасыз ететін
мемлекет белгілеген салық режимі. Салық саясатының құрамдас элементтері
салық жүйесінен және экономика, саяси және әлеуметтік аяларындағы салықтық
реттеу механизмінен тұрады. Сонымен, салық саясаты – мемлекеттік бюджеттің
кіріс бөлігін және қоғам өмірінің маңызды аяларының экономикалық өсуін
қамтамасыз ететін мемлекет белгілеген салық режимі.
Салық саясаты – салық және салық салу барысында мемлекет жүргізіп
отырған іс-шаралар жүйесі. Салық салуды іске асырудың басты
қағидасын,мақсатын, есебін, шарты мен әдісін анықтайды. Салық саясаты
өзінің негізін салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді
қолдану түрінде табады. Бұл ретте салық саясатын іске асыру ауқымындағы
салықтық құқықтық қатынастардың конституциялық негізінің аспектісіне салық
салу режимін белгілейтін салықтық құқық нормаларының айтарлықтай үстемдігін
жатқызуға болады. Осы орайда, мемлекеттің қазіргі заманғы салықтық құқығы
Қазақстан Республикасы бюджеттік құрылысының экономикалық негізін салықтық
түсімдер жүйесі арқылы қалауға ат салысатын, рынок жағдайында мемлекеттің
бюджеттік қаржы (фискалдық) саясатын іске асыратын негізгі құқықтық құралы
болып табылатын, өзінің құзырындағы салық жүйесінің және мемлекеттің салық
қызметі органдары жүйесінің тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз етуде маңызы
мен рөлі зор құқықтық құралым сипатында ерекшеленіп отыр.
Салықтық құқық Қазақстан Республикасы салықтық құрылымының,
мемлекеттің ішкі және сыртқы салық саясатының, сондай-ақ салықтық
қатынастардың тиімді қалыптасуының құқықтық негіздерін құрайды. Осыған орай
салықтық құқық салықтық қатынастардағы қоғам мен мемлекет және жеке меншік
мүдделерінің қақтығысын болдырмауды, болған жағдайда дұрыс шешуді, салық
салу аясындағы салықтық тәртіпті сақтауды, сондай-ақ мемлекеттік
мәжбүрлеуді қолдану жүйесін ретке келтіруді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттің салықтық құқығы әрқашанда мынадай екі негізге:
экономикалық салықтық іс-қимылдар мен қатынастарды регламенттейтін
Қазақстан Республикасының Конституциясына және салықтық заңдарға; салық
салу жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуінің халықаралық құқықтық
стандарттарына сүйенеді, ал Салықтық құқық мемлекеттің салықтық қызметінің
процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды
реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады деген танымал
ұғымды Салықтық құқық мемлекеттің салық жүйесінің фискалдық объектілері
экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан негіздей отырып белгілеуге ат
салысады деген пікірі арқылы айқындаған.
Осындай пайымдауларға байланысты салықтық құқық міндетті түрде
қаржылық-құқықтық нормалардың жиынтығынан тұрады деген түсінік теориялық
тұрғыдан дұрыс болғанымен, салық заңнамалық актілері (Салық кодексі) және
салықтық құқықтың нормалары мемлекеттің салықтық қызметі аясында іске
асырылатындықтан, салықтық құқық салықтық құқықтық нормалардың жиынтығынан
тұрады деп айтсақ, оның ғылыми-практикалық табиғатын нақтылайтын сияқты;
сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің салықтық кірістерін
қалыптастыруға орай бюджет жүйесіне тигізетін ықпалы салықтық құқықтың
нормалары негізінде жүзеге асырылады деп ойлаймыз. Салықтық құқықты
бюджеттік құқықтың, оның ерекше бөлімінің айтулы Бюджеттің кірістерін
құқықтық реттеу атты институтына баға жетпес қызмет көрсететін бюджеттік
құқықтың ерекшеленген институты. Мемлекеттің салықтық құқығының ұғымын:
салықтық құқық мемлекеттің салықтық қызметі аясындағы салық жүйесінің,
салық органдары жүйесінің, салық міндеттемелерін атқаруды қамтамасыз ететін
салықтық әкімшілендіруді жүргізу жүйесінің, салық салу аясындағы
мемлекеттік мәжбүрлеу механизмінің жұмыс істеуі барысында қалыптастырылатын
мемлекеттік қаржыларға байланысты әлеуметтік және экономикалық бағдарлы
қоғамдық салықтық қатынастарды реттейтін салықтық құқықтық нормалардың
жиынтығы деп жаңаша айқындау оның мән жайын аша түсетінін көрсетеді.
Бүгінде мемлекеттің салықтық құқығының өркениетті әрі демократиялық дамуы
оның фискалдық құқықтық құзырындағы салық жүйесінің жетілдірілуіне және
оның салықтық реттеуші әлеуеті негізінде салық, бюджет-қаржы саясатының
тиісінше іске асырылуына байланысты болады. Мемлекеттің салық саясаты
республикалық және жергілікті бюджеттер кірісінің салықтық бөлігін тұрақты
әрі жеткілікті қалыптастыру мәселелерін шешіп қана қоймай, сонымен бірге
Қазақстан Республикасының экономикалық әлеуетін айқындайтын салалардың даму
орнықтылығының экономикалық және әлеуметтік үдерістерін реттеу
қажеттілігіне де негізделеді.
Салық саясатының басты субъектісі мемлекет болып табылады. ҚР Қаржы
министрлігі Салық комитетінің Салықтық әкімшілендіру басқармасына мынадай
негізгі міндеттер жүктеледі: салық төлеушілерді тіркеу және тіркеу есебіне
қою, фискалдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану, салық
тексерулерін жүргізу, салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын
қолдану мәселелері туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын орындауды
қамтамасыз ету; салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауына салық
бақылауын жүзеге асыру; салық органдары жұмыстарының жай-күйіне тексеру
жүргізуді ұйымдастыру және оған қатысу; Салық аудитінің электрондық
бақылауы ақпараттық жүйесін енгізуге байланысты салық аудиті сапасын
жетілдіру; салық берешегінің құралуы себептерін талдау және деректер
жинауды жүзеге асыру; салық органдары мен салық төлеушілердің өзара
қатынастарының нысандарынжәне әдістерін жетілдіру; салық берешегін
мәжбүрлеп өндіріп алу мақсатындағы шаралардың дұрыс қолданылуына бақылау
жүргізу.
Сонымен қатар, Салықтық әкімшілендіру басқармасы салықтық
әкімшілендіруге қатысты нормативтік-құқықтық және заңға тәуелді
ьнормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу және жетілдіру; салық есептілігі
объектілерінің уақтылы және сапалы қабылдануын, өңделуін бақылау рәсімдерін
жетілдіру; салық органдарына электронды түрдегі салық есептілігі объектісін
қалыптастыру және табыс ету жүйесін енгізу есебінен салықтық әкімшілендіру
тиімділігін арттыру; салық декларациясын табыс ету мерзімін ұзарту туралы
салық төлеушінің өтінішін қарау; салық есептілігінің әр түрлі
нысандарындағы ақпараттарды автоматтық камералдық бақылауды жүзеге асыру
негізінде салық тексерулерін жүргізу тиімділігін арттыру; салық
заңнамасының сақталуына, шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есепте
көрсетілуіне бақылау жүргізу бойынша салық органдарының жұмыстарын
ұйымдастыру; салық тексерулерін жүргізу туралы салық органдарының есептерін
қабылдау және қорытындылау,ь талдау; басқарманың құзыретіне жататын
мәселелер бойынша салық органдарының жұмыстарына талдау жүргізу; салық
төлеу жөніндегі салық міндеттемесінің орындалу мерзімін өзгерту туралы
салық төлеушілердің өтінішін қарау сияқты және т.б. көптеген функциялар
атқарады.
Салық саясатын жүргізу саласындағы материалдық салықтық қатынастардың
жүйесі материалдық салық міндеттемелерін орындау барысында қозғалыста
болатын салық төлемдері сомаларының ағымын басқаруды қамтамасыз етеді;
корпорациялық және жеке меншік және мемлекеттік шаруашылық аялары
субъектілерінің арасындағы мазмұнды материалдық құқықтық қатынастардың
кешенін білдіреді; салықтық басқару және реттеу салықтық әкімшілендіру аясы
болып табылады; республикалық және жергілікті бюджеттердің салықтық кірісі
бөлігін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Салық саясаты саласында жүзеге асырылатын салықтық әкімшілендіру
бухгалтерлік есептің сапасын жақсартуға, электрондық құжат айналымындағы
салық есептілігі объектілерін жіктеу арқылы олардың ақпараттарын
нақтылауға, салық заңнамалық актілерінің сақталуына, салық төлеушілердің
мүдделерін назардан қалыс қалдырмауға, салық төлеушілерді, салық салу
объектілерін және салық салуға байланысты
нысандарды есепке алу тәртібі мен тиімділігін тексеруге, республикалық және
жергілікті бюджеттерге түсуге тиіс салықтар мен алымдар және басқа да
міндетті төлемдер жөнінде тиісті салық органдарынан мәліметтер алып
отыруға, жеке тұлға төлейтін мүлік салығын, көлік құралдары салығын және
жер салығын жинауды жүзеге асыруға уәкілетті жергілікті әкімдіктерге салық
заңнамалық актілерінің талаптарын дұрыс орындау жөнінде кеңес беруге
бағытталған мемлекеттік әкімшілендірудің бір қыры болып табылады.

3. Мемлекеттің салықтық құқықтық қатынастар жүйесіндегі салықтық
менеджменті

Салық салу жүйесін және оның салықтық құқықтық қатынастар аясын
басқаруға ат салысатын арнаулы мамандандырылған уәкілетті мемлекеттік
органдар – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті мен
оның құзырындағы салық қызметі органдары салық саясаты ұстанымдарына сай
өркениетті салықтық әкімшілендіру болып табылады. Салықтық әкімшілендіру
үдерісі салық салу саласын мемлекеттік басқару негізіндегі арнайы тетік
ретінде осы салада туындап дамитын салықтық құқықтық қатынастарды қоғам мен
мемлекет және корпоративтік аяның субъектілері мүдделерін сақтауға әрі
қамтамасыз етуге қажетті мемлекеттік салықтық менеджментті мемлекеттің
салықтық юрисдикциясы шеңберінде жүзеге асыруға барынша септігін тигізеді.
Бүгінгі таңда салық салу жүйесіне және қаржылық ғылым мен салықтық
Құқық жүйесіне әлі де болса толық енгізілмеген осындай жаңа ұғым салықтық
менеджмент – салық заңнамасын сақтауға, сондай-ақ өндіріс тиімділігін
арттыруға бағдарланған ғылыми-практикалық бағыт ретінде қарастырылады. Осы
орайда салықтық құқықтық қатынастар жүйесін толығымен қамтитын салықтық
менеджмент Қазақстан Республикасының экономикалық субъект ретінде
шаруашылық аясындағы мемлекет қаржыларының бір бөлігін құрайтын салықтарды
және басқа да міндетті төлемдерді, сондай-ақ кәсіпкерлік әрі корпоративтік
сектордағы салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді басқаруға арналып
бейімделгеніне көз жеткізуге болады. Демек, салықтық менеджмент салық
салуды жалпы басқару жүйесі ретінде екі деңгейлі жүйе сипатында көрініс
табады, сондай-ақ оның басымдығы мемлекеттің салық саясатына байланысты
іске
асырылады. Осы орайда салықтық менеджмент мемлекеттің салық жүйесінің заңда
белгіленген режимде жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған күрделі әрі
айрықша үдерісті білдіреді. Салықтық менеджменттің ғылыми негізделуінің бір
қыры -салық заңнамалық актісін қабылдау нәтижесінде салық салу жүйесінде
орын алған салықтардың салық салу үдерісінде шынайы алынатын салықтармен
(толық) сәйкес келуіне қол жеткізу болып табылады.
“Салықтық менеджмент “бизнес” аясының субъектілерінен “бюджет”
аясының субъектілеріне бағытталған ақша қаражаттары қозғалысын басқару
жүйесі ретінде салықтық құқығының айқын элементі бола алады”, – деген
пікірін дәйектей отырып Т.Ф. Юткина: “Салықтық менеджментке басқару аясы
ретінде менеджменттің бірыңғай екі концепциясы, оның принциптері, мақсаты
және міндеттері тән болады. Осы концепция мемлекет және корпоративтік
салықтық менеджмент сияқты екі қарама-қарсы аяның үйлесімді бірігуіне
негізделеді” деп тұжырымдаған. Осы орайда, біздің көзқарасымыз бойынша,
салықтық құқықтық қатынастар жүйесін басқару мемлекеттің салықтық
менеджментін жүзеге асыру болып табылады. “Менеджмент – нарықтық экономика
жағдайлары мен мүдделеріне айтарлықтай сай келетін басқару типі.
Ұйымдастыру менеджменті ұйымдастыру, өкім ету әдістерімен іске асырылады.
Ал тәжірибелік менеджмент негізінен өз ережелері мен принциптерін іс
жүзінде пайдалануға бағдарланған менеджмент концепциясы”, – деп пайымдаған
экономист-ғалым К.Б.Бердалиев. Салықтық менеджменттің теориялық негіздерін
қарастыруы барысында: “Салықтық менеджмент – ғылыми бағыт және практикалық
қызмет аясы болып табылады. Бірінші жағдайда, салықтық менеджменттің
концептуалдық негіздері жөнінде, екінші жағдайда, салық салуды басқару
туралы шешім қабылдаудың нақты әдістері мен жолдары
жөнінде сөз қозғалуға тиіс. Салықтық менеджмент объектісіне салық салуды
ұйымдастыру және жүзеге асыру барысында туындайтын салықтық қатынастар
жүйесі жатады”, – деген пікірін білдіре отырып, салықтық менеджменттің
құрылымдық сипаттамасын берген. Бұл ретте, біздің ойымызша, салық салу
саласын мемлекеттік басқару, б.а. мемлекеттік салықтық менеджмент
негізіндегі салықтық әкімшілендіру үдерісін бірден сипаттап өту қажет
болатын.
Салықтық әкімшілендіру басымдығы Қазақстан Республикасының және оның
әкімшілік-аумақтық бірліктер бюджетінің кіріс бөлігін қалыптастыруды
қамтамасыз ету тұрғысынан мемлекеттік салықтық менеджменттің практикалық
қызмет саласы ретіндегі мәнін ашып көрсетеді. Салықтық менеджмент, оның
ішінде, мемлекеттік салықтық менеджмент салық салудың фискалдық және
реттеуші функцияларының біршама болса да тең дәрежде болуын қалайды. Осы
орайда, корпоративтік және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің салықтық
менеджменті өздеріне жүктелген салық және міндетті төлемдер бойынша
міндеттемелерін жеңілдету арқылы өз пайдаларын көбейту, сондай-ақ салық
міндеттемелерін жыл сайын мүмкін мөлшерде қысқартып отыру жөніндегі
жоспарлы-тәжірибелік және заңдық негізі бар іс-қимылдар болып табылады.
Демек, салықтық менеджмент жүйесі салық салу үдерісін мемлекеттік деңгейде
және шаруашылық субъектілер деңгейінде белгілі бір ғылыми тұжырымдамалар
мен тәжірибелік мәні бар тәсілдер, жолдар негізінде басқаруды қамтамасыз
етеді.
Көптеген жылдар бойы қалыптасқан салық салу саласын мемлекеттік
басқару жүйесі мен қолданылатын басқару әдістері нарықтық даму жағдайында
мемлекеттің салықтық менеджменті ретінде ерекше әрі объективті түрде
айқындалып отыр. Мемлекеттің салықтық менеджменті оның экономикалық
саясатының негізгі элементі болып табылады, сондай-ақ салық салу механизмі
арқылы қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуын басқаруды білдіреді.
Мемлекеттің салықтық менеджменті негізінде салықтық әкімшілендіру жөніндегі
қызмет жататындықтан, салық салу саласында туындайтын салықтық құқықтық
қатынастар мемлекеттің салықтық бақылауымен тікелей байланыста болады және
салықтық менеджменттің өзі (бұл ретте мәні) салық және басқа да міндетті
төлемдер түрлерінен, сондай-ақ салық өндірісінің рәсімдерінен тұрады.
Мемлекеттің салықтық менеджмент субъектілері республикалық және жергілікті
салық салу деңгейлерінде салық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз
ететін барлық деңгейдегі салық қызметі органдары болып табылады.
Мемлекеттің салықтық менеджменті, негізінен алғанда, материалдық
салықтық қатынастар өз қатысушыларының мүдделерін, салық салу жүйесі
мақсаттарының иерархиясын, салық элементтері мен салық міндеттемесі
элементтерін, ұғымдарын, салық салудың базалық концепцияларын, ғылыми-
практикалық аппаратты, мемлекеттің салықтық менеджментінің функционалдық
және ұйымдастырылу аспектілерін, рәсімдерін, сондай-ақ қамтамасыз етуші
аспектіні қамтиды. Сонымен, мемлекеттік салықтық менеджмент ауқымындағы
салық салу үдерісін басқару – мемлекеттің салықтық менеджменті нысанын
біртұтас басқару үдерісінің бір бөлігі болып табылады және өз
ерекшеліктеріне (экономикалық, құқықтық, фискалдық және т.б.) орай дербес
жүйе ретінде саналады. Мемлекеттік салықтық менеджмент мәні бюджет жүйесі
деңгейлеріндегі әр түрлі бюджеттерге байланысты туындайтын ұйымдастыру және
материалдық салықтық қатынастар жүйесін білдіреді.
Осы орайда, біздің көзқарасымыз бойынша, салық салу және салықтық
қызмет барысында туындайтын қоғамдық (салықтық) қатынастарды басқарудың
дербес жүйесі мемлекеттің салықтық менеджменті фискалдық мазмұнды салықтық
құқықтық қатынастар жүйесі болып табылады. Демек, салықтық менеджмент мәні
бюджеттік құқықтық қатынастар тұрғысынан қарастырылады. Мемлекеттік
салықтық менеджмент иерархиясында бүгінгі таңда салықтық құқықтық
қатынастарға белгілі бір деңгейде, дәрежеде және көлемде ықпал ететін, көп
аспектілі жүйе арқылы өзара тығыз қарым-қатынаста болатын заң шығарушы және
атқарушы билік органдары, жергілікті уәкілетті және атқарушы органдар,
сондай-ақ басты фискалдық орган – Салық комитеті және оның салықтық
әкімшілендіру, фискалдық мониторинг жүргізу басқармалары жатады.
Горизонтальды салықтық құқықтық қатынастар қатысушысы Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің салық қызметі органдары
мемлекеттің салықтық менеджментінің субъектілері ретінде салық
міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуге ат салысады.
Сонымен, мемлекеттің салықтық менеджменті субъектілерінің жүйесі
мынадай уәкілетті мемлекеттік органдардан: 1. Қазақстан Республикасы
Парламентінен; 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінен; 3. Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінен; 4. тиісті жергілікті
Мәслихаттардан; 5. тиісті жергілікті Әкімдіктерден; 6. Қазақстан
Республикасының Экономика және бюджеттік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салық салу теориясының негізгі концепциялары.Қазақстан Республикасының және дамыған мемлекеттердің салық салу жүйесінің ерекшеліктері
ҚР мемлекеті мен кұкық негіздері
Салық тұрақты экономикалық қатынастар тудыратын төлем
Салықтық құқықтық нормалар және салықтық құқықтық қатынастар, салық құқығығылымының мемлекеттік салық салу қызметіне тигізетін әсері
ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Салық саласында азаматтардың құқықтары
Қазақстан Республикасындағы қазіргі кездегі салық салу жүйесі, салықтың экономикалық-құқықтық мәні, теориялық негіздері, салық жүйесіндегі заңдылықтар мен тәртіптер, теорияларды жүйелеу, оны жетілдіру ұсыныстарын жасау
Салықтар, салық салу және мемлекеттің салық жүйесі
Қазақстан Республикасының салық құқығы
Салық құқығының түсінігі және оның пәні. Салық құқығының жүйесі, қайнар көздері
Пәндер