Салық құқығы


Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . …. . 2

1. Салықтық бақылау қаржылық бақылаудың құрамдас бөлігі ретінде……… ………. … . . . 3

2. Салықтық бақылау: түсінігі, функциялары, мақсаттары мен бағыттары8

Қорытынды . 9

Қолданылған әдебиеттер . . ………. . 10

Кіріспе

Салық салу саласында қазіргі кезде қоғамдық қарым-қатынасты дамыту және де салықтық реттеудің ұдайы жетілдіру өндіріс құқығының бөлуінің керектігін ғылыми талдау болжайды және ұйымдық-құқықтық механизмді ұғыну өздерінің қызығушылығын тарату сол мемлекетте салықты алып тастауды іске асыру қолданылады.

Кез келген мемлекетте бюджетте қарастырылатын шараларды үздіксіз қаржыландыру, жалпымемлекеттік және жергілікті деңгейде қаржылық ресурстардың жүйелі толуын талап етеді. Бұған негізінен жеке және заңды тұлғаларды салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуі есебінен қол жеткізіледі. Қазіргі салықтық заңнама және өзге нормативті-құқықтық актілерге сай төлеуші орнатылған мөлшерде және белгілі бір мерзімде аталған төлемді төлеуге міндетті. Қазақстандағы бюджеттің кіріс бөлігі құрылымындағы салықтық түсімдерге әдетте 90 %-дан артық келеді.

Бірақ, өкінішке орай тәжірибеде жеке және заңды тұлғалар объективті және субъективті себептерге байланысты салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді мерзімінде төлемеуге жол береді. Рыноктық қатынастарға өтумен байланысты экономиканың түрлі сферасындағы өзінің қаржы-шаруашылық қызметін жүргізетін жүргізетін жаңа кәсіпорындар құрыла бастайды. Олардың көбі бухгалтерлік есеп саласында жеткілікті білікті мамандары жоқ. Осындай кәсіпорында әдетте есепте қателер болады. Сонымен қатар есептік мәліметтерді әдейі бұрмалау жағдайлары да бар. Бүгінгі күнде салық міндеттілігін істегі заңнаманы бұзбай, салықтан түгелдей не бөлшектей құтыла алатын ресми әдістермен декларация, заңмен тиым салынған жасырын жолмен декларация жалтару орын алды.

Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы заңды әдейі және қасақана бұзу кейде мемлекеттік бюджетке салықтық төлемдердің елеулі мөлшерінің түспей қалуына әкеледі. Осымен байланысты мемлекет алдында салықтық заңнаманы барлық салық төлеушілердің орындалуын және ақыр аяғында салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақытылы түсуін қамтамасыз ету міндеті тұр. Бұл міндет ең алдымен салықтық бақылау органдарындағы жүйесінің жұмыс істеуі арқылы шешіледі.

Қазіргі жағдайда мемлекеттің және жалпы қоғамның өмір сүруіне мықты қаржылық негіз құру, салық салу аясындағы реформаларды сәтті іске асыру, бюджеттің барлық деңгейлерін уақтылы және толық қалыптастыру шаруашылық субъектілері мен жеке тұлға құқықтарын мүлтіксіз орындағандағы мемлекеттің қаржылық мүддесін қамтамасыз етуге арналған тиімді салықтық бақылау жүйесінсіз мүмкін емес. Экономика дамуының түрлі сатыларында салықтық бақылау мәселелері, оның нысандары мен әдістерін жетілдіру шетелдік және отандық экономистердің зерделеу пәні болады.

Жоғарыда айтылғандардың бәрі мақсаты қаржылық және құқықтық аспектілеріндегі салықтық бақылаудың теориалық негізін зерделеу, нақты салық органы нысанында бақылау жұмысының тиімділігін талдау және бағалау, қазіргі жағдайда салықтық бақылауды ұйымдастыруды жетілдіру бағыттарын анықтау болып табылатын зерделеу жүргізуге итермеледі.

Сонымен, салықтық бақылау - бұл салық төлеушінің мемлекеттік басқару органдарының талаптарын салық заңнамасына сәйкес орындауын басқаратын әдісі. Әрине, бұл анықтама салықтық бақылаудың тек қана міндетін анықтайды және оған нақты сипаттама бермейді. себебі салықтық бақылау салық органдарымен жүргізетін бақылау әдісі деп анықтау, бұл түсініктің мазмұнын ашпайды.

Осыған орай, менің жұмысымның мақсаты - Қазақстан Республикасының салықтық бақылау жүйесінің қаржылық бақылау жүйесіндегі орнының маңыздылығын, қазіргі кездегі мәселелерін талдау және оны жетілдірудің негізгі бағыттарын анықтау.

1. Салықтық бақылау қаржылық бақылаудың құрамдас бөлігі ретінде

Экономикалық әдебиеттерде қаржы түсінігі және оның басқа категорияларымен байланысты жеткілікті түрде берілген. Нәтижесінде қаржы бөлу, қайта бөлу және пайдалану қатынастарының жалпы сипаттамасын қамтиды, ал осы қатынастар формалары басқа да дербес категорияларда көрініс табады. Осы категориялар қатарына салық салу жатады.

Өз кезегінде кең мағынадан оның құрылымдық бөлігін бөліп қарастыру, негізі мен оның бөлімі арасындағы диалектикалық байланысты қамту осы әр бөлім спецификалық және жалпы сипатқа ие бола алатынын көрсетеді.

Сонымен қатар, салық қаржы сияқты екі функция (бөлу, бақылау) атқаратынын айта кету керек, салықтың қаржы категориясына жататынын растайды.

А. В Брызгалиннің пікірінше, « салықтық бақылау - бұл арнайы немесе мамандандырылған ( тек салықтың және алымдардың байланысымен ғана) үстіңгі ведомосттық ( ведомостьттан тыс ) мемлекеттік бақылау . . . » (1)

А. Абрамова және Л. Александрова қаржының екі функциясын атап көрсетеді- бөлгіштік және бақылау, ал салықтар- қадағалау, ынталандырушы, қайта бөлгіштік және фискалдық (2) .

«Қаржы» атты кітабының авторлары В. Мельников және К. Ильясов қаржының екі функциясын ажыратады: бөлгіштік және бақылау, ал салықтар болса фискалдық, қайта бөлгіштік, қадағалау функциялары (3) .

Жоғарыда қарастырылған авторлар қаржы функциясын бірдей, ал

салық функцияларын өзгеше анықтайды. Функция - бұл қатынастар жүйесінде объектінің қандай да бір қасиетін сипаттау екенін ескере отырып, салыққа бақылау функциясын қолдану міндетті болып келеді, себебі бақылау функциясы арқылы табыстың түсуіне қадағалау жүргізіледі, салық саясатының және жалпы салық жүйесінің тиімділігі, сонымен қатар оған өзгерістер енгізу қажеттігі анықталады.

Профессор Д. Черник салықтар функциясын толық талдаған, онда ол салықтың фискалдық, бақылау, бөлгіштік, қадағалау функцияларын қарастырған, қадағалау функциясы өз кезегінде: ынталандырушы, тағайындаушы функцияларынан тұрады (4) .

Профессор Г. Карагусова пікірінше салықтардың 6 функциясы бар: фискалдық, бөлгіштік, қадағалау, ынталандырушы, шектеуші және бақылау- есептік (5) .

Менің ойымша, салыққа «бөлгіштік» функциясы «қайта бөлгіштік» функциясына қарағангда қолайлырақ болады. Себебі, салықтың ең негізгі мәні қоғам мүддесіне қарай мемлекеттің сол қоғамнан жалпы ішкі өнімді алу арқылы қатынастарды бөлуде қорытылады.

Бұл бақылау жұмысы негізгі көңіл салықтардың бақылау функциясының жүргізілу нысанына - салықтық бақылауға бөлінеді. Оның қаржылық бақылаудан белгілі бір ерекшеліктері бар және салық органымен жүзеге асырылады.

Бақылау қоғамның экономикалық өміріндегі объективтік құбылыс және мемлекеттің басқару жүйесінде негізгі бөлігі болып табылады.

Қазақстан Республикасында 70 жыл бойы экономиканың әкімшілік басқару жүйесі қолданылды, ол тек өзіне сай және мемлекет меншігіне негізделген қаржылық механизм мен қаржылық жүйе құрды.

Нарықтық қатынастарға өту, мемлекеттік меншікті жекешелендіру жаңа қаржылық механизм мен жүйені жұруды талап етті. Бұл жағдайда қаржылық бақылаудың рөлі аса түсті.

Қаржылық бақылаудың негізгі мәні оның мемлекеттік қаржылық саясатты ұтымды өткізуде, ахлық шаруашылықтың барлық өрісінде қаржылық ресурстардың тиімді бөлуін қамтамасыз етуде.

Анықтама бойынша, қаржылық қадағалау - бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық және соған байланысты қызметтерін тексеру және оны ұйымдастыру бойынша әдістерді қолдану және басқару опрециялары мен іс- әрекеттер жиынтығы.

Қаржылық бақылау объектілері болып қаржылық ресурстарды құру және пайдалану кезіндегі ақшалай, бөлгіштік процестер табылады.

Қаржының құндық сипаты қаржылық бақылаудың болуын анықтайды, яғни қаржылық бақылау жүргізу мүмкіндігі қаржының бақылау функциясынан шығады.

Қазіргі кезде әкімшілік қатынастар орнына нарықтық қатынастар келіп отыр, осыған байланысты қаржылық бақлаудың жаңа объектілері мен субъектілері пайда болуда, осылай салықтық бақылау құру қажеттігі пайда болды. Салықтық бақылауды бақылаудың жеке түрі ретінде қарастыру керек. Салықтық бақылаудың дербестігі ҚР Президентімен «салықтар және басқа да міндетті төлемдер» Заңында көрсетілген, онда заңды және жеке тұлғалардың ҚР мемлекеттік бюджетіне төленетін төлемдері бойынша есептемелер тек салық органымен жүзеге асырылады /16, 137бет/.

Негізінен, республикамыздағы салықтық бақылау өз дамуының бастапқы кезеңінде, сондықтан дамыған елдердің салық органдарының тәжірибелерін зерттеуге көп көңіл бөлінеді.

Профессор А. Худяковтың «Қазақстан Республикасының салықтық құқығы» атты кітабында айтылған: « . . . бюджеттік бақылауға салықтық бақылау қосылады. Сәйкесінше, егер барлық салықтар бюджетке түссе, оны бюджеттік бақылау бөлігі деп қарастыруға болады, бұл бюджетті ақша қаражаттар қоры ретінде құрумен байланысты. Алайда қазақстандық қаржылық жағдайға байланысты салықтар тек бюджеттің табыс көзі емес, сонымен қатар басқа да ақшалай қаражаттарға да жатады. Онда салықтық бақылауды қаржылық бақылаудың бөлек дербес түрі деп қарастыруға болады. Бұл туралы, сонымен бірге, оның арнайы субъекті Қаржы Министрлігінің Бас салық инспекциясы бар екені дәлелдеп отыр» (6 ) .

Қаржылық бақылау мен салықтық бақылаудың салыстырмасы 1-ші кестеде көрсетіледі.

1. Республикалық бюдет- 1. ҚР-ың салық комитеті 1. Бухгалтерия жұмыс.

тің орындаудың есептік 2. ҚР-ың салық полиция 2. Ішкі аудит.

комитетінің бақылауы. комитеті. 3. Акционерлік қоғам-

2. ҚР-ың Қаржы министрі. 3. ҚР-ың баж комитеті дардың ревизионис-

3. ҚР-ың Казначейлік де- 4. өндіріс және алкоголь тік комиссиясы.

партаменті. өнімінің айналым-ың 4. Аудиторлық фирма-

4. ҚР-ың жаратынды моно мемлекеттік бақылау лар мен компания-

полияны реттеу, бәсеке- комитеті лар.

ні қорғау және кішкене 5. Ккәсіпорынды қайта

бизнесті қолдау агенттігі. Құру және жою комит.

Барлық министрліктер, Меншік формасына тәуелсіз шаруа-

ведомосттар және бюджет шылық субьекті.

тік мекемелер.

(1-ші кесте)

(2-ші кесте)

Салықтық бақылауды енгізудің жағымды жақтары бар, себебі заңнамаға негізделген салықтық бақылауды жүргізу мүмкіндігі салық төлеушіні оның салықтық міндеттемелерін толық және дұрыс орындауына итермелейді.

Салықтық бақылау - салықтық заңнаманың нормаларын сақтау дұрыстығына, нақты шаралар қолдану мақсатында заңбұзушылықтарды анықтауға, кінәліні жауапкершілікке тартуға бағытталған жүйе.

Салықтық бақылау қаржылық бақылау тиісті барлық қасиеттеріне ие. Бірақ соған қоса оның тек өзіне тән ерекшеліктері бар. Салықтық бақылау спецификасы мемлекеттік қаржылық бақылауға қарағанда тығыз қызмет аясында жүргізілетінінде көрінеді. Егер мемлекеттік қаржылық бақылаудың объектілері болып материалдық өндіріс және материалдық емес сферада қаржылық ресурстар құру мен пайдалану кезінде пайда болатын ақша қаражаттары табылса, онда салықтық бақылау объектісі болып салықтық қатынастар және оның құқықтық негізі табылады.

Салықтық қатынастар мемлекет (салықтық бақылау субъекті тұлғасында) пен салық салу объектілері - өз меншік қаражаттары есебінен салық төлеуге міндетті заңды және жеке тұлғалар арасында пайда болады.

Салықтық бақылау спецификасы, сонымен қатар, оның объетілер, субъектілер құрамында, орындалатын функциялары мен принциптерінде, құқықтық базасында, бақылау әдістері мен нысандарында көрініс табады.

Қазақстан Республикасының «Салықтар және басқа да міндетті төлемдер» Заңы салық органдарына заңды және жеке тұлғалардан ақша құжаттарын, бухгалтерлік кітапшасын, есептеме, смета, қолда бар қаражатты, бағалы қағаздарды және басқа да құндылықтарды, декларацияларды және басқа да бюджетке міндетті төлемдерді есептеуге байланысты құжаттарды тексеруге құқық белгілейді. /16, 171бет/.

Сонымен, салықтық бақылау объектілері болып мемлекет пен «салықтар және басқа да міндетті төлемдер» Заңына сәйкес салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеуге тиісті заңды және жеке тұлғалар арасында пайда болатын салықтық қатынастар табылады.

Салықтық бақылауды ұйымдастыру деңгейі және оның тиімділігінен салықтардың бюджеттік функциясының орындалу дәрежесі анықталады.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 35 бабына сәйкес, заңмен белгіленген салықтар, алымдар және басқа да міндетті төлемдер әр азаматтың борышы мен міндеті болып табылады /6, 7бет/. Мемлекеттің және қоғамның мүдделерін, бюджетті құруда мемлекет алдында заңды және жеке тұлғалардың міндеттемелерінің орындалу дұрыстығын қамтамасыз ету салықтық бақылауға жүктелген. Сондықтан мемлекеттік бюджетке салықтық төлемдерінің түсуіне бақылау жүргізу үшін салық есептілігінің заңдылығын анықтау мақсатында табыс көздеріне бақылау жүйесін орнату керек.

Салықтық бақылауды негізінде салықтық механизмнің функционалдық элементі ретінде, яғни салықтық қатынастар жүйесін басқару ретінде қарастыруға болады. Және салық органдары салықтық тексерулер жүргізу барысында салықтық заңнамаларды сақтауға байланысты құқықтық қатынастарға тек салық төлеушілермен ғана емес, сонымен қатар:

Республиканың және басқа елдердің салық қызмет органдарымен, сонымен қатар ақпарат алмасу бойынша лицензия беретін және банк жүйесініі органдарымен;

Салық төлеушілермен талқылауларды шешуге құқық қорғау және қадағалаушы органдармен қатынасқа түседі.

2. Салықтық бақылау: түсінігі, функциялары, мақсаттары мен бағыттары

Салықтық бақылау дегеніміз не? Бұл сұраққа Салық кодексінің 1 пунктінің 517 бабында жауап берілген: «Салықтық бақылау- салық қызмет органдарының салықтық заңнамаларын орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы салымдарын және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік есептемелерді толық және уақытылы аударуды бақылау».

Салықтық бақылау мақсаты болып салық төлеушілердің салықтық заңнамалық нормаларын сақтау, өз салықтық міндеттемелерді дұрыс және уақытылы орындау.

Салықтық бақылаудың практикалық қолданылуында оның функциялары, міндеттері және мақсаттары сияқты ұғымдары маңызды рөл атқарады.

Салықтық бақылау келесідей функцияларды атқарады:

салықтық түсімдер есебіненәр түрлі деңгейдегі бюджетке түсімдерді қамтамасыз ету;

салық төлеуші жағынан салықтан жалтаруды салықтық заңнама негізінде болдырмау;

салық төлеушінің салықтық заңнамаларын және салықтық тәртіпті сақтау, салық төлемдерін толық және уақытылы жүргізу; әр түрлі деңгейдегі бюджетке салықтық түсімдерді көбейту резервтерін анықтау.

Салықтық бақылау міндеті бақылау тұрғысынан салық органдарының қызметтерінің практикалық өткізілуін сипаттайды.

Салық қызметінің негізгі міндеті болып, ҚР Салық кодексінің 1 пунктінің 15 бабына сәйкес, бюджетке салықтар және басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету, міндетті зейнетақы салымдарын есептеудің толықтығы мен уақыттылығы, соынмен қатар салық төлеушінің салық міндеттемелерін орындау барысында салықтық бақылау жүргізу.

Салықтық бақылауда айта келе оның негізгі бағыттарын бөліп қарау керек:

ұйымдар мен жеке тұлғаларды есепке алу;

салық төлемдерінің уақытылы төленуі және аударылуына салықтық бақылау;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңды тұлғаларды — Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу
Салық саласында азаматтардың құқықтары
Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі көлік салығы
Аймақтық бюджет табысын қалыптастырудағы меншікке салынатын салықтын ролі
Қазақстанда меншіктің даму ерекшеліктері
ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ. Студенттерге арналған оқу құралы
Қаржы құқығы пәнінен оқу - әдістемелік кешені
«Жер қойнауының құқықтық режимі»
Жер нарығы
Мемлекеттік қаржы және қаржы құқығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz