Зейнетақы қорларының инвестициялық қызметі
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
1. ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
1.1 Зейнетақы қорының инвестициялық портфель ұғымы
1.2 Зейнетақылық активтерді инвестициялық басқару
1.3 Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлері
2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІС.ӘРЕКЕТТЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
2.1 Қазақстан Республикасының зейнетақы қорлары және инвестициялық портфелдің құрылымы
2.2 Зейнетақы қорларының қазіргі күндегі инвестициялық жобаларды қаржыландыру жағдайы
2.3 Зейнетақы қорларының инвестициялық кірісі
3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ: МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ БАСЫМДЫҚТАРЫ
3.1 Қазақстан Реуспубликасының зейнетақы қорларының инвестициялық процесті ұйымдастыруы
3.2 Зейнетақы жүйесін жаңғырту тетіктері мен басымдықтары
3.3 Қазақстанның зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайы: проблемалары және шешу жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР

Қазақстан ТМД елдерінің ішіндегі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне өткен ең алғашқы ел болып табылады. Республиканың әлеуметтiк-экономикалық жүйесiнде неғұрлым қарқынды дамушылардың бiрi зейнетақы жүйесi болып табылады.
Курстық жұмысымның тақырыбының өзектілігі - ҚР ЖЗҚ инвестициялық процесіне талдау жүргізу және тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiн жаңғырту мен әрі қарай ҚР экономикасының дамытудың басымдықтарын анықтау маңызды мәселелердiң бiрi болып табылады. Қазақстан экономикасының даму ерекшелiктерi зейнеткерлiкке шыққан мерзiм iшiнде тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту мен қолдау мақсатында тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiн дамытуға бағытталған кешендi шаралардың жүзеге асырылуын қолдайды. Қажетті нәтиже алу үшін,экономиканы жеделдету мақсатында инвестициялар жасау қажет.Ол үшін ішкі жинақ қорларды шоғырландыру-басты шарттардың бірі болып табылады. Экономикалық өсу және дамытудың құпиясы өте қарапайым: тек қана ұлттық қорларды және инвестицияларды көбейту қажет. Бүгінгі күні инвестицияны және қорларды көбейту жылдам дамудың қажетті, бірақ жеткіліксіз шарты болып отыр. Бұл тұрғыда, инвестициялық институттар тиімді инвестициялау процесін жүзеге асырады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері: зейнетақы жарналары, инвестициялық кіріс, өсімпұл және жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақыларын шегеріп тастағандағы залалдарды өтеу ретінде түскен қаражат есебінен қалыптасады.
ЖЗҚ төлемдердің басталуы мен жарналар түсімдерінің аяқталуы арасындағы бірнеше жылды құрайтын уақыт аралықтары ЖЗҚ ұзақ және орта мерзімді инвестиция жасауға және өзінің портфелін құруға мүмкіндік береді. ЖЗҚ әрекет етуі ұзақ мерзімді инвестициялық процесті білдіреді. Алайда, қорлар кәсіпорындардың бағалы қағаздарына инвестиция жасап экономиканы қаржыландыруды және қаржы құралдарын банк депозиттеріне орналастыру арқылы, коммерциялық банктердің ресурстық базасын толықтыруды әзірше қаржылар тиімді орналастырылды деп айтуға болмайды. Зейнетақы қорларының инвестициялық іс-әрекеттерінің нәтижесі, олардың әрекет етуінің бастапқы кезеңінде, инвестициялық мүмкіндіктерді жеткіліксіз пайдаланғанын көрсетеді. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері: зейнетақы жарналары, инвестициялық кіріс, өсімпұл және жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақыларын шегеріп тастағандағы залалдарды өтеу ретінде түскен қаражат есебінен қалыптасады.
Курстық жұмыстың мақсатына толық тоқтала кетсем, ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiндегі инвестициялық процестерді ұйымдастыру мен оның басымдықтарын анықтау барысында зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жаңғыртуды теориялық негіздеу болып табылады.

1.3 Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын
ұйымның басшы қызметкерлері
2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІС-
ӘРЕКЕТТЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
2.1 Қазақстан Республикасының зейнетақы қорлары және инвестициялық
портфелдің құрылымы
2.2 Зейнетақы қорларының қазіргі күндегі инвестициялық жобаларды
қаржыландыру жағдайы
2.3 Зейнетақы қорларының инвестициялық кірісі
3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ: МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ БАСЫМДЫҚТАРЫ
3.1 Қазақстан Реуспубликасының зейнетақы қорларының
инвестициялық процесті ұйымдастыруы
3.2 Зейнетақы жүйесін жаңғырту тетіктері мен басымдықтары
3.3 Қазақстанның зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайы: проблемалары
және шешу жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Қазақстан ТМД елдерінің ішіндегі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне өткен
ең алғашқы ел болып табылады. Республиканың әлеуметтiк-экономикалық
жүйесiнде неғұрлым қарқынды дамушылардың бiрi зейнетақы жүйесi болып
табылады.
Курстық жұмысымның тақырыбының өзектілігі - ҚР ЖЗҚ инвестициялық
процесіне талдау жүргізу және тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз ету
жүйесiн жаңғырту мен әрі қарай ҚР экономикасының дамытудың басымдықтарын
анықтау маңызды мәселелердiң бiрi болып табылады. Қазақстан экономикасының
даму ерекшелiктерi зейнеткерлiкке шыққан мерзiм iшiнде тұрғындардың әл-
ауқатын жақсарту мен қолдау мақсатында тұрғындарды зейнетақымен
қамтамасыз ету жүйесiн дамытуға бағытталған кешендi шаралардың жүзеге
асырылуын қолдайды. Қажетті нәтиже алу үшін,экономиканы жеделдету
мақсатында инвестициялар жасау қажет.Ол үшін ішкі жинақ қорларды
шоғырландыру-басты шарттардың бірі болып табылады. Экономикалық өсу және
дамытудың құпиясы өте қарапайым: тек қана ұлттық қорларды және
инвестицияларды көбейту қажет. Бүгінгі күні инвестицияны және қорларды
көбейту жылдам дамудың қажетті, бірақ жеткіліксіз шарты болып отыр. Бұл
тұрғыда, инвестициялық институттар тиімді инвестициялау процесін жүзеге
асырады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері: зейнетақы
жарналары, инвестициялық кіріс, өсімпұл және жинақтаушы зейнетақы
қорларының комиссиялық сыйақыларын шегеріп тастағандағы залалдарды өтеу
ретінде түскен қаражат есебінен қалыптасады.
ЖЗҚ төлемдердің басталуы мен жарналар түсімдерінің аяқталуы
арасындағы бірнеше жылды құрайтын уақыт аралықтары ЖЗҚ ұзақ және орта
мерзімді инвестиция жасауға және өзінің портфелін құруға мүмкіндік береді.
ЖЗҚ әрекет етуі ұзақ мерзімді инвестициялық процесті білдіреді. Алайда,
қорлар кәсіпорындардың бағалы қағаздарына инвестиция жасап экономиканы
қаржыландыруды және қаржы құралдарын банк депозиттеріне орналастыру арқылы,
коммерциялық банктердің ресурстық базасын толықтыруды әзірше қаржылар
тиімді орналастырылды деп айтуға болмайды. Зейнетақы қорларының
инвестициялық іс-әрекеттерінің нәтижесі, олардың әрекет етуінің бастапқы
кезеңінде, инвестициялық мүмкіндіктерді жеткіліксіз пайдаланғанын
көрсетеді. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері: зейнетақы

Курстық жұмыстың мақсатына толық тоқтала кетсем, ҚР зейнетақымен
қамтамасыз ету жүйесiндегі инвестициялық процестерді ұйымдастыру мен оның
басымдықтарын анықтау барысында зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін
жаңғыртуды теориялық негіздеу болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсатын ашу үшін төмендегідей зерттеу міндеттерін
алдыға қойдым:
- бiрыңғай зейнетақы жүйесiнен жинақтаушы түрiне өтудi анықтаушы
факторларды жүйелеп, жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметтерiн жетiлдiру
және олардың инвестициялық мүмкiндiктерiн күшейтуге байланысты сұрақтарды
қарастыру;
- жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық қызметтерiн талдау
негiзiнде зейнетақы жүйесiнiң әрекет ету тетiктерiне талдау жүргiзу;
- Қазақстан Республикасының тұрғындарын зейнетақымен қамтамасыз
етудiң мемлекеттiк емес секторларының даму тенденцияларын анықтау.
- Қазақстандағы зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту
ерекшеліктерін ашып көрсету;
- тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудiң обьективтi негiздерiн
анықтай отырып, әлеуметтiк-экономикалық категория ретiнде зейнетақымен
қамтамасыз етудiң мәнiн нақтылай түсу;
- ЖЗҚ қызметтерін мемлекеттік реттеудің қазіргі жағдайын және
олардың инвестициялық ресурстарының қалыптасуына әсерін көрсету;
- келешекте Қазақстан тұрғындарын зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiн
жаңғыртудағы мемлекеттік реттеуді жетiлдiруге байланысты ұсыныстар
әзiрлеу;
Зерттеу пәні – ҚР экономикасын дамытуға инвестициялық зейнетақы
қораларының әсері.
Зерттеу объектісі ретінде ҚР жинақтаушы зейнетақы қорлары алынған.
Курстық жұмысты орындау барысында негізгі деректерді төменде
көрсетілген әдебиеттер мен газет-журналдардан алынды.
Труд в Казахстане:пенсионная система – 2010. №5. С. 14-21, Банки
Казахстана – 2009. №8. 42-45 Б, Егемен Қазақстан – 2009, 6 наурыз, 12б, Аль-
Пари – 2009. №1-2. –С. 146-149, Банки Казахстана – 2009. №2. 41-45 Б.
www.afn.kz., www.minfin.kz., www.egemen.kz.
1 ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

Портфель - бұл әртүрлі инвестициялық құндылықтардың бірігіп
жинақталғаны болады да, салым иесінің нақтылы инвестициялық мақсатқа
жетуіне қызмет көрсететін құралы. Портфельге бағалы қағаздардың бір түрі
немесе әртүрлі инвестициялық бағалылықтар: акциялар, облигациялар, жынақ
және депозиттік сертификаттар, аманаттық куәліктер, сақтандыру полистер
және басқалары кіреді.
Инвестициялық портфель – зейнетақы активтері инвестицияланатын қаржы
құралдарының жиынтығы. ЖЗҚ инвестициялық портфелі ҚР ҚҚА иеленуге рұқсат
етілген бағалы қағаздардан, яғни халықаралық рейтингілік агенттіктердің
(Standard&Poors, Moodys Investors Service, Fitch) жоғары рейтингілеріне ие
бағалы қағаздардан ғана құралады.
Инвестициялық портфельді қалыптастыру тәртібі әр түрлі объектілерді
енгізудің жалпы қарама-қайшылықтары, инвестициялық салымның жойылуы,
тәуелділік және табыс сәйкестігі болып табылады.
Портфель құрылымын ҚҚА-ның жаңа талаптарына сәйкестендіріледі.
Үкіметтің жаңа нұсқауларына сәйкес барлық зейнетақы қорлары өз
портфельдеріндегі құнды қағаздар көлемін 20 пайызға, одан әрі болашақта 30
пайызға дейін арттыруға тиіс.
2012 жылғы 1 қаңтарда күшіне енетін жаңа заң актілерінің нормаларына
сәйкес ЖЗҚ-лар зейнетақы активтерінің есебінен 3 инвестициялық портфель
қалыптастыруға міндетті. Олар: акция ұсталмайтын консервативтік, акция
мөлшері 30 пайыздан аспайтын шектеулі және акцияның 80 пайызына дейін
иеленетін агрессиялық инвестициялық портфель болып табылады.
Кез келген зейнетақылық қордың портфелін екі түрге – өтімді және
өтімсіз деп бөлуге болады. Портфельдің өтімді бөлігі бұл – дәл қазіргі
сәттегі бағадан сатылатын бағасының айырмашылығы болмайтын қаржылық тәсіл.
Портфельдің бұл бөлігін кез келген уақытта іс-жүзінде ешқандай шығынсыз
сатуға болады. Портфельдің өтімсіз бөлігі бұл – сатылған кезде қағаздың
бағасы белгіленген бағадан төмен болатын бөлігі.
Қаржылық қадағалау агенттігі мен зейнетақы қорлары, басқарушы
компаниялар өкілдері кірген жұмысшы топ консервативті портфель әдісін
мерзімінен бұрын енгізу мәселесін талқылады. Ұжымдық инвестиция жасау
мәселелері бойынша бірқатар заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар
енгізу туралы заңда екі түрлі инвестициялық портфель принципін 2012 жылдан
енгізу қарастырылған.
Қазір Қаржылық қадағалау агенттігінде әр қорда үш инвестициялық
портфель болуын қарастыратын жоба әзірленіп жатыр. Консервативті
портфельдегі қаржыға тәуекелі өте төмен мемлекеттік құнды қағаз бен өте
сенімді компаниялардың табысы белгіленген және ұлттық валютада шығарылған
құнды қағаздары алынады. Ал агрессивті портфельге акциялар мен туынды құнды
қағаздар алынады. Бұлардың табысы жоғары болғанымен, тәуекелі де соншалықты
мол. Бірқалыпты портфель осы екеуінің арасында. Пайдасы да, қауіп-қатері де
орташа. Салымшылар өз қалауына орай қаражатын үш қорға бөліп салуына немесе
біреуін ғана таңдауға құқылы болады.
Бұдан бұрын айтылып жүрген агрессивті портфель дағдарысқа байланысты
қолданылмайтын сыңайлы.
Есімін атамауды өтінген сенімді ақпарат көзі: Консервативті портфель
саясатын енгізуге ірі зейнетақы қорлары мүдделі болып отыр[1], – дейді.
Әзірге салымшы қаржысының бір бөлігі міндетті түрде консервативті
портфельде ұсталуы керек пе, бұған зейнетақы жинағының қандай мөлшері
аударылады деген сауалдарға жауап жоқ. Өйткені жұмысшы топ алғаш рет
кездескендіктен, тараптардың ыңғайы мен емеуріні ғана ортаға салынған.
Қаржылық қадағалау агенттігі 2010 жылдың қыркүйек айынан бері
зейнетақы қорларының инвестициялық тактикасына бақылауды күшейтті. Осы
уақытқа дейін зейнетақы жинақтарын басқарушы компаниялар бір кәсіпорын
құнды қағаздарына инвестиция мөлшерін 10 пайыздан асырмау қағидасын ғана
басшылыққа алған еді. Енді осы құнды қағазды не мақсатпен сатып алатыны,
оның тәуекелі туралы реттеуші органға көлемді есеп тапсырулары керек.Бұл
талапты орындау үшін бірқатар зейнетақы қорлары қосымша штат ашып, талдау
бөлімін ашуды мақсат етіп отыр.
Егер салымшының ешқандай туысы болмаса, және салымшы қайтыс болса, ал
оның артында белгілі мұрагерлері болмаса, қор бәрібір оның жинағын иемдене
алмайды. Яғни олай етуге қордың құқы жоқ. Сөйтіп дүниеден өтіп кеткен
салымшының бар жинағы мұрагерлері келгенге шейін жеке зейнетақы шотында
сақталады. Мұрагерлері болмаса немесе белгісіз болса, онда қаладағы, аудан
мен кенттегі, ауылдық округ әкімі аппараты мұраның сенімді басқарушысын
тағайындау туралы өтінішпен нотариусқа баруы тиіс. Заң бойынша мұрагерлер
келген жағдайда мұраның сенімді басқарушысы олардың талабы бойынша кері
шақырылуы мүмкін.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдерін
әртараптандыру үшін Үкімет пен Самұрық-Қазына қоры зейнетақы активтерін
басым инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін тарту жөнінде шара қабылдау
үстінде, сондай-ақ құрылған Стресті активтер қоры инвестициялық рейтингі
бар борыштық бағалы қағаздарды шығаруды қамтамасыз етеді.
Қаржылық қадағалау агенттігі жинақтаушы зейнетақы қорларының
инвестициялық саясатын жетілдіруді, сондай-ақ зейнетақы активтерінің
сақталуын және қорлар мен зейнетақы активтерін басқарушылардың
жауапкершілігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында олардың қызметін
қадағалауды жалғастыруда.
Жинақтаушы зейнетақы қоры, зейнетақы төлемдері бойынша міндеттемелерін
орындағанда, жинақ мерзімінде инвестиция тиімділігі жеткен нақты мәннен
алынады және орта нарықтық табыс нормасының минимумына кепілдеме береді.
Сондықтан олар портфель құрамын, есептің қойылымын кері аударып қолданады.
Бұл жағдайда оңтайландыру мәселесі инвестициялық портфельдің күтілетін
табысын, тәуекел дәрежесін лимиттеу r кезінде максимал мәнге жеткізу.
Бұл кезде портфельді оңтайландыру есебі келесі түрге ие болады.
(1)
Бұл кезде қор өзінің максималды тәуекел дәрежесін анықтауы тиіс. Ол
инвестиция қызметінің нормативті есептеуіне сәйкес немесе одан жоғары, егер
қорда бірнеше инвестициялық портфель болса, онда қолданылатын тәуекел
деңгейімен шектеледі. Инвестициялық портфельдің оңтайландыру есебін формула
түріне келтірсек:
1. Зейнетақы қорының жалпы құрылымында белгіленген жарна схемасы
бойынша құрылған келісім шарттар көбірек болады. Сол себептен оңтайландыру
факторы ретінде тәуекелдің минималды деңгейінде талап етілетін минималды
табысқа жету алынады.
2. Соған сәйкес оңтайлы портфель моделі келесі түрде жазылады
(қарастырылған табыс бойынша шектеулер қолданылады):
(2)
Келтірілген модель инвестициялық портфельдің жалпы түрін сипаттайды
(оны шартты оңтайлы лимиттелген дейді). Бірақ инвестициялық портфельді
оңтайландыру есебінің құрамында өтімділік деңгейінің шарты бар болса, онда
қосымша шектеулер, мысалы өтімділік бойынша шектеулер енгізіледі:
d (3)
Сәйкес оңтайлы модельдер келесі түрде жазылады:
Жарнасы белгіленген қор Төлемі белгіленген
портфелі үшін қор портфелі үшін
(4) (5)
Өтімділік шектеулері 0,1 сәйкес болса, онда модель келесі түрге енеді:
(6)
Инвестициялық портфельдің құрамында баға құның өсіретін құралдар үлесі
бар болса, онда оңтайландыру есебіне қосымша шарттар енеді:
(7)
Сондықтан келтірілген мысалдарға ұқсас оңтайландыру жүйесіне қосымша
шектеулер енуі мүмкін. Бір ғана ерекшелігін атап өтейік: шарттар саны көп
болған кезде инвестициялық оңтайлы портфельдің саны шектеулі болады.
Берілген теңдеулер мен қарастырылған шектеулер (өтімділігі бойынша НР)
инвестициялық портфельді құру бойынша бағдарлама инвестициялау объектілерін
анықтайды және компьютерде өңдеген соң ең тиімді нұсқа таңдалады.
Зейнетақы активтерін тәуекелдер бойынша өлшеу келесідей тәртіпте
жүргізіледі:
Сурет 1 – ЖЗҚ инвестициялық портфелі
Жалпы қабылданған экономикалық ұстанымдарға сәйкес кредиттік тәуекел
неғұрлым төмен болған сайын инвестициялық портфель соғұрлым сенімді болады,
ол ЖЗҚ тұрақтылығына оң ықпал етеді.
Салымшының таңдауы әр ЖЗҚ қызметінің көрсеткіштерін: зейнетақы
ережелерінің, зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шарттың, инвестициялық
декларациялардың талаптары, ЖЗҚ комиссиялық сыйақы көлемдері, ЖЗҚ ұсынатын
қосымша қызметтерді, ЖЗҚ қызметіне негізделген шағымдарды, ЖЗҚ
қолданылған санкциялар мен шектеулі ықпал ету шаралардың сипатына және
мөлшеріне кешенді және салыстырмалы талдауға ғана негізделмеуі керек ол әр
ЖЗҚ-ның инвестициялық портфельдердің құрылымдарын жақсылап қарастыруы
тиіс.
Салымшы бүкіл жинақтаушы жүйесінде болу кезеңінде жоғарыда көрсетілген
ЖЗҚ көрсеткіштерін бақылауы және салыстыруы қажет.
ЖЗҚ инвестициялық декларациясы – бұл инвестициялау объектісінің
тізбесін, зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің
мақсаттарын, стратегияларын, шарттарын және шектеулерін, зейнетақы
активтерін хеджирлеу мен әртараптандыру шарттарын анықтайтын құжат, ол
зейнетақы ережелеріне қосымша болып табылады.
Яғни, ЖЗҚ салымшының таңдауы ЖЗҚ инвестициялық декларациясын есепке
ала отырып жүзеге асырылуы қажет.
Бұл ретте ЖЗҚ салымшының сұрауы бойынша инвестициялық портфельдегі
бағалы қағаздардың атауы және саны, сондай-ақ ЖЗҚ зейнетақы активтерінің
жалпы сомасына қатысты осы бағалы қағаздарға инвестиция көлеміне пайыздық
арақатынасы көрсетілген инвестициялық портфельдің құрылымын ашатын
ақпаратты берулері қажет.
Дегенмен, мемлекеттік бағалы қағаздар сияқты қаржылық құралдар басым
болатын инвестициялық портфель ең аз тәуекелді, бірақ ең аз кірісті болып
саналады және ЖЗҚ-ның инвестициялық портфелінде басқа жоғары кірісті қаржы
құралдарының басым болуы бұдан жоғары тәуекелдерді болжайды.

Зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару оның
таңдауы бойынша зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге
асыратын бір және одан да көп ұйымдармен шарт негізінде және уәкілетті
орган беретін, қызметтің осындай түрімен айналысу құқығына тиісті
лицензиясы болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорымен дербес жүзеге
асырылады.
Зейнетақы қорларының басты мақсаты – ол салымшыларды көбейту арқылы
зейнетақы қорының капиталын көбейту. Қорлар шығындарға жол бермеу немесе
минимизацияламауға тырысады. Соған байланысты қорларда біліктілігі жоғары
мамандардың болуы, тармақталған бөлімшелердің желісі, қымбат жабдықтардың
қазірігі техникамен және бағдарламамен жабдықталған. Осының барлығы
зейнетақылық активтердің сенімді қорғалуына көп үлесін қосады.
Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым бiр
мезгiлде екi және одан да көп жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақы
активтерiн басқаруға шарт жасасуға құқылы. Зейнетақы активтерiн басқаруға
арналған шарт жазбаша нысанда жасалады, шарттың жазбаша нысанын сақтамау
оның жарамсыздығына әкеп соғады.
Зейнетақы активтерiн басқаруға арналған шартқа мүлiктi сенiмдi басқару
туралы шарттың ережелерi қолданылады.
Қорлардың зейнетақы активтерінің құрылымы
2010 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша ЗАИБЖАҰ-да инвестициялық
басқаруда болған зейнетақы активтерінің жиынтық көлемі тамыз айында 36,9
млрд. теңгеге немесе 1,8%-ға өсіп, 2 089,1 млрд. теңге болды.
2009 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2010 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі
кезеңде зейнетақы активтерінің орташа айлық өсуі 30,59 млрд. теңге болды.
2010 жылғы 1 қараша бойынша ЖЗҚ-дың активтері төмендегі кестеде
млн.теңгемен және пайызбен көрсетілген.
Кесте 1 - Зейнетақы активтерінің жиынтықты көлемін бөлу
ЗАИБЖАҰ ЖЗҚ зейнетақы
активтері
млн. %-бен
теңге
Қазақстан Халық Банкі жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ, 652 588 31,24
Қазақстан Халық Банкі АҚ еншілес ұйымы
"ГНПФ" жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ 341 892 16,36
"Жетісу" ЗАИБЖАҰ" АҚ 339 955 16,27
"ҰларҮмiт" жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ 293 583 14,05
"АМАНАТ ҚАЗАҚСТАН жинақтаушы зейнетақы қоры " АҚ 46 372 2,22
БТА Банкі АҚ еншілес ұйымы БТА Қазақстан жинақтаушы 176 762 8,46
зейнетақы қоры АҚ
"GRANTUM Asset Management" ЗАИБЖАҰ" АҚ (Қазкоммерцбанк136 200 6,52
АҚ ЕҰ)
"ГРАНТУМ жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (Қазкоммерцбанк136 200 6,52
АҚ еншілес ұйымы)
Капитал ЖЗҚ АҚ - Банк ЦентрКредит АҚ еншілес ұйымы 100 202 4,80
"Мұнайгаз - Дем" жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ 71 388 3,42
"Еуразиялық жинақтаушы зейнетақы қоры " АҚ 69 683 3,34
"Нұр-Траст" ЗАИБЖАҰ" АҚ, "Нұрбанк" АҚ еншілес ұйымы 63 617 3,04
"Нұрбанк" АҚ еншілес ұйымы "Атамекен" жинақтаушы 63 617 3,04
зейнетақы қоры" АҚ
"Отан" ашық жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ 58 889 2,82
"РЕСПУБЛИКА жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ 54 454 2,61
"Қазақмыс жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ 23 478 1,12
Барлық ЖЗҚ бойынша жиынтығы 2 089 108100
Ескерту – ҚБА мәліметтері бойынша жасалған
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын
жинақтаушы зейнетақы қорларының басқа жинақтаушы зейнетақы қорларымен
олардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға шарт жасасуға құқығы
жоқ.
Мемлекеттік бағалы қағаздардағы қаражат экономикаға ешқандай пайда
әкеліп жатқан жоқ. Қаржы министрлігі мен Ұлттық банк бюджеттің тек кем-
кетігін жамауға ғана пайдаланады. Отандық компаниялардың қағаздарының
бірнешеуі мұнай, ал қалғаны мемлекеттік компаниялар мен банктер шығарған.
Сондықтан, бір сөзбен айтқанда, онда да жеке бизнес жоқ. Қосымша құны бар
тауар өндіретін және жаңа жұмыс орнын ашып, салық түсіретін шетелдік
эмитенттердің қағаздары болса кірісін өз иелеріне ғана әкеледі. Ал банктер
болса нақты экономикаға емес, өз мүдделеріне жұмыс жасап жатыр. Зейнетақы
активі ай сайын 4-5 пайызға өсуде. Ал оны тиімді пайдаланудың қаржы
құралдары жоқ. Үкімет 15 жылдық облигация ұсынуда, қорлар оны алуға мәжбүр.
Өйткені өзге бағалы қағаз болмай отыр. Инфляцияға әрдайым бағаның
өсуі, жемқорлық, экономиканың монополиялық сипаты, мемлекеттің рұқсат беру,
лицензиялық және тексеру қызметі, жеке өнеркәсіп пен фермерлік шаруашылық
пен сапалы көлік инфрақұрылымының жоқтығы өз ықпалын тигізуде. Қазір
онымен монетарлық әдіспен күресіп жатыр. Кіріс деңгейін көтеру үшін нақты
секторды инвестициялау қажет. Бұл үшін мемлекет кепілдігімен нақты
инфляция деңгейінен кемінде 1 пайыз жоғары болатын облигациялар шығару
керек. Оған инфрақұрылым нысандарын салып, зейнетақы қорларының қаражатын
біртіндеп қайтаруға болады[2].
Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның
мiндеттерi мен қызметiн шектеу:
1. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым:
1) Уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен зейнетақы активтерiн
инвестициялауды жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен зейнетақы
активтерiн ұдайы бағалап отыруға;
3) Уәкілетті орган белгілеген мерзімде және тәртіппен өз қызметі туралы
есеп беруге;
4) Жинақтаушы зейнетақы қоры мен уәкiлеттi органның алдында өз қызметi
туралы ұдайы есеп берiп отыруға;
5) Уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен өз қызметi туралы ақпарат
жарияланып отыруға;
6) Уәкiлеттi орган мен зейнетақы активтерiн басқару туралы шартпен
белгiленген басқа да мiндеттердi орындауға мiндеттi.
2. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын
ұйымның жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының құқықтары мен
мүдделерiн қорғау мақсатында:
акциялардан басқа, бағалы қағаздардың өзге де түрлерiн шығаруға;
банктерден үш айдан асатын мерзiмге, өз капиталының мөлшерiнен аспайтын
мөлшерде заем қаражатын тартуға;
ұйымдастырылған рыноктардағы мәмілелер мен зейнетақы активтерін басқаруға
шарттарды қоспағанда, аффилиирлендірілген тұлғалармен зейнетақы активтері
есебінен мәмілелер жасау;
кез келген әдiстермен заемдар беруге;
зейнетақы активтерiнiң құрамына кiретiн бағалы қағаздарды қайта сатып алу
мiндеттемесi шартымен сатуға;
маржа бойынша кез келген бағалы қағаздарды сатып алуға;
жинақтаушы зейнетақы қорына тиесiлi емес бағалы қағаздарды сату ("қысқа
сатулар") туралы шарттар жасасуға;
кез келген түрде, кепiлдер мен кепiлдiктер беруге, зейнетақы активтерiмен
кепiлдiк мәмiлелер жасасуға;
зейнетақы активтерiнiң инвестициялары бойынша табыстарға кепiлдiгi немесе
уәдесi бар ақпарат жариялауға;
Осы Заңның 58-бабында көзделген қызмет түрлерiн, сондай-ақ өзiнiң жеке
мүддесi үшiн алған мүлiктердi сауда-саттыққа салуды және жалға берудi
қоспағанда, өзге кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салынады.

өз капиталын қалыптастыру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның
төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығы кепілдігін қамтамасыз ету үшін
сақталуы міндетті пруденциалдық нормативтер белгіленеді.
Пруденциалдық нормативтердің тізбесін, олардың нормативтік мәндері мен
есеп -қисап әдістемесін, сондай-ақ тиісті есептілік нысандары мен оны табыс
ету мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық
басқару жөніндегі қызметті Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген
тәртіппен уәкілетті орган лицензиялайды.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым тиісті
лицензиялары болған жағдайда бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі
қызметті және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен
белгiленген тәртiппен бағалы қағаздар рыногында қызметтiң өзге де түрлерiн
жүзеге асыруға құқылы.
Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды
жүзеге асыратын ұйыммен жасалған шартты бұзу белгіленген күннен жиырма күн
бұрын оған хабарлай отырып, бір жақты тәртіппен бұзуға, сондай-ақ зейнетақы
активтерін тиісті басқармаудан туындаған залалдарды өтеуді талап етуге
құқылы.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым өз
міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі бүкіл мүлкімен жинақтаушы зейнетақы
қоры алдында жауап береді.
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандыру.
Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу:
1. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары жинақтаушы зейнетақы
қорларына міндетті зейнетақы жарналарын осы заңда белгіленген ставкалар
бойынша төлеуге тиіс.
2. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы міндетті зейнетақы
жарналарын төлеу үшін бір ғана жинақтаушы зейнетақы қорын таңдап алуға және
онымен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру
туралы шарт жасасуға міндетті. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысына
міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы бір
мезгілде екі және одан да көп шарт жасасуға, сол сияқты салымшының міндетті
зейнетақы жарналарын іс жүзінде екі және одан да көп жинақтаушы зейнетақы
қорына енгізуіне, не жарнаны бір қорға төлеп, жинақталған зейнетақы
қаражатының бір бөлігін басқа жинақтаушы зейнетақы қорында сақтауына жол
берілмейді.
3. Осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарына сәйкес, зейнеткерлік жасқа
жеткен адамдар жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын
төлеуден босатылады.
Бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектiгi бар адамдар, егер
мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, жинақтаушы зейнетақы қорларына
мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.
4. Міндетті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының ұлттық
валютасымен төленеді.
5. Міндетті зейнетақы жарналарының және осы заңның 22-4-бабының 1-
тармағына сәйкес есептелген өсімпұлдың толық және уақтылы төленуін
бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық органдары жүзеге
асырады.
6. Міндетті зейнетақы жарналарын басқа адамдардың пайдасына төлеуге
болмайды.
7. 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтiк жеке коды және
(немесе) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi және (немесе) жинақтаушы зейнетақы
қорларымен жасасқан зейнетақы шарттары жоқ бұрынғы қызметкерлердiң
(Қазақстан Республикасының шегiнен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен,
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен хабарсыз
кеткен немесе қайтыс болған деп танылған) кiрiстерiнен ұсталған мiндеттi
зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен
аударылады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларына төленуге тиiстi мiндетті зейнетақы
жарналары осы баптың 3-тармағына сәйкес айқындалатын тәртіппен зейнетақы
жарналарын есептеу үшiн қабылданатын, қызметкердiң ай сайынғы табысының он
процентi мөлшерiнде белгiленедi. Бұл ретте, мiндетті зейнетақы жарналарын
есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табыс тиiстi қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының жетпіс бес
еселенген ең төменгi мөлшерден аспауға тиiс.
Адвокаттар, жеке нотариустер, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер үшiн жинақтаушы
зейнетақы қорларына өз пайдасына төлеуге жататын, салық кезеңінің әрбiр айы
үшін есептелетін мiндетті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес айқындалатын табыстың он процентi мөлшерiнде, бiрақ
тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген
жалақының ең төменгi мөлшерінің он процентінен кем емес және жалақының
жетпiс бес еселенген ең төменгі мөлшерiнiң он процентінен жоғары емес болып
белгiленеді.
Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа (фермер) қожалықтары үшiн шаруа
(фермер) қожалығы мүшесiнiң (қатысушысының) және басшысының пайдасына
жинақтаушы зейнетақы қорларына төлеуге жататын, салық кезеңiнің әрбiр айы
үшін есептелетін мiндетті зейнетақы жарналары тиістi қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген жалақының ең төменгi
мөлшерінің он процентiнен кем емес және жалақының жетпiс бес еселенген ең
төменгi мөлшерінiң он процентiнен жоғары емес мөлшерде белгiленедi.
Арнаулы салық режимін біржолғы талон негiзiнде қолданатын жеке
тұлғалар үшін жинақтаушы зейнетақы қорларына өз пайдасына төлеуге жататын
мiндеттi зейнетақы жарналары бiржолғы талондар сатып алынатын әрбiр отыз
күнге есептелетін, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы
заңмен белгiленген жалақының ең төменгі мөлшерiнiң он процентi мөлшерiнде
белгіленедi.
Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеп шығарудың, ұстап қалудың
(есептелуінің) және аударудың тәртiбi мен мерзiмдерiн Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
Ерікті зейнетақы жарналарының ставкасы.
Салымшы-жеке тұлғалар жинақтаушы зейнетақы қорларына ерікті зейнетақы
жарналарын олармен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен
қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жағдайда өз пайдасына өз табысы есебінен
енгізеді.
Алушының пайдасына ерікті зейнетақы жарналарының салымшылары жеке және
заңды тұлғалар болуы мүмкін.
Ерікті зейнетақы жарналарының ставкасы, оларды төлеу тәртібі, сондай-
ақ зейнетақы төлемдерін төлеу тәртібі ерікті зейнетақы жарналары есебінен
зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келісімі бойынша
белгіленеді.
Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының ставкасы
Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді кәсіптерінің тізбесін
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін қызметкердің пайдасына
салымшылар өз қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының ставкасы ерікті кәсіптік
зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт
тараптарының келісімі бойынша белгіленеді, бірақ ол қызметкердің ай сайынғы
табысының он процентінен жоғары болмауға тиіс. Бұл орайда ерікті кәсіптік
зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы кіріс Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен анықталады.
Мiндеттi зейнетақы жарналарының уақтылы ұсталмағаны және аударылмағаны
үшiн жауапкершiлiк:
1. Агент уақтылы ұстамаған (есептемеген) және (немесе) аудармаған
мiндеттi зейнетақы жарналарының сомалары салымшы табысты нақты төлеген және
алған жағдайда, оларды салық органдары өндiрiп алады немесе оларды агенттер
әрбiр кешiктiрiлген күнге (Орталыққа төлейтiн күндi қоса алғанда) Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми
ставкасының 2,5 еселенген мөлшерiнде есептелген өсiмпұлмен бiрге мiндеттi
зейнетақы жарналары салымшыларының пайдасына аударуға тиiс.
2. Мiндеттi зейнетақы жарналары толық және (немесе) уақтылы
аударылмаған жағдайда салық органдары мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша
жинақталып қалған берешек шегiндегi ақшаны агенттердiң банктегi шоттарынан
өндiрiп алуға құқылы.
Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алу Қазақстан
Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен агентке жiберiлетiн хабарлама
негiзiнде жүргiзiледi.
Агент хабарлама алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде салық
органына:
1) мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек пайдасына өндiрiлiп
алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тiзiмдерiн;
2) әр жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша берешектiң жалпы сомасын
көрсете отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларының тiзiмдерiн табыс етуге
мiндеттi.
Агенттердiң банк шоттарынан мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша
берешектi өндiрiп алу салық органының инкассолық өкiмi негiзiнде
жүргiзiледi.
Клиентке қойылатын талаптардың бәрiн қанағаттандыру үшiн банк шотында
(шоттарында) ақша болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда банк
клиенттiң ақшасын алып қоюды Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiнде
белгiленген кезектiлiк тәртiбiмен жүргiзедi.
Салық органдарының шешiмi бойынша, егер агент мiндеттi зейнетақы жарналары
бойынша берешек пайдасына өндiрiлiп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары
салымшыларының тiзiмiн табыс етпесе және мiндеттi зейнетақы жарналары
бойынша берешек болса, банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн
жүзеге асыратын ұйымдар агенттердiң банк шотындағы (шоттарындағы) барлық
шығыс операцияларын тоқтата тұруға және мiндеттi зейнетақы жарналары мен
салық берешегiн аударуға қатысты нұсқауларды Қазақстан Республикасының
заңдарында белгiленген тәртiппен орындауға мiндеттi.
Салық органының банк шоты (шоттары) бойынша шығыс операцияларын
тоқтата тұру туралы шешiмiнiң күшiн банк шоты (шоттары) бойынша шығыс
операцияларын тоқтата тұрудың себептерi жойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс
күнiнен кешiктiрмей шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешiм шығарған
салық органы жояды.
Агенттiң банк шоты болмаған жағдайда, салық органы Қазақстан
Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен агенттiң қолма - қол,
ақшасынан өндiрiп алады.
Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын
ұйымдар мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын осы сомаларды агенттердiң
банк шоттарынан есептен шығаратын күнi Орталық арқылы аударуға мiндеттi.
Міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдері
1. Жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар
адамдардың:
1) Осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарында көзделген жағдайлар
басталғанда;
2) Елу бес жасқа толғанда және жинақталған зейнетақы қаражаты ең төмен
зейнетақы мөлшерінен кем емес төлемді қамтамасыз ету үшін жеткілікті
болғанда;
3) Егер мүгедектігі мерзімсіз белгіленсе, бірінші және екінші-топтағы
мүгедектердің;
4) Осы Заңның 60-бабының 1-тармағында аталғандардың;
5) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін
немесе кеткен, кету ниетін немесе кету фактісін растайтын Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген құжаттарды табыс еткен шетелдіктер
мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті
зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар. Бұл
орайда Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кетер кезінде жинақталған
зейнетақы қаражатын алып қойған адамға осы Заңның 5-бабы 2-тармағының
нормасы қолданылмайды.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті зейнетақы жарналары есебінен
жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға
қалдырылады. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы
төлемдері Ерікті зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы
қорларынан төленетін зейнетақы төлемдеріне жинақтаушы зейнетақы қорларында
жинақталған зейнетақы қаражаты бар мына адамдардың:
1) елу бес жасқа толған адамдардың;
2) мүгедектердің;
3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін
немесе кеткен және кету ниетін немесе кету фактісін растайтын Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген құжаттарды табыс еткен адамдардың
құқығы пайда болады.
Ерікті зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорында

қалдырылады. Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төленетін
зейнетақы төлемдері:
1. Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы
қорларынан зейнетақы төлемдеріне:
1) елу жасқа толған;
2) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін

Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы
қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар

қалдырылады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақталған зейнетақы қаражатын төлеу:
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдері жеке зейнетақы
шоттарында жинақталған зейнетақы қаражаты бар алушыларға оның жеке басын
куәландыратын куәлігі болған жағдайда төленеді.
2. Осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарында аталған адамдардың, сондай-
ақ егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi
топтардағы мүгедектердiң өз таңдауы бойынша жинақталған зейнетақы қаражатын
жинақтаушы зейнетақы қорынан белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдері
түрінде не сақтандыру ұйымынан зейнетақы аннуитетінің шартына сәйкес
жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен сақтандыру төлемдері түрінде алуға
құқығы бар.
3. Алушыға Орталықтан тағайындалған ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің
және кесте бойынша төленетін зейнетақы төлемдерінің сомасы тиісті қаржы
жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген ең төмен
зейнетақы мөлшерінен кем болмауы керек.
4. Кесте бойынша төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді
жүзеге асыру әдістемесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезеңділігі (ай сайынғы,
тоқсан сайынғы, жыл сайынғы) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа
сәйкес белгіленеді.
5. Міндетті зейнетақы жарналары, жинақтаушы зейнетақы қорларынан
ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақталған
зейнетақы қаражатынан зейнетақы төлемдерін төлеуді жүзеге асыру ережесін
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
6. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтардан
зейнетақы төлемдерін төлеуді жүзеге асырудың тәртібі мен алушы табыс ететін
құжаттардың тізбесі ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен
қамсыздандыру туралы шарттың талаптарымен анықталады.
Аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы мәліметтер беру:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, агенттер
салық органдарына мiндеттi зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған
(есептеп қосылған) және аударылған сомалары жөнiнде есептi тоқсан сайын
есептi тоқсаннан кейiнгi айдың он бесiне дейiнгi мерзiмде табыс етiп
отырады. Есептiң нысанын және оны табыс етудiң тәртiбiн халықты әлеуметтiк
қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен келiсiм бойынша мемлекет
алдындағы салық мiндеттемелерiнiң орындалуын салықтық бақылауды қамтамасыз
ететiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Агенттер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпке сәйкес
әрбір қызметкер бойынша есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және
аударылған міндетті зейнетақы жарналарының бастапқы есебін жүргізуге
міндетті. Агент есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған
міндетті зейнетақы жарналары туралы мәліметтерді салымшыларға ай сайын,
есепті айдан кейінгі айдың он бесінен кешікірмей табыс етіп отыруға
міндетті. Қазіргі 2010 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан
Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорларының меншікті капиталы,
міндеттемелері және активтері туралы мәліметтер қосымшада кесте түрінде
бейнеленген.
Жаһандық қаржылық дағдарысқа қарамастан Қазақстан Республикасының
жинақтаушы зейнетақылық жүйесі қарқынды даму үстінде және зейнетақылық
қызметтер сапалы дамуда. Халық Банкінің зейнетақылық қоры өзінің
стратегиялық және тактикалық міндеттерін дағдарысқа қарсы шаралармен қатар
жүзеге асырып отырыды. АҚ ЖЗҚ Қазақстанның Халық Банкі Инвестициялық
декларациясын 2010 жылдың наурыз айында жарық көрді. Осы құжаттың алты
бөлімінде қордың инвестициялық саясаты туралы жазылған. Бірінші ретте
қордың зейнетақылық активтерін басқару туралы жазылған. Онда нақты
мақсаттар, стратегиялар, шарттар және инвестициялық қызметінің шектеулері
айқын көрсетілген.
ҚР заңына сәйкес нақты түрде қаржылық қаражаттардың (құралдардың)
түрлеріне және ашық валюталық позициясына байланысты салымдардың лимиті
белгіленді. Әр түрлі қаржылық қаражаттарадағы (құралдардың) инвестициялау
критериийлері (белгілері) қормен анықталған. Хеджирлеу шарттарына, яғни
тәуекелді төмендету және инвестициялық портфельдің диверсификациясына аса
көңіл аударады [3, 14-17б].

Жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлеріне қойлатын талаптар
1. Жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті түрде мынадай алқалы органдарды
қалыптастырады:
1) директорлар кеңесі - басқару органы;
2) басқарма - атқарушы орган;
3) ішкі аудит қызметі - бақылаушы орган.
Жинақтаушы зейнетақы қорының оқшауланған бөлімшесінің бірінші басшысы
мен бас бухгалтерін қоспағанда, директорлар кеңесінің бірінші басшысы мен
мүшелері, басқарманың бірінші басшысы мен мүшелері жинақтаушы зейнетақы
қорының басшы қызметкерлері болып танылады.
2. Мыналар:
жоғары білімі жоқ;
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында осы
бапта белгіленген жұмыс стажы және (немесе) қаржылық қызмет және (немесе)
қаржы ұйымдарына аудит жүргізу бойынша қызмет көрсету және (немесе) оны
реттеу саласында жұмыс стажы жоқ;
мінсіз іскерлік беделі жоқ;
уәкілетті органның қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын
мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-
ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы
ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімі
қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының
директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқармасының бірінші басшысы және
оның орынбасары, бас бухгалтері болып табылған тұлға жинақтаушы зейнетақы
қорының басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап

мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымының лицензиясын кері қайтарып алу
туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы
шешімі қабылданғаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;
Өзге қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымында болған кезеңінде оны басшы
қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып
алынған адам жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері болып
тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті органның басшы
қызметкерді лауазымға тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу
туралы шешімі қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы
қолданылады.
3. Жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы жинақтаушы зейнетақы
қоры басқармасының бірінші басшысы лауазымына тағайындала (сайлана)
алмайды.
Жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесі құрамының кемінде отыз
проценті тәуелсіз директорлар болуға тиіс.
4. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген талапқа сәйкес
келу үшін:
жинақтаушы зейнетақы қорының басқармасының бірінші басшысы, бас бухгалтері
лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде үш жыл;
жинақтаушы зейнетақы қоры басқармасының мүшелері лауазымдарына кандидаттар
үшін кемінде екі жыл жұмыс стажы болуы қажет.
Директорлар кеңесінің бірінші басшысы және мүшелері лауазымдарына
кандидаттар үшін осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жұмыс
стажының болуы талап етілмейді.
Осы тармақта айқындалған жұмыс стажына қаржы ұйымы бөлімшелеріндегі
шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты жұмыс кірмейді.2007.15.05. №
253-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Басшы қызметкер тағайындалған (сайланған) күннен бастап өз қызметін
уәкілетті органның келісімін алғанша күнтізбелік алпыс күннен аспайтын
мерзім ішінде атқаруға құқылы.
Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және құжаттардың толық
пакеті уәкілетті органға келісуге табыс етілмеген жағдайда не уәкілетті
орган келісуден бас тартқан жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры бұл адаммен
еңбек шартын бұзуға міндетті.
Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерін
тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін табыс етілген құжаттарды олар
табыс етілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.
6. Жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына
тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісім беру тәртібі, келісім
алуға қажетті құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде
белгіленеді.
7. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін
тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартқан не ол жинақтаушы
зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымынан босатылған немесе оны осы
жинақтаушы зейнетақы қорындағы өзге лауазымға ауыстырған жағдайда, аталған
адам оны тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартылғаннан не ол
лауазымнан босатылғаннан не басқа лауазымға ауыстырылғаннан кейін кемінде
күнтізбелік тоқсан күн өткен соң, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі
реттен артық емес, осы жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері
лауазымына қайтадан тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.
8. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін
лауазымға тағайындауға (сайлауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас
тартқан жағдайда, аталған адам өзін уәкілетті органның осы жинақтаушы
зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға)
келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешімі қабылданған күннен
бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін жинақтаушы зейнетақы қорының
басшы қызметкері лауазымына қайтадан тағайындалуы (сайлануы)
мүмкін.2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін
лауазымға тағайындауға (сайлауға) берген келісімін:
келісім беруге негіз болған дұрыс емес мәліметтер анықталған;
басшы қызметкерге және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорына уәкілетті
органның санкцияларды жүйелі түрде (қатарынан соңғы он екі ай ішінде үш не
одан да көп рет) қолдану;
уәкілетті орган осы бапта көрсетілген тұлғаларды жинақтаушы зейнетақы
қорының аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерін
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді деп тану
үшін жеткілікті деректердің негізінде қызметтік міндеттерін орындаудан
шеттету негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.
Уәкілетті орган басшы қызметкерді лауазымға тағайындауға (сайлауға)
берген келісімін кері қайтарып алған жағдайда, жинақтаушы зейнетақы қоры
осы адаммен еңбек шартын бұзуға міндетті.2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен
10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
10. Уәкілетті орган осы Заңда белгіленген тәртіппен жинақтаушы
зейнетақы қорына консервация жүргізу туралы шешім қабылдаған жағдайда,
жинақтаушы зейнетақы қоры директорлар кеңесінің бірінші басшысы,
басқарманың бірінші басшысы және оның орынбасарлары, бас бухгалтер болып
табылатын басшы қызметкерлермен еңбек шартын бұзуға міндетті.
.
2. Қазақстан Республикасының зейнетақы қорларының инвестициялық іс-
әрекеттеріне талдау жүргізу
2.1 Қазақстан Республикасының зейнетақы қорлары және олардың
инвестициялық портфельдерінің құрылымы
Жаңғырту процесін Қазақстанның қазіргі таңдағы экономикасының
маңызды міндеттерінің бірі ретінде қарастыра отырып, соңғы 10 жылдықтағы
жаңғырту теориясының эволюциясын сипаттау және оны қысқаша қарастыру
біздің республикамыз үшін теориялық және практикалық қызығушылық танытады.
Өйткені, онда нарықтық экономикасы дамыған және әлде қайда қалып қойған
елдер арасында алшақтықты жою мәселелері зерттеледі. Әрине, қажетті
нәтиже алу және экономикалық өсуді жеделдету мақсатында қажетті
инвестициялар жасау үшін ішкі және шетелдік жинақ қорларды шоғырландыру
қажет. Жалпы ұлттық өнімнің 15-тен 20 пайызға дейін сақтай алатын елдер
салыстырмалы жинақтау нормасы төмен елдерге қарағанда әлде қайда
жылдамырақ дами алатындығы белгілі болды, сонымен қатар, мұндай даму
әлде қайда тұрақты болып келеді. Бұдан келіп шығатыны, экономикалық өсу
және дамудың құпиясы өте қарапайым: тек қана ұлттық қорларды және
инвестицияларды көбейту қажет, өйткені дамудың басты тежеуіші –көптеген
елдер үшін жинақ қорларының төмендігі.
Мұндай "қор тапшылығы" шетелдік, мемлекеттік және жеке
инвестициялармен толықтырылуы мүмкін немесе бұл тапсырмалардың
орындалуын оптималды инвестициялау процесін жүзеге асырушы қазіргі
таңдағы инвестициялық институттар атқара алады.
Сонымен қатар, "инвестиция" түсінігі өте ауқымдылығына
байланысты оған нақты анықтама беруге болмайтындығын байқаймыз.
Экономика ғылымдарының түрлі бөлімдерінде оның мазмұны түрлі
ерекшеліктерге ие болады. Әлемнің түрлі елдеріндегі танымал еңбектерде
инвестицияға макроэкономикалық, микроэкономикалық тұрғыда, қаржылық,
экономикалық әдебиеттерде берілген анықтамалардың бір-бірінен өзгешелігі
кемде кем. Олар инвестицияның экономикалық мазмұнын толық ашып көрсетпейді
және оның мәні жөнінде түрлі авторларда нақты көзқарастың
қалыптаспағандығын байқауға болады.
Біздің ойымызша, "инвестиция" анықтамасында макроэкономикалық
және микроэкономикалық көзқарастарды біріктіру қажет, сонда ғана
инвестициялық нарықтың ролі артады.
Сонымен, зейнетақы қорлары зейнетақы төлемдерінің негізгі
көзі болып табылатын инвестициялық табысты құруға қажетті
инвестициялық бағдарламаларды орындайтындығын ескере отырып, біздің
көзқарасымыз бойынша, нарықтық экономиканың субъектісі болып табылатын
зейнетақы қорлары қызметінің экономикалық мазмұнын анықтауға болады.
Осылайша, экономикалық жүйеде қаржы делдалдарының бір
түрі болып табылатын зейнетақы қорлары маңызды белсенділікті
арттырушы роль атқаруы тиіс, яғни капитал салымдарын қажет ететін
өнеркәсіп компаниялары мен ұсақ инвесторлардың қызығушылықтарының
балансын қамтамасыз ету.
Қаржы институттары жүйесінде Қазақстанның зейнетақымен
қамтамасыз ету жүйесін жаңғыртуға сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорлары
келесідей ерекшеліктермен сипатталады:
- олар әлеуметтік бағыты бар институттар болып табылады;
- бұл зейнетақы жарналарын қабылдаушы және мүмкіндіктердің
өсуіне байланысты зейнетақы активтерін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz