Еңбек нарығы және оның түрлері
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Еңбек нарығының экономикалық ресурс ретіндегі теориялық негіздері
1.1 Еңбек нарығының мәні, қызмет ету еркешеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Еңбек нарығының негізгі құрамдастары және олардың өзара әрекетті ... ... 12
1.3 Еңбек нарығының қазіргі түрлері, үлгілері және ұйымдастырудың
шетелдік тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2 Еңбек нарығының қазіргі экономикалық көрсеткіштерін талдау
2.1 ОҚО демографиялық жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.2 ОҚО еңбек нарығының негізгі көрсеткіштерін талдау ... ... ... ... ... ... ...26
2.3 Еңбек нарығының кадрлық қамтамасыз етілуін талдау ... ... ... ... ... ... ..28
3 Еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары
3.1 Еңбек нарығын реттеу және тиімді қолдану мәселелері ... ... ... ... ... ... 35
3.2 ОҚО жас еңбек ресурстарын жұмыспен қамтуда мемелекеттік қолдау
шараларының бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .42

Кіріспе
Қазіргі кездегі нағыз пәрменді әлеуметтік саясат – ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып келеді және болып қала береді. Осыған орай әлеуметтік көмек көрсету саясаты әлеуметтік топтардың мұқтаждықтарымен айқындалуға тиіс емес, қайта еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысшылар санына қосуға даярлау міндеті ауқымында шоғырландырылуға тиіс. Азаматтарға қолдау көрсетудің мемлекеттік жүйесі олардың қайта оқып үйренуі мен жаңа кәсіпті меңгеруіне ынталандыру бағытында құрылуы керек. Бүгінгі күнде елімізде еңбек нарығы экономикалық жүйенің ерекше инфрақұрылымына айналып отыр. Бұл нарықта, басқа нарықтағыдай, біріншіден, сұраныс және ұсыныс заңдары, жұмыс күшін сату - сатып алу жетілген бәсеке нарығы жағдайында жүріп отыратын болса, екіншіден, жетілмеген бәсеке нарығының ерекше ықпалы да байқалып отырады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясында өнімдерді экспортқа шығаруға бағдарланған өндірістерді, оның ішінде кластерлік өндірісті дамыту керек екендігі айтылған болатын.
Дамыған және дамушы елдердің тәжірибесін үйренуде жүйелік және нақты тарихи көзқарас халық шаруашылығындағы еңбек нарығын реттеудің әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-инфрақұрылымдық қызмет ету тетіктерін жетілдіру, облыс тұрғындарын жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғаудың белсенді формасы ретінде жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау, қоғамдық бағдарлама жасау негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отыр, ғылыми тұрғыдан зерттеуді талап етеді.
Еңбек нарығының басты құрамдастары – еңбекке деген жиынтықты сұраныс пен еңбектің жиынтықты ұсынысы. Олар қиылыса отырып, еңбекке деген негізі қанағаттандырылған сұранысты (бос жұмыс орындарын толтыру) қалыптастырады, сонымен қатар әр уақытта қанағаттандырылмаған еңбектің ұсынысы (жұмыссыздық) мен еңбекке деген сұраныс (бос жұмыс орындары) сақталынады. Бұл құрамдастар өз бірлігінде жиынтықты еңбек нарығының сиымдылығын анықтайды.
Еңбек нарығының негізін қалаушы сипаттамасы жұмысбастылық болып табылады. Экономикалық категория ретінде жұмысбастылық – халықтың еңбек ету процессіне қатысуы бойынша барлық қатынастардың жиынтығы; оның еңбекке араласуының деңгейін, ақылы жұмыс орындарында табыс табуда жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру дәрежесін білдіреді.
ОҚО облысында еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамту деңгейін көтеру, облыстың экономкалық және т.б. ерекшеліктеріне байланысты ауқымды және күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Бұл мәселелерді облыстық экономика мен еңбек нарығының байланыстылығын жүйелі түрде зерттеп, тиімді саясат арқылы шешу теориялық және тәжірибелік зерттеу жұмыстарын қажет етеді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. «Кәсіпорын экономикасы» А.Қ. Мейірбеков, Қ.Ә. Әлімбетов
Алматы, экономика 2003ж
2.«Кәсіпорын экономикасы» Г.Ө. Жолдасбаева
Алматы , экономика 2005.ж
3. "ҚР Еңбек кодексі" 2008-2009ж
4. Әкімбеков С, Баймұхамедова А.С, Жайнадаров У.А,
"Экономикалық теория" Астана 2002ж
5. Әубәкіров Я.Ә, Байжұмаев Б.Б, Жақыпова Ф.Н, Табаев Т.П, "Экономикалық теория", "Қазақ университеті" Алматы 199ж
6. Жүнісов Б.А, Мәмбетов Ү. "Нарық экономикалық негіздері"
Алматы 1999ж
7. Шеденов Ө.К , Байжұмартов Ұ.С, Жүнісов Б.А,
"Жалпы экономикалық теория" Алматы, Ақтөбе 2002ж

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Еңбек нарығының экономикалық ресурс ретіндегі теориялық негіздері
1.1 Еңбек нарығының мәні, қызмет ету
еркешеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..5
1.2 Еңбек нарығының негізгі құрамдастары және олардың өзара
әрекетті ... ... 12
1.3 Еңбек нарығының қазіргі түрлері, үлгілері және ұйымдастырудың
шетелдік
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .17
2 Еңбек нарығының қазіргі экономикалық көрсеткіштерін талдау
2.1 ОҚО демографиялық жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.2 ОҚО еңбек нарығының негізгі көрсеткіштерін талдау ... ... ... ... ... ... ...26
2.3 Еңбек нарығының кадрлық қамтамасыз етілуін талдау ... ... ... ... ... ... ..28
3 Еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары
3.1 Еңбек нарығын реттеу және тиімді қолдану мәселелері ... ... ... ... ... ... 35
3.2 ОҚО жас еңбек ресурстарын жұмыспен қамтуда мемелекеттік қолдау
шараларының бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...40
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 42
Кіріспе
Қазіргі кездегі нағыз пәрменді әлеуметтік саясат – ол халықты жұмыспен
тұрлаулы қамту саясаты болып келеді және болып қала береді. Осыған орай
әлеуметтік көмек көрсету саясаты әлеуметтік топтардың мұқтаждықтарымен
айқындалуға тиіс емес, қайта еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысшылар
санына қосуға даярлау міндеті ауқымында шоғырландырылуға тиіс. Азаматтарға
қолдау көрсетудің мемлекеттік жүйесі олардың қайта оқып үйренуі мен жаңа
кәсіпті меңгеруіне ынталандыру бағытында құрылуы керек. Бүгінгі күнде
елімізде еңбек нарығы экономикалық жүйенің ерекше инфрақұрылымына айналып
отыр. Бұл нарықта, басқа нарықтағыдай, біріншіден, сұраныс және ұсыныс
заңдары, жұмыс күшін сату - сатып алу жетілген бәсеке нарығы жағдайында
жүріп отыратын болса, екіншіден, жетілмеген бәсеке нарығының ерекше ықпалы
да байқалып отырады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жаңа әлемдегі
жаңа Қазақстан атты халыққа жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге
барынша қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясында өнімдерді экспортқа
шығаруға бағдарланған өндірістерді, оның ішінде кластерлік өндірісті
дамыту керек екендігі айтылған болатын.
Дамыған және дамушы елдердің тәжірибесін үйренуде жүйелік және нақты
тарихи көзқарас халық шаруашылығындағы еңбек нарығын реттеудің әлеуметтік-
экономикалық, ұйымдастырушылық-инфрақұрылымдық қызмет ету тетіктерін
жетілдіру, облыс тұрғындарын жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғаудың белсенді
формасы ретінде жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау, қоғамдық
бағдарлама жасау негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отыр, ғылыми
тұрғыдан зерттеуді талап етеді.
Еңбек нарығының басты құрамдастары – еңбекке деген жиынтықты сұраныс
пен еңбектің жиынтықты ұсынысы. Олар қиылыса отырып, еңбекке деген негізі
қанағаттандырылған сұранысты (бос жұмыс орындарын толтыру) қалыптастырады,
сонымен қатар әр уақытта қанағаттандырылмаған еңбектің ұсынысы
(жұмыссыздық) мен еңбекке деген сұраныс (бос жұмыс орындары) сақталынады.
Бұл құрамдастар өз бірлігінде жиынтықты еңбек нарығының сиымдылығын
анықтайды.
Еңбек нарығының негізін қалаушы сипаттамасы жұмысбастылық болып
табылады. Экономикалық категория ретінде жұмысбастылық – халықтың еңбек ету
процессіне қатысуы бойынша барлық қатынастардың жиынтығы; оның еңбекке
араласуының деңгейін, ақылы жұмыс орындарында табыс табуда жеке және
қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру дәрежесін білдіреді.
ОҚО облысында еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамту деңгейін
көтеру, облыстың экономкалық және т.б. ерекшеліктеріне байланысты ауқымды
және күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Бұл мәселелерді облыстық
экономика мен еңбек нарығының байланыстылығын жүйелі түрде зерттеп, тиімді
саясат арқылы шешу теориялық және тәжірибелік зерттеу жұмыстарын қажет
етеді.
Еңбек нарығы туралы теориялық-әдістемелік және жинақталған тәжірибелік
материалдар өзіндік ғылыми зерттеу жұмысын іске асыруға ықпал етті.
Жұмыстың мақсаты ОҚО облысының еңбек нарығын реттеу және халықты
жұмыспен қамтуды жетілдіру бойынша ғылыми тәжірибелік ұсыныстар жасау болып
табылады. Зерттеу мақсатына, еңбек нарығын дамытудың ерекшеліктеріне сәйкес
келесідей міндеттер қойылды:
-еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамтудың жалпы теориялық
-әдістемелік негіздерін зерттеу;
-еңбек нарығын реттеудің қызмет ету тетіктерін және әлеуметтік –
экономикалық мазмұны мен факторларын анықтау;
-облыстағы еңбек нарығы мен жұмыспен қамтудың жалпы сипаттамасын
қарастыру;
- ОҚО облысындағы еңбек нарығының қазіргі жағдайына талдау жасап,
тиімділік деңгейі мен салааралық ерекшіліктерін анықтау;
-облыстағы халықты жұмыспен қамтудың облыстық бағдарламасының
қажеттілігі мен жұмыспен қамту шараларының тиімділігін арттыру жолдарын
негіздеу.
1 Еңбек нарығының экономикалық ресурс ретіндегі
теориялық негіздері
1.1 Еңбек нарығының мәні, қызмет ету еркешеліктері
Еңбек нарығының пайда болуы жұмыскердің еркіндігімен, өз еңбегін
пайдалануда өндірушіге берілген еркіндікпен анықталады. Феодалдық
крепостнойлық қоғамда еңбек нарығы жалдамалы жұмыскерлердің саны көп
болмағандықтан тек қана негізі қаланған. Дегенмен, еңбек түсінігі игілік
көзі ретінде Ульям Петидің (1623-1686) еңбектеріне орай он жетінші ғасырда
танымал болған. Ол өз еңбегінде еңбек бұл байлықтың әкесі мен белсенді
принциптері, ал жер - оның шешесі деп атап кеткен. Физиократизм деп
аталып кеткен еңбек теориясын дамыта отырып, Франсуа Кене және бірқатар
зерттеушілер байлықтың көзі тек қана еңбек емес, осы еңбекті өнімге
айналдыру процессінде өндірілген өнімнің тұтынылған өнімнен басымдығын
қамтамасыз ететін өнімді еңбек екендігін айқындаған.

Еңбек нарығының әрекет етуінің негізіне басқа да өндірістік факторлар
нарықтарындағыдай, тұтынушылық тауарлар мен қызмет көрсетулер нарықтарының
әрекет ету механизмдерінің негізіндегі принциптер жатады. Сұраныс пен
ұсынысты талдау осы және басқа да нарықтарды зерттеудің негізгі әдістері
болып табылады. Бірақ, еңбек нарығы әрекет етуінде өзінің ерекшеліктері
бар. Ол жұмысшы күші тауарының үдайы өндірісінің сипаттамасы мен
ерекшеліктеріне байланысты. Бұл ерекшеліктер 1 суретте көрсетілген.
Осылайша, еңбек нарығы әлеуметтік-экономикалық механизм ретінде басқа
түрдегі нарықтардан айтарлықтай өзгеше, қатынастар кең және күрделі. Бұл
ерекшеліктер осы нарықтағы тепе-теңдіктің тұрақтылығы мен мүмкіндігінде
көрінеді. Нарықтық экономика жағдайларында тауарлық нарықтар әдеттегідей
тұрақтылыққа ұмтылатын динамикалық қалыпта болады. Керісінше, көптеген
мемлекеттердің еңбек нарықтарында теңсіздік қалыпты жағдай болып саналады
да, ал сұраныс пен ұсыныстың сәйкестенуі қысқа және тұрақсыз қалыпта
болады. Сонымен қатар, еңбек нарығының әлеуметтік мәнділігіне қарай ондағы
теңгермешілікке жету, жұмыссыздықпен күрес кез-келген үкіметтің
экономикалық саясатының ең маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.
1 cурет. Еңбек нарығының қалыптасу ерекшеліктері
Ескерту: Сүрет пайдаланылған әдибиет көздері негізінде авторлармен
жасалған
Еңбек нарығы және жұмысшы күші түсініктері көп жағдайда
теңестіріліп, синоним ретінде пайдаланылады. Бірақ, көптеген зерттеушілер
жұмысшы күшінің нарығы еңбек нарығының құрамдас бөлігі ғана, ал нарықтың
өзі екі нарықтың – жұмысшы күші және жұмыс орындары нарықтарының жиынтығы
деп санайды
Жұмысшы күшінің нарығы түсінігі біздің ойымызша барынша кең және
еңбек етуге жарамды барлық халықты қамтиды. Еңбек процессінде адам өзінің
еңбекке деген қабілеттілігінің бәрін, яғни өзінің жұмыс күшін пайдаланады.
Бірақ, еңбек процессіне әрбір адам қатыса бермейді. Халықтың айтарлықтай
бөлігі өзінің еңбекке деген потенциалды қабілеттілігін жүзеге асыра
бермейді. Сонымен қатар, еңбек процессіне қатысушы жұмысшы күші шектеулі
уақыт қана еңбек етеді, көп бөлігі адамның басқа да қажеттіліктерін
қанағаттандыруға жұмсалады. Міне, сондықтан біз жұмысшы күшінің нарығы
және еңбек нарығы терминдерінің әр түрлі мағынасы бар деп есептейміз.
Егер жұмысшы күшінің нарығы оның еңбек және оқу процессіне тікелей
қатысуына байланыссыз барлық еңбек потенциалын қамтитын болса, онда еңбек
нарығы онда тек экономикалық белсенді (еңбекпен айналысатындар мен
жұмыссыздар) халықтың қатысуын білдіреді. Өз кезегінде жұмысшы күші
түсінігі еңбек нарығының қалыптасуының өзіндік теориялық потенциалы бола
тұрып, сәйкесінше функционалдық жүктемеге жауапты және демографиялық
аспектіге ие болады. Еңбек ресурстары, еңбек күшінің нарығы және еңбек
нарығы түсініктерінің негізгі айырмашылығы, экономикалық қызметтің
негізінде еңбек ету, еңбектің жатқандығын білдіреді. Осыған байланысты
еңбек нарығында жұмысшы күші, еңбек ресурстары сатылмайды, адамның нақты
еңбек етуге деген қабілеті сатылады. Дегенмен еңбекті өндіріс факторы
ретінде қарастыру керек.
Өз кезегінде еңбек нарығы ешқандай жасына байланысты шектеусіз халықтың
тек қана экономикалық белсенді бөлігін қамтиды. Оған қатысушылардың саны
жұмысшы күшінің санынан әлдеқайда төмен.

Экономиканы тұрақтандыру жоспарында монетаризм тұрақтандырушы
бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады. Еңбек нарығы үшін осы тектес
бағдарламалардың типтік мысалдары: мемлекеттік әлеуметтік шығындардың,
субсидиялардың қысқартылуы, еңбек ақы өсімінің шектелуі.
Бүгінгі таңда неоклассикалық көзқарастар экономикалық теорияда басым
болып отыр. Еңбек нарығының казіргі заманғы неоклассикалық моделі – бұл В.
Парето-Д.Хикстің шекті пайдалылық теориясы және П.Хейненің ұтымды күтулер
теориясымен толықтырылған, классикалық түрдегі еңбек нарығының моделі.
Берілген модель идеалды деп есептеледі және оны неоклассиктер қолдайды.
Бірақ, олардың ойлары бойынша еңбек нарығындағы экономикалық саясаттың
мақсаты сұраныс пен ұсыныс механизмінің жұмыс істеуіне кедергі келтіретін
себептерді мүмкіндігінше болдырмау. Осыдан шығатын маңызды мақсат еңбек
нарығының барынша икемділігіне қол жеткізу – еңбек ақы мен пайдаланатын
еңбек санының өзгеруінің есебінен нарықты шұғыл қолдау қабілетінің бар
болуы.
Еңбек нарығының әрекет етуін талдау барысында батыстық мамандар жеке
тұлғаның мінез-құлқындағы психологиялық мотивтерге көңіл бөледі. П. Хейне
айтқандай, жұмысқа орналасу шығындары сияқты одан бас тартудың шығындары да
әртүрлі адамдар үшін біліктілік бұл, еңбек өтілі, жасы, жанұя алдындағы
міндеті, табыстың басқа да көздері, құнды бағыттары, сол адамның қандай да
біреудің ойын бағалайтын көзқарастары сияқты факторларға байланысты әр
түрлі болады.
Жаңалықтапқыштардың, ғалымдардың, мұғалімдердің, дәрігерлердің,
инженерлердің, өндірісті ұйымдастырушылардың, кәсіпкерлердің еңбектері
шығармашылық түрге жатады. Шығармашылықтың жоғарғы белгісі ретінде өнер
болып саналады, себебі онда қайталану болмайды және осы өрістегі
шығармашылық өнімі сонымен бірге жеке бастың, авкестенің тұлғасының
бейнесі болып табылады. Қазіргі экономикада шығармашылық элементер
маңыздылығының бір белгісі ретінде жұмыскердің жалпы табысындағы қаламақы
түрінде түсетін еңбекақы үлесі болуы мүмкін. Бұл аспектіде шын бәсекелестік
пен құқықтық мемлекет жағдайында қызмет атқарып жүрген кәсіпкерлердің
пайдасы авторлық қаламақы түрінде болады.
Сонымен, еңбек ресурстары- жеке кәсіпорын, халық шаруашылығының өрісі
немесе оның территориялық бірлік ауқымында қоғамдық өндіріске қатысатын
жеке жұмыскерлердің жиынтығы. Еңбек нарығы жұмыскерді өндіріс құралдарынан,
ең бастысы жерден, айыру кезінде пайда болды. Алайда, заң түрінде еркін
болғанымен, өндіріс құралдарынсыз ол өмір сүруге қаражатсыз қалды. Аштан
өліп қалмау үшін, ол өзінің еңбекке қабілеттілігін немесе жұмыс күшін
сатуға мәжбүр болды. Осылайша нарыққа жаңа ат берген жаңа тауар пайда
болды. Алайда жаңа тауар және жаңа нарық атауы бойынша зерттеушілер
арасында келіспеушілік орын алды. Ғаламат ағылшын экономистері, саяси
экономканың классиктері А.Смит және Д. Рикардо қарастырып отырған нарықта
тауар еңбек, еңбек өзінің табиғи және нарықтық бағасына ие деп санады.
Осындай пікірді қазіргі уақытта экономиклық ойлардың неоклассикалық
өкілдері ұстануда.
ХІХ ғасырда ғаламат неміс экономисі, философ және әлеуметтанушы К.
Маркс Капитал еңбегінде нағыз тауар еңбек емес, жұмыс күші - еңбекке
қабілеттілік болып табылатыны көрсетті. Осыдан кейбір экономистер еңбек
нарығы деп атаса, К. Маркс ілімінің ізбасарлары жұмыс күшінің нарығы деп
атады. Кеңестік экономикалық әдебиеттерде соңғы терминді көпшілік
қабылданған болатын.
Отандық экономикалық әдебиетте радикалды экономикалық реформалар
кезінде, аталған нарықты қалай дұрыс айтуға болады деген сұрақ бойынша
пікірталас қайта басталды. Еңбек нарығы немесе еңбек күшінің нарығы.
Онда қандай тауар сатылады? Сонымен бірге экономикалық әдебиеттерде (шетел
және отандық) еңбек ресурстарының нарығы және еңбек қызметінің нарығы
терминдері пайда болды. Көп жағдайда аталған барлық терминдер синоним
ретінде қолданылды. Сонымен бірге олардың әрқайсысы әр түрлі экономикалық
мағына беретінін аңғару қиын емес еді. Олардың негізінде жатқан еңбек
күші, еңбек, еңбектік қызмет, еңбек ресурстары тең емес. Сонымен,
жұмыс күші – бұл еңбекке деген қабілеттілік; еңбек – адамның қажеттілігін
қанағаттандыратын, табиғат затын өнімге айналдыруға бағытталған мақсатты
қызмет. Еңбектік қызмет – бұл термин еңбек терминіне жақын, алайда
қызметтің бұл түрі қажеттілікті жүзеге асыру барысында қолданылатынын
көрсетеді, яғни игілікті заттай түрде емес, қызмет түрінде - мысалы: оқу,
ем алу, көлік, тұрмыстық қызмет көрсету және т.б. түрінде көрінеді. Еңбек
ресурстары – бұл еңбекті жүзеге асыру үшін дене күші және рухани
қабілеттерге ие болатын халықтың бір бөлігі. Біздің елде еңбек заңына
байланысты ерлер 16-63, жас аралығында, әйелдер – 16-58 жас аралығында
еңбекке қабілетті, І,ІІ топтағы мүгедектерді қоспағандағы, адамдарды
айтамыз. Шын мәнінде оған жұмыс істеп жүрген зейнеткерлер мен жасөспірімдер
(16 жасқа дейінгі) де кіреді.
Егер сату-сатып алу нысаны болып табылатын тауарды анығырақ бөліп
алсақ, аталған проблеманы дұрыс шешуге болады. Қазір отандық экономикалық
әдебиетте екі көзқарас басым. Біріншісі тауар шығаруға әлеуетті еңбекке
қабілеттіліктер – жұмыскер күші болып табылады десе, екіншісі тауар деп
еңбекті санайды. Бірақ оның жақтастары, еңбекті мақсатты қызмет үдерісінде
тауар ретінде қарастыру қиын екенін түсіне отырып, тауар ретінде әлеуетті
еңбекті санайды.
Қазіргі адам өзінің көптеген қабілеттеріне ие бола отырып, еңбек
үдерісінде олардың барлығын қолдана бермейді. Еңбек нарығы, біріншіден,
еңбек күшіне сұранысымен, екіншіден адам қабілеттерінің бір бөлігін
қолданумен, үшіншіден жұмыс күшін қолдану уақытымен, төртіншіден жаңа пайда
болған құнды қайта бөлумен байланысты әлеуметтік-еңбектік қатынастарды
көрсетеді. Тек осы жағдайда ғана еңбек нарығы, еңбек ресурстарының нарығы,
еңбек қызметтерінің нарығы, жұмыскер күшінің нарығы терминдерін синоним
ретінде пайдалануға болатын, өзара тең ұғымдар ретінде пайдалануға болады.
Сонымен бірге еңбек нарығы термині әлемдік экономикалық әдебиеттерде кең
етек алғанын атап өту керек.
Сонымен, еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін пайдалану мен жалға алу
шарттары бойынша сатып алушы мен сатушы арасындағы әлеуметтік-еңбектік
қатынастардың жиынтығы. Аталған жиынтықтың негізін білдіретін, орталық
қатынас ретінде жұмыс күшінің өмірлік қаражаттарға айырбастау арқылы
қатынас орнатылады. Бұл қатынастың іске асуы жұмыс күші ретіндегі тауары
мен өмірлік қаражаттарға сұраныс – ұсыныс тетігі негізінде жүзеге асады.
Нарыктық қатынастар жүйесінде еңбек ресурстары маңызды орынға ие. Бұл
нарықта мемлекеттік ұйым және жеке ұйымдардағы жұмыс берушілер мен еңбекке
қабілетті тұрғындардың мүдделері түйіседі. Еңбек нарығының тетіктері арқылы
тұрғындардың жұмысбастылық деңгейі және еңбекақысы анықталады.
Тұрғындардың жұмысбастылығы, оның ұлғайымы өндірістің қажетті жағдайын
қалыптастырады.
Тұрғындардың өмір сүру деңгейі мамандарды іріктеу, дайындау және қайта
дайындау, оларды жұмысқа орналастыру мен материалдық көмекке кететін қоғам
шығындарының барлығы тұрғындардың жұмысбастылығымен тығыз байланысты.
Сондықтан тұрғындардың жумысбастылығы жұмыссыздық және оларды әлеуметтік
қорғау, еңбек нарығын талдау кезінде негізгі мәселе болып табылады.
Еңбек нарығы - бұл жұмыс күшін адамның еңбек ету қабілетін тауар
түрінде сатуға және сатып алуға байланысты болатын экономикалық қатынастар
жүйесі. Еңбек нарығы жоғары мамандықты талап ететін еңбектің беделінің
сөзсіз көтерілуіне әсер етеді. Осының арқасында әрбір жұмыс орнының бағасы
артады. Жұмыскерлерге және олардың еңбегіне, сапасына деген талап күшейеді.
Еңбек нарығына барынша қабілетті және іскер жұмыскерлерді ынталандыру аса
маңызды орын алады. Ол жалқауларды, әлсіздерді және еңбек етуге
қабілетсіздерді аямайды. Еңбек нарығы жұмыс күшін толық бағалауды
қамтамасыз етеді. Оның зор дамуына себепші болады, іскерлік пен
белсенділікке ынталандырады.
Экономикада тұрақты түрде үнемі экономикалық өсім бола бермейді. Кейде
экономикалық тұрақсыздық, яғни жумыссыздық, инфляция, өндіріс деңгейінің
төмендеуі, бағаның өсуі орын алады. Еңбек нарығында жұмыссыздық айқын
білінеді.
Жұмыссыздық - қоғамдағы аса ауыр экономикалық және әлеуметтік қайшылық.
Егер жұмыс күшінің ұсынысы сұраныстан көп болса, онда жұмыссыздық көбейеді
деген ұғым бар. Жұмыссыздық нарықтық экономикаға тән құбылыс болып
табылады. Бірақ оның әр елдің ішкі жағдайына байланысты белгілі бір шамасы
болады. Егер жұмыссыздар сол шамадан асып кетсе, онда нарықтық экономикаға
зардабын тигізеді, ал кажетті деңгейде тұрса, онда экономиканың тиімді
дамуына қолайлы жағдай жасайды.
Нарық экономикасы сөзсіз жұмыссыздыққа алып келеді. Себебі нарық
экономикасына жұмысқа қабілеті бар қызметкерлер ғана қажет.
Халықты жұмыспен қамту өте өткір проблеманың бірі болып отыр. Оның түп
негізі елімізде жаңа жұмыс орындарын кұрудың экономикалық және құқықтық
тетіктері әлі толыққанды жазылып, жасалмағанында жатыр. Өйткені жұмыспен
қамту туралы заң өкіметті қанағаттандырмайды. Сондықтан жаңа заң кабылдау
күн тәртібінде тұруға тиісті.
Қазақстанда еңбек нарығы енді қалыптасып келеді, сондай-ақ онда
көптеген құрамдасы жоқ. Ол өзіне жұмыс күші қозғалысын бақылау қызметін
жүктейді. Халықтың жұмыспен қамтуды өсірудің жаңа мүмкіндіктерін қарастыру
қажет.
Дамыған елдерде соңғы 20-25 ж. ішінде жұмыссыздық деңгейі айтарлықтай
өсіп отыр (8-12%), бұл өз кезегінде біліктілігі жоқ жұмысшылардың жұмысқа
орналасу мүмкіндігін төмендетеді және біліктілігі жоқ мамандар арасындағы
төлемақының көлемі төмендейді.
Көптеген дамушы және дамыған елдердегі тәжірибе кейнсиандық теорияның
нәтижесін мойындатады, яғни теория бойынша капитализм тұсында толық
жұмыспен қамтуға кепілдік беретін тетігі жоқ екенін дәлелдейді. Бірақ жұмыс
орынның аса көп болуына ұмтылу кез-келген елдің жұмысбастылықты реттеудің
негізгі саясаты болып табылады. Мысалға: Швеция үкіметі жұмыссыздық
мәселесін шешу үшін басым секторларды несиелендіру туралы белсенді
өнеркәсіптік саясатын жургізеді. Ал, Корей Республикасы, Гонконг және
Тайвань тәжірибелері үздіксіз өсу нәтижесінде жұмысбастылықты (2-6%)
артыруға, жылына жұмыссыздықты (2,5%-ға дейін) төмендету, еңбек өнімділігін
артыру мен еңбекақыны өсіруге болатындығын көрсетеді. Мұндай өсу шағын
шаруашылық өнеркәсібіне негізделіп, ол экспортқа бағытталады.
Бұрынғы өндірісті реттеу жүйесінен бас тарту жұмысбастылықтың құрылымын
қайта құруына жол береді. Егер жиырмасыншы ғасырдың 90-шы жылдың басына
дейін республикадағы жұмыспен қамтылғандардың басым бөлігі ірі өндірістік
кәсіпорындар мен мемлекеттік ұйымдарға шоғырланса, одан кейін мемлекеттік
меншіктің азаюына және жеке кәсіпорынлардың пайда болуына байланысты еңбек
нарығындағы жағдай күрт өзгерді.
Қазақстандағы еңбек нарығының басты мәселесінің бірі және әлеуметтік
мәнге ие болатын мәселе жасырын жұмыссыздық немесе толық емес
жұмысбастылық. Ол өндірістегі еңбек өнімділігінің төмендігіне, әр түрлі
экономикалық және қаржылық жағдайлармен байланысты болып отыр. Еске
түсіретін болсақ 1998 жылы Қазақстандағы жасырын жұмыссыздық деңгейі 3,2%
болды. Ресми емес жұмысбастылық әлеуметтік амортизатор рөлін атқарып,
халықтың өмір сүру деңгейін төмен көрсетуге себеп болып отыр. Сонымен
қатар ол әлеуметтік және құқықтық қорғау шеңберін кеңейтіп, қылмысты
құбылыстардың орын алуына жағдай жасап отыр. Осыған байланысты қарсылық
және құқықтық саясат көптеген кәсіпорындардың екі жақты бухгалтерия
жүргізуіне институттық орта құрумен жағдай күрделене түсу нәтижесінде жалпы
еңбек қатынастарының жүйесі еңбек туралы заңға бағынбайтындай және өзіндік
жеке мөлшерлермен реттеліп, ол көп жагдайда қылымысты жағдайлармен
сипатталады. Бұл жұмыстың жағдайын айтарлықтай нашарлатып отыр және еңбек
нарығын қылмысты топтардың басқаруына жол ашып отыр. Бұл жағдай көптеген
өндірістердің уақытша тоқтап, ондағы жұмыскерлердің мәжбүрлі түрде
демалысқа шығуымен және еңбекпен қамтамасыз етілмегендіктен елден мәжбүрлі
миграциясын тудырып отыр. Осылайша, жұмыс күшін біртіндеп босату, артық
жұмыс орындарын сақтау, оның екінші реті, бейресми түрлерін азайту
Қазақстандағы еңбек нарығының қалыптасу үлгісін сипаттайды. Ол экономика
және қоғамның реакциясы ретінде және өтпелі кезеңде әлеуметтік және
экономикалық тиімділік арасындағы байланысты тұрақтандыруға, экономиканың
қайта құрылуы мен адам әлеуетін сақтаудың қажеттілігін қамтамасыз ететін
институттардың жоқтығымен сипатталады.
Егер жұмысты жоғалту өндірістің циклдық төмендеуінің нәтижесінде орын
алған болса, онда жұмыссыздық бойынша жәрдемақы тиімді деп саналар еді.
Бірақ жеткілікті жұмыс орынның болмауы жүйелі трансформациямен байланысты
болса, оған жаңа тиімді шаралар қолдану керек болады.
Тұрғындар жұмысбастылығы дегеніміз - азаматтардың ҚР конституциясына,
заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмейтін жеке
қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кіріс
әкелетін қызметі - деп, ҚР жұмыспен қамту туралы заңында атап көрсетілген.
Жұмысбастылық саясатының сұрактарын анықтап алу үшін жұмысбастылықтың
әлеуметтік және экономиакалық тұрғыдағы мәнін анықтап алу керек.
Экономикалық тұрғыдан жұмысбастылық - тұрғындардың қоғамдық өнімді
немесе ұлттық табысты өндірудегі қызметі, ал қоғамдық өндірісте - жұмыс
істеуге жарамды немесе ынталы адамдарға жұмыс тауып беру жаппай
жұмысбастылыққа алып келеді.
Әлеуметтік тұрғыдан, жұмысбастылықтың мынадай түрлері бар: жалпы білім
беретін және арнайы оқу орындарында оқу, әскер қатарындағы қкызметі, үй
шаруашылығы, балаларды тәрбиелеу, қарттар мен ауруларды бағып - күту,
қоғамдық ұйымдардың жұмысына қатысу.
Еңбек нарығы бойынша қызметтердің ерекшеліктерінің екінші тобы тауар
болатын жұмыс күшінің ерекшеліктеріне байланысты. Олардың арасынан
келесілерді атап айтуға болады:
- тауар түріндегі жұмыс күшінің иесінен ажыраспауы. Еңбек нарығында
сатып алушы белгілі бір уақыт арасында жұмыс күшін пайдалануға құқық алады.
Алайда сатып алушы жұмыскердің құқығын бұзбауы тиіс. Оларды бұзғаны үшін
жұмыс беруші заң бойынша жауап беруі мүмкін. Онымен бірге, жұмыскердің
кәсіпорынға деген ниеті түзу болуға тиісті, оның жоғалуынан кәсіпорын
экономикалық зардап шегуі мүмкін. Жұмыскер ереже бойынша жұмыс атқара
отырып, қайтарымы әртүрлі жұмыс істеуі мүмкін.
-кәсіподақ, жұмыс берушілер бірлестігі, тармақтанған заңнама жүйелері,
әлеуметтік – экономикалық бағдарламалар сияқты әртүрлі институттық
құрылымдардың көптігімен байланысты, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы
қатынастарды белгілеу тәртібінің қажеттілігі;
-ұжымдық келісім шарттан жеке келісім-шартқа өту жүйесіне байланысты, жұмыс
күшінің әртүрлі кәсіпкерлік – мамандық деңгейінің айырмашылығымен, еңбекті
ұйымдастырудың, әртүрлі технологияларды ендіруге байланысты жеке адамның
мәмілесін көрсететін денгейдің өте жоғары болуы;
-мәміленің ақшалық емес жағын көрсететін аспектілердің атқаратын рөлінің
маңыздылығы (еңбек жағдайы, жұмыс орнын сақтау кепілдігі, кәсіптік өсу
болашағы).

әрекетті
Еңбек нарығының кез келген жүйе секілді өз құрылымы болады. Ол әртүрлі
елдерде біртекті элементтерге ие болса да, сонымен бірге біршама
өзгешеліктері болуы мүмкін. Нарық құрылымын талдаудың мақсаттарына
байланысты оны әртүрлі көрсеткіштер бойынша жүргізуге болады. Алайда, ең
алдымен, қай елге қатысы болмасын және басқа да ерекшіліктеріне байланыссыз
еңбек нарығының құрылымын анықтау қажет. Оны қазіргі өркениетті еңбек
нарығының қызметі үшін қажетті маңызды құрамдастар бойынша жасауға болады:
- нарық субъектілері;
- заң мөлшерлері, экономикалық бағдарламалар, үш жақты келісімдер
және ұжымдық келісімдер;
- нарық тетіктері (жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс,
бәсекелестік);
- жұмыссыздық және соған байланысты әлеуметтік төлемдер;
- еңбек нарығының инфрақұрылымы;
- қызметтің балама басқа түрлері.
Еңбек нарығының субъектілері. Еңбек нарығының субъектілеріне жалдамалы
қызметкерлер, жұмыс берушілер және мемлекет жатады.
Жалдамалы жұмыскерлер – еңбек нарығының ең көп тараған субъектілер
бөлігі. Олардың өндіріс құралдары жоқ, өздерінің жұмысқа қабілеттілігін
басқаға сату арқылы өмір сүретін адамдарды жатқызамыз. Олардың әл-ауқаты
өзінің жұмыс күшін қаншалықты ұтымды сата алатындығына байланысты – келісім
– шарт жасасу, жұмыс алуға байланысты болады. Жұмыс беруші мен жұмыскердің
экономикалық теңсіздік жағдайында, жалдамалы жұмыскерлер өздерінің
құқықтарын қорғайтын кәсіби ұйым құру арқылы ғана біршама әділ еңбекақыға
қол жеткізе алады .Батыс елдерінде өз құқықтары үшін күресте жалдамалы
жұмыскерлер жұмыс берушілер мен мемлекет тарапынан біршама жеңілдіктерге
қол жеткізді, ең алдымен еңбекақыны жоғарылату және жұмыс күні ұзақтығын
қысқарту, жұмыс жағдайын жақсатру және т.б. қол жеткізді. Алайда ХХ
ғасырдың соңғы үшінші бөлігінде бірқатар елдерде, әсіресе АҚШ-та
кәсіподақтардың дәрежесі мен олардың қызметі біршама әлсіреді.
Қазақстанда кәсіподақтар әлсіз, олар ең маңызды мәселелер – еңбекақыны
жоғарылату, инфляцияға байланысты оны индексациялау, өз уақытында төлеу
сияқты мәселелерді шешуде мардымсыз рөл атқарады.
Қазақстанда жалдамалы жұмыскерлер өз құқықтарын жұмыс беруші және
мемлекет алдында дәлелдеп беруді толық білмейді.
Жұмыс берушілер. Оларға жеке жұмыс жасайтын және тұрақты түрде бір
немесе бірнеше адамдарды жалдайтын адамдарды айтамыз. Жұмыс істеп жүрген
халықтың құрамында жұмыс берушілердің үлесі аз, 10 % пайыздан аспайды,
статистика жұмыспен қамтылғандар ішінді бұл топтың ңақты көлемін бермей
отыр. Жұмыс берушілерге өндіріс құралдарының иелері, кәсіпорын иелері, ірі
акционерлік қоғамы мен мемлекеттік кәсіпорындардағы жалдамалы басқарушылыр
жатады. Олардың біліміне, кәсіпкерлік қабілетіне, кәсіпорынның тиімді
қызметі, елдің экономикалық өмірі, стагнация немесе экономикалық өсу,
инновациялық негізде өндірістік өсуіне байланысты.
Мемлекет және жергілікті басқару органдары нарықтық қатынастардың
субъектілері ретінде әртүрлі қызмет атқарады. Әлеуметтік-еңбектік қызметтер
өрісіне төмендегіні жатқызуға болады:
- нарықтық қатынастарды дамыту үшін жағдайлар жасау, экономиканың
барлық секторларында жаңа жұмыс орындарын жасау арқылы толық жұмыспен
қамтылуды қамтамасыз ету, жұмыс күшін дамыту;
- заңдар, заңдық мөлшерлер мен ережелерді жасау;
- еңбек нарығының барлық субъектілерін қорғау;
- еңбек нарығын реттеу;
- мемлекеттік және жергілікті кәсіпорындардағы жұмыс беруші қызметі.
Мемлекет қазіргі нарықтық экономикада оның дамуына жағдай жасай отырып,
белсенді рөл атқарады. Қазақстан мемлекеті осы бағытта барлық жағдайларды
қолға алуы тиіс.
Екінші құрамдасы – заң мөлшерлері мен экономикалық бағдарламалар.
Оларды жасау және жетілдіру нарықтық экономика елдерінің барлығымен жүзеге
асады. Заңдарды орындамау Қазақстан мемлекетінің әлсіз жақтарының бірі
болып табылады. Бақылау функциясын және заңнаманы бұзғаны үшін
жауапкершілікті жоғарылату - орындаушы биліктің маңызды мәселесі болып
табылады.
Еңбек нарығының жұмысы үшін халықты жұмыспен қамтудың республикалық
және аймақтық бағдарламалар мен олардың негізінде жасалған мемлекеттік
жұмыспен қамтудың жеке бағыттары бойынша бағдарламалар маңызды мәнге ие
болатыны сөзсіз екені белгілі.
Үшінші құрамдасы – нарықтық тетігі. Бұл еңбек нарығының маңызды
құрамдасы, сондықтан оған кеңірек тоқталған жөн.
Еңбек нарығының тетігі еңбек бағасының өзгеруі түрінде алынатын ақпарат
негізінде жұмыс істеуге дайын, еңбекке жарамды халық пен жұмыс берушілердің
әртүрлі қызығушылықтарының келісімінен тұрады. Ол келесіден тұратын,
белгілі-бір құрылымға ие: еңбекке сұраныс, еңбек ұсынысы, бәсекелестік.
Аталған элементтердің өзара әсерлесуі сұраныс пен ұсыныс тетігі немесе
бағалық тетігі атауына ие болды. Еңбекке сұраныс жұмыс берушілердің
тауарлар мен қызметтер өндірісі үшін қажетті жұмыскерлерге қажеттілігін
көрсетеді. Жұмыс күшінің ұсынысы белгілі бір біліктілігі мен мамандығы бар
жалдамалы жұмыскерлердің белгілі бір санын сипаттайды.
Еңбек нарығына жұмыс күшін сатушының монополиясы да әсер етеді. Аталған
мысалда монополист рөлінде қандайда бір күшті кәсіподақ болуы мүмкін. Ол
еңбек бағасын тепе-теңдіктен жоғары белгілеп, оның осы қалыпта ұстап тұруға
мүмкіндігі болады. Еңбекақынының жоғарылауы кезінде жұмыс беруші кәсіподақ
арқылы жұмыскерлердің бір бөлігін жұмыстан шығару немесе оларды жұмысқа
орналастыруға мәжбүр болады. Мұндай кәсіподақтар кейбір елдерде жеке
кәсіпорындарда құрылады және жабық болып табылады, мысалы АҚШ-та тас
қалаушылар, суқұбыршылар кәсіподақтары бар.
Алайда жұмыс беруші мен кәсіподақтың кұштері тең болған жағдайлар да
кездеседі, мұндайда сұраныс пен ұсыныс әрекеті бәсекелестік нарыққа жақын
үлгі бойынша жүзеге асады.
Төртінші құрамдасы – жұмыссыздық және онымен байланысты әлеуметтік
төлемдер қазіргі заманғы өркениетті еңбек нарығының міндетті бөлігі болып
табылады. Нарық шаруашылығының заңдар әсері кәсіпорында жұмыскер күшін
тұрақты қабылдау мен босатумен қатар жүреді. Дегенмен жұмысқа
қабылданғандар саны жұмыстан шыққандардың санын толық жаппайды. Нәтижесінде
жұмыссыздық пайда болып, тұрақты деңгейде ұсталып тұрады.
Бесінші құрамдасы – нарықтық инфрақұрылым – жұмыспен қамту, кадрларды
кәсіби даярлау және қайта даярлау, еңбекке қабілетті халықтың кәсіби
бағыттылығы жөніндегі институттардың жиынтығын құрайды. Оған бүкіл жұмыспен
қамту қорларының, еңбек биржаларының, жұмыскер күшін даярлау мен қайта
даярлау орталықтарының жүйесі кіреді.
Алтыншы құрамдасы – қызметтің басқа балама түрлері. Оған қоғамдық
жұмыстарды, белгілі бір мерзімге келісім-шарт бойынша жұмыс істеуді,
кәсіпорындарда уақытша жұмыс істеуді жатқызуға болады.
Нарықтық экономика тұсында еңбек ресурстарын басқару өзекті
мәселелердің бірі болды. Еңбек ресурстарын басқару экономиканы басқарудың
басқа жүйелері сияқты, маңызы мен механизмі сияқты екіге бөлінеді.
1) Экономиқалық;
2) Әкімшілік;
Экономикалық әдіспен басқару өндірістерде кейінгі кезде үлкен орын алып
отыр. Ойткені ол кәсіпорындағы жұмыскерлердің ынталылығын арттыратын бірден
бір негізі жол болып отыр. Мұнда халық шаруашылығында материалдық –
техникалық жабдықтау, баға жүйесін жетілдіру, ақша қаражатымен несие беру,
тағы басқа да экономикалық әдістерді тәртіпті түрде жолға қойып,
өндірістегі жұмыстың жақсартылуын талап ететін жол болып саналады.
Сонымен экономикалық әдіс, өнеркәсіптегі қорларды тағы басқа
мүмкіншіліктерді ынталандыру арқылы іске қосып, еңбек ресурстарын тиімді
пайдалануға жол ашуы керек. Экономикалық әдісте, өндірістегі басқару
жөнінде болып жатқан өзгерістер тез және жылдам ыңғайланады, сондықтан
халықтын керкті тұтыну жағдайына өзгеріс жасалынады. Кәсіпорындардың құқы
өз қолына тиеді, өздерінің өнім ендірудегі міндеті ұлғаяды. Өндірісті
келешекке жобалау, жоспарлау, өсірус әрбір мекеменің өз қолдарына тиеді.
Сонымен бірге экономикалық әдісте өндірістің жалпы өсуімен жеке
мүшелерінің, коллективтің ынталылығы да бірігеді. Міне бұның барлығы жұмыс
күшін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Бұл әдіс кәсіпорындарда оның жеке бөліктерінде еңбек өнімділігін
арттыруға кадрлардың көп керек еместігін, мамандықты қайта дайындауға,
олардың білімін көтеруге маңызы зор екендігін көрсетеді.
Экономиқалық әдіспен басқарудың негізгі құралы-еңбек ресурстарын дұрыс,
тиімді пайдалану. Ол үшін жұмыскерлердің атқарған жұмысының нәтижесіне
қарай ынталандыру, шаруашылық есеп, өзіндік құн, баға, несие беру, пайда
экономикалық ынталандыру қоры тағы басқаларды дұрыс жолға қою керектігін
көрсетіп отыр. Осыларды тиімді пайдалану, басқарудың экономикалық жолын
жетілдірудің негізгі бағыты, соның ішінде еңбек ресурстарын тиімді
пайдалану деп түсінуге болады.
Кейінгі жылдары, халық шаруашылығында шаруашылық есепті еңгізу көп
қолға алынып отыр. Оның өзі кәзір кәсіпорындарда жоғарыдан берілетін,
бұрынғыдай көп көрсеткіштер берілмейді. Қазіргі уақытта тек өзін-өзі
басқару саясаты қолданылып отыр. Оның ішінде әсіресе келешекте экономикалық
мөлшерлік әдісі қолданылуы ыңғайлы.
Ал, енді экономикалық нормативке көшкенде шаруашылықтан шыққан пайда
бөлу, оның ішінде мемлекетке, жергілікті орындарға баратын пайданың мөлшері
(бюджеті), ынталандыру қорының мөлшерін реттеу, несие берудің процентін
реттеу, айыппұл салудың жүйесін тағы басқаларды жолға қою болып табылады.
Сонымен сайып келгенде, экономикалық мөлшерлікті белгілеу қорларды
реттеу, кәсіпорынның жұмыскерлер коллективін, жеке жұмысшылардың
ынталылығын арттырып, олардың қызығып жұмыс істеуіне, оның сапасын, көлемін
арттыруға мүмкіндік жасайды. Алдын ала мөлшерлікті белгілеу әлеуметтік –
экономикалық саясатты іске асырудың, өнеркәсіп, кәсіпорындарды жоспарлы
жолмен басқарудың бір жолы болып есептеледі.
Еңбек ресурстарын басқарудағы тағы бір әдіс, алынған пайданы дұрыс,
тиімді бөлу. Түскен пайданы мемлекетке-бюджетке, өзін басқаратын орынға
және өзіне қалдыру.
Материалдық ынталандыру жүйе әдісіне ең негізгі мәселенің бірі еңбекке
ақы төлеу. Сондықтан бұл жұмысты, еңбек ресурстарын басқару жүйесімен
байланыстырмаса, оны әрбір кәсіпорын, сала, аймақ тағы басқа категориялар
да жұмыс істейтін жұмыскерлер мен олардың ерекшеліктерін ескере отырып,
белгілемесе жұмыс күшін тиімді пайдалануға нұқсан жасайды.
Сонымен жаңа еңбекке ақы төлеу жолы, оның әдісі, еңбекке ақы толейтін
қордың құрамы және ынталандыру қоры, қоғамның экономикалық даму кезеңінен
кем болмай (базис), ол қайта ұлғая түсуі тиіс.
Еңбекке ақы төлеу қоры тек еңбекке қатысқан жұмысшылардың үлесіне қарай
бөлінулері керек.
Еңбекке ынталандыру қоры, тек қана сыйлық, тағы да басқа еңбекті
бағалау, материалдық жәрдем ретінде қолданылуы тиіс.
Өндірісті дамыту, ғылым және техника қорын онеркәсіп, ғылыми зерттеу,
тәжірибе құрастыру (инструкторский) жұмыстарды қаржылауға негізгі қорды
жаңалауға және ұлғайтуға сол кезеңдегі техниканың негізінде, өзіндік
айналмалы қордың өсуіне, тағы да басқа өндірістің өсуіне дамуына жұмсау
қажет.
Кәсіпорын қайтарымынан түскен қаржыны өзінің жағдайына лайықты
пайдалану, рұқсат етілген, белгіленген мөлшер бойынша тиімді пайдаланып
отырғаны жөн.
Әлеуметтік даму қорын еңбек коллективі үй құрылысын салуға материалдық-
техникалық негізгі мәдиниет саласын күшейту үшін, денсаулық сақтау
мекемелерін, дене шынықтыру тағы да басқа әлеуметтік жағдайларды
қанағаттандыру үшін жұмсау керек.
Сонымен экономикалық ынталандыру түрлі мәселелерді шешуге бағытталған,
атқарылған еңбектің нәтижесін жақсарту, кейбір қозғаушы күштерді
өндірістегі ынталандыру, жұмыс күшінің дамуына ықпал жасауының қозғалысын
және оның қалыптасуын дамыту, халық шаруашылығында еңбек өнімділігін
көтеру, өнімнің сапасын, тұтынушыларға оның түрін бұзбай жеткілікті
шарттағы көрсетілген бойынша қамтамасыз ету болып табылады.
Сайып келгнде, еңбек ресурстарын экономикалық әдіспен басқару негізінен
өндірісте мына төмендегі экономикалық және техникалық жағдай жасауды талап
етіп отыр.
Біріншіден – еңбек ресурстарын дайындаудың тиімділігін арттыру және
кеңейту, бөлу, қайта бөлу. Олар тағы оның мақсатты түрде жетілдіруін талап
етеді.
Жоғарыдағы айтылғандай еңбек ресурстарын басқаруда, экономикалық
әдістен басқа әкімдік әдісте пайдалыналады.
Бұл деген сөз, мемлекеттің басқару мекемесі ретінде, берілген тапсырма
бұлжытылмай орындалуы тиіс.
Әкімшілік жолмен басқару кәсіпорындардың тағы басқа басқару
мекемелерінің жағдайына қарай қабылданған анықтамалар арқылы реттеледі.
Әкімшілік жолымен басқарудың өзі екі бөлікке бөлінеді, біріншісі әкімшілік-
құқылық, екіншісі әкімшілік-командалық.
Бұл кейінгі әкімшілік-командалық әдіспен басқару, басқа әдістердің еш
қайсысына жол бермей, мәселен экономикалық құқылық әдістерге, өзінше шешім
қабылдайды. Міне соның әсерінен, жұмыскерлердің жұмысты сапалы, көлемді
ынталылықпен атқаруға нұқсан келтіреді.
Міне бұндай әдістердің барлығы кейінгі жылдары үкімет жағынан
болсын, қызметкерлер жағынан болсын тиімсіз екені ескеріліп кәсіпорындарды
басқару тек экономикалық жолмен реттеу қаралып отыр.
3. Еңбек нарығының қазіргі түрлері, үлгілері және
ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі
Қай бір қоғам болмасын, еңбек ресурстарын жоспарлап, оны бағыттап отыру
керек. Өйткені ол өнім өндірушілер мен тұтынушылардың материалдық және
рухани тілегін қанағаттандыру мәселесіне ықпал жасайды. Өндірісте еңбек
орындау міндеті бөлініп тереңдеген сайын, оны басқару қиындай түседі. Оның
себебі еңбек ресурстары жеке кісінің барлық жағынан тілеген қамтамасыз
етуді талап етеді, сонымен бірге қоғаммен өнеркәсіптің де талабы өндірістің
өсуіне нұқсан келтірмеу тиіс.
Еңбек ресурстарын басқару механизмі деп – сол еңбек ресурстарының
қалыптасуы, түрі мен әдісінің топтасуы, бөлінуі және пайдалануы. Осының
бәрі қосыла отырып өндірістің тиімділігінің артуына, интенсивтенуіне өзінің
ықпалын тигізеді.
Еңбек ресурстарын басқару, жалпы экономиканы басқарудың бір бөлегі.
Өйткені ол біріншіден, халықтың білімді мамандарымен қажетін
қанағаттандыруға бейімделсе, екіншіден, өндірістің толық жұмыс бастылығын
қамтамасыз етіп, әр бір салалардың керектігіне сай жұмысшыларды бөліп
орналастыруға мүмкіндік жасаса, үшіншіден, еңбек ресурстарын тиімді
пайдалануға мүмкіндік жасайды,
Еңбек ресурстарын басқаруда аса бір маңызды міндет атқаратын мәселе
баланстық және мөлшерлі әдіспен жоспарлау бағытталған. Бағдарламамен
басқаруда экономикалық тәжірибе қажет. Дегенмен кәсіпорындардың
бірлестіктердің негізгі әрекеттері еңбек ресурстарын құрғанда, тиімділік
арттырғанда экономикалық мөлшерлерге сүйенгені пайдалы. Ойткені еңбек
ресурсын басқару – қалыптасқан экономикаға сүйенеді. Қоғамда еңбек үшін
дұрыс пайдаланып, жастарды қоғамның өсу бағытына бейімдеуіміз керек.
Еңбек күшінің тиімділігін арттыру үшін әлеуметтік – экономикалық даму
жоспарларында мына төмендегі еңбек көрсеткіштері белгіленеді.
Еңбекке ақы төлеу қоры мөлшерінің құрамы:
Экономикалық ынталылық қорының мөлшерінің құрамы (өндірістің ғылымның
және техниканың дамуы, материалдық сыйлық т.б.)
Еңбек өнімділігінің өсуін жоғарылату, мөлшерін анықтау және еңбекке ақы
төлеу, оның өсуімен салыстыру.
Сонымен еңбек ресурстарын басқарудың негізгі бағыты, халық
шаруашылығының салаларының ыңғайына қарай және аймақтың жағдайына қарай
жұмыс күшін тиімді пайдалану, оны тиімді дайындау, бөлу, қайта бөлу қажет.
Ең негізгі еңбектің ресурстарын басқару- әрбір өндіріс, сала аймақ
бойынша жұмыс күшін өңдеу – казіргі жағдайын және келешегін бағдарлау.
Сонымен еңбек ресурстарын басқару – сайып келгенде еңбекке жарайтын халықты
толық және тиімді түрде жұмысқа қосу, орнын дайындау және оның сапасын
реттеу.
Еңбек басшы мекемесі болып, еңбек ресурстарын басқаратын республикадағы
Министрлер Кеңесі болып есептеледі. Бірақ та, халық шаруашылығындағы әрбір
мекеменің жұмыс күшін басқару оның өз міндетіне (бабына) кіреді. Ал, енді
облыстарда, аудандарда бұл жұмысты аймақтық атқару комитеттері, ал казір
әкімшілік шешеді. Әрбір салаларда, өнеркәсіптің бағынуына байланысты,
жоғарғы мекемелер, атап айтқанда министрліктер арқылы реттелінеді.
Республикалар бойынша, еңбек ресурстарын басқаратын мекеме –
Мемлекеттік еңбек және әлеуметтік мәселені шешетін комитет. Ал облыстарда
(жергілікті жерде) облыстық әкімнің жанындағы бөлімшелер еңбек туралы, олар
барлық өздерінің аймақтық қамтуындағы өндірістердің, мекемелердің,
ұйымдардың, халқының жұмысқа жарайтынын мәселелерін қарастырып, олардың
өндіріске дұрыс жайғастыруын шешіп, тиімділігін арттыруға ықпал жасайды.
Бұл жергілікті мекемелердің міндеті-Үкіметтің еңбек туралы алынған
(қабылдаған) қаулыларының дұрыс, тиімді орындалуын, оның бұрмаланбауын,
еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігін, өндірістін тазалылығын, жастардың
жұмысқа орналасуын, еңбек жасындағы жұмыскерлердің толық жұмыспен
қамтамасыз етілүін, аймақтағы көшіп-қону тағы басқа мәселелерді реттеп,
қадағалап отыратын мекеме болып саналады.
Келешекте еңбек ресурстарын басқаруда бұл жұмысты тиісті тәртіпке
қойған жөн. Ол жөнінде мемлекеттік еңбек комитетінің міндеті үлкен. Бұл
комитет жоспарлау мекемесімен, министрлігімен, кәсіпорындарымен бірге еңбек
ресурстардың тиімді пайдалануын, олардың білімділігін тексерудің қазіргі
жағдайда лайықты, өндірісте ақы төлеу тағы да басқа мәселелерін, кадрларды
дұрыс өз мамандығына пайдалану, бағыттау, бөлу, реттеу сияқты әлеуметтік
экономикалық мәселелерін шешуге тікелей жауап берулері керек.
Тағы бір айта кететін мәселе, жұмысты ұйымдастыруды жетілдіру, еңбек
өнімділігін арттырып, еңбек ресурстарын пайдалануды жақсартуға аймақтық
және салалық ғылыми жолмен жұмыс істеудің маңызы зор. Бұл жағдайда еңбек
ресурстарын басқаруды бір жобада ұстап тұру үшін министрлікке бағынады және
басқа да жұмыс орындарында әртүрлі сала аралық Кеңестер құрылуы мүмкін.
Олардың мақсаты – сол жұмыс күшін өздерінің бақылайтын мекемелерінде дұрыс
пайдалануымен, көшіп-қонуын, жаңа техниканы еңгізу, еңбек өнімділігін
арттыру олардың өз мамандығына дұрыс пайдаланылуын т.б. әлеуметтік
жағдайларын қарайтын мекеме болулары керек.
Еңбек ресурстарын басқарудағы негізгі мәселенің бірі-тәжірибе жұмысы,
оны ғылыми әдіспен толықтыру және информациялық анықтамалармен қамтамасыз
ету. Міне бұл жұмыстардың барлығы еңбек ресурстарын бөлу, қайта бөлу және
пайдаланудың кадрлардың мекемелерден жұмыстан шығып кетуін, еңбекті
мөлшерлеуді, ақы төлеуді тағы басқа мәселелерді шешуге мүмкіндік жасайды.
Еңбек нарығы тек экономикалық емес, сонымен бірге әлеуметтік, құқықтық және
психологиялық қатынастарды да қамтиды. Әртүрлі елдерде бұл қатынастардың
қалыптасуы тарихи тұрығыда бірдей жүрмеді. Нәтижесінде жеке елдерде белгілі
бір айырмашылықтар қалыптасады.
Еңбек нарығының қалыптасуы елдің айырмашылықтарына, кәсіпорын,
кәсіпорынды жұмыскер күшімен қамту, персоналды даярлау, кәсіподақтар құру
және тарихи дәстүрлерімен байланысты. Егер еңбек нарығын осы тұрғыдан
қарастырсақ, онда екі негізгі түрін бөліп көрсетуге болады: сыртқы (жалпы
халықтық) және ішкі (кәсіпорынішілік) нарық.
Сыртқы (жалпы халықтық) еңбек нарығы жалдамалы еңбек тұлғаларының
барлығына ашықтығымен, бәсекеге қабілеттігімен, қол жетімділігімен
ерекшеленеді. Жұмыс орындарын толтыру кәсіпорыннан тыс даярланған жұмыскер
күшінің негізгі көлемімен іске асады.
Ішкі кәсіпорындық еңбек нарығы жабықтығымен, бәсекеге әлсіз
қабілеттігімен ерекшеленеді. Жұмыскер күшінің қозғалысы кәсіпорын ішімен
шектеледі, яғни жұмыскер күшінің бір жұмыс орнынан екіншісіне ауысуы,
бірнеше ұқсас мамандықтарды игеру. Жұмыскерлердің негізгі бөлігін жұмысқа
алу алдыңғы келісімнің мерзімі өткен соң ұжымдық келіс-сөздер арқылы жүзеге
асады. Сондықтан кәсіпорын кадрлары сыртқы нарықта әлсіз бәсекесетікке ие
болады. Аталған нарықтың түрі екі мәселені шешеді:
- қарт жұмыскерлердің жас жұмыскерлерге кәсіби білімдер мен
кәсіпорынішілік тәжірибелерді беру үдерісін қамтамасыз ету;
- жинақталған білім мен тәжірибенің кәсіпорыннан тыс шығуына тосқауыл
қою.
Сыртқы нарық ағылшын тілді елге, әсіресе АҚШ-қа тән. Сондықтан нарықта
көп жағдайда еңбек нарығының АҚШ үлгісі деп атайды.
АҚШ еңбек нарығының үлгісі. Аталған нарық еңбек нарығы субъектілерінің
жоғары белсенділігімен, экономиканың бәсекелестік жағдайын үнемі қолдап
отыратын мемлекеттік саясатымен, жоғары еңбекақы көлемімен сипатталады.
Қатардағы әрбір американдық пайдамен ақша табу үшін ақшаны алуға, оны
банкке салуға, акциялар сатып алуға ұмтылады.
Кәсіпорындардағы жұмыспен қамту саясаты кәсіпорындар арасында аумақтық
жоғары деңгейде жұмылдыруға, оқу мекемелерінде даярланған кадрларды
жұмысқа алуға, өндірістік оқытуға кәсіпорын шығындарын ең аз мөлшерге
жеткізуге бағдарланған.
Жұмыссыздықты сақтандыру федералдық және штат заңдарымен реттеледі.
Федералды заң жұмыссыздық бойынша сақтандырудың жалпы қағидаларын
белгілесе, кейін әрбір штат заңдарында оны кеңірек нақтылайды. Сақтандыру
жарналарын кәсіпкерлер мен жалдамалы жұмыскерлер төлейді, дегенмен оның көп
бөлігі кәсіпкерлерге түседі. Жиналған ақшалар жеке федералдық қор мен
штаттар қорларына түседі.
АҚШ- та сыртқы еңбек нарығымен қатар ішкі еңбек нарығы да бар. Мысалы,
өмір бойы жұмыспен қамту кепілдігін ірі ИБМ компаниясы ұстанады.
Ішкі нарық бәрінен бұрын Жапонияға тән. Сондықтан бұл үлгі көп жағдайда
жапондық деп аталады. Еңбек нарығының жапондық үлгісінде тән ерекше белгісі
жұмыскерлердің бүкіл еңбек мерзімін қамтуға кепілдік беретін өмір бойы
жалдау жүйесі мен компания ішінде жеке кәсіподақтық ұйымдарды құру.
Жұмыспен қамтудың мұндай саясаты білікті мамандар кәсіпорыннан кетіп
қалады деп және оны даярлауға кеткен шығындар бекер кетті деуден қорықпай,
компания кәсіби даярлау мен мамандықты жоғарылатуды жүзеге асырады.
Дайындық ғылыми-техникалық серпілістікпен, жұмыс орнының құрылымымен,
шығарылып жатқан өнімнің көп түрлігіне сай жүзеге асырылады, кәсіпорын
ішінде кәсіби жұмылдыру алын ала қарастырылады (кәсіпорын басшылығына
кәсіпорын ішінде өз қалауы бойынша жұмыскерлерді бір орыннан екіншісіне
ауыстыруға мүмкіндік берілген) және жұмыскерлерде еңбекке деген
шығармашылық көзқарастың болуын тәрбиелейді.
Шведциядағы еңбек нарығының үлгісі ерекше белгілерге ие. Шведциялық
модель мемлекет жүргізетін белсенді жұмыспен қамту саясатымен ерекшеленді.
Еңбек нарығының бұл үлгісі реттеудің мемлекеттік элементтері нарықтық
элементермен тығыз байланысқан мемлекеттік нарықтық тетігіне ие.
Мемлекеттің белсенділігі ауқымды қаржы ресурстарын жұмыспен қамтуды қолдау
бағдарламаларына, жұмыскер күшін қайта даярлауға, оның бәсекеге
қабілеттілігін арттыруға аударуында байқалады. Бұл мақсаттарға жұмыспен
қамту қорының 70 % дейін көлемі шығындалады, немесе ЖІӨ 3,5 % (1993-1995
жж). Жұмыссыздық бойынша жәрдем ақыға ЖІӨ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz