Қазақстан Республикасындағы туризмнің дамуы
Жоспар
Кіріспе 3
ІТАРАУ. Қазақстан Республикасындағы туризм саласын дамыту міндеттері 6
1.1 Қазақстан Республикасындағы туризм саласын талдау 6
ІІ . ТАРАУ. Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының қазіргі жағдайы және болашағы 9
2.1 Қазақстандағы туризм дамуының қазіргі жағдайы: проблемалары және даму болашағы 9
2.2 Туризмды дамытудың негізгі бағыттары 16
ҚОРЫТЫНДЫ 21
Әдебиеттер тізімі: 22

Кіріспе
“Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында еліміздің келешектігі дамуына айқынды бағдар берілгені мәлім. Осы орайда ел экономикасында өсіп-өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатын бір сала туризм екеніне бүгінде көз жеткендей. Жиһангерлік және саяхатшылық-адамның танымдық көкжиегін кеңейтетін, қазіргі замандағы ғаламат мүмкіншілігі бар, пайдасы шаш етектен келетін, біз әлі толық игере алмаған саланың бірі екендігі баршамызға белгілі. Бүгінгі туризм, яғни жиһангерлік және саяхатшылық–бұл мемлекет пен қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының маңызды факторы. Сондықтан туристік қызмет көрсету рыногында мүдделі министірліктер мен ведомстволардың, уәкілетті органдардың, туристік компаниялардың, фирмалардың және жеке кәсіпкерлердің күш мүмкіншіліктерін жұмылдыруға, біріктіруге ықпал жасау - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі жұмысының күн тәртібінен берік орын алған. Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның ДТҰ деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.
Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. 1999 жылы халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын дүниежүзілік табыстың 8 пайызын, қызмет көрсету секторы экспортының 37 пайызын құрады. Туризмнен түскен табыс мұнай, өнімдері және автомобиль экспорты табысынан кейін тұрақты 3-ші орында келеді мұндай оң үрдіс жаңа мың жылдықтың бас кезінде де ұсақталады деп күтілуде. Әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебіне басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.
Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болды, мұның өзі адамның демалуға және бос уақытын өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды.
Дүниежүзілік туристік ұйым ДТҰ сарапшыларының берген бағасына қарағанда, белсенді бет-бейнені айқындау саясатын жүргізу – жылына орта есеппен 2,5 процентке келу туризмін көбейтуге мүмкіндік береді. Бұл халықты жұмыспен қамтуға, бюджетті толықтыруға, шағын бизнесті дамытуға және туристік инфрақұрылымды құруға игі ықпал жасайды. Осындай үрдісті басшылыққа алып, көптеген мемелекеттер, оның ішінде жоғары дамыған туристік индустриясы бар, сондай ақ ТМД-ға қатысушы елдердің бір қатары бет бейне қалыптастыру саясатын жүргізуге қарқынмен кірісті. Мәселен, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Туркіменстан жыл сайын әлемнің жетекші туристік көрмелеріне қатысып келеді.

Әдебиеттер тізімі:
1. Авдокушин Е.Ф. Международные экономические отношения: Учеб. Пособие.-М.: ИВЦ Маркетинг, 1996.
2. Байгісиев М. Халықаралық экономикалық қатынастар: Оқу құралы - Алматы: Санат, 1998.-192б.
3. Бабин Э.П. Основы внешнеэкономической политики.-Учеб. Пособие.-М.: ОАО Экономика, АОЗТ МИКО, 1997.
4. Буглай В.Б., Ливенцев Н.Н. Международные экономические отношения - Учеб. Пособие.-М.: Финансы и статистика, 1996.
5. Доғалова Г.Н. Халықаралық экономика : Оқу құралы - Алматы: Экономика, 2000. - 88б.
6. Друкер, Питер Ф. Нарық: топжарып, алға шығу: Практика мен принциптер. / Орыс тілінен аударғандар Р.Шаймерденов, Н. Бөлекбаев.-Алматы: Білім, 1994-320б.
7. Кекенова А.Т. Сыртқы қарыз мәселелері және дамушы елдерде сыртқы қарызды басқару: 08.00.14. Э.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған дис. авторефераты
8. Кешенова Б.А. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары: Оқу құралы.-Алматы: Экономика, 2000-328б.
1. Авдокушин Е.Ф. Международные экономические отношения: Учеб. Пособие.-М.: ИВЦ Маркетинг, 1996.
2. Байгісиев М. Халықаралық экономикалық қатынастар: Оқу құралы - Алматы: Санат, 1998.-192б.
3. Бабин Э.П. Основы внешнеэкономической политики.-Учеб. Пособие.-М.: ОАО Экономика, АОЗТ МИКО, 1997.
4. Буглай В.Б., Ливенцев Н.Н. Международные экономические отношения - Учеб. Пособие.-М.: Финансы и статистика, 1996.
5. Доғалова Г.Н. Халықаралық экономика : Оқу құралы - Алматы: Экономика, 2000. - 88б.
6. Друкер, Питер Ф. Нарық: топжарып, алға шығу: Практика мен принциптер. / Орыс тілінен аударғандар Р.Шаймерденов, Н. Бөлекбаев.-Алматы: Білім, 1994-320б.
7. Кекенова А.Т. Сыртқы қарыз мәселелері және дамушы елдерде сыртқы қарызды басқару: 08.00.14. Э.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған дис. авторефераты
8. Кешенова Б.А. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары: Оқу құралы.-Алматы: Экономика, 2000-328б.
Жоспар
Кіріспе 3
ІТАРАУ. Қазақстан Республикасындағы туризм саласын дамыту міндеттері 6
1.1 Қазақстан Республикасындағы туризм саласын талдау 6
ІІ - ТАРАУ. Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының қазіргі жағдайы
және болашағы 9
2.1 Қазақстандағы туризм дамуының қазіргі жағдайы: проблемалары және даму
болашағы 9
2.2 Туризмды дамытудың негізгі бағыттары 16
ҚОРЫТЫНДЫ 21
Әдебиеттер тізімі: 22
Кіріспе
“Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында еліміздің келешектігі
дамуына айқынды бағдар берілгені мәлім. Осы орайда ел экономикасында өсіп-
өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатын бір сала туризм екеніне бүгінде көз
жеткендей. Жиһангерлік және саяхатшылық-адамның танымдық көкжиегін
кеңейтетін, қазіргі замандағы ғаламат мүмкіншілігі бар, пайдасы шаш етектен
келетін, біз әлі толық игере алмаған саланың бірі екендігі баршамызға
белгілі. Бүгінгі туризм, яғни жиһангерлік және саяхатшылық–бұл мемлекет
пен қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты
қалыптасуының маңызды факторы. Сондықтан туристік қызмет көрсету рыногында
мүдделі министірліктер мен ведомстволардың, уәкілетті органдардың, туристік
компаниялардың, фирмалардың және жеке кәсіпкерлердің күш мүмкіншіліктерін
жұмылдыруға, біріктіруге ықпал жасау - Қазақстан Республикасының Туризм
және спорт жөніндегі агенттігі жұмысының күн тәртібінен берік орын алған.
Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік
Туристік Ұйымның ДТҰ деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің
оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік
өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.
Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе
жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып
табылады. 1999 жылы халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын
дүниежүзілік табыстың 8 пайызын, қызмет көрсету секторы экспортының 37
пайызын құрады. Туризмнен түскен табыс мұнай, өнімдері және автомобиль
экспорты табысынан кейін тұрақты 3-ші орында келеді мұндай оң үрдіс жаңа
мың жылдықтың бас кезінде де ұсақталады деп күтілуде. Әлемдік туристік
рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс
жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебіне
басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік
рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.
Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына
шығуымен байланысты болды, мұның өзі адамның демалуға және бос уақытын
өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және
халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды.
Дүниежүзілік туристік ұйым ДТҰ сарапшыларының берген бағасына
қарағанда, белсенді бет-бейнені айқындау саясатын жүргізу – жылына орта
есеппен 2,5 процентке келу туризмін көбейтуге мүмкіндік береді. Бұл халықты
жұмыспен қамтуға, бюджетті толықтыруға, шағын бизнесті дамытуға және
туристік инфрақұрылымды құруға игі ықпал жасайды. Осындай үрдісті
басшылыққа алып, көптеген мемелекеттер, оның ішінде жоғары дамыған туристік
индустриясы бар, сондай ақ ТМД-ға қатысушы елдердің бір қатары бет бейне
қалыптастыру саясатын жүргізуге қарқынмен кірісті. Мәселен, Ресей,
Өзбекстан, Қырғызстан және Туркіменстан жыл сайын әлемнің жетекші туристік
көрмелеріне қатысып келеді.
Жоғарыда аты аталған ТМД мемлекеттері көптен бері өз аумақтарында
халықаралық және аумақтық көрмелерді өткізуді қолға алды. Мұндай көрмелерді
не жәрмеңкелерді өткізу немесе соған қатысу - мақсат емес, бірақ отандық
туристік өнімді халықаралық рыногына өткізу үшін оның үлкен көмегі бар.
ДТҰ, туризм жөніндегі мамандандырылған халықаралық ұйымдардың
зерттеулерінің талдауына, сондай ақ мемелекеттердің туризмді дамыту
саясатына сәйкес, туризм мемлекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық
өміріне тікелей ықпал ететін қызмет ретінде түсіндіріледі.
Қазіргі туризм – бұл әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін саласы.
Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін
табысын алу үшін оған бара бар, шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна
мұнай немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек.
Бұл ретте, шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік
өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің
есебі бойынша, 100 мың турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде
кемінде 350 мың доллар немесе адам басына бір сағатта 17,5 доллар жұмсайды.
Сөйтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал
туризмді дамыту – ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ.
Туризм жалпы алғанда, мемлекеттің экономикасына үш оң нәтиже береді:
1. Шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етеді және төлем теңгерімі
мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал жасайды.
2. Халықтың жұмыспен қамтылуын көбейтуге көмектеседі. ДТҰ мен
Дүниежүзілік туризм және саяхат кеңесінің бағалауы бойынша туризм
өндірісінде құрылатын әрбір жұмыс орнына басқа салаларда болатын 5-тен 9-
ға дейін жұмыс орны келеді екен. Туризм тура немесе жанама түрде
экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды.
3. Елдің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседі.
Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді.
Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы және жұмыс
істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналдық тұрмыстық, мәдени, медициналық
қызмет көрсетуі дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп, туризм индустриясы
басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салы стырғанда, неғұрлым
пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.
Туризм жеке және ұжымдық жетілдіру құралы ретінде жоспарлануы және
тәжірибеде іске асырылуы тиіс демалыспен, босуақытты өткізумен, спортпен,
мәдениетпен және табиғатпен тікелей араласуға байланысты қызмет. Мұндай
жағдайда, ол өз бетімен білім алудың, толеранттықтың және халықтармен
олардың әртүрлі мәдениеттерінің аркасындағы олардың өзгешеліктерін танып-
білудің бірден бір факторы болып табылады.
Туризмнің жылдам және тұрақты өсуі, оның қоршаған ортаға, экономиканың
барлық секторларымен қоғамның әл-ауқатына күшті әсерін назарға ала отырып,
үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімдік даму бағдарламасында туристік саланы
басымдық ретінде бе лгіледі.
Осы Тұжырымдама туризм саласында тұтас мемлекеттік саясатты
қалыптастыруда, Қазақстанда қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті туризм
индустриясының құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздері
қалыптастыруды көздейді.
ІТАРАУ. Қазақстан Республикасындағы туризм саласын дамыту міндеттері
1.1 Қазақстан Республикасындағы туризм саласын талдау
2001 жыл ішінде саяхат қызметін жүзеге асыратын 690 кәсіпорын (оның
ішінде туристік фирмалар саны 531) есеп берді. Олар жыл бойы 146,9 мың
туристер мен экскурсанттарға қызмет көрсеткен (1999 жылы сәйкесінше 425
кәсіпорын есеп берді және олар 228,3 мың адамға қызмет көрсетті)
Саяхатшылар жалпы саны 1999 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1.6
есеге қысқарды, соның ішінде жекелеген турист категориялары бойынша
қысқару мөлшері әр түрлі болды: бізге келген туристердің саны 2,1 есеге
шетке шыққан туристер саны 1,6 есеге, ел ішінде демалғандар саны 1,3 есеге
қысқарды. Төменде туризм түрлері бойынша қызмет көрсетілген туристердің
саны туралы диаграмма келтірілген.
1 - 123047 Ұлттық туризм 2000жыл.
2 - 178166 Ұлтық туризм 1999 жыл.
3 - 91228 Халықаралық туризм 2000 жыл.
4 - 156232 Халықаралық туризм 1999 жыл.
5 - 55687 Ішкі туризм 2000 жыл.
6 - 72088 Ішкі туризм 1999 жыл.
Жұмыс істеп тұрған туристік фирмалардың ең көбі Алматы қаласында
(356), Қарағанды облысында (56), Астана қаласында (48) және Шығыс Қазақстан
облысында (42) орналасқан. Бұл облыстардың кәсіпорындары барлық туристер
мен экскурсанттардың 86 пайызына қызмет көрсетті.
2000-шы жылы туристердің көп бөлігіне жұмыс істейтіндер саны 50
адамнан төмен фирмалар қызмет көрсетті. Олардың жалпы кәсіпорындар
санындағы үлесі 92,6 пайызды құрады, бұл 1999 жылдың сәйкес кезеңі мен
салыстырғанда 4,1 пайызға аз.
Ірі кәсіпорындар санының үлесі артқанымен де,олардың қызмет көрсеткен
туристер саны азайып келеді.
Ірі фирмалардың есептік жылдағы негізгі атқарған қызметі- алыс және
таяу шетелдерге шығу визасын дайындау болды.
Қазақстан Республикасының туристік фирмалар мен агенттіктер
қызметінен түскен табысы 2000 жылы 1340,3 млн. теңгені және 277000 АҚШ
долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі мен салыстырғанда
сәйкесінше 1,4 және 2,9 есеге аз.
Халықаралық туризм адамдардың елдер арасындағы қозғалысын білдіреді.
Оның дамуын талдау кезінде оның транспорт индустриясымен өзара байланысын
анықтаудың маңызы зор.
Бей резидент туристердің көпшілігі сапарға шығу кезінде әуе
транспортын пайдаланады, оның үлесі 85,4 пайыз. Темір жол транспорты мен
туристердің 7,2 пайызы, халықаралық автобустарымен- 3,3 пайыз және тағы
басқалары құрлық транспорт құралдарымен - 4,1-і сапар шеккен.
Резидент-туристер де көбінесе әуе транспортын таңдайды. Халықаралық
автобустарды олардың 21,9 пайызы, темір жол транспортын –6,8 пайызы, басқа
да құрлық транспорт құралдарын - 1,1 пайызы қолданған.
Жыл ішінде бейрезидент-туристердің негізгі бөлігі республикаға
Германиядан -11194 адам (46,9 пайыз), Ресейден –1628 адам (6,8 пайыз), АҚШ-
тан –1730 адам (7,2 пайыз), Ұлыбританиядан-1659 адам (70 пайыз) және
Қытайдан – 309 адам (1,3 пайыз) келді.
Келген туристердің республикада саяхатта болуының орташа ұзақтығы 16
күнді құрады (ТМД-дан келгендер үшін-3-4 күн, ал ТМД-дан тыс елдерден
келгендер үшін – 17 күнге дейін). Бұл негізінен іскерлік мақсатпен-89,9
пайыз, демалу үшін – 4,8 пайыз, таныстарымен туыстарын көру үшін-1,4 пайыз
және тағы басқа мақсаттармен-3,9 келген адамдар.
Республикаға келген туристердің (23868 адам) ТМД-дан тыс елдерден
келгендер саны 86,3 пайызды, бұл 1999 жылдың (88,4 пайыз) сәйкес кезеңімен
салыстырғанда 2,1 пайызға төмен. Есептік жыл ішінде 67360 адам туристік
жолдама алды. Олардың 8027-сі ТМД елдеріне сапар шекті, бұл өткен жылғымен
салыстырғанда 2 есе артық шама.
Қазақстандық туристердің ТМД елдерінде сапарда болу ұзақтығы орта
есеппен 4-5 күнді құрайды. Біздің жерлестеріміз көбінесе Қырғызстанға-4950
адам (61,7пайыз), Ресейге-3039 адам (37,9 пайыз) жол жүрген. 2000-шы жылы
ТМД-дан басқа елдерге шыққан Қазақстандық туристердің жалпы саны 59333
адамды құрады, олардың саны өткен жылға қарағанда (102174 адам) 1,7 есе
азайды.
2000 жылы ТМД-дан тыс елдерде болу ұзақтығы 5-6 күнге созылды.
Туристердің неғұрлым көп бөлігі Түркияға - 20462 адам (30,4 пайыз), Қытайға-
12913 адам (19,2 пайыз), Германияға - 13110 адам (19,5 пайыз) және Біріккен
Араб Эмираттарына – 4595 адам (6,8 пайыз) жол жүрген. Қалған елдердің
алатын үлесі елеусіз. Есеп берген 159 мейманхананың 13 бөлігінен астамы
облыс орталықтарында орналасқан. Олардың ең көп бөлігі Алматы және Астана
қалаларында, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы және Оңтүстік Қазақстан
облыстарында шоғырланған.
Есеп берген мейманханалардың көпшілігі - 138(87 пайыз) жекеменшік
формасында. Мемлекеттік меншікте мейманханалардың 14-і (9 пайыз).
Қонақүйлердің 2\3 бөлігі кәсіпорындар болып табылады, жұмысшылардың
саны 0-50 ге дейін, олардың үштен бір бөлігінде 50-ден 250 ге дейін
жұмысшылар қызмет етеді, тек 5пайызында ғана 250 ден жоғары жұмысшылар бар.
2000-шы жылы қонақүйлерге бір уақытта орналасу орны 16389, ал барлық
номерлер саны 9124 болды. Бір номерге орташа сыйымдылығы екі адам.
2000-шы жылы туристерге қызмет көрсету бойынша қонақ үйлер мен басқа
кәсіпорындардағы қосымша қызмет пен эксплуатациядан түскен табыстар төменгі
кестеде келтірілген.
Кесте 3
Эксплуатациядан түскен табыс Қосымша қызметтерден
млн.теңге түскен табыс
млн.теңге
Барлығы БейрезиденттердБарлығы Бейрезиден
млн.теңге ен түскен табысмлн.теңге ттерден
түскен
табыс
Барлығы: 6976,5 3991,1 1474,4 885,1
Мейманханалары бар
қонақүй
6532 3950,3 1377,6 884,3
Мейманханасы жоқ
қонақүйлер
378,1 33,9 96 0,8
Студенттік
жатақхана және
таулардағы
турбазалар
19,8 0 0 0
Кемпингтер
6,9 6,9 0,6 0
Басқа да тұратын
орындар
39,7 0 0,2 0
Республика бойынша қонақүйлік кешендегі эксплуатациядан түскен табыс
6976,5 млн. теңге. негізінен мына облыстардағы кешендерден табыс алынған:
Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және
Оңтүстік Қазақстан. Ең көп кері сальдо мына облыстарда қалыптасты: Алматы,
Астана, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда.

және болашағы

болашағы
Туризм Қазақстан экономикасындағы қарқынды салалардың бірі. Халықаралық
сарапшылардың пікірінше қазіргі кезде туризм әлемдік экономикадағы қарқыны
төмендемейтін саланы біріне жатады. Туризм көп елдерде жалпы ішкі өнімнің
қалыптасуына, қосымша жұмыс орнын құруға және сыртқы сауда балансының
белсенділігіне ықпал етеді. Соңғы жылдары туризм әлемдегі ең табысты
бизнестің бірі. Туризмнің маңызы жылдан-жылға өсуде, оның халықаралық
байланыста және валюталық түсім көз ретінде маңызы артуда. Елдердің шикізат
көзі азайлады, ал туристік индустрия қалпына келетін ресурстармен жұмыс
істеген. Туризмнің басқа да салаларға тигізетін әсері мол, оның 32 салаға
жанама ықпалы бар (турфирмалар, көлік түрлері, мейманхана кешендері,
демалыс үйлері, санаториялар, ұлттық парктер, тамақтану сферасы, т.б.). Бұл
дегеніміз - әлемдік өндірісте әр 9 адамның жұмыс орны деуге болады.
Туризм индустриясының мемлекеттік бюджетке түсіретін валюталық түсімі,
орта және шағын бизнеске көмегі, тауар мен қызмет көрсету нарығы арқылы
аймақтардың экономикасының дамуына ықпалы өте зор. Сонымен қатар, туризмнің
қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық дамуы келесі көрсеткіштермен сипатталады.
Ішкі және халықаралық туризмнің жалпы шығыны әлемдік ұлттық ішкі өнімнің
12%-ін құрайды, жыл сайын 1,5 млрд. Ішкі және халықаралық саяхаттау
тіркелді.
Халықаралық туризмнің үлесіне жыл сайын әлемдік экспорттың 7% және
қызмет көрсетудің 25-30% келеді. Халықаралық туризмнің жылдық өсуі 4,0%, ал
болашақта бұл көрсеткіш көтерілмек. Туризм саласының дамуына ықпал ететін
факторлар:
- кез-келген елде, Қазақстанда да туристік рекреациялық ресурстың болуы;
- туризмге тура немесе жанама салалардың және кәсіпорындардың дамуы;
- сыртқа шығу туризмнің елге шетелдік валютаны тартуы;
- аз мөлшерде шығын шығарып табыс табу;
- алғашқы өндіріс факторын қамтамасыз етудегі шығынның болмауы;
- халықты жұмыс орнымен қамтамасыз ететін орта және шағын бизнестің дамуы;
- қызмет көрсету секторының өсуі;
- елдің әлемдік қауымдастыққа белгілі болуы және бет-бейнесінің қалыптасуы.
Қазақстанда 400-ден астам туристік фирмалар қызмет етеді, 80 елдің
туристік фирмаларымен келісім жасаған. Туризмнің дамыған аймақтары –
Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары,
сондай-ақ Алматы және Астана қалалары. Осы облыстардың және қалалардың
туристік фирмалары қызмет көрсетудің 88%-ін құрайды . Қазақстаннан
туристердің мейлінше көп баратын елдері: Ресей, Қытай, Германия, Корея,
Польша, Турция, БАЭ. Ал біздің елге келетін туристердің елдері: Ресей,
Қытай, Германия, Пакистан, Польша және Турция. Туристерді тасымалдауда
авиакомпаниялардың ролі зор. Көптеген туристер шетелдік авиакомпанияларға
қызығушылығы артық болып тұр, ал ұлттық компаниялардың ролі төмен. Эйр-
Казахстан-ның акциясы мемлекеттік меншікке өтуі болашақта ұлттық
авиатасымалдаудың маңызы артады деген үміт бар.
Ал автомобиль транспортының ролі шекаралық тасымалдау мен саяхат жасау
маршруттарында қолданады. Оның дамуы көлік құралдарына және жолдарының
қызмет ету сапасына байланысты. Қазіргі кезде Сайран автовокзалы үлкен
қызмет көрсетуде. Жалпы автобус парктері өте төмен деңгейде, қазіргі
сұранысқа сай автокөліктер өте аз.
Теміржол көлігі Қазақстан Теміржолы 14 бағытта жұмыс істейді. Олардың
қызмет көрсету сапасы халықаралық стандартқа сәйкес келмейді. Алматы-Астана
маршруты ғана стандартқа сай, ал оңтүстік маршруттары ешқандай сын
көтермейді.
Ал орналастыру құралдарына келсек, көпшілігінің қабылдау мүмкіншілігі
төмен, номерлердің бағасы жоғары, сондықтанда жабылып жатыр.
Қазақстан туризмнің дамуына түрткі болған Президенттің бұл салаға
басымды сала ретінде көңіл бөлуі. Үкімет тарапынан Қазақстан туризмінің
және елдің бет-бейнесін жасауға ( 2000-2003) байланысты шаралар болды.
2001 жылы туристік бизнестегі ерекше жыл болды, туризмге 26 млн. теңге
бөлінді. Қазақстан экономикасы 2-3 жұлдызды орта, шағын мейманхана салуға
мүмкіндігі бар.
Туризмді дамыту үшін әлеуметтік-экономикалық фактордың ықпалы жоғары.
Олардың ішінде маңыздысы: мемлекеттің әлеуметтік саясаты, жұмыстан бос
уақыт, урбанизацияның өсуі, білім және мәдениеттің, орташа өмір сүрудің
деңгейі, жылдық демалыс күндері мөлшері, халықтың өмір сүруінің деңгейі,
табысы, туристік белсенділік жатады.
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі қазіргі кезде
туризмнің жаппай дамуын тежеп отыр. Қазақстандағы туризмнің даму бағыты шоп-
туризмді ұйымдастырумен байланысты, яғни материалдық қажеттіліктен туындап
отыр. Қазіргі кезде ТМД елдерінде туристерді тарту үлкен басекеге ие болып
отыр. Көрші елдер Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия туризмді дамытуға
барлық күшін салуда, және қазір Қазақстанды басып алуда.
Туризмнің дамуын тежейтін факторлар төмендегі суретте көрсетілген.
Сурет 1
Қазақстан Республикасында туризмді дамытуға кедергі ететін негізгі
экономикалық факторлар.
Бірқатар кедергілерден соң Қазақстан үлкен туристік биржаларға қатысты.
Берлин, Лондон, Мәскеу қалаларында. Қазақстан Республикасы бәсекеге түсе
алатын және рентабельді туризм индустриясын дамытуға толық мүмкіншілігі бар
.
Оған ықпал ететіндер:
- еліміздің қолайлы геосаяси жағдайы. Батыс пен Шығыс аралығындағы
халықаралық туристік және коммерциялық ағымдардың өсуі;
- саяси тұрақтылық, демократиялық қайта құру, экономикалық реформаның өтуі
және инвестициялық ахуалдың тұрақтылығы мен ашықтығы;
- еліміздің тарихи- мәдениет мұрасының ерекшелігі;
- мұсылман, христиан, будда ескерткіштерінің болуы;
- Қазақстанның көп мәдениеттілігі, музей, мәдениет ошақтарының, фольклорлы-
этнографиялық және ұлттық кәсіпқой өнерпаздардың көп болуы;
- Туристік- рекреациялық аймақтардың болуы, табиғи ландшафтар, өсімдік,
жануарлар дүниесінің ерекшелігі, экзотикалық тур, балық аулау, аң аулау,
өсімдіктер жинау т.б.;
- бос еңбек ресурстарының болуы (мамандар).
Туризмнің даму барысына Қазақстанның 1993 жылы ӘТҰ-на кіруінің маңызы
зор болды. Елімізде туризмнің дамуына көңіл бөлінуде және туризмнің ролін
түсінуде. Айта кететін бір жағдай, Республикада туризм дамуының улкен
концепциясы құрылуы Ұлы Жібек Жолының жаңғыруы. Қазақстанда туризмнің
дамуын дұрыс жолға қою тек табыс алып келу ғана емес, еліміздің басқа
елдермен байланысы нығайып, бет бейнесі қалыптасады.
Қазақстандағы туризмнің тарихи алғы шарттары біздің д.д .үшінші мың
жылдықта қалыптаса бастаған Ұлы Жібек жолының қалыптасуымен дамуы болып
табылады.
Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін туризм басқада экономика салалары
сияқты орталықтан қатаң регламенттелді. Туристік қызметтегі КСРО–ның
негізгі аймақтары Кавказ, Қырым, Балтық өңірі, Ресейдің, Орта Азияның
тарихи орталықтары болды. Сонымен, бірге, Қазақстанның бірқатар сәулет,
археологиялық, мәдени ескерткіштері мен табиғи көрнекті жерлерінің тарихи
мәніне іс жүзінде жарнама жасалмады және сұраныс болмады. Кеңестік кезеңде
Қазақстандағы туризм идеологиялық қызметті атқарған мәдени- ағарту жұмысы
жүйесі элементтерінің бірі болып саналды және оның басым рөліне қарамастан,
қалдық қағидаты бойынша қаржыландырылды және елеулі экономикалық маңызға ие
болмады.
Қазақстанда туризм өндірісінің дамымай қалуының бір себебі экономика
саласы ретінде онымен мемелекттік деңгейде тікелей айналыспады. Туризмді
аумақтық ұйымдастыру және мемлекеттік емес туристік құрылымдарды кешенді
болжауға, ұзақ мерзімді жоспарлауға назар аударылмады. Туризм табысының
үлкен бөлігі жергілікті бюджетке түсетіндігіне қарамастан, жергілікті
басқару органдарының тарапынан туристік қызметті басымдық деп танымауы
саланы дамытуды тежеуші фактор болып табылады.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін туристік қызметті реттеу мен
халықтың тарихи және мәдени мұрасын қайта өркендету үшін негіз қаланды.
Бүгінгі күні біздің мемлекетімізде туризмді дамыту Туризм туралы
Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 3 шілдедегі №1508-XII Заңымен,
Қазақстан Республикасы Президентінің Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының
Ташкент декларациясын іске асыру туралы, Ұлы Жібек жолының Қазақстан
Республикасындағы туристік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі ЮНЕСКО және
Дүниежүзілік Туристік Ұйымның жобасы туралы 1997 жылғы 10 сәуірдегі N3476
және Жібек жолының тарихи орталықтарын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz