Мұсылман құқығы бойынша неке мен отбасы



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І. Мұсылман құқығы бойынша неке мен отбасы негіздері
1.1 Неке құру негіздері және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Неке бұзу шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

ІІ. Мұсылман құқығы бойынша отбасы мүшелерінің құқықтық жағдайының ерекшеліктері
2.1 Араб Шығысы мен мұсылман елдеріндегі мұсылман құқығы ... ... ... ... ..12
2.2 Неке шартының шетел мемлекеттеріндегі құқықтық сипаты ... ... ... ... ... 16

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. ҚР Конституциясында некелік-отбасылық қатынастарға арнайы тоғызыншы тарау бөлініп, үш бірдей бап арналған, Конституцияның 50-52-53 баптарында: «Заңда белгіленген жасқа толған еркектер мен әйелдердің некелесіп, отбасын құруға құқы бар. Неке ерлі – зайыптылардың ерікті түрде келісуіне және құқылық теңдігіне негізделеді. Ата – аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың міндеті – балаларды асырау, тәрбиелеу және оқыту. Отбасы, ана, әке болу және балалық шақ қоғам мен мемлекеттің қорғауында болады» - [1] деп көрсетілген.
Ел Президенті Н.Назарбаев "Қазақстан-2030" Қазақстан халқына Жолдауының ұзақ мерзімді басымдығында ("Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты"): "Бізге жергілікті деңгейде де отбасын, әйелдің жүкті кезін және балаларды тәрбиелеуді қолдаудың жаңа жолдарын табу керек. Неке мен отбасы институтын нығайтудың жолдарын мұқият талдау, жалғыз басты аналар проблемасын шешу керек. Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір - бірінің алдындағы, ал ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейте түсуге тиіспіз. Ата - аналар балаларына, ал балалар өздерінің қартайған ата - аналарына камқор болғанда, әйел отбасы мен қоғамда құрметке ие болғанда — еліміз үшін алаңдамауға да болады. Бұл ұсыныстар Қазақстан халқына қашанда тән болған, оларды жандандырып, жан - жақты қорғау қажет",[2, 233 б.]- деген болатын.
Ерлі–зайыптылардың мүліктік құқықтық қатынастары 1998 жылғы 17-ші желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңымен реттеледі [3].
Шариғат жолымен неке қию және оның құқықтық мәселелері
Кеңес өкіметі ыдырап кеткеннен бастап қазақ халқы және басқа да өзін мұсылман дініне жатқызатын халықтар ислам шариғатының шарттары бойынша неке қиюды жөн көрді. Көптеген адамдар мешіттерге ағыла бастады. Сол уақытта мешіттерде сауатты имамдардың тапшылығынан түрлі қиыншылықтар да орын алды.
Статистика бойынша мұсылман елдерінде ерлі-зайыптылардың ажырасуы өте төмен. Бұл жағдай мұсылмандардың әдет-ғұрыптарының Ислам дәстүріне негізделетініне байланысты болғандықтан орын алып отыр. Өйткені Исламда неке қию және той жасау рәсімдері әрқашанда киелі, игі және даналық дәстүр болып саналған.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Отбасылық қатынастарды құқықтық реттеудің даму тарихы, қазақ қоғамындағы отбасылық қатынастардың кұқықпен және әдет-ғұрып, діни нормаларымен реттеліну ерекшеліктері мен мәселелері белгілі отандық ғалымдар Базарбаев Б.Б., Баймаханова Д.М., Баққұлов С.Д., Баудиярова Қ.Б. Биримжанова С.Э., Ибраева А.С., Калышев А.Б., Қарашаева Ж., Карпушина Т.Д., Кенжалиев З.Ж., Мұқанова М.Ж., Жандарбек Б., Жақыпова А., Жетпісбаев Б.А. , Зиманов С.З., Сартаев С.С., Сабикенов С.Н., Сман К.А., Сейітова Н.З., Н. Өсерұлының еңбектерінде жан-жақты зерттелініп, және шетелдік авторлардан Абашин Э.А., Антокольская М.В., Бондова С.Н., Максимович Л.Г., Нечаева А.М., Пономорев А.П., Сергунина В.М., Сосипатрова Н.Е., Шершеневич Г.Ф., редакциясы бойынша жазылған оқулықтары терең талдауларға түскен.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамыз
(2007.21.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
2. Назарбаев Н. «Қазақстан – 2030» Стратегиялық даму бағдарламасы. - Алматы – 1998, 233 б.
3.Қазақстан Республикасының «Неке және Отбасы туралы» Заңы», 1998 жылғы 17-ші желтоқсан, №321-I. Қазакстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж.
4. Сергеева Н.Б. «Супружеские обязанности по контракту». //«Мир закона». 2005 г. № 8.
5. ҚР статистикалық агенттігінің 2009 жылға хабарламасы, //www.stst.kz
6.Крылов З.Г. «Имущественные права супругов в условиях перехода к рыночным отношениям».
7. Ресей Федерациясының «Неке және Отбасы туралы» кодексі– (СК РФ) 29.12.1995 №223-ФЗ.-С.24.
8. Каруценко Е. «Брачный договор».// Мир закона, №4,1998 г.
9.Култелеев Т.М. «Уголовное обычное право казахов», //Алматы.- 2004.
10. Валиханов Ч. «Собрание сочинений в 5-ти томах».//- Алматы, 1985.- С. 4.
11. Антокольская М.В. «Семейное право». //М.: Юристъ, 1999.
12. Орлянская А.В. «Римское право». //М.: Проспект, 2005.
13. Рясенцев В.А. «Советское семейное право». //М.: Юр. Лит., 1982.
14.Сулейменов М.К. «Молодежи о семье и о правах членов семьи».// Алматы: Мектеп, 1982.
15.Аманқожаев АА. «Отбасы ұғымы, түрлері және некенің құқықтық табиғаты туралы концепциялар» //Хабаршы. ДА. Қонаев атындағы университет. №3 (24) 2007.
16. Жандарбек Б.Ә. «Міндеттемелік отбасы-неке қатынастары»//Заңгер.-2008.- №6.-С.67-69.
17. Джандарбек Б. «Метод регулирования семейно-брачных отношений» //Юрист (каз).-2007.- № 12-С.66-69.
18. Джандарбек Б.А. «О некоторых вопросах семейного права »// Қазақстанның ғылыми әлемі-Научный мир Казахстана. 2007.- № 3-4-С.105-108.
19. Джандарбек Б. «Брачный договор в семейном праве»//Де-Юре.-2011.- №2-С.12-15.
20. Муканова М.Ж. «Брачный договор как способ регулирования отношений супругов»: канд.юрид.наук: 12.00.03//КазГЮУ. Научно-исследовательский институт частного права. Алматы, 2002.-196 с.-Б.ц..
21. Мыңбаева Б.С. «Қазақ отбасындағы тәлім-тәрбие»//ҚазҰУ хабаршысы тарих сериясы 2008-№1-С.269-271.
22. Жалтырбаева Р. «Қазіргі кезеңдегі отбасы және неке қатынастарының ерекшеліктері»//Әділ Сот.-2010.-№6-С.12-13.
23. Оспан Т. «Азаматтық неке дегеніміз-ашыналықтың жаңа түрі»//Астана хабары-2008-№ 138-140. 20 қараша-14 б.
24. Қазиев О. «Көшпелі қазақ қоғамындағы құқықтық некеге тұрудың негізгі шарттары»//Заң және заман-2004-№6-40-41 бет.
25. Муканова М.Ж. «Семья как институт семейного права» Қазіргі заманғы маңыды проблемалар. Актуальные проблемы современности//2007-№1-С.137-140.
26.Сюкияйнен Л.Р. Мусульманское право.- М.; 1986.
27. Сарсембаев М.А. Мусульманское право. –Алматы; Жеты Жаргы,2001.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І. Мұсылман құқығы бойынша неке мен отбасы негіздері
1.1 Неке құру негіздері және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Неке бұзу
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..9

ІІ. Мұсылман құқығы бойынша отбасы мүшелерінің құқықтық жағдайының
ерекшеліктері
2.1 Араб Шығысы мен мұсылман елдеріндегі мұсылман
құқығы ... ... ... ... ..12
2.2 Неке шартының шетел мемлекеттеріндегі құқықтық
сипаты ... ... ... ... ... 16

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 2
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...26

Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. ҚР Конституциясында некелік-отбасылық
қатынастарға арнайы тоғызыншы тарау бөлініп, үш бірдей бап арналған,
Конституцияның 50-52-53 баптарында: Заңда белгіленген жасқа толған
еркектер мен әйелдердің некелесіп, отбасын құруға құқы бар. Неке ерлі –
зайыптылардың ерікті түрде келісуіне және құқылық теңдігіне негізделеді.
Ата – аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың міндеті – балаларды
асырау, тәрбиелеу және оқыту. Отбасы, ана, әке болу және балалық шақ қоғам
мен мемлекеттің қорғауында болады - [1] деп көрсетілген.
Ел Президенті Н.Назарбаев "Қазақстан-2030" Қазақстан халқына
Жолдауының ұзақ мерзімді басымдығында ("Қазақстан
азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты"): "Бізге жергілікті
деңгейде де отбасын, әйелдің жүкті кезін және балаларды тәрбиелеуді
қолдаудың жаңа жолдарын табу керек. Неке мен отбасы институтын нығайтудың
жолдарын мұқият талдау, жалғыз басты аналар проблемасын шешу керек. Егер
біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір - бірінің
алдындағы, ал ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейте
түсуге тиіспіз. Ата - аналар балаларына, ал балалар өздерінің қартайған
ата - аналарына камқор болғанда, әйел отбасы мен қоғамда құрметке ие
болғанда — еліміз үшін алаңдамауға да болады. Бұл ұсыныстар Қазақстан
халқына қашанда тән болған, оларды жандандырып, жан - жақты қорғау
қажет",[2, 233 б.]- деген болатын.
Ерлі–зайыптылардың мүліктік құқықтық қатынастары 1998 жылғы 17-ші
желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы
Заңымен реттеледі [3].
Шариғат жолымен неке қию және оның құқықтық мәселелері
Кеңес өкіметі ыдырап кеткеннен бастап қазақ халқы және басқа да өзін
мұсылман дініне жатқызатын халықтар ислам шариғатының шарттары бойынша неке
қиюды жөн көрді. Көптеген адамдар мешіттерге ағыла бастады. Сол уақытта
мешіттерде сауатты имамдардың тапшылығынан түрлі қиыншылықтар да орын алды.

Статистика бойынша мұсылман елдерінде ерлі-зайыптылардың ажырасуы өте
төмен. Бұл жағдай мұсылмандардың әдет-ғұрыптарының Ислам дәстүріне
негізделетініне байланысты болғандықтан орын алып отыр. Өйткені Исламда
неке қию және той жасау рәсімдері әрқашанда киелі, игі және даналық дәстүр
болып саналған.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Отбасылық қатынастарды құқықтық реттеудің
даму тарихы, қазақ қоғамындағы отбасылық қатынастардың кұқықпен және әдет-
ғұрып, діни нормаларымен реттеліну ерекшеліктері мен мәселелері белгілі
отандық ғалымдар Базарбаев Б.Б., Баймаханова Д.М., Баққұлов С.Д.,
Баудиярова Қ.Б. Биримжанова С.Э., Ибраева А.С., Калышев А.Б., Қарашаева Ж.,
Карпушина Т.Д., Кенжалиев З.Ж., Мұқанова М.Ж., Жандарбек Б., Жақыпова А.,
Жетпісбаев Б.А. , Зиманов С.З., Сартаев С.С., Сабикенов С.Н., Сман К.А.,
Сейітова Н.З., Н. Өсерұлының еңбектерінде жан-жақты зерттелініп, және
шетелдік авторлардан Абашин Э.А., Антокольская М.В., Бондова С.Н.,
Максимович Л.Г., Нечаева А.М., Пономорев А.П., Сергунина В.М., Сосипатрова
Н.Е., Шершеневич Г.Ф., редакциясы бойынша жазылған оқулықтары терең
талдауларға түскен.
Курстық жұмыстың мақсаты. Мұсылман құқығы бойынша неке мен отбасы
заңдарын, ҚР заңнамасы бойынша неке шартын кешенді түрде сарапқа салу және
неке институтын азаматтық реттеуді жетілдіру жөнінде нақтылы тәжірибелік,
теориялық маңызы бар ұсыныстар беру болып табылады. [7, 24б.].
Осы аталған мақсатқа жету үшін ізденуші өз алдына төмендегідей
міндеттерді шешуді қойып отыр:
- мұсылман құқығы бойынша неке ұғымын және оның құқықтық реттеу
обьектісі ретіндегі табиғатын;
-Қазакстан Републикасындағы некелік қатынастардың азаматтық-
құқықтық мәні және ерекшеліктерін;
- мұсылман құқығы бойынша неке шартының шетел мемлекеттеріндегі
құқықтық сипатын;
- н мұсылман құқығы бойынша еке шартының өзгертілуі мен тоқтатылу
тәртібін, мерзімін;
- мұсылман құқығы бойынша неке шартының жарамсыздығын тану және
оның құқықтық салдарын;
- Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша ерлі-зайыптылардың
жеке құқықтары мен міндеттерін қарастыру.

І. Мұсылман құқығы бойынша неке мен отбасы негіздері
1.1 Неке құру негіздері және түрлері

Ғылымның қай саласы болмасын өзі зерттейтін мәселені түбегейлі түп-
тамырымен тарихи тұрғыдан айқындап көрсетуге ұмтылады. Кез келген қоғамдық
кұбылысты зерттеуде осы мәселе басты назарда болмаса оның даму сатыларын,
не себепті бір сатыдан екіншіге немесе басқа түрге, топқа өзгергенін таба
алмаған болар едік. Некелік қатынастар жайында сөз қозғамас бұрын жоғарыда
айтылған қағидаға сай, ең алдымен "отбасы-неке", "неке және отбасы" деген
ұғымдардың, түсініктердің қалай пайда болғанын, бір-бірінен айырмашылығы
мен ара-қатынастарының калай болғанын ұғынуымыз керек. Осы ізденіс әрине,
жүйелі түрде арғы-бергі тарихқа жүгініп, талдау жасауды талап етеді.
Біз дәстүрлі қазақ қоғамындағы некеге байланысты мәселелерді негізінен
жазба деректер бар XIX ғасыр мен XX ғасырдың басын қосып отырып қамтимыз,
бұлай ету себебіміз осы уақыт аралығында отбасында, онын ішінде әйелдерге
байланысты бұрыннан келе жатқан көптеген ережелер, әдет-ғұрып заңдары қайта
қаралды. Олай болуы елде экономикалық өзгерістер басталды, Ресейдің де
кейбір мемлекеттік басқаруындағы өзгешеліктері қазақ қоғамына өз әсерін
тигізбей қойған жоқ. Осыларды айта келе біздің елде үш түрлі заңды күші іс
жүзінде көрінетін ережелер болды деп айта аламыз.
1. Қазақ әдет-ғұрып заңдары.
2. Шариат заңдары.
3. Ресейдің шығарған заңдары.
Қазақ халқының әдет-ғұрпын зерттеуші ғалым Т.М. Күлтелеевтің
пайымдануынша XVIII ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда халық көшпелі
немесе жартылай көшпелі шаруашылық жүргізді, сондықтан жергілікті
шонжарларға жазбалы шариат заңынан гөрі, бұрыннан келе жатқан әдет-ғұрып
заңдары тиімді болды дейді [8, 56 б.]. Әдет-ғұрыппен шариат бір-бірімен
тығыз байланыста болып отырды, ал ол тікелей некелік қатынастарда қалай
көрінді, енді соны байқап көрелік. Шариатта некенің тұрақты және уақытша
түрлері орын алған, ал біздің елімізде ежелден осы күнге дейін жалғасып
келе жатқан ол тек тұракты некенің болуы. Осы жайлы белгілі шығыстанушы
ғалым Н. Өсерұлы былай деп келтіреді: "Қазақтар некесіз өмір сүруді арам
санаған. Тіпті мұсылман діні рұқсат еткен "уақытша некені" де қабылдамаған"
[9, 3 б]. Некеге тұрушылардың жасына келсек көп жағдайларда қыздар 13-14
жасында ұзатылып, ер балалар 15-16 жасында үйленетін болған, бұл жерде айта
кететініміз ол қыздарын ерте беру немесе кеш беру ол әке-шешесінің әл-
ауқатына және де ауыл арасындағы беделіне де тығыз байланысты болған. Бұл
мәселеге байланысты өзінің көзқарасын Ш. Уәлиханов та кезінде қарсылық
білдірген, ерте тұрмысқа шығу әйел организмін тез қартайтуға апаратынын
ескерткен [10, 4]. Некені қию жайлы айтар болсақ бізде де шариаттағыдай екі
куәнің көзінше молда некені қияды, бұл дәстүр әлі жалғасып келеді, қазір де
мешітке барып неке қиюшылар өте көп, бірақ оның мемлекет алдында заңды күші
жоқ.
Неке мәнінің өзі әйел адам мен ер адамның ерікті негізде, ерлі-
зайыптылардың тендігіне негізделген одақты құруға тырысушылығы болып
табылады. Ерлі-зайыптылардың бұл одағы сонымен бірге, олардың өзара
сүйіспеншілігіне, құрметіне және бір-бірі үшін жаупкершілігіне негізделеді.
Неке өзінің бірігіп өмір сүруге еркін білдірген екі жақтың келісіміне
негізделетін шарттың ерекше түрі болып табылады.
Неке-отбасы қатынастары құқықтық реттеуді қажет ететін аса маңызды әрі
айрықша сипатқа ие қоғамдық қатынастардың ерекше бір түрі болып табылады.
Әрине, бұл қатынастардың мазмұндық сипатының айрықша болуы әуелден неке-
отбасы қатынастарын құқықтық реттеумен толық қамтудың мүмкін еместігімен
байланысты. Бірақ, соған қарамастан, бұл қатынастар тәуелсіз Қазақстанның
тарихында арнайы құқықтық нормалармен, яғни 1998 жылғы 17 желтоқсанда
қабылданған Неке және отбасы туралы заңмен, ал, ерлі-зайыптылар
арасындағы мүліктік сипаттағы қатынастар Азаматтық кодекстің Жалпы
бөлімінің нормаларымен реттелген болатын. Бүгінде барлық дамыған
елдердегідей, Қазақстанда да неке-отбасы қатынастарын құқықтық реттеу және
осы құқықтық қатынас субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау
мәселелері мемлекеттіміздің әрдайым назарында деп айтуға болады.
1998 жылғы 17 желтоқсандағы №321-1 Неке және отбасы туралы ҚР заңының
1-бабының 1-тармағында некеге ерлі-зайыптылар арасында мүліктік және
мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда
белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында
жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ деген анықтама
берілген. Осы анықтамадан шығатыны, некеге тұрудың бірден-бір мақсаты -
отбасын құру. Отбасы болса жалғыз неке емес, сол сияқты туыстықтан, бала
асырап немесе тәрбиелеп алу сияқты өзге де нысандардан туындауы мүмкін.
Олай болса, алғаш отбасы ұғымын анықтап алған жөн болар.
Социология тұрғысынан алғанда, отбасы қоғамымыздың ең кіші бірлігі деп
айта аламыз. Осы кіші әлеуметтік бірліктердің дамуының нәтижесінде қоғам
қалыптасуда. Социология тұрғыдағы отбасы ұғымын құқықтық тұрғыдан да отбасы
деп тануға болады. Осы тұрғыдан алғанда отбасы өте ескіден келе жатқанына
қарамастан, тарихта әртүрлі өзгерістерге ұшыраған әлеуметтік
институттардың бірі болады. Осыған орай құқықтық тұрғыдан да отбасы ұғымы
әр кезеңде және әр қоғамда бірдей мағынада болмаған.
Әр қоғам өзінің тарихи даму кезеңдерінде отбасына сан түрлі анықтама берді.
Оларға қысқаша тоқтала кетсек:
Ең көп тараған отбасына берілген ұғым бір тектен тарағандарды, яғни
әулетті (династия) белгілеу үшін қолданылды [11, 44 б.].
Рим құқығында болса, керісінше, отбасын анықтауда қанға негізделген
байланыстың еш маңызы болмады. Адамдар бір отбасы саналуы үшін бірге тұруы
тиіс болды. Яғни, осы бірге тұратын отбасы мүшелері билігінде немесе
егемендігінде болатын еді. Отбасы мүшелеріне билігі абсолютті болған.
Кеңестік кезеңде доктринада отбасын туыстық жене неке арқылы
қалыптасқан адамдар бірлігі деген [12, 163б.]. Сонымен қатар, көптеген
автор осыған ұқсас анықтамалар берген, мысалға, М.Сүлейменов, отбасы
отбасылық немесе туыстық қатынастармен байланысты бірге тұратын және
бірлесе шаруашылық жүргізетін адамдар бірлігі деген пікір айтқан [13, 284].
ҚР Неке жене отбасы туралы заңында: Отбасы - некеден, туыстықтан
және бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де
нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен
міндеттерге байланысты отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға тиісті
адамдар тобы, - делінген. Осы анықтамаға байланысты отбасы ұғымын мына
төмендегідей негіздер бойынша топтастыруға болады.
Олардан ең алғаш ұғынатынымыз, бұл некемен құрылған, яғни жұбайлардың
қатысуымен қалыптасқан отбасы. Осылайша, некеге тұру арқылы некеге
тұрушылардың арасында Неке және отбасы туралы заңмен белгіленген құқықтар
мен міндеттер туындап, араларында тар мағынада отбасы құрылады.
ҚР Неке және отбасы туралы заңның Неке деп аталатын 2-бөлімінде
некеге тұру, оны тіркеу, некені тоқтату, ерлі-зайыптылар арасындағы өзіндік
және мүліктік қатынастарды құқықтық реттеу туралы нормалар топтастырылған.
Бөлімнің 6-7-тарауларында және Отбасы мүшелерінің али-менттік қатынастары
тақырыбымен белгіленген 5-бөлімінің 18-тарауында қарастырылған. Осылайша,
некемен қалыптасқан, тек жұбайлардан тұратын отбасын тар мағынадағы
отбасы дейміз.
Келесі отбасы түрі балалар мен ата-аналардың арасында, баланы асырап
алғанда асырап алушы мен асырап алынған немесе балаларды тәрбиеге алудың
өзге де нысандарынан туындайтын тәрбиелеуші мен тәрбиеге алынушы арасында
пайда болатын отбасы. Бұл отбасы некесіз де пайда болуы мүмкін, мысалға,
некеге тұрмаған әйелдің бала тууы немесе бір еркектің бала асырап алуы,
т.б. Осы отбасы түрін құқықтық тұрғыдан орта мағынадағы отбасы дей
аламыз. Осы қатынас Неке және отбасы туралы заңның 3, 4-бөлімдерінде
сонымен қатар, 5-бөлімнің 17-тарауында қарастырылған. Бұдан басқа, заңда
тағы бір отбасы түрі қарастырылған, ол заңның 5-бөлімінің Отбасының басқа
мүшелерінің алименттік міндететтемелері тақырыбымен 19-тарауында
белгіленген. Бұл отбасы түрін кең мағынада отбасы дей аламыз. Аталған
отбасына кімдердің жататынын жеке талқылайық. Олар: аға, апа, сіңлі,
қарындастар (137-бап), немерелер мен ата-әжелер (138, 139-баптар), өгей
ұлдар мен өгей қыздар және өгей шешесі мен өгей әкесі. Қысқаша заң тілімен
айтсақ, тікелей және көлденеңінен екінші дәрежеге дейінгі қан туыстар және
өгей балалар мен өгей ата-аналар арасында құрылған отбасын кең мағынада
отбасы дейміз.
Неке және отбасы туралы заңымызда некеге ерлі-зайыптылар арасында
мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру
мақсатымен заңдарды белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және
толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты
одақ делінген. Осы анықтамаға сәйкес некенің белгілеріне қысқаша
тоқталайық:
1) Ең алғаш екі қарсы жыныстан адамдар болуы тиіс. Яғни, неке тек еркек
пен әйелдің арасында ғана болуы мүмкін.
2) Осы еркек пен әйел некеге тұру еркін заңда белгіленген нысанда
білдіруі тиіс. Некеге тұрушылардың некеге тұруына байланысты еріктері бір-
бірінің еркіне сәйкес болуы және заңда белгіленген нысанда АХАЖ бөлімінде
білдірілуі тиіс. Сонымен қатар, осы ерік білдіру тек отбасын құру
мақсатында болуы тиіс, ал, басқа мақсатта болса, ол жалған неке болып,
жарамсыз деп тану үшін даулануы мүмкін.
3) Неке ерлі-зайыптылардың арасында құрылған және олардың арасында
мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар туғызатын кең құқықты одақ.
Біздің құқығымызда некеде жұбайлардың құқықтары кең қарастырған, яғни
бірінің пікірінің басымдылығы танылмаған [14, 44 б.].
Неке-отбасы құқықтық қатынастары деп некелесу, туыстық, бала асырап
алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай,
пайда болатын, отбасы құқығының нормаларымен реттелетін қоғамдық
қатынастардың айрықша бір түрін айтуға болады.
Неке-отбасы қатынастарының пайда болуының басты негіздерінің бірі
ретінде некені қарастыруға болады, яғни отбасы некенің нәтижесінде пайда
болады. Ал, отбасы - қоғамның ең басты ұясы. Сондықтан мемлекет оған ерекше
қамқорлықпен қарайды, мүмкіндігіне қарай көмектеседі, кімнің де болмасын
отбасының ісіне заңсыз араласуына жол бермейді және мемлекет оны қорғайды.
Әрине, некеге отырған, отау тіккен адамдарға мемлекет те белгілі бір
талаптар қояды. Тек осындай талаптар орындалған жағдайда ғана мемлекет
неке, отбасына қамқорлық жасау туралы міндеттемелер алады. Мұндай талаптар
кездейсоқ емес, олар азаматтардың кемелденуінен және сондай-ақ қоғамның
мүдделерінен туындайды. Сондықтан, отау тігу үшін заңда көзделген шарттарды
сақтау қажет.
Некені заңды түрде рәсімдеу дегеніміз оны мемлекеттік азаматтық хал
актілеріндегі жазу органдарында тіркеу болып табылады. Белгілі бір
тәртіппен тіркелген некенің ғана құқықтық күші болады. Бүл ереже неке-
отбасы заңдарының негіздерінің бірі болып табылады. Бұл мән-жайдың ерекше
маңызы бар. Ерлі-зайыптылардың заңдық құқы мен міндеттері неке АХАЖ
органында тіркелгеннен кейін ғана ерлі-зайыптыларды қорғау туралы
міндеттеме алады, оларды ерлі-зайыптылар ретінде таниды, сондай-ақ бұл
отбасыға қамқорлық көрсетеді [15, 24 б.].
Некеге отырғандардың ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына жетуі міндетті. ҚР
заңы бойынша некеге отыру жасы ерлер мен қыздар үшін 18 жас болып
белгіленген. Дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны
бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылдан
аспайтын мерзімге төмендете алады [16, 67-69 б.].
Сонымен, ерлі-зайыптылар арасындағы құқық екі топқа: жеке құқыққа
және мүліктік құқыққа бөлінеді. Жеке құқық адамның өзімен байланысты, оны
одан бөліп тартып алуға болмайды. Оған тегін, мамандығын, жеке қалауы
бойынша қызмет таңдау құқығы жатады. Заң бойынша әйел қыз кезіндегі тегін
сақтауға немесе ерінің тегін алуға құқылы. Отбасылық өмірдегі мәселелерді
шешкен кезде ерлі-зайыптылардың бірінің өз пікірін екіншісіне тануға құқығы
жоқ, әйтпесе, ол жеке бостандықты шектейді. Ерлі-зайыптылардың бірінің
екіншісінің мамандық, қызмет орнын таңдауын шектеуіне құқығы жоқ. Бұл
мәселелер мәжбүрлеусіз, бір-бірінің бостандығы мен қадір-қасиетін құрметтей
отырып шешілуі тиіс. Конституция бойынша еңбек етуіне, мамандық таңдауға,
қызмет түрлерін алуға ері мен әйелі тең құқылы. Ерлі-зайыптылар сондай-ақ
бірінің алдында бірі жауапты. Ол ізгілікті адами жауаптылық қана емес,
сонымен бірге, заң алдындағы да жауаптылық. Заңды жауаптылық ерлі-
зайыптылардың бірі көмекке (сырқаттануына, еңбек қабілетінен айырылуына
байланысты, материалдық кемтарлық жағдайында және т.б.) мұқтаж болған,
екіншісі көмек көрсетуден саналы түрде бас тартқан кез туады. Бұндай жағдай
заң бойынша көмекке мұқтаж жағының екіншісінен алимент өндіріп алу туралы
сотқа жүгіну құқығы беріледі. Іс мұқият қаралғаннан кейін мәселені сот
шешеді. Кейбір жағдайда ерлі-зайыпты алимент төлеуден босатылуы мүмкін.
Егер ажырасуына зайыбы кінәлі болса (аналық міндетін орындамаса, ішімдікке
салынса және т.б.), онда ол алимент алу құқығынан айырылады.

1.2 Неке бұзу шарттары

Ерлі – зайыптылардың жәке және мүліктік құқытық қатынастарының
тоқтатылуын некенің тоқтатылуы деп түсінеді. Неке заңда айқындалған білгілі
бір оқиғаардың тууына байланысты немесе ерлі – зайыптылардың біреуінің не
екеуінің бірдей қалауымен тоқтатылады.
Некені тоқтататын оқиғалар қатарына мыналар жатады:
ерінің қайтыс болуы;
соттың ерлі – зайыптылардың біреуін өлді деп жариялауы;
некенің бұзылуы (ажырасу).
Некенің тоқтату негіздерінің тізімі толық боып табылады.
Ері қайтыс болған немесе ерлі – зайыптылардың біреуі өлді деп жарияланған
жағдайда неке өздігінен тоқтатылады. Егер артында қалған адам жаңадан
некеге тұрғысы келсе, бұрынғы неке бойынша ерінің өлгені бойынша АХАТ
органдары берген куәлікті көрсетсе де жеткілікті.
Соттың азаматты (ерлі – зайыптылардың бірін) өлді деп жариялау жөніндегі
шешімі долбараға ғана негізделеді. Ол адамның өлгені туралы нақты ақиқат
дәлелдер жоқ.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 31 – бабына сәйкес, егер
азамат тұрақты тұратын жерде үш жыл бойына ол туралы ешқандай мәіметтер
болмаса, егер ол өім қаупі төнген жағдайда немесе оның өлімі алты ай ішінде
жазатайым оқиғадан болды деп есептеуге негіз болатын жағдайларда хабар –
ошарсыз кетсе, ол азамат мүдделі адамдардың арызы бойынша сот арқылы өлді
деп жариялануы мүмкін.
Сот азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы шешім шығарған сәттен
бастап, онымен неке тоқтатылды деп есептеледі. Кейде қайтыс болды деп
жарияланған адамдардың шындығында тірі болып шығатын жағдайлары да
кездеседі. Өлді деп жарияланған жұбайы тірі келген жағдайда сот әлгі
шешімді бұзады, бірақ тоқтатылған неке өздігінен қалпына келтірілмейді. Ол
ерлі – зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша АХАТ органдары арқылы
қалпына келтірілуі мүмкін. Егер қалпына келтіру туралы өтініш берілмесе,
ерлі – зайыптылардың екеуінің де тірі екендігіне қарамастан, неке
тоқтатылған деп есептеледі. Басқа жұбай жаңа некеге тұрған жағдайда,
бұрынғы неке қалпына келтіріе алмайды. Жаңа некенің тағдыры түрліше шешілуі
мүмкін: ол не сақталады, немесе бұзылады, бұл кейін бұрынғы жұбайымен
некесін тіркеуге мүмкіндік береді.
Некені бұзу, ажырасу. АХАТ органдарында некені бұзу.
Ерлі – зайыптылардың көзі тірі кезінде неке, олар ажырасса ғана
тоқтатылады.
Ажырасу арқылы некенің тоқтатылуы, АХАТ органдары немесе сотта заңда
белгіленген тәртіп бойынша іске асырылуы мүмкін.
Некені бұзу АХАТ органдарында ерлі – зайыптылардың біріккен және жекелеген
ерекше жағдайларда – жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіледі. Ал
сотта некені бұзу ерлі – зайыптылардың екеуінің бірлескен, сондай – ақ
жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіле береді.
Некені бұзу үшін мынадай үш шарттың болуы қажет:
АХАТ органдарында ерлі – зайыптылардың некені бұзу жөніндегі өзара
келісімі;
кәмелетке толмаған балаларының болмауы;
бір – біріне мүліктік және өзге де талаптарының болмауы.
Некені бұзу АХАТ органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуді қажет етеді.
Тіркеу некені бұзу жөніндегі өтініш берілген күннен бастап бір ай өткенде
жүзеге асырылады. Бір ай мерзім ерлі – зайыптыларға қабылдаған шешім туралы
тағы да әбден ойланып – тоғану үшін беріледі. Некені тіркеу үшін берілетін
мерзімнен айырмашылығы, некені бұзған кезде оның мерзімі ұзартылып не
қысқартымайды.
Ерлі – зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені АХАТ органдарында
бұзумен қатар, заң жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша некенің бұзудың
қарабайыр оңайлатылған тәртібін де белгілейді.
АХАТ органдарының некенің бұзылуын тіркеу кезінде ажырасудың себептерін
анықтауға, ерлі – зайыптыларға татуласу үшін мерзім беруге қақысы жоқ.
Некені сот тәртібімен бұзу.
Ол мынадай жағдайларда іске асырылады:
ерлі – зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балаларының болуы;
ерлі – зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімінің болмауы;
егер ерлі – зайыптылардың біреуі өтініш беруден бас тартып некені бұзудан
жалтарса, некені бұзу үшін мемлекеттік тіркеуге келуден бас тартса, т.б.;
ерлі – зайыптылардың бір – біріне мүіктік талаптарының болуы.
Некелік одақтың тұрақты болуына мемлекет мүдделік танытады. Сондықтан да
соттарға заң арқылы ерлі – зайыптыларды татуластыру жөнінде шаралар қолдану
міндеттері жүктелген. Бірақ, сонымен қатар татуластыру мақсат қана емес,
отбасын сақтаудың амалы ғана. Сондықтан да бұл міндетті орындау мүмкін
болмаса және балаларды не жұбайларды қорғау мүдделеріне қайшы келетін
болса, онда сот некені бұзады.
Егер сот неке біржолата бұзылмаған деген қорытындыға келген жағдайда, ол
істі кейінге қарауға қалдырып, ерлі – зайыптыларға татуласу үшін 3 айлық
мерзім тағайындай алады. Бірақ сот нақты мерзімді әрбір істің жағдайына
қарай бегілейді.
Егер ерлі – зайыптыларды татуластыру шаралары нәтиже бермей және
жұбайлардың біреуі некенің бұзылуын қасарыса талап ететін болса, некені
бұзу іске асырылады.
Егер айырылысатын ерлі – зайыптылардың кәмелетке толмаған балалары
болып және жұбайлар ол балалардың кіммен қалатындығы жөнінде келіспеген
жағдайда, бұл мәселені сот шешеді. Сот балалардың ата – анасының біреуімен
қалатындығы жөнінде не баланың ата – анасының әрқайсысымен қалатындығы
жөнінде (егер екі бала не одан көп болса) шешім шығара алады. Соның өзінде
сот кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін ғана еске алу керек. Сондай –
ақ балалардың мүдделерін және болашақ ананың денсаулығын қорғау мақсатында
заңның 15 – бабында мындай қағида көзделген: Әйелдің жүкті кезінде және
нәрестенің бір жасқа толмаған кезінде әйелдің келісімінсіз некені бұзуға
болмайды.
Айырылысатын жұбайлар ортақ мүліктерді бөлісу жөніндегі мәселені кейбір
жағдайларда өздері дербес шешеді. Бірақ ерлі – зайыптылар келісімге
келмеген жағдайда мүліктерді бөлуді сот іске асырады және әдетте, оларды
тең бөледі. Егерде некелік шартта мүліктерді бөлісу мәселесі қарастырылған
болса, онда сот мүлікті екі жақтың не бір жағының талабы бойынша осы
келісімшартқа сәйкес бөледі.

ІІ. Мұсылман құқығы бойынша отбасы мүшелерінің құқықтық жағдайының
ерекшеліктері
2.1 Араб Шығысы мен мұсылман елдеріндегі мұсылман құқығы
 Мұсылман құқығы рулық-тайпалық құрылыстың ыдырау және Араб халифатында
VII—X ғасырларда феодалдық қоғамның қалыптасу кезеңінде пайда  болды.
Мұсылман құқығы — шариғат VII ғасырдан бастап –ақ көрші елдерге кеңінен
таралды. Негізінен жаулап алу жорықтары арқылы таралған мұсылман құқығы
кейіннен Орта Азия, Завкавказье, Шығыс, Батыс және Солтүстік Африка,
Оңтүстік-Батыс, Оңтүстік-Шығыс және Батыс Азияда кеңінен қолданыла бастады.
Мұсылман құкығы жүйесінде құран басты орын алады. Мұсылмандар үшін қасиетті
болып саналатын бұл діни кітап барлық оқиғаларды түсіндіреді, адамның
өмірге келуі мен өлуінс дейінгі барлық жағдайға талдау жасайды және түсінік
береді.
Мұсылмандық құқықтың дінмен байланысы өзінің түбегейлі тұжырымдамасы мен
теориялық қайнар көзі негізінде басқа құқықтық нормалардан өзгешелігімен
айрықшаланады. Мұндағы құқықтық діни-этикалық нормалар мазмұны жағынан әр-
түрлі болғанымен, бір-бірімен сабақтас және бір-бірін толықтыра отырып,
біртүтас құқыктық жүйе құрайды. Мұсылман кұқығы заң ғылымының жеке саласы
емес, ол ислам ілімінің бір ғана саласы. Мұнда ислам дінінін қағидалары —
шариғат — адамдардың мүддесі үшін жүзеге асуы тиіс міндетті идея ретінде
көрсетілген. Шариғатты орындамаған жағдайда адам заң бұзушы болып табылады.
632 жылы Мұхаммед пайғамбар қайтыс болғаннан кейін VIII ғасырдың басына
дейін мұсылман құқығының дамуы казуальды, яғни жүйеленбеген жолмен жүрді.
Мүхаммедтен кейінгі оның ізбасарлары; Әбубәкір, Омар, Оспан және Әли нақты
дауларды шешкенде Құран мен суннаға сүйенеді. Егер қандай да бір сұраққа
жауап табылмаған кезде олар жаңа діни қағидалар мен нормаларды
қалыптастырды. Уақыт өте келе Құранда адам өмірі мен оның іс-әрекеті түгел 
қамтылмайтындығы анықталды.
XI ғасырдан бастап мұсылман қүқығының бірнеше құқыктық мектеп-ағымдары
дамыды.
Оның бірі сунниттік бағыттағы мұсылман құқығы 1. Хани-фиттік — негізін
салушы Әбу Ханифа (699—767 ж.ж.) (Иран, Түркия. Ауғанстан, Пәкістан,
Үндістан, Египет); 2. Маликиттік — негізін салушы Малика бен Анас (713—795
ж.ж.) (Солтүстік және Батыс Африка); 3. Шафиттік — негізін салушы аш-Шафий
(767 -819 Ж.Ж.) (Сирия, Индонезия, Шығыс Африка); 4. Ханбалитік — негізін
салушы Бен Хапбала (780—855 ж.ж.) (Арабия).
Шииттік бағыттағы мүсылман құқығы да джафариттік, исмалиттік, зейдиттік
және т.б. мектеп ағымдарға бөлінді.
Дәстүр кезеңінің алғашқы екі-үш ғасырында мүсылман құқығының қалыптасуы
негізінен аяқталды. Доктрина іс жүзінде оның ресми қайнар көзі болып
танылды. Мұсылмандык мемлекеттік құқық муджтахидтың заң шығару билігін
ресми түрде бекітті. Осы кезенде сонымсн бірге "шариғаттың үстемдігі"
концепциясын жасау аяқталды. Бұл концепция казіргі кездегі "құқык
үстемдігі" мсң "құқықтық мемлекет" теориясымен үндесіп жатыр. Осы концепция
бойынша мемлекет басшысы өзінің билік әрекетінде муджтахидтер
қалыптастырған мұсылмандық құқық нормаларына сүйенеді. Алғашқы кезде
мұсылмандық-құқықтық доктринаны айқындау үшін қолданылған "фикх" термині,
кейіннен мұсылмандық құқықтың объективті мағынасының қатынасында қолданыла
бастады. Мұсылмандык құқықтың маманы Дж. Шахт осы жағдайды ескере отырып,
мұсылман құқығы "заңгерлер құқығының тамаша үлгісі бола алады" деп атап
көрсетті.
Мусылмандық теория бойынша мұсылмандық құқықтың барлық нормалары
Құраннан және суннадан алынған.  Мұсылман құқығын зерттеушілер бұл жерде
сілтеменің мұсылмандық қүқықтың барлық нақты жағдайды қамтығандығы туралы
болып отырмағандығын да атап көрсетеді. Яғни осы негізге сүйене отырып
барлық істің шешімін табуға болатындығы ғана көрсетілген. Мұнан мұсылман
құқығында ешқандай қайшылықтың жоқ екендігі, барлық халықта және барлық
жағдайда құқықтық норма калыптастыруға болатындығы туралы тұжырым жасауға
болады.
Мұсылмандық құқықтың доктриналық таңдануы оны жүйелеуде қиындық
туғызғанымен, оның белгілі бір икемділікпен дамуына мүмкіндік берді. Бұл
процесте діни құқықтанушы-ғалымдардың ролі біртіндеп өсе түсті.
 Мұсылман құқығына қатып қалған догма жоқ. Қандай да бір істі болмасын
шариғат жолымен шешуге болады. Мұсылман құқығының тұтастығы мен икемділігі
және күштілгі де осыдан айқын көрінеді.
Араб халифаты кезінде Бағдад қаласы үлкен мәдени орталыққа айналды.
Жаулап алынған елдерден және көрші мемлекеттерден рухани қазыналар
әкелінумен бірге, бұл қалада дүниенің түкпір-түкпірінен келген ұлы ойшылдар
мен ғұламалар еңбек етті. Грек және рим өркениетінін таңдаулы өкілдері
Платонның, Сократтың, Аристотельдің, Эвклидтің, Цицеронның және т. б.
шығармалары араб тіліне тәржімаланып, олардың озық ойлары мұсылман елдеріне
кеңінеп танылды. Мұның өзі Шығыс үлгісі мен Еуропа мәдениетінің өзара
үндесіп. Шығыс саяси-құқықтық ойының дамуына жаңа серпін берді Осы кезеңде
букіл әлемдік мәдениетке белгілі болған Әл- Кинди, Әл-Фараби, Ибн Сина
(Авиценна), Ибп Рушдт және т.б өсіп жетілді. Олар ғылымның басқа
салаларымен қатар саяси-құқықтық ойда да әлі күнгс дейін мәнін жоймаған ұлы
шығармалар қалдырды.
 Мұсылман — құқықтық саяси теориясындағы басты мәселе — мүсылмандық
билік пен басқарудын арнайы түрі — халифаттық өзара байланыстар
аспектілерінің мәні туралы болды. Халифаттьң анықтамасы туралы мүсылмандық
мемлекеттанушы Әл-Маварди бьлай дсп жазды "Имамат — діни сенімді корғау
миссиясы мен жердегі iстерді басқарудың пайғамбарлық мұрасы болып табылады"

Мұсылман саяси теориясында мүсылман мемлекеттерінің басшларын орнынан
алу және сайлау туралы дәлме-дәл анықтама жоқ. Бірақ Әл-Маварди
еңбектеріндс айтылғандай (сунниттік концепция бойынша жоғары азаматтық және
діни билік мүрагерлік тәртіппен немесе бұрынғы билеушінің тағайын-дауымен
емес, қауым мсн халифат билігіне үміткер арасындағы ерекше шарт бойынша
іске асырылады. Ал шииттік саяси концепцияда халиф қауым арқылы
сайланбайды, ол Алла мен пайғамбардың тікелей өкілі болып табылады. Халиф
өзінің мүрагерін сайлай алады немесе пайғамбардың күйеу баласы Әли-дің
тікелей ұрпақтарына мүрагерлікке қалдыра алады. Өйткені Мухаммед
Пайғамбардын артында еркек жынысты ұрпак қалған жоқ еді. Ол қайтыс
болғаннан кейін Әбу-Бөкір (632—634), Омар (634 644), Осман (644 -656) және
Әли (656—666) халифат билігіндс болды. Әли қайтыс болғаннан кейін
халифтікке Омеядтер әулетінен шықкан Муавид келді. Омеядтер әулетінің
билігі 661 жылдан 750 жылға дейін созылды. 750—1253 жылдар аралығында Араб
Халифатындағы билік Аббасидтер әулетіне көшті.
Әл-Маварди халифтік басқару формасының артықшылығын мемлекет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Неке отбасы құқығын жүзеге асыру және қорғау
Халықаралық жеке құқықтағы неке қатынастарының түсінігі
Некені тоқтану мәселелері
Мұсылмандық құқықтың қайнар көздері
Неке шартының түсінігі және маңызды шарттары
Қазақстан Республикасындағы және шетелдердегі неке шарты ұғымы және маңыздылығы
Мұсылман құқығының діни жинақтарындағы құқықтар
Араб халифаты
Исламдағы әйел мәселесі
Мұсылмандық құқық
Пәндер