Зейнетақы реформасы


МАЗМҰНЫ
Кiрiспе . . . 3-4
I Зейнетақы жүйесiн реформалаудың теориялық негіздері
1. 1 Зейнетақы жүйесiнің дамуы және оны реформалаудың алғышарты мен ерекшелiктерi . . . 5-10
1. 2 Зейнетақы жүйесінің негізгі түрлері немесе әлемдік тәжірибе . . . 11-15
II ҚР зейнетақы жүйесінің қызмет ету механизмі
2. 1 Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қызмет ету механизмі . . . 16-18
2. 2 ҚР зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайына талдау . . . 19-22
III Зейнетақы жүйесiн реформалаудың даму перспективасы
3. 1 Капитал рыногының дамуы және экономикалық өсу . . . 23-27
3. 2 Зейнетақы жүйесін реттеудің перспективалы бағыттары . . . 28-31
Қорытынды . . . 32-33
Пайданылынған әдебиеттер . . . 35
Қосымша
Кіріспе
Қазақстан Республикасында әлеуметтік-экономикалық жүйелердің барынша қарқынды дамыған бөлімдерінің бірі - зейнетақы жүйесі. Бүгінгі таңда, зейнеткерлердің жинақтаған қорларының зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жеткіліксіздігі, демографиялық мәселелердің толық қанды шешілмегендігі, өмір сүру ұзақтығының және еңбек ақы төлеудің әр түрлілігі, ерлер мен әйелдердің зейнетақы мөлшеріндегі айырмашылықтары қазіргі кездегі шешімін таппаған өндірістегі мүгедектік мәселелердің болуы және зейнетақымен қамтамасыз ету түрлерінің өзгеруінің барлығы да - мемлекет тарапынан дұрыс реттеуді қажет ететін әлеуметтік-экономикалық мәселелер болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: ҚР зейнетақы реформасының даму жағдайын, мемлекеттік зейнетақымен қамтамасыз ету мотивтерін талдау.
Курстық жұмыстың міндеті:
-ҚР зейнетақы реформасының міндеттерін, мазмұнын ашу;
-ҚР зейнетақы реформасының жағдайын және жетілдіру жолдарын ашу.
Курстық жұмыстың өзектілігі: ҚР-ның зейнетақымен қамтамасыз етудегі қайта құру мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз етудегі шеңберінде түпкілікті өзгеріс жасауды қажет етеді. Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген, ұрпақтардың ынтымағы принципiне негiзделген зейнетақымен қамсыздандыру жүйесi iс жүзiнде өзiнiң мүмкiндiктерiн тауысты. Зейнетақы қорының қаржы жағдайының дағдарысы түбегейлi өзгерiстердi және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесiне шұғыл реформалар жүргiзудi талап етедi.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдаған “Қазақстан -2030”Жолдауында “Барлық қазақстандықтардың гүлденуiнің, қауiпсiздiгiнің және дамуының басым бағыттарының бiрi - халықтың материалдық және әлеуметтiк өмiр сүру деңгейiн жақсарту” деп атап өтті. Әлемнің тиімді дамып келе жатқан 50 елінің қатарына енуі үшін мемлекет халықты зейнетақымен қамтамасыз етудің деңгейi мен сапасын жақсарту нәтижесінде Қазақстан азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасауы тиіс. Ол үшін халықтың экономикалық және әлеуметтiк жағдайларының маңызды құраушыларының бірі - Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы қорлары әрі қарай қарқынды дамып, зейнетақы жүйесі бәсекелестікке қабілетті болуы керек. Бұл Қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді. Қазақстанда ең жоғарғы зейнетақы 2012 жылы 56 047 теңгені құрайды. Мемлекеттің базалық зейнетақысы 8 720 теңгені немесе «күнкөріс шегінің» 50 пайызын құрайды, келешекте ол 100 пайызға жетуге тиіс. Әзірге біз Елбасы Жолдауынан оның 2016 жылға қарай күнкөріс шегінің 60 пайызына жететіндігін біле-міз. Бірақ ешқандай құжатта оның қашан 70, 80, 90 және ақырында, 100 пайызға жететіндігі туралы ақпарат жоқ.
Экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде кешіктіріліп берілетін зейнетақы жойылып, зейнетақы жүйесі оң нәтижелерге ие болуда. Зейнетақы жарнасы қазіргі кезеңде салымшылардың нақты зейнетақысын көбейтуге және ел экономикасын инвестициялауға бағытталған екі қызметті атқаруда.
Аталған жетістіктермен қатар, зейнетақы қайта құрулардың әдістемелік есептеулерде жіберген қателіктер де болды. Атап айтқанда, 1998 жылдан бастап қосылған құн салығы, табыс салығы сияқты салықтар қатарына еніп кеткен біріңғай әлеуметтік салықтың (БӘС) енгізілуінде болып отыр.
Зейнетақымен қамтамасыз етудің бүгінгі күндегі маңызды кемшілігі - жоғары дәрежедегі зейнетақымен қамтудың болмауы. Қазіргі таңда зейнетақы мөлшері халықтың өзекті мәселесіне айналған. Нарыққа сай барынша жоғары болмай отыр және азаматтардың еңбектік салылымы дұрыс ескерілмеген. Бұл ҚР Президентінің жолдауындағы: “Зейнетақының мөлшеріндегі бұрынғы еңбек үлесіне сүйеніп анықталатын табысты шектеу өзгертілсін” деген ойымен де расталды.
Қазіргі кезде ірі құрылтайшылары бар ЖЗҚ қызмет етуде. Мұндай қорлардың сәтті қызмет етуі, құрылтайшылардың жағдайына және салымшыларының санына тікелей байланысты. Яғни, қосымша зейнетақымен қамтамасыз етуге, әзірше, тек ірі кәсіпорындардың, банктердің және өндірістік-қаржы топтарының жұмыскерлері ғана сенуіне болады. Зейнетақы төлемдерін сатып алу қабілеттігі күрт төмендеуімен қатар, мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз етуге қатысу мотивтері де, сақтандыру жарналарын төлеу де төмендеді. Сонымен қатар, келешектегі зейнетақы мөлшері және оны есептеу тәртібі көптеген салымшыларға түсініксіз болып қалуда.
Бұрын мемлекет зейнетақы төлеудi өз мойнына алса, қазiр әрбiр адам өзiнiң кәрiлiк жағдайын қамтамасыз етуге жеке өзi жауапты әрине, бұл өзгерiстi көпшiлiк қауым салқын қабылдап, бұрын алдап кеткен қаржы пирамидаларымен теңестiрдi. Айта кетерлiк жайт, ақпарат құралдарында зейнетақы жүйесi туралы ақпарат тұрақты жариялануының және осы туралы пiкiр сайыстардың нәтижесiнде, қазiр көпшiлiк бұл жүйеге бiраз сенiмдiлiк танытып, оны өзiнiң кәрiлiгiн қамтамасыз етуiнiң негiзгi жолы ретiнде қабылдап жатыр. Бұл жүйенiң iс-әрекетiнен барлық адам шет қалмай тындықтан, ол актуальды тақырып болып табылады.
I. Зейнетақы жүйесін реформалаудың теориялық негіздері
1. 1 Зейнетақы жүйесінің дамуы және оны реформалаудың алғышарттары мен ерекшеліктері
Қазақстан 1998 жылы 1 қаңтардан бастап зейнетақымен қамсыздандырудың бұрынғы ынтымақтық жүйесінен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшті. Бұл орайда ынтымақтық жүйе де сақталды. Ынтымақтық жүйе бұрынғы зейнеткерлерді зейнетақымен қамсыздандырады және келешекте ынтымақтық жүйеде жұмыс стажын толық өткерген, бірақ жинақтаушы жүйеде зейнетақы алуға жеткілікті ақша жинауға мүмкіндігі болмаған адамдарды зейнетақымен қамсыздандырады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінде әрбір азамат өз табысынан зейнетақы жарнасын (еңбекақы түрінде төленуге тиіс табысының 10%-ын) аударып, өз зейнетақысын жеке өзі дербес жинайды. Сөйтіп, зейнетке шыққан кезде жинақталған ақша салымшыларға олардың жеке зейнетақы шоттарынан төленеді. Сонымен бірге аталған заңға сәйкес жұмыс істеушілер мен жұмыс берушілердің мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларына аударатын ерікті жарналарынан құралатын қосымша зейнетақы төлеу тәжірибесі де қалыптаса бастады.
Қазақстанда зейнетақы реформасын жүргізген сәттен бастап 14 жыл ғана өтті. Алайда бүгінгі таңда қазақстандықтар зейнетақы жүйесі басқаша болғанын ұмытып та қалды. Кеңес заманы бойы қолданылған және жалпы әділдік қағидаттарына жауап бермеген бұрынғы жүйе КСРО ыдырағаннан кейін бірден өзінің жарамсыздығын көрсетті. Жаңа жүйе 14 жылдың ішінде өзін ақтап шықты және тиімділігін көрсетті. [1]
Кеңес Одағының ыдырауымен миллиондаған қарт азаматтарға қанағаттандырарлық деңгейде күн көруге мүмкіндік берген зейнетақымен қамсыздандырудың бірыңғай жүйесі қирады. Бұрынғы жүйе жоспарлы экономикаға тәуелді еді, ал жоспарлы экономика зейнетақымен қамсыздандыру үшін бірқатар артықшылықтарды қамтамасыз етті және буын ынтымақтастығы қағидаттарына сәйкес құрылған еді.
Зейнетақы жалақы қоры сомасынан бекітілген пайыз мөлшерінде аударымдар жүргізу есебінен қалыптасты. Зейнетақыны есептеу жалақы мен өтілдің орташаланған көрсеткіштері бойынша жүргізілді. Бұл ретте зейнетақының мөлшері шектеліп, белгілі бір санаттағы жұмыскерлерге және қызметкерлерге белгіленген деңгейден аспады. Осындай социалистік әдіс адамдардың зейнетақыға шыққан уақытқа дейін қаражаттар жинау ниетін шектеді.
Жалпы басқару жүйесінің құлауымен және ТМД елдеріндегі экономикалық дағдарыспен зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің күйреуі табиғи нәрсе. Бағаларды ырықтандыру, жоғары қарқынды инфляция, өндірістің құлдырауы жұмыс орындарының қысқаруы және өнімдерді өткізу нарығын жоғалтқан кәсіпорындардың жабылуы, төлемдердің дағдарысы, бақылауға алынбайтын көші-қон процестері және басқа да жағдайлар зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің дағдарыстық жағдайын анықтайтын екі негізгі үрдіске алып келді: сақтандыру жарнасын төлеушілер санының азаюына және әлеуметтік төлемдерді алуға құқылы үміткерлер санының көбеюіне. Сондықтан мынандай сауал туындайды: орасан зор және тиімсіз бақылау аппаратының және әкімшілік-командалық бақылау жүйесіне тән репрессияның қызмет етуін сақтау қажет пе әлде нарықтық қатынастарға негізделген өзін-өзі реттейтін жүйенің тиімді экономикалық механизмін құру қажет пе, атап айтқанда: көптеген елдерде экономикалық өркендеуге жол ашқан кең ауқымды мемлекеттік емес зейнетақы қорларының жүйесін құру.
Ресейліктер он жыл бұрын мемлекеттік емес зейнетақы қорларын (МЗҚ) құруды қолға алды. 1995 жылдың шілде айында Қазақстанда алғашқы Қазақстандық ерікті зейнетақы қоры тіркелді.
Халықты зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі кез-келген ұйымдастырылған білім беру сияқты өзгерістерге ұшырады, өз салымшыларының мүддесін қорғайтын сұлбаға түсті. 1991 жылдан бастап Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыруды жүргізу құрылымы мен қағидаларын жаңа экономикалық қарым-қатынастарға сәйкес келтіре бастады. Қазақстанда зейнетақыны қайта жалғастырудың жөнелтілім нүктесінің бағдарламасы «1994 жылғы республикалық бюджетті нақтылау туралы» заңды қабылдау болып есептеледі, мұнда зейнетақыны қарттығына байланысты және мүгедектігі бойынша, жәрдемақы асыраушысынан айырылған кезде берілетін және әлеуметтік зейнетақылар деп бөлу алғаш рет енгізілді. Сол кезде зейнетақы қоры Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қармағына өтіп кетті. Зейнетақымен қамсыздандырудағы жүргізілетін тәртіпке келтіру бюджеттен жүктеменің бір бөлігін алуға, қарттығына байланысты зейнетақыны қалыптастыруға қаражатты аудару жұмыс берушілер мен жұмыс істеушілердің өздеріне, жеке меншік кәсіпкерлерге жүктелді.
Келесі қадам 1995 жылы бекітілген Зейнетақымен қамсыздандыру тұжырымдамасы болды. Ал 1997 жылы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң қабылданды. Келесі үш жыл - аралас үлгі бойынша жинақтаушы зейнетақы жүйесінің, яғни мемлекеттік - жеке меншіктің қалыптасуы және жұмыспен өтеу кезеңі. Зейнетақылық активтерді басқару бойынша алғашқы зейнетақылық қорлар мен компаниялар пайда болды. Енгізілген жүйенің мақсаттарымен мыналар анықталды: тұрақтылықты қамтамасыз ете отырып, зейнеткерлердің тұрмыс деңгейін арттыру және елдегі бюджет - қаржы теңгерімділігін қамтамасыз етуге қатысу. Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы жүйесін қолдану әлеуметтік тұрақтандырғыш және қаржы делдалды екі жақты атқарымымен көрінеді.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры - салымшылардың тек міндетті зейнетақы жарналар алымын жүргізетін және алушыларға Қазақстан Республикасы Үкіметі белгіленген тәртіппен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыратын үшінші заңды тұлға.
2015 жылға дейін еліміздің жинақтаушы зейнетақы қоры бұрынғыша және толыққанды болып қала береді. Бұл Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры сияқты мұндай субъектінің уақытша қызметімен түсіндіріледі. Алайда, бұл институт - МЖЗҚ - өзіндік ерекшелігі бар жинақтаушы зейнетақы жүйесінің толық құқықты қатысушысы болып есептеледі.
Зейнетақы қорлары әрдайым келесі операцияларды жүргізіп отырады:
- Зейнетақымен қамсыздандыруға құқығы бар адамдармен зейнетақы келісімшарттарын жасасу;
- Салымшыларға жеке зейнетақы шоттарын ашу;
- Түсетін зейнетақы жарналарын есептеу;
- Комиссия сийақысын салу;
- Басқа қорлардағы қорланымды аудару;
- Қате аударылған жарналарды қайтару;
- Инвестициялық табысты бөлу;
- Салымшының өтініші бойынша зейнетақы шартына түзетулер енгізу, атаулы деректемелерді өзгерту, т. б.
- Зейнетақы қорланымының жай-күйі жөніндегі ақпаратты беру;
- Бір филиалдан басқасына қызмет көрсетуге аудару;
- Зейнетақы қорланымдарын оны алуға құқығы бар адамдарға төлеу;
- Қорланымды өтініш бойынша басқа қорға аудару;
Қазақстанда деректердің бірегей базасы қызмет етеді, онда келісімшарт қашан жасалғаны, жарнаның сомасы, түрлі өзгерістер туралы ақпараты бар барлық салымшылардың зейнетақы шоттары ескеріледі.
Зейнетақы қорлары өздері қаражатқа билік жасамайды, олар кастидион - банкте сақтауда болады. Оларға зейнетақы жарналары мен активтерін инвестициялауға рұқсат берілмеген, бұл атқарымдар зейнетақы активтерін басқаратын ұйымдарға берілген. Бұл аспектінің маңыздылығын ескере отырып, зейнетақы қорлары салымшыларының ақша қаражат айналымы сұлбасы көрсетіледі. [1]
Зейнетақы активтерінің қозғалу жүйесіне жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылары, Зейнетақы төлемдері жөніндегі мемлекеттік орталық, жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақы активтеріне инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар, кастадион - банкілер жатады. Жүйенің барлық элементтері «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңның баптары мен ҚР Үкіметінің қаулыларына сәйкес құрылған. Олардың атқарымдары нақты көрсетілген.
Қордың зейнетақы активтерінің қозғалысына кастадион - банкілер қатысады, олардың тікелей міндеттері құнды қағаздар мен ЖЗҚ салымшыларының ақшалай қаражаттарын сақтаудан, зейнетақы активтерімен операциялар жүргізуге бақылау жасаудан тұрады. Зейнетақы активтерінің сақталуы үшін банк зейнетақы қоры алдында жауапкершілікті банк өзінің меншікті капиталымен кепілдік береді. Кастадион - банк жинақтаушы қорлар активтернің орналасуына бақылауды жүзеге асырады және олар заңдарға сәйкес келмеген жағдайда зейнетақы активтеріне инвестициялық басқаруды іске асыратын ұйымның тапсырмасын оқшаулауға міндетті.
Бұл ережеге сүйене отырып, жинақтаушы зейнетақы қоры тек бір кастадион - банкпен байланыста болады, ал сол кезде мұндай шектеу кастадион - банктерге жүрмейді. Олар бір немесе бірнеше ЖЗҚ - мен жұмыс істеуге құқылы.
Өтпелі кезеңде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңы бойынша зейнетақымен қамсыздандырудың үш деңгейінің құқықтық қарым-қатынастары реттеледі:
Біріншісі - әлеуметтік зейнетақы, мемлекеттік немесе жергілікті бюджеттен төленеді және үкімет бекіткен ең төменгі күн көріс деңгейіне кепілдік береді. Ол белгілі бір себептермен еңбек өтілі жоқ мүгедектерге, жетімдерге, қартайған азаматтарға беріледі.
Екіншісі - ынтымақты зейнетақы, еңбек өтілінің ұзақтығы мен жалақы мөлшері ескеріліп тағайындалады. Ол заңды және жеке тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын есебінен, сондай - ақ елдің мемлекеттік бюджетінен тікелей қаржы бөлуімен қаржыланады.
Заңды тұлғалар үшін міндетті зейнетақылық аударымдар еңбекақыны төлеу қорының 10% мөлшерінде, ал кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке тұлғаларға айлық табыстың 5% мөлшерінде анықталды. Үкімет бекіткен ұйымдар мен қоғамдардың тізбесінен, мысалы, Ерікті мүгедектер қоғамы немесе Қазақ зағиптар қоғамы, еңбекақы төлеу қорынан 3% аударады.
Ынтымақты зейнетақы қоры Қазақстанда зейнеткерлер қатарына шыққан ұрпақтар мен 1998 жылдың 1 қаңтарына жұмыс өтілі 6 айдан кем болмағандар кездескенге дейін қызмет етеді.
Үшінші деңгей - азаматтардың міндетті және ерікті зейнетақы жарналарынан қалыптасатын мемлекеттік емес зейнетақы. Ол адамның бүкіл белсенді еңбек қызметі бойынша қорланады және ЖЗҚ - да шоғырланады.
Қазақстанның зейнетақы жүйесі бірқатар қағидаларға сүйенеді. Оның бірі - қорланымның қайтарымдылығы. Жеке азаматтың, қоғамның әл -ауқатын көтеруге бағытталған. Бұл қағиданың нәтижесі қазіргі еңбек істеп жүрген ұрпақтың зейнетақы алған кезінде білінеді.
Елде халқымыздың өмір сүру ұзақтығына қатысты үрдіс - оң. Әлі жалпы дүниежүзілік деңгейге қол жеткізілмесе де, бұл жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қызметі үшін артықшылық болып есептеледі. (2 кесте) . Еркектердің арасында ең ұзақ өмір сүру Жапонияда (76, 9 жыл) және Канадада (76, 2), әйелдердің арасында Жапонияда (83), Францияда (82, 1), Канадада (81, 9) . Зейнетақыдағы еркектердің ең ұзақ өмір сүруі Францияда (14, 4) және Италияда (14, 2), әйелдерде - Италияда (25, 3) және Швецарияда (19, 9) . [1]
Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті жарналар аударылуының толықтығы мен уақыттылығын салық органдары бақылайды. Жарнамалар сомасын аударуды кешіктіргшен жағдайда әрбір кешіктірген күн үшін ҚР Ұлттық банкі белгілеген 1, 2 есе қайта қаржыландыру мөлшерлемесі мөлшерінде өсімақы есептелеіп өндіріп алуға жатады.
Зейнетақы жүйесінің маңызды қағидасы - еңбек еткеннен кейінгі өмірге жеткілікті соманы жинақтай алмаған оның қатысушыыларына мемлекеттік кепілдікті сақтау. Бұл санатқа жұмысы төмен төленетін адамдар және де жоғарыда айтылған әйелдер жатады.
Зейнетақы қорларына қатысушылардың жеке есебі, сондай - ақ қызметкерлердің зейнетақы жарналарын жүргізудегі мүдделігін күшейте түсуге мүмкіндік береді. Дербестендірілген есептің міндеті - зейнетақының дәл тағайындалуын сақтау және зейнетақы жарналарын толық және уақтылы енгізілуіне бақылауды күшейту.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі халықтың басқа да жинақ ақшасын тартуы тиіс. Әйтсе де салымдардың орташа мөлшерлері әлі шамалы, олардың серпіні жинақ ақшаның бұл нысанына халықтың қызығушылығы өсе түскенін көрсетеді. Жинақ ақша артуының жаңа нысандыры оларды жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өрісінде пайдаланудан көрінеді.
Халықтың еңбек табыстары барлық ақшалай табыстарының (жалдау мен дербес жұмыпен қамтудан, меншіктен, сатудан табыстар; әлеуметтік трансферттер мен басқа түсімдер) 4/3ке жуық шамасын құрайды . Осы тұрғанда ақша шығыстарының негізгі үлесі - 86%-ды құрайтын тұтынушылар шығысы (яғни тамақ азық-түліктерін, азық - түлікке жатпайтындарды сатып алу) . Сонымен бірге, олардың 50%-дан астамы азық - түлік тауарларын сатып алуға кетеді.
Зейнетақы жүйесі ерікті қосымша салымдар үшін де, тартымды болу үшін де қызмет етуге тиіс. Халықтың ақшасын жинап алу жеткіліксіз, зейнетақы активтеріне инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын зейнетақы қорлары мен ұйымдарының міндеті - оларды салымшылардың пайдасына көбейту.
Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің эволюция үдерісінде дамуының әрбір кезеңінде өзіне тән проблемалар туындайды. Бастапқысында олар ұйымдық сипатта болды. Жұмыс істейтін адамдардың барлығы да олардың жалақысының бір бөлігі қайда, қандай қорға жіберілетінін, қандай қорды таңдап алу керектігін білмеді. Мұндай жағдайда халықтың көпшілігі Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының, яғни «үнемдеу жөніндегі» қордың, мемлекетке көбірек сенетіндігі себебінен салымшылары болды. Дегенмен зейнетақы активтерінің жалпы көлеміндегі мемлекеттік емес зейнетақы қорларының үлесі бірте бірте арта түсті.
Атап айтқанда, бұрыннан, ең жоғарғы табыстылық Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорларында байқалды. Сөйтіп, зейнетақы қорларының теріс табыстылығына жүйелік себептер, (инфляциия, ақшаның құнсыздануы, теңге бағамының көтерілуі, құралдар тапшылығы) әсер етті.
Қазақстанда 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жаңа зейнетақы жүйесi жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс iстей бастады. Жаңа зейнетақы жүйесiне көшудiң себебiне жауап берсек, ең алдымен, бұрынғы яғни “ынтымақтастық” жүйенiң механизмiн зерттейiк. “Ынтымақтастық” жүйесiнде зейнетақылар кәсiпорындардың өз қызметкерлерiне, жұмысшыларына төлеген зейнетақы жарнасы есебiнен төлендi. Бұл жүйеге келесi факторлар әсер етедi:
- түу көрсеткiшi;
- жұмыс iстеушiлер мен зейнеткерлер санының арақатынасы;
- өмiр сұру ұзақтығы.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейiн экономикалық байланыстар үзiлiп, экономикалық дағдарыс басталды да жұмыссыздық күрт өстi, яғни жұмыс iстейтiндер саны азайып, зейнеткерлiк демалысқа шығуға құқысы бар адамдар өстi және еңбек ресурсының көбеюiне әсер ететiн туу көрсеткiшi де тым төмендеп кеттi. Бұл жұмыс iстейтiндер мен зейнеткерлер санының арақатынасына керi әсер еттi. Қазiргi кезде 1 зейнеткерлерге 1, 7 жұмыс iстеушi келедi. “Ынтымақтастық” жүйесiнде зейнетақы үздiксiз берiлiп тұруы үшiн 1 зейнеткерге бiрнеше жұмысшы сәйкес келуi қажет және жарна уақытында бюджетке аударылуы тиiс. Ол жарналардың үзiлiсiне және оның аз мөлшерде түсуiне әкелiп зейнетақы қоры iс жүзiнде банкротқа ұшырады. Осы жағдайларды ескере отырып Қазақстандағы зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiнiң кризиске ұшырауының негiзгi себептерi:
а) халықтың қартаюы, туудың төмендеуi, жұмыссыздықтың көбеюi, жұмыс iстеушiлер мен зейнеткерлер арасындағы қатынастың төмендеуi. Бұл көрсеткiш қазiр 1 ге 1, 7 болып табылып, әлiде төмендей түсуде.
б) бюджеттiк емес қорларға аударылуы тиiс мiндеттi жарналардың жоғары болуы (жиынтық көлемi 32%-ке дейiн жететiн) және төлем байланыстарының жоқ болуы уақтылы төлемеуге, төлеуден жалтаруға, бюджеттiк емес қорларға беретiн есепте минимальды табысты көрсетуге, тiптi салық органдарында тiркелуден қашып, бiрақ та белсендi түрде жұмыс iстеуiне әкелiп соқтырды. Осыдан келiп мемлекеттiк зейнетақы қорына барлық кәсiпорындардың қарызы 35-40 миллиард теңгенi құрады. Төлемдердiң аз түсуiне байланысты декларацияда көрсетiлген табысқа, салықты көбейту қажеттiлiгi туындап, ол өз кезегiнде әлi де болса уақтылы төлеп жүрген кәсiпорындардың салықтан жалтаруына итермеледi.
в) зейнетақы жарналарын жеке тiркемеудiң жоқ болуы әркiмнiң өзiнiң кәрiлiгiн қамтамасыз етудегi ынтасын жойды.
г) бюджеттiк емес қорлар қаражатының жұмсалуын дұрыс қадағалау.
е) барлық облыстардың жергiлiктi түсiмдерден зейнетақы төлеу мүмкiндiгi бiрдей емес. Осыған байланысты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк жақтан қорғау Министрлiгi түсiмдердi қайта бөлу механизмiн жасады. Ай сайынғы жиналған жарналардың 30%-тi республикалық шотқа түседi. Министрлiк бұл шотта жиналған қаражатты тапшылық бар облыстар арасында бөлiстiредi. Облыс бойынша зейнетақы көлемiнiң әр түрлi болуы әдiлеттiкке жатпайды, және көп түсiм түсетiн облыстың жарналарды жинауға көп ынта көрсетпейдi, себебi артығы басқа облыстарға бөлiну үшiн кетедi.
ж) орталықсыздандыру әкiмшiлiк жұмыстардың қайталануына әкелдi. Аумақтық тұрғыда операцияларды министрлiктiң бөлiмшелерi жүргiзедi, ал екiншi жағынан барлық аумақтық бөлiмшелер әкiмге бағынады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz