Статистикалық кестелер


ЖОСПАР
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Статистикалық кестелер:Статистикалық кесте және оның түрлеріСтатистикалық кестені безендірудің негізгі ережелері
- Статистикалық графиктер:Статистикалық графиктер және оларды салудың ережелеріГрафиктің түрлері бойынша және олардың негізгі түрлері
- Статистикалық карталар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Жалпы статистикада санды мәліметті жариялап көрсетудің бірнеше жолы бар. Оның жиірек қолданылатын түрі - мәліметті қара сөзбен жазу, кестеге түсіру және сызықты икекіндеме (график) арқылы көрсету жатады.
Мәліметті сөз арқылы түсіндірудің маңызы жоғары болғанымен, ол өте көп жазуды керек етеді және әр уақытта түсінікті бола бермейді. Мәліметті жеңіл, түсініңті көрсету үшін кесте және кескіндеме қолданылады.
Бұл жұмыста осы стаистикалық мәліметтерді көрнекті етіп көрсету үшін қолданылатын статистикалық кестелер, графиктер, диаграммалар, карталар және олардың түрлері жайлы негізгі бөлімде толық қарастырылған. Негізгі бөлім 3 бөлімнен: Статистикалық кестелер, Статистикалық графиктер және Статистикалық карталар тұрады. Оның ішінде бірінші және екінші бөлімнің әр қайсысы үш-үштен бөлімшелерге бөлінген.
Негізгі бөлімнің бірінші бөлімі статистикалық кестелерге арналған және онда осы кестелер жайлы, оның элементтері, түрлері, сонымен қатар, статистикалық кестелерді безендірудің негізгі ережелері қамтылып, мысалдармен көрсетілегн.
Екінші бөлімі статистикалық графиктер мен диаграммаларға арналған. Мұнда графиктердің түрлері бойынша класиффикациясы, диаграммалардың негізгі түрлері, графиктерді салудың ережелері берілген.
Үшінші бөлімде статистикалық карталар қарастырылған. Статистикалық карта деген не және оның қандай түрлері бар екендігі ашып көрсетілген.
Жұмыс жоғарыда аталған үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
Негізгі мақсаты - статистикалық мәліметтерді көрнекі және түсінікті етіп көрсетудің қандай жолдары бар екендігін және оларды практикада қолданудың тиімділігін көрсету.
Статистикалық кестелер
Статистикалық кестелер - жинақтау және топтастыру нәтижелерін безендіру құралы, сондай-ақ статистикалық мәліметтерді талдау және оны графикалық түрде көрсету құралы болып табылады. Статистикалық элементтері 1-кестеде көрсетілген.
Кесте №1
Статистикалық кестенің негізгі элементтері
Қатарлардың аттары (жанындағы атаулары)
Статистикалық кестенің басқа кенстелік қалыптардан келесі өзгешеліктері бар:
- Статистикалық жиынтықтың бірліктерін жинақ сипаттамасы беріледі, бір немесе бірнеше қорытынды шығарылады.
- Эмпирикалық ақпараттардың есебінің қорытындысы көрсетіледі.
- Сиппатталатын объектілер көрсеткіштер жалпы атау түрінде көрсетіледі.
Жалпы алғанда статистикалық кесте әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерді көрсететін экономикалық көрсеткіштердің қатарын ыңғайлы көрсету үшін қолданады. Статистикалық кестенің негізі - горизонталь бойынша қатар, ал вертикаль бойынша графаны құрайтын, өзара қиылысатын горизонталь мен вертикаль сызықтардың қатары. Атаулары толтырылған графалар мен қатарлар кестенің макетін құрайды (2-кесте) .
Кесте №2
Студенттер үлгерімінің сабаққа қатысуларына тәуелділігі
Студенттердің
саны, адам
Статистикалық кесте үш түрлі тақырыпшадан тұрады: жалпы, жоғарғы, жанындағы.
Жалпы атау кестенің мазмұнын көрсетеді, ол макеттің үстіне ортаға орналасады және сыртқы атау болып табылады. Жоғарғы атау графаның (баяндауыштың атауы) мазмұнын көрсетеді, ал жанындағы атау қатардың (бастауыштың атауы) мазмұнын көрсетеді.
Статистикалық кестеде бастауыш дегеніміз цифрлармен сипатталын объектілер. Бастауыш кестенің сол жағында тұрады, ол бір немесе бірнеше жиынтықтан, жиынтықтың жеке бірліктерінен(фирмалар, кәсіпорындар) тұрады.
Статистиакалық кестедегі баяндауыш эерттеу объектісі сипатталатын көрсеткіштер жүйесін құрайды. Баяндауыш жоғарғы атауларды құрайды. Бастауыш пен бпяндауыш орындарын ауыстыра аладыв, кесте бастауышына және баяндауышына қандай материалды орналастыру статистикалық кестенің алдына қойылған міндетке байланысты.
Кестелердің түрлері
Бастауыштың құрылымына байланысты статистикалық кестелер қарапайым, топтық және комбинациялық болып бөлінеді, ал баяндауыштары бойынша қарапайым және күрделі болып бөлінеді.
Қарапайым статистикалық кестеге - баяндауышында топтар жоқ, керісінше аймақтық бірліктер, упақыт бірлігі көрсетілген тізімдері бар статистикалық кестелер жатады. Қарапайым кесте ең көп таралған кесте. Сондай-ақ ұарапайым кестенің бастауыштары түрі аймақ, уақыт қағидасы бойынша қалыптасады (3-8 кестелер) .
Топтық статистикалық кестеге - зерттелетін объектілер бастауышында нышандары бойынша топтарға бөлінген кестелер жатады. Басқаша айтқанда, топтық кестелер статистикалық ақпараттардың жиынтығына топтау әдісін қолданудың нәтижесінде пайда болады (9-кесте) .
Күрделі комбинациялық кестеге - бастауышында бірліктердің тобы комбинацияда алынған екі немесе бірнеше нышан бойынша жиынтығында келтірілген кесте (10-кесте) .
- Қарапайым монографиялық кесте.
Кесте №3
Мемлекеттік жинақ займының облигациясының котировкасы
(млн. теңге)
- Түр қағидасы бойынша қарапайым тізімдік кестелер
( 4, 5, 6-кестелер)
Кесте №4
Мемлекеттік жинақ займының облигациясының котировкасы
(млн теңге)
Серия нөмірлері бойынша
облигациялар
Бастауыш - мемлекеттік жинақ займының облигациясы
Кесте №5
2007 жылғы негізгі биржалық тауарлардың бағалары
Орташа баға
теңге/т
Ұсыныстың
жалпы көлемі, т
Бензин А - 76
Бензин А - 92
Дизель отыны
1584000
1965000
955000
3000
5000
4000
1000
1000
3000
Бастауыш - тауардың аттары.
Кесте №6
2007 жылы вексель орталықтарына сатуға қойылған банктік қарыздар
Қарыздыгер
банктердің
тізімі
Қарыздың жалпы
сомасы,
млн теңге
Орташа ставка,
млн теңге
144, 0
144, 0
500, 0
1168, 8
100, 0
1292, 8
740, 0
75
75
70
80
100
75
75
75
75
70
85
100
75
75
Бастауыш - қарыздыгер банктердің тізімі.
- Аймақтық қағида бойынша қарапайым тізімдік кесте
Кесте №7
Тамақ өнімдеріне орташа көтерме
Алматы
Тараз
Астана
Атырау
Ақтау
Шымкент
8400
9500
10400
10300
13000
8300
11700
13800
16000
12100
17000
11300
1
11500
9800
10800
18000
1
13700
17000
17500
13700
24000
13000
13550
14400
15000
15800
19500
18000
20200
17500
18750
18000
23500
23000
Бастауыш - қалалар тізімі.
- Уақыт қағидасы бойынша қарапайым тізімдік кесте
Кесте №8
Ағаш өнімдеріне фьючерстік келісімшарттардың котировкасы
Мамыр
Маусым
Шілде
Тамыз
Қыркүйек
Қазан
466, 4
468, 1
470, 4
474, 6
477, 6
481, 3
467, 0
468, 3
470, 9
474, 8
477, 9
482, 0
466, 7
468, 2
470, 6
474, 7
477, 7
481, 6
+900
+550
+900
+1650
+2250
+3050
6255
3717
1311
796
182
59
Бастауыш - келісімшартты орындау айлары
- Топтық кесте
Кесте №9
2007 жылы жасөспірімдердің жасаған қылмысын бөлу (жасы)
1
2
3
13-ке дейін
14-15
16-17
250, 2
401, 2
584, 5
168, 6
206, 2
281, 5
81, 6
128, 1
166, 1
-
66, 9
136, 9
Бастауыш - қылмыс жасаған жасөспірімдер тобы.
- Күрделі комбинациялық кестелер
Кесте №10
Банктік қарыздардың котировкасының мөлшері бойынша қорлық нарығының эмитенттерін бөлу
50-75
75-100
6
9
50-75
75-100
2
2
50-75
75-100
3
2
50-75
75-100
11
13
Бастауыш - қор биржасының эмитенттер тобы.
Статистикалық кестені безендірудің негізгі ережелері
Статистикалық кестені безендірудің негізгі ережелері:
- Статистикалық кестелер мүмкіндігінше ыңғайлы және көлемі бойынша кішігірім болуы қажет. Кестедегі сандар талдау жасағанда құбылыстың мәні қатарларда солдан оңға және жоғарыдан төмен оқитындай етіп орналасуы қажет;
- Кестенің атаулары және графалар мен қатарлардың атаулары анық, қысқа және кестенің мағынасын көрсетуі қажет. Кестенің атауында объектісі, қасиеті, уақыты және орны болуы қажет. Мысалы, «2007 жылы қор биржасындағы АҚШ долларының курсы»;
- Кестенің графасында орналасқан мәліметтер қорытынды қатармен аяқталуы қажет. Топтау және комбинациялық кестелерде әрдайым қорытынды қатар мен графа болуы қажет;
- Талдауға ыңғайлы болу үшін үлкен кестелерде әр бес қатардан кейін бос қатар қалдыру қажет;
- Егер жеке графалардың атаулары өзара қайталанатын болса немесе бірдей мағынасы болса, онда оларға ортақ атау беру қажет. Бұл әдісті кестенің бастауышына да, баяндауышына да қолданады;
- Кестедегі қатарлар, графалар нөмірленеді, бастауыштың графалары алфавиттің А, В, С үлкен әріптерімен, баяндауыштың графалары араб сандарымен белгіленеді;
- Талданатын құбылыстың бір жағын сипаттайтын өзара байланысты мәліметтерді көрші графаларға орналастыру қажет. Мысалы, кәсіпорындардың саны және зауыттардың үлестік салмағы;
- Графалар мен қатарлардағы өлшем бірліктер бастауыш пен баяндауыштағы көрсеткіштерге сәйкес келуі қажет;
- Кестедегі сандармен ыңғайлы жұмыс істеу үшін сандарды графаның ортасына бірінің астына бірін: бірліктің астына бірлікті, үтірдің астына үтірді орналастыру қажет;
- Талданатын әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың жоқ мәліметтерін келесідей: а) егер ол позиция толтырылмайтын болса «х» жазылады; б) бір себептерге байланысты мәліметтер болмай қалса « . . . », «мәлімет жоқ» жазылады; в) егер құбылыс жоқ болса «-» жазылады;
- Егер кестеге түсіндірме - қосымша мәлімет қажет болса, ескертпе беріледі;
- Статистикалық кестелерді толтыру мен безендірудің келтірілген ережелерін сақтау зерттелетін әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың жағдайы мен дамуы туралы статистикалық ақпараттарды көрсету, өңдеудің негізгі құралы болып табылады.
Статистикалық кестелердің ақпараттары бойынша зерттелетін құбылыстар мен процестер туралы толық түсінік алу үшін графиктер мен диаграммалар салынады.
Статистикалық графиктер және оларды салудың ережесі
Әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды қазіргі кезеңдегі талдау мәліметтерді графикалық әдістерді қолданусыз көзге елестету қиын.
Графикалық әдіс - статистикалық мәліметтерді геометриялық фигуралар, сызықтар, нүктелер және әр түрлі символикалық образдар арқылы шартты көрсету әдісі. Статистикалық графиктердің негізгі артықшылығы - көрнектілігі. Графикті салу үшін оның қандай мақсат үшін жасалатынын анықтау және бастапқы материалды терең зерттеу қажет.
Статистикалық графиктердің негізгі элементтері: графиктің алаңы, графикалық бейне, кеңістіктік және масштабтық бағдарлар, графиктің экспликациясы.
Графиктің алаңы ол орындалатын орын, оған қағаз беттері, географиялық карта, жердің жоспары жатады. Графиктік алаңның жақтары белгілі бір пропорциямен салынады. Жақтары 1:1, 3-тен 1:1, 5-ке дейін тікбұрышты формадағы графиктер ең ыңғайлы графикке жатады, кейде квадрат формасындағы график алаңдары қолданылады.
Графикалық бейне - бұл символикалық белгілер, олардың көмегімен статистикалық мәліметтер көрсетіледі. Графикалық бейнелерге: сызықтар, нүктелер, геометриялық фигуралар және көлемдік фигуралар жатады.
Графикалық бейнелерді график алаңында орналастыру кеңістік бағдарларды анықтайды. Кеңістік бағдарлар координата сеткасымен немесе контурлық сызықтармен беріледі. Статистикалық графиктерде тікбұрышты (декарттық) координаттар жүйесі жиі қолданылады.
Сондай-ақ графикалық бейнелеудің тәжірибесінде полярлық координаттарда қолданылады. Координаттардың полярлық жүйесінде бір сәуле, көбіне оң горизонталды сәуле координат осі болып қабылданады, соған сәйкес сәуленің бұрышы табылады. Екінші координатаға радиус деп аталатын оның сеткасының ортасынан арақашықтығы есептеледі. Радиалды графиктердің сәулелер уақыт кезеңін, шеңберлер зерттелетін құбылыстың шамасын көрсетеді.
Статистикалық графиктің масштабтық бағдарлары масштаб және масштабтық шкаламен анықталады. Статистикалық графиктің масштабы сандық шамаларды графикалық шамаларға ауыстыру өлшемі, ал масшабтық шкала - белгілі бір нүктелері белгілі бір сан болып оқылатын сызық. Шкала сызықтан (шкаланың алып жүруші) және сызықта белгілі бір тәртіппен орналасқан нүктелерден және белгіленген нүктелерге сәйкес сандардың сандық белгілерінен тұрады. Шкаланы алып жүруші тіксызықты және қисықсызықты (шеңбер және доға) . Шкалалар бірқалыпты және бірқалыпсыз болады.
Шкаланы алып жүруші тік және қисық сызықты болуы мүмкін. Сондықтан шкалалар тік сызықты (милиметрлік сызғыш) және қисықсызықты-сопақ және дөңгелек (сағаттың циферблаты) болып табылады. Графикалық және сандық интервалдар тең және тең емес болып бөлінеді. Егер шкаланың өн бойында тең графикалық интервалдарға тең сандар сәйкес келсе, онда бұл шкала бірқалыпты деп аталады. Ал тең интервалдарына тең емес графикалық интервалдар сәйкес келсе бұл шкала бірқалыпсыз деп аталады. Бірқалыпты шкалының масштабы бірлік деп қабылданған және бір шамалармен өлшенген кесіндінің (графикалық интервалдың) ұзындығы.
Экспликация - әрбір графиктің сөзбен сипаттамасы болуы қажет, ол масштабтық шкаланың жазуларынан және графиктің кейбір бөліктеріне түсіндірмеден тұрады.
Графиктің түрлері бойынша классификация
Графиктердің көптеген түрлері бар, олардың классификациясы келесі қасиеттерге негізделген:
а) графикалық бейнелерді салу әдісі;
ә) графикалық бейнелеудің көмегімен шешілетін міндеттер;
б) статистикалық көрсеткіштерді бейнелейтін геометриялық белгілер.
Графикалық бейнелерді салу әдісі бойынша статистикалық графиктер диаграммаларға және статистикалық карталарға бөлінеді.
Диаграммалар - графикалық бейнелеудің кең тараған әдісі. Диаграммалар сандық қатынастың графиктері және бір-біріне тәуелсіз жиынтықтарды салыстыру үшін қолданылады.
Статистикалық карталар - нақты территория бойынша сандық бөлудің графиктері. Статистикалық карталардың міндеті - статистикалық көрсеткіштерді кеңістістікте орналастыру. Графикалық бейне бойынша статистикалық карталар картаграммалар және картодиаграммаларға бөлінеді.
Графикалық бейнелеудің көмегімен шешілетін есептерге байланысты салыстыру диаграммасы, құрылымдық диаграмма және динамика диаграммасы болып бөлінеді.
Графиктің ерекше түріне ваиациялық қатарлармен көрсетілген шамаларды бөлу диаграммасы, олар гистограмма, огива, камулята.
Статистикалық көрсеткіштерді бейнелейтін геометриялық белгілер бойынша графиктер нүктелік, сызықтық, жазықтықтық және кеңістіктік болып бөлінеді.
Нүктелік диаграммаларды салғанда графикалық бейне ретінде нүктелердің жиынтығы, сызықтық диаграммаларды салғанда графикалық бейне ретінде сызықтар жиынтығы қолданылады.
Жазықтықтық диаграммаларды салғанда графикалық бейне ретінде геометриялық фигуралар қолданылады және олар бағаналық, дөңгелектік, квадраттық және фигуралық болып бөлінеді.
Диаграммалардың негізгі түрлері
Диаграммалардың негізгі түрлерін салуды нақты сандық мысалдардың негізнде қарастырайық:
- Бағаналық мәліметтер тік орналастырылған тікбұрыштардан тұрады.
Бағаналық диаграммаларды салғанда келесі талаптар орындаллуы қажет:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz