Delphi ортасы туралы түсінігі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
КІРІСПЕ5
І Тарау. Delphi ортасы туралы түсінігі7
1. 2. Бағдарламалаудың негізгі түсініктерімен принциптері8
1. 3. Алгоритмдер мен бағдарламалар8
1. 4. Delphi бағдарламасының негізгі терезелері9
1. 5. Визуалды компоненттер кітапханасы14
1. 6. Мәліметтер базасын құру құралдары16
ІІ Тарау. МӘліметтер базасы туралы түсінік19
2. 1. Мәліметтер базасының ұйымдастырылуына қойылатын талаптар19
2. 2. Мәліметтер базасын жіктеу21
2. 2. 1. Иерархиялық берілгендер моделі21
2. 2. 2. Берілгендердің желілік моделі23
2. 2. 3. Берілгендердің реляциондық моделі23
2. 2. SQL мәліметтер базасының стандартты тілі27
2. 3. Мәліметтер базасының архитектурасы29
2. 4. Мәліметтер базасын жобалау35
ІІІ Тарау. МӘліметтер базасын жүзеге асыру37
3. 1. Мәліметтер базасының құрылымы37
3. 2. Мәліметтер базасын құру42
3. 3. Мәліметтер базасына қосылу44
3. 4. Программада қолданылған компоненттер45
Қорытынды53
Қолданылған Әдебиеттер55
Қосымша57
КІРІСПЕ
Бізді қоршаған әлемде ақпарат ағымы өте үлкен. Уақыт өткен сайын бұл ағым тек өсе береді. Сондықтан әртүрлі кез келген мекеме үшін ақпаратты сақтау мәселесі ең өзекті мәселердің біріне айналды. Бұрын аұпаратты сақтау үшін сөрелер қолданылса қазір ұйымдардың көбі ақпаратты компьютерлік әдіспен сақтауға көшіп жатыр. Компьютерлік әдістер үлкен көлемді ақпаратты жүйелеуге, құрылымдауға және тиімді сақтауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде мекемелер, ұйымдар жұмысын мәліметер базасыз елестету де өте қиын. Мәліметтер базасын компьютерлік негізге көшірудің көптеген артықшылықтары бар: ақпаратты компьютерде сақтау әдісі қағазда сақтауға қарағанда арзан, ақпаратқа аз уақыт ішінде қол жеткізуге болады, сонымен қатар компьютер әртүрлі форматты (мәтін, сызбалар, фотосуреттер, дыбыс және т. б. ) ақпаратты сақтауға мүмкіндік береді.
Үлкен көлемді ақпаратпен жұмыс істеу ыңғайлы болу үшін компьютер адам сұхбатын орнататын құралдар керек. Бұл құралдар ақпаратты енгізу, жаңарту, өшіру, сұраныстар жасау мүмкіндіктерін беру керек. Осындай мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін арнайы құралдар деректер қорын басқару жүйесі жасалынған. Қазіргі заманда бұл деректер қорын басқару жүйелері көп пайдаланушылары бар деректер қорын басқару жүйелеріне айналған.
Экономикалық, статистикалық ақпарат күнделікті өсіп отырады. Сондықтан қазіргі кезде қажетті ақпаратты тез табу және алу үшін деректер қорын дұрыс үйымдастыру мәселесі актуальды тақырыптардың бірі болып келеді.
Менің дипломдық жұмысымның мақсаты Көкшетау қаласының статистика орталығына арналған медициналық деректер қорын жасау. Жасалынатын мәліметтер базасы қолданушының жұмыс істеуіне ыңғайлы болуы керек және барлық есептеулерді компьютер өзі жүргізеді.
Бұл тапсырманы жүзеге асыру үшін мен Delphi визуалды бағдарламалау жүйесі таңдадым. Delphi қолданушылар шеңберінің арасында үлкен атаққа ие болды. Онымен күрделі қосымша жұмыстары мен және ақпараттық жүйемен айналысатын қарапайым жүмысшылардан жүйелік программистерге дейін қолданады. Delphi деректер қоры жұмысы үшін тиімді қосымшаларды тез жэне ыңғайлы жетілдіруге көмектеседі. Жүйеде қолданбалы интерфейс құрайтын даму мүмкіншіліктері, кең теру функциясы, қолданбалы есеп санау амалы үшін эдіс жэне құралдары бар.
Дәстүрлі Delphi-ді тез қосымша жұмыс жүйесіне жатқызады. Сонымен бірге бүл жүйеде барлық қазіргі практикалық МҚБЖ мүмкіндіктері бар, MS Access жэне Visual FoxPro сияқты. Ол аспаптық программа қү-ралы көмегімен ыңғайлы қосымша құруға көмектеседі, деректер базасына визуалды сауал дайындайды және де деректер қорларына тікелей SQL сауалын жазады.
Delphi деректер қорына ықшамды және жоқ болған қосымшаларды құруға береді, интернеттегі деректер қоры публикасына қоса. Деректер қоры мен Delphi қолданбалы жұмысты кең аспаптық жинақпен қамтамасыз етеді. Қазіргі технологияны қолдайды, сонымен қатар көп деңгейлі клиент-сервер технологиясы технологиясын жүзеге асыра алады.
Дипломдық жүмыстың құрылымы:
I тарау. Delphi ортасы туралы түсінігі тарауында жалпы Delphi бағдарламасы және бұл бағдарламаның артықшылықтары туралы ақпарат берілген. Бағдарламаның жұмыс істеуі, интерфейсі, компоненттері сипатталған.
ІІ тарау. Мәліметтер базасы туралы түсінік тарауында келесі тақырыптар қарасытырылған: мәліметтер базасы туралы жалпы түсінік, мәліметтер базасына қойылатын талаптар, мәліметтер моделі, SQL тілі және оның қызметі, мәліметтер базасының архитектурасы, оны жобалау.
ІІІ Тарау. Мәліметтер базасын жүзеге асыру. Бұл тарауда мәліметтер базасының құрылымы, таңдалған деректер қорын басқару жүйесі, программада қолданылатын компоненттер туралы баяндалған.
І Тарау. Delphi ортасы туралы түсінігі
Delphi ортасы бүл программист жүмысының жоғарғы нәтижесін қамтамасыз ететін күрделі механизм. Қосымшаларды жасауға арналған программалық өнімдердің ішінде Delphi жоғары орындарға ие. Оның интерактивті ортасы қосымшаларды жасауға өте ыңғайлы болып келеді. Delphi - өте тез дамып келе жатқан жүйе, оның ең алғашқы версиясы - Delphi 1. 0 1995 жылы жарыққа шықты. Жылдан жылға Delphi-дің жаңартылған және жақсатрылған версиялары пайда бола бастады. MSDOC операциялық жүйедегі жұмыс істейтін программалау тілдерінің арасында Delphi -дің алатын орны ерекше. Ол кез келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл Delphi -де түрлік сандық, мэтіндік, графикалық информацияны өңдеу жэне онын терезесінде кез келген фигураларды қолданып, редактор мэзірін қүрып, онымен жүмыс істеу, және тағы басқа күрделі информацияны өңдеуді Windows -тағы сияқты визуалды орындауға болады. Delphi-дің 7 версиясында мынадай жаңартулар пайда болды:
1. Сыртқы түрі Windows 9x және Windows XP нормаларына сәйкес келетін қосымшалар жасау мүмкіндігі пайда болды.
2. IntraWeb компонеттерінің бай жиынтығының көмегімен күрделі интернет қосымшаларын құруға болады.
3. Есептерді құру жаңа Rave генераторы пайда болды. Бұл генератор көмегімен тұрақты және динамикалық есептерді құруға болады.
4. Интерфейстерді импорттау кітапханасы Microsoft Net талаптарын қанағаттандырады.
5. Жаңа функциялар енгізілген және SysUtils, StrUtils, StdConvs, Math стандартты модульдеріндегі ішкі программалар жақсартылған.
6. Model Maker жүйесі UML-диаграммаларды құруға және оның негізінде автоматты түрде Delphi программалық кодатрын генерациялай алады, және керісінше, Delphi қосымшасының программылқ коды негізінде диаграммалар құруғажасауға болады.
1. 2. Бағдарламалаудың негізгі түсініктері мен принциптері
Компьютерлік багдарлама - бүл файлдағы байттардың машиналъщ код тізбектілік түрде көрсетілген процессордың элементарлы командалардың жиынтығы болып табылады. Эр команда бір немесе бірнеше байттармен кодталған. Бүл түрдегі бағдарламаны қолмен істеуге болады, бірақ қарапайым командалардың көмегімен тікелей процессорды басқарудың күрделігінен адам бүндай жұмысты істеуге шамасы жетпейді. Сондықтан бағдарлама жай мэтін сияқты багдарламалаудыц тілінде жазылады. Бүл мэтін бағдарламаның негізгі мәтін (немесе негізгі код) деп аталынады.
Бағдарламалау тілінің командалары түсінікті жэне көрнекті болып табылады. Мысалы, келесі шартты мэтін екі санның қосындысының кішкентай багдарламасы болып табылады.
А1 жэне А2 жолдарға пайдаланушымен енгізілген мэндерді алу
Бүл мэндердің қосындысын есептеу
Нәтижесін A3 жолына орналастыру
Толық шрифтпен белгіленген сөздер командалардың атаулары болып табылады. Бағдарламалау тілінің жиі қолданылатын негізгі командалар операторлар деп аталынады және эдетте олар арнайы символдардың немесе кілттік сөздердің көмегімен жазылады. Мысалы, есептеудің нэтижесін компьютер жадысына орналастыруы меншіктеу оператор көмегімен ұйымдастырылады.
- Алгоритмдер мен бағдарламалар
Бағдарламаны құрастыруына дейін бағдарлама жұмысының алгоритмы құрастыру жэне ойластыру қажет. Алгоритм - тапсырманы шешу процесінің сипаттамасы қатаң және формалды болу керек. Бағдарламаның негізгі мәтіні компилятор деп аталынатын арнайы бағдарламаның көмегімен процессордың нүсқау жиынына автоматты түрде аударылады. Borland компаниясының Pascal тілі компиляторлары дүниедүзіндегі ең жылдам компиляторларының бірі. Жоғары жылдамдық Delphi компиляцияланған жолдар санын көрсетпейтіндігінде байланысты. Delphi жүйесінде бұл үшін тек бір команданы істеп немесе бір батырмасын басу процесі жетеді. Бір секунда ішінде - компилятор-бағдарлама негізгі кодының мыңдаған жолдарын талдап, аударады.
- Delphi бағдарламасының негізгі терезелері
Delphi 7 ортасы дайын құрудағы әр түрлі бөліктеріне жауапты арнайы бағдарламалардың жиынтығы кіретін өңдеушінің интегралды ортасы болып табылады.
Бағдарламаның негізгі мәтіні Delphi 7 ортасында негізгі мәтіндердің енгізілген редактор көмегімен жасалынады. Бүл редактор арнайы белгілеудің иілгіш мүмкіндіктермен ажыратылады жэне жиі кездесетін қүрылымдарының тез еңгізуіне мүмкіндік береді.
Delphi 7 бағдарламаның 6 түрлі терезелер бар:
1. негізгі терезе
2. агаш объекті терезе
3. объектілердіц инспектор терезе
4. браузер терезе
5. форма терезе
6. багдарлама-коды терезе
- Негізгі терезе. (Сурет 1. 4. 1. ) Бағдарлама құрастыратын проектіні басқарудың негізгі формасын негізгі терезе арқылы іске асыруға болады, ол терезенің көлемі өзгермейді, онда бағдарламаның негізгі мәзірі, пиктографиялық батырмалар және компоненттер палитрасы орналыстыры лған.
Терезенің негізгі мәзірі проектіні басқару үшін қажетті қүралдарымен жабдықталған және де терезенің барлық элементтері арнайы панельдерде орналастырлып, оның сол жақ бөлігінде панелді басқаратын батырмалар бар. Негізгі мәзірден басқа да кез келген панелдің терезеден алып тастауға болады. Ал қолданылатын панель жоқ болса, оны баптаулардан қосып алуға болады. Панельді алып тастау үшін сол панельді үстап негізгі менюдің шекарасынан шығарып тасауыңыз қажет. Панельдегі батырмалардың мәндерінің қүрамын өзгерту үшің, тышқанның оң жақ пернесін сол панельге апарып басамыз. Алдыңда көмекші меню шығады. Ол менюда панельдердің мынадай аттарның тізімі орналасқан: Standart, View, Debug, Custom, Component Palette^ Desk Tops, Internet, Customze.
Сурет 1. 4. 1. Негізгі терезе.
- Агаш объекті терезесі. (Сурет 1. 4. 2. ) Бүл терезе тек 6-шы нүхқаудан пайда болды. Ол жекек компоненттер арасындағы байланысты формада көрнекі түрде көрсетуге араналған. Оның қажеттілігі күрделі бағдарлама жазу кезінде қажетті бағдарламаның тез іздеп табу үшін арналған. Мұнда компоненттер сілтеуіштегі файлдар сияқты орналасады. Бүл терезеде кез келген компоненттері бар тышқанның пернесін екі рет бассаңыз, сол компонентке арналған OnClick оқиғасы шығады. Ал, бір рет бассаңыз сәйкес компонент формада белгіленеді.
Сурет 1. 4. 2. Ағаш объекті терезесі.
- Объектілердіц инспектор терезесі. (Сурет 1. 4. 3. ) Бүл терезеде екі парақ бар:
а) Properties - қасиет
ә) Events - оқиға
Properties парақта компоненттің қажетті қасиетін орнатуыңызға болады. Ал Events парағынаң компоненттің оқиғаға деген реакциясын анықтауңызға болады. Формаға орналастырылатын әрбір компонент параметрлер жиынымен сипатталады: өлшемі, түсі, орнатылған орны, т. с. с. Кейбір компоненттің өлшемін программист форма терезесінде де өзгертуге болады. Бірақ өлшемі көп компоненттерге қажет болған жағдайда осы терезені қолданылады. Компоненттің қасиеті формадағы көрінентін бөлігіне әсер етсе оқиғасы атқаратын қызметіне әсер етеді. Ол үшін оқиғасы парағына келіп, қажетті қызметін таңдап, тышқанның перенсін 2 рет бассаңыз, алдыңызға «Программа коды» терезесіндегі сәйкес процедура шығады.
Сурет 1. 4. З. Объектілердің инспектор терезесі.
- Форма терезесі. (Сурет 1. 4. 4. ) Бұл терезе болашақ бағдарламаның бейнесі, яғни Windows проекциясы. Басында бүл терезе бос болады, дәлірек айтқанда, онда максимизация, минимизация жэне терезені жабу батырмалармен тақырыптық жолды қамтитын рамкадан тұрады. Терезенің барлық жүмыс аймағы координаталық сеткалардың нүктелермен толтырылған. Ол қажетті компоненттерді дұрыс орналыстыруға арналған. Бірақ бағдарлама орындалу барысында бүл нүктелер көрінбейді. Егер бұл нүктелер қажет емес десеңіз Tools/Environment Options баптау терезесін шақырып онда Display Grid жалаушасын алып тастау керек.
Сурет 1. 4. 4. Форма терезе
- Багдарлама-коды терезесі(Cypeт 1. 4. 5., ) . Delphi-де программа қүру 2 процесстің тығыз байланысуынан түрады:
1. Программаның визуалдық көрінісінен құру;
2. Программаға қажжетті қызмет атқаратын код жазу процестері.
Прогарммалау код терезесі трекст программасын өзгерту жэне құру үшін арналған. Бүл текст арнайы ережелер жэне программаның жүмыс атқаруының сипатталуы бойынша жасалынады. Осы текст жазу ережелерінің жиынтығын программалау тілі деп атаймыз. Delphi жүйесінде Pascal программалау тілінің жаңартылған версиясы Object Pascal тілі қолданылады. Бұл тілді 1970 жжылы Швейцария ғалымы Н. Виртон ұсынған. Уақыт өте келе Borland корпорациясының программистері бұл тілді жаңартты. [2; 1156. ]
Delphi-дің визуалды ортасы прогарммалаудың өте көп аспектісіне ие болса да, осы ортада жұмыс істейтін кез келген программистке Object Pascal программалау тілін білуі қажетті шарт. Программалау код терезесі алғашында тек Windows терезесінің толық түріндегі бос форматының қалыпты қызметінің атқаратын тексттен тұрады. Программист жүмыс істей келе программаға қажетті толықтыруллар процедуралар енгізеді. Delphi-ді жаңа қосқан кезде оның пректісін жасамай тұрып, программа код терезесін ашқанда мынадай жолдар шығады.
UnitUnitl; interface uses
Windows, Messages, SysUtils, Variants, Classes, Graphics, Controls, Forms,
Dialogs; type
Tforml = class(Tform) private
{ Private declarations } public
{ Public declarations } end;
var
Forml: Tforml; implementation
{$R*. dfin}
end.
Жаңа форма үшін программа терезесіне осы толтытру автоматты түрде қойылалды. Форма терезесі программаның сыртқы көрінісін атқаратын болса, сол көріністің қызметін осы толықтыруда жжазамыз. Ол толықтыру {$R *. dfm} мен end арасына енгізіледі. Ал қажжетті процедураның спатталуы да автоматты түрде енгізіледді.
Біз Unit пен Implementation арасындағы жолдарды қозғаймыз. Себебі Delphi қажетті енгізуді өзі толтырады. Ал жасалған процедурасының біреуі программа жасау барысында өшіруіміз қажет. Программа код терезесімен бірге Browser терезесі де қосылады. Ол терезе программа код терезесіндегі қажежтті оператор мен процедураларды тез іздеп табу үшін арналған. Ол да сілтеуіш сияқты қолданылады.
Сурет 1. 4. 5. Бағдарлама-коды терезесі
Delphi 7 жүйесінде, айтып кеткендей, арнайы формаларды проектілеуші бар, оның көмегімен болашақ бағдарламаның терезелері форма түрінде
дайындайды. Проектілеуші терезелердің оптималд өлшемін таңдауға, эр түрлі басқару элементтер мен мәзірді орналастыру және келтіруге, дайын суреттерді қосуға, мәтінді енгізуге көмектеседі.
Құрастырылып жатқан бағдарламаның негізгі міңездемесі тұтынушы интерфейстің қолайлылғы, қажетті басқарушы элементтердің бар болуы жэне ыңғайлылығы.
1. 5 Визуалды компоненттер кітапханасы
Формаларды құрастыру кезінде программа дайын компоненттерден (машиналық кодтың бөліктері ) құрылады. Олар қосымшаларды құру ортасына кірістірілген объектілер типінің жиынтығы. Компоненттер жиынтығын визуалды компоненттер жиынтығы Visual Component Library (VCL) деп аталады. Delphi тағы бір жақсы жағы ол дайын компонентерді пайдалумен қатар жаңа компоненттер құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Delphi бар компоненттерді де жақсартуға болады. Объект класстары иерархия түрінде құрылған абстрактілі, аралық және дайын компоненттерден тұрады. Компоненттерді формаға тышқанның бірнеше шертеуімен орналастыруға болады. Компоненттер бірнеше өзіндік панелдерге бөлінген компоненттер палитрасында орналасады. (Сурет 1. 5. 1. )
Сурет 1. 5. 1. Компоненттердің палитрасы
Delphi-дің негізгі байлығы болып компонеттер палитрасы болып саналады. Ол негізгі терезенің оң жақ бөлігінде оналастырылып, компонеттердің функционалдылығына байланысты топ бойынша, қажетті компонеттерді тез іздеп тауып алуға арналған парақтарға бөлінген. Әр топтың функционалдылығына байланысты аттары бар. [5; 1186. ]
Компонент - дегеніміз анықталған қасиеттері бар программист көмегімен форма терезесіне орналастырылатын функционалдық элемент. Компоненттредің көмегімен прогармманың бейнесі қүрастытрылады. Пиктографиялық батырмалар сияқты компоненттер палитрасын да өзгертуге болады. Ол үшін кез келген пиктограммаға тышқанның оң жақ пернесін басқандағы Properties опциясын таңдаумыз қажет.
Компоненттердің өзіндік қасиеттер жиынтығы бар, олар бір-бірінен ажыратылған ерекшеліктермен сипатталады. Кейбір қасиеттер, мысалы Caption, көптеген компоненттерде бар - өйткені бас атау терезеге де, батырмаға да қажет. Кейбір қасиеттер нақты компоненттерге тэн, мысалы Simpletext қасиеті, оның құрамында Қалып-күй жол (Строка состояния) компонентіне арналған мәтін болып табылады.
Форманы проектілеу процесінде компоненттердің қасиеттері Object Inspector көмегімен келтіріледі. Бүл категориялар және алфавит бойынша топталған берілген компоненттің барлық қасиеттерінің тізімін көрсететін арнайы бағдарлама.
Әр қасиеттің мәнін ауыстыруға болады, ол үшін Object Inspector-дың қажетті жолына жаңа жолды енгізу арқылы немесеқолайлы мәндердің ашылған тізімде керекті мэнді таңдау арқл жасауға болады. Кей қасиеттерде енгізілген көмекші қасиеттер бар, мысалы, Font қасиеті өлшем, стиль, түс, гарнитурасымен ерекшеленеді. Нақты компонентке арнайы жасалған және стандартты редакторлар көмегімен осыындай қасиеттерді редактілеуге ңғайлы болып табылады.
Қасиеттерден басқа компоненттерде әдістер - қасиеттердің мәндерін өңдейтін бағдарламалық код - жэне оқиғалар - бағдарламаның жүмыс істеу барсында анықталған іс-әрекет жасалғанда компонент қосмшадан алатын хабарлар (мысалы, тудың (флажок) қалпы өзгереді) . Бағдарламалаушы әр компоненттің әр қасиетіне бағдарламаның реакциясын өз қолымен түрлендіре алады.
Компоненттерді дұрыс таңдап алып жэне бір-бірімен байланыстыруға арналған қасиеттердің қолдану жолымын олардың бірыңғай жүмысын дү-рыс өңдегенде негізгі мэтіннің бір де бір жолды қолмен жазбай қосмшаны жиі құруға болады. Delphi 7 жүйесінде жүздеген дайын компоненттер бар және көптеген тапсырмаларды шығарғанда мүмкін басқа адамдармен істелінген бағдарламалаудың жұмысын істеудің орнына қажетті компонентті (мысалы, Интернетте) табу пайдалырақ болады. Бағдарламаларды құрудағы компонентті әдіс-амал дайын өңдеушілерді қайта қолдануга мүмкіндік береді және көптеген жағдайларда еңбектің эффективтілігін жоғарылатады.
Дайын компоненттерді қолдана алмаған жағдайда қолмен бағдарламалаудың қажеттілігі туады.
1. 6. Мәліметтер базасын құру құралдары
Delphi жүйесінде мәліметтер базасымен жұмыс істейтін программалар құрған кезде BDE механизмі қолданылады. Delphi 7 құрамында BDE 5. 2 версиясы кіреді. Бұл механизм Паскаль тілінде жазылған программалар үшін мәліметтер базасына ыңғайлы да тез қатынауға мүмкіндік беретңн кітапханалар жиынтығы. BDE клиент программасы мен МБ (не ДҚБЖ) арасындағы программалық қабат болып табылады. Қосымшадан жасалған сұраныс BDE механизмінің ішіне жіберіледі. Ал BDE өзінің арнайы жүйелік программалары (драйверлер) арқылы ДҚБЖ-мен жұмыс істейді. Мұндай драйверлер барлық ДҚБЖ-лар үшін жасалынады, ал оларды қолдану үшін Database🢧Explore командасы арқылы SQL Explorer арнайы редакторын шақыру керек. BDE құрамына екі драйверлердің екі жиыны кіреді:
- Бірінші жиын dBase, Paradox, FoxPro, Access файл-сервер ДҚБЖ-на арналған;
- InterBase, IBM DB2, Informix, ORACLE, SyBase, Microsoft SQL Server клиент-сервер ДҚБЖ арналған жиын.
Delphi қолданатын BDE қабаты қосымшаларды белгілі бір ДҚБЖ түрлеріне тәуелсіз болуға мүмкіндік береді. Мысалы, егер бізге қолданушылар санының көбеюіне байланысты «файл-серверлік» ДҚБЖ-дан клиент-серверлік ДҰБЖ-ға өту үшін BDE-нің бірнеше баптауларын өзгерту ғана керек.
Деректерге қатынауды қамтамасыз ететін, оларды көрсететін арнайы компоненттер бар. Қатынау компоненттері МБ байланыс орнату, көшірмелер жасау, таңдау үшін, ал көрсету компоненттері деректерді кесте, тізім ретінде бейнелеу үшін арналған.
Кестелер мәліметер базасында сақталады. Кейбір ДҚБЖ-лар өз кестелерін бірнеше бөлек файлдарда сақтайды. Мысалы, dBase және Paradox кестелерді бөлек файлдарда сақтайды. . DBF және . DB файлдары бар директория МБ деп есептеледі. Ал кейбір ДҚБЖ МБ бір файлда орналасады. Мысалы, InterBase барлық кестелерді . GDB кеңейтілуі бар бір файлда сақтайды. Сондықтан бұл файл мәліметтер базасы болып табылады.
Delphi құрамына кірістірілген Borland SQL Link көмегімен Informix, ORACLE, SyBase, InterBase ДҚБЖ-на қатынау өте жылдам болады.
Delphi пакетінің құрамына МБ жұмыс істеуге және оларды басқаруға арналған басқа да утилиталар кіреді:
DatabaseDesktop утилитасы Paradox, dBase сияқты жергілікті және Informix, ORACLE, SyBase SQL-серверлі МБ-ның кестелерімен интерактивті түрде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Оның көмегімен реляциондық кестелердің құрылымын, индекстерін, алғашқы және сыртқы кілттерді құруға болады.
... жалғасыІІ Тарау. Мәліметтер базасы туралы түсінік
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz