Математика сабағында экономикалық білім беру



Мақсаты: Оқушыларды күнделікті өмірдегі экономикалық түсініктерді ұғынуға, математика сабақтарында алған білім дағдыларын өмірде тиімді қолдануға үйрету.
Міндеті:
1. Экономикалық мазмұнда берілген есептерді шығару арқылы оқушыларға айналадағы заттар мен құбылыстардың математикалық мәнін түсіндіру;
2. Математиканың өмірдегі, техникадағы, өндірістегі байланыстарын анықтау, алған білімін тәжірибеде қолдана білу;
3. Математикадан экономикалық білім беруді жүзеге асыру жолдарын анықтау.
Кіріспе.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы бүгін бізді де “Болашақ баспалдағымен” көтеріліп, бір қадам алға жылжып, егеменді еліміздің туын желбіретуге өз үлесімізді қосуға итермелеп отыр. Салмақты ойларды байыптаған адам өскелең ұрпаққа жауапкершілігі мол маңызды міндеттер жүктелгенін байқайды. Білім шыңына жеткен адам ғана өмірде кездескен қиындықты жеңе алады. Әр қазақстандық, соның ішінде жастар, ел дамуына саналы түрде үлес қосатын болса, Елбасының Қазақстанды әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосу жөніндегі алға қойған асқақ та ауқымды мақсатының жүзеге асуы айдан анық. Болашаққа қадам басқан еліміз дамыған, азаматтары білімді болуы тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы 2014 жыл
2. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл- ауқатының артуы. Алматы: Білім 1998ж.
3. Т.М. Ильичева «Экономика негіздері» Алматы-2010ж.
4. Экономикалық білім негіздері, оқыту әдістемесі 5-11 сынып 2003 жыл.

Пән: Математика, Геометрия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Баяндама тақырыбы:‭ ‬Математика сабағында экономикалық білім беру‭‬.

Орындаған:‭ ‬Рахым Думан

‭ ‬Алматы облысы,‭ ‬Талғар қаласы
‭ ‬Талғар политехникалық колледжі

‭ ‬Жетекшісі:‭ ‬Мынбаева Айнур Болысқызы
‭ ‬E-mail:‭ ‬mynbaeva79‭@‬inbox.ru‭ ‬87013247916

Кіріспе.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың‭ ‬Қазақстан жолы - 2050:‭ ‬Бір мақсат,‭ ‬бір мүдде,‭ ‬бір болашақ‭ ‬Жолдауы бүгін‭ ‬бізді де‭ “‬Болашақ баспалдағымен‭” ‬көтеріліп,‭ ‬бір қадам‭ ‬алға жылжып,‭ ‬егеменді еліміздің туын желбіретуге өз үлесімізді қосуға итермелеп отыр.‭ ‬Салмақты ойларды байыптаған адам өскелең ұрпаққа жауапкершілігі мол маңызды міндеттер жүктелгенін байқайды.‭ ‬Білім шыңына жеткен адам ғана өмірде кездескен қиындықты жеңе алады.‭ ‬Әр қазақстандық,‭ ‬соның ішінде жастар,‭ ‬ел дамуына саналы түрде үлес қосатын болса,‭ ‬Елбасының Қазақстанды әлемнің дамыған‭ ‬30‭ ‬мемлекетінің қатарына қосу жөніндегі алға қойған асқақ та ауқымды мақсатының жүзеге асуы айдан анық.‭ ‬Болашаққа қадам басқан еліміз дамыған,‭ ‬азаматтары білімді болуы тиіс.‭
Қай заманда да жастық жігері мен алып күш-қайратын сарқа жұмсайтын жігерлі жастарымызға қолдау білдіріп,‭ ‬бастаған бағыттарынан жаңылмауына бұл тұжырымдаманың берері мол.‭ ‬Өйткені,‭ ‬ол болашаққа бағытталған баянды бастамадан басталып,‭ ‬табыс пен дамуға апаратын сара жолды бағыттайды.‭ ‬Құжатта маңызды міндеттер,‭ ‬даму жолындағы атқарылар іс-әрекеттер,‭ ‬басым бағыттарымыз,‭ ‬соның ішінде сапалы білім,‭ ‬ерен еңбек,‭ ‬жастардың мәдени дамуы,‭ ‬кәсіпкерлікті дамыту,‭ ‬жастар денсаулығы мен саламатты өмір салтын насихаттау,‭ ‬жас отбасылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту жан-жақты көрініс тауып,‭ ‬аталмыш мәселелердің шешімін табу жолдары қарастырылған.‭ ‬Мұндай қолдауға ие болған жастар өз мүмкіндіктерін мемлекетімізді нығайтуға жұмсайтыны анық.‭

Қазақстанда Елбасының бастамасымен бәсекеге қабілетті мамандар даярлау үшін техникалық және кәсіптік білім жүйесін түбегейлі өзгерту үдерісі басталды.‭
‬Нарықтық қатынастар экономикалық өмірге дендеп енуіне байланысты,‭ ‬қоғам талабына сай мектеп математика курсының кейбір тарауларына ерекше көңіл бөліп,‭ ‬оқушыларға экономикалық мазмұнды есептер шығарту керек.‭ ‬Республика көлемінде шығатын газет-журнал беттерінде жарияланатын есептердің экономикалық хал‭ – ‬ахуалын белгілейтін таблицаларға шолу жасап,түсіне білулері қажет,‭ ‬әсіресе,‭ ‬белгілі материалдарды,‭ ‬диаграммалар мен таблицаларды,‭ ‬экономикалық мазмұнды есептерді оқушылар өздері құрып,‭ ‬шеше білгендері жөн.‭
Жас ұрпақты тәрбиелеуде,‭ ‬оқытуда бүгінгі күннің жаңалығы мен талабы үйлесім тауып,‭ ‬ізденіске ұйытқы болуы керек.‭ ‬Егемендігімізді алған елдегі жас ұрпақ бойына қазақтың ұлттық психологиясын,‭ ‬кең пейілділікті,‭ ‬ер жүректілікті,‭ ‬ақынжандылықты және даналықты сіңіре отырып,‭ ‬экономикалық білімін‭ ‬дамытуға көңіл бөлу керек.‭ ‬Бұдан оқыту мен тәрбиелеу процесін жетілдіру ғана емес,‭ ‬оқушының‭ ‬экономикалық сауатты дамуын қамтамасыз ететін жүйе жасау қажеттігі туады.



‬Мақсаты:‭ ‬Оқушыларды күнделікті өмірдегі экономикалық түсініктерді ұғынуға,‭ ‬математика сабақтарында алған білім дағдыларын өмірде тиімді қолдануға үйрету.
Міндеті:‭
Экономикалық мазмұнда‭ ‬берілген есептерді шығару арқылы оқушыларға айналадағы заттар мен құбылыстардың математикалық мәнін түсіндіру‭;
Математиканың өмірдегі,‭ ‬техникадағы,‭ ‬өндірістегі байланыстарын анықтау,‭ ‬алған білімін тәжірибеде қолдана білу‭;
Математикадан‭ ‬экономикалық білім беруді жүзеге асыру жолдарын анықтау.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі:‭
‬ Экономикалық тәрбие оқушылардың бойына іскерлік,‭ ‬құнттылық,‭ ‬ұйымшылдық өмірде практикалық қажеттіліктен шығу,‭ ‬еңбекке деген саналық және шығармашылық қатынастарды қалыптастырады.
Зерттеудің болжамы:‭ ‬Егер математика сабағында экономикалық білім беру теориялық әдіснамалық‭ ‬тұрғыда негізделіп,‭ ‬жүзеге асыру жолдары анықталса,‭ ‬әлеуметтік экономикалық жағдайда бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптасады.

Негізгі бөлім

‬ Қазақстанның білім беру жүйесінде экономикалық ойлауды қалыптастырудың маңызды факторы ретінде,‭ ‬мемлекеттік саяси білім мен тәрбие ісі ерекше бағыт алып отыр.‭ ‬Қазіргі қоғамда шаруашылық саласында экономикалық білім,‭ ‬экономикалық тәрбие,‭ ‬экономикалық мәдениет‭ – ‬деген ұғым жиі кездеседі.‭ ‬Экономикалық тәрбие адам бойында тәртіптілік,‭ ‬ұжымшылдық,‭ ‬ұқыптылық,‭ ‬іскерлік,‭ ‬еңбектегі шығармашылық т.‭ ‬б.‭ ‬қасиеттер дарытуға бағытталған.‭ ‬Тәрбиенің ең өзекті мәселесі‭ – ‬білім негізінде жеке адамның ғылыми көзқарастарын қалыптастыру арқалы қоғамдық тұрмыстағы адамдардың өндірістегі қарым‭ – ‬қатынасын қалыптастыру.‭ ‬Экономикалық тәрбиенің негізі болып еңбек тәрбиесіне саналады.‭ ‬Жастардың еңбекті қажетсінуін,‭ ‬еңбек сүйгіштігі,‭ ‬саналы еңбек тәртібін қалыптастыру экономикалық тәрбиенің алғы шарты болып табылады.‭ ‬Экономикалық тәрбие беру‭ ‬-‭ ‬студенттерді экономикалық білім негіздерімен қаруландыру,‭ ‬қоғамымыздың экономикалық заңдары туралы дұрыс түсінік беру,‭ ‬еліміздің экономикалық саясатын ұғындыру,‭ ‬негізі экономикалық қатынастарды‭ (‬өндіріс,‭ ‬айырбас,‭ ‬бөлу,‭ ‬және тұтыну‭) ‬тәжірибеде меңгерту.‭ ‬Қай заманда болмасын адам өз өмірінен экономика белгілерін табады,‭ ‬яғни күн сайын ұшырасады.‭ ‬Мысалы,‭ ‬үстіміздегі киім,‭ ‬таңертеңгілік ас,‭ ‬үй жанындағы дүкен және т.‭ ‬б.‭ ‬Біздің зерттеудің де‭ ‬мақсаты‭ ‬-‭ ‬жастарды болашақта лайықты өмір деңгейіне көтерілу үшін бизнеспен экономикаға үйрету,‭ ‬нарықты зерттеу мен жеке кәсіпкерлікті бағалауға ынталандыру.‭ ‬Елбасының Қазақстанды әлемнің дамыған‭ ‬30‭ ‬мемлекетінің қатарына қосу жөніндегі алға қойған асқақ та ауқымды мақсаты,‭ ‬сонымен бірге‭ ‬Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кіруі бағытындағы басты міндеттерінің бірі‭ ‬-‭ ‬ғылым мен білім,‭ ‬жаңа технологиялар бәсекелестіктің шешуші факторы екендігін атап көрсетті.‭ ‬Осы ғылым мен білімді меңгеру үшін ең бірінші адамның табандылығы,‭ ‬еңбекқорлығы,‭ ‬ынтасы болуы керек.‭ ‬Осы қасиеттер болғанда ғана адамда бәсекелестік туады.
Ғылыми зерттеу жұмысы да осы сияқты табандылықты,‭ ‬шыдамдылықты,‭ ‬көп ойлануды,‭ ‬сондай‭ ‬-‭ ‬ақ еңбекқорлықты талап етеді.‭ ‬Экономикалық сауаттылығымды арттыруға деген‭ ‬қызығушылығымнан туындаған‭ ‬Математика сабағында экономикалық білім беру‭ ‬тақырыбын зерделеу,‭ ‬оның қыр‭ ‬-‭ ‬сырларын ашып,‭ ‬математика мен‭ ‬экономиканың және күнделікті өмірдің‭ ‬ тығыз байланыстылығына көз жеткізу менің алдыма қойған мақсатым болатын.‭

Ғылымдардың патшасы,‭ ‬күрделі пәндердің бірі‭ – ‬математика пәні.‭ ‬Математика бағдарламасының түсіндірмесінде оқушыларлың білімін байыту,‭ ‬олардың математика пәніне деген сүйіспеншілігін туғызу керек деген.‭ ‬Математика нақты ғылым болса да,‭ ‬күнделікті өмірмен,‭ ‬экономика,‭ ‬нарықпен байланыстыру қажет.‭ ‬Егеменді еліміздің халық шаруашылығын дамытудың маңызы,‭ ‬оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Математика пәнін оқытуда СТО технологиясын пайдалану»
Бастауыш сыныптардағы математика сабақтары
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі
МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Халықтық педагогика ұғымы
Математика сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқушылардың шығармашылықтарын дамыту
Пәнаралық байланыстың негізі
Математиканы оқыту әдістемесі
Қазақстан Республикасы білім жүйесін 2015 жылға дейінгі дамыту
Функционалдық сауаттылықты дамыту
Пәндер