Алымдар және төлемдер



Жоспар.

I. Кiрiспе.
Алымдар

II. Негiзгi бөлiм. Алымдар және оны төлеушілер


1.1. Алымдар төлеушілер.

1.2. Алымдарды есептеу және төлеу тәртібі.

1.3. Төлемақы және оны төлеушілер.

1.4. Төлемақыны есептеу және төлеу тәртібі.


III. Қорытынды бөлiм.

IV. Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе

Алым дегеніміз – белгілі бір қызмет түрін бастар алдында немесе осы қызмет түріне құқық берер кезде төленетін міндетті төлем.
20002 жылы алымның 13 түрі болды. 2003 жылдан бастап «елтаңбалық алым» алынып тасталды. 2005 жылы алымдарға өзгерістер енгізілді, яғни: 3.1. «Жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым» және 6.1. «Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін» және 8.1. «Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу үшін» алымдары қосылды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:


1. А.Д. Үмбеталиев
Г.Е. Керiмбек.
«Салық және салық салу»

2 Т.Н. Крамаренко.
А.М. Комбарова.
« Салық және салық салу»
3. Б.Б. Сұлтанова
«Салық есебі»
4. Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы «Салық кодексі»
Алматы 2008

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.

I. Кiрiспе.
Алымдар

II. Негiзгi бөлiм. Алымдар және оны төлеушілер

1.1. Алымдар төлеушілер.

1.2. Алымдарды есептеу және төлеу тәртібі.

1.3. Төлемақы және оны төлеушілер.

1.4. Төлемақыны есептеу және төлеу тәртібі.

III. Қорытынды бөлiм.

IV. Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе

Алым дегеніміз – белгілі бір қызмет түрін бастар алдында немесе осы
қызмет түріне құқық берер кезде төленетін міндетті төлем.
20002 жылы алымның 13 түрі болды. 2003 жылдан бастап елтаңбалық
алым алынып тасталды. 2005 жылы алымдарға өзгерістер енгізілді, яғни: 3.1.
Жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым және 6.1.
Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін
және 8.1. Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды,
туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық
шарттарды мемлекеттік тіркеу үшін алымдары қосылды.
Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген ставкалар
бойынша есептеледі және тіркеуші органға тиісті құжаттарды бергенге дейін
төленеді. Алым сомасы салық төлеуші ретіндегі алым төлеушінің мемлекеттік
тіркеу орны бойынша бюджетке енгізіледі.
Алымды төлеген тұлғалар тіркеуші органға тиісті құжаттарды бергенге
дейін тіркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым
сомасы қайтарылмайды. Бұл орайда алым сомасы тиісті тіркеу органы берген,
тіркеу іс - әрекеттерін жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс
етпегенін растайтын құжатты төлеуші табыс еткеннен кейін қайтарылады.
Төлемақы дегеніміз – белгілі бір қызмет түрін пайдаланған кезде
төленетін міндетті төлем.
2005 жылы төлемақыға өзгеріс енгізілді. Радиожиілік спектрін
пайдаланғаны үшін төлемақыға қосымша ретінде қалааралық және халықаралық
телефон байланысын бергені үшін төлемақы енгізілді.
Төлемақы ставкалары – Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес
белгіленеді. Бұл орайда, төлемақы ставкалары жер салығы ставкаларының
мөлшерінен кем белгіленбейді.
Төлемақы сомасы – жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық
уәкілетті органмен жасаған өтемін төлеп уақытша жер пайдалану шартының
негізінде есептеледі. Төлемақының жыл сайынғы сомалары жер ресурстарын
басқару жөніндегі аумақтық уәкілетті органдар жасаған есеп – қисаптарда
белгіленеді. Шарт талаптары, сондай – ақ Салық кодексінде белгіленген жер
салығын есептеудің тәртібі өзгерген жағдайларда жер ресурстарын басқару
жөніндегі аумақтық уәкілетті орган төлемақы сомаларының есеп – қисаптарын
қайта қарайды. Салық кезеңінде төленуге тиіс төлемақы мөлшері есеп –
қисаптарда көрсетілген төлемақы ставкаларына және жер учаскесін салық
кезеңінде пайдалану кезеңіне қарай белгіленеді.
Алымдар және оны төлеушілер

1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым – заңды тұлғаларды
және олардың филиалдары мен өкілдіктерін құру мен қызметін тоқтатуды
мемлекеттік тіркеу, оларды қайта тіркеу, сондай – ақ олардың мемлекеттік
тіркеу туралы куәліктің дубликатын алуы кезінде алынады. Тіркеуді Қазақстан
Республикасының заң актісінде белгіленген тәртіппен және жағдайларда
уәкілетті орган жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының заң актісіне сәйкес тіркелетін заңды
тұлғалар, сондай – ақ олардың филиалдары мен өкілдіктері алым төлеушілер
болып табылады.
2.Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым жеке кәсіпкерлер
ретінде Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеу кезінде, сондай-
ақ олар мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың дубликаттын алған кезде
алынады. Тіркеуді Қазақстан Республикасының заң актісінде белгіленген
тәртіппен және жағдайларды салық қызметі органдары жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының заң актісіне сәйкес тіркелетін жеке тұлғалар
алым төлеушілер болып табылады.
Алым төлеуден босатылады:
- шаруа қожалықтары;
- I, II және III топтағы мүгедектер;
- Қазақстан Республикасының азаматтығын аланға дейін заңды тұлға құрмай
кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын оралмандар.
Жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәмілелерге құқықтарды
мемлекеттік тіркегені үшін алым – жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын
мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде, сондай-ақ мемлекеттік
тіркеуді куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады. Тіркеуді
Қазақстан Республикасының заң актісінде белгіленген тәртіппен және
жағдайларда уәкілетті орган жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының заң актісінде сәйкес тіркелетін, жылжымайтын
мүлікпен іс – қимылды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар алым
төлеушілер болып табылады.
Алым төлеуден босатылады:
1. Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар;
2. I және II топтағы мүгедектер;
3. бөлек тұрып жатқан зейнеткерлер;
4. ҚР – ның азаматтығын алғанға дейін оралмандар;
5. кадрларды даярлаумен және оқытумен шұғылданатын шағын кәсіпкерлік
субъектілерді мемлекеттік тіркелген кезден бастап үш жыл ішінде
жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркегені үшін төлемнен
босатылады.
Жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым – жылжымалы
мүлік кепілін тіркеу кезінде, сондай – ақ мемлекеттік тіркеуді
куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезден төленеді. Ал енді тіркеуді
Қазақстан Республикасының заң актісінде белгіленген тәртіппен және
жағдайларда уәкілетті орган жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының заң актісіне сәйкес тіркелетін жылжымалы
мүлік кепілін тіркеуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар алымды
төлеушілер болып табылады.
Алымды төлеуден босатылады:
1. Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар;
2. I және II топтағы мүгедектер;
3. Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін оралмандар;
Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды
мемлекеттік тіркегені үшін алым радиоэлектрондық құралдармен және жоғары
жиіліктегі құрылғыларды тіркеу кезінде, сондай – ақ мемлекеттік тіркеуді
куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады. Тіркеуді Қазақстан
Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен және жағдайларды
байланыс саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тіркеуші орган тіркеген кезде мүдделері көзделетін жеке және заңды
тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.
Мемлекеттік мекемелер алым төлеуден босатылады.
Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін
алым – механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркеу
кезінде, сондай – ақ мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың дубликатын
алған кезде алынады. Тіркеуді Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген тәртіппен және жағдайларды уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тіркеуге жататын механикалық көлік құралдарымен тіркемелерді
пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.
Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені
үшін алым теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік
тіркеу кезінде, сондай – ақ мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың
дубликатын алған кезде алынады. Тіркеуді Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген тәртіппен және әр түрлі жағдайларды көлік
саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тіркеуге жататын кемелері бар заңды және жеке тұлғалар алым төлеушілер
болып табылады.
Кеменің немесе жасалып жатқан кемені ипотекасын мемлекеттік тіркегені
үшін алым – кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік
тіркеу кезінде, сондай – ақ мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың
дубликатын алған кезде төленеді. Ал енді тіркеуді көлік саласындағы
уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен
және әр түрлі жағдайларда жүзеге асырады.
Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотека шартын жасасқан жеке және
заңды тұлғалар алымды төлеушілер болып табылады.
Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым – азаматтық әуе
кемелерін мемлекеттік тіркеу кезінде, сондай – ақ мемлекеттік тіркеуді
куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады. Тіркеуді Қазақстан
Республикасының заң актісінде белгіленген тәртіппен және жағдайларда көлік
саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тіркеуге жататын азаматтық әуе кемелері бар жеке және заңды тұлғалар
алым төлеушілер болып табылады.
Дәрі – дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат
етілген дәрі – дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркеу кезінде, сондай – ақ
мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттың дубликатын берген кезде алынады.
Тіркеуді дәрі – дәрмек құралдарына бақылау жасау саласындағы уәкілетті
орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және
жағдайларда жүзеге асырады.
Дәрі – дәрмек құралдарын тіркеуші органға тіркеуге ұсынған жеке және
заңды тұлғалар алым төлеушілер болып саналады.
Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен
сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды
мемлекеттік тіркеу үшін алым – туындылар мен сабақтас құқықтар
объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін
пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу кезінде, сондай – ақ
мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады.

Тіркеуді зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті орган Қазақстан
Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен және
жағдайларда жүзеге асырады.
Жеке және заңды тұлғалар алымды төлеушілер болып табылады, тіркеуші
орган солардың мүддесі үшін тіркеуді жүргізеді.
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарын жүргені
үшін алым:
1. халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды
жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан
Республикасының аумағынан кету;
2. халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды
жүзеге асыратын шетел автокөлік құралдарының Қазақстан
Республикасы аумағына келу, Қазақстан Республикасы аумағы бойынша
транзиті;
3. ірі көлемде және ауыр салмақты отандық және шетелдік автокөлік
құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүруі;
4. отандық және шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан
Республикасының ақылы мемлекеттік автомобиль жолдары бойынша
жүруі үшін өндіріп алынады.
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автомобиль құралдарының жүруі,
егер ақылы мемлекеттік автомобиль жолдары бойынша жүру үшін Қазақстан
Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көлік саласындағы уәкілетті
орган берген рұқсат құжаттары негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілейді.
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүруін
жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.
Аукциондардан алынатын алым – аукциондарда мүлікті сату кезінде
алынады.
Аукциондарды өткізілуіне байланысты екі түрге бөлуге болады:
- ашық;
- жабық.
Ашық түрдегі аукциондарға жан-жақтан тұлғалар келіп қатыса алады.
Жабық түрдегі аукцион тек мекеменің ішінде ғана өткізіледі да, оған
сырттан ешбір тұлға қатыса алмайды.
Аукционды –өткізудің негізгі екі әдісі бар:
- ағылшындық әдіс;
- голландық әдіс.
Ағылшындық әдісте аукционда белгілі бір белгіленген бағаданжоғары қарай
өсіп отырады. Бұл аукционда негізінен құнды заттар, антиквариат,
картиналар, бағалы тастардан жасалған бұйымдар қойылады.
Голландық әдісте белгілі бір белгіленген бағадан төмен қарай кеміп
отырады. Бұл аукционда негізінен құны төмен заттар, көбінесе ауыл
шаруашылық тауарлары, есептен шығарылған міндеттемелер басқа да бұйымдар
сатылады.
Аукциондарда мүлікті сатуға шығаратын жеке және заңды тұлғалар алым
төлеушілер болып табылады.
Мүлікті сатудың аукцион өткізу нәтижелері бойынша белгіленген құны алым
алу объектісі болып табылады.
Мынадай сатылатын мүлік құнынан аукциондық алым алынбайды:
1. мемлекеттік мүлік және жекешелендіру бойынша уәкілетті
мемлекеттік орган, оның аумақтық органдарды өткізетін
аукциондар;
2. мемлекет пайдасына атқарушы құжаттарды мәжбүрлеп орындату
бойынша атқарушы іс жүргізу органдары өткізетін аукциондар;
3. салық қызметі органдарыны:
- салық органдарды иелік етуді шектеген мүлікті өткізетін;
- салық міндеттемелерін қамтамасыз ету мақсатында кепілге салынған
мүлікті өткізетін;
- соттың шешімі бойынша мәжбүрлеп шығарылған немесе жарияланған
акцияларды орналастыруды сату бөлігінде мамандандырылған ашық
ауциондар;
4. төменде аталғандардан:
- соттардың атқарушы құжаттарының негізіндегі мемлекет кірісіне
тәркіленген мүлікті;
- белгіленген тәртіппен иесіз деп танылған мүлікті;
- белгіленген тәртіппен мемлекетке өткен мүлікті сату жөніндегі
аукциондар;
5. банкрот кәсіпорындардың конкурстық массасын сату жөніндегі
ауециондар;
6. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз қызметін жүзеге
асыратын қор биржасындағы сауда-саттықта өткізілетін аукциондар;
7. бағалы қағаздарды сату бойынша өткізілетін аукциондар.
Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялануға тиісті белгілі
бір қызмет түрімен айналысуға лицензия беру кезінде алынады. Лицензия
беруді Қазақстан Республикасының заң актісінде белгіленген тәртіппен және
жағдайларда уәкілетті орган жүзеге асырады.
Лицензия алатын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып
табылады.
Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін
пайдалануға рұқсат бергені үшін алым – байланыс саласындағы уәкілетті орган
Қазақстан Республикасының телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына
радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат берген кезде алыналды. Осы ережелер
бұқарлық ақпарат құралдары жөніндегі уәкілетті органмен келісе отырып
байланыс саласындағы уәкілетті орган берген лицензия негізінде жұмыс
істейтін Қазақстан Республикасының телевизия және радио хабарларын тарату
ұйымдарына қолданылады.
Рұқсат беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Радиожилік спектрінің белдеулерін бөлу Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес конкурстық негізінде жүргізілуі мүмкін.
Радиожиілік спектрінің белдеулерін конкурс өткізу арқылы бөлу кезінде
алынатын бір жолғы сомалар осы тарауға сәйкес тқленуге тиісті алымның
есебіне жатқызылмайды.
Байланыс саласындағы уәкілетті орган тоқсан сайын, есепті тоқсаннан
кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей, салық төлеушіні есепке алып, тіркеген
жер бойынша салық органына уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген нысанда
ақпарат табыс етеді.
Жоғарыда аталған телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарды алым
төлеушілер болып табылады.
өздеріне жүктелген негізгі функционалдық міндеттерін орындау үшін
радиожилік спектрін пайдалануға рұқсат алған мемлекеттік мекемелер алым
төлеуден босатылады.

1.2. Алымдарды есептеу және төлеу тәртібі.

Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ставкалар
бойынша есептеледі және тіркеуші органға тиісті құжаттарды бергенге дейін
төленеді. Алым сомасы салық төлеуші ретіндегі алым төлеушінің мемлекеттік
тіркеу орны бойынша бюджетке енгізіледі.
Алымды төлеген тұлғалар тіркеуші органға тиісті құжаььарды бергенге
дейін тіркеу жасаудан бастартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алам
сомасы қайтарылмайды. Бұл орайда алым сомасы тиісті тіркеу органы берген,
тіркеу іс - әрекеттерін жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс
етпегенін растайтын құжатты төлеуші табыс еткеннен кейін қайтарылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін құру мен
олардың қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу кезінде
заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алым төлеу ставкалары:
- заңды тұлғалардан, олардың филиалдары мен өкілдіктерін төменде
аталғандарды, сондай – ақ 2 және 3 – тармақтарында көрсетілгендерді
қоспағанда, 7 600 теңгені;
- шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардан,
олардың филиалдары мен өкілдіктерінен 2 280 теңгені;
- саяси партиялардан, олардың филиалдары мен өкілдіктерінен 15960
теңгені құрайды;
2. Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мекемелерді, қазыналық
кәсіпорындар және үй – жай иелері кооперативтерін, олардың
филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік тіркеу үшін алым төлеу
ставкалары;
- құруды мемлекеттік тіркеу кезінде алым төленген күнге қолданылатын
бір айлық есептік көрсеткішті;
- мемлекеттік қайта тіркеу кезінде алым төленген күнге қолданылатын бір
айлық есептік көрсеткіштің елу пайызын;
- қызметі тоқтатылған кезде – алым төленген күнге қолданылатын бір
айлық есептік көрсеткішті құрайды.
3. Балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерін, сондай – ақ
мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерін, олардың филиалдары мен
өкілдіктерін республикалық және өңірлік ұлттық – мәдени қоғамдық
бірлестіктер филиалдарын мемлекеттік тіркеу үшін алым төлеу
ставкалары:
- құруды мемлекеттік тіркеу кезінде – алым төленген күнге қолданылатын
екі айлық есептік көрсеткішті;
- мемлекеттік қайта тіркеу кезінде – алым төленген күнге қолданылатын
екі айлық есептік көрсеткіштің елу пайызын;
- қызметі тоқтатылған кезде – алым төленген күнге қолданылатын бір
айлық есептік көрсеткішті құрайды.
4. Заңды тұлғаларға,олардың филиалдары мен өкілдіктеріне мемлекеттік
тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасын берген кезде заңды тұлғаларды
мемлекеттік тіркеу үшін алым төлеу ставкасы 50 теңгені құрайды.
Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ставкалар
бойынша есептеледі және тіркеуші органға тиісті құжаттарды бергенге дейін
төленеді. Алым сомасы тіркеу жүзеге асырылған жер бойынша бюджетке
енгізіледі. Бұл орайда алым сомасы тиісті тіркеу органы берген, тіркеу іс -
әрекеттерін жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның аталған тұлғаның
табыс етпегенін растайтын құжатты төлеуші табыс еткеннен кейін
қайтарылады.
Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу үшін алым ставкалары:
1) жеке кәсіпкерлер ретінде Қазақстан Республикасының аумағында заңды
тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды
мемлекеттік тіркеу кезінде алым төлейтін күнге қолданылып жүрген
төрт еселік айлық есептік көрсеткішті құрайды;
2) мемлекеттік тіркелгенің куәландыратын құжаттың түпнұсқасын алған
кезде алым төлейтін күнге қолданылып жүрген төрт еселік айлық
есептік көрсеткіштің жиырма бес пайызын құрайды.
Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ставкалар
бойынша есептеледі және тіркеуші органға тиісті құжаттарды бергенге дейін
төленеді. Алым сомасы тіркеу жүзеге асырылған жер бойынша бюджетке
енгізіледі.
Алымды төлеген тұлғалар тіркеуші органға тиісті құжаттарды бергенге
дейін тіркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым
сомасы қайтарылмайды. Бұл орайда алым сомасы тиісті тіркеу органы берген,
тіркеу іс - әрекеттерін жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс
етпегенін растайтын құжатты төлеуші табыс еткеннен кейін қайтарылады.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді
мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкалары.
1) меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару, сенімгерлік басқару,
кепіл, рента, пайдалану құқықтарының туындауын тіркегені үшін:
- пәтерге, жеке тұрғын үйге, шаруашылық құрылыстарына – алым төлеген
күні қолданыстағы бір айлық есептік көрсеткіштің 50 пайызын;
- тұрғын үйге, тұрғын үйдегі тұрғын емес үй – жайға, тұрғын емес
құрылысқа – алым төлеген күні қолданыстағы сегіз есе айлық есептік
көрсеткішті;
- гараждарға – алым төлеген күні қолданыстағы бір айлық есептік
көрсеткіштің 50 пайызын;
- төмендегілерден тұратын тұрғын үйге жатпайтын мүліктік кешендерге:
- бір объектіден – алым төлеген күні қолданыстағы он есе айлық есептік
көрсеткішті;
- жеке тұрған екіден беске дейінгі объектіден – алым төлеген күні
қолданыстағы он бес есе айлық есептік көрсеткішті;
- жеке тұрған алтыдан онға дейінгі объектіден – алым төлеген күні
қолданыстағы жиырма есе айлық есептік көрсеткішті;
- жеке тұрған оннан жоғары объектіден – алым төлеген күні қолданыстағы
жиырма бес есе айлық есептік көрсеткішті.
2) жер теліміне құқықтарды тіркегені үшін:
- меншік, жерді пайдалану құқығын, өзге де құқықтарды – алым төлеген
күні қолданыстағы бір айлық есептік көрсеткіштің 50 пайызын;
3) сервитутты тіркегені үшін – алым төлеген күні қолданыстағы бір
айлық есептік көрсеткіштің 50 пайызын;
4) кондоминиум объектісін тіркегені үшін – алым төлеген күні
қолданыстағы бір айлық есептік көрсеткішті;
5) ипотекалық куәлік бергенін және оны кейіннен басқа иесіне беруді
тіркегені үшін – алым төлеген күні қолданыстағы бір айлық есептік
көрсеткіштің 25 пайызын;
6) мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесін тіркегені
үшін – алым төлеген күні қолданыстағы бір айлық есептік
көрсеткіштің 25 пайызын;
7) құқық иесінің деректерінің, жылжымайтын мүлік объектісінің
сәйкестендірілген сипаттамасының өзгерістерін тіркегені үшін – алым
төлеген күні қолданыстағы бір айлық есептік көрсеткіштің 25
пайызын;
8) опат болуы, бұзылуы нәтижесінде және құқығының ауысуына байланысты
емес өзге де жағдайларда жылжымайтын мүлікке құқықтарының
тоқтатылуын тіркегені үшін – алым төлеген күні қолданыстағы бір
айлық есептік көрсеткіштің 25 пайызын;
9) құқығының үшінші тұлғаға ауысуына байланысты емес, ауыртпалықтың
тоқтатылуын тіркегені үшін, оның ішінде жылжымайтын мүлік
ипотекасының тоқтатылуын тіркегені үшін – алым төлеген күні
қолданыстағы бір айлық есептік көрсеткіштің 25 пайызын;
10) олар бойынша міндеттемелер ипотекамен қамтамасыз етілген банктік
қарыз шарты бойынша талаптардан қайтуды тіркегені үшін – алым
төлеген күні қолданыстағы бір айлық есептік көрсеткіштің 25
пайызын;
11) құқықтың немесе өзге де заңи фактілердің туындауына негіз балып
табылатын шарт талаптарының өзгеру нәтижесінде құқықтың немесе
құқық ауыртпалығының өзгеруін тіркегені үшін – алым төлеген күні
қолданыстағы бір айлық есептік көрсеткіштің 25 пайызын;
12) жылжымайтын мүлікке өзге құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке
құқықтардың ауыртпалықтарын тіркеген үшін – алым төлеген күні
қолданыстағы бір айлық есептік көрсеткіштің 50 пайызын құрайды.
Сервитут – жер учаскесін иеленушінің құқығын заң жүзінде шектеу.
Кондоминум – көп пәтерлі үйлерде тұрғын үй-жайларды
меншіктенушілердің серіктестігі немесе жылжымайтын мүліктің біртұтас
кешені.
Мемлекеттік тіркегені үшін нөлдік алым ставкасы белгіленеді:
- Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде көзделген тәртіппен
мемлекеттік органдар салық салатын жылжымайтын мүлікке құқық
ауыртпалығы;
- Республикалық меншікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын
жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган және оның аумақтық
органдары үшін мемлекеттік меншікке жатқызылған жылжымайтын мүлікке
құқықтар;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген белгілі бір әкімшілік –
аумақтық бірліктерде және мерзімде жүргізілген жылжымайтын мүлікке
құқықтарды кезеңмен тіркеу кезіндегі жылжымайтын мүлікке құқықтар
және онымен жасалатын мәмілелер.
Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ставкалар
бойынша есептеледі және тіркеуші органға тиісті құжаттарды бергенге дейін
төленеді. Алым сомасы тіркеу жүзеге асырылатын жер бойынша бюджетке
енгізіледі. Алым төлеген тұлғалар тіркеуші органға тиісті құжаттарды
бергенге дейін тіркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген
алым сомасы қайтарылмайды.
Бұл кезде төленген соманы қайтару тиісті тіркеу органы берген, тіркеу
іс - әрекеттерін жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс
етиегенін растайтын құжатты төлеуші табыс еткеннен кейін жүргізіледі.
1. Жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкалары:
- жеке тұлғалардан – алым төлеген күні қолданылған бір айлық есептік
көрсеткішті;
- заңды тұлғалардан – алым төлеген күні қолданылған бес айлық есептік
көрсеткішті құрайды.
2. Жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегенін куәландыратын
құжаттың түпнұсқасын бергені үшін алым ставкалары:
- жеке және заңды тұлғалардан – алым төлеген күні қолданылған бір айлық
есептік көрсеткіштің 50 пайызын құрайды.
Алым сомасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ставкалар
бойынша тіркеуші орган есептейді. Алым сомасы тіркеу жүзеге асырылғанға
дейін тіркеу жүзеге асырылған жер бойынша бюджетке енгізіледі.
Алымды төлеген тұлғалар тіркеуші органға тиісті құжаттарды бергенге
дейін тіркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым
сомасы қайтарылмайды. Бұл орайда алым сомасы тиісті тіркеу органы берген,
тіркеу іс - әрекеттерін жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс
етпегенін растайтын құжатты төлеуші табыс еткеннен кейін қайтарылады.

Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиілікті құрылғыларды мемлекеттік
тіркегені үшін алынатын алым ставкалары.


№ Түрлері Алым ставкалары
(АЕК)
1 Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары
жиілікті құрылғыларды мемлекеттік
тіркегені үшін:
- сәуле тарату қуаты 10 мВт-қа (қоса 0
есептегенде) дейінгі, сымсыз телефон
аппараттары (радиотелефондар), ұялы және
транктік байланыстың жылжымалы обаненттік
терминалдары
- жылжымалы радиобайланыстың абоненттік 2
терминалдары (радиоұзартқыштар, әуесқойлық
радиостанциялар, ғаламдық дербес жылжымалы
спутниктік байланыс)
- осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында 10
көрсетілмеген басқа да радилэлектрондық
құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар
2 Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары Тиісті радио –
жиілікті құрылғылардың мемлекеттік электрондық құралдар мен
тіркелуін куәландыратын құжаттың жоғары жиілікті
түпнұсқасын бергені үшін құрылғыларды мемлекеттік
тіркегені үшін
белгіленген алым
ставкасының 20%

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының арасындағы сауда
– экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасының
Үкіметі қаулы етеді:
- Өзбекстан Республикасының ерте пісетін көкөністері мен жеміс –
жидектерін тасымалдайтын автокөлік құралдары үшін алым 150 АҚШ
долларына баламды сомаға тең деп белгіленсін.
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп
өтуі үшін алынатын алым ставкалары.
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп
өтуі үшін алынатын алым ставкасы мынадай көрсеткіштерге тең:
- жолаушылар мен жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдауды жүзеге
асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының
аумағынан шығуы үшін – 2 айлық есептік көрсеткішке;
- Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес бір
күнтізбелік жылға шетелдік рұқсатты ала отырып, тұрақты негізде
жолаушылар мен жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдауды жүзеге
асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының
аумағынан шығуы үшін – 10 айлық есептік көрсеткішке;
- Халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге
асыратын шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының
аумағы бойынша транзиті үшін – 10 айлық есептік көрсеткішке;
- Отандық және шетелдік ірі көлемді және ауыр салмақты автокөлік
құралдарының Қазақстан Республикасның аумағы бойынша жүріп өтуі үшін
өзіне:
1) 0,005 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі төлем ставкасын әрбір
асыру тоннасына және бағыт бойынша тасымалдаудың ара қашықтығына
көбейту жолымен анықталатын, автокөлік құралының жалпы нақты
салмағының рұқсат етілген жалпы салмағынан асып түскені үшін есепті;
2) Жүктемесі асып кеткен әрбір жалғыз, қосарланған және үшеуі қосылған
біліктер үшін есептелетін тиісті тарифтердің бағыт бойынша
тасымалдаудың ара қашықтығына көбейту жолымен анықталатын, автокөлік
құралының нақты білікке түсетін жүктемелерінің рұқсат етілген білікке
түсетін жүктемелерінен асып түскені үшін есепті;

Рұқсат етілген білікке түсетін жүктемеден асып түскені үшін тариф

Нақты білікке түсетін жүктеменің Рұқсат етілген білікке түсетін
асып түсуі, жүктемеден асып түскені үшін тариф,
айлық есептік көрсеткішпен
5,0 % - ға дейін және оны қоса 0,011
алғанда
5,0 – ден 10,0 % - ға дейін оны қоса0,014
алғанда
10,0 % - дан жоғары 0,190

3) автокөлік құралдарыныңбиіктігі, ені және ұзындығы бойынша асып
түскені үшін есептелетін тиісті тарифтердің бағыт бойынша
тасымалдаудың арақашықтығына көбейту жолымен анықталатын, автокөлік
ұүралының көлемдерінің рұқсат етілген көлемдік көрсеткіштерінен асып
түскені үшін есепті қамтиды.
Рұқсат етілген көлемдік өлшемдерден асып түскені үшін тариф

Автокөлік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салықтың мәні және рөлі
Бюджеттік хұқ
Салық мемлекеттің белгілеген міндеті
Жеке тұлғалардың төлейтін салықтары
Салық жүйесіндегі алымдар, төлемдер баждардың маңызы
Алымдар, төлемдер және мемлекеттiк баждардiң мәнi мен өзiндiк ерекшелiктерi.
Сaлықтaрдың экoнoмикaлық мәні және ролі
Қазақстан Республикасының салық жүйесінің реформасы
Салық есебінің мәні
Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру түрлері
Пәндер