Вексельдер мен операциялар есебі және банктік карточкалармен есеп айырысу есебі
ЖОСПАР
Кіріспе
Негізгі бөлім

1.1. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі
1.2. Вексельдер туралы жалпы түсінік және оның түрлері
1.3. Вексельдер арқылы есеп айырысу
2.1. Банктік карточкалармен есеп айырысу есебі
2.2. Төлем карточкаларын шығару және қызмет көрсету шарттары
2.3. Төлем карточканы пайдалану, қолданыстан алу, ауыстыру карточканы пайдалануды тоқтату қызметтері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ
Осы курыстық жұмыстың тақырыбы "Вексельдермен операциялар есебі банктік карточкалармен есеп айырысу есебі " жайлы қарастырылғанда Вексельдер операциялар бұл банк қызметіндегі маңызды бағыттарының бірі.Біздің елде соңғы кезге дейін операциялар басқару салыстырғанда оларды шектеп қолдап және оларды жүзеге асырудың біріңғай механизімінің болмауымен байланысты төлем дамиды. Бірақ 1997 жылы 28 сәуірден Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республиканың вексел айналымы туралы» заңының қабылдануымен жай және күрделі аударымы болып табылады.
Ал кәсіпорындардың қызметінің дұрыс жолға қойылуы көптеген факторларға байланысты болып келеді. Вексельдермен операциялар есебі банктік карточкалармен есеп айырысу есебі бойынша қарастырылған бөлімдер, сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі, вексельдер туралы жалпы түсінік және оның түрлері, вексельдер арқылы есеп айырысу, банктік карточкалармен есеп айырысу есебі туралы жан жақты толықтырылыр зерттелген.

Қолданылған әдебиеттер:
1) А.Д. Үмбетәлиев; Г.Е. Керімбек «Салық және салық салу»
Алматы Экономика 2006 ж
2) Әбдіғали Әбдіманапов «Бухгалтерлік есеп теориясы мен принциптері»
3) В.К. Радостовец ;Т.Ғ. Ғабдуллин; В.В. Радостовец; О.И. Шмидт Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп
4) Қ.К. Келумжанов; Н.А Құдайбергенов «Бухгалтерлік есеп теориясы мен негіздері»
5) К. Ш. Дүйсенбаев; Э.Т Төлегенов; Ж.Г Жумагалиева.
Қазақстандағы «Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы» Заңы 26/2 96 ж
6) Назарова Вера Леонидовна Бухгалтерлік есеп
7) Н.Қ.Қабылова, Ш.А.Доспалинова, Е.Н.Оразалинов «Бухгалтер». (бухгалтерлік есеп негіздері)

Вексельдер мен операциялар есебі және банктік карточкалармен есеп айырысу
есебі
1.1. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі
1.2. Вексельдер туралы жалпы түсінік және оның түрлері
1.3. Вексельдер арқылы есеп айырысу
2.1. Банктік карточкалармен есеп айырысу есебі
2.2. Төлем карточкаларын шығару және қызмет көрсету шарттары
2.3. Төлем карточканы пайдалану, қолданыстан алу, ауыстыру карточканы
пайдалануды тоқтату қызметтері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Негізгі бөлім
Вексельдер мен операциялар есебі және банктік карточкалармен
есеп айырысу есебі
1.1. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі ... ... ... ...4-7
1.2. Вексельдер туралы жалпы түсінік және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ..8-12
1.3. Вексельдер арқылы есеп айырысу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12-18
2.1. Банктік карточкалармен есеп айырысу есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18-20
2.2. Төлем карточкаларын шығару және қызмет көрсету шарттары ... ... ... ..20-23
2.3. Төлем карточканы пайдалану, қолданыстан алу, ауыстыру
карточканы пайдалануды тоқтату қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ..23-25
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Осы курыстық жұмыстың тақырыбы "Вексельдермен операциялар есебі
банктік карточкалармен есеп айырысу есебі " жайлы қарастырылғанда
Вексельдер операциялар бұл банк қызметіндегі маңызды бағыттарының
бірі.Біздің елде соңғы кезге дейін операциялар басқару салыстырғанда оларды
шектеп қолдап және оларды жүзеге асырудың біріңғай механизімінің болмауымен
байланысты төлем дамиды. Бірақ 1997 жылы 28 сәуірден Қазақстан
Республикасы Қазақстан Республиканың вексел айналымы туралы заңының
қабылдануымен жай және күрделі аударымы болып табылады.
Ал кәсіпорындардың қызметінің дұрыс жолға қойылуы көптеген факторларға
байланысты болып келеді. Вексельдермен операциялар есебі банктік
карточкалармен есеп айырысу есебі бойынша қарастырылған бөлімдер, сатып
алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі, вексельдер туралы жалпы
түсінік және оның түрлері, вексельдер арқылы есеп айырысу, банктік
карточкалармен есеп айырысу есебі туралы жан жақты толықтырылыр зерттелген.
Вексельдермен операциялар есебі банктік карточкалармен есеп айырысу
есебін зерттеп бақылай отырып кез-келген кәсіпорынның жабдықтаушылары мен
клиенттерінің кім екендігін, олардың қандай тауар сататынын, қызмет
көрсететінін, олармен қандай қарым-қатынастарда, қандай тәртіпте, қандай
құжат негізінде жүзеге асатынын көріп білуге болады.
Есепайырысуларын алу мәліметтегі кәсіпорынның және оның құрылымдық
бөлімшелерінің қызметін жедел және тиімді басқару үшін экономикалық
болжамдар мен ағымдық жоспарлау жасау үшін және де халқымыздың
экономикасының даму заңдылықтарын терең зерттеу үшін пайдаланылады.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында кәсіпорынның күрделі
экономикалық тетігін нық, дұрыс жолға қойылған есеп жүйесінсіз, сондай-ақ
сенімді экономикалық ақпаратсыз басқару іс жүзінде мүмкін емес. Осы
тұрғыдан есептегенде ақша қаражаттарының есебі мен ішкі аудиті өзекті болып
есептелінеді.
Вексельдермен операциялар есебі банктік карточкалармен есеп
айырысу есебі

Кәсіпорындар мен ұйымдардың Сатып алушылар мен тапсырыс
берушілердің борышы деп аталатын бөлім шоттары сатып алушылар мен тапсырыс
берушілердің осы кәсіпорынға деген әр түрлі қарыздары жайлы ақпараттарды
қортындылау үшін арналған. Аталған бөлімде келесідей шоттар қаралған:
Алынуға тиісті шоттар
Алынған вексельдер
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де
борышары
Бұлар активті шот болып табылады. Сондықтан да бұл шоттардың дебитінде
борыштың сомасы жазылса, ал кредитінде борыштың азаюы көрсетіледі. Алынуға
тиісті шоттар сатып алушы заңды немесе жеке тұлғалардың сатып алынған
тауарлары, сондай –ақ кәсіпорынның оларға көрсеткен қызметі үшін қарыз
сомаларын білдіреді.
Жалпы Алынуға тиісті шоттар шотын сипаттай келе олардың қысқа
мерзімдік активтер екендігін және олардың сату нәтижесінде пайда
болатындығын аңғаруға болады. Сондықтан оларды кейбір кездерде Саудалық
міндеттемелер деп те атайды. Олар тауарларды несиеге сату кезінде де пайда
болады.
Халықаралық тәжірибеде кез-келген адамға тауарларды несиеге сату кең
көлемде етек алған, сонымен бірге сатып алушылар үшін сатып алған
тауарлардың төлемдерін бір немесе бірнеше айдан кейін төлеу құқығы да
берілген. Мұндай несиені коммерциялық несие деп те атайды. Тауарларды
несиеге сататын фирмалар, сатып алушының шотты тиісті уақытында төлеу
қабілеттілігі бар болатындығына бақылау шараларын жүргізулері қажет. Сол
үшін әрбір ұйымдарда несиелік бөлімдер жұмыс істейді.
Бұл бөлімдер арқылы, жеке және заңды тұлғалардың немесе компаниялардың
қаржылық жағдайларын білуге, сатып алушыға тауарды несиеге сатуға немесе
бермеу жайлы мәселені шешуге керекті ақпараттарды білуге болады, сонымен
қатар тауарлар сатушының арнаулы ақпараттың несиелік бюролар арқылы да
клиент жайлы басқадай мәліметтер алуға мүмкіндігі бар. Осындай несиелік
ақпарат бөлімдерінің мәліметтері бойынша да несиеге тауарларды сату, сатпау
жайлы шешімдер қабылданады.
Несиелік бөлім төлем сомасын ұсынуды, несие көлемін шектеуді және
сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден несиені уақтылы өтеуді қамтамасыз
ететін белгілі бір қаражаттарды талап етуі мүмкін. Осыған орай кәсіпорындар
мен ұйымдардың таңдап алынған ережелері мен негізгі қағидалары есеп
саясатында атап көрсетуі қажет. Бұл шотта сатылған материалдық емес
активтер, негізгі құралдар, бағалы қағаздар және тағы да басқа дебиторлық
борыштар есептеледі.
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы шоттарына қатысты
бухгалтерлік есепте мынадай корреспонденциялар жазылады:
Мысалы: Сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге 300000 (үш жүз мың)
теңгенің дайын өнімдері 500000 (бес жүз мың) теңгеге сатылды (соның ішінде
80000 (сексен мың) теңге ҚҚС сомасы).
Сатылған тауарлардың өзіндік құнына:
Д-т: Сатылған дайын өнімдердің өзіндік құны- 300000 теңге.
К-т: Дайын өнімдер
300000 теңге
Сатылған тауарлардан алынатын сомаға:
Д-т: Алынуға тиісті борыштар шоты
420 000 теңге.
К-т: Дайын өнімдерді сатудан алынатын табыс шоты 420 000 теңге.
Сатылған тауарлар үшін есептелген ҚҚС сомасына:
Д-т: Алынуға тиісті борыштар шоты 80000
теңге.
К-т: Қосылған құн салығы сомасы
80000 теңге.
Сатылған тауарлар үшін алынатын сома келіп түскенде:
Д-т: Ақшалар шоты
500000 теңге
К-т: Алынуға тиісті борыштар шоты
500000 теңге.
Жоғарыдағы екі жақты жазудан көріп отырғанымыздай кәсіпорындар мен
ұйымдардың сатқан (тиеп жіберген) тауарлары, атқарған жұмыстары мен
көрсеткен қызметтеріне байланысты қосылған құн салығы есептелген Алынуға
тиісті борыштар шоты дебиттелініп, Қосылған құн салығы шоты
кредиттелінеді.
Ал сатылған материалдық емес активтер, негізгі құралдар, бағалы
қағаздар бойынша дебиторлық борыштардың пайда болуына Алынуға тиісті
борыштар (шоттар), Алынған вексельдер, Сатып алушылар мен тапсырыс
берушілердің өзге де борыштары деп аталатын шоттардың тиістілері
дебиттелініп, оған сәйкес Материалдық емес активтердің есептен
шығарылуынан алынатын кіріс, Негізгі құралдардың есептен шығарылуынан
алынатын кіріс және Бағалы қағаздардың есептен шығарылуынан алынатын
кіріс деп аталатын шоттардың тиістілері кредиттелінеді.
Сатылған материалдық емес активтер, негізгі құралдар, бағалы қағаздар
бойынша қосылған құн салығы есептелінгенде Алынуға тиісті борыштар
(шоттар), Алынған вексельдер, Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің
өзге де борыштары деп аталатын шоттардың тиістілері дебиттелініп,
Қосылған құн салығы шоты кредиттелінеді.
Шетелдік валюта сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің тиімді баға
айырмашылықтарының пайда болуына Алынуға тиісті борыштар, Алынған
вексельдер, Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары
деп аталатын шоттардың тиістілері дебиттелініп, Бағамдық айырмашылықтан
алынатын кіріс шоты кредиттелінеді.
Алынуға тиісті айыппұлдардың, өсімақылардың сомаларына Алынуға тиісті
борыштар, Алынған вексельдер, Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің
өзге де борыштары деп аталатын шоттардың тиістілері, Негізгі емес
қызметтен алынған басқадай кірістер шоты кредиттелінеді.
Сатып алушылардан оларға сатылған өнім, тауар және атқарылған жұмыстар
мен көрсетілген қызметтер үшін төлемдер келіп түскенде Ақшалар бөлімінің
тиісті шоттары дебиттелініп, Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің
борыштары деп аталатын бөлім шоттарының тиістілері кредиттелінеді.
Сатылған тауарлар мен дайын өнімдер әр түрлі себептермен кейін
қайтарылған жағдайда Сатылған тауарлардың қайтарылуы деп аталатын шот
дебиттелініп, Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары деп
аталатын бөлім шоттарының тиістілері кредиттелінеді.
Кейін қайтарылған тауарларға жасалған сату және баға шегерімдерінің
сомасына Сату шегерімі немесе Баға шегерімі шоттарының тиістілері
дебиттелініп, Алынуға тиісті борыштар, Алынған вексельдер, Сатып
алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары деп аталатын
шоттардың тиістілері кредиттелінеді.
Қайтарылған тауарлар мен өнімдерге есептелінген қосылған құн салығы
сомасы Алынуға тиісті борыштар, Алынған вексельдер, Сатып алушылар мен
тапсырыс берушілердің өзге де борыштары деп аталатын шоттардың
тиістілерінің дебитіне, Қосылған құн салығы шоттың кредитіне жазылып
сторно етіледі.
Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу операциялары
арнаулы тізімдемелерде есептеліп, онда сатылған айналымнан тыс активтер,
қаржылық инвестициялар, тауарлық материалдық қорлар бойынша шот фактуралары
немесе басқадай есеп айырысу құжаттары жинақталып, топтастырылып бөлек
көрсетіледі.
Тізімдемелердегі жазулар-шоттар, фактуралар немесе олардың орнына
қолданылатын басқадай құжаттар негізінде активтердің топтары бойынша
жазылады.
Тізімдеменің бағандарында сатып алушылар бойынша ай басындағы
қалдықтар көшіріледі және бұйымдардың аттары немесе топтары бойынша
сатылған активтердің сандық мәліметтері көрсетіледі. Сатып алушылар мен
тапсырыс берушілердің борыштары шотының бөлімше шоттарының кредиті
бойынша операциялардың есебі үшін №11 Журнал-ордер қолданылады.
Тауарларды сату мен сатып алу кезіндегі барлық қатынастар, жеткізу
келісімдері, консигнация жайлы келісімдер мен сату және сатып алу
келісімдері, сондай-ақ келісімшарттарымен және тағы да басқа құжаттар
құқықтық рәсімделу қажет. Келісімнің және соған сәйкес есептің басты
объектісі тауар болып табылады. Сондықтан келісімшартта тауарлардың
сипаттамасы толығымен көрсетіріп, оның бағасы мен келісілген жалпы құны
аталып өтуі қажет. Келісім бағалары тұрақты, тұрақсыз және бекітілген
болып көсетілуі мүмкін.
Тұрақты баға келісімшартта көрсетіліп, тауарларды төлеу кезінде
қадағаланады және өзгерістерге ұшырамайды. Инфляция жағдайында, әсіресе
келісімшартқа қол қою мен тауарды жеткізу арасындағы уақыт айырмашылығына
байланысты сатушы теңгені арадағы есеп айырысуға тұрақты пайдаланған
жағдайда теңге құнының өзгеруіне байланысты тиімсіз жағдайға тап болуы
мүмкін.
Сондықтан келісуші жақтар бағаны тұрақты валюта түрінде белгілеуге
тырысады. Бұл жағдайда тауардың жалпы валюталық сомасы анықталады және
теңгедегі валюталық экивалентті қайта санау тәртібі мен бағамы белгіленеді.
Әр түрлі банктердегі бағамдар әр түрлі болғандықтан, бағам тауардың
жеткізілген күніне, болмаса белгілі бір банктегі оның төлемі жүргізілген
күніне таңдап алынуы мүмкін. Осындай кезде сатушы үшін тауардың белгілі бір
сомасының немесе 100% сомасының төленгендігі тиімді болады.Тұрақсыз баға
келісімшартқа отыру барысында тұрақты бағаны анықтау қиын болған жағдайда
белгіленеді.
Мысалы: Бағаға әсер ететін факторлар жиі өзгерген уақытта. Бұл жағдайда
базисік бағасы белгіленіп, оны есептеуден әдістері мен жағдайлары
қарастырылады. Келісімшартта қосылған құн салығы көрсетілмейді, алайда шот-
фактурада салықтың бұл түрінің болуы міндетті.
Келісімшарттың басты элементі ретінде қаржылық жағдай саналады.
Қаржылық жағдай есептеудің түрлерін, тәсілдері мен нысандарын анықтайды.
Кейбір жағдайларда жабдықтаушы сатып алушыға тиелі жіберілген тауарлары
үшін вексель алуы мүмкін. Алынған вексель анықталған мерзім ішінде
белгіленген соманы төлеу бойынша жазбаша міндеттемені білдіреді.
1.2 Вексельдер туралы жалпы түсінік және оның түрлері
Вексель дегеніміз – оның иесінің белгіленген мерзім, яғни уақыт
біткен соң борышкердің ақша төлеуін талап ететін құқығын куіландыратын
жазбаш борыштық міндеттемесі. Сатып алу және сату объектісі, сандай-ақ
капиталды қысқа мерзімді инвестициялау құралы бола отырып, вексель бағалы
қағаздардың ерекше бір түрі ретінде қызмет етеді.
Вексель белгіленген қатал нысанында жазылған жазбаша борышқорлық
міндеттеме болып саналады. Вексель өзінің иесіне міндеттеменің мерзімі
өткеннен кейін немесе мерзімінен бұрын вексельде көрсетілген соманы төлеуді
талап етуге даусыз құқық береді. Вексельді толтырушы, яғни ол вексель
бойынша төлем жүргізуге міндет алған заңды немесе жеке тұлға вексель беруші
деп аталады. Ал вексель бойынша төлем алушы тұлға ремитент болып табылады.
Вексельдің жалпы түрін мына төмендегі суреттен көруге болады:
Вексель
100000 (жүз мың) теңге
15.11.2008 жыл
Төленуге тиісті сома мөлшері
Вексельдің берілген уақыты
ККК фирмасы
Вексель бойынша ақша алушы ұйымның аты
15.11.2008 жыл
төлену мерзімі
НҰР акционерлік қоғамы
Вексель беруші ұйымның аты
Аты - жөні, тегі жазылады
тиісті адамдардың қолдары және ұйымның мөр таңбасы
Егер вексель бойынша есеп айырысу бір жыл мерзім аралығында
жүргізілетін болса, ремитент алынған вексельді баланстың актив бөлімінің
өтімділігі жоғары активтер бабында көрсету керек.
Соған сәйкес вексель беруші осы соманы өз балансының қысқа мерзімді
міндеттемелер бөліміндегі берілген вексельдер бабында көрсетеді. Вексельдің
өтелу мерзімі болып вексель бойынша төлем жүргізілетін уақыт алынады, яғни
вексель қызметінің аяқталатын уақыты есептелінеді. Әдетте вексельдер
пайдаланылуы барысында бір немесе бірнеше міндетті орындайды.
Бұндай міндеттерге мыналарды жатқызуға болады:
• дебиторлық қарыздың өтелу мерзімін белгілі бір уақытқа ұзарту;
• шот-фактураға немесе басқа да құжаттарға қарағанда дебиторлық
қарыздарды нақты дәлелдеу;
• пайыз түрінде төлем алу үшін негіз;
• айналымға жіберілу мүмкіндігі.
Бухгалтерлік есепте вексельдер сатылған, вексельге айырбасталған
тауарлар және қызметтердің нарықтық құнымен, ақшалай баламасымен немесе
барлық ақшалай төлемдердің ағымдағы құнымен есептелінеді. Жалпы сомасы
дегеніміз бұл пайыз есептелінетін сома болып табылады. Ал вексель бойынша
алынған төлемнің осы жалпы сомадан артығы пайыз сомасы болып есептелінеді.
Вексельдің атаулы құны вексельде көрсетілген пайыз сомаларын қоспағандағы
вексель айналымы мерзімінің соңындағы төленуге тиісті ақшалардың сомасы
болып табылады.
Жасалу үлгісі және қолданылуы бойынша вексельдер жәй және
аударылмалы деп аталатын екі түрге бөлінеді.
Жай вексель дегеніміз төлем мерзімі келген кезде вексель ұстаушыға
белгіленген сомада ақша төлеуді вексельді беруші өзіне ешқандай шарт қоймай-
ақ міндеттейтін құжат болып табылады, яғни қарапайым тілмен айтқанда
вексель берушінің вексель алушыға ақшалай төлем жасауға міндеттемесін
білдіреді.
Жай вексель борышкердің жазбаша міндеттемесі болып табылады.
Вексельде оның берілген уақыты, борышкерлік міндеттеменің сомасы, төленетін
мерзімі мен орны, төлем төлеуге тиісті кредитордың аты көрсетіліп,
борышкердің, яғни вексель берушінің қолы қойылуы керек.
Айналым үдерісі кезінде вексель бір адамнан екінші адамға арнайы
тіркеліп жазылғаннан кейін ғана беріледі. Табыстау жазбасы вексельдің теріс
жағында немесе қосымша парағында жазылады.
Аударылмалы вексель-(тратта) кредитордың (транссангтың) қарызгерге
белгілі бір соманы үшінші заңды тұлғаға немесе жеке тұлғаға төлеу жайлы
жазбаша өкімі болып саналады. Яғни, оның жәй вексельден ерекшелігі,
аударылмалы вексельде вексель ұстаушының төлеушіге вексельде көрсетілген
ақша сомасын үшінші бір адамға эмитентке төлеу туралы жазбаша бұйрығын бере
алады.
Вексельдерді сонымен қатар пайыздық және пайызсыздық деп екіге бөлуге
болады.
Пайыздық вексельдердің атаулы құнында төленетін пайыз сомасы өз
алдына бөлек көрсетіледі.
Пайызсыздық вексельдерде пайыздық сома өз алдына бөлек
көрсетілмейді,бірақ ол вексельдің жалпы сомасында қарастырылады.
Вексельдер өздерінің түрлері бойынша коммерциялық, қаржылық және
қазыналық болып үш түрге бөлінеді.
Коммерциялық вексельдер өнім өндіруші кәсіпорындар мен ұйымдарға ол
өнімді тұтынушы, яғни сатып алушы кәсіпорындар мен ұйымдардың төлем жасау
мерзімінің кешіктірілуі себебіне байланысты беретін коммерциялық, несиесі
ретінде рәсімделеді.
Қаржылық вексельдер арқылы тауарлық келісімшарттарға жатпайтын әр
түрлі банктер арасындағы борышкерлік қатынастар рәсімделеді.
Қазыналық вексельдер мемлекеттік қазыналық міндеттемеге жатады. Олар
мемлекеттің ішкі қарыздарын өтеуіне байланысты шығарылады.
Қазыналық вексельдер негізінен дисконтымен бірге номиналынан шегерім
жасауды қоса алғандағы бағасы бойынша банктерге және басқа да кәсіпорындар
мен ұйымдарға сатылады. Ал оларды кері қарай сатып алу толық атаулы құны
бойынша жүргізіледі. Қазыналық вексельдер иелерінің табысын атаулы және
сату бағасы арасындағы айырмашылық құрайды.
Жалпы алғанда Қазыналық вексельдер банктер үшін қысқа мерзімге капитал
салу нысаны болып табылады. Олар банк арқылы ақша рыногында пайдаланылады.
Вексельдер эмитенттер бойынша:
Қазынашылық және жекеше.
Төлем түрі бойынша:
Жай және аудармалы.
Төлем кепілдігінің барлығына қарай:
Қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген.
Төлеу тәртібі бойынша:
Мерзімдік вексель және ұсынушылық вексель болып бөлінеді. Вексельдерді
толтыру мен рәсімдеу белгіленген ережені сақтауды керек етеді. Құжатта
міндетті түрде вексельдік таңба яғни вексель деген жазу жазылып, оның
ұсынылған күні мен орны, вексельдің сомасы, пайызы, төлеу мерзімі көсетілуі
қажет.
Аударылмалы вексельді трассат акцептеу керек, ондай болмаған
жағдайда трассанттың вексель бойынша ешқандай міндеттемесі болмайды.
Вексель берілген уақытынан бастап төлеу мерзіміне дейін жабдықтаушының
иелігінде болуы, тауарға төлем төлеу үшін басқа заңды тұлғаға немесе жеке
тұлғаға берілуі немесе банк мекемесінен несие алу үшін пайдаланылуы мүмкін.
Вексельдің маңызды деректемесі болып төлем мерзімі саналынады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерия қызметкерлері вексель бойынша
төлем мерзімдерінің сақталуын қадағалап оны бақылап отыруы қажет.
Вексельмен есеп айырысу есебі арнайы Алынған вексельдер шотында
жүргізіледі. Бұл шотта сатушылардың сатып алушылар және тапсырыс
берушілермен арадағы олардан алынған вексельдер бойынша есеп айырысу
операциялары жайлы ақпараттар жинақталады.
Сатылған тауарлар мен дайын өнімдер үшін вексельдер алынғанда:
Д –т: Алынған вексельдер шоты
К-т: Алынуға тиісті борыштар шоты
Ал вексель бойынша сатып алушылардың борыштарының жабылуына, яғни ақша
келіп түскен мерзімінде (пайызсыз):
Д –т: Ақшалар шоты
К-т: Алынған вексельдер шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.
Мысалы: 500000 (бес жүз мың) теңгеге алты айға вексель алынып және
оған қоса жылдық 5 (бес) пайыз көлемінде төлем төлеу көрсетілген болды деп
есептейік.
Осы жағдайда біздің вексель бойынша алуға тиісті сомаңыздың мөлшері
былай есептеледі:
500000+500000х5%х612=500000+125000 =512500теңге.
Егер осы сомадағы вексель алты айға емес тоғыз айға жазылып берілген
жағдайда алынуға тиісті сома мына санға тең болады:
500000+500000х5%х912=500000+18750= 518750 теңге.
Жоғарыда қарастырылған мысалымыз бойынша бухгалтерлік жазуларымыз
келесідей түрде жазылады:
А) Вексель алынғанда
Д –т: Алынған вексельдер шоты 500000
К-т: Алынуға тиісті борыштар шоты 500000
Ә) вексель бойынша сатып алушылардың борыштары пайыз сомасымен бірге
өтелгенде
Д –т: Ақшалар шоты
512500
К-т: Алынған вексельдер шоты 500000
К-т: Пайыз бойынша кірістер шоты 12500
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары шоты бойынша
жүргізілетін операциялар
№ Операциялар мазмұны ДебиттелетінКредиттелеті
шот н шот
1 Тиеп жіберілген тауарға, өнімге, көрсетілген
қызметке есептелінген сатып алушы, тапсырыс 2110 6010
берушілердің борышы
2 Тиеп жіберілген тауарға, өнімге, көрсетілген
қызметке есептелінген қосылған құн салығы 2110 3130
3 Борыш сомасы бұрын алынған аванс сомасынан
шегерілді 3510 2110
4 Сатып алушы және тапсырыс берушілерден есеп
айырысу шотына келіп түскен сома 1040 2110
5 Сатып алушы және тапсырыс берушілердің
борышы олардың кредиторлық қарызы есебінен 3510, 4430 2110
өтелінді
6 Сатылған (тиеп жіберілген) тауар, өнім,
көрсетілген қызмет үшін алынған вексель 1130 2110
7 Сатып алушы және тапсырыс берушілер берген
вексельдер үшін борыштарын төледі 1040 1130
1.3 Вексельдер арқылы есеп айырысу
Вексель- біржақты сөзсіз орындалатын ақша міндеттемесін қамтитын қатаң
нысанда белгіленген төлем құжаты. Ол жай және аударма болып бөлінеді.
Жай вексель (соло-вексель)- талап етуі бойынша немесе белгіленген
мерзімде келешекте вексельде көрсетілген ақша сомасын вексель ұстаушыға
төлейтіні туралы вексель ешқандай талқылауға жатпайтын міндеттемесінен
тұрады.
Аударма вексель(тратта)- вексель берушінің үшінші тұлғаға бірінші
вексель ұстаушыға немесе оның бұйрығы бойынша келешекте белгілі бір
уақытта, не ұсынған кезде, вексель көрсетілген ақшаны төлейтіні туралы
басқаша ешбір шарт қойылмайтындығы туралы міндеттемесі. Аударма вексель өз
табиғаты бойынша “бұйрыққа” ұқсас болып келеді. Вексель: құжат мәтініне
енгізілген, құжат қай тілде толтырылса, онда сол тілде “вексель” деп
жазылған атауыды, белгілі бір ақша сомасын төлеуге еш нәрсемен
негізделмеген бұйрықты; төлеуге тиіс тұлғаның атауы- тек аударма вексельде,
төлеу мерзімін, төлем жасалатын орнын көрсетеді; аімге немесе кімнің
бұйрығы бойынша төлем жасалатындығын, сол тұлғаның атауын, вексель жасалған
күні мен орнын көрсетеді және онда вексельді берген тұлғаның қолы қойылады.
Жоғарыда көрсетілген талаптар құжатта тұтастай сақталмаса, тек
төменгі белгіленген жағдайларды қоспағанда, вексельдің күші болмайды. Төлем
мерзімі көрсетілмеген вексель ұсынғанда талап етуі бойнша төленетін вексель
ретінде қарастырылады.
Ерекше нұсқауы болмаған кезде төлем жасаушы мен қатар белгіленген
орны, төлем жасау орны және сонымен бірге төлем жасаушының тұратын орны
болып есептелінеді. Вексельдің жасалған орны көрсетілмеген жағдайда вексель
берушінің атымен қатар белгіленген орында қол қойылған болып танылады.
Аударма вексель вексель берушінің бұйрығы бойынша ақы төлеуге жататын
вексель ретінде берілуі мүмкін ол вексель берушінің өзіне немесе үшінші
тұлғаның есебінен берілуі мүмкін. Аударма вексель үшінші тұлға тұрған жерде
немесе төлем жасаушының тұратын жерінде немесе қандайда бір басқа орында
төленуі мүмкін.
Вексельде пайыздық мөлшерлеме көрсетілуі тиіс, мұндай нұсқау болмаған
жағдайда шартқа қол қойылмаған деп саналады. Пайыздың есептелген күні
көрсетілмесе, аударма вексель жасалған күннен бастап есептелінеді.
Кез-келген аударма вексельдің бұйрығы көрсетілмей берілсе де, ол
өзінің индоссаменті арқылы берілуі мүмкін. Егер вексель беруші аударма
вексельде “бұйрыққа емес” немесе осыған ұқсас мағынада сөз жазылса және ол
құжат нысанын сақтаса, онда ол қарапайым сессиямен берілуі мүмкін.
Индоссамент вексель берушінің пайдасына, не вексель бойынша міндетті басқа
кез-келген адамның пайдасына вексельді акцептегеніне, не акцептемегеніне
қарамастан төлем жасаушының пайдасына жасалуы мүмкін. Бұл тұлғалар өз
кезегінде, вексельді табыстай алуына болады. Индоссамент қарапайым, алдын
ала ешбір келісім- шарт қойылмаған болып келеді. Оның шарт жағдайларының
бірі шектелетін болса, онда оған қол қойылмаған, яғни жазылмаған болып
есептелінеді.
Индоссамент ұсынушыға бланктік күші бар индоссамент болып табылады.
Индоссамент аударма вексельде немесе оған қосылған параққа қол қойылуы
тиіс. Индоссамент аударма вексельде қаралған барлық құқықтарды иелік етеді.
Егер индоссамент бланктік болса, онда вексель ұстаушы бланкті өз атына
немесе басқа бір адамның атына толтыра алады; өз кезегінде вексельді банк
арқылы немесе басқа бір адамның атына табыстай алады; бланк толтырмай және
индоссамент жасамай-ақ вексельді үшінші адамға бере алады.
Егер басқаша кері шарт болмаса, индоссант акцепт пен төлемге жауап
береді. Ол кейінгі индоссаментке тыйым сала алады; бұл жағдайда вексель
кейінгі табысталған адамдардың пайдасына шешілсе де, ол олардың
алдыңдажауап бермейді. Қолында аударма векселі бар тұлғаның құқығы үздіксіз
бірқатар индоссамент жасау арқылы негізделсе де, соңғы индоссамент бланктік
болғанымен, заңды аударма вексель ұстаушы тұлға ретінде қарастырылады.Бұл
ретте сызылып тасталған индоссаменттер жазылмаған деп есептелінеді.
Бланктік индоссаменттер кейін басқа индоссамент жасалса, соңғысына қол
қойған тұлға бланктік вексельді сатып алған индоссамент болып есептелінеді.
Аударма вексельді төлем мерзімі басталғанға дейін вексель ұстаушы
немесе қолында вексель тұрған қарапайым тұлға да төлем жасаушыға акцептеу
үшін тұрған жерінде ұсына алады. Егер де төлем жасаушы өзінің келісімі
туралы вексель ұстаушыға немесе қол қойған адамдардың біріне хабарласа,
онда ол олардың алдында өз келісімінің шарттарына сәйкес өз міндеттерін
орындаған болып саналады. Аударма вексель ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz