Депозиттік операциялар есебі
Жоспар.
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім:
1.1 Депозиттік операциялар есебі
1.2 Банктің депозиттік есебі
1.3 Банкаралық депозиттік операциялар және оның есебі
1.4 Заңды және жеке тұлға аманат және депозит бойынша операцияларды рәсімдеу және есебі
1.5 Жинақ кітапшасын ұсыну тәртібі және есебі
1.6 Аманат түрлеріменен шоттарына сәйкес сыйақы қосу және төлеу тәртібі
ШОБ (шағын орта бизнесті несиелендіру есебі)
III. Қорытынды.
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе.
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері Конститутцияға, «Қазақстан Республикасының банктері мен банктік қызмет туралы» 1995жылдың 31тамызындағы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес депозиттік операцияларды жүргізеді.
‘Қазақстан Республикасының банктері мен банктік қызметі туралы’ Қазақстан Республикасының заңына сәйкес «депозит-бір тұлғаның екінші тұлғаға банкке (соның ішінде Ұлттық банкке ) оларды номиналды түрде қайтару шартымен,бірінші ретте талап еткенде сондай-ақ белгілі бір мерзім өткеннен кейін қайтарылу шартына байланыссыз, толығымен немесе бөліктеп, алдын-ала келісілген өсіммен немесе өсімсіз, тікелей депозиторға (салымшыға) немесе оның тапсырмасы бойынша үшінші тұлғаға берілетін ақшалар»
Мен бұл банктік депозит операциялар есебі, жинақ кітапшасы,аманат түрлері, шағын бизнесті несиелендіру деген курстық жұмысты алу себебім, ол өзекті тақырыптардың бірі. Өйткені Қазақстан қазіргі кезде экономика мен қаржы саласында кейбір қиындықтарды бастан өткізуде. Сондықтан да Қазақстан Республикасының президенті халықтың банкке деген сенімін арттыру үшін депозитті сақтандыру,шағын бизнесті көркейту, жинақ кітапшасын,аманат түрлерін дамыту шараларын қолға алған болатын.
Курстық жұмыстың ішінде қаржы ұғымымен мәні түсіндірілген яғни депозиттің теориялық анықтамасы, құрылу жолдары, оның функциялары туралы айтылған. Жалпы түрде депозитті сақтандыру ұйымдастыру мен қолдану әдістері, негізгі концепциялары берілген.
Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайда проблемалары және жетілдіру жолдары ерекшеліктері мен принціптері, оның проблемалары мен қиындықтары мен әдістері қарастырылған.

Қолданылған әдебиеттер
1. Постановление Правительство Национального Банка Республики Казахстан от 31.12.2003г №490
2. Постановление Правительство Национального Банка Республики Казахстан от 18.12.2003г №1267
3. Постановление // Экономика и предпринимательство в РК – 2000г
4. Кредитная политика коммерческого банка Панова Г.С 1997г
5. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие». Алматы 2000ж.
6. Защита банковских депозитов. МВФ. Г. В.Семеко. Москва,
«Атлас Ин». 2000г
7. Мамыров Н.К., Ихданов Ж. «Государственное регулирование экономики в условиях Казакстана». Алмата, Экономики 1998г
8. Сагындыкова М.О. Правила включения банков второго уровня в систему обязательного коллективного гарантирования (страхования) вкладов депозитов физических лиц. Банки Казахстана №9 2000г
9. Турбанова А.В. Система страхования вкладов в Росси, // Деньги т кредит, №3 2005г
10. Банковское дело. // Под ред. Профессор В.И. Колесников,
Журналы:
11. Банки Казахстана №12 2000г
12. Банки Казахстана №11 2003г
13. Банки Казахстана №2 2004г
14. Банки Казахстана №5 2005г
15. Банки Казахстана №6 2005г
16. Банки Казахстана №8 2005г
17. Банки Казахстана №10 2005г
18. Экономическая наука в Казахстане: проблемы и пути реформирования Алматы 2003
19. Майлыбабаев О.А. Депозитная база в банковской деятельности в условиях Республики Казахстана, // Экономика и статистики, 2005 № 3
20. Міржақыпова С.Т. “Банктегі бухгалтерлік есеп” Алматы: Экономика, 2006.

1. Депозиттік операциялар есебі
2. Банктің депозиттік есебі
3. Банкаралық депозиттік операциялар және оның есебі
4. Заңды және жеке тұлға аманат және депозит бойынша операцияларды
рәсімдеу және есебі
5. Жинақ кітапшасын ұсыну тәртібі және есебі
6. Аманат түрлеріменен шоттарына сәйкес сыйақы қосу және төлеу
тәртібі
ШОБ (шағын орта бизнесті несиелендіру есебі)
III. Қорытынды.
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе.
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері Конститутцияға,
Қазақстан Республикасының банктері мен банктік қызмет туралы 1995жылдың
31тамызындағы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес депозиттік
операцияларды жүргізеді.
‘Қазақстан Республикасының банктері мен банктік қызметі туралы’
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес депозит-бір тұлғаның екінші
тұлғаға банкке (соның ішінде Ұлттық банкке ) оларды номиналды түрде қайтару
шартымен,бірінші ретте талап еткенде сондай-ақ белгілі бір мерзім өткеннен
кейін қайтарылу шартына байланыссыз, толығымен немесе бөліктеп, алдын-ала
келісілген өсіммен немесе өсімсіз, тікелей депозиторға (салымшыға) немесе
оның тапсырмасы бойынша үшінші тұлғаға берілетін ақшалар
Мен бұл банктік депозит операциялар есебі, жинақ
кітапшасы,аманат түрлері, шағын бизнесті несиелендіру деген курстық жұмысты
алу себебім, ол өзекті тақырыптардың бірі. Өйткені Қазақстан қазіргі кезде
экономика мен қаржы саласында кейбір қиындықтарды бастан өткізуде.
Сондықтан да Қазақстан Республикасының президенті халықтың банкке деген
сенімін арттыру үшін депозитті сақтандыру,шағын бизнесті көркейту, жинақ
кітапшасын,аманат түрлерін дамыту шараларын қолға алған болатын.
Курстық жұмыстың ішінде қаржы ұғымымен мәні түсіндірілген яғни
депозиттің теориялық анықтамасы, құрылу жолдары, оның функциялары туралы
айтылған. Жалпы түрде депозитті сақтандыру ұйымдастыру мен қолдану
әдістері, негізгі концепциялары берілген.
Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайда проблемалары және жетілдіру
жолдары ерекшеліктері мен принціптері, оның проблемалары мен қиындықтары
мен әдістері қарастырылған.
Бүгінгі күндері депозиттерді, шағын бизнестерді сақтандырудың және
көркейту рөлінің жоғары екенін түсінген үкімет Қазақстан Республикасының
коммерциялық банктердегі жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру қорын
құрды. Бұл қордың тәжірбиесі бүкіл дүние жүзі елдеріндегі нәтижелі қызмет
көрсетіп жатқан осындай қорлардың тәжірбиесінен таңдап іріктеліп алынып
жатыр. Мұндай озық тәжірбиелі қорлар АҚШ, Германия, Франция, Англия,
Жапония және т.б елдерде бар.
Әлемнің дамыған елдері әр уақыт кезеңінде банктің салымшыларын
қорғау мәселелерімен жолықты. Бұл мәселені шешу біздің елімізде де қиындық
туғызуда. Отандық банк жүйесі енді ғана тұрақтана бастады, бірақ әліде
болса проблемалар бар, кәсібиліктің тапшылығымен және тағы басқа
кемшіліктермен сипатталады.
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің екінші денгейлі
банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) сақтандыру
(кепілдендіру) қажеттігі көп жылдардан бері шешімін таппай келе жатқан
мәселелердің бірі болатын.Мұндай мәселенін туындауы Қазақстан Республикасы
экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне және халықтың банктердегі
көптеген жылдар бойы жинаған ақша қорларының, яғни жинақтарының 1990
жылдардың басында инфляция әсерінен банктердің жабылуы салдарынан жоғалып
кетуімен байланысты болып отыр. Бірақ жеке тұлғалардың салымдарын
(депозиттерін) сақтандыру (кепілдендіру) қорын құру оңай мәселе болмады.
Халықтың коммерциялық банктердегі салымдарын сақтандырудың біріншіден,
халық қолындағы айналысқа түспей отырған ақшалай қаражаттарын экономикаға
тарту, екіншіден ақша иелерінің табыстарын өсіру, үшіншіден, банк жүйесін
ақша ресурстарымен қамтамасыз ету,төртіншіден, экономиканың нақты
секторларына жұмсалынатын несие ресурстарын көбейту, бесіншіден,
өндірістерге ішкі инвеститцияны тарту және тағы басқа да көптеген пайдалы
тұстары бар. Бұл жүйенің қызметін мемлекеттің реттеуінсіз нәтижелі
ұйымдастыру мүмкін емес.
Депозит экономикалық категория ретінде жинақ ақшаның құрамдас
бөлігі болып табылады. Депозит қайта бөлу қатынастар аясын қамтиды. Барлық
жұмсалымдардың түрлері жинақ ақша болып табылады. Депозит – жинақ ақшаларды
сақтаудың бір түрі.
Депозиттің экономикалық категорияларын сипаттайтын мынадай
белгілерін бөліп айтуға болады:
1. Депозиттер банктермен ақшалай қайта бөліну процестерін қарастырады,
яғни салынған салымдардың алу мерзімі келген кезде салынған ақша
қаражаттарының қолма-қол қайтарылуы шарттастырылған.
2. Депозиттер жеке табыс бөлігі ретінде капиталмен тығыз байланысты.
Мұндай қайта бөлу қатынастарының пайда болуы депозиттік салымдарды өтеу
кезінде есептелген пайыздар түрінде табыс алу жағдайының болуына
негізделген.
3. Депозиттер қайтарылу мерзімдері бойынша көп түрлілігімен сипатталады.
Бұл мерзімдік салымдар және ұзақ мерзімге салынған салымдар және мезгілсіз
салымдар болуы мүмкін.
Депозиттік операциялар есебі.
Депозиттер – бұл банк пассиві балансында көрінетін,
депозиттік портфельге ақша салымдарын қалыптастыру нәтижесі бойынша,
олардың қатысушылары арасындағы ірі қайта бөліну қатынастарының жиынтығы.
Қазақстан Республикасы банк жүйесінің екінші денгейлі
банктеріндегі депозиттерді сақтандыру қажеттігі көп жылдардан бері шешімін
таппай келе жатқан мәселелердің бірі болатын. Инвеститциялық қаражаттардың
дефицитіне байланысты өтпелі кезеңде халықтың ақша қаражатын тарту маңызды
болып табылады. Сондықтан потенциялдық сақтаушыларға ақшалай жинақтарын
сақтаудың тиімді шарттарын жасау қажет. Осыған байланысты халықтың
қаражаттарын экономикаға тарту, банктің несие механизімдері арқылы,
мемлекет үшін осы бағыт ең басты мәселелердің бірі.
Инвестр үшін банкке салынған ақша қаражаты тәуекелі төмен деп ойлайды,
бірақтанда банк тұрғысынан қарағанда құралдардың тарту көлемі, экономикада
қаржы-несие институттарында араларында ең тұрақты операциялардың бірі.
Бұған қоса әлемдік және отандық тарихта жалпы сипатқа және ауыр
салдарға ие болған көптеген банкроттық жағдайларын еске түсіреді. Әлемнің
дамыған елдері әр уақыт кезеңінде банктің салымшыларын қорғау мәселелерімен
жолықты. Бұл мәселені шешу біздің елімізде де үлкен қиындық туғызады.
Отандық банк жүйесі енді ғана тұрақтана бастады, бірақ әліде болса
проблемалар бар, кәсібиліктің тапшылығымен және тағы басқа кемшіліктермен
сипатталады. Шетел тәжірбиесінде депозит деген ұғым ақшалай қаражат немесе
бағалы қағаздарды білдіреді, банктік немесе несие-қаржы ұғымдарына сақтауға
береді. Депозит деген бірнеше мағынасы бар: банкке салған салымға
байланысты және қаржы институты ондай мағынаға да ие бола алады.
• Бағалы қағаздар, несие қаржы институттарына сақтауға берілген;
• Кеден полициясы, жинау налогы және алдын-ала төлеу;
• Администрациялық алдын-ала төлеу ұйымдары және т.б.
Депозит ұғымын кең ауқымды екенін көре аламыз, депозиттер банктердің
негізгі ресурстары. Сондықтанда банктік жүйенің механизімі жаңа талаптарға
сай болуы тиіс, депозиттерде сақтандыру жүйесі сияқты.
Сақтандыру депозиті- мүліктік сақтандыру түрі,коммерциялық банктер
банкрот болған жағдайда қаражаттарды салымшыларға қайтару туралы кепілдік.
Депозиттерді сақтандыру жүйесінің екі функциясы бар:
• Банктің қаржылық тұрақтылығы (несиелік мекеме),төлеу қабілеттілігі
болмаған жағдайда;
• Салымшылырды қорғау банктік мекемеде қаржылық тұрақсыздық болған
жағдайда;
Депозиттерді сақтандыру жүйесінің бүкіл әлемдік тәжірбиеде тиімді
функциясы:
• Қамтамасыз етеді белгілі қорға тұрақтылықты өзінің мүшелеріне және банк
жүйесіне (банктің ликвитті кризистік механизімін біртіндеп тоқтатады);
• Салымшыларға кепілдік береді (ең басты ұсақтарға), банк банкрот
болғанымен де олрға банкрот болуға жол бермейді;
• Банк жүйесіне сенімділікті артады;
• Банктік жүйенің субьектісі арасындағы ерекше тәуекел бөлімінің
механизімі;
• Жалпы экономикалық тұрғыда банктің банкрот процедураларының жүргізілуі
керек;
• Депозитерді сақтандыру жүйесі халықпен бірден жұмысын бастауына, бір жақ
шетінен, банкте бәсекелестік ортаны қалыптастыру;
Сондықтанда бұл жүйе, қай формасында болмасын нарықты экономикада барлық
мемлекетте қолданылады. Банктің салымдарды қорғау шетел тәжірбиесінде түрлі
амалдар қолданылады, депозиттерді сақтандыру мемлекеттерде әр елде әр түрлі
қолданылады, оның үшеуі қолданыста.
1) сақтандыру жүйесінде клиентті салымшылар;
2) кепілдендіру жүйесі (алдын-ала шараларын өткізу,банкті
банкроттқа жеткізбеу);
3) аралас жүйе (жоғарыдағы екі элементтің қосындысы).
Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінде жеке
тұлғалардың міндетті ұжымдық депозиттерін сақтандыру. Қазақстан
Республикасының Банк және банктік қызмет туралы заңында толықтырулар
енгізіледі, екінші денгейлі банк жеке тұлғалардың міндетті ұжымдық
депозиттерін сақтандыру, механизімін іске асыру, екінші денгейлі банктер
мен салымшылар арасында қарым қатынастарын нығайту. ҚР екінші денгейлі
банктерінде жеке тұлғалардың міндетті ұжымды салымшыларды кепілдендіру
жасайды жабық акционерлік қоғам Қазақстандық қор, жеке тұлғалардың
депозиттерін сақтандыру коммерциялық емес ұйым. Бұл қордың мақсаты жеке
тұлғалардың ақша қаражатын қайтару, екінші денгейлі банктерге депозиттерді
сақтау ережеге сәйкес. Депозитаринг банктің қатысуымен жеке тұлға, депозиті
бар банк қатысушысы, ережеге сәйкес міндетті қайтаруын кепілдендіру.
Депозиттік операция (латынша depozitum-сақтауға берілген
зат)–клиент қаражатының банкке оның уақытша пайдалануына берілетінін
білдіретін экономикалық қатынас.Депозит тек салымшыға ғана емес,сонымен
бірге, банкке де пайдалы. Депозиттердің көбісі ссудалық капиталды құра
алады, содан кейін,ол пайдалы жолмен кез келген шарушылық саласына
орналастырылады.
Депозит бойынша проценттегі және қарыз алушыдан алынған капитал
процентіндегі айырмашылық банктің еркін ақшалай қаражатты тарту бойынша
және ссудалық капиталды орналастыру бойынша жүргізген жұмысының сыйақысы
болып табылады. Банктер бұл сыйақының мөлшерін арттыру үшін жалған салым
ақшаны құру арқылы өзінің ресурстық базасын ұлғайтуға ұмтылады.
Депозиттік операциялар бұл заңды және жеке тұлғалардың белгілі бір
мерзімге немесе талап етуі бойынша тапсырылатын салымдар бойынша
жүргізілетін банктік операциялар. Депозиттік операциялар банктің пассивтік
операцияларының ең негізі болып табылады. Қазіргі банктік тәжірибеде
салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр
түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк
қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және
олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға
ұмтылуына жағдай жасайды. Комерциялық банктердің депозиттерді несие ресурсы
ретінде пайдалануына шек қоятын кассалық резервтерден басқа тағы бір
шектеушіге орталық банк белгілейтін міндетті резерв жатады. Депозит шоттары
әр түрлі болуы мүмкін.
Салымшылардың категорияларына қарай депозиттер былайша бөліп
көрсетіледі:
- заңды тұлға ( кәсіпорын,ұйым,өзге де банктер )
- жеке тұлға.
Қаражаттың алыну формасы бойынша депозиттер мынадай түрлерге
бөлінеді:
- талап етілмелі ( нақты мерзімі болмайтын міндеттеме )
- мерзімді ( нақты мерзімі бар міндеттеме )
- шартты (бұрын айтылған шарт күшіне енгенде алынатын қаражат)
Банктің депозиттік есебі.

банктеріндегі жеке тұлғалардың (депозиттерін) сақтандыру (кепілдендіру)
қажеттігі көп жылдардан бері шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі
болатын. Мұндай мәселенің туындауы Қазақстан Республикасының экономикасының
нарықтық қатынастарға өтуіне және халықтың банктердегі көптеген жылдар бойы
жинаған ақша қорларының, яғни жинақтарының 1990 жылдардың басында инфляция
әсерінен банктердің жабылуы салдарынан жоғалып кетуімен байланысты болып
отыр. Бірақ жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) сақтандыру
(кепілдендіру) қорын құру оңай мәселе болмады. Халықтың коммерциялық
банктердегі салымдарын сақтандырудың біріншіден, халық қолындағы айналысқа
түспей отырған ақшалай қаражаттарын экономикаға тарту, екіншіден ақша
иелерінің табыстарын өсіру, үшіншіден, банк жүйесін ақша ресурстарымен
қамтамасыз ету, төртіншіден, экономиканың нақты секторларына жұмсалынатын
несие ресурстарын көбейту, бесіншіден, өндірістерге ішкі инвестицияны тарту
және тағы басқа да көптеген пайдалы тұстары бар. Бұл жүйенің қызметін
мемлекеттің реттеуінсіз нәтижелі ұйымдастыру мүмкін емес.
Соңғы жылдардың тәжрибесін көрсеткендей экономиканы мемлекеттік реттеу
бойынша іс- шаралар ғылыми, әдістемелік және ұйымдастырушылық негізде
бірігуді қажет етеді. Осы үш бөлімнің біреуінің әлсіреуі экономикалық -
әлеуметтік процестерді реттеуде кері әсерін тигізеді және ақша - несиелік,
әлеуметтік сонымен бірге халықаралық байланыстардың бұзылуына әкеліп
соқтырады.
Екінші деңгейдегі банктердегі тұрғындардың және ұйымдардың салымдарын
банктердің төлем қабілетінің болмай қалуынан қорғауды қамтамасыз ету
мақсатында Ұлттық банкке екінші деңгейдегі ірі банктермен бірлесе отырып
қысқа мерзімде тұрғындардың депозиттерін ұйымдық сақтандыру жүйесін құруды
және оны іске қосуды тапсырады. Көп ұзамай, 1999 жылдың 5 қарашасында
Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктермен банктер ассоциациясымен және
қаржыгерлер ассоциациясымен бірлесе отырып екінші деңгейдегі банктердегі
жеке тұлғалардың салымдарын міндетті түрде ұжымды сақтандыру ережесін
енгізді.
Қорға кіру үшін шешім төменгі талаптарды орындаған кезде мүмкін:
1. Халықаралық стандартқа көшу бағдарламасына банк енуі керек;
2. Алматы қаласында орналасқан банктердің осы қорға кіру үшін сұраныс
бергенге дейінгі 3ай мерзімінде жеке капитал мөлшері 1 миллиард
теңгені құрау керек, Ұлттық Банктің 12 желтоқсан 1996 жылғы қаулысына
сәйкес болуы керек.
3. Банк соңғы үш айда пруденциалдық нормативтерді орындауы керек, К1,К2;
0,06 және 0,12 кем болмауы керек.
4. Ұлттық Банк осы сұрақ бойынша рекомендациясы қорға тікелей беріледі,
құпия қажет болып табылады.
5. Ұлттық Банк банк белгіленген тізімдегі халықаралық аудиторлық
компаниялардың белгіленуімен соңғы 1 жылдық қаржылық есеп.
Депозитті сақтандырудың ең басты мақсаты:
Осы сақтандыру жүйесі шеңберінде жарғылық қоры 1 миллиард теңгені құраған
Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) кепілдендіру
(сақтандыру) қоры ЖАҚ құрылды.
Осы қорға кіргісі келген қор арыз беру керек. Банкті осы жүйеге кіргізу
туралы қор анализ жасайды. Ұлттық Банк банктің рекомендациясын және банк
берген құжаттарды ескереді. Қор арыз бергеннен бастап 1 ай ішінде шешім
қабылдау керек. Бұл банк жүйеге кірді деп есептелінеді, егер қор шешім
қабылдағаннан кейін 15 күн ішінде қорға алынған міндетті резерв
0, 375% (жеке тұлғалардың салым соммасы) төлеуі керек. Төлемдер соммасы
максималды сомма 1 млн теңге.
1. салым – 200 мың теңге -100%
2. салым – 200 – 400мың теңге – 200 тг қосу одан жоғары сомманың 80%
3. Салым бойынша сыйақымен бірге -400-600 мың жоғарғы, 360 мың тг, 400
мың жоғары сомманың 60%
4. салым – 600-800мың тг– 480 мың тг, 600 мыңнан жоғары сомманың 40%
5. салым–800–1 млн тг, 560, 800 жоғары 20%
6. салым 1 млн жоғары- 600, 1 млн. жоғары сомманың 10%
Бүгінгі таңда Қазақстанда екінші деңгейлі банктердің саны 35, соның
ішінде 31 банк салымдарды кепілдендіру жүйесіне жатады. Бұл жүйеге
жатпайтындар олар: ОАО МБ Алма – ата, ОАО Эксимбанк Казахстан, ОАО
Казахстанский Интернациональный Банк және ЗАО ДБ Национальный Банк
Пакистана в Казахстане;
Қазақстан Республикасының Үкімет қаулысы бойынша 31.12.2003 жылға
дейін № 490 ОАО МБ Алма – ата алты ай депозит алуға лицензиясы
тоқтатылды, ашуға және банктік шоттарды жеке тұлғаларға ендіру.
Қазақстан Республикасының Үкімет қаулысы бойынша 18.12.2003 жылға дейін
№1267 мемлекеттік акция пакеті ОАО Эксимбанк Казахстан 100% көлемінде
сатылуға қойылған жарғылық капиталына дейін ұлттық инвесторымен сатып
алынды. Тіркеуден өткеннен кейін бұл сұрақ қарастырылады банкте
салымдарды кепілдендіру жүйесі. ОАО Казахстанский Интернациональный
Банк және ЗАО ДБ Национальный Банк Пакистана в Казахстане депозит
тартуға лицензиясы жоқ, банктік шоттарды ашуға және тартуға жеке
тұлғалардың және т.б халықтың салымдарын тарата алмайды. Шетел тәжірибесі
көрсетеді, өтеу объектісі банкте ашылған депозиттің барлық түрлері болуы
керек. Салымшы үшін ең бастысы сенімді кепілдіктер, ұсынылған салымдарды
кепілдендеру жүйесі және т.б білу, әр түрлі депозиттегі банктер банкрот
болған жағдайда өтеу белгілі көлемде.
Қазақстанның жеке тұлғаларының салымдарын сақтандыру Қоры
Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктердегі жеке тұлғалардың
салымдарын міндетті түрде ұжымды кепілдендіру (сақтандыру) ережесі
негізінде және басқа да Қазақстан Республикасы Конституциясында,
Заңдарына, нормативті актілеріне сүйене отырып қызмет ететін қаржы
мекемесі. Бұл қордың негізгі мақсаты – қатысушы банктердің еріксіз
жойылуы жағдайында жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендіру жолымен
салымшылардың мүддесін қорғау. Қор салымшы мен банктің арасындағы
қатынаста сақталуының кепілі ретінде үшінші тұлға болып қызмет атқарады.
Салымшылардың мүдделерін қорғау банктерге деген тұрғындардың сенімін
қайта қалыптастыруға бағытталған. Өйткені халықтың банктерге, қорларға,
басқа да қаржы мекемелеріне деген сенімі соңғы 5 - 6 жылда өте
төмендеп кетті. Бұған себеп аталып отырған мекемелердің өз қызметтерін
дұрыс алмауы нәтижесінде жабылып қалуы, банкротқа ұшырауы,
міндеттемелерін өз уақытында орындамауы, оған мемлекеттің қолданатын
шараларының болмауы және тағы да басқа көптеген жағдайлар.
Банкаралық депозиттік операциялар және оның есебі
Қазақстан Республикасындағы депозиттерді сақтандыру қазіргі жағдайда және
проблемалар.
Қазақстандық салымшылардың коммерциялық банктерге сеніп тапсырған
салымдарын қорғау проблемасын халық салымдарының жинақ банктерде құлдырауы
мен жекелеген қаржылық құралымдардың тоқырауы және қазіргі уақыттығы кейбір
банктердің тиімділігінің болмауы нәтижесінде туындап отыр. Қазіргі
коммерциялық банктердің клиенттік құрылымында жекелеген тұлғалардың
салымшылар саны өсуде, халықтың салымдарының мөлшері көбеюде және осыған
байланысты депозиттерді қорғауды жетілдіру қажеттігі де туындады. Ұлттық
банк тарапынан жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендіру және сақтандыру
қоры бойынша жүйенің тиімді жұмыс атқаруына бағытталған шаралар
жүргізілуде. Бірақ аталған жүйенің дамыған жерлері мен аяқталмаған тұстары
бар және оны жетілдіру үшін біздің шаруашылғымызда шетелдік тәжірибені
ескеруіміз керек. Көптеген елдерде салымдарды сақтандыру мен
кепілдендірудің көптеген жүйелері қызмет атқарады, олардың тәжірибесін біз
өз еліміздегі осы тектес жүйені жетілдіруге пайдалануымыз керек. Банктердің
қалыпты жұмыс істеуіне ең керекті жағдай олардың өмір тіршілік қолдайтын
сәйкес жүйенің болуы. Осындай жүйелер дамыған елдердің көпшілігінде бар
және ол өзара байланысты екі қызмет атқарады: біріншіден, төлем
қабілетсіздігі шегіне жеткенде экстремалды жағдайларда банктерге қаржылық
көмек көрсетеді, екіншіден, депозиттер бөлімі бойынша сақтандыру төлемдері
арқылы олардың салымдарын сақтандырады. Осындай жолмен банктік жүйе үшін
өте бір күрделі мәселе шот иелерінің салымдарын жалпылама қайтарып
алуларынан сақтандырылады. Әр елде коммерциялық банктердегі салымдарын
қорғаудың әр түрлі механизмдері бар. Қордың құрылтайшысы Ұлттық Банк болып
табылады. Қордың акцияларын Қазақстан Республикасының үкіметі және қатысушы
банктер сатып алуы мүмкін. Қордың жарғылық капиталы 1 млрд теңгені
құрайды. Қордың атқарушы органы басқарма болып табылады. Басқарма тоғыз
адамнан тұрады. Қор басқармасы құрамына қордың төрағасымен Ұлттық банктің
екі өкілі, қатысушы банктердің төрт өкілі және Қазақстан Қаржыгерлер
ассоциациясының бір өкілі кіреді. Қор басқармасының төрағасы Ұлттық
банктің ұсынуымен басқарма мүшелері арасынан сайланады.
Қор мына қызметтерді атқарады:
- қатысушы - банктің еріксіз тартылуы жағдайында оның салымшыларына
(депозиторларға)салымдары (депозиттері) бойынша ержемен анықталған
көлемі мен тәртіптеріне өтемақы төлейді;
- активтерді басқаратын;
- қатысушалар куәліктерінің есебін жүргізеді;
- қор жарғысында қарастырылған және қазіргі ережелерге, сондай –
ақ Ұлттық банктің басқа құқықтық – нормативтік актілерінде
қарастырылған басқа қызметтерді де атқарады.
Қор өз қызметтерін атқаруда мынадай құқықтарды иеленеді:
- Ұлттық банкпен ақпарат алмасу және жеке тұлғалардың, қатысушы –
банктердің банктік құпияны құрайтын ақпараттардан басқа салымдардың
(депозиттердің), міндетті ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) объекісі болып
табылатын салымдардың (депозиттердің) жалпы сомасы мен қаржылық жағдайы
туралы мәліметтер алып отыруға;
-Ұлттық банкке қатысушы банктердің қазіргі ережелерімен банктік заңнама
талаптарын бұзу фактілері туралы хабардар етуге;
- Қазіргі ережелермен бекітілген тәртіп бойынша қатысушы – банкті жеке
тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) міндетті ұжымдық кепілдендіру
(сақтандыру) жүйесін шығарып,қатысушы куәлігін қайтып алуға;
- Салымшылардан (депозитарлық) еріксіз тартылатын қатысушы банктерден
салымшылар бойынша төленетін өтемақы мөлшеріндегі құқықтармен талап ету
кезектерін сатып алуға;
- Салымшыдан берілген банктің салымшыларға қормен өтемақы мөлшерінде
еріксіз таратылатын қатысушы банктерден талаптарды қанағаттандыруды талап
етуге;
- Банкті басқару бойынша уақытша әкімшілік құрамына өз өкілін енгізу
туралы сот алдында өтініш жасауға;
- Өз құзіретінің шегінде басқада құқықтарды жүзеге асыруға құқылы;
Өз қызметтерін жүзеге асыру барысында қор:
1. Еріксіз тартылған қатысушы банктерге регрестік талап қою құқығын
иеленеді;
2. Ұлттық банкке өзінің қызметі жайлы қаржылық есеп беру, соның ішінде
Ұлттық банк анықтаған тәртіпте, формада, мерзімде аудиториялық ұйым
растаған жылдық есепті береді;
Қор басқармасының өкілеттілігі:
1. Банктерде жеке тұлғалардың салымдарын міндетті ұжымдық кепілдендіру
жүйесіне енгізіу туралы шешім қабылдау;
2. Қазіргі ережелерге сәйкес қорға міндетті күнтізбелік және басқада
жарналардың қатысушы банктермен мөлшерлемесін салу мерзімдерін
бекітеді;
3. Банк қатысушы банктердегі инспекторлық тексеруден өткізу немесе оларға
шектелген ықпал ету шаралары мен санкцияларды қолданады, банктік
жарнамада қарастырылғандай депозитті қабылдауға, ашуға және жеке
тұлғалардың банктік шоттарын жүргізуге берілген лицензиялардың күшін
жою немесе қызметін тоқтату Ұлттық банкке өтініш беруге шешім
қабылдайды;
4. Қатысушы банкті жеке тұлғалардың салымдарын міндетті ұжымдық
кепілдендіру жүйесінен шығару туралы шешім қабылдау;
5. Қор активтерін Ұлттық банкке келісім бойынша сенімдік басқаруға беру
туралы шешім қабылдайды;
6. Еріксіз таратылатын қатысушы банктердің салымдар бойынша өтемақысын
төлеу туралы шешім қабылдайды;
7. Агент банкті таңдайды;
8. Қор басқармасының төрағасын сайлау және Қордың лауазымды тұлғаларын
тағайындау;
9. Қор жыл сайынғы кірістер мен шығыстар сметасын бекітеді;
10. Қазіргі ережелерге сәйкес басқада өкілеттіктер;
Қордың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері өз қызметтерін жүзеге асыру
барысында қатысушы банктердің қызметі туралы белгілі болған ақпараттардың
барлығын тек қызмет бабында ғана пайдалануға және құпиялылығын сақтауға
міндетті.
Қатысушы банктердің міндеттері:
1) Уақтылы және толық көлемде міндетті күнтізбелік және басқада
жарналарды Қор басқармасының шешіміне сай төлеп отыру.
2) Мәліметтерді уақытында және толық көлемде Қор ұсынып отыру.
3) Еріксіз тартылатын қатысушы банк туралы сот шешімі күшіне енген күннен
бастап салымшы алдындағы міндеттеменің орындалуы жайында қорды дереу
хабардар ету.
4) Жеке тұлғалардың салымдарын міндетті ұжымдық кепілдендіру жүйесінің
объектісі болып табылатын салымдар бойынша банктік салымдарды келісім
шарт бойынша енгізу, салымдар бойынша өтемақы төлеу, соның ішінде
валюталық өтемақы, салымшыдан қорға өтемдермен қатысушы банктің
салымдары туралы ақпаратты еріксіз таратылу жағдайында беруге талап
ету құқығына көшу.
5) Клиенттеріне өзінің жеке тұлғалар салымдарын міндетті ұжымдық
кепілдендіру жүйесіне қатысатындығын қатысушы банктің берілген күні
мен номері көрсетілген куәлігін көрсету, сондай-ақ жазбаша хабарлаудың
көмегімен клиенттер сұрақтарына жазбаша және ауызша жауаптарына
салымдар бойынша өтемдер төлеу шартын хабарлау.
6) Салымшылар алдындағы міндеттемелердің уақтылы және толық орындалмауы
туғызатын жағдайлар жайында Қорды дереу хабардар ету.
7) Қорға еріксіз таратылу жағдайындағы қатысушы банктердің жеке
тұлғалардан салымдарға ақша қабылдауын дәлелдейтін мәліметтер мен банк
растаған құжаттардың көшірмесі яғни Қор басқармасы бекітетін жеке
тұлғалардың нысандары бойынша салымдарының міндетті ұжымдық кепілдендіру
объектісі болып табылатын дәлелдейтін құжаттар ұсыну.
8) Қазіргі ережелерге сәйкес басқа да талаптарды орындау.
Қатысушы банк қазіргі ережелер мен талаптарды орындамаған жағдайда Ұлттық
банк оларға банктік заңнамада қарастырылған шектеулі ықпал ету шаралары мен
санкциялар қолдануға құқылы. Банктер жеке тұлғалар салымдарын міндетті
ұжымдық кепілдендіру жүйесінен шығарылып, қатысушы куәлігі мына жағдайларда
қайтарылып алынады:
- қатысушы банкке депозиттер қабылдауға жеке тұлғалардың
банктердегі шоттарын ашу және жүргізуге берілген лицензиясының
күшін жою немесе тоқтата тұруға шешім қабылданған да;
- жыл бойында бірнеше мәрте (екі немесе одан да көп) Қорға
жарналарды кешіктіріп төлейтін болса немесе аударымдарды толық
көлемде жасамаса;
- қазіргі ережелер мен белгіленген басқа да талаптар бұзылған да.
Жеке тұлғалардың салымдарын міндетті ұжымдық кепілдендіру
жүйесінен шығарылған жағдайда және оның қатысушы куәлігі
қайтарылғаннан кейін қатысушы банк реестрінен шығарылады.
Қатысушы банкке жеке тұлғалар салымдарын міндетті ұжымдық
кепілдендіру жүйесінен шығарылғандығы туралы Ұлттық банк осы
шешімді қабылданғаннан кейін үш күн ішінде хабарланады. Мұндай
хабарды алғаннан соң банк қорға қатысушы куәлігін үш күн ішінде
қайтарып беруге міндетті.
Резервті қалыптастыру үшін салымдар бойынша өтемдер келесі тәртіппен жүзеге
асырылады:
1) Салымдар бойынша толық көлемде өтемдерді өтеу үшін қатысушы банктер
алғашқыда аударған міндетті күнтізбелік жарналар мен қор активтерін
орналастырудан түскен инвестициялық табыстар сомасы пайдаланылады.
2) Алғашқыда қалыптастырылған резервтік сомасы жеткіліксіз болған жағдайда
қордың жарғылық капиталының 500 млн. Теңгеден аспайтын сомадағы ақша
пайдаланылады.
3) Салымдарды өтеу үшін резервтің алғашқы қалыптастырылған сомасы
жеткіліксіз болған жағдайда жетіспеген соманың 50%- н қатысушы
банктердің қордың банктік шотына қосымша жарналар төлеу арқылы
төленеді, ал салымдар бойынша жетіспеген соманың 50% қор есебінен
қарызға алынады.
Банктік пайыз өлшемі уақытша бос ақша қаржыларын орналастыру және кіріс алу
тәуекелдігімен байланысты, ақша және несие ресурстарына деген сұраныс пен
ұсыныстар пайда болатын сандық шектеуге ие.
Кіріс кассалық құжаттар негізінде, қолма- қол ақшалай салымдар тарту
кезінде келесі шоттар корреспонденциясы құрылады:
Дт Кт
1001 2211- 2229
Кассадағы нақты ақша
Тартылған салымдар
Басқа банктер қызмет көрсететін клиенттерден салымдар тарту кезінде, тиісті
ақша қаржылары корреспонденттік шоттар арқылы тиісті салымдық шоттарға
түседі. Бұл кезде мына корреспонденция құрылады.
Дт Кт
1051-1052 2211-2222
Банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісіндегі корреспонденттік
шоттары
Банктің басқа банктердегі корреспонденттік есепшоттары
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алынған овернайт қарыздар
Салымдар бойынша тартылған қаржыларды қайтару кезінде кері бухгалтерлік
жазба жасалады:
Дт Кт
2211-2222 1001-2203
1051-1052
Тартылған салымдар
Кассадағы нақты ақша
Клиенттердің ағымдағы шоттары
Банк, тартылған салымдарды қайтармаған жағдайда, олар мерзімі өткен
депозиттер қатарына жатқызылады және келесі өткізбе жасалады:
Дт Кт
2211- 2222 2224- 2232
Тартылған салымдар
Клиентердің салымдары бойынша мерзімі өткен қарыз
Депозиттер бойынша сыйақыны есептеу кезінде келесі шоттар корреспонденциясы
жасалады:
Дт Кт
5221- 5228 2720- 2721
Клиенттердің тартылған салымдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты
шығындары
Клиенттердің салымдары бойынша есептелген шығындары
Депозиттік келісімшартта көрсетілген мерзімде пайыздарды төлеу жүзеге
асырылады және келесі бухгалтерлік жазу жасалады:
Дт Кт
2719- 2726 1001- 2203
1051- 1052

Кассадағы қолма-қол ақша
Клиенттердің ағымдағы есепшоттары
Корреспонденттік шоттар
Мерзімі өткен салымдар сомасын қайтарған кезде келесі шоттар
корреспонденциясы жасалады:
Дт Кт
2224- 2232 1001-2203
1051-1052
Кассадағы нақты ақша
Клиенттердің ағымдағы шоттары
Корреспонденттік шоттар
Дт Кт
2211- 2213 2719 -2720
Клиенттердің талап етуге дейінгі салымдары
Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз етуші салымдар
Клиенттердің шартты салымдары бойынша есптелген шығындар
Клиенттердің талап ету салымдары бойынша есптелген шығындар
Дт Кт
2215 – 2217 2721 – 2722
Клиенттердің қысқа мерзімді салымдары
Клиенттердің ұзақ мерзімді салымдары
Клиенттердің мерзімді салымдары бойынша есептелген шығыстар
Еншілес ұйымдардың арнайы мақсаттағы салымдары бойынша есептелген
шығыстары
Дт Кт
2219 – 2221 2723 – 2726
Клиенттердің шартты салымдары
Клиенттердің карт–шоттары
Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз етуші салымдар бойынша есептелген
шығыстар
Карт–шоттар бойынша есептелген шығыстар
Дт Кт
2222 – 2223 2731 – 5211
Еншілес ұйымдардың арнайы мақсаттағы салымдары
Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз етуші салымдары
Басқа да операциялар бойынша есептелген шығыстар
Клиенттердің талап етілгенге дейінгі салымдары бойынша сыйақы төлеуге
байланысты шығыстар
Дт Кт
2226 – 2232 5212 – 5215
Клиенттердің мерзімді салымдары бойынша мерзімі өткен борыштар
Клиенттердің шартты салымдары бойынша мерзімі өткен борыштар
Клиенттердің талабы бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар
Клиенттердің қысқа мерзімді салымдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты
шығыстар
Заңды және жеке тұлға аманат және депозит бойынша операцияларды рәсімдеу
және есебі.
Қазақстан Республикасындағы банктік депозиттерді сақтандырудың қалыптасуы
Өз жұмысын жаңадан бастап отырған Депозиттерді сақтандыру қоры
тәжірибесі көп шетелдердің депозиттерді сақтандыру қорларының жеке
тұлғалардың сұранымды, мерзімді салымдарын және жеке фирмалардың
шоттарындағы ақшалай қаражаттарын сақтандыру мүмкіндігін өз қаржы жағдайы
күшейіп алғаннан кейін енгізуіне болады. Нарықтық экономикасы жақсы дамыған
елдердің банк жүйсінің бірден – бір бөлінбес бөлігі – салымдарды
сақтандыру қоры болып табылады. Өйткені салымдарды сақтандыру жүйесі
салымшылардың сеніміне жауапты және олардың салымдарының жоғалмауына,
тәуекелден қорғалуына кепілдік береді. Қазақстанның жеке тұлғалардың
салымдарын кепілдендіру жүйесі шетел тәжірибесіндегі сақтандыру
жүйелерінің Қазақстан экономикасы жағдайына қолайлы, тиімді жақтарын алып,
қалыптасуда. Қор бүгінгі күні өз Ережесі бойынша қаржы жағдайы нашарланған
банкті банкрот деп сот шешімінің жариялануымен агент – банк арқылы оның
салымшыларына сақтандырылған салым сомасын төлеуді ғана міндеттеп отыр.
Қазақстанның салымдарды сақтандыру қорының қарамағында әр
уақытты өсіп отыратын қордың резервін құрайтын сақтандырылған салымдар
бойынша өтеу үшін төлеуге арналған ақша сомасы бар. Әр тоқсан сайын
қатысушы банктердің – күнтізбелік жарналарды аударуымен қордың резерві
толығып отырады. Егер қатысушы – банктің бірінің жойылуы барысында
сақтандырылған салымдар сомасын өтеуге арналған қордың ативтері жеткілікті
болмай жатса, онда жетпеген ақша сомасының жартысы қатысушы банктердің
қосымша жарна төлеуі есебінен, ал жартысы Қордың қарыз алу есебінен
төленеді.
Салымдарды өтеу қордың қатысушы – банктер арасынан тендр өткізіп
анықталған агент – банк арқылы іске асады. Осы агент банк арқылы салымшылар
өз салымдарын алуына болады. Ал қордың алған қарызы, төлеген қосымша жарна
сомасы және өтеліуге жұмсалынған алғашқы қордағы бар резервтік активтер
сомасы жойылып жатқан банкке регрестік талап қою есебінен қайтарылады.
Қордың алған қарызы және жарғылық қор есебінен сақтандырылған салымдар
сомасын өтеуге жұмсалынған қаражаты қатысушы – банктердің күтілмеген
жарнасы есебінен өтелуі мүмкін. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz