Тауарлар және дайын өнім есебі


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

Кіріспе

1. 1 Тауарлар есебі

1. 2 Сатып алынған тауарлардың есебі мен бағалауы

2. 1 Дайын өнiмнiң есебі

2. 2 Дайын өнiмдi бағалау

2. 3 Дайын өнімді жөнелту және сату есебі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізім і

Кіріспе.

Бүгінгі бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді.

Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде бюджеттік есептің рөлі мен мәні артуда. Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әр түрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеу мен қабылдауға субьектінің нарықтағы іс-қимылын анықтау, бәсекелес-субьектіні айқындауға, сондай-ақ субьектілердің қаржылық және шаруашылық қызметі туралы сапалы, уақтылы ақпаратты қалыптастыру бюджеттік есептің басты мақсаттары болып табылады.

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Тауардың және дайын өнімнің есебі» деп аталады. Кіріспеде жалпы курстық жұмысымның толықтай мазмұны жайлы ескердім. Жалпы тауар және дайын өнімнің есебінің негізгі сұрақтары қамтылған. Бұл курстық жұмысым кіріспеден және бірнеше бөлімдерден тұрады. Бірінші бөлімде «Таурлар есебі», «Сатып алынған тауарлардың есебі мен бағалауы». Екінші бөлімде «Дайын өнімнің есебі», «Дайын өнімді бағалау», «Дайын өнімді жөнелту және сату есебі» жайында қарастырдым. Сондай-ақ олардың негізгі шоттары және олардың корреспонденциясы көрсетілген. Сатып алынған тауарлардың есебі мен бағалауы жөніндегі құжаттама жайлы, яғни тауарлар есебі қандай құжатта жүргізілетіні және қалай жүргізілетіні жайлы мағлұмат алуға болады. Және де тауардың және дайын өнім тақырыбына байланысты бірнеше есептер қарастырылған.

Мен ұсынып отырған курстық жұмысым осы күннің бухгалтерлік тауардың және дайын өнімнің есебін игеру үшін жақсы түсінік бере аламын деп үміттенемін. Тақырыптың жоспоры Бас жоспоры қосымшада келтірілген.

1

1. 1 Тауарлар есебі

Сауда және басқа субъектілер жүзеге асырылатын тауарлық операциялар өнімдердің айналымнан жеке және заңды тұлғалардың тұтынуына өтудегі экономикалық процесті көрсетеді.

Сатуға арналған тауарлар өндірушіденсауда желілеріне, көтерме сауда кәсіпорындарына және басқа субъектілерге келіп түседі. Қабылдау қабылданатын құндылықтың жөнелтпе құжатына қарай осы құжатқа материалды-жауапты тұлғаның қолы қойылған болса ғана жүзеге асырылады. Келіп түскен құндылық пен жөнелтпе құжатта көрсетілген деректердің арасында сан және сапа жағынан алшақтықтар анықталса, сондай-ақ келіп түскен құндылықтардың жөнелтпе құжаты болмаса, қабылдаушы сауда фирмасының төрағасы мен жабдықтаушылардың өкілі қол қойыпакт жасайды. Акт қабылдаушыға кінәрат-талып қоятын (мін тағуына) негізгі құжат болып табылады. Бухгалтерлік есеп шоттардың бас жоспарына сәйкес тауарлы-материалдық қордың қорда бар болуы мен қозғалысы 1330 “Сатып алынған тауарлар” шотында жүргізіледі.

Есептік саясаттың іріктемесіне сәйкес 1330 “Сатып алынған тауарлар” шотына мына қосалқы шоттар ашылады:

Сауда тауарларды өткізуге байланысты, дәлірегі, тұрақты сатып алушылардың болмауына және жарнама қаражаттың аздығынан қалыштасқан жағдайда бірқатар қиындықтарға кезігіп отырады. Мұндай жағдайдан шығудың бір жолы - тауарды консигнациондық негізде, делдалдар арқылы, ұзақ бөлшекті сауда желілерімен, жолсапар саудасымен өткізу.

2

1. 2 Сатып алынған тауарлардың есебі мен бағалауы

Тауар - материалдық бұйымдар, олар тұтыну немесе пайдалану үшін сатып алынады. Сатып алынған тауарлардың есебі үшін 1330 «Алынған тауарлар» және 1330 «Басқа да тауарлар» шоттары қолданылады. Бұлар мүліктік-активті шоттар. 1330-шотты негізінен сауда, қоғамдық тамақтандыру, жабдықтау-сату, делдалдық және сыртқы экономикалық ұйымдар пайдаланылады.

Тауарды бағалау есептік бағаны таңдау болып табылады, яғни бағаның көмегімен тауар кірістеледі және есептен шығарылады. Бұл ретте сату бағасы да, сатып алу бағасы да пайдаланылуы мүмкін. Есептік бағаны таңдау шаруашылық жүргізуші субъектінің есептік саясатында тіркеледі, ол шаруашылық жүргізуші субъектінің біріңғай тауарларына қатысты үйлестірілу керек.

Сатып алынған құны өзіне: сатып алу құнын, баж салығын, комиссиондық марапаттауын; жабдықтаушыларға, делдал ұйымдарға төлейтін төлемдерін; транспорттық-дайындау және басқа да шығыстарын, яғни алынған запастармен тікелей байланысты шығыстарын енгізеді. Сауда жеңілдіктерін, артық төленген сомаларын және басқа да осы тәріздес түзетулерін, әкелінген шығындарды анықтау кезінде шегеріледі. Көтерме сауда кәсіпорындарында тауардың сатып алынған құны, әдетте, есептік баға ретінде бола алады.

Сату бағасы-бұл тауардың сол бойынша ең соңғы тұтынушыға сатылатын бағасы. Сату(бөлшек) бағасының құрамына мыналар кіреді:

  • сатып алынған құны -бұл құжаттармен қуатталған (шоты, тауарлы транспорттық накладнойы, кедендік декларациясы) тауардың жабдықтаушылардан сатып алынған құны;
  • акциз бұл тек кейбір тауар түрлеріне белгіленеді: алкоголь өнімдеріне және темекі бұйымдарына, жеңіл автомобильдерге, зергерлік бұйымдарға тағы басқа. ; акциздің мөлшерлемесін үкімет белгілейді, проценттік деңгейде тауардың құнына бөліп немесе натуралды түрде оның физикалық көлеміне бөліп анықтайды, ал алкогольдік өнімдер бойынша акциздің мөлшерлемесі оның құрамындағы спиртке тәуелді етіп белгіленуі мүмкін;

3

  • қосылған құн салығы -келесі мөлшерлеме бойынша әртүрлі тауар түрлеріне белгіленеді: 0% (нольдік пайызы бойынша) -экспортталған тауарларға (заңды қаралғандардан басқасы), 16%- барлық тауар түрлері бойынша (ҚҚС босатылғандардан басқасы) ;
  • сауда үстемесі- бұл бөлшек сауда кәсіпорындарының шығысын жабу үшін және сату операцияларынан табыс алға арналған үстеме.

Дегенмен де, көптеген бөлшек сауда магазиндері тауарды сауда үстемесі бойынша емес, сату (бөлшек) бағасы бойынша ескереді. Бұл жауапты тұлғаның жауапкершілігінен туындайды, егер де тауар жетіспей қалған жағдайда, сол тауарды өтеуіне тура келеді.

Келіп түскен тауарды есепке алу айтарлықтай қиындық туғызбайды, өйткені келіп түскен тауардың әрбір партиясы тиесілі құжаттармен рәсімделеді (шоттармен, тауарлы-транспорттық накладноймен тағы басқа құжаттармен) . Қоймадағы тауардың шығысы да үлкен мәселе туғызбайды, өйткені әрбір босатылған тауар үшін тиесілі құжаттар жазылады. Қиындық тек, бөлшек сауда магазиндерінде сату барысында пайда болады.

Бұның басты себебі: сатып алынған тауардың сомасына тек бақылау-кассалық машинасынан алынған чек беріледі, онда сатылған тауардың сату бағасы бойынша құны көрсетіледі, бірақ бір күнде қанша тауар сатып алынған бағасы бойынша сатылғаны туралы мәлімет көрінбей қалады.

Ол мынадай есептеу жолымен шығарылады:

Сатылған Жұмыс күнінің Сатып алынған Жұмыс соңына

тауардың құны басына сатып бағасы бойынша сатып алынған

сатып алынған = алынған бағасы + түскен тауарлардың _ бағасы бойынша

бағасы бойынша бойынша тауардың құны қалған тауардың

қалдығы қалдығы

Бұл кезде қалдықтың деңгейін тұрақты түрде түгелдеудің көмегімен анықтауға тура келеді, ал ол көп уақытты қажет етеді. Басқадай жағдайда, қалдықтың деңгейін анықтау мүмкін емес.

Көптеген бөлшек сауда кәсіпорындарында тауар есебін ұйымдастырудың күрделі жағдайынан алшақ болу үшін тауардың сату бағасы бойынша есеп әдісін пайдаланады. Өйткені ол сатылған тауардың есептік бағасы бойынша сомасын жеңіл анықтауға мүмкіндік береді, ол үшін бүкіл сомадан чек

4

бойынша жиынтық сомасын алып тастаса, айырмасы саудадан түскен түсім болып саналады. Осы жағдайда, тауардың да қалдығын кез келген кезеңге анықтау мүмкіндігі туады.

Бұл тәсіл тек қана көтерме саудаға тән деп ойлауға болмайды, оны бөлшек саудамен айналысатын кәсіпорындар да штрих кодтарының көмегімен жүзеге асыруына болады. Штрихтың кодтар, әдетте, он үш саннан (цифрдан) тұрады, оның алғашқы екеуі өнімді -дайындаушы (немесе өнімді сатушы) мемлекетін көрсетеді; келесі бесеуі- өнімді әзірлеуші-кәсіпорынды, одан кейінгі бесеуі- тауарға сипаттама береді (атауы, мөлшері т. б. ) және ең соңғы біреуі -бақылаушы болып саналады.

Магазинге тауар келіп түскен кезде оның атауы, айрықша белгісі, саны және сатып алынған бағасы туралы ақпарат көшірме қондырғысының арқасында компьютердің жадында сақталады. Одан әрі қарай тауарды сату кезінде компьютер қандай тауардың қандай санды сатылғаны туралы мемлекетті тіркейді, осының негізінде, сатылған тауардың сатып алынған құнын анықтайды.

Тауардың есептен шығарылғаны туралы ақпараттар, егер олар ресми құжатталмаса немесе компьютерде тіркелмесе, онда ол туралы мәліметті түгелдеудің көмегімен алынады.

Кейбір тауарлар өзінің техникалық себептері бойынша штрихтық кодтауға жатпайды, онда олардың сатып алу бағасын жоғарыда көрсетілген формула бойынша анықтайды.

Есептік құнын таңдау -алынған құны бойынша немесе сату құны бойынша мәселесінің шаруашылық жүргізуші субьекті үшін де маңызы зор. Осы мақсатта бухгалтерлік есеп стандартында төрт әдіс қарастырылған:

  • арнайы идентификациялау әдісі;
  • орташа өлшемдік құн әдісі;
  • ФИФО әдісі - запастарды алғашқы сатып алынғандардың бағасы бойынша бағалау әдісі;

Бұл аталған әдістердің қолдану тәртібі жоғарыда «Тауарлы-материалдық құндылықтардың есебі» деген тарауда толығымен қарастырылған болатын.

5

2. 1 Дайын өнiмнiң есебі

Дайын өнiм деп барлық технологиялық процесының стадияларынан өткен, негізгі және қосалқы цехтарының сатуға арналған өнімді айтады. Дайын өнiм - қоймаға немесе тапсырушыға қабылданған белгiлi техникалық шарттарға және стандарттарға сәйкес толық өңделiп бiткен бұйым және жартылай фабрикат. Дайын өнімнің өндірісте жасалғаны, оның біртұтастығы, стандартпен немесе техникалық шарттарға сәйкестігі, техникалық бақылау (сынау) қызметінен өткендігі, паспорты, сертификаты (яғни сапасы) және басқадай құжаттармен куәландырғаны, қоймаға тапсырылғаны, тапсырыс берушілердің қабылдап алғаны және басқа жайлары - міндетті түрде актімен рәсімделеді.

Дайын өнімге сыртқа, өзінің күрделі құрылысы және әлеуметтік саласы үшін істелген өндірістік сипаттағы жұмыстары және көрсетілген қызметтері, сондай-ақ өткізу үшін өздері шығарған шала өнімдердің құнын жатқызады. Өнім (жұмыстар, қызметтер) өндіру және өткізу жоспарының орындалуы субъект қызметін сипаттайтын негізгі көрсеткіш болып табылады.

Субъект тұтынушылармен жасасқан шаруашылық шарттарын орындау ретінде өз өнімін өткізеді, жұмыс істейді және қызмет көрсетеді. Өнімнің бір бөлігін ол өзінің өнім сату жөніндегі сауда жүйесі арқылы өткізе алады. Субъекттінің ең маңызды міндеті - өнімнің саны, номенклатурасы, жеткізу мерзімдері, сапасы және басқа талаптары бойынша шарт міндеттерін орындау. Сатып алушыларға (әрбір өндіруші кәсіпорын, сондай-ақ сатып алушы болып табылады) жеткізілген өнімнің дер кезінде төленуі әрбір субъектінің және бүтіндей алғанда республика экономикасының тұрақты жұмыс істеуінің ажыратылмайтын шарты болып табылады.

Дайын өнімді есептеу үшін 1320 “Дайын өнім” деп аталатын активті инвентарлық (мүліктік) шот пайданылады. Дайын өнім кәсіпорынның айналым қаражатының құрамына кіреді және ол қаржылық есеп беруде нақты өзіндік құны бойынша көрініс табады.

Дайын өнімнің нақты өзіндік құны есептік кезең (ай) аяқталғаннан кейін ғана анықталады. Ағымдағы есептік кезеңде өнім тұрақты түрде қозғалыста (шығару, босату, жөнелту, сату) болады, сондықтан өнім ағымдағы есеп үшін есептік бағасы бойынша шартты түрде бағаланады, ол үшін (есептік бағасы) дайын өнімнің өткен айдағы нақты өзіндік құны, тіркелген бағасы пайдаланылуы мүмкін.

6

Есептік кезеңнің соңында ауытқудың пайызы мен сомасын есептеу жолымен шығарылып, оның есептік бағасын нақты өзіндік құнына дейін жеткізеді.

Ауытқудың пайызы мен сомасы ай ішінде түскен және ай басындағы өнімнің қалдығынан есептелінеді. Ауытқу кәсіпорынның экономикасын немесе артық жұмсалғанын көрсетеді, олар да дайын өнімнің шотында есептелінеді: экономикасы (үнемделгені) - қызыл жазумен, ал артық жұмсалғаны - әдеттегі (дағдылы) - жазумен жазылады.

Ауытқудың пайызын келесі формула бойынша есептейді:

Ауытқудың пайызы=(Ауытқу сомасы/(Қалдық+Есептік құны бойынша

түскен түсімдер) ) х100%

Бухгалтерлік шоттар есебінде нақты шығынның есептік құннан ауытқуын келесі шартты сызба бойынша көрсетуге болады:

Мысалға, кәсіпорында есепті кезең барысында мына проценттер бойынша есептік бағасы көрініс тапқан:

Қатар№:

Қа

тар

Шаруашылық операцияларының мазмұны: Шаруашылық операцияларының мазмұны
Сомасы,теңге:

Сомасы,

теңге

Шоттаркорреспонденциясы:

Шоттар

корреспонденциясы

Қатар№: дебет
Шаруашылық операцияларының мазмұны: кредит
Қатар№: 1
Шаруашылық операцияларының мазмұны: 2
Сомасы,теңге: 3
Шоттаркорреспонденциясы: 4
5
Қатар№: 1.
Шаруашылық операцияларының мазмұны:

Қоймаға дайын өнім кірістелді:

-А бұйымы

-Б бұйымы

Сомасы,теңге:

25

8

Шоттаркорреспонденциясы:

1320

1320

8010

8010

Қатар№: 2.
Шаруашылық операцияларының мазмұны:

Дайын өнім сатылды:

-А бұйымы

-Б бұйымы

Сомасы,теңге:

17

63

Шоттаркорреспонденциясы:

7010

7010

1320

1320

Есептік кезеңнің соңында және калькуляциялық процесс аяқталысымен дайын өнімнің өзіндік құны анықталды, ол мынаны құрады:

-А бұйымы-23 теңге;

-Б бұйымы-87 теңге.

Ауытқудың пайызы мынаны құрады:

-А бұйымы бойынша=

-Б бұйымы бойынша=

Сатылған өнімнің ауытқу сомасы мынаны құрады:

-А бұйымы бойынша=17х8, 6%=14620 теңге- экономия (үнемделген) ;

-Б бұйымы бойынша=63х8%=50400 теңге- артық жұмсалған.

Ауытқу пайызын есептеу және ауытқу сомасына бухгалтерлік есепте келесі жазбалар жазылады:

-қызыл жазу әдісімен: 1320 шоты дебеттеледі де, 8010 шоты кредиттеледі-(2) теңгеге;

8

Содан соң осы операциямен бір мезгілде 7010 шоты дебеттеліп, 1320 шоты кредиттеледі - (13600) теңгеге;

- өнімнің нақты өзіндік құнына жеткізу үшін әдеттегі (дағдылы) жазу жазылады: ол кезде 1320 шоты дебеттеліп, 8010 шоты кредиттеледі - 7 теңгеге, содан соң осымен бір мезгілде 7010 шоты дебеттеліп, 1320 шоты кредиттеледі - 50715 теңгеге.

Дайын өнімді қабылдау - тапсыру накладной бойынша немесе өнімді шығару жиынтнғы бойынша өндірістен қоймаға кірістеледі.

Қабылдау - тапсыру құжаты (накладнойы) цехта екі дана етіп жазылады. Дайын өнімді қоймаға тапсырғаннан кейін, накладнойдың бір данасы қоймада, екіншісі цехта қалады. Экономиканың әр түрлі салаларында қабылдау - тапсыру құжатының (накладнойының) арнайы (немесе арнаулы) бланкілері қолданылуы мүмкін. Солардың бірі жоғарыда келтірілді.

Қабылдау - тапсыру құжаты аспаптық, радиотехникалық кәсіпорындарында, жаппай және сериялық өндірістерде, басқа да өнеркәсіп салаларында өндіріс есебінің тапсырыстарын есептеу үшін қолданылады. Қабылдау - тапсыру құжатын өнімді шығару көрсеткіштерімен қатар, өнімді өткізу үшін де пайдаланады. Бұл нысан жекелеген тапсырыс берушілердің бірлесіп әкелінген үлкен номенклатурада дайындалатын өнім тетіктерін есепке алу үшін де қолданылады.

Өндірістік тапсырмалардың орындалу барысын жедел байқап отыру үшін және шығарылған дайын өнімнің құнын жедел есептеп отыру үшін және шығарылған дайын өнімнің құнын жедел есептеп отыру үшін өнеркәсіптің барлық салаларында “Өнім шығару жиынтығы ” деген құжаттың нысаны қолданылады.

Осы жиынтық бойынша бір айдағы өнімді көрсетуге болады. Бұл жағдайда оған тиісті накладнойлар қоса тіркеледі.

Қоймаларда дайын өнім есебін, материалдар есебі сияқты қойма есебінің карточкаларында жүргізіледі. Айдың аяғында карточкалардағы шығарылған қалдықтарды қойма меңгерушісі дайын өнім қалдықтарының кітабына көшіріледі. Дайын өнімнің кірісі мен шығысы жөніндегі құжаттар, оның тізімдемесімен (реестірімен) бірге бухгалтерияға түседі.

Дайын өнімнің кірісі мен шығысы жөніндегі құжаттарды тапсыру

10

тізімінің деректерін келіп түсулеріне қарай дайын өнімнің жинақтау

есебінің жинақ ведомосына есептік топтар бойынша шығарады. Жинақ ведомосының деректерін дайын өнім қалдықтарының кітабымен салыстырып тексереді, бұл қойма есебінің бухгалтерияда жүргізілетін синтетикалық есебімен бірдей болып шығуын қамтамасыз етеді.

Айдың аяғында есеп беру калькуляциясын жасағаннан кейін, барлық өнімнің нақты өзіндік құны және нақты өзіндік құны мен жоспарлы өзіндік құнының арасындағы, немесе нақты өзіндік құны мен кәсіпорынның келісімді бағалары бойынша есептелген өзіндік құнының арасындағы айырмашылықтары анықталады. Дайын өнімді шығарғаны туралы синтетикалық деректері 1320 “Дайын өнім” шотының дебетінде жинақталып, 8010 “Негізгі өндіріс”, 8030 “Қосалқы өндіріс” және 8020 “Меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары” деген (егер шала өнімдердің немесе фабрикаттарының бір бөлігі сату үшін шығарылса) шоттарының кредитінде көрініс табады.

Дайын өнімге сыртқа, өзінің күрделі құрылысы және әлеуметтік саласы үшін істелген өндірістік сипаттағы жұмыстары және көрсетілген қызметтері, сондай-ақ өткізу үшін өздері шығарған шала өнімдердің құнын жатқызады. Өнім (жұмыстар, қызметтер) өндіру және өткізу жоспарының орындалуы субъект қызметін сипаттайтын негізгі көрсеткіш болып табылады.

Субъект тұтынушылармен жасасқан шаруашылық шарттарын орындау ретінде өз өнімін өткізеді, жұмыс істейді және қызмет көрсетеді. Өнімнің бір бөлігін ол өзінің өнім сату жөніндегі сауда жүйесі арқылы өткізе алады. Субъекттінің ең маңызды міндеті - өнімнің саны, номенклатурасы, жеткізу мерзімдері, сапасы және басқа талаптары бойынша шарт міндеттерін орындау. Сатып алушыларға (әрбір өндіруші кәсіпорын, сондай-ақ сатып алушы болып табылады) жеткізілген өнімнің дер кезінде төленуі әрбір субъектінің және бүтіндей алғанда республика экономикасының тұрақты жұмыс істеуінің ажыратылмайтын шарты болып табылады.

Дайын өнiмнiң бухгалтерия есебiнiң негiзгi мiндеттерi болып табылатындар:

11

  • дұрыс және өз уақытында қолда бар және айналымда жүрген қоймадағы, холодильниктердегi және басқа да өнiмдi сақтау орындарындағы дайын өнiм есебiн жүргiзу;
  • шығарылған өнiмнiң көлемi, ассортиментi, сапасы бойынша жоспардың орындалуын және оны жеткiзу мiндеттемелерiн орындау;
  • дайын өнiмнiң сақталуын және белгiленген лимиттердiң орындалуын бақылау;
  • өнiмдi сату бойынша жоспардың орындалуын және сатылған өнiм төлемiнiң уақытында орындалуын бақылау;
  • барлық өнiмнiң және оның жеке түрлерiнiң рентабелдiлiгiн табу.

Дайын өнiмдi есептеу және жоспарлау натуралды, құндылық, шартты-натуралды көрсеткiштермен жүргiзiледi. Шартты-натуралды көрсеткiштер бiртектi өнiмдер туралы қорытынды ақпарат алу үшiн қолданылады. Өндiрiстен дайын өнiмнiң түсуi кезiнде қосымша, спецификациялы қабылдау актiлерi сияқты алғашқы және құрама құжаттар толтырылады.

Дайын өнiмнiң түрi және сақталу орындары бойынша сандық есеп әдетте материалдық қорлар есебiне ұқсас жүргiзiледi. Материалдық қорлар сияқты, дайын өнiм бойынша наменклатуралық-бағалау құрады. Осы бағалау бойынша салық салынатын және салық салынбайтын жеке өнiм түрлерi, жүк алушы және сатып алушы туралы анықтамаларды құратын өнiм анықтамалылығы құрылады.

12

2. 2 Дайын өнiмдi бағалау

Бухгалтерлік есепте дайын өнімді бағалаудың мынадай түрлерін қолданады:

  • өндірістік (жоспарлы, нақты) өзіндік құн бойынша бағалау, оған дайын өнімнің өндірісіне жұмсалатын барлық өндірістік шығындар енгізіледі;
  • толық өзіндік құн (жоспарлы, нақты) бойынша бағалау, ол коммерциялық шығындар (сатып алушылар есебінен орындары толтырылмайтын, өнімді өткізуге, жарнамалауға т. б. байланысты шығындар) қосылған өндірістік өзіндік құннан тұрады. ;
  • кәсіпорынның келісімді бағалары бойынша бағалау;

- бөлшек сауда бағалары, әсіресе үлкен базарға түсетін және бөлшек сауда жүйесі мен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары арқылы өткізілетін жеке тұтыным тауарларына қойылған бағалар бойынша бағалау. Олар келісімді бағадан және айналым шығындарын жабуға, әрі сауда ұйымдарының табысын құрауға жұмсалатын сауданың қосымша бағасынан тұрады.

Казiргi уақытта келесi дайын өнiм бағалау түрлерi қолданылады:

1) Нақтылы өндiрiстiк өзiндiк құн бойынша. Бұл дайын өнiмдi бағалау әдiсi салыстырмалы сирек қолданылады, негiзiнен жеке өндiрiстi iрi бiрегей қондырғылар және транспорт құралдарын шығаратын кәсiпорындарда қолданылады;

2) Толық емес (қысқартылған) өндiрiстiк өзiндiк құн бойынша. Нақты шығындардан жалпы шаруашылықты шығындарсыз есептелiнедi, бағалаудың бiрiншi әдiсi қолданған жерде қолданылады;

3) Сатудың көтерме бағасы бойынша. Көтерме баға тұрақты есептелген баға ретiнде қолданылады, өнiмнiң нақты өзiндiк құнынан ауытқуы бөлек аналитикалық шоттарда ескерiледi;

4) Жоспарлы (нормативтi) өндiрiстiк өзiндiк құн бойынша, бұл әдiс те тұрақты есептелген баға ретiнде қолданылады. Нақты өндiрiс өзiндiк құнының жоспарлы немесе нормативтi өзiндiк құнынан ауытқуын жеке есептеу қажеттiгiн ескертедi. Бұл тәсiлдiң артықшылығы сол жоспарлауда және есептеуде бiртектi бағалауды қамтиды. Бiрақ, егер өнiмнiң жоспарланған

13

немесе нормативтi өзiндiк құны жиi өзгерсе, онда дайын өнiмнiң қалдығын қайта бағалау қиындай түседi. Ал, егерде өнiмдi орташа жылдық өзiндiк құн бойынша бағаласа, онда ол айлық және кварталдық жоспардағы бағалауға сәйкес келмейдi.

5) Қосымша құн салығын өсiрген, еркiн шығарылатын бағалар және тарифтер бойынша.

6) Бiрлiктi (жеке) тапсырыстар мен жұмыстарды орындауда еркiн нарық бағасы бойынша.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сауда және қоғамдық кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Дайын өнім есебі туралы
Тауардың, дайын өнімнің есебі.
Дайын өнім мен тауарларды сату бойынша операциялардың есебі
Дайын өнім есебі
Тауардың, дайын өнімнің есебі және оларды сатумен байланысты шығыстар
ЖШС «Жас-Қанат»кәсіпорында жүргізілу есебі
Ақша қаражаттары және есеп айырысу және несие операцияларынын есебін жүргіз
Кәсіпорындағы дайын өнімнің есебі
Көтерме сауданың түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz