Персоналды баскару


Персоналды басқару
Персоналды басқару - бұл ұйымның қызметкерлерінің тиімділік құрамына бағытталған ұйымдық, экономикалық, қаржылық, техникалық және басқа да шараларды жүзеге асыру әдістері мен мерзімдерінің жиынтығы. Персоналдың тиімді құрамы дегеніміз - кәсіпорынға қызметінің максималды тиімділікпен қамтамасыз етуге көмектесетін санды және сапалы персоналды құрамы.
Персоналды басқаруды әкімшілік технологиялар ретінде қарастыруға болады.
“Персонал” термині кәсіпорынның еңбек ұжымының құрамдас бөліктерін біріктіреді. Персоналға біз өндірістік немесе басқарушылық операцияларды орындайтын және еңбек құрамдарын пайдаланумен, еңбек заттарын өңдеумен айналысатын барлық жұмысшыларды жатқызамыз. Басқару теориясында жұмысшының мамандығы немесе лауазымына, басқару деңгейіне, жұмысшылар категориясына тәуелді персонал классификациясына түрлі жолдар бар. Персонал негізінен өндірістік персонал (жұмысшылар) және басқарушылық персонал (қызметкерлер) болып бөлінеді. Өндірістік персонал өз алдына негізгі және қосалқы болып, ал басқарушылық персонал - басшылар және мамандар болып бөлінеді. Жалпы менеджмент теориясында, адамдардың қоғамдық өндірісте қатысуын көрсететін терминдердің жеткілікті саны пайдаланылады: еңбек ресурстары, адам ресурстары, адам факторы, ұйымдастырушылық тәртіп, еңбекті ұйымдастыру, персоналды басқару, кадр саясаты, ұжым, команда, әлеуметтік даму, адам қатынастары және т. б. Негізгі обьект ретінде адамды бөле отырып, олар персоналды басқару проблемасының түрлі аспектілерін және оларды шешу жолдарын ашады. Адамды басқару мәселесі кіші және ірі фирмалар, коммерциялық немесе коммерциялық емес фирмалар төңірегінде, өнеркәсіптік және қызмет көрсету салаларында маңызы зор. Сондықтан, әрбір кәсіпорында персоналды басқаруға үлкен мән беріледі. Персоналды басқару - адамдармен және олардың кәсіпорын ішіндегі қатынастарымен байланысты болатын менеджменттің бір саласы. Персоналды басқару персоналмен жұмыстың бір жүйесі болып табылады. Бұл жүйе кадр саясатын, персоналды таңдауды, персоналды бағалауды, персоналды ұйымдастыруды, оның бейімделуі мен оқытылуын және т. б. қамтиды.
Кәсіпорында жұмыстың тиімді болуы үшін келесі шаралар жүргізіледі:
- Кадрларды таңлап алу және оларды көтермелеу;
- Кадрларды дайындау және оларды үздіксіз оқыту;
- Кадрлар құрамының қауіпті болуы және икемділігі;
- Жұмысшылар еңбегінің моральдық және материалдық бағаларды жетілдіру.
Кадр саясаты ұзақ перспективаға персоналмен жұмыста басты жолды және принципиалды бағыттарды анықтайды. Кәсіпорында кадр саясаты директорлар кеңесі, әкімшілік және кәсіпорын басшысымен қалыптастырылады.
Кәсіпорында кадрларды толықтырудың негізгі көздері - бүкіл оқу-орындары, сәйкес кәсіптегі кәсіпорын биржалары. Кадрларды жинақтағанда еңбек шарты немесе контракт ерекше маңызға ие болады:
- Бір жылға дейін;
- Жұмыс істеу уақытына;
- Анықталмаған мерзімге.
Сонымен қатар, келісілген бағаға мердігерлік келісімшарт бар.
Қызметті атқару белгісі бойынша кәсіпорын кадрлары жұмыскерлерге, басшыларға, мамандарға, техникалық орындаушыға бөлінеді.
Жұмыскерлер өндірістік үдеріске қатысу сипаты бойынша:
- Негізгі (тікелей өнім өндірумен айналысады)
- Қосалқы (өндірістегі үдеріске қызмет көрсетеді)
Басшыларға - директор, олардың орынбасарлары, бас мамандар,
бөлім басшылары, олардың орынбасарлары, бас мастер және мастерлер. Мамандар инженерлі техникалық, экономикалық қызметтерді атқарады. Техникалық орындаушылар құжаттарды рәсімдеу және дайындау бойынша шаруашылық қызмет көрсету жұмыстарын орындайды.
Қызметтердің әртүрлілігі әр маман бойынша кадрлардың қажеттілігін, ал кәсіп саласында мамандығы және кәсіптік деңгейі бойынша жоспарлауды талап етеді. Кәсіп - нақты білімді және тәжірибелік машықты қажет ететін талап түрі. Мамандық - айрықша ерекшелігі бар және қосымша арнаулы білімді машықты талап ететін кәсіп ішіндегі қызмет түрі. Біліктілік - жұмыскердің қандай да бір кәсіпті және мамандықты алу дәрежесі.
Қазақстанда персоналды басқару үшін әр түрлі әдістер қолданылады, яғни, басқару әдістері - өндірісті басқару мақсатына жету үшін персоналға әсер ететін басқару күштерін қолдану тәсілдері. Оның түрлері:
- Әкімшілік әдіс-басқару күшіне, тәртіпке міндеттеледі.
- Экономикалық әдіс- өндірісте экономикалық заңдылықтарды дұрыс қолднумен сипатталады.
- Әлеуметтік әдіс- «коллектив пікірі» арқылы адамдарға қоғамдық әсер ету, ынталандыру негізінде көрсетіледі.
- Психологиялық әдіс- адамның психологиясын, жан-дүниесін білуге негізделеді және «сендіру әдісі» ретінде белгілі.
... жалғасы
![]()
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz