ТМД Елдері


ТМД елдері
Тақырыбы: ТМД елдерінің ішкі және сыртқы экономикалық байланыстары.
Жоспар:
1. ТМД елдерінің ішкі және сыртқы экономикалық байланыстары.
2. Экономикалық байланыстары
3. Әлеуметтік - мәдени байланыстары
4. ТМД елдері мен Қазақстан арасындағы байланыстар
Мақсаты: ТМД елдерінің ішкі және сыртқы экономикалық байланыстарын қарастыру
Теориялық мәлімет:
1. ТМД -Еуразия кеңістігіндегі өзара көмек және ынытмақтастық одағы. ХХ ғ. 90-жылдарындағы басты оқиғаладрың бірі - социялистік жүйенің және оның негізінде құрылған халықаралық экономикалық қатынастардың ыдырауы. Социялистік жүйенің темірқазығы болып саналатын Кеңестер Одағының бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге бөлінуі жаңа мемлекеттік құрылымдардың қалыптасуына, өндірістің қысқаруына, елдердің арасындағы шаруашылық - экономикалық және әлеуметтік-мәдени байланыстардың әлсіреуіне, тіпті үзілуіне апарып соқты.
Кезінде Кеңеңстер Одағы құрамында болған тәуелсіз мемлекеттер өздерінің экономикалық мақсаттары мен басым бағыттарын жүзеге асыра отырып, бұрынғы одақтас республикалар арасында тарихи қалыптасқан еңбек бөлінісі мен өзара ынтымақатстықтың қажеттілігіне көз жеткізді. Сөйтіп, ынтымақтастықты дамыту және одан әрі жетілдіру мақсатында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылды. Жаңа құрылған ТМД елдері экономикалық-әлеуметтік жағдайды орнықтырумен қатар, шекаралық мәселелерді де өз бетінше шешуге мәжбүр болды.
Экономикалық байланыстары. ТМД елдерінің құрылуы жаңа мемлекеттік құрылымдардың қалыптасуымен, өндірі өнімдерінің кенет төмендеуімен, елдер арасындағы экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-әлеуметтік байланыстардың қысқаруымен қатар жүрді. ТМД елдеріндегі өндіріс өнімнің жалпы төмендеуін 100% деп есептесек, оның 60%-ы осы шаруашылық байланыстардың үзілуінен төмендеді.
Тәуелсіздік алып, қайта құрылған мемлекеттердің үкіметтері өз мемлекеттерінің мүдделері мен экономикалық басылымдықтарын қалыптастыра отырып, бұрынғы одақтас республикалар арасындағы тарихи қалыптасқан еңбек бөлінісін сақтау қажеттігін түсінді. ТМД елдері арасындағы өзара экономикалық ынтымақтастық 1992 жылдың күзінен басталады. 1993 жылдың қыркүегінде Мәскеуде мелекет пен үкімет басшыларының қол қоюымен ТМД елдерінің экономикалық одағын құру туралы келісімшарт жасалды. Экономикалық одаққа алғашында 8 мемлекет, яғни Армения, Беларусь, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекістан, Қырғызтан, Молдова кірді. Ал Украина мен Әзербайжан қауымдастықтың мүшелігіне кейінен енді. 2009 жылы 18 тамызда Грузия мемлекеті өз өтініші бойынша ТМД құрамынан ресми түрде шығарылады.
Елдер арасындағы қарым-қатынастар барлық еледр үшін тең мүмкіндіктер мен кепілдіктерді қамтамассыз етуге негізделіп, нарық экономикасы принциптеріне сәйкес құрылады. Бұл ТМД аумағында өзара тиімді, ауқымды экономикалық жобаларды жүзеге асыруға; экологиялық мәселелер мен қиындықтарды шешуге; жұмыс күшімен алмасуға; қаржы- несиелік, сыртқы сауда, кедендік және валюталық саясатты келісуге және сол сияқты мәселелерді бірлесіп шешуге мүмкіндік береді.
1994 ж. 15 сәуірінде қабылданған еркін сауда аймағын (ЕСА) құру туралы келісімге ТМД құрамына енетін барлық 12 мемлекеттің басшылары қол қойды. Еркін сауда аймағы кедендік одақ құрудың өтпелі кезеңі болып табылады.
1995 ж. Қазақстан, Беларусь, Қырғыстан және Ресей кедендік одақ құрды, оған 1998 ж. Тәжікстан қабылданды. Соның нәтижесінде бұл елдер арасында өзара қолайлы еркін сауда тәртібі қалыптасты. Мысалы 1995 ж. Кедендік одақ елдерімен тауар айналамы Беларусьте - 68%, Қазақстанда - 40%, Ресейде - 17% болып, ал ТМД елдеріндегі тауар айналамының жалпы өсімі 7% -ға жетті.
2000 ж . 6 қазанда Астана қаласында өткен кедендік одақ мүщелері - Қазақстан, Беларусь, Ресей, Қырғыстан және Тәжікстан үкіметі басшыларының кеңесінде жаңа халықаралық ұйым - Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты (ЕЭҚ) құру туралы шешім қабылдады. Жаңа ұйым 2000 ж. 23 мамырдағы Халықаралық мемлекеттік кеңестің шешіміне сәйкес құрылды. Бұл ұйымның басты мақсаты - осы қоғамдастыққа енетін бестіктің шеңберінде біртұтас экономикалық кеңестік қалыптастыру. Бұл ұйым дербес халыаралық құқығы бар ұйым болып саналады. Қоғамдастықтың жоғарғы әкімшілік тұл ғасы 3 жылға сайланатын бас хатшы болып табылады. Жаңа қауымдастықтың құрылуы - ТМД-ның құрамындағы елдердің экономикалық саясатты, оның ішінде микроэкономикалық, валюталық, қаржылық және әлеуметтік салаларды үйлестіруді көздейтін ынтымақтастық аясын кеңейтеді. ТМД елдерінің одағы құрылғалы бері ынтымақтастықты үйлестірудің қандай жолы тиімді деген талас тоқтамай келеді. 1992-1994 жылдары ұзақ мерзімге бағытталған бұрынғыдай біртұтас бір мемлекетті қайта құру туралы да шешімдер қабылданды.
ТМД елдері басшыларының 1995- 1997 жылдары қабылданған шешімдері Ынтымақтасчтық еледрінің құқықтық мүмкіндіктеріне көбірек сәйкес келді. ТМД елдері шеңберіндегі халықаралық экономикалық өзара қатынастар тәжрибесі интеграцияның жеке аймақтардан әртүрлі қарқынмен басталып, біртіндеп басқа аймақтарға көшумен тиімді екендігін көрсетті. Мәселен, ең алдымен, екілік (Ресей мен Беларусь), одан кейін үштік (Орталық Азия мемлекеттер одағы), 1998 ж. Ол Тәжікстанның кіруіне байланысты төрттік одақ болып қайта құрылды. Соның нәтижесінде ТМД-ның барлық елдері (Түркіменстанды қоспағанда) бірнеше аймақтық экономикалық бірлестіктер тобына бөлінді. 2009 ж. 27 қарашасында Минск қаласында Ресей, Беларусь және Қазақстан өз аумақтарында біртұтас кедендік кеңестік құру туралы келісімге қол қойды. Бұл келісім 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді. Бірақ бұл топтар анклав болып саналмайды. Орталық Азия одағына кіретін елдер (Өзбекістаннан басқасы) кедендік одаққа мүше, сол сияқты екілік одақ төрттік одақтың белсенді мүшелері болып табылады. ТМД елдері шеңберіндегі интеграциялық үрдістің дамуы әлі де бастапқы сатыда. Әлемдегі 30-50 жылдан астам қызмет еткен аймақтың интеграциялық топтардың тәжрибесіне көз салсақ, ТМД еледрі толыққанды экономикалық одақ құру үшін қандай қиындықтарға ұшырасатындығын болжау қиын емес. Оған күнделікті өмір шындығында көзіміз жетіп отыр. Бірақ қалай болғанда да біртұтас экономикалық кеңестікті қалпына келетіру ТМД елдеріне әжептәуір экономикалық нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді. Мәселен, қосымша ивестиция салмай-ақ негізгі өнім өндіруді 1, 5 есе арттыруға болады. Нақты айтсақ электр энергиясын өндіруге кететін жиынтық шығынды 20% -ға, металлургия өнеркәсібінде 15%-ға, машина жасауда 25%- ға төмендетуге мүмкіндік туады. ТМД елдерінің сыртқы экономикалық қызметтерін үйлестіруді жақсарту арқылы жиынтық сыртқы сауда баланысын 15-20 млрд Ақш долларына арттыруға болады.
Ең бастысы, ТМД елдеріндегі нағыз экономикалық интеграция олардың экономикалық жағдайының көтерілуіне қажетті тұрақты жағдай жасайды.
Әлеуметтік - мәдени байланыстары. ТМД құрамына енетін еледр арасындағы әлеуметтік -мәдени байланыстардың ұзақ тарихы бар. Ежелден тарихи көрші болып келген елдер арасындағы байланыстар 70 жылдан астам тарихы бар кеңестік дәуірде одан әрі тереңдеген болатын. Кеңестер Одағы ыдыраған соң, бұл байланыстардың барлығы да туындап отырған әлеуметтік- экономикалық жағдайлар тұрғысынан қайта қаралды. ТМД еледрі құрылып, еледр дербес мемлекет дәрежесінде қатар дамып жатқалы он жылдан астам уақыт өтті. Осы аралықта үзіліп қалған әлеуметтік-мәдени байланыстар қайта қалпына келтірілуде. Осы мақсатта Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде ғылым мен технологияның басты бағыттарын зерттеу және игеру, ұлттық білім беру жүйелерін қалыптастыру, ғылым мен мәдениетті дамыту, әлеуметтік дамудың ең төменгі көрсеткіштерін деңгейлестіру мақсаттарын көздейтін көптеген шаралар жүзеге асырылуда . Қазақстан Президенті Н. Назарбайевтың ұсынысы ббойынша Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа (ЕЭҚ) мүше елдер «Қарапайым халыққы қарай он қадам» деп аталатын, құрамы 10 түрлі келісімдерден тұратын шешім қабылдады. Бұл келісім халықтың білім мен дәрігерлік жәрдем алуын, азаматтық алуын, ғылым мен мәдениет жетістіктеріне қол жеткізуін қамтамассыз ету мақсаттарын көздейді. Қазақстан алғашқылардың бірі болып, осы шешім шеңберіндегі барлық мәселені қамтитын заңды құжаттарды толық тапсырды.
ТМД елдері мен Қазақстан арасындағы байланыстар. Қазақстан мен ТМД елдері арасындағықарым-қатынастың ең айқын көрінісі - сыртқы сауда айналымы. 2008 жылғы Қазақстанның ТМД елдерімен сыртқы сауда айналымы 28, 5 млрд АҚШ долларын құрайды, оның 11 миллиарды импорттың, ал 17, 5 миллиарды экспорттың үлесіне тиесілі. Қазақстаннан ТМД елдеріне кететін эксорт құрамы мыналар: астық, бидай және қарабидай ұны, темір кені, таскөмір, мұнай және газ конденсаты, алюминий, қара металл прокаты, әртүрлі құрал- жабдықтар, тыңайтқыштар. Олардың ішінен энергетикалық ресурстар жалпы өнімнің 54% -ын құрайды, тамақ өнімдері - 22%, ал химия өнімдері 12%-ын құрайды. ТМД елдерінен қазақстанға келетін импорт құрамы өсіидік майынан, кокс және мұнай өнімдерінен, табиғи газ, электр энергисы, жарылғыш заттар, дөңғгелектер, теміржол тетіктері, құбырлар, машина және оның жабдықтары, жеңіл және ауыр автокөліктер, карбонат өнімдерінен тұрады. Оның ішінде машина жабдықтары мен приборлар -29%, электр энергиясы - 29%, металлугрия өнімдері - 12%, химия өнімдері - 16%-ды құрайды.
Сонымен қатар ТМД елдері мен Қазақстан арасын жалғастырып жатқан ортақ теміржол желілері мен автомагистральдар елдер арасындағы тату көршілік пен тұрақты экономикалық, саяси - әлеуметтік байланыстарды одан әрі нығайту мен дамытуды қажет етеді.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ.
1. ТМД елдері қандай принцип негізінде бірікті және қандай даму бағытын ұстанып отыр?
2. Шанхай келісім ұйымы қашан құрылды ? Оның құрамына қандай елдер кіреді?
3. ТМД елдері деңгейінде құрылған қандай бірлестіктерді білесіңдер?
4. Еуразиялық экономикалық қауымдастық дегеніміз не? Ол қандай мақсат көздейді?
Тақырыбы: Ресей Федерациясы. Ресейдің экономикалық -географиялық жағдайы. Мемлекеттің қалыптасу тарихы.
Жоспар:
- Экономикалық -географиялық жағдайы
- Мемлекеттің қалыптасу тарихы
- Әкімшілік- аумақтық құрылымы
Сабақтың мақсаты: Ресей Федерациясы. Ресейдің экономикалық -географиялық жағдайын. Мемлекеттің қалыптасу тарихын қарастыру
Теориялық мәлімет:
1. Экономикалық -географиялық жағдайы. Ресей Федерациясы (РФ) - Еуразияның солтүстік-шығысында орналасқан, аумағы жалпы құрлықтың 1/8 бөлігін қамтитын, жерінің ауданы жөнінен дүниежүзіңнде бірінші орын алатын аса ірі мемлекет. Ресей жері батыстан шығысқа қарай 9 мың км-ге (Калиниград обылысын есептемегенде), солтүстіктен оңтүскіке қарай 4 мың км-ге созылып жатыр. Ел аумағы 11 сағаттық белдеуді қамтиды.
Рсей аумағының 1/4 Еуропада, 3/4 -і Азияда орналасқан. Оның жағалауларын үш мұхиттың суы шайып жатыр. Ресей Федерациясының шекарасының жалпы ұзындығы 58, 3 мың км, соның ішінде теңіздік шекара 38 мың км-ді құрайды.
Ресейдің әлемдегі ең ірі материкте орналасу оның экономикалық -географиялық жағдайының қолайлы жағы болып табылады. Өйткені Еуразияда дүнеи жүзі мемлекеттерінің 40%-дан астамы, халықтың басым көпшілігі орналасқан. Жалпы алғанда, Ресейдің 12 мемлекетпен теңіздік шекарасы бар, ал 14 мемлекетпен құрлық арқылы байланысқан. Ресей құрамына енетін Калиниград обылысы анклав болып табылады, өйткені оның елдің негізгі бөлігімен ортақ шекарасы жоқ.
Көршілес мемлекеттердің көп болуы, олардың көпшілігінің неғұрлым дамыған батыс бөлікте орналасу елдің сыртқы байланыстарына қолайлы ықпал етеді.
Дегенімен Ресейдің өзінің көпшілік жағдайының қолайлы тұстарын әлі де болса толығымен пайдаланбай келеді. Ресейдің Географиялық орны әлемдік экономикалық орталықтарға қатысты алғагнда, қолайсыз болып табылады. Өйткені ол Батыс Еуропаның дамыған елдерімен, АҚШ жіне Жапониямен тікелей құрлық арқылы шектеспейді, аса маңызды теңіздік сауда жолдарынан алыста орналасқан. Алайда ел аумағының Еуропаны Шығыс және Оңтүстік -Шығыс Азия елдерімен теміржол арқылы байланыстырып жатуы, Солтүстік теңіз жолын игеруі Солтүстік Еуропа, Оңтүстік- Шығыс Азия елдерімен байланысты жақсартуға оң ықпал етеді. Қиыр Шығыстың айрықша орны әлемдегі үш ірі мемлекеттің (Ресей, Қытай, Жапония) тоғысында жатуымен анықталады. Реейдің тынықмұхиттық жағалауы Азия -Тынықмұхит аймағындағы елдердің барлығымен де теңіз арқылы байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
2. Мемлекеттің қалыптасу тарихы. Ресей - сан ғасырлық тарихы бар ежелгі мемлекеттердің бірі. Орыс мемлекеті айқын ажыратылатын табиғи шептері жоқ аумақта қалыптасты. Сондықтан орыс жері талай рет сыртқы жаудың шапқыншылығына ұшырады, Бытыраңқы орыс жерлерінің Мәсеку айналасында бірігу XIV-XVғасырларда жүрді. XV ғасырдың 80 -жылдарына қарай татар- моңғол болашақтағы күшті Орыс мелекетінің негізі қаланды.
Кейінгі ғасырда Орыс мемлекеті көршілес аумақтарды басып алып, өзінің құрамына қосу саясатын жүргізді. Солтүстік- батысындағы, шығысындағы, оңтүстік-шығысындағы аумақтарды күшпен бағындырған Ресейдің XVІ ғасырда Батыс Сібір халықтарын қосып алу мақсатында көршілес елдермен, соның ішінде құдіретті Осман империясымен ұзаққа созылған соғыс жүргізуге мәжбүр болды. Нәтижесінде Киев бағындырылып, Ресей Азов теңізіне шығуға мүмкіндік алды.
XVІІІ ғасырда шведтермен болған соғыс нәтижесінде Ресейдің географиялық шекаралары одан әрі кеңейіп, Балтық теңізіне шықты. Ең бастысы Ресей Батыс Еуропа елдерімен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік алды. І Петр патшалық еткен кезеңде «Еуропаға терезе ашылуы» және түбегейлі қайта құрылудың жүргізілуі Ресей геосаясаты бағытының Шығыстан Батысқа бет бұрғанының белгісі еді. Осы кезден бастап елдің сыртқы ғана емес, ішкі жағдайына да өзгерістер енді.
1991 жд. Ішкі қайшылықтар мен сыртықы жағдайлардың ықпалымен ыдыраған Кеңес Одағының басты мұрагері ретінде Рсей Федерациясы жаңа геосаяси күйзелісті басынан кешірді. Біртұтастывғы бұзылған кеңістікте экономикалық байланыстар әлсіреумен қатар, Ресей мемлекетіне онша қолайды емес геосаяси жағдай қалыптасты.
НАТО елдрімен, оның ішінде АҚШ-пен ұзаққа созылған экономикалық бәсекелестік пен жаппай қарулану, «қырғиқабақ соғыс» саясатының аяқталуы Ресейдің сыртқы саясатына бетбұрыс кезең болды. Ендігі жерде Ресйдің белгілі бір елднр тобына бағдарланған саясат жүргізуге қарағанда, өзінің экономикалық, саяси мүдделеріне сай келетін мемлекеттердің барлығымен өзара тиімді байланыстар орнатуға көшті. Геосаяси тұрғыдан алғанда, Ресей нағыз ашық мемлекетке айналды. Дегенімен НАТО елдері шекарасының Шығыс Еуропа мемлекеттері есебінен кеңейіп, құбылыс ретінде бағаланбайды.
Ресей геосаяси тұрғыдан ТМД елдерімен, Еуропалық Одақпен, Азиялық Тынықмұхитпен аймақ елдерімен жан-жақты байланыстар орнатуға мүдделі. Әсіресе, АҚШ, әлемдік экономика мен саясаттың жаңа орталықтары болып табылатын Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия және Үндістанмен қарым- қатынастарды жаңа деңгейге көтеру елдің геосаяси жағдайын нығайтуға түспекші.
3. Әкімшілік- аумақтық құрылымы. Ресей Федерациясы құрамына тең құқықты федерациялық бірліктер: 21 республика, 4 дербес округ, 1 дербес обылыс, 9 өлке, 46 обылыс, 2 федерациялық деңгейдегі қала (Мәскеу және Санк-Петербург) енеді. Әрбір федерациялық бірліктің заң шығару, сот және басқа органдары бар. Сонымен қатар Рсей Федерациясы аумағында мемлекеттік биліктің біріңғай органдары қызмет етеді, жалпыға ортақ Конституция, бірегей азаматтық, ортақ ақша бірлігі және т. б. тағайындалған.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ.
- Ресейдің экономикалық-географиялық басты ерекшеліктері қандай?
- Елдің экономикалық-географиялық жағдайы оның экономикасына қалай әсер етеді?
3. Ресей мемлекетінің тарихында оның геосаяси жағдайы қандай өзгерістерге түсті?
Тақырып. Табиғат жағдайлары және табиғат ресурстары.
Жоспар.
- Табиғат жағдайлары.
- Табиғат ресурстары.
Сабақтың мақсаты: Табиғат жағдайлары және табиғат ресурстарын қарастыру
Теориялық мәлімет:
1. Табиғат жағдайлары. Ресейдің табиғат жағдайы алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Ол, ең алдымен, алып жатқан аумағының өте үлкен болуымен байланысты. Ресейдің жерінің көпшілік бөлігін жазықтар (70%-ға жуығын) мен 1000м биіктікке дейінгі таулы үстірттер алып жатыр. Олардың ауданы жағынан ең ірілері: Шығыс Еуропа жазығы, Батыс Сібір ойпаты мен Орта Сібір таулы үстірті. Олардың оңтүстігі мен шығысын таулар қоршай орналасқан. Жер бедерінің құрылымы шаруашылық әрекеттерді жүргізуге қолайлы болып келеді. Солтүстікке қарай ендік бағыттағы тау жоталарының болмауы арктикалық ауа массаларын оңтүстіктегі тау белдеулеріне дейін еркін қозғалуға мүмкіндік бересе, керісінше Қиыр Шығыстағы тау жоталары Тынық мұхит үстінен келетін ылғалды ауа массаларының тереңдеп енуіне кедергі жасайды.
Географиялық орны, жер бедерімен климаттық жағдайдың арақатынасы Ресей жерінде мынадай табиғат зоналарын қалыптастырады; тундра, орманды тундра, ормандар ( тайга, аралас және жалпақ жапырақты ормандар), орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары. Таулы аудандарда биіктік белдеулер тән. Осындай табиғат жағдайы ауыл шаруашылығының мамандануына, халықтың орналасуы мен тығыздығына, өнеркәсіппен құрылыс кешендерінің қалыптасуына өзіндік ықпалын тигізеді.
2. Табиғат ресурстары. Ресей жері табиғат рсурстардың барлық түрлеріне бай, әсіресе минералдық ресурстардың құрамы өте алуан түрлі. Елде 20 мыңнан астам аса маңызды кен орындары барланған, оның 40% астамы өндірісте игеріледі.
Ресей дүние жүзі бойынша жер қоры, ағаш сүрегі, теңіздердің толысу энергиясы, өзендердің су-энергтикалық қоры жөнінен 1-орында, ал өңдейтін жер үлесі жөнінен 3- орынды иеленеді.
Елдегі минералдық ресурстардың 70%-дан астамын отын-энергетикалық ресурстар (газ, көмір, мұнай), 15%-ын кенсіз қазба байлықтар, 13%-ын металдар, 1%-ын алмас пен бағалы металдар, құрайды. Минералдық шикізат өндіру Ресей экономикасының жетекші саласы болып табылады, оған ЖІӨ мөлшерінің 33% -дан астамы тиесілі.
Жер ресурстарының жалпы қоры жөнінен Ресей дүниежүзінде ең алдыңғы қатарлы ел. Елдің жалдпы қоры - 1709, 8 млн га. Жан басына шаққандағы жер үлесі - 11, 5 га, бұл дүние жүзілік көрсеткіштен әлде қайда жоғары. Алайда жер қорының 1/3-і пайдалануға жарамды, онда Ресей халқының 95%-ы қоныстанып, бүкіл шаруашылық салалары құрылымдарының 93%-ы шоғырланған. Ауыл шаруашылығына жарамды жерлер де осы үлеске кіреді.
Агроклиматтық ресурстар Ресей жерінің ауыл шаруашылығының барлық салаларын дерлік өркендетуге мүмкіндік береді. Көпшілік бөлігі егіншілікті дамытуға қолайлы, топырақ құнарлығы, жоғары ылғалдылығы мен қарқынды температуралар (10˚-тан астын) жиынтығы жергілікті қоңыржай белдеуде орналасқан. Ондай аудандарға Рсейдің орталық бөлігі, Батыс Сібір мен Қиыр Шығыстың оңтүстігін алып жатқан орманды дала және дала зоналары жатады. Мұндай агроклиматтық жағдайда бидай, қара бидай, арпа, бұршақ, зығыр, қарақұмық, картоп, кейбір көкеніс түрлерін, малазықтық дақылдарды өсіруге мүмкіндік бар. Ресейдің ең жылы бөлігі Қара теңіз жағалауы мен Солтүстік Кавказ жерлерінде жылуды көбірек қажет ететін көкөністер мен жемістер, тіпті кейбір субтропиктік дақылдарда өсіріледі.
Ресей жері ориан ресурсына да бай. Дүниежүзіндегі ормандардың 22%-ы Ресейге тиесілі. Жан басына шаққандағы орманмен қамтамасыз етілуі - 5, 3 га, бұл көрсеткіш бойынша Ресей көсбасшы болып тұр. Ең көп таралғаны қылқанжапырақты ағаштар, олар бүкіл орман қорының 90%-ын құрайды. Орман аумағының көп бөлігі балқарағайдан тұрады, сондай-ақ қарағай, шырша және самырсын ағаштарыда басым. Ормандардың көпшілігі елдің шығысында яғни Шығыс Сібірмен Қиыр Шығыста, одан кейін Батыс Сібір мен Оралда шоғырланған.
Ресей жері су ресурсына да өте бай. Ресейде 2, 5 млн-нан аса өзен, 2млн-ға жуық көл бар. Ресейде бір жыл ішіндегі жан басына шаққандағы өзен ағынымен қамтамасыз етілуі 30 мың м-ге тең, алайда бұл көрсеткіш оның барлық бөлігінде бірдей емес. Орталық қар топырақты ауданның өзен ағынымен қамтамасыз етілуі Шығыс Сібір мен Қиыр Шығыстағы көрсеткіштен 100 есе төменРесейдің ең ұзын өзені - Лена (4 400км), ең мол сулы өзені - Енисей. Сонымен қатар суменн қамтамасыз ету мақсатында Ресейде қырықтан астам су бөгендері салынған. Ең үлкені - Братск ( дүниежүзінде екінші орында) су бөгені. Тұщы судың аса мол қоры Байкалда шоғырланған.
Ресейдің ормандары, өзендер мен көлдері және теңіз жағалаулары биологиялық ресурсқа да аса бай болып келеді. Әсіресе Баренц, Охот, Беринг теңіздері мен Обь, Енисей өзендері алабының кәсіптік балық аулауда маңызы жоғары. Ормандарда терісі бағалы аңдардың көптеп таралуы аң шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді.
Ресейдің алуан түрлі табиғат жағдайы рекреациялық ресурстардың күрделі жиынтығын қалыптастыруға негіз болған. Табиғи-рекреациялық ресурстардан қолайлы қойнаулар мен жағалаулар (теңіз, өзен, көл) , таулар мен ормандар, минералды сулар, табиғат ескерткіштері, табиғи саябақтар өте көп таралған. Ондай аудандарға Байкал, Телец, Селигер, Мещера көлдерінің айналасы, Уссури және Қиыр Шығыс тайгасы, Красояр Бағаналары, Камшаткадағы Гейзер аңғары, Алтай-Саян және Орал таулары, Солтүстік Кавказ бен Қара теңіз жағалауы, сондай-ақ ірі өзен жүйелерінің көптеген бөліктері кіреді.
Тарихи - мәдени рекреациялық ресурстар жиынтығы да жеткілікті дәрежеде. Ондай орындар, әсіресе Ресейдің Еуропалық бөлігінде көбірек шоғырланған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz