Қазақ әдеби тілінің зерттелуі



Жоспары:

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

1 Қазақ әдеби тілінің зерттелуі

2. Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы туралы көзқарастар

3.Әдеби тіл ұғымдарын меңгерту жолдары

4.Қазіргі таңдағы әдеби тілге қатысты өзекті мәселелелер

ІІІ. Қорытынды
І.Кіріспе
Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ой ға салса қорғасындай балқыған өмірдің кез-келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен? Әрине, одан қымбат ештеңе жоқ деп айтуға болады. Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйтқы болған – оның ғажайып тілі.
Қоғамның аса қажетті қатынас құралы тілдің ұзақ жылдар бойы жұмсалу тарихында оны пайдаланушы ел-жұрттың талай заманды бастан кешіріп, талай асулардан асқан тарихында оның өн бойына елеулі өзгерістер енеді.
Тарихи даму белестерінің бір кезеңінде тіл тек қарым-қатынас құралы қызметінде ғана емес, ерекше әлеуметтік саяси экономикалық өрлеудің де қызметін атқарады. Ол тілді пайдаланушы халықтың еңсесі биік, озық ойлы мәдениеттің белгісі. Ал тілдің әдеби тіл дәрежесіне көтерілуі халық ұлт тілінің таным болмысын жаңа сапаға ие болуының көрінісі.
Қалайда халық тілінің ұлт тіл болуы – тілдің жазба әдебиетке әсер етуіне кең жол ашады. Халықтың ұлттық сана-сезімі оянып, ғылым, мәдениет туралы көзқарастары қалыптасады. Осылардың нәтижесінде жазба әдеби тіл халық тілінің жоғарғы формасы болып, әбден кемелденген сөздік құрам, синтаксистік құрылым, нормаланған дәрежеге ие болады.
Қазақ тілі білімінде әдеби тіл – жазба әдебиет арқылы жалпыға бірдей ортақ нормалары қалыптасқан, стильдік тармақтары сараланған, қоғамдық қызметі әр алуан халық тілінің жоғары формасы ретінде қарастырылып жүр. Олай дейтініміз, қазақ тіл білімінде әдеби тіл, оның тарихи арналары, қалыптасу тарихы туралы көзқарастар, жалпы сипаттамасы, зерттелуі жөнінде ғылыми зерттеу жұмыстары мен пайымды пікірлер төркіні сан қилы.
Р.Сыздықова, І.Кеңесбаев, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, С.Аманжолов, А.Ысқақов, Ғ.Мұсабаев, Т.Қордабаев, С.Исаев,т.б. зерттеуші ғалымдардың әдеби тіл тарихына қатысты ғылыми еңбектерін басты назарға ала отырып, қазақ әдеби тілі тарихының зерттелуі жөнінде жалпы мәселелерді қарастыруды мақсат еттік. Осы мақсат үшін мынадай міндеттерді басты назарға алдық.
- Әдеби тілдің жалпы сипаттамасын анықтау;
- Қазақ әдеби тілінің зерттелуін айқындай;
- Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы туралы пікірлерді салыстырып, саралау;
- Әдеби тілдің ауызекі тілге және диалектизмге қатыстылығын көрсету;
Ғылыми жұмысты жазу барысында мынадай әдіс-тәсілдерді қолдандым. Олар:салыстырмалы сипаттау, ғылыми пікірлерді жинақтап, саралау әдістері.
Ұлт болмысының бір көрінісі ретінде танылатын қазақ әдеби тілі
тарихының зерттелуі жайында талданған бұл ғылыми көзқарастар – қазақ
Пайдаланған әдебиеттер:



1.Аманжолов С. «Қазақ әдеби тілі» Алматы , 1949 ж.

2.Балақаев М. «Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері» Алматы, 1965 ж.

3.Балақаев м. «Қазақ әдеби тілі» Алматы, 2007 ж.

4.Сыздықова Р. «ХҮІІІ - ХІХ ғасырдағы қазақ әдеби тілінің тарихы»
Алматы, 1984 ж.
Исаев С. «Қазақ әдеби тілінің қалыптасу, даму кезендері»
Алматы, 1976 ж.
Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М. «Қазақ әдеби тілінің мәселелері»
Алматы, 1961 ж.
Балақаев М., Сыздықова Р., Жанпейісов Е. «Қазақ әдеби тілінің тарихы»
Алматы, 1968 ж.
5- 9 сыныптарға арналған қазақ тілі оқулықтары , «Атамұра» баспасы

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

1 Қазақ әдеби тілінің зерттелуі

2. Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы туралы көзқарастар

3.Әдеби тіл ұғымдарын меңгерту жолдары

4.Қазіргі таңдағы әдеби тілге қатысты өзекті мәселелелер

ІІІ. Қорытынды

Біз өзге елге өз тіліміз бен
салт-дәстүрімізді сақтап
қалуымызбен қадірлі боламыз
Н.Ә.Назарбаев

І.Кіріспе
Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ой
ға салса қорғасындай балқыған өмірдің кез-келген
орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас отты да
ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен? Әрине,
одан қымбат ештеңе жоқ деп айтуға болады. Ғасырлар бойы қазақтың ұлт
ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйтқы болған – оның ғажайып тілі.
Қоғамның аса қажетті қатынас құралы тілдің ұзақ жылдар бойы жұмсалу
тарихында оны пайдаланушы ел-жұрттың талай заманды бастан кешіріп, талай
асулардан асқан тарихында оның өн бойына елеулі өзгерістер енеді.
Тарихи даму белестерінің бір кезеңінде тіл тек қарым-қатынас құралы
қызметінде ғана емес, ерекше әлеуметтік саяси экономикалық өрлеудің де
қызметін атқарады. Ол тілді пайдаланушы халықтың еңсесі биік, озық ойлы
мәдениеттің белгісі. Ал тілдің әдеби тіл дәрежесіне көтерілуі халық ұлт
тілінің таным болмысын жаңа сапаға ие болуының көрінісі.
Қалайда халық тілінің ұлт тіл болуы – тілдің жазба әдебиетке әсер
етуіне кең жол ашады. Халықтың ұлттық сана-сезімі оянып, ғылым, мәдениет
туралы көзқарастары қалыптасады. Осылардың нәтижесінде жазба әдеби тіл
халық тілінің жоғарғы формасы болып, әбден кемелденген сөздік құрам,
синтаксистік құрылым, нормаланған дәрежеге ие болады.
Қазақ тілі білімінде әдеби тіл – жазба әдебиет арқылы жалпыға бірдей
ортақ нормалары қалыптасқан, стильдік тармақтары сараланған, қоғамдық
қызметі әр алуан халық тілінің жоғары формасы ретінде қарастырылып жүр.
Олай дейтініміз, қазақ тіл білімінде әдеби тіл, оның тарихи арналары,
қалыптасу тарихы туралы көзқарастар, жалпы сипаттамасы, зерттелуі жөнінде
ғылыми зерттеу жұмыстары мен пайымды пікірлер төркіні сан қилы.
Р.Сыздықова, І.Кеңесбаев, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, С.Аманжолов,
А.Ысқақов, Ғ.Мұсабаев, Т.Қордабаев, С.Исаев,т.б. зерттеуші ғалымдардың
әдеби тіл тарихына қатысты ғылыми еңбектерін басты назарға ала отырып,
қазақ әдеби тілі тарихының зерттелуі жөнінде жалпы мәселелерді қарастыруды
мақсат еттік. Осы мақсат үшін мынадай міндеттерді басты назарға алдық.
- Әдеби тілдің жалпы сипаттамасын анықтау;
- Қазақ әдеби тілінің зерттелуін айқындай;
- Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы туралы пікірлерді салыстырып,
саралау;
- Әдеби тілдің ауызекі тілге және диалектизмге қатыстылығын көрсету;
Ғылыми жұмысты жазу барысында мынадай әдіс-тәсілдерді қолдандым.
Олар:салыстырмалы сипаттау, ғылыми пікірлерді жинақтап, саралау әдістері.
Ұлт болмысының бір көрінісі ретінде танылатын қазақ әдеби тілі
тарихының зерттелуі жайында талданған бұл ғылыми көзқарастар – қазақ жазба
әдеби тіл теориясының дамуына өзіндік үлес қосады деген пікірдемін.
ІІ.Негізгі бөлім

Әдеби тіл – жалпы халықтық тілдің хатқа түскен, белгілі бір дәрежеде
өңделген ерекше түрі.
Тіл білімі тарапынан алғанда әдеби тіл деп тек көркем әдебиет емес,
ғылыми зерттеулердің, газет – журналдардың тілін де – қысқасы, жазба тілді
айтамыз. Міне, осы пікірлес ғалымдар белгілі бір тілді әдеби деп тану үшін
жазудың болуы шарт, яғни хатқа түскен нұсқалары өте аз немесе жоқ жерде
әдеби тіл де жоқ дегенді кесіп айтады. Әдеби тіл термині жазба тіл
дегеннің баламасы ретінде ұсынылады. М.Балақаевта Әдеби тіл – жазба тіл.
Жазба әдебиет арқылы тіл байлықтары, оның құрылысы сымбатты қалыпқа түсіп,
екшеледі. Жазуы болмаған халықтың тілі әдеби тіл дәрежесіне көтеріле
алмайды, - деп жазды. Дәл осындай тұжырымды Ғ.Мұсабаев та айтқан: Әдеби
тіл ең әуелі – ақ жазуға сүйенеді. Ол жазу стилінсіз әдеби тіл болмақ
емес, - дейді. Енді бірқатар зерттеушілер қазақтың әдеби тілін ХІХ
ғасырдың ІІ жартысынан басталады деп, мұны ұлы ағартушы – демократтар Абай
мен Ыбырайдың есімдерімен байланыстырады. Әсіресе бұл қағида Абай мен
Ыбырай сияқты қаламгерлердің шығармашылығын сөз еткен тұстарда баса айтылып
келеді.
Абайдың әдеби мұраларының тілі жайында Қ.Жұбанов, М.Әуезов,
І.Кеңесбаев,Н.Сауранбаев,Р.Сыздықов алардың мақалаларын баса айтуға болады.
Әдеби тілдің ең басты белгісі – оның өңделген, сұрыпталған, нормаланған
тіл болуы.Екішіден, қызметі жағынан сол халықтың өмірінде ұйымдастырушы,
қоғам мүшелерінің басын қосушы сипаты, яғни жалпыға ортақ қасиеті болуы
тиіс. Әдеби тілді тану үшін оның қарама – қарсысына ауызекі сөйлеу тілі
құбылысын қоя отырып көрсету. Бұл – тілді әдеби деп тануға қажет үшінші
шарт. Әдеби тіл – қоғамның қолдану практикасында сыннан өткен, нормаларын
қоғам санасы дұрыс деп қабылдаған және ол нормалар барша үлгілерге ортақ
болуы шарт. Бұл – төртінші сипаты.
Әдеби тіл деген ұғым – қазақ тілі үшін де тарихи, құбылмалы түсінік.
Қазіргі қазақ тілі үшін оның жазба түрінің болуы, сан салалы стильдерге
тарамдалуы, қоғам өмірінің барша саласына түгел қызмет етуі – заңды
шарттар.
Тіл мәдениетінің тірегі – әдеби тілдің нормалары мен стильдік жүйелері.
Бұлар әдеби тілдің қоғамдық қызметімен астарласып жататындықтан, тіл
мәдениеті деген ұғымның аясы кең. Өйткені тілдік нормалар мен тілдің
стильдік тармақтарының әдеби тілдің қоғамдық қызметі ұлғаю барысында көп
жылдар бойы берік қалыптасқандары да, жаңадан пайда болғандары да бар.
Мәдениет сөзін бұрын қоғамның материалды, рухани байлықтарының түрлі
тармақтарын қамтиды деп қолдансақ, осы күндері оның жұмсалу аясының
кеңейгені байқалады, мысалы: еңбек ету мәдениеті, сауда – саттық мәдениеті,
егін жинау мәдениеті, мәдениетті дақылдар. Осылардың қатарында тіл
мәдениеті деген ұғым да жиі қолданылатын болды.
Тіл мәдениеті жоғары адамдардың әрдайым көз тігетін жарық жұлдызы -
әдеби тіл. Өйткені соңғы – екшелген, сұрыпталған мәдени тіл, белгілі
қалыпқа түскен стандартты әрі ресми тіл, халық тілінің шұрайлы
байлықтарымен сусындаған, көркем, өткір тіл.
Мәдениетті адамның көп қырлы сырының бір көрінісі – тіл мәдениетінің
жоғары болуы.
Әдеби тілдің не екенін, оның халық тілінен айырмашылығын, қарым –
қатынасы қалай болатынын білмей тұрып, тіл мәдениетінің биік шыңына қол
созуға болмайды. Өйткені тіл мәдениетінің қағида, талаптары жазба әдеби тіл
мен ауызша әдеби тіл дегеннің арақатынасынан пайда болады.
Қазақ тілінің қоғамдық қызметі арта түсіп отырған қазіргі кезде оның
үздіксіз даму процесін терең ұғынып, өмірлік проблемаларын жан – жақты
зерттеуге ерекше мән беріліп отыр. Солардың қатарында теориялық,
практикалық биік талаптар дейгейінен қарайтын сала – тіл мәдениеті
мәселелері болмақ.
Бұл – қазақ тіл білімінің енді – енді өзінің даму жолына түскен жас
саласы. Тіл мәдениеті халқымыздың жалпы мәдениеті мен астарлас дамуға
тиісті болғандықтан, бұл ғылым саласы алдымен тіл мәдениетінің дәрежесін
арттыруды, тілдің қатынас құралдық қызметін жетілдіру үшін оның күнделікті
өмірлік мәселелерін ғылыми тұрғыдан дұрыс шешіп, жөн сілтеуді көз дейді.
Тіл мәдениетінің басты талабының бірі – тілдік нормаларды қалыптастыру.
Олар халық тілінің, әдеби тілдің даму барысында қалыптасады, кейбіреулері
(жазу нормалары, терминдер, пунктуация нормалары) қолдан жасалады да,
басқалары тілде бұрыннан бар жүйелер негізінде баспасөз арқылы қалыптасады.

Әдеби тіл деп – жазба мәдениет арқылы жүйелі қалыпқа түскен, стильдік
тармақтары сараланған, қоғамдық қызметі әр алуан тілді айтамыз. Көркем
әдебиет тұрғысынан алғанда, М.Горький айтқандай, Әдебиет тезіне түспеген
шикі тілді халық тілі дейміз де, көркем сөз шеберлері шыңдаған тілді
әдеби тіл дейміз.
Біз мәселеге дублеттердің қай сыңары негізгі, әдеби норма болуға тиіс
деген тұрғыда қараймыз. Мүмкін, кейде екі сыңарын да норма деп есептеуге
тура келер, оны әдеби тілдегі бұлардың жұмсалу заңдылығына қарай анықтауға
тиіспіз. Мысалы, осы күнгі халық, қазір, және, үшін, жиі, өйткені, сияқты
сөздер бұрын басқа да вариантта жазылатын еді ғой. Осы күнгі ол варианттар
(қалық, кәзір, хазыр, жана, жиы, ұшын, үйіткені) сөйлеу тілінде бар да,
баспасөзде норма ретінде жазылмайды. Солар сияқты ондаған, тіпті жүздеген
сөздер әдебиетте байталасып, былығып жатса, оған енжар қарай алмаймыз,
яғни олардың әдебиетте жиі қолданылуға, нормалауға тиісті нұсқалары мынау
деп көпшілікке бағдарлама беруге тиіспіз. Мысалы: қазір бәйге – бәйгі, ырза
– риза, разы, жарты – жарым, есеп – қисап, мәлім – мағлұм әдебиетте жөн
жорықсыз жарыса қолданысып жүр. Тіл мәдениеті жоғары халықтар мұндайлардың
бірсыңарын негізі деп есептейді де, басқаларын ретіне қарай қолданады.
Мысалы, жарты дегенді нормаға жатқызсақ, жарым мүлде қолданылмасын деген
ұғым тумайды. Мұндайды әдеби тілдің қабылдайтынына көз жеткен тұста, сол
ізбен бау – бақ, суару – суғару, мысалы – мәселен сияқты көптеген жарыспа
сөздерді синоним деп бетімен қоя бермей, әр сыңарын белгілі мағынаға ие
етуге әбден болады.
Норма мен тілдің ішкі заңы деген бір емес, норманы ойдан шығаруға
болады, ал заңды ойдан шығаруға болмайды, ал заңды ойдан шығармаймыз,
айқындаймыз, ашамыз. Оның үстіне тілдік заң көрінгеннің икеміне көніп
өзгеріле бермейді, норманы орайына қарай өзгертуге болады.
Тілдік норма – тілдің әдебиеттілігінің бір белгісі. Біз халықты әдеби
тілге баулитындықтан, халықтың, баспасөздің тіл мәдениетіне көз жібергенде,
олардың әдеби тіл нормаларын қаншалықты сақтау – сақтамауы еленеді. Ол тіл
мәдениетінің бір жағы. Оған одан басқа сыпайы сөйлеу, ойды дәл, айқын айту,
сөзді орынды қолдану, ой мақсатына лайық сөйлемді дұрыс құру сияқтылар да
енеді.
Әдеби тіл – қоғамдық категория ретінде сол қоғамның ілгері даму сатысының
жоғарылаған кезеңінде біртіндеп жазба әдебиет арқылы жасалады. Қазақ әдеби
тілі жалпы халық тілі негізінде пайда болғандықтан, әдепкіде оның негізгі
тірегінен қаншалықты айырмашылығы бар екені де көмескі, бұлдыр
болғандықтан, ғалымдар оған бірден назар аудара қоймайды.Оның қандай тіл
екенін, тарихын айқындаудың қиын екені сонымен байланысты болса, екінші
жағынан, онығ құрамын, халық тілінің байлықтарын әдеби тіл қаншалықты
дәрәжеде бойына сіңіргенін анықтау да оңай емес.
Осындай қиын жұмысқа ден қоюдың да өз тарихы бар. Қазақ әдеби тілінің
зерттелуі – қазақ тіл білімінің кенже қалған саласы. Орыс және басқа
тілдерді зерттеуде әдеби тіл мәселелері кең арнаға түсіп, көп жылдық
тарихты бастан кешірген болса, қазақ тіл білімінде ол ендіөенді қатарға
қосылып, бой түзеп келеді. Оның түрлі себебі бар: біріншіден, тіл
мәселелерінің бүгінгі өмір үшін аса қажетті дегендері жаңа заманның жедел,
мойын бұрғызбайтын іс-әректіне айналды. Сол кезде алфавит, орфография,
терминология, грамматика, фонетика, лексика, лексикография проблемалары
қолға алынды. Айналып келгенде, солардың бәрі әдеби тілге тікелей, не
жанама түрде қатысты болғаны болмаса, арнайы әдеби тілдің теориялық
проблемалары көпке дейін тіл мамандарының назарынан тыс қалып келді. Екінші
себебі – қазақтың әдеби тілі халық тілі негізінде жасалып, ол екеуінің жігі
онша білінбей дамып жатқан кезде, әдеби тілдің енді қай проблемалары бар? –
деген мәселе көтерілмеді. Сондықтан болар, олардың жайын зерттеу ғылыми-
зерттеу орындарының іс жоспарында болмады. Тек 40-50 жылдары ғана жекелеген
мақалалар жариялана бастады.
Әдеби тіл жайында байыпты, байсалды пікір айтушының бірі М. Әуезов
болды. Осы тақырыпқа арнап ол бірнеше мақала жариялады. Осыдан кейін 1951
жылы мынадай мақалаларын оқыдық:. Сондықтан болар, олардың жайын зерттеу
ғылыми-зерттеу орындарының іс жоспарында болмады. Тек 40-50 жылдары ғана
жекелеген мақалалар жариялана бастады.
Әдеби тіл жайында байыпты, байсалды пікір айтушының бірі М. Әуезов
болды. Осы тақырыпқа арнап ол бірнеше мақала жариялады. Осыдан кейін 1951
жылы мынадай мақалаларын оқыдық: Қазақтың әдеби тілі туралы ( Әдебиет
және искусство, 1951, №4), Қазақ әдебиет тілінің мәселелері ( Вестник АН
Каз ССР, 1951, №3), Қазақтың әдебиет тілінің кейбір мәселелері жайында
(Коммунист, 1951,№3), Некоторые вопросы развития казахского литературного
языка,(Литературная газета, 1956,4.окт.). Осы мақалаларында М.О. Әуезов
әдеби тілдің, қазақ әдеби тілінің аса маңызды мәселелері жөнінде ұүнды
пікірлер айтады. Ол әдеби тілдіің әдеби процеспен, жазумен тығыз байланыста
дамитынын, басты кезеңдерін баяндауына қарағанда, оның халық тілінің жоғары
формасы екенін анық байқатады. Ал, әдеби тіл деген тілді алсақ,- дейді
М.О. Әуезов, - ол халықтың әдебиетке түсіп қалыптасқан тілі. Тілдің
әдебиет арқылы қалыптасуы (нормалануы) әдеби тілдің басты белгісі болса,
тағы бір көз жазбайтын, әр жерде, әр тұста айта беретін тағы бір белгісі
тіл байлығының молдығы, халық тілін жете біліп, мол пайдалану деп таниды.
Әдеби тіл қоғамдық құбылыс, оны жеке адам жасамайды, негізін жеке
ақын, жазушы қаламайды. Ол қоғамдық болмыстың негізі халық тілінде болады
да, сол негізде әдеби тіл әдебиеттік процесте қоғам мүшелерінің қатысы, іс-
әрекеттері арқылы жасалады. Жеке ақын, жазушы не қоғам қайраткері солардың
бірегейдей бірі есебінде ол тілге бұрынғының негізінде жаңа өнегелі, озық
өрнектер енгізеді.
Әдеби тіл проблемаларына көп көңіл бөлген тіл мамандары тобынан Н.Т.
Сауранбаевты ерекше атауға болады. Ол әдеби тілдің табиғатын дұрыс түсініп,
оның жай-күйін зерттеудің мәні зор екенін жақсы білген. Сондықтан әдеби тіл
мәселелеріне арнап оқта-текте мақалалар жазып, баяндамалар жасап, олардан
көз жазбаған. 1947 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының ғылыми сессиясында
қазақ әдеби тілінің мәселелері жөнінде арнайы баяндама жасап, бірнеше
мақала жариялады.
Н.Т. Сауранбаев қазіргі қазақ әдеби тілін ХІХ ғасырда пайда болған
жазба әдеби тілдің даму нәтижесі деп қарайды. Сол әдеби тілдің негізін
қалаушылар Абай мен Ыбырай екенін бірнеше жерде айтады.
Ә. Құрышжанов Н. Сауранбаевтың таңдамалы шығармаларының алдындағы
кіріспе мақалада: Орыс әдебиетінде болсын, дүние жүзілік әдебиеттер мен
тюркологияда болсын әдеби тілдің анықтамасы теориялық жағынан біркелкі
сияқты дейді де, мына анықтаманы келтіреді: Ол(әдеби тіл-М.Б.)-жазба
әдебиет арқылы жүйелі қалыпқа түсіп, стильдік тармақтары сараланған,
әлеуметтік қызметі әр алуан қатынас құралы; халық тілі байлықтарының
негізінде қалыптасқан, жалпы халықтық тілдің жоғары формасы.
Н.Т. Сауранбаев қазақ тілінің төл әдеби тілін ауызша ауыз әдебиеті
тілі, жазбаша- жазба әдебиет тілі деп бөлмейді, бірақ жазусыз да әдеби тіл
болады дегенін жоғарыда айттық. Ал қазақ әдеби тілін таптастыруға келгенде,
тек жазба әдеби тілді қамтып, оны үш дәуірге бөледі: 1) ХІХ ғасырдың
екінші жартысына дейінгі дәуір; 2) ХІХ ғасырдың екінші жартысынан ХХ
ғасырдың 20-жылдарына дейінгі дәуір; 3)Советтік дәуір. Осы бөлістің Абай,
Ыбырайлар қазақ әдеби тілін жасаушылар, негізін қалаушылар дегенімен
үйлеспейтін жерін елемегенде, біршама дұрыс таптастыру деп қарауға тиіспіз.
Ол таптастыруда Н.Т. Сауранбаев М.О.Әуезовтың Абай, Ыбырайлардан да бұрын
әдебиеттің көрнекті өкілдері болып еді ғой деген пікірімен санасқан болуы
керек.
Ғ.Мұсабаев та бір жазғанда әдеби тілді мынандай үш кезеңге бөледі: а)
Абай заманына дейінгі, яғни ХІХғасырдын екінші жартысына дейін- көне әдеби
тілі; ә) ХІХ ғасырдын екінші жартысынан Октябрь революциясының алғашқы
жылдарына дейінгі кезеңдегі жазу тілі – жаңа әдеби тіл; б) одан бергі
жерде, қазіргі әдеби тіл.Әдеби тілді Ғ. Мұсабаев көне, жаңа, қазіргі
үшке бөлгенде, оның біріншісі қай ғасырдан басталатыны мұнда айтылмайды, ал
тағы бірде ол үйсін мемлекеті құрылған шамада ІІ ғасырдан басталады дейді.
Төл әдеби тілді әріден бастайық деген ниетпен Б. Кенжебаев оны ру
ұлыстық,халықтық, ұлттық, деп төрт қоғам құрылысын қамтитын топқа
бөлуді ұсынды. 1) Қазақтың Х ғасырға дейінгі ру-ұлыстық әдеби тіл; 2)
Қазақтың V-ХV ғасырлардағы ұлыстық, тағы да түрік текті халықтармен ортақ
әдебиеті, ұлыстық әдеби тіл; 3) Қазақтың қазақ хандығы тұсындағы, ХV-ХVІІІ
ғасырлардағы өзіңдік әдебиеті, халықтық әдеби тіл, 4) Қазақтың ХІХ ғасыр
мен ХХ ғасыр басыңдағы жаңа, сыншыл реалистік әдебиеті, ұлттық әдеби тіл.
Б. Кенжебаевтың бұл пікірі дұрыс бола қояр мекен? Ру-ұлысты, ұлыстық,
дегендерін былай қойғанда, төл әдеби тіл халық (ХV-ХVІІІғ.) болып, әдеби
тіл болды деу шындыққа жанасымды ма?- деген сұрақ туады. Әдеби тілді
таптастыру туралы басқада пікірлер бар.

Әдеби тіл мәселелерін зерттеуге ерекше назар аударып, бірнеше мақал
жарияланған І.Кеңесбаев ауыз- екі тіл мен ауыз әдебиеті тілінің әдеби
тілге қатысын кезінде дұрыс көрсеткен: Абай, Ыбырайлар, негізін қалаған
әдеби тілдің үш түрлі даму арнасы болған: 1) халықтың ауызекі сөйлеу тілі,
2) ауыз әдебиетінің тілі, 3) сол кезде жаңа ғана қалыптаса бастаған жазба
әдебиетінің тілі Әдеби тілді тілінің жаңа формасы деп, оны мәдени
өрлеудің, қоғамның барлық іс-әрекеттерінің, ғылымның, техниканың,
экономиканың, саясаттың, оқу- ағарту, мәдени жұмыстардың құралы деп
танитындықтан, сол құралды шыңдап, дамыта, жетілдіре түсу үшін оны бөліп
алып қарастырамыз, жастарды сол әдеби тіл дәстүрінде тәрбиелеу үшін оны
ерекше тілдік категория деп қараймыз.

Т. Қордабаев әдеби тілге тән төрт белгі ( жазу, норма, стиль,
қызметі) өткен ғасырда дәл бүгінгідей болмағандықтан, мақалаларында әдеби
тілдің басы Октябрьден кейін дәуір дейді. Дұрысында бұл дәуір- әдеби тілдің
кемелденген кезі. Ол әдеби тілдің тарихын оның сол кемелденген кезінен
бастағысы келеді.
Біз қазіргі әдеби тілімізді мақтан ете отырып, оның халықтық
сипаты, әдебиеттік белгілерінің желісі қай тұстан басталады?- деген дұрыс
жауап бере алсақ, сол тұс әдеби тілдің алғашқы кезеңі болуға тиіс.
Қазақ әдеби тілін зерттеуге арналған әдебиетте біріне –бірі
қарама- қарсы екі түрлі пікір айтылғанын көреміз. Зерттеушілердің көбі
әдеби тіл халық тілі негізінде содан керегін алып жасалады десе, С.
Аманжолов, олай емес, ол бір диалект негізінде, атап айтқанда қазақ тілінің
солтүстік- шығыс (орта жүз) диалектісі негіз болды дейді. Бұл мәселеге
арнап ол бір екі мақала және бір кітапша жазды.
С. Аманжолов та әдеби тілдің алғашқы кезеңін Абайлар тұсы деп
таниды. ...біз қазақтың әдеби тілінің бастама үлгісі жазба түрінде ХІХ
ғасырдың екінші жартысынын ғана басталады дейміз - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шежіре
Алыс, жақын шетелдік қазақтар тілінің зерттелуі
Қазақ әдебиеті тілінің тарихы
Стилистиканы оқыту әдістемесі
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
Тіл білімі сөздігі
М.Әуезовтің қазақ тілі туралы ойлары
ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛ ТАРИХЫНДА СӨЗ ЖАСАУ ҮДЕРІСІ
Ісмет Кеңесбаев және тіл білімі мәселелері
Сөз тіркесінің нормалық сипаты
Пәндер