Газ өнеркәсібі


Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

  1. Кіріспе бөлім
  1. Кіріспе.
  2. Газ өнеркәсібі.
  1. Негізгі бөлім
  1. Қазақстан жеріндегі газ өндірісі.
  2. Газ саласының қазіргі жай-күйін талдау.
  3. Жұмыс істеп тұрған және перспективалы газ кен орындары.
  4. Газ өндiру бойынша жұмыс iстеп тұрған өңдеу қуаттары.
  5. Қазақстан Республикасында табиғи және сұйытылған газды тұтынудың талдауы.
  6. Магистралды және таратушы газ құбырларының техникалық жай-күйi.
  1. Қорытынды бөлім
  1. Газдандырудың өңiрлiк бағдарламалары және газды тұтынудың iшкi рыногын дамыту.

Кіріспе

Соңғы жылдары дүниежүзiлiк мұнай-газ рыногының талдауы энергия тасымалдаушылардың басқа түрлерiн өндiру мен тұтынуға қатысты газ өнеркәсiбiнiң озыңқы дамуын көрсетiп отыр. Дүниежүзiлiк энергия балансындағы көмiрсутектi газ тәрiздес отынның үлесi XXI ғасырдың орта тұсына қарай 30% -дейiндi құрауы мүмкiн деп болжанады. Осының нәтижесiнде энергетиканың дамуындағы алдағы кезең сарапшылар "метан" дәуiрi деп сипатталып отыр.

Қазақстан үшiн, сондай-ақ энергия тасымалдаушы табиғи газ мейлiнше перспективалы болып келедi, оның барланған және (Каспий қайраңындағы ашылған жаңа кен орындарын ескерумен) бағаланған қоры 3, 3 трлн. текше метрдi құрайды, ал ықтимал ресурстары тағы 6-8 трлн. текше метрге жетедi.

Бұл ретте, республикада барланған газ қорының ерекшелiгi, iс жүзiнде барлық кен орындарында және әсiресе жаңадан әзiрленiп жатқан аса iрi кен орындарында газды өндiру мұнай мен конденсатты өндiрумен iлесе жүргiзiлетiндiгi болып табылады. Сондықтан осы кен орындарын белсендi игеру және мұнай өндiру көлемiнiң күрт өсiп кетуi соңғы жылдары қалыптасқан үрдiсi өндiрiлуi одан сайын арта түсетiн iлеспе газдың көлемдерiн кәдеге жарату қажеттiлiгiн туындатып отыр.

Соңғы жылдары газ саласын қайта қалыптастыру жөнiндегi қабылданылған iс-шаралар, сондай-ақ халықаралық транзиттiң және табиғи газды iшкi тұтынудың көлемдерiнiң өсуi, газ-көлiк компанияларының қатысты қаржылық тұрақтылыққа қол жеткiзуiне, магистральды және жергiлiктi газ құбыры жүйелерiн техникалық қайта жаңарту жөнiндегi жұмыс көлемдерiнiң ұлғаюына қол жеткiзуге мүмкiндiк бердi.

Бiрақ, мұнайгаз кешенiнiң газдық құрамдаушысы салалық жүйеге қарағанда көбiне жекелеген буындардың технологиялық және аймақтық бытыраңқы жиынтығы болып қала беруде. Нәтижесiнде өндiрiлетiн газды өңдеу толық шамада жүзеге асырылмайды, елдiң қажеттерiн өз ресурстары есебiнен өтеу үшiн табиғи газды оның өндiру орнынан негiзгi тұтыну аймақтарына қайта бөлу мүмкiндiгi болмай отыр.

Газ өнеркәсібі - табиғи газ кен орындарына барлау жүргізуді, мұнай, көмір мен тақтатастан жасанды газ өндіруді, өңдеуді, газды тасымалдау және оны өнеркәсіп пен коммуналдық-тұрмыстық шаруашылықта пайдалануды қамтитын отын өнеркәсібінің бір саласы. Газ өнеркәсібі әсіресе, АҚШ-та, Канадада, Мексикада ерте кезден дамыған. Англия, Франция, Бельгия, т. б. елдер 18 ғасырдың соңында тас көмірден жасанды газ өндіру ісін жолға қойды. Ресей мен Қазақстанда 20 ғасырдың алғашқы жартысына дейін табиғи газ өндірілген жоқ, тек мұнай кәсіпшіліктерінен аздаған газ алынып тұрды.

Газ - калориясы жоғары, тасымалдануы жеңіл, бағалы химиялық шикізат. Өндірісте пластмасса, химия талшықтарын, синтетикалық каучук, азот тыңайткыштарын алуда қолданылады. Газ өндіру (1920 жылында) жекелеген сала ретінде Маңғыстау алабын игерген кезде пайда болды. Оның серпіліп, кең көлемде өндірілуі Қарашығанақ кен орнын игеруімен байланысты болды.

Қазіргі кезде республикамызда 100-ге жуық газ қоры барланды. Бірақ оның 2/5 бөлігі Қарашығанақ кен орнының үлесінде. Келесі ірі кен орындарына - Қашаған, Теңіз, Жаңажол жатады. Газдың негізгі қоры көбінесе мұнай-газ кен орындарында мүнаймен бірге кездеседі. Оңтүстігімізде Шу-Сарысу газ алабы біртіндеп колға алынып, игеріле бастады.

Республикада табиғи газ 1960 жылы «Өзен» (Маңғыстау облысы) кен орнында өндірілді. Қазақстанның газ өнеркәсібі мұнай өңдеу өнеркәсібімен тығыз байланысты. «Маңғышлақмұнай», «Қазақгаз» кәсіпорындарын өнеркәсіптік мақсатқа пайдалану 1966 жылдан басталды.

1973 жылы табиғи және ілеспе газ өңдеумен, газ конденсатын сұйылтатын және құрғақ газ, газ бензинін алумен айналысатын Қазақ газ өңдеу зауыты (Жаңаөзен қ. ) іске қосылды.

Қазір Қазақстанда 4 газ өңдеу зауыты істейді. Олар:

- Қазақ газ өңдеу зауыты;

- Теңіз газ өңдеу зауыты;

- Жаңажол газ өңдеу зауыты;

- Қарашығанақ өңдеу кешені.

Қазақстан газ өнеркәсібіне республикалық аумағы арқылы өтетін Бұхара - Орал - Орта Азия - Мәскеу, Бұхара - Шымкент - Тараз - Бішкек - Алматы магистральды газ құбырлары, сонымен бірге газ пайдалану бірлестігін реттеп отыратын Бозой, Полторацкий және Ақыртөбе жер асты газ сақтау қоймасы кіреді. Сондай-ақ республикада жекеленген газ құбырларымен газ тасымдалдап, жеткізу жұмыстарын «Қазтрансгаз», «Қазтрансойл», т. б. компанияларының бөлімшелері атқаруда (2006) . Қазақстан газ өнеркәсібінің дамуы 1991 жылдан жаңа деңгейге көтерілді. Сол жылы «Қазақгазөнеркәсіп» мемлекеттік газ концерні құрылды, кейін ол «Қазресгаз» ұлттық газ компаниясы деп аталды. Қазақстан жері газға бай. Каспий, Мойынқұм, Шу - Сарысу ойпаттарында, Қарашығанақ пен Теңізде газдың мол қоры бар. Барланған табиғи газ қоры 4, 0 трлн. м3 болса, жасанды газ қоры 1, 2 млрд. м3. Қазақстандық Каспий т. секторы мен құрлықтағы газдың жобалық ресурстары табиғи газ бойынша 6 трлн. м3, ал жасанды газ қоры 2, 2 млрд. м3.

Жер астынан өндірілетін мұнай газдары мен табиғи газдар көптеген көмірсутектер қоспасынан, атап айтқанда метаннан, этаннан, пропаннан, бутаннан, және басқа да көмірсутектерден тұрады. Кейбір газ құрамында көмірсутектерден басқа гелии, азот, көміртегінің қос тотығы, күкіртсутек болуы ықтимал. Газдардың құрамы көп жағдайда метаннан тұрады десек қателеспейміз.

Мұнай газы мен табиғи газ, мұнайхимия мен химия өнеркәсібінің ең негізгі шикізат көзі болып табылады, себебі осы аталған газ құрамынан химия өндірісіне қажетті шикізат этанды алады. Этанды өңдеу барысында этиленді алып, одан пласмасса, этилен оксидін, беттік - активті заттарды және басқа да бағалы затарды өндіреді.

Пропан таза күйінде болсын, болмаса бутанмен қоспа күйінде болсын, кез - келген мұнайхимия өндірісінде, тұрмыстық мақсатта, қозғалтқыш отыны ретінде, ауылшаруашылық өнімдерін кептіруде және тағы басқа мақсаттарға көптеп қолданады. Этан мен пропанан басқа мұнай және табиғи газ құрамында синтетикалық кауучук өндірісі, тұрмыс және қозғалтқыш отыны үшін қажетті.

Табиғи газдың экспорты мәселелерiн шешу үшiн көршi елдердiң үкiметтерiмен Газ альянсын құру жөнiндегi және атап айтқанда, Ресей Федерациясы Үкiметiмен газдың экспорттық жеткiзiлiмiн жүзеге асыру үшiн "ҚазРосГаз" бiрлескен компаниясын құру жөнiндегi ынтымақтастық туралы принциптi уағдаластықтар маңызды болды.

Жергiлiктi газ құбырлары операторларының кәсiпорындарын дағдарыстық жағдайдан алып шығу үшiн, оған аймақтық газ-көлiк жүйесiн берумен, жаңа "Аймақтық газ-көлiк жүйесi" (АГЖ) акционерлiк қоғамы құрылды. Газ жүйесi қызметiн одан әрi тәртiпке келтiруге Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 14 маусымдағы Газ-көлiк жүйесiне концессия шартының шектерiнде цеденттер болып табылатын газ жүйесiнiң бұрынғы құрылымдарын банкроттау туралы қабылдаған шешiмi, сондай-ақ Қарашығанақ кен орны бойынша Өнiмдердi бөлу туралы келiсiмнiң шеңберiнде мемлекеттiк мүлiктi басқару үшiн "КапиталМұнайГаз" ЖАҚ-ын құруы ықпал ететiн болады.

Саланың нормативтiк базасын жетiлдiру, атап айтқанда Табиғи газды тасымалдау жөнiндегi ережелерді бекіту жөнiндегi қабылданған шараларға қарамастан көп жағдайда жаңадан қалыптасып келе жатқан рыноктық жағдайларға газ саласының совет көздерiнен қолданыста келе жатқан құқықтық базаларының сәйкеспеуі мәселесі мейлiнше өткiр Күйінде қалуда. Сонымен iс жүзінде табиғи газ шығарылатын және тұтынылатын барлық елдерде газбен жабдықтау мәселелерi арнайы заңдармен және басқа да заңға тәуелдi актiлермен реттеледi. Мәселен, Ұлыбританияда "Бритш Газ" компаниясының монополиялық қызметi 1986 жылдан бастап, "Бритш Газ" газ-көлiк жүйесiне кіруге қол жеткiзу тәртiбi анықталған, газбен жабдықтау жүйесiндегi компанияның өкiлеттiлiгi, газға бағаны реттеудегi мемлекеттік органдардың ролi белгіленген мен газ тасымалдау тарифтерi белгіленген "Газ туралы" заңға сәйкес анықталған және реттеледі.

Газ саласын 2015 жылға дейiн дамыту тұжырымдамасында ескерілген барланған газдың көлемдері 1. 8 трлн. шаршы м. құраған болатын. Бiрақ жаңартылған деректердiң және Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторының кен орындары бойынша газдың бағаланған қорын ескерумен 2002 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйi бойынша пайдалы қазбалардың мемлекеттік теңгерiмiнiң негіздерiнде жиынтық қорлар 3, 3 трлн. текше м. құрайды. Мысалы, тек "Қашаған" кен орны бойынша ғана Қорлар жөнiндегi мемлекеттiк Комиссияның 2002 жылғы 20 қазандағы қорлар жөнiндегi отырысының хаттамасына сәйкес газ қорлары 969. 0 млрд. текше м. құрады. Бұл ретте газдың перспективалы және болжамдық ресурстары 6. 0-8. 0 трлн. текше м. дейінгі деңгейде бағаланады, бұл негiзiнен, Каспий теңiзi ресурстарын игерумен байланысты . Газдың саланы дамыту үшiн негiздiк мәнi бар болжамдалатын ресурстарының басты ерекшелiгi iс жүзiнде газдың барлық осы қорлары аса тереңдiгінен (5 мың метрден астам), көп құрамдылығынан және ең бастысы күкiртсутек қосылыстарының жоғарылығынан алудың қиындығымен сипатталатын Каспий маңы ойпатының қабаттарындағы тұзасты Түзiлiмдерде орналасқандығы болып табылады. Сонымен бiр уақытта тереңдiгi аса үлкен емес және құрамында Күкiрттi қосылыстар жоқ кен орындарында жергiлiктi аймақтарды газдандыру үшін, мысалы Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан жергілiктi маңызы үлкен бар газдың қоры онша көп емес.

Іс жүзiнде Қазақстан Республикасының барлық әзiрлену үстiндегi iрi мұнай кен орындарында өндiрiлетiн мұнайдың құрамында күкiртсутегi мен басқа да Күкiрттi қосылыстарда жоғары ерiтiлген газ бар. Мысалы Жаңажол-Өрiктау кен орындары тобы бойынша осы улы газдың құрамы 2 ден 6% дейiн, Қарашығанақ кен орнында - 3-тен 5% дейiн ауытқиды, ал Теңiз кен орнында күкiртсутегiнiң концентраты 19% дейiн жетедi.

Сондықтан газ саласын одан әрi дамытудың басты бiр проблемасы өндiрiлетiн мұнай мен газды күкiрттi одан алынған Күкiрттi одан әрi пайдаға жаратумен, қайта өңделген осы өнiмдi тауарлық Күйге жеткiзу және оны сыртқы рынокқа сатуға қосылыстардан тазарту болып табылады. Осы мәселенi шешудiң бiр нұсқасы қабаттық қысымды ұстап тұру және көмiрсутегiнiң сұйық компонентiн алудың тиiмдiлiгiн көтеру үшiн кен орындарының өнiмдi қабатына күкiрттi газды керi айдау шараларын жүзеге асыру болып табылады.

Республикада табиғи газдың едәуiр дәлелденген қоры барына қарамастан, республикада газ өндiру әлi де болса мұнайгаз компанияларының iлеспелi қызметi болып қалуда. Қалыптасқан тәжірибе бойынша мұнаймен iлесе өндiрiлетiн газ әдеттегідей кен орындарында жағылады немесе тәуiр деген жағдайда алдын ала дайындықтан кейiн меншiктi қажеттерге қолданылады. Мәселен, 2002 жылдың қорытындысы бойынша 2 млрд. текше м. астамы жағылды, меншiктi қажеттерге 1, 7 млрд. текше м. пайдаланылды және технологиялық жоғалтулар шамамен 0, 7 млрд. текше м. құрады.

"Теңiз" және "Королевское" мұнай кәсiпшiлiгiнде Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң жүргiзген кешендi тексеруi барысында 127 зиянды шығарындылары бар көздер табылған болатын және зиянды заттарды ауаға нақты шығарындыларын талдаудың толық емес деректері бойынша 2003 жылғы 8 айда ғана кен орындарында 600 млн. текше м., соның iшiнде қауiптiлiгi жоғары сыныпты 6 млн. текше м. жуық Күкiртті қосылыстары алдын ала тазаланбаған газды тiкелей жағуға жол берiлген. Алдын ала есептеулер осы кезеңде атмосфераға 27 млн. шартты тонна зиянды заттар тасталуы мүмкiн екендiгiн көрсеттi.

Талдау мұндай жағдайлардың нормативтiк құжаттарда кен орындарында әсiресе құрамында зиянды компоненттерi бар газды жағу мәселелерi толық шамада реттелмегеннен орын алып отырғанын көрсетедi. Мысалы "Қазақстан Республикасының мұнайлы және газды кен орындарын әзiрлеудiң бiрыңғай ережесiндегi" 6. 2. 26-тармағы жағу кезiндегi шектеулер Күкiрттiсутектерi бар қабатты өнiмдi (газды) олардың халық қоныстанған немесе халық шаруашылық объектiлерiндегi әуенiң жер үстi қабаттарындағы концентраты санитарлық нормалардан аспайтын шарттар қамтамасыз етiледi". Сайып келгенде, осы мәселеде мейлiнше анық регламенттеудiң болмауы, "Петро Қазақстан Құмкөл Мұнай" және Қызылорда облысының басқа да жер қойнауын пайдаланушыларының ұзақ уақыт бойы iлеспе газды үлкен көлемде жағуына мүмкiндiк бередi.

Газды өндiруге одан әрi шектеу қою мұнай өндiрудi арттыруды тым кедергiлейтiн фактор болатындықтан, осының бәрi өндiрiлетiн газды кәдеге жарату мәселесiн жылдамырақ құқықтық реттеудi талап етедi. Бұл газ өңдеу қуаттылықтарын кеңейту және жаңа газ өңдеу қуаттылықтарын салу жөнiндегi шараларды қабылдау қажеттігін негіздейдi.

"Теңiз" мұнай газ кен ауданында орналасқан Теңiз газ өңдеу зауыты (Теңiз ГӨЗ) жылына 2, 5 млрд. текше м. тазаланған газ өндiрудiң жылдық өнiмдiлiгiне қол жеткiздi. Келесi жылдары мұнай өндiру көлемiнiң артуы және соның салдары ретiнде алынатын газ көлемiнiң өсуi зауыттың екiншi кезегiн салуды талап етедi. Теңiз кен орнынан алынатын iлеспе газ құрамында бутан-пропан фракциясы қор болуымен сипатталады және әсiресе құрамында күкiртсутектiң жоғары болуымен, сондай-ақ құрамында тазалау мен қайта өңдеудi талап ететін көмiрқышқыл газы мен iлеспе құрамдары болуымен айрықшаланады.

Жаңажол газ өңдеу зауыты (ЖГӨЗ) әуел баста жылына 710, 0 млн. текше м. өңдеуге есептелген болатын. "CNPC - Ақтөбемұнайгаз" компаниясы қайта жаңартқаннан кейiн зауыттың қуаттылығы жылына 800, 0 млн. текше метрге жеттi. Бiрақ тазаланудан кейiн алынатын газ, құрамында Күкiрттi қосындылары болуы бойынша стандарттық талапқа сәйкес келмейдi және МемСТ бойынша 0, 036 г/ текше м. талап етiлетiн деңгейден 5-8 есе жоғары. Қытай мамандарының пiкiрi бойынша ГӨЗ-ын одан әрi қайта жаңарту зауыттың жұмысын жақсарта алмайды.

Елдiң газ тарату жүйесiнiң деңгейiнде газды ұжымдық тарату принципi (әсiресе газ жеткiзу кезiнде) қолданылуы жалғасуда, жеткiзiлген газ үшiн есеп жүргiзу мен төлем төлеу проблемасы шешiмiн тапқан жоқ. Дебиторлық берешектiң өсуi жалғасуының нәтижесiнде тұтынушыларды тобымен газ жеткiзуден айыру жиi болып тұрады. Осының бәрi газ жеткiзуде тұрақсыздықты тудырады, қорытындысында табиғи газ рыногының одан әрi тарылуына және бұрынғы абоненттердiң отынның басқа түрiне көшуiне соқтырады.

Сонымен бiрге Қазақстандағы сұйытылған газдың өндiрiсi дағдарыс жағдайынан шығып келе жатыр, сөйтiп, республика көптеген жылдардан соң алғаш рет өз өндiрiсi есебінен қалыптасқан тұтыну рыногын жабу мүмкiндiгiне ие болып отыр. Айталық, егер 2001 жылы 941, 7 мың тонна сұйытылған газ шығарылса, тұтынуының нақты көлемi өткен жылдың қорытындысы бойынша 430 мың тоннадай деңгейiнде болғанда онда 2003 жылы - 1040, 5 мың тонна сұйытылған газ өндiрiлдi.

Осы кезеңде сұйытылған газды шығарудың негiзгі өсуi газ конденсатын анағұрлым терең өңдеудi көздейтiн сұйытылған газ өңдейтiн жаңа қондырғыны iске қосумен Теңiз кен орнының өңдеу жүргізiлген қайта құру есебiнен қол жеткізiлді. Тек соның есебiнен сұйытылған газдың өндiрiсi 2001 жылы 6, 6 eceгe ұлғайтылған болатын. Мұнайдың iшкi жеткiзiлiмдерi тұрақтануымен бiрге барлық дерлік мұнай және газ өңдеу заводтарында сұйытылған газды шығару көлемдерiнiң артуы байқалуда.

Сұйытылған газ энергия көздерiнiң iшiнде ең бiр қымбаты болып табылатыны сөзсiз (құны тұтынушыға жеткiзудi қоса есептегенде тоннасы 280-300 АҚШ долларына дейін жетедi), бiрақ, көбiне көп тұрмыста, әсiресе, табиғи газдың жеткiзiлiмi жоқ өңiрлерде табиғи отынмен салыстырғанда бұл отын түрiнiң тасымалдау мен пайдаланудағы артықшылығын ескере отырып, сұйытылған газдың өндiрiсi мен рыногын реттеу мәселесi барлық газ саласының дамуындағы маңызды бағытты құрайды.

Бәсекешiл ортаға икемделген газ саласының осы секторының қызмет ету ерекшелiгiн және сұйытылған газдың экспортқа шығарыла бастауымен iшкi бағалардың халықаралық бағалармен теңесуін ескере отырып, сұйытылған газдың бағасының тұрақтануын және ел iшiнде энергия көзiнiң осы түрiнiң жеткiзiлу көлемдерінің одан әрi артуын болжамдауға болар еді.

Табиғи газдың тасымалдау Қазақстанның сегiз облысының аумағымен өтетін магистралды газ құбырларының жүйесi бойынша жүзеге асырылады. Қазақстан аумағындағы әкетушi және әкелушi газ құбырларын есептегенде магистралды газ құбырларының жалпы ұзындығы 10 мың шақырымды құрайды. Қазақстанның магистралды газ құбырлар жүйесi бұрын жалпы одақтық газ тасымалдау жүйесiнiң бөлiгi ретiнде құрылды және сондықтан, оның қызметi табиғи газды Орта Азиядан Ресейдiң солтүстiк облыстарына, Украина және Закавказье республикаларына жеткiзуге бағытталған. Газ құбырлары қала өнеркәсiбi мен халықтың сұранысын тек транзит газ құбырларының трассаларына жапсарлас қалалар мен елдi мекендердi қамтамасыз ететіндей етiп жоспарланған.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасы аумағы арқылы өтетiн магистралды газ құбырларының бiрде бiрiнiң республика аумағында өзара жалғаныстары жоқ, сол себептi мысалы, батыс өңiрiнде өндiрiлетiн арзан газды елдiң оңтүстiк және солтүстiк облыстарына жеткiзу секiлдi, артық мөлшердегі газды өңiрлер арасында қайта бөлу мақсатында газ құбырларын пайдалану мүмкiндiгiн бермейдi. Бұл оңтүстiк облыстар мен Алматы қаласының табиғи газды тұтынушылары үшiн аса зәру проблема. Батыс облыстардағы газдың бағасынан 2-3 есе асып түсетiн өзбек газының жеткiзiлiмiне қатаң тәуелдiлiк осы өңiрдегi газ рыногының тарылуына әкелiп соқты. Қостанай облысының тұтынушылары Ресей газ импортына аз тәуелдi болып отырған жоқ.

Газдың халықаралық транзитi жүзеге асырылатын iрi магистралды газ құбырлары:

түркiменстан және Солтүстiк Кавказға қосымша тармақталған - газ құбырларымен Өзбекстан шекарасынан Ресей Федерациясының шекарасына "Александров Гай" КС-не дейiнгi газ құбырының төрт, бес тармағынан тұратын базалық "Орта Азия - Орталық" газ магистралы. Осы газ магистралы бойынша бастапқы жобалық қуаттылығы 60 млрд. текше м. болған кезде жылына 35-40 млрд. текше м. дейiн газ тасымалданады;

соңғы жылдары нақтылы транзитi 26-29 млрд. текше. м. көлемiнде болған жылына 42 млрд. текше м. газ транзиттелiнген техникалық параметрлерi бар Батыс Қазақстан облысы аумағы бойынша Орынбор ГӨЗ- ден "Александров Гай" КС-не дейiн өтетiн екi КС бар - "Союз" және "Орынбор - Жаңа Псков" газ құбыры;

бұрын Өзбекстан және түркiменстаннан Ресейдiң өнеркәсiп аудандарына газ тасымалдауға арналған, ал қазiр көбiне Ақтөбе облысына газ жеткiзу үшiн пайдаланылатын қос тармақты "Бұқара - Орал" газ құбыры;

"Қазалы-Шымкент-Бiшкек-Алматы", "Қарталы -Қостанай" және "Өзен - Ақтау" газ құбырлары табиғи газды Қазақстан Республикасының iшкi рыногына оңтүстiк облыстарына және Маңғыстау мен Қостанай облыстарына тасымалдау үшiн пайдаланылады. Бұл ретте "Қазалы - Бiшкек газ құбыры бойынша қосымша 0, 5-тен 1, 0 млрд. текше м. дейiн көлемде Қырғызстан тұтынушылары үшін газ транзитi жүзеге асырылады.

Қолданыстағы нормативтер бойынша магистралды газ құбырларының амортизациялық мерзiмi шамамен 30 жылды құрайды. Алайда, Қазақстан Республикасының аумағында газ құбырларын пайдалану ерекшелiгі сол - құбырлар олардың ерекше қатал, сорлы жерлермен өтуi нәтижесiнде әсiре жарамсыздыққа ұшырағандығы болып табылады. Осыған байланысты, жұмыс iстеу мерзiмi бойынша газ құбырлары құрылымын талдау көрсеткендей, 30 жылға дейiн қызмет ету мерзiмi бар 30-дан астам газ құбырларының үлес салмағы 30, 4-ке жетедi, ал газ құбырларының 51%-ы 20 жылдан 30 жылға дейiн пайдаланылады.

Газ магистралдары мен таратушы газ құбырларының жұмыс режимiн, әсiресе, шұғыл континенталдық ауа райлы өңiрлерде ұстап тұру үшiн газ құбырлары жүйесiндегі мiндеттi элементтер жер асты газ қоймалары (ЖАҚ) болып табылады. Бiрақ, Қазақстан Республикасының газ-көлiк жүйесi шектерiнде қызмет жасайтын үш ЖГҚ өзара байланыспаған және бұрын бұрынғы Одақ жүйесiндегi бiрыңғай газ-көлiк жүйесiндегi қызметке арналған.

Сонымен бiр уақытта газ өндiрiлетiн батыс аймақта жазғы кезеңде үлестес өндiрiлетiн газдың артық көлемi жиналады, бұл кен орындарында оны амалсыз өртеуге әкеп соқтырады. Сондықтан "Орта Азия-Орталық" газ құбыры бойына ЖГҚ салу мәселесi одан да өткiр қойылып отыр. Сондай-ақ қысқы кезеңде газбен тұрақты жабдықтау мақсатында Алматы қаласы ауданында ЖГҚ салу көкейкестi болып отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АЙМАҒЫНЫҢ ЛАНДШАФТ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Әлемдік мұнай әлемдік үлесі өндірісіндегі үлесі
Газ өнеркәсібінде энергияны үнемдеу жайлы
Дүние жүзінің отын - энергетика кешеніне сипаттама
Мұнай-газ, химия өнеркәсібі.Қазақстан мұнайын игерудегі экспорттау бағыттары.Қазақстандағы мұнай-газ ісімен айналысатын шетел компанияларының қызметтері
Машина жасау өнеркәсібі
Машина жасау өнеркәсібі кешені
Қазақстан Республикасының мұнайгаз өнеркәсібі
Елтану курсынан дәрістер
Газ өнеркәсібінде энергияны үнемдеу жайлы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz