Меншікті капиталдың экономикалық сипаттамасы мен оның есебінің міндеттері



ЖОСПАР

1. Меншікті капиталдың экономикалық сипаттамасы мен оның есебінің міндеттері.
1.1 Меншікті капитал .экономикалық ресурстардың қалыптасу көзі.
2. Меншікті капиталдың есебі.
2.1 Шығарылған капитал (Жарғылық капитал) есебі.
2.2 Эмиссиялық кіріс және сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар есебі
2.3 Резервтік капиталдың есебі
2.4 Бөлінбеген кіріс (жабылмаған залал) есебі
2.5 Меншікті капиталдың синтетикалық есебі.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Қосымшалар
Кіріспе.

Экономикалық ғылымдардың барлығы бір - бірімен байланысты болса да олардың ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына бөлек ғылыми сала. Өйткені, бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын зерттеуде бірден - бір негіз болып табылады.
Қоғамдық дамудың нәтижесінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына қойылатын талаптардың өсіп, міндеттердің артып отырғандығы бухгалтерлік есептің тарихынан белгілі.
Қазіргі нарықтық экономикаға көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер жылдан - жылға ауқымдырақ болып келеді. Соған сәйкес қазіргі кезде мемлекет, шаруашылық субъектісі мен жеке тұлғалар арасындағы экономикалық қарым - қатынастар жаңа сипат алып отыр. Бұл сипаттың негізі – пайда табу. Еліміздегі халық шаруашылығының қай саласындағы субъектілер болмасын олар өндірістік, қызмет көрсету, қаржылық іс - әрекетпен айналысу үшін өзін - өзі қаржыландыру принципіне негізделуі тиіс. Ал бұл шаруашылық субъектілердің өздерінің жаңа құрған кәсіпорындарына өмір сүру үшін салым, жарна, пай салу арқылы тыныс берулері болып табылады. Ал бұл жағдай бухгалтерлік есептің «Капитал мен резервтер» атты бөлімінде талданады. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында субъект күрделі экономикалық әрі сенімді ақпараттық басқару жүйесін қалыптастыруды қалайды. Кәсіпорынның меншікті капиталының қалыптасуын ұйымдастырудағы қағидалары қазақстандық бухгалтерлік есеп және халықаралық қаржылық есеп стандартында қарастыруды қажет етеді. Сонымен қатар, меншікті капитал кәсіпорынның қаржылық нәтижесін көрсеткендіктен ол жылдық қаржылық есеп беруде, яғни бухгалтерлік баланста және меншікті капиталдың өзгерісі туралы есеп беруде толық талданады. Бұдан пайдаланушылар сенімді ақпарат ала алады.
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің 2005 жылдың 1 қаңтарынан акционерлік қоғамдар және де 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап басқа ұйымдар өздерінің есептерін халықаралық қаржылық есеп стандартына
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
1.Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі.
2. Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексі.
3. Қазақстан Республикасының Президентінің «Бухгалтерлік есеп туралы» Заң күші бар №2732 Жарлығы.
4. «Шаруашылық серіктерстіктер туралы» Заң.
5. «Акционерлік қоғам туралы» Заң.
6. Л.А. Попова, М.Қ. Жұматов, Д.М. Нұрғалиев, А.Б. Омалиева. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Оқу құралы. – Карағанды: ҚарМУ баспасы, 1998 ж. 145-148 бет.
7. В.К. Радостовец, Т.Ғ. Ғабдуллин. В.В. Радостовец, О.И. Шмидт. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы: Қазақстан-аудит орталығы, 2002 ж. 25-36 бет.
8. Қ.К. Кеулімжаев, З.Н. Әжібаева, Н.А. Құдайбергенов. Бухгалтерлік есеп принциптері: Оқу құралы-Алматы: Экономик С, 2003 ж. 332-352 бет.
9. В.Л. Назарова. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп. Оқулық:Алматы-«Экономика» баспасы. 2005ж. 209-212бет.
10. О.М. Жакупова. Бухгалтерлік есеп принциптері 2. Оқу-тәжірибелік құралы.-Қарағанды, 2003. 153-183бет.
11. Ә. Әбдіманапов. Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері (халықаралық стандарт) Алматы 2006 ж.
13. К.А. Китебаева «Принципы бухгалтерского учета I,II». Караганда 2006г. С.114-115.
14. А.Қ. Мейірбеков, Қ.Ә. Әлімбетов. Кәсіпорын экономикасы. – Алматы «Экономика» 2003ж.
15. Бухгалтер бюллетені. №3, қаңтар 2006ж.
16. Бухгалтер бюллетені. №23, маусым 2006ж.
17. Бухгалтер бюллетені. №39, қыркүйек 2006ж.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
1. Меншікті капиталдың экономикалық сипаттамасы мен оның есебінің
міндеттері.
1.1 Меншікті капитал –экономикалық ресурстардың қалыптасу көзі.
2. Меншікті капиталдың есебі.
2.1 Шығарылған капитал (Жарғылық капитал) есебі.
2.2 Эмиссиялық кіріс және сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар есебі
2.3 Резервтік капиталдың есебі
2.4 Бөлінбеген кіріс (жабылмаған залал) есебі
2.5 Меншікті капиталдың синтетикалық есебі.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Қосымшалар
Кіріспе.

Экономикалық ғылымдардың барлығы бір - бірімен байланысты болса да
олардың ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына бөлек ғылыми сала. Өйткені,
бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің
дамуын зерттеуде бірден - бір негіз болып табылады.
Қоғамдық дамудың нәтижесінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына
қойылатын талаптардың өсіп, міндеттердің артып отырғандығы бухгалтерлік
есептің тарихынан белгілі.
Қазіргі нарықтық экономикаға көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке
жүктелетін міндеттер жылдан - жылға ауқымдырақ болып келеді. Соған сәйкес
қазіргі кезде мемлекет, шаруашылық субъектісі мен жеке тұлғалар арасындағы
экономикалық қарым - қатынастар жаңа сипат алып отыр. Бұл сипаттың негізі –
пайда табу. Еліміздегі халық шаруашылығының қай саласындағы субъектілер
болмасын олар өндірістік, қызмет көрсету, қаржылық іс - әрекетпен айналысу
үшін өзін - өзі қаржыландыру принципіне негізделуі тиіс. Ал бұл шаруашылық
субъектілердің өздерінің жаңа құрған кәсіпорындарына өмір сүру үшін салым,
жарна, пай салу арқылы тыныс берулері болып табылады. Ал бұл жағдай
бухгалтерлік есептің Капитал мен резервтер атты бөлімінде талданады.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында субъект күрделі экономикалық әрі
сенімді ақпараттық басқару жүйесін қалыптастыруды қалайды. Кәсіпорынның
меншікті капиталының қалыптасуын ұйымдастырудағы қағидалары қазақстандық
бухгалтерлік есеп және халықаралық қаржылық есеп стандартында қарастыруды
қажет етеді. Сонымен қатар, меншікті капитал кәсіпорынның қаржылық
нәтижесін көрсеткендіктен ол жылдық қаржылық есеп беруде, яғни бухгалтерлік
баланста және меншікті капиталдың өзгерісі туралы есеп беруде толық
талданады. Бұдан пайдаланушылар сенімді ақпарат ала алады.
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің 2005 жылдың 1 қаңтарынан
акционерлік қоғамдар және де 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап басқа ұйымдар
өздерінің есептерін халықаралық қаржылық есеп стандартына жүргізілсін деген
бұйрығына сәйкес курстық жұмыста Меншікті капиталдың құрамының есебі
халықаралық қаржылық есеп стандарты да талданады. Сонымен қатар, Қазақстан
Республикасының Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы, Салық
және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы, Акционерлік
қоғам туралы, Шаруашылық серіктестік туралы Заңдары және Қазақстан
Республикасының Азаматтық және Әкімшілік Кодекстері бойынша шарушылық
субъектісінің әр түрлерінің меншікті капиталдарын қалыптастыру тәртіптері
қарастырылды.

1. Меншікті капиталдың экономикалық сипаттамасы мен оның есебінің
міндеттері.
1.1 Меншікті капитал –экономикалық ресурстардың қалыптасу көзі.

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы
барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде
мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге
айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады.
Кәсіпорын алғаш құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында
қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның
құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде
қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы
осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден,
тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет
атқарушы, яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрлымы
бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру
көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.
Кәсіпорын мүлкінің құрамы.
Ұйымның барлық мүлігі қысқа мерзімді активтер және ұзақ мерзімді
активтер болып екіге бөлінеді.
Ұзақ мерзімді активтер негізгі құралдардан, метериалдық емес
активтерден, ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардан, басқа да ұзақ
мерзімді активтерден құралады. Жалпы ұзақ мерзімді активтер шаруашылық
субъектінің материалдық-техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.
Ал, қысқа мерзімді активтер кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында пайда
табуға негізделеді. Соған сәйкес олардың қатарына ақша қаражаттары, қысқа
мерзімді қаржылық инвестициялар, қорлар, қысқа мерзімді дебиторлық
берешектер және басқа да қысқа мерзімді активтер жатады.
Кәсіпорын мүліктерінің (капиталының) құрылу көздері.
Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен қысқа мерзімді қаржыларының
құнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері болып мыналар
саналады:
- жарғылық капитал;
- резервтік капитал;
- бөлінбеген кіріс.
Кәсіпорындар өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларының
басқа қарыз қаражаттарын да пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және
ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, алынған аванстар және басқа да
кредиторлық қарыздар жатады.
Жарғылық қор меншік иесінің (кәсіпорынның) жарғысында қаралған
қызметтерін қамтамасыз ету үшін инвестициялық қаржылардың сомасы болып
табылады.
Меншік иесінің тиісті құқығымен жауапкершілігіне қарай ұйымның жарғылық
қоры мынадай түрлерге бөлінеді.
Кәсіпорындардың (толық серіктестік, коммандиттік серіктестік,
жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар
серіктестік, акционерлік қоғам) жарғылық капиталы.
Өндірістік кооператив мүшелерінің мүлік жарналары (үлестері).
Жарғылық қор мөлшері ұйымның жарғысында және басқа да құрылтайшылық
құжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек.
Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін
ғана өзгеруі мүмкін.
Барлық ұйымдардың меншікті капиталына екі қасиет тән. Біріншіден, ол
материалдық-құндылық құрылым иеленбегендіктен сезілмейді және ол әрқашанда
активтің көзі рөлінде қатысады. Екіншіден, меншікті капитал ақшалай түрден
заттық түрге ауыса алатын немесе керісінше жағдайда өзінің нысанын
өзгертетін меншікті құралдар түсінігіне синоним деп қарастыруға болмайды.
Меншікті капиталдың қаржылық есебінің негізгі мақсаты ресурстарды дұрыс
қолдану мен сақтауда бақылаудың болуы. Бұл мақсатқа жету үшін қаржылық есеп
мыналарды бақылауға қамтамасыз етуі тиіс:
• жарғылық капиталға қатысушылардың үлестерін уақытында және
толық қабылдап алу;
• мерзімінде, толық және дәл көрсетілген жарғылық капиталдың
немесе оның әр түрлерінің жалпы сомаларының өсуі немесе кемуі
жайлы өзгерістерді айқындап отыру;
• меншіктік акцияларды сатудан (эмиссиялық кіріс) түскен
табыстарды алу;
• инфляцияға байланысты негізгі құралдарды, инвестицияларды және
басқа да активтерді қайта бағалаудан кейін капиталдың сомасын
уақытында және дәл анықтау;
• резервтік капиталдың уақытында және дұрыс құрылуы мен оны
дұрыс қолдану;
• алдыңғы есеп беру жылы мен есеп беру жылында пайда болған
бөлінбеген кіріс (жабылмаған залал) сомаларын дұрыс анықтау
және көрсету.
Меншікті капитал есебіне Халықаралық қаржылық есеп стандартының
бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарына сәйкес V бөлім арналған.
Капитал және резервтер бөлімінің шоттары капитал мен резервтерді
есепке алуға арналған. Капитал- бұл ұйымның активтерінде оның барлық
міндеттемелерін шегергеннен кейін қалған үлес.
Аталған бөлім мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
5000 Шығарылған капитал
5100 Эмиссиялық кіріс
5200 Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар
5300 Резервтер
5400 Бөлінбеген кіріс (жабылмаған залал)
5000 Шығарылған капитал кіші бөлімі шығарылған капиталды есепке алуға
арналған және шоттардың мынадай топтарын қамтиды:
5010- Жарияланған капитал -мұнда акционерлік қоғамның төленген
эмиссияланған қарапайым, артықшылықты акцияларының жиынтық атаулы құны,
сондай-ақ серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар мен жарналар көрініс
табады;
5020- Төленбеген капитал - онда ұйымдардың жарғылық капиталына
эмиссияланған акцияларды төлеу, салымдарды (мүліктік жарналарды) енгізу
жөніндегі операциялар, сондай-ақ ұйымдардың жарғылық капиталына
эмиссияланған акцияларды төлеу жөніндегі жеке тұлғалар мен ұйымдардың
берешегі және салымдарды (мүліктік жарналарды) енгізу жөніндегі
құрылтайшылардың берешегі көрсетіледі.
5100 Эмиссиялық кіріс кіші бөлімі шоттардың мынадай тобын қамтиды:
5110 - Эмиссиялық кіріс - онда шығарылған акциялар бойынша эмиссиялық
кіріс есепке алынады.
5200 Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар кіші бөлімі сатып
алынған меншікті үлес құралдарын есепке алуға арналған және шоттардың
мынадай тобын қамтиды:
5210- Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар - онда өздерінің
меншікті үлес құралдарын сатып алу кезінде ұйым келтірген шығындар
ескеріледі.
5300 Резервтер кіші бөлімі резервтерді есепке алуға арналған, ол
қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес, сондай-ақ құрылтай
құжаттарына және ұйымның есепке алу саясатына сәйкес капиталдың шоттарында
көрсетіледі және шоттардың мынадай топтарын қамтиды:
5310- Құрылтай құжаттарында белгіленген резервтік капитал - онда
Қазақстан Республикасының заңнамасына және құрылтай құжаттарына сәйкес
белгіленген резервтік капитал көрсетіледі;
5320- Қайта бағалауға раналған резерв - онда қаржылық активтерді,
негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді қайта бағалау жөніндегі
операциялар көрсетіледі;
5330- Шетелдік валютаны қайта есептеуге арналған резерв - онда
монетарлық бап бойынша туындайтын бағамдық айырмалар көрсетіледі, ол барлық
жағынан шетелдік ұйымға ұйымның таза инвестицияларының бөлігін құрайды,
меншікті капитал ретінде ұйымның қаржылық есептілігінде, таза
инвестициялардың шығарылуына дейін, одан кейін олар кіріс немесе шығыс
ретінде танылуы тиіс;
5340- Басқа да резервтер - онда алдындағы топтарда көрсетілмеген
басқа да резервтер көрсетіледі.
5400 Бөлінбеген кіріс (жабылмаған залал) бөлімшесі бөлінбеген кірісті
немесе жабылмаған залалды есепке алу үшін арналған және мынадай шоттардың
топтарын қамтиды:
5410- Есептік жылдың пайдасы (залалы) - онда есептік жылдың пайдасы
немесе залалы көрсетіледі, сондай-ақ есептік жыл үшін түпкі қаржылық
нәтижені қалыптастыру жөніндегі ақпарат жинақталады;
5420- Есеп саясатының өзгеруі нәтижесінде пайданы (залалды) түзету -
онда есеп саясатының өзгеруі нәтижесінде пайданы (залалды) түзету жөніндегі
операциялар көрсетіледі;
5430- Өткен жылдардағы пайда (залал) - онда өткен жылдардағы пайда
(залал) көрсетіледі.

2. Меншікті капиталдың есебі.
2.1 Шығарылған капитал (Жарғылық капитал) есебі.

Кәсiпорынның жарғылық капиталы қызметтi бастауды қамтамасыз ету үшiн
жаңадан құрылған кәсiпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, шаруашылық
жүргізуші ұйымдардың алуан түрлері құрылады. Қосымша №1
Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың,
мемлекеттiң қаражаттарының, материалдық емес активтердiң және басқа да
мүлiктердiң немесе мүлiктiк құқықтарының есебiнен құрылады. Сонымен қоса,
жарғылық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметiн бастау үшiн
бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың
(акционерлердiң, қатысушылардың) қатысу үлесiн және кепiлдiк сипатын
анықтайды.

Шаруашылық серiктестiктердiң жарғылық капиталына салынатын салымдары,
ақша да, бағалы қағаздар да, мүлiк те, мүлiктiк құқық та және басқа да
мүлiктер (интеллектуалдық қызметтiң нәтижесiнде берiлген құқын да қоса
алғанда) болуы мүмкiн.

Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарлық капиталына натуралды нысанда
салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшылардың келiсiмi бойынша немесе
барлық құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешiмi бойынша мүлiктiк құқығы
ақшалай нысанда бағаланады. Осындай салымдардың құнының сомасы жиырма мың
айлық есептiк көрсеткiштен асып түсуi керек, бiрақ сол бағалауды тәуелсiз
эксперт қуаттауы керек.

Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер қайта тiркелген кезде қатысушылардың
ақшалай салымдары бухгалтерлiк құжаттармен не болмаса аудиторлық есеп
берулерiмен қуатталып бағалануы мүмкiн.

Осындай бағалау кезеңiнен бастап, бес жыл бойы шаруашылық жүргiзушi
субъектiлердiң құрылтайшылыры өздерi қосқан сомаларының шегiнен артық
бағаланған салымдарына субъектi кредиторларының алдында бiрлесiп жауап
бередi.

Егер де салым ретiнде субъектiге мүлiктi пайдалану құқы берiлсе, онда
бұл салым үшiн төленетiн төлемнiң мөлшерi, құрылтайшылардың құжаттарында
көрсетiлген барлық мерзiмi үшiн есептелген сомадан анықталады.

Мүлiктiк құқы жоқ және басқа да материалдық емес игiлiктердi жеке
салым ретiнде жасауға рұқсат етiлмейдi, сондай-ақ қатысушылар серіктестікке
бір-бірінің қарызын өзара есаптесуге жатқызуына болмайды.
Акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық
капиталы үш негізгі функцияны атқарады:
• ол бастапқы капитал болып саналады, яғни қоғам қызметі үшін
мүліктік негіз;
• ол барлық құрылтайшылардың (акционлерлер, қатысушылар)
салымдарының үлесін анықтауға мүмкіндік береді, себебі
жиналыста қатысушының дауыс беру саны мен оның табысының
мөлшері осыған сәйкес;
• жарғылық капиталдың көлемі қоғамның үшінші тұлғалар
алдындағы міндеттемелерін орындауға кепіл береді, сондықтан
оның минималды көлемі заңмен бекітіледі.
Акционерлік қоғам мен шаруашылық серіктестіктерінің жарғылық
капиталының қалыптасуында ерекшеліктер бар. Қосымша №2, №3
Толық серіктестіктің жарғылық капиталы оның құрылтайшысын анықтайды,
алайда заң актісімен белгіленген ең аз деңгейдегі мөлшерден кем болмауы
керек, яғни жиырма бес еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы
керек.
Коммандиттік (сенімге негізделген) серіктестік- жарғылық капиталдың
мөлшері заң актілерімен белгіленген елу еселенген айлық есептік
көрсеткіштерден кем болмауы керек. Салымшылардың үлестерінің жалпы мөлшері
жарғылық капиталдың 50 пайыз құрауы мүмкін.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік- жарғылық капиталдың мөлшерін жүз
айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек. Жарғылық капиталға
құрылтайшылардың үлестері натуралдық және мүліктік құқық түрінде ақшалай
нысанда барлық құрылтайшылардың қатысуымен немесе серіктестіктің
қатысушыларының жалпы жиналысының шешімімен бағаланады. Егер мұндай
салымның құны жиырма мың айлық есептік көрсеткішке тең сомадан асса, оны
бағалауды тәуелсіз эксперт куәландыруы керек.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары серіктестіктің
тіркелуіне дейін жарғылық капиталдың жалпы сомасының 25 пайызын салулары
керек, бірақ жарғылық капиталдың ең аз мөлшерінен кем емес. Жалпы
жиналыстың шешімінің бекітілген уақытында барлық қатысушылар
серіктестіктің жарғылық капиталына салымдарын толық салулары керек. Бұл
мерзім серіктестіктің тіркелген уақытынан кейін бір жылдан аспауы керек.
Жарғылық капитал мен оның меншіктік капиталдағы қатынасы тіркелгенде
немесе қайта тіркелгенде жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен
тексерілмейді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы мына
жағдайларда тексеріледі:
1. кез келген қатысушының талабы бойынша тәуелсіз экспертпен.
Экспертиза қызығушылық танытқан қатысушымен төленеді.
2. сот шешімі бойынша.
3. әр қаржылық жылдың соңында-қаржылық есеп беру бойынша.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушысы серіктестіктің
жарғылық капиталындағы өзінің үлесін немесе оның бөлігін өз еркі бойынша
осы серіктестіктің бірнеше қатысушыларына сатуға құқысы бар.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталының
мөлшерінің өзгеруі серіктестікке жаңа қатысушының келуі мен шығуына
байланысты болса да жарғылық капиталға қайта есептеу жүргізіледі.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталының өсуі оның
толық төленгеннен кейін жүзеге асырылады және ол мына жолдармен жүргізілуі
мүмкін:
• серіктестіктің барлық қатысушыларымен жүргізілген қосымша,
пропорциондалдық салымдар;
• жарғылық капиталдың мөлшері серіктестіктің меншіктік
капиталының есебінен, сонымен қатар оның резервтік
капиталының есебінен өсуі;
• серіктестіктің таза активтерін (меншікті капиталдың) қайта
бағалау, нақты құны баланстық құннан асатын. Қайта бағалау
тәуелсіз экспертпен ғана жүргізілуі керек.
• бір немесе бірнеше қатысушылардың қосымша салымдарымен, егер
барлық басқа қатысушылар рұқсат етсе.
• серіктестіктің құрамына жаңа қатысушылар алған кезде.
Серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшерінің кемуі серіктестіктің
барлық қатысушыларының салымдарының мөлшерін пропорционалды кеміту арқылы
жүргізіледі.
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік – жарғылық капиталдың мөлшері
жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндей анықталады, алайда бұл
серіктестіктің қатысушылары жарғылық капиталдағы өз салым ақшаларымен оның
міндеттемелері бойынша жауап береді, ал бұл соманың жетіспеушілігіне өз
мүліктерінің еселенген мөлшерінде өздерінің салым ақшаларына қосады.
Акционерлік қоғам- жарғылық капитал барлық жарияланған акциялар
шығарылымының жиынтық атаулы (номинальдық) құнына тең.
Акцияның номиналдық құны- акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарында
анықталған құрылтайшылармен төленген жарғылық капиталдың қалыптасуына
қатысатын акция құнының ақшалай көрінісі.
Орналастыру бағасы- алғашқы бағалы қағаздар нарығына акцияны
орналастыруда анықталатын акция бағасы.
Акциялар қарапайым және артықшылығы бар болып бөлінеді.
Қарапайым акция акционерге акционерлердің жалпы жиналысына қатысуы
кезінде барлық сұрақтарды шешуге, ұйым таза табыс алған кезде дивиденд
алуға, сонымен қатар қоғам жабылған кезде заңмен бекітілген негізде
қоғамның мүлігінің бір бөлігін алуға құқық береді.
Артықшылығы бар акция акционерлерге қарапайым акцияны иеленетін
акционерлерден бұрын қоғамның жарғысында көрсетілген алдын-ала анықталған
міндетті түрде алатын дивидендтерді алуға құқық береді.
Акционерлік қоғамның артықшылығы бар акцияларының саны оның жарияланған
акцияларының жалпы санынан 25 пайыздан аспауы керек.
Артықшылығы бар акция акционерге қоғамды басқаруға құқық бермейді,
келесі дербес жағдайлардан басқа, егер:
• акционерлік қоғамның жалпы жиналысы артықшылығы бар акцияны
иеленуші акционерлердің құқығын шектеуі мүмкін шешімдер
бойынша сұрақтарды қарастырады.
• қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысы қоғамның жабылуы
немесе қайта құрылуы бойынша сұрақтарды шешуге қатысады;
• артықшылығы бар акциялар бойынша дивидендтер толық көлемде
оның төленуі тиіс мерзімнен үш ай асып кеткенде.
Қоғамның жарияланған жарғылық капиталы түгелдей төленіп және
орналастырылып біткен соң ғана ұлғайтуға рұқсат беріледі. Жарияланған
капитал мен шығарылған капиталдың арасында айырмасы болса, онда сол сомаға
жарғылық капитал азайтылады.
Жарияланған жарғылық капиталын ұлғайту және азайту туралы шешім
акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады, бірақ оларды минималды
деңгейден төмендетуге рұқсат етілмейді.
Жарғылық капиталдың қолда бары және қозғалысы 5010 Жарияланған
капитал деген шотта 5000 Шығарылған капитал шоттар бөлімшесіне
енгізілетін шотта жүргізіледі.
Заңды тұлға өндірістік кооператив формасында ұйымдастырылуы мүмкін.
Олардың жеке еңбекпен катысуы және оның мүшелерінің мүліктік жарналарын
(пайларын) біріктіруіне негізделген бірлескен кәсіпкерлік үшін мүшелік
негізінде азаматтардың ерікті түрде бірігуі өндірістік кооператив болып
танылады.
Өндірістік кооператив жарғысы заңды тұлға жарғысының жалпы
ережелерінен өзге, кооператив мүшелерінің пайдалары туралы кооператив
мүшелерінің кұрамы мен пайлар салу тәртібі туралы және пайлар салу бойынша
міндеттемелерді бұзғаны үшін олардың жауапкершілігі туралы; кооператив
қызметіне оның мүшелерінің еңбекпен қатысу тәртібі туралы; кооператив
пайдаларын болу мен шығындарын (залалдарын) өтеу тәртібі туралы;
кооперативті басқару органдарының құрамы мен құзырлары туралы жағдайлардан
тұруы тиіс.
Салынған пай кооператив мүшесінің үлесі болып саналады.
Кооператив пайдасы, егер кооператив жарғысында басқалай қаралмаған
болса, олардың еңбектеріне сәйкес, кооператив мүшелері арасында бөлінеді.
Мемлекеттік кәсіпорын- шаруашылық меншік құқығына немесе оперативтік
басқаруға негізделеді.
Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкі мемлекетке жатады, бөлінбейтін болып
саналады және салымдар (үлес, пай) бойынша, оның ішінде кәсіпорын
жұмыскерлері арасында бөлінбейді.
Мемлекеттік кәсіпорындар өкілетті мемлекеттік органның шешімі бойынша
құрылады. Мемлекет мемлекеттік кәсіпорынның құрылтайшысы болып қатысады.
Жарғылық капитал мемлекет бөлген мүлік есебінен қалыптасады.
Мемлекеттік қазынашылық кәсіпорындар, оның міндеттемелері бойынша
құрылтайшылардың субсидияларлы жауапкершілік көтеретіндігімен сипатталады.
Коммерциялық емес ұйымдар- басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе
коммерциялық емес сипаттағы меншіктенушілермен құрылатын және
қаржыландырылатын ұйым. Қосымша №4
Серіктестіктердегі капиталдың есебі.
Серіктестіктердегі капиталдың бухгалтерлік есебі жеке иеленудегіге өте
ұқсас болып келеді. Негізгі айырмашылығы капиталды салу мен алу шоты
бойынша әр әріптеске пайда мен зиянды бөлуінде көрінеді. Әріптестер
капиталы баланстық есеп беру кезінде әр шот бойынша қалдықты көрсету
керек.
Салымдар есебі. Әр әріптес серіктестікке материалдық және материалдық
емес активтерді құрылтай келісім-шартында көрсетілген тәртіпте сала алады.
Салынған активтер серіктестікке активті салған күні әділ нарықтық бағасы
бойынша бағалануы керек.
2005 жылы 1 шілдеде Ахметов Мади мен Балтабаев Жанибек өздерінің
капиталдарын біріктіріп жауапкершілігі шектеулі серіктестік КаzЖиһаз
ашпақшы болды. Ахметов 280 000 теңге ақша қаражатын және 370 000 теңгеге
бағаланған жиһаз салды. Балтабаев 400 000 теңге ақша қаражатын және
200 000 теңгеге бағаланған құрал- жабдық салды.

1 шілде
Д 1010, 1040 Ақша
қаражаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..280 000
2410
Жиһаз ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
370 000
К 5020 Ахметовтың
капиталы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .650 000

Д 1010, 1040 Ақша
қаражаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .400 000
2410 Құрал
жабдық ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 200 000
К 5020 Балтабаев
капиталы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 600 000
Серіктестік инвестициямен байланысты міндеттемелерді ала алады. Сөйтіп,
Балтабаев қосымша жеті айдан кейін өзі қозғалатын арбаша, сомасы 450 000
теңге құрайтын салды. Бұл мүлікке қатысты кредиторлық қарыз серіктестікпен
370 000 теңге қабылданды. Бухгалтерлік жазу:
1 ақпан
Д 2410 Көлік
құралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .450 000
К 3310 Жеткізушілер мен медігерлердің қысқа мерзімді кредиторлық
қарыздары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..370 000
К 5020 Балтабаев
капиталы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..80 000
Серіктестікте пайда мен зиянды бөлу.
Серіктестікте пайда мен зиянды бөлу серіктестіктің келісім-шартында
көрсетілген кез келген әдіспен жүргізіледі. Серіктестіктің пайдасы ереже
бойынша үш бөлімге бөлінеді:
1. әріптестер капиталдары (салынған капиталға пайыз ретінде
қарастыруға болады)
2. әріптестермен көрсетілген қызметтерге өтем (әріптестердің
еңбекақылары ретінде қарастыруға болады)
3. коммерциялық тәуекелден қосымша пайда.
Пайданы мұндай үш бөлімге бөлу әр әріптестің серіктестікке қанша
салғанын көрсетуге мүмкіндік береді.
Пайданы бөлудің бірнеше әдістері бар:
1. бекітілген пропорция бойынша
2. салынған капиталдың ара салмағы бойынша
3. жалақының мөлшерінен тәуелді және бекітілген пропорция бойынша
капиталдан пайыздар.
Табысты бөлудің әртүрлі нұсқауларын қарастырайық.
Бекітілген пропорция әдісі. Егер барлық әріптестердің салымдары бірдей
көлемде болса, онда олар пайданың тең үлестерін алады.Бірдей салымдар
әртүрлі нысанда болуы мүмкін. Мысалға, барлық әріптестер бірдей капитал
салулары мүмкін немесе біреуі қызметіне көп уақыт бөліп басқару бойынша
көптеген мүмкіндіктерді иеленуі мүмкін, ал енді біреуі көп капитал салуы
мүмкін. Егер әріптестер серіктестікке әртүрлі салым салса, онда пайданы
бөлу де әртүлі жүргізіледі.
Ахметов пен Балтабаев өткен жылы 1 400 000 теңге пайда алды.
Серіктестіктің келісім-шарты бойынша пайда мен зиянды бөлу 60% және 40%
пропорция бойынша Ахметов пен Балтабаевқа тиесілі.
30 маусым 2006 жыл
Д 5410 Таза
пайда ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .1 400 000
К 5020 Ахметовтың капиталы ( 1 400 000*60%) ... ...840 000
К 5020 Балтабаевтың капиталы (1 400 000*40%) ... ...560 000
Салынған капиталдың ара салмағы әдісі. Ахметов пен Балтабаев 1 250 000
теңге капиталмен серіктестік құрды. Ахметов 650 000 теңге, Балтабаев
600 000 теңге салды.
Егер серіктестіктің қызметіне салынған капитал пайданың ең көп бөлігін
берсе, онда пайда мен зиян салынған капиталға сәйкес бөлінеді.Бұл екі
жақты талданады:
1. Әр әріптестің салған капиталы шоты бойынша жыл басына қалдық
негізінде (қосымша салымдар мен алымдарды есептемегенде):
30 маусым 2006 жыл
Д 5410 Таза пайда
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1 400 000
К 5020 Ахметовтың капиталы (1 400 000*65125) ... ... ... ...72 8 000
К 5020 Балтабаевтың капиталы (1 400 000*60125) ... ... ... 672 000
2. Осы шоттар бойынша орташа жылдық қалдықты қолдану негізінде:
Егер әріптестер жыл бойы олардың капиталдағы үлестері өзгеруі мүмкін
деп санаса, онда пайда мен зиянды бөлу әр әріптестің капиталындағы үлесі
орташа салмақтандырылған негізде жүргізіледі.
2005 жылы 1 қарашада Балтабаев 100 000 теңге, ал 2006 жылы 1 қаңтарда
Ахметов 100 000 теңге алды. Сонымен қатар, 2006 жылы 1 қаңтарда Балтабаев
қосымша 80 000 теңге салды. Орташа капиталдың жылға есебі:
Әріптес Кезең капитал Айлар саны Капитал*ай Орташа
(ай,жыл) капитал
Ахметов 07.01.12.01650 000 6 3 900 000
. 550 000 6 3 300 000
01.02.06.02 12 7 200 000 600 000
Балтабаев . 600 000 4 2 400 000
500 000 3 1 500 000
07.01-10.01580 000 5 2 900 000 566 670
Капитал 11.01-01.02 12 6 800 000 1166670
орташа 02.02-06.02
жинағы

Капиталдағы пайыздық қатынас:
Ахметов= 600 0001 166 670=51,4% Балтабаев=566 670 1 166 670=48,6%
Пайданы бөлу бойынша бухгалтерлік жазу:
30 маусым 2006 жыл
Д 5410 Таза пайда
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 1 400 000
К 5020 Ахметовтың капиталы (1 400 000 * 0,514) ... ... ... ...719 600
К 5020 Балтабаевтың капиталы (1 400 000*0,486) ... ... ... ... .6 80 400
Жалақының мөлшерінен тәуелді және бекітілген пропорция бойынша
капиталдан пайыздар әдісі.
Назарға салымдардың бірдей емес екенін ала отырып, кейбір
серіктестіктер әріптестерге еңбекақы мен салынған капиталға пайыздар
тағайындайды. Олардың комбинациясы пайданы бөлуде есепке алынады. Пайыздар
мен еңбекақы пайданы анықтаған уақытқа дейін шығын ретінде қарастырылмайды.

Ахметов пен Балтабаев салынған алғашқы капиталынан 10 пайыз алуды
шешті, сонымен қатар еңбекақы (Ахметов 700 000 тг және Балтабаев 600 000
тг). Қалған табыс немесе зиян тең бөлінуі керек. Жалпы пайда 1 400 000 тг
құрады.
Еңбекақы мен пайыздарды бөлгенен кейін пайданы бөлуде теріс сома пайда
болуы мүмкін. Ол серіктестіктің келісім шартында көрсетілген пропорцияға
сәйкес жабылуы керек.
Әріптестер Бөлінетін
пайда
Ахметов Балтабаев
Бөлінетін пайда
1 400 000
Еңбекақыны бөлу 700 000
600 000 1 300 000
Еңбекақыны бөлуден кейінгі пайда
100 000
Салынған капиталға пайызды бөлу:
Ахметов (650 000 * 10%) 65 000
60 000 125 000
Балтабаев (600 000 * 10%)
Пайыздар мен еңбек ақыны бөлуден
кейінгі пайда соммасы
-25 000
Қалған соманы тең бөлу -12 500
-12 500 25 000
Жиыны 752 500
647 500 1 400 000

Пайданы бөлу бойынша бухгалтерлік жазу:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төлем талап тапсырмалары
Меншікті капиталдың қалыптасуы мен жұмсалуының есебі
Меншікті капиталдың экономикалық сипаттамасы
Зерттеу нәтижесіндегі меншікті капиталдың есебі мен аудитін тиімді жүргізу жолдары
Меншік капиталдың ұйымдастырушылық есебі
Меншікті капиталдың есебі мен аудиты
Шығындар есебін жетілдіру және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы туралы
Материалды емес активтерге меншіктік құқық
Өндірістік шығындардың есебі
Меншікті капитал бухгалтерлік есеп және аудит объектісі
Пәндер